Х а б а р ш ы с ы в е с т н и к государственного



Pdf көрінісі
бет32/43
Дата07.01.2017
өлшемі6,63 Mb.
#1389
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   43
часть  национальной  интеллигенции,  придерживающаяся  западной  ориентации,  пользовалось 
большой  популярностью  среди  населения.  Основная  причина  роста  популярности  и  авторитета 
заключалась, во-первых, в «..беспощадной критике и строгом анализе царской политики и протесте 
против нее». И, во-вторых в проведении широкой просветительской работе среди казахского народа. 
«Оян,казах!»  как  манифест  будущего  алашского  движения  заключая  в  себе  главную  идею- 
пробуждение от средневекового невежества и темноты для борьбы за свою свободу в независимость. 
Этим проблемам были посвящены многочисленные публикации в газете «Казах»(1913-1919), первые 
прозаические  и  поэтические  произведения  М.Дулатова,  К.Кеменгерова,  А.Байтурсынова, 
М.Жумабаева, Ж.Аймаутова и многих др. 
В  своей  работе  «На  изломе.  Алаш  в  этнополитической  истории  Казахстана»  Д.Аманжолова 
отмечает  острую  актуальность  изучения  этнополитического  прошлого  постсоветских  стран  по 
отношению  к  истории  национальных  движений  конца  XIX-  начала  XXвв.  Это  в  полной  мере 
относится и к истории казахского движения Алаш, зародившегося в годы первой русской революции 
и  прекратившего  организованное  существование  в  1920  г.  К  основным  характеристикам  Алаш  как 
этнополитического  феномена  следует  отнести,  по  крайней  мере,  следующие:  возникновение 
движения Алаш было закономерным результатом социально-политического и культурного развития 
казахского народа в условиях системного кризиса империи и связанного с ним процесса политизации 

214 
 
этнокультурных  проблем  в  полиэтническом  и  конфессиональном  сообществе  народов  России; 
история  Алаш  подтверждает  общность  типичных  черт  и  обстоятельство  возникновения, 
функционирования и эволюции этнополитических движений [5]. 
В научных трудах Койгельдиева М., Сыдыкова Е.Б., Д.Аманжоловой, Нурмагамбетовой Р.К. 
на  основе  анализа  широкого  круга  исторических  и  историографических  источников  представлен 
процесс  накопления  и  трансформации  исторических  знаний  по  проблеме  движения  «Алаш»  и 
автономии Алаш-Орды. 
Таким образом, изучая и исследуя музейные и архивные материалы можно проанализировать: 
В  начале  ХХ  века  движение  Алаш  разбудив  национальное  самосознание,  открыло  пути 
совершенствования  новых  политических  идей,  мыслей  и  взглядов,  подняло  национально-
освободительную борьбу казахского народа на новую ступень. 
А.Букейханов, А.Байтурсынов, М.Дулатов, Ж.Досмухамбетов, Х. Досмухамбетов, М.Шокаев, 
Ж.Акбаев,  М.  Тынышбаев,  Р.Марсеков,  и  др.  видные  деятели  движения  Алаш  на  пути  свободы  и 
равенства вышли на борьбу через периодическую печать. 
Деятели  движения  Алаш  участвуя  на  собраниях  Государственных  дум,  мусульманских 
съездов и выступая на всеказахских, областных, уездных, волостных съездах поднимали  социальные 
проблемы казахского народа: это земельный вопрос, языковая проблема, и религия. 
  
Литература 
1.  Нурмагамбетова  Р.К. Движение Алаш и Алаш-Орда. - Алматы, 2003.–С.9-17   
2.  Брайнин  С.,  Шафиро  Ш.  Очерки  по  истории  Алаш-Орды.  Алма-Ата-Москва:  Казгосиздат.1935.  
С.94-96 
3. Алаш таным. Сборник документов, ( Под ред.Сыдыкова Е.Б.)  - Семей, 2012г.-  I том.- 420 стр, II 
том.- 425 стр 
4. Букейханов А. Указ. Соч.  Казахстанская правда.1993. 19 июля. – С.15-16 
5.  Аманжолова  Д.А.  На  изломе.  Алаш  в  этнополитической  истории  Казахстана.,  Алматы,2009.  –  С. 
10-12 
6. Аманжолова Д. Россия и казахский автономизм. История движения Алаш /1905-1920г.г./ Москва, 
1995.  dvs.rsl.ru. 
       
 
МҰРАЖАЙ ҚОРЛАРЫНЫҢ ДЕРЕКТЕРІ НЕГІЗІНДЕ ҚАРАСТЫРЫЛҒАН 
«АЛАШ» ҚОЗҒАЛЫСЫНЫҢ ҚҰРЫЛУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ 
А.Б. Дайрабаева 
 
Мақалада Алаш қозғалысының құрылу ерекшеліктері туралы қарастырылған. Аталмыш 
мақалада  Алаш  қозғалысы  қайраткерлерінің  тарихи  қызметі  қаншалықты  маңызды  екендігі 
дәлелдейді.  XX  ғасыр  басында  Алаш  қозғалысы  саяси  ой,  көзқарастарды  оята  отырып,  қазақ 
халқының ұлт-азаттық күресін жаңа деңгейге көтерді.  
 
 
PECULIARITIES OF THE FORMATION OF THE "ALASH" MOVEMENT 
ACCORDING TO THE MATERIALS OF MUSEUM ARCHIVES 
A.B. Dairabaeyeva  
 
The  article  deals  with  the  unulysis  of    the  pewliarities  of    the  formation  of    the      "  Alash  " 
movement. The article makes us realize the importance of  the " Alash " leaders' historic activity. Early in 
XX century the " Alash " movement awaking the national self – consciousness opened the ways of  new 
political  ideals  thoughts  and  views  '  perfection  and  raised  the  national  –  liberating  strugple    of    the 
Kazakh  nation to a new stage.   
 
 
 

215 
 
ӘОЖ:325.1:94(574) «18/19» 
 
1
Р.Ж. Мухамеджанова, 

Ж. Галымова  
1
Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті 
2
№37 мектеп – гимназиясы, Семей қаласы 
 
ҚАЗАҚСТАНҒА ЖАППАЙ ҚОНЫСТАНДЫРУ САЯСАТЫНЫҢ ОТАРШЫЛДЫҚ СИПАТЫ 
 
Аннотация: Мақалада Ресей шаруаларының Қазақстанға жаппай қоныс аударуына әкелген 
жағдайлар сипатталады.Столыпиннің аграрлық реформасының негізгі бөлігі-жаппай қонысаудару 
саясатының жүзеге асырыла бастатағаны жан-жақты қарастырылады.  
Түйін  сөздер:  Қоныс  аудару  қоры,кесінді  жер,шаруалар  кірістері,  салық  және 
міндеттілік,әлеуметтік таптық құрылым.               
 
ХХ ғасырдың басы шаруаларды Қазақстанға жаппай қоныстандыру  күшейген кезі еді. Оның 
жер  қорына  қоныстанушыларды  орналастыру  және  олардың  шаруашылығын  одан  әрі  дамытуда 
белсене  пайдаланған  кезең  болды.    Столыпиннің  аграрлық  саясаты  бойынша  жаппай  қоныс 
аудару,байырғы  тұрғындар  қоныстанып  отырған  құнарлы  жерлерді  тартып  алып,  оларды  жарамсыз 
жерлерге қуып тастау-отаршылдықтың ең ауыр, әрі сұрқия түрі болып табылады. 
Бұл  шараны  жүйелі  түрде  жүзеге  асыруда  саяси  негіз  қаланған  еді.  1867жылғы  11-шілдеде 
«Жетісу және Сырдария облыстарын басқару туралы уақытша ереже» және 1868 жылғы 21-қазанда 
«Орынбор  және  Батыс  Сібір  генерал-губернаторлықтардағы  қалалық  облыстарды  басқару  туралы 
уақытша  ережені»  қабылдаудың  нәтижесінде  қазақ  жерін  дербес  үш  –  Түркістан,Батыс 
Сібір,Орынбор  генерал-губернаторлықтарға  кірген  облыстарға  бөлді.Осының  нәтижесінде 
Қазақстанның  этнотерриториялық  тұтастығынан  айырып,жерін  бөлшектеді.  1891ж.  25  наурызда 
қабылданған «Орал,Торғай,Ақмола және Семей облыстарын басқарудың уақытша ережесі» бойынша 
бүкіл қазақ жері мемлекеттік меншік болып жарияланды.Патшаның отаршылдық әмірімен өлкенің ең 
шұрайлы  жерлері  оның  нағыз  иелері  қазақтардан  зорлықпен  тартып  алынып,ең  алдымен  патшалық 
империяның  отаршылдық  саясатындағы  бас  тірегі,  оның  мүдделерін  қорғаушы-казактарға  бөлініп 
берілді.  Шаруалар  арқылы  отарлау  алғашқыда  басып  алынған  территорияға  берік  табан  тіреу 
мақсатын  көздеді.  Бірақ  бұл  міндетті  тек  казактар  қоныстарын  жасау  арқылы  ғана  толық  орындау 
мүмкін емес еді. 
Батыс Сібірдің генерал-губернаторы 1873 жылғы есебінде былай деп жазды: «қырғыздар орыс 
халқынан алыста, өз беттерімен шөл даланың кең жағында оңаша көшіп жүре берсе, олардың бізге 
бағыныштылығы жай сөз болып қалады,орыс болып тек халық санағында ғана жазылады.»[1;62]. Ол 
жаңа өлкеге шаруаларды көшіру туралы мәселе қойды. Бұл мәселені Жетісудың әскери-губернаторы 
Калпоковский де көтерді. 
Олар жасаған шаруаларды қоныстандыру туралы уақытша ережені 1869ж. Түркістан генерал-
губернаторы бекітті. 
Осы  ереже  бойынша  қоныстандырушы  әр  жанға  30десятина  Жер  бөлінді(кейіннен  10дес), 
қоныстанушылар түрлі алым-салықтан босатылды,дәулет құрауларына қарыз беру белгіленді. 
1886жылғы  шілдеде  «Түркістан  өлкесі  әкімшілігінің  ережесі»  және  1891  жылы  «Дала 
ережесі» қабылданып, қазақ жерінің мемлекеттік меншік екендігі одан әрі бекітілді. 
 «Далалық  ереженің  119  бабында  «Көшпенді  ел  иеленіп  жүрген  жер,  ол  жердің  барлық 
байлығы,соның ішінде ормандары да мемлекеттің меншігі болып табылады»,-дей келіп 120-бабында 
«Көшпенді  ел  иеленіп  жүрген  жер  осы  ережелердің  негізінде  және  оның  тәртіптері  бойынша 
көшпенділердің мерзімсіз қоғамдық пайдалануында қалдырылады» делінген.[2;224]. 
Сонымен қатар қоныстандыру саясатын жүргізудің заңды негізі қаланды. Осы ереженің 120-
бабына  ескерту  енгізіп  онда  «Қөшпенділердің  артылуы  мүмкін  жерлер  мемлекеттік  мүлік 
министрлігінің қарауына түседі»-деп атап көрсетілген.Бұл қоныс аудару арқылы отарлау саясатының 
кең көлемде жүргізілдуіне жол ашқан еді. Бұл туралы Т. Седельников «Даланы отарлаудың барлық 
ғимараты осы ескертпе бойынша құрылған.Оның заңдары да содан шығады.Пайғамбарлары да соған 
сүйенеді . 
Егер  осы  қып-қысқа  ескертпенің  түсінігінде  әлдебір  салмақты,  қате  еніп  кеткен  болса,онда 
үкіметтің  даланы  отарлау  саясаты  түгел  заңды  негізден,  тұғыр  атаулыдан  жұрдай  болып  шыға 
келеді»деп  ашып  көрсеткен  еді  [3;125].  Ресейдің  орталық  аудандарындағы  шаруаларды  шет 
аймақтарға  қоныс  аудару  процесінің  алды  XIXғ  II-жартысынан  басталды.Шаруаларды  отар 

216 
 
өлкелерге,соның  ішінде  Қазақстан  жеріне  көшіру  патшаның  отарлау  саясатын  жүзеге  асырудың 
негізгі тәсіліне айналды. 
Осы мақсатта  құрылған жер қоры Қазақтарды ғасырлар бойы өмір сүрген табиғи ортасынан 
күштеп  айыру  құралына  айналды.Қоныс  аудару  жұмысын  Ішкі  істер  министрлігі  жер  бөлімінің 
штатындағы  ерекше  тапсырмаларды  орындайтын  алты  шенеулік  басқарып,жоспарлы  түрде 
жүргізді.Солардың  нұсқауы  бойынша  орталық  Ресей  мен  Украинадағы  көшкен  шаруалардың  жаңа 
жерде мыңдаған қоныстары пайда болды. 
Әсіресе  елдің  шығысындағы  бірсыпыра  аудандар  темір  жолмен  байланысқаннан  кейін 
шаруалардың  қоныс  аударуы  кең  өріс  алды.    Мысалы:  1885-1893  жылдары  Ақмола  облысының 
қазақтарынан  251779  десятина,  ал  Семей  облысынан  33064  десятина  жерді  тартып  алып,қоныс 
аударушыларға берді. 1868-1880жылдарда Жетісуға 3324 отбасы көшіп келіп қоныс тепті. 1874-1892 
жылға  дейін  Ақмола  және  Семей  облыстарының  Ақмола,  Петропавл,  Көкшетау,  Атбасар,  Омбы, 
Павлодар және Өскемен уездерінде қоныс аударушылардың арнайы болыстығы құрылды. 1897жылы 
осы қоныстарда 350 мыңдай адам тұрды [4;54]. 
Патша өкіметі оларға өзінің отаршылдық саясатын жүргізудегі негізгі жақтаушылары ретінде 
қарады.  Бұл  жүргізіле  бастаған  шаралар  өлкенің  этникалық  картасының  жасанды  өзгеруіне  әкеле 
бастады.Егер 1890 жылы, Қазақстандағы орыстар мен украиндардың үлесі барлық тұрғындардың 8,2 
процентін  құрса,  1897жылы  осы  көрсеткіш  12,8  процентке  жетті.  Қоныс  аудару  саясатын  одан  әрі 
жүйелі, жоспарлы жүргізу үшін бірқатар шаралар жүзеге асырыла бастады. 1903 жылғы 10 маусымда 
«Сырдария Ферғана және Самарқант облыстарындағы қазыналық жерлерге өз еркімен қоныстандыру 
туралы»  ережелер  бекітілді  [4;93].  Онда:біріншіден,  Ішкі  істер  минстрлігінің  келісісімімен 
Провославия  дініндегі  тек  орыстарға  ғана  қоныстануға  рұқсат  етілді.  Екіншіден,  Жер  үлесі 
қоныстанушыларға  әр  үйдегі  ерлерге  шаққанда  әрқайсысына  3  десятинадан  аспайтын  мөлшерде 
өлшеніп  беріледі  де,  ал  тиімді  жайылымдық  жерлер  қоныстанушының  мүмкіндігіне  және  қажетіне 
қарай қанша керек болса да беріле беретін болды.Үшіншіден, Жер үлесі қоныстанушыларға тұрақты 
пайдалануға берілді.  
Қоныстанушыларға  төмендегідей  жеңілдіктер  берілді:  а)Алғашқы  бес  жылда  олар  уақытша 
белгіленген  алым-салық  мөлшерін  төлеуден  босатылды,ол  мұнан  кейінгі  мерзімде  оны  жарты 
мөлшерде  ғана  төлейтін  болды;  б)  15-тен  жасы  асқан  қоныстанушы,егер  мерзімі  өтпеген 
болса,әскерге шақырылудан босатылды [4;65]. Алғашқы 1886 жылғы және кейінгі 1903 жылдардағы 
заңдарды  салыстырар  болсақ,  Ресей  тарапынан  отарлау  ісін  ретке  келтіруге  ұмтылушылық  айқын 
аңғарылды.Сонымен  қатар,  қоныстанушылар  орналасушы  өлкелерге  «бұл  мақсаттарға  жарамсыз» 
элементтерді  жібермеуді  де  көздеген.  1903ж  25-маусымда,«Сібірге  (Алтай  округінен  басқа)  және 
Дала  генерал-губернаторлығына  қоныс  аударушыларға  үкімет  тарапынан  берілетін  жәрдемдер 
туралы ережелер» бекітілді.  
Бұл  ережелерге  сәйкес  қоныс  аударушылардың  отбасына  жеңілдік  шарты  бар  5жыл  ал  
келімсектерге  (ходоктарға)  1жыл  мерзімге  50  сомнан  аспайтын  мөлшерде,  жол  қарызын  және 
шаруашылық құрып алу 100 сомға дейін қаржы беруге рұқсат етілді. 
Қоныс  аудару  саясатын  мемлекеттік  тұрғыдан  реттеу  үшін,  қоныс  аудару  саясатын  кең 
ауқымды жүргізу үшін 1904ж көкек айында бұрын ішкі істер министрлігінің қарауында болып келген 
қоныс аудару басқармасының негізінде жерге орналастыру және егіншілік жөніндегі бас басқармасы 
құрылды. Мемлекет тарапынан үлкен және нақты қолдау алған бұл мекеменің құқықтық статусы да 
жоғары болды. 
1904 жылы 6-маусымда, «Село тоғышарларымен жер иеленуші мещандардың өз ықтиярымен 
қоныс аударуы туралы» уақытша ережелер шығарылып, осы бойынша орталық Ресейдегі жергілікті 
өкімет орындарына шаруалардың қоныс аударуына рұқсат ету құқығы берілді.  
1904-1905  жылдары  патша  үкіметі  Қазақстан  территориясын  бес  қоныстандырылатын 
аудандарға: Торғай-Орал, Ақмола, Семей, Сырдария және Жетісу аудандарына бөлді [4; 78]. 
Осындай әрбір ауданда құрылған қоныс аудару басқармаларына «қоныс аудару қорын жасау 
үшін жаңадан « басы артық жерлерді» табу міндеті табылды. 
Қазақ  жерінің  «артығын  алу»  деген  жемумен  құнарлы  жерлерді  тартып  ала  отырып, 
қазақтарды күйзелту арқылы «қоныс аудару қоры» жасала бастады. 
Столыпиннің  аграрлық  саясаты  бойынша  жаппай  қоныстандыру  ісінің  қысқа  мерзімде 
жүргізіле  бастауы  Ресейдің  саяси-әлеуметтік  экономикалық  өміріндегі  қалыптасқан  жағдайға 
байланысты  болды.Ресейдің  орталық  аудандарында  жер  мәселесі  шиеленісіп,  таптық  күрес  өрши 
бастады. 

217 
 
XIX  ғасырдың  60-70  жылдарындағы  реформалардың  жарым-жартылай  болуы  салдарынан, 
Ресейде буржуазиялық қоғамға тән әлеуметтік таптық құрылым қалыптаспаған еді. Буржуазия және 
пролетариатпен қатар шаруалар мен помещиктер де сақталды [5;325]. 
Крепосниктік  құқықтың  жойылуына  байланысты  шаруалар  өз  басының  еркіндіктерін  сатып 
алса да, іс жүзінде олардың бостандығы болмады.Қала берді реформа барысында шаруалар «кесінді» 
ретінде өз еркіндігі үшін бергендіктен бұрынғы жерлерінің біразынан айрылды. 
Елдегі  30  мың  ірі  жер  иелерінің  қарамағында  70  миллион  десятина  болса  10,5  миллион 
шаруалардың  қолында  75  миллион  десятина  жер  болды.  Орта  есеппен  әрбір  помещикте  2300 
десятина  жер  болса,  әрбір  шаруада  7  десятина  ғана  болды.  Ал  әрбір  шаруа  отбасының  күн  көрісін 
қамтамасыз ету үшін кемінде 15 десятина жер керек еді.Сондықтан да шаруалардың басым көпшілігі 
аш-жалаңаш болды. Шаруалар кірістерінің 70%-ті салық және міндеттілік ретінде помещикке берді. 
Осындай  ауыр  жағдай  шаруалар  ортасындағы  азаттық  қозғалысты  жандандырды.  Тек  қана 
1902ж  Ресейдің  Европалық  бөлігінде  шаруалардың  340-тан  аса  қарсыласуы  болса,  ол  жалпы  1900-
1904 жылдары барлығы 670шаруалар көтерілісі болды[6;91]. 
Сонымен  қатар  батыстың  дамыған  елдеріндегі  экономикалық  өрлеу,  Ресей  экономикасына 
түбірлі өзгерістер жасау, капиталистік қатынастардың дамуына кең жол ашу мүдделігін туғызды. 
               
Әдебиеттер: 
 
1.  Әбдіразақов Т., Әбдіманов Ө. Қазақстанның  Россияға қосылуының алғы зардаптары// Қазақ 
тарихы. 1995. №24, 62б. 
2.  Қазақстан тарихы. А; 3том.2010.-224б. 
3.  СедельниковТ. Борьба за землю в киргизской степи. Алма-ата.Казахское Республиканское 
отделение Советского фонда культуры.1991.-125с. 
4.  Турсунбаев А. Из истории крестьянского переселения в Казахстана. А;1950-54б., 64б,78б, 93б. 
5.  Аверх А.Я.  Столыпин и судьбы реформ в России. М;1990.-325с. 
6.  Джоржд  Демко. Орыстардың Қазақстанды отарлауы (1896-1916). Алматы, Ғылым, 1997. – 91б. 
 
КОЛОНИАЛЬНАЯ ПОЛИТИКА ВСЕОБЩЕГО ПЕРЕСЕЛЕНИЯ В КАЗАХСТАН 
Р.Ж. Мухамеджанова, Ж.Галымова  
 
В  статье  дается  характеристика  условиям  всеобщей  переселенческой  политики  
крестьян  на  территорию  Казахстана.  Приводится  анализ  аграрной    реформе  Столыпина.  
Рассматривается политика в отношении переселений крестьян и характеристика её эволюции 
в законодательных актах.  
 
THE COLONIAL POLICY OF UNIVERSAL RESETTLEMENT IN KAZAKHSTAN 
R.G. Mukhamedzhanova, J.Galimova  
 
In the article describing the General conditions of the resettlement policy of the peasants on the 
territory of Kazakhstan. The analysis of the Stolypin agrarian reform. Considered policy of resettlement of 
peasants and characterization of its evolution in the legislative acts. 
 
 
 
 

218 
 
ӘОЖ 574, 42 (19) 
 
Б.Ж.Атантаева, А.Е.Бекбаева  
Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті 
 
ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ПОЛИЭТНИКАЛЫҚ ҚОҒАМНЫҢ ҚАЛЫПТАСУ ЕРЕКШЕЛІГІ 
 
Аннотация:  Мақалада  Қазақстандағы  полиэтникалық  қоғамның  қалыптасу  кезеңдері 
қарастырылып,  әр  кезеңнің  ерекшелігіне  қатысты  тұжырымдар  жасалған.  Статистикалық 
деректер XIX-XX ғасырлардағы патшалық және кеңестік отарлану қарқынын көрсетеді 
 
Кілттік сөздер: көпұлтты, этнос, этникалық топ, көші –қон 
 
Қазақстан  Республикасы  қазіргі  таңда  дамыған,  саясат  пен  экономикасы  бір  жүйеге 
келтірілген,  танымал  мемлекеттердің  біріне  айналды.  Біздің  мемлекетіміз  тәуелсіздігін  алып, 
егемендігін  әлемге  жариялап,  қазақ  елін,  Қазақстанда  тұратын  көпұлтты  халықты  халықаралық 
деңгейде таныта алды. Қазір мемлекетімізде өзара тату, ынтымақ, бірлік келісімде жүз отыздан астам 
ұлт өкілдері, этностар және этникалық топтар тұрады[1]. 
Осындай дамыған қоғам құрып, құқықтық республика, қоғам қалыптастыру қай мемлекетте, 
елде болмасын халық татулығынсыз мүмкін емес. Қазіргі таңда дүние жүзінде 3 мыңға жуық ұлттар 
мен ұлыстар тұрады, бұл мемлекеттердің көбі көпұлтты. 
Ұлтаралық  қатынас  көп  ұлтты  Қазақстан  Республикасында  ерекше  көңіл  аударуды  қажет 
ететін мәселелер қатарына жатады. Қазақстан жерін  мекендейтін халықтардың достық, туысқандық 
қарым-қатынасы,  оларды  біртұтас  мақсатқа  жетелейтін  жетекші  ұлттық  мүдде  болуы  қазіргі 
саясаттың маңызды бөлігіне айналды. 
Жер  шарының  барлық  аймақтарында  халқы  барған  жыл  санап    этностық  құрамымен  қатар 
мәдениеті,  өмірі,  салты  әр  түрлі  бола  бастайды.  Оған  шаруашылықпен  қатар  қоғам  өмірінің 
интернационалдануы,  халықаралық  және  республика  ішінде  көші-қон  пайызының  өсуі,  некеге  тұру 
санының  арту  нәтижесі  негіз  болып  отыр.  Бұл  заңды  процесс  болса  да,  бірақ  өкінетін  жағдайларда 
туындай  бастайды.  Оған  себеп  болатын  ұлтаралық  келіспеушілік,  шиеленістер,  кейбір  кезде  қан-
төгіске әкелетін ашық дау-жанжалдар. Осыған орай мемлекетіміздегі ұлтаралық келісім мен татулық 
қазіргі кезде қоғамның басты мәселесіне айналды. Президент  Н.Ә.Назарбаев «Біздің ортақ отанымыз 
–  Қазақстанның  қазіргідей  қарыштап  дамып  отырғаны  –  елімізді  мекендеуші  барлық  этностардың 
ынтымағы  мен  бірлігінің  арқасы.  Тәуелсіздігімізді  тұғырлы  ететін  де,  елімізді  жаңа  белестерге 
шығаратын  да  біздің  осы  қоғамдық  татулығымыз.  Бірліксіз  ел  тозады,  бірлікті  ел  озады  дейтін 
даналықтың  шындығына  бүгінде  бәріміздің  көзіміз  жетіп  отыр»,  —  деп  мелекетіміздің  президенті 
Н.Ә.  Назарбаев  айтқандай  бүгінде  мемлекетімізде  ұлттар  достығы  берік  сақталып,  ұлтаралық 
келісімге көп мән бергендіктен елімізде 130-дан астам ұлт өкілдері татулықта өмір сүріп келе жатыр 
[2].  Сондай  –  ақ  «Ел  бірлігі  –  біздің  барша  табыстарымыздың  кілті.  Біз  тұрақтылықты  бағалай 
білгеніміздің  арқасында  бүгінгі  табыстарға  жеттік.  Ешкімді  кемсітпей,  ешкімнің  тілі  мен  дінін 
мансұқтамай,  барлық  азаматтарға  тең  мүмкіндік  беру  арқылы  тұрақтылықты  нығайтып  келеміз. 
Біздің  кейінгі  ұрпаққа  аманаттар  ең  басты  байлығымыз  –  Ел  бірлігі  болуы  керек»  [3].  Осындай 
жалпыұлттық құндылық әрбір жастың бойында болуы тиіс. 
130-дан  асқан  ұлт  өкілдері  тұратын  Қазақстан  Республикасының  елі  бүгінін  талдап, 
болашағына бағдар беру арқылы өзінің бірегей болмысы мен қатар бітімімен өркендеген ел қатарына 
қосылды.  Әрбір  ұлттың  тәрбиесінің  мәні  мен  маңыздылығына  аса  көп  көңіл  бөлінді.  Әр  ұлттың 
тарихы,  мәдени  және  рухани  қасиеттерін  ескере  отырып,  жастарға  тәрбие  беріп,  адамгершілік 
қасиеттерді баулуда Қазақстан халқы Ассамблеясы құрылған болатын.  
Көпұлтты Қазақстанда азаматтық қоғамды қалыптастырып және дамыту барысында тек қана 
ұлттық  мүддеге  емес,  жалпы  адамзаттық  мәндегі  құндылықтар  -  бостандық,  теңдік,  әділдік, 
заңдылық, ұлтаралық татулық, демократиялық консенсустық принциптер болуы міндетті. 
 М.Тынышпаев,  Т.Шонаұлы  және  т.б.  ғалымдардың  ойы  бір  болғандай,  Қазақстандағы 
азаматтық  қоғам  мен  мемлекеттің  өзара  әрекеттесуі  аралас  үлгіде  қарсыластық,  әріптестік, 
ынтымақтастық принциптері қатар жүруімен жүзеге асуда деген түйінге келеді. Сонымен, Қазақстан 
көпұлтты,  көпконфессиялы  мемлекет.  Елдегі  экономика,  әлеуметтік  қатынас,  мәдениет  пен 
өркениетке  ерекше  ықпалын  тигізіп  отырған  жаһандану  -  өмірдің  барлық  саласын  қамтып  отырған 

219 
 
үлкен күрделі үрдіс. 
Қазақстанның демографиялық дамуының кейбір аспектілері қарастырылған, алайда негізінен 
еліміздің әлеуметтік даму мәселелеріне арналған еңбектер шықты. Әсіресе жұмысшы тобы, шаруалар 
мен  интеллигенция  тобының  қалыптасуы  мен  даму  процессі  қарастырылды,  ресми  статистиканы 
қолданған зерттеушілер әлеуметтік топтардың демографиялық сипаттамаларына, әсіресе өнеркәсіптік 
және аграрлық көші-қон ерекшеліктеріне тоқталған. Жұмысшы тобы мәселесін зерттеген ғалымдар, 
нақтылап  айтсақ,  А.Н.  Нүсіпбеков,  М.Х.  Асылбеков,  С.Б.  Нұрмұхамедов,  Б.Н.  Әбішева,  шаруалар 
тарихын  зерттеген  А.Б.  Балақаев,  Г.Ф.  Дахшлейгер,  К.Н.  Нұрпейіс,  интеллигенция  тобын  зерттеген 
Ш.Ю. Тастанов, Х. Әбжанов [4] тарихшы ғалымдар Қазақстандағы этно-демографиялық процесстерді 
анықтайтын статистикалық мұрағат деректерін айналымға енгізді. 
Осыған  орай  қазіргі  таңдағы  көпұлтты  қоғамның  құрылуына  не  себеп  болды?  Қазіргі  кезде 
қарастыратын мәселелер бірдей ме, әлде XX ғасырда көпұлттылық мәселелердің қалыптасу қарқыны 
өзгеше  болды  ма?  –  деген  сұрақтар  туындай  бастады.  Шығыс  Қазақстан  облысының  құрылу 
тарихына  жүгінетін  болсақ,  аумағы  мен  шекарасы  бұрынғы  заманнан  бері  қоныстанған.  Оған  куә 
ретінде  Алтай  мен  Зайсан  қазан  шұңқырында,  Тарбағатай  мен  Сауыр  жоталарында  ежелгі 
қоныстардың  іздері  қалған  болатын.  Осы  өңірді  жоңғарлар  да,  қалмақтар  да,  қытайлар  да  жаулап 
алып отырды. Патшалық Ресей үкіметі кезінде қазақ жерін тереңірек отарлау мақсатында қазақтарды 
ата-бабасының қонысынан жылжытып, облыс аумағында бекіністер сала бастады. Ф.Н.Базанованың 
ғылыми  еңбегінде  «Задачей  переселения  является  вовлечение  сельско-хозяйственной  и 
промышленной  продукции  страны  путем  рационального  как  с  точки  зрения  общегосударственных 
так  и  местных  интересов,  расселения  и  эксплуатации  естественных  богатсв  заселяемых  районов»  - 
деп  жазады[5].  Облыс  шекарасы  бойымен  бекіністер  мен  форпостар,  одан  кейінгі  жылдары 
станициялар  салына  бастады.  Ертіс  өзенінің  екі  жақ  шетінен  қазақ  елінен  жерлері  тартып  алынып, 
оларға 10 шақырым жерде қоныстауға тыйым салына бастады. Ертіс өзеніне құятын кішігірім сулар 
мен салалар, станициялар орыс атауға ие болды[6]. 
Қазақстан  халқының  ұлттық  құрамы  және  орналасуы  мәселелері  Тұрар  Рысқұловтың  1927 
жылы  жарық  көрген  «Қазақстан»  атты  еңбегінде  және  М.О.  Әуезовтың  1930  жылы  шыққан 
«Қазақстандағы ұлттар» деген кітабында көрініс тапқан.  
Е.Бекмаханов  1947  ж.  шыққан  «ХІХ  ғасырдың  20-40  жылдарындағы  Қазақстан»  деген 
монографиясында,  ХІХ  30-40  жылдарында  Кіші  жүзде  100  мың  үй  (бес  адамнан)  –  500  мың  адам, 
Орта  жүзде  116,5  мың  үй  –  төрт  адамнан  –  468  мың  адам,  Ұлы  жүзде  95  мың  үй  –  550  мың  адам 
болған,  -  деп  көрсеткен-ді  [7].  Яғни  барлық  қазақтардың  саны  1млн  518  мың  болып  шығады. 
Өкінішке орай, Е.Бекмаханов үш жүздің қазақтарының санын анықтағанмен, олардың жалпы санын 
қорытындыламаған,  бұған,  біздің  ойымызша,  статистикалық  мәліметтердің  шынайы,  нақты 
болмауына қоса, әр үйде кейде 4, кейде 5, не 6 адам деп санағанның өзі де әсер еткен болуы керек, - 
деп  ойлаймыз.  Н.Е.Бекмаханова  ХІХғ.  60-жылдарында  Қазақстан  мен  Қырғызстан  және  шекаралас 
территорияларда 1млн 643,4 мың қазақ және 353,1 мың қырғыздар мекен етсе, ХІХ ғ. 70-жылдарында 
2.416,5 мың қазақ және 542,5 мың қырғыз болды, - деп жазады [8]. 
Қазақстан  халқының  ұлттылық  құрамының  жалпы  тарихына  негізделетін  болсақ,  ол  XVI 
ғасырдан  басталды.  Сол  жылдары  Ресей  патшалығының  қудалауынан  қашқан  орыстар,  украиндер, 
татар елінің азаматтары және басқа ұлт өкілдері қазақ еріктілері деп аталынып кеткен болатын. 1890 
жылы  Ресей  мен  Украина  мемлекеттерінен  көшіп  келетіндер  саны  арта  бастады.  Орыстар  мен 
украиндер негізінен құралған, татар халқы аралас бекіністер пайда бола бастады. 
Оңтүстіктегі  егін  алқаптарды  және  суармалы  жерлерді  орыс  пен  украиндықтар  1864  жылы 
Ресей империясынан жерсіз қалған шаруалар қоныстай бастады. 
 
Кесте – 1 1896-1905 жылдардағы Қазақстанға қоныс аудару қарқыны бейнеленген [9]. 
 
Жылдар 
Адам саны (мың) 
Ресейден шыққан 
барлық 
мигранттардың 
қазақстандық үлесі 
Барлығы 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   43




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет