Гуманитарлық-педагогикалық институты



бет5/13
Дата18.10.2023
өлшемі463,12 Kb.
#118732
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13
Байланысты:
umkd-2023

ЖЫНЫССЫЗ КӨБЕЮІ
Жыныссыз көбеюдің екі түрі бар: вегативтік және нағыз жыныссыз. Кейбір төменгі сатыдағы өсімдіктерде жыныссыз көбеюдің осы екі түрінің арасыңда айқын шекара болмаңды.
ВЕГЕТАТИВТІК КӨБЕЮІ
Вегетативтік көбеюі, талломның, тамырдың, сабақтың бөліктері арқылы жұзеге асырылады. Ол өсімдіктердің регенерацияға қабілеттілігіне, яғни өсімдіктің бір бөлігінен түтас организмнің пайда болуына негізделген.
Бір клеткалы өсімдіктерде (балдырларда, бактерияларда) вегатативтік көбею клетканың тең екіге бөлінуі арқылы жүреді, ал коллониялы және көпклеткалы өсімдіктерде талломдарының бірнеше бөліктерге бөлінуі арқылы, саңырауққұлақтарда мамаңданған бір клеткалы құрылым арқылы жүзеге асырылады.
Жабық тұқымды өсімдіктерде вегетативтік көбею тамырдың, сабақтың, жапырақтың бөліктерім ен ж әне бүршіктері арқылы жүзеге асады. Сонымен бірге өсімдіктер тамырсабақтары, түйнектері, баданалары секілді сабақтың өзгерген түрлері арқылы да вегатативтік жолмен көбейе алады. Ауыл шаруашылығы практикасында көкөніс, жеміс- жидек және сөндік ретінде өсірілетін өсімдіктерді қолдан көбейтудің әр түрлі төсілдері жетілдірілген. Ол үшін көп жағдайда өсімдіктердің мынадай бөліктерін пайдаланады: түйнектерін (картой, батат, георгиндер); тамырсабақтарын (құртқашаш— ирис, флокс); мұртшаларын (бүлдірген);
Көптеген мәдени жағдайда осірілетін өсімдіктер қалемшелерімен, сұлатпа (иілген) бұтақтарымен, сонымен бірге телу арқылы да көбейеді.
Қалемшелері арқылы көбею. Қалемше деп аналық өсімдіктен кесіп алынған сабақтың, тамырдың, жапырақтың бір бөлігін айтады. Қалемшелері арқылы көбейгенде полярлық зандылықты естен шығармау керек.
Сабақтан кесілген қалемше қыстық немесе жаздық болуы мүмкін. Қыстық қалемше жапырақсыз (бірақ бүршіктері бар), 1—3 жылда ұзындығы 20—30 см болатын кесінді. Жаздық қалемше жапырағы бар үзындығы 3—4 см болатын, осы жылғы сабақтан дайындалған кесінді.
Жапырақтан дайындалған қалемше жапырақ тақтасынан және сағақтан тұрады. Қосалқы тамырлары көп жағдайда жапырақтың төменгі бетінен, оның үлкен ж үйкелерінің тарамдалған ж ерінен, ал бүршіктері мен сабақтары оның үстінгі бетінен кетеді. Жапырақтан дайындалған қалемше арқылы өсімдіктердің аздаған түрлерін ғана (лалагүл — лилия, бегония, алоэ және т.б.) көбейтуге болады.
Тамырдан дайындалған қалемшелер мен қосалқы бүршіктері оңай пайда болатын өсімдіктерді көбейтуге болады (таңқурай, шие, қара өрік финик пальмасы, раушангүл және т.б.).


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет