Гуманитарлық-педагогикалық институты



бет12/13
Дата18.10.2023
өлшемі463,12 Kb.
#118732
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13
Байланысты:
umkd-2023

Кұрылысы. Спорофиттері негізінен ағаштар, сиректеу ағаштанған лианалар немесе бұталар. Шөптесін формалары жоқ. Бүйірінен бүтақтанады, сабағы моноподиальды өседі. Сабағы екінші рет қалындайды. Көптеген түрлерінің түтіктері жоқ, сүрегі тек трахеидтерден тұрады. Сүзгілі (електі) түтіктерінің серіктік клеткалары болмайды. Бір түрлерінің жапырақтары үлкен, тілімделген, папоротник тәрізділердің жапырақтарына үқсас; ал екіншілерінде олар ұсақ, түтас, қабыршақ тәрізді, немесе ине тәрізді болып келеді. Ашық тұқымдылардың аздаған түрлерінен басқасының барлығы мәңгілік жасыл өсімдіктер. Тамыр жүйесі кіндік тамырлы. Кіндік тамырында да, жанама тамырларында да микориза түзіледі. Ашық түқымдылардың негізгі белгілерінің бірі сол, олардың тұқымбүрі, немесе түқымбүршігі болады. Тұқымбүрі дегеніміздің өзі мегаспорангий, ол ерекше қор ғаныш қызметін атқаратын қабықшамен қапталған. Түқымбүрлері мегаспорофилдерінде ашық орналасады, олардан ұрықтанғаннан кейін, дән пайда болады.
Д әннің пайда болуы ашық түқымдылардың споралы өсімдіктерге қарағанда көп мүмкіндікке (артықшылыққа) ие болуын және құрлықта басым болуын қамтамасыз етті. Ашық түқымдылардың өмірлік циклін қарастырғанда, мысал ретіңде кәдімгі карайғайды аламыз. Ол спорофитінің биікіігі 50 м.- дей болатын, 400 жылдай өмір сүретін өсімдік. Діңі жақсы жеіілген, онда бүйірлік бұтақтары топтасып орналасады. Сабақтары моноподиалды бұтақтанып өседі. Үзарған бұтақтарының сыртын қоңырлау-қызғыш түсті, қабыршақты жұқа жапырақтары жауып тұрады. Осы жапырақтардың қолтығыңда қатгы қысқарған өркендер пайда болады, оларда екі-екіден ине тәрізді жапырақтар (қылқандар) орнала сады. Ине тәрізді жапырақтың, немесе қылқанның көлденең кесіндісінің формасы жалпақтау-дөңес болып келеді, оның ортасында екі өткізгіш шоғы орналасады.
Қарағай шамамен 30—40 жылдан кейін спора түзе бастайды. Спорофилдері жинальш бір-бірінен айқын айырмасы бар, бір өсімдікте
болатын екі түрлі бүр (стробил, шишки) түзеді. Әдетте аталық бүрлері (стробилдері, шишки) топтасып, ал аналық бүрлері жалғыздан орналасады. Аталық бүр (шишки) қабыршақтарының (чешуйки) қолтығында, қысқарған сабақтың орнында пайда болады. Оның үзындығы 4— 5 мм., ал ені 3—4 мм. аспайды. Бүр (стробил, шишка) жақсы жетілген өсі бар, түрі өзгерген өркен. Өске микроспорофилдері спиральдың бойымен, черепица тәрізді, бірінің шетін бірі жауып (басып) қаланадьн Өстің түп жағында қорғаныш кызметін атқаратъш қабыршақтары болады. Микроспорофилдің формасы жұмыртқа тәрізді, жүқа, жалпақ, төменгі жағында екі микроспорангиясы болады. Күзге қарай микроспорангияның ішінде, микроспораның көптеген аналық клеткаларының жекеленуі (оқшаулануы) аяқталады. Көктемде мейоз жүреді (микроспораның аналық клеткалары мейоз жолымен бөлінеді).
Нәтижесінде әрбір диплоидты аналық клетка төрт-төрттен микроспора түзеді. Микроспора бір ядролы, оның қабығы (спородермасы) интиннен және экзиннен түрады. Сонымен бірге қабықтарының ажырауының нәтижесінде, микроспораньң үстінде, екі ауа қуысы (қапшығы) пайда болады. Осы жерде микроспорангияның ішінде, микроспора өсіп аталық гаметофитке (тозаңға) айналады.
Тозаң микроспораның ішінде дамиды жөне ол жоғарыда қарастырылған әртүрлі споралы өсімдіктердің спораларына қарағанда редукцияға көп үшыған. Микроспораның ядросының алғашқы рет бөлінуінің нәтижесінде екі проталлиалды клетка пайда болады, бірақ олар тез бұзылады. Бұл гаметофиттің вегетативтік клеткала- ры болып саналады. Осыдан кейін микроспораның ядросы екінші рет бөлінеді, одан антеридиальды және вегетативтік клеткалар пайда болады. Микроспораның қабығы тозаңның қабығы болып қалады. Тозаң пісіп жетілген кезде микроспорангилар тікесінен жарықшақтары арқылы ашылады, нәтижесінде одан көптеген ұсақ тозаңдар сыртқа шашылады. Ауа қапшықтары (қуыстары) олардың желмен таралуына көмектеседі. Аталық гаметофиттің одан әрі дамуы аналық бүршіктің тұқым бүрінің ішінде жүреді. Аналық бүршіктері (шишка) жас бүтақтардың жоғарғы үштарында пайда болады. Олардың құрылысы біршама күрделі және мөлшері де (размері) үлкендеу болады. Негізгі өсінде жабындық деп аталынатын ұсақ қабыршақтары орналасады. Олардың қолтығында, үстінгі жағында екі тұқым бүрі бар әрі үлкен, әрі қалың тұқымдық қабыршақтары орналасады. Түқымдық қабыршақ мегоспорофилл емес, редукцияға ұшыраған бүйірлік өркен болып табылады. Жас түқымбүрі нуцелустан және интегументген түрады. Нуцеллус дегеніміз мегаспоран­ гий. Оның формасы жүмыртқа тәрізді және ерекше қорға- ныш қызмеіін атқаратын жабын интегументпен бірігіп кетеді. Тек бүршіктің өске қараған үшына жақын жерде, интегу- ментгің тесігі болады, оны микропиле (пыльцевход) деп атайды. Осы тесік арқылы түқымбүрінің ішіне тозаң өтеді. Алғашқы кезде нуцелус біртектес диплоидты клеткалардан тұра ды. Кейіндеу оның ортаңғы бөлігінен, бір үлкен археспоралды клетка оқшауланып (дараланып) көрінеді. Ол мейоз жолымен бөлініп, торт мегаспора түзеді. Келешегіңде олардың үшеуі өліп, біреуі тірі қалады. Мегаспорангилар еш уақытта ашылмайды, сондықтанда мегаспора оньщ ішінде қалып отырады. Мегаспора бірнеше рет бөлінеді де аналық гаметофит түзеді, оны эндосперм (п) деп атайды. Эндоспермнің микро­ пиле жағындағы екі сыртқы клеткасынан, папоротник тәрізділерге қарағанда редукцияға көбірек үшыраған екі ар хегония жетіледі.
Тозаң аталық бүршіктерден (стобилдерден) тұқымбүріне желмен келіп түседі. Оны нуцеллус пен интегументтің ара- сын толтырып тұратын, қоймалжың, сүйықтың тамшысы оңай үстайды. Бұл тамшы, микропиле арқылы, сыртқа шы- ғып түрады. Кебе келе тамшы тозанды түқымбүрінің ішіндегі нуцеллуске қарай тартады. Тозанданған соң, микропиле жа- былады. Осыдан кейін барып, аналық бүршіктің қабықша- лары тығыздалып бірігеді. Аталық гаметофит, өзінің одан әрі дамуын мегаспорангидің ішінде жалғастырады. Тозаң ның экзинасы жарылады да, интинм ен қорш алған вегетативтік клетка тозаң түтігін түзеді, ол нуцеллустың ұлпасына еніп, архегонияға қарай өседі. Антеридиальды клетка бөлініп екі клетка береді: тірсек клеткасын және сперма тұзетін клетканы. Олар тозаң түтігіне өтеді. Ал тозаң түтігі оларды өз кезегінде архегонияға жеткізеді.
Ұрықтанудың алдында, сперма түзетін клеткадан талшықсыз екі спермия- аталық гаметалар пайда болады. Тозаң түтігі архегонияның мойны арқылы жүмыртқа клеткасына жетеді. Осы кезде тозаң түтігінің ішіндегі тургор қасымының артуына байланысты, оның үшы жарылады да, ішіңцегі затгары жұмыртқа клеткасының цитоплазмасьша құйылады. Вегетативтік ядро бүзылып жойылады. Аталық гаметаның (сперманың) бірі жүмыртқа клеткасының ядросымен қосылады, ал екіншісі өледі. Қарағайдың тозаңдануынан ұрықтануына дейін 13 айдай уақыт өтеді. Зиготадан (2п) ұрық пайда болады. Ұрық эндоспермдегі (п) артық қор затгарының есебінен өседі. Толық жетілген ұрық тамыршадан, сабақшадан, бірнеше тұқым жарнағьшан (5—12) және бүршіктерден түрады. Ұрық эндосперммен қоршалған. Ол өскен кезінде эндоспермдегі қажетті затгарды өзіне қорек ретінде пайдаланады.
Осылай түқымбүрі дәнге айналады. Ол түқым қабыршағында жатады және оның қанатша тәрізді өсіндісі болады. Қанатшаны тұқымның жел арқылы тарлуына бейімдеушілігі деп қараған жөн. Дән тозанданғаннан кейін, екінші жылы күзге қарай пісіп жетіледі. Бүршіктердің ұзындығы бүл кезде 4—6 см.-ге жетеді. Олардың формасы сопақтау- эллипс тәрізді, ұшы үшкірлеу, қабыршақ- тары қатайып сүректенеді, түсі көктен сұрға айналады. Келесі қыста бүршіктер томен қарап иіліп, салбырайды да, қабыршақтарының арасы ажырап ашылады, осы кезде дәндері жерге шашылады. Аналық өсімдіктен босаған дән үзақ уақыттар бойы тыныштық қалыпта бола беруі мүмкін. Тек қолайлы жағдай туған кезде ғана олар өседі.
Сонымен, ашық тұқымдылардың папоротник тәрізділерге қарағанда бірқатар прогрессивтік белгілері бар: гаметофиттері дербестігін түгелдей жоғалтқан, олар спорофитгерінде пайда болады және соның есебінен өмір сүреді; ұрықтануы сумен мүлдем байланыссыз; спорофиттің үрығы гаметофиттің есебінен қоректенгенімен, дәннің ішінде түрады жөне сыртқы органның қолайсыз жағдайынан жақсы қорғалған. Ашық түқымдылардың дәндерінің ерекшклігі олардың табиғатының екі жақтылығында: қоректік ұлпа эндосперм гамето фитке (п) жатады, ұрық жаңа спорофитгің (2п) бастамасы болып табылады, сыртқы қабықпен (спермордермамен) ну- целлус аналық спорофитгің (2п) ұлпасьшан пайда болады.
Ашық тұқымдылардың классификациясы әлі түрақталмаған, ол систематиктердің арасында үлкен талас туғызып келеді. Бұл кітапта ашық түқымдыларды бөлімінің денгейіндегі табиғи топ ретінде қарастырып, оларды 6 класка бөлеміз. Ол кластар мыналар:
1 класс — түқымды папоротниктер, немесе лигноптеридопсидтер;
2 класс —саговниктер немесе цикадопсидтер;
3 класс — бенеттиттер нем есе беннеттитопсидтер
4 класс — гнеталар немесе гнетопсидтер (Gnetopsida);
5 класс — гинкголар немесе гинкгопсидгер (Ginkgoopsida);
6 класс — қылқан жапырақтылар немесе пинопсидтер


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет