Х. А. Ордабекова


ЯСАУИ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ХАБАРШЫСЫ



Pdf көрінісі
бет8/13
Дата23.03.2023
өлшемі0,74 Mb.
#75785
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13
Байланысты:
Саяси мәтін прагматикасы

ЯСАУИ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ХАБАРШЫСЫ
№4 (118), 2020
 
ISSN-p 2306-7365 
ISSN-e 2664-0686 
 
197 
идеологияны қалыптастырудың, биліктің қуатты құралы ретінде танылатындығын ерекше 
атап өтеді [7, 43-б.].
Қазіргі саяси лингвистикада саясаткерлердің өзіндік идиостилі зерттеле бастады. 
Саясаткерлер жалпыхалықтық лексиканы қолдана отырып, өздерінің саяси мәтіндерін түзеді. 
Саясаткер өзінің ойын екінші жаққа дәл, айқын, әсерлі түрде жеткізуді мақсат етуі мүмкін. 
Кейбір орын алған жағдаяттарға байланысты сынау, қарсы шығу немесе ескерту айту, белгілі 
бір әрекетті қолдамау мақсатын ұстануы мүмкін.
Тілдік жүйедегі бағалаудың негізгі құралы – лексика-фразеологиялық жүйе. Қоғамдық-
саяси лексика мен фразеологизмдердің бағалауыштық сипаты саяси дискурс аясында 
қарастырылады. Тілдік жүйенің лексико-фразеологиялық мүмкіндіктері өте үлкен. «Өйткені 
фразеологимздердің пайда болуына күнделікті өмір мен өзімізді қоршаған заттар мен 
құбылыстардың бір-бірінің әсерінен туған бейнелі қабылдаудың ықпалы зор», – деген пікір 
білдіреді Қ.Б. Уразбаев [8, 28-б.].
Қоғамда орын алып жатқан саяси, экономикалық және әлеуметтік өзгерістер жаңа 
атаулар мен қолданыстардың, жаңа фразеологиялық қолданыстардың пайда болуына әсер 
етіп жатыр. Мұндай жаңа тілдік бірліктердің, ең алдымен, жеке адамдардың сөйлеу тілінде 
қалыптасып, өзгелердің тарапынан қайталануы арқылы ауызекі сөйлеу тіліне енуі мүмкін. 
Мұндай жаңа тілдік бірліктердің қалыптасуының негізгі қайнар көзі ретінде көркем 
мәтіндер, газет-журнал, теле-радиохабарлар тілі, жарнама және PR мәтіндері саналады. 
И.Б. Голуб осыған байланысты мынадай пікір білдіреді: «Фразеологические богатства языка 
оживают под пером талантливых писателей, публицистов и становятся источником новых 
художественных образов, шуток, неожиданных каламбуров. Художники слова могут 
обращаться с фразеологизмами как с «сырьем», которое подлежит «творческой обработке». 
В результате фразеологического новаторства писателей, публицистов возникают 
оригинальные словесные образы, в основе которых «обыгранные» устойчивые выражения. 
Творческая обработка фразеологизмов придает им новую экспрессивную окраску, усиливая 
их выразительность» [9, с. 121].
Фразеологизмдер саяси дискурсқа қажетті барлық сипаттамаларға ие, дәлірек айтқанда, 
белгілі бір ойды нақты, анық әрі экспрессивті түрде жеткізеді, саясаткер тарапынан 
қолданылған фразеологиялық бірліктер ақпаратты қабылдаушылардың санасында ұзағырақ 
сақталуына әсер етіп, сол арқылы өміршеңдік сипат алады. Саясаткер ауызша не жазбаша 
сөйлеу тілінде фразеологизмдерді мүмкіндігінше жиірек қолдануы қажет, себебі мұндай 
тілдік бірліктер жалпыхалыққа түсінікті болып келеді. Сол арқылы халыққа саясаткерді бір 
табан болса да жақындата түседі. Сонымен қатар саясат тілінің қоғаммен бірге үнемі даму 
үстінде болатындығы неофразеологиялық қолданыстардың пайда болуына әсер етеді. Кез 
келген тілдік бірліктің құрамы мен құрылымның жаңа болуы адамның қызығушылығын 
тудырады, сонымен адресаттың ой санасына тиімді әсер етуге көмектеседі.
А. Алтунян саяси мәтін мазмұнын түзуде сөздердің тіркесімділік қабілетін
фразеологизмдердің қолданысын, сөздердің орналасу тәртібін, сөз не сөз тіркесі астарындағы 
мәдени коннотацияны, тілдік бірліктердің эмоционалды-экспрессивті қызметін ескеру 
қажеттілігін атап көрсетеді [10, 30-б.]. Коммуникативті тактика – адресатқа әсер етудің
коммуникативтік мақсатқа жетудің негізгі құралы. БАҚ-тың негізгі ұстанатын тактикасы – 
тыңдаушыға әсер ету. Тыңдаушыға әсер ету қызметі экспрессивті-синтаксистік конструкция 
арқылы жүзеге асырылады, атап айтқанда, сұраулы конструкциялар, толық емес сөйлемдер, 
парцелляцияланған конструкциялар, орны ауыстырылған конструкциялар және т.б. Осы 
конструкциялардың әрқайсысы адресатқа өзінше әсер етеді, адресаттың назарын маңызды 
деген ақпаратқа не мәтін бөлігіне аударады. Сондай-ақ Б. Ахатова саяси дискурсқа 
қатысушылар арасындағы саяси ақпараттағы не мәтіндегі «белгісіздік» тактикасының 
атқаратын қызметі туралы былай дейді: «Смысловая неопределенность политического 
дискурса способствует манипулированию общественным сознанием. Неопределенность 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет