ҚЫ РЫ ҚБУЫ Н ТӘРІЗДІЛЕР Бұл бөлімінің ағаш тәрізді өкілдері түгелдей жойылып кеткен, ал қазіргі кездегі флорада тек шөптесін түрлері ғана сақталған.
Күрылысы. Спорофиттің негізгі ерекшелігі сол, ол бүйірінен бүтақтанады және бүйірлік бүтақтары сабаққа топтасып орналасады. Буындары мен буын аралықтары айқын көрінеді. Буын аралықтарының түп жағында қыстырма (ин- теркалярлық) меристема орналасады. Жапырақтары редук- қияға көп үшыраған. Олар мөлшері орташа жапырақтан бір ғана орталық жүйкесі бар ұсақ жапырақшаға дейін кішірейген. Ұлоропластарында пиреноидгары болмайды. Спорангилері спорангиофороларында —түрі өзгерген бүйірлік өркендерінде орналасады. Қырықбуын тәрізділер тең және әртүрлі спора- лы болып келеді. Сонымен бірге бұларда гетеротализм айқын байқалады. Ол дегеніміз мөлшері жағынан бірдей спо- ралардан әртүрлі жынысты гаметофитгер пайда болады деген сөз. Спородермасында интиннен және экзиннен басқа, тағыда перина деп аталынатын сыртқы қабаты болады. Ол экзинге бекінген екі спираль тәрізді бұралған лентадан- элатерден тұрады. Элатерлері екі түрлі қызмет атқарады- споралардың шашылуын және споралардың топтасып жинақталуын қамтамасыз етеді. Бұл аталық және аналық гаметофиттердің бір жерде қатар өсуіне мүмкіндік береді.
Гаметофитгері үсақ, мөлшері (размері) бірнеше миллиметрден аспайтын жасыл түсті, дара немесе қос жынысты өскіншелер. Ұрықтануы сумей байланысты болады. Ұрық тыныштық кезеңін басынан өткізбейді.
Классификақиясы. Бұл бөлім төрт кластан тұрады: гиенилер класы (H yeniopsida), сынажапырақтылар класы (Sphenophyllopsida), каламиттер класы (Calam itopsida), қырықбуындар класы (Equisetopsida). Алғашқы үш кластьң өкілдері түгелдей жойылып кеткен өсімдіктер. Қырықбуындар класының өкілдері жер шарының екі бөлігінің де қазіргі кездегі флорасында кездеседі.
ҚЫ РЫ ҚБУЫ НДАР КЛАСЫ Қырықбуындар жер шарының Австралиядан басқа жерлерінің барлығында кездеседі. Класс бір ғана қырықбуын туысынан тұрады. Түрлерінің жалпы саны 30—35 тей болады, бұрынғы одақтас республикалардың тер- риториясында олардың 13-ші, ал Қазақстанда 8-і кездеседі. Олар негізінен ылғалы мол жерлерде өседі.