Х. А. Ордабекова



Pdf көрінісі
бет9/13
Дата23.03.2023
өлшемі0,74 Mb.
#75785
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13
Байланысты:
Саяси мәтін прагматикасы

ISSN-p 2306-7365 
ISSN-e 2664-0686 
ЯСАУИ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ХАБАРШЫСЫ
№4 (118), 2020
 
198 
создает благодатную почву для приглушения неблагоприятной информации, ее 
вуалирования; 
сокрытия 
объективной 
информации; 
замалчивания 
персональной 
ответственности (для снятия ответственности)» [11, с. 20].
Саяси мәтіндердің ауызша және жазбаша формасы негізінен бұқаралық ақпарат 
құралдарында көрініс табады. Өйткені саясаткерлердің, саяси тұлғалардың, саяси 
партиялар мен институттардың саяси іс-әрекеттері саяси дискурс түрінде БАҚ-та 
жарияланады. Саяси тұлғалар, саяси қайраткерлер ауызша әдеби сөйлеудің ең жоғарғы 
формасын меңгергені дұрыс. Өйткені ауызша әдеби тілдің ең жоғарғы формасы – шешендік. 
Шешен сөйлеу тек ауызша әдеби тілді меңгергенде ғана жүзеге асады деген ұғым 
қалыптаспау керек. Себебі күнделікті ауызекі сөйлеу тілінде де, бейтарап сөйлеу тілінде де 
шешендіктің үлгісін көрсетуге болады [12, 375-б.].
Фразеологизмдер тілдік коммуникацияда маңызды рөл атқарады. Олар бір мезетте 
түрлі қызмет атқарады: мәтінге образдылық береді, мәтіннің экспрессивті әсерін күшейтеді, 
мәтінге өміршеңдік сипат береді. Тілдік бірліктердің өн бойындағы мұндай белгілерді 
саясаткерлер жоғары бағалайды, өйткені олар саяси мәтіндерде және ауызекі сөйленісте 
қолданылатын тұрақты сөз тіркестеріне жиі назар аударады. Мысалы: «Америка президенті 
Дональд Трамп тамыздың соңын ала бере Ресей, Иран, Солтүстік Корея секілді 
алпауыттардың өңешін санкциямен тығындап тастады. Сарапшылар болса, бұл жер 
келешекте НАТО күштерін орнықтыратын алпауыт плацдармға айналады деп 
жорамалдайды» («Айкын», 17.11.2017). «Бұл – ұлтқа деген қарусыз, аштықсыз, физикалық 
түрмен емес, бірақ нақтылы рухани геноцид деп бағалауға болатын жаһандық шара. Тілге 
қатысты сыңар жақ саясат ұлт тағдырына қауіп төндіруі мүмкін Адам баласы алдымен ана 
тілінің уызымен ауызданбаса кейін қазақ тілін ұмытатынын, ол адамның генетикасын бұзу 
болып табылатынын ескертті («Қазақ үні», 12.04.2016). Берілген мәтіндердегі 
фразеологизмдердің өн бойындағы эмоционалды-экспрессивті мәні арқылы автор не 
саясаткер қоғамдағы саяси, мәдени, экономикалық өзгерістерге қатысты өзіндік ой-пікірін, 
көзқарасын, іс-әрекетке деген оң не теріс бағасын жеткізе алады. Осы тұрғыдан алғанда 
саясаткерлердің тілінде фразеологизмдер кеңінен қолданысқа түсіп отырады немесе 
окказионалды фразеологиялық тіркестерді қолданысқа түсіреді. Соңғы уақытта тілдік 
жүйедегі фразеологизмдердің шығармашылық тұрғыдан түрленісін жиі кездестіруге болады. 
БАҚ тілінде, саясаткерлердің көпшіліктің алдына шығып сөйлеген сөзінде кездесетін бейнелі 
сөз өрнегі, сонымен қатар фразеологизмдер саны айтарлықтай өскен. Кейде саясаткерлердің 
өздері қанатты сөздердің авторы болып жатады, нәтижесінде ондай сөздер көпшілік ортада 
кеңінен қолданысқа түседі. Қоғамда орын алып жатқан құбылыстарға қатысты өзіндік 
бағасын беруде саяси қайраткерлер, саяси тұлғалар тарапынан лексика-фразеологиялық жүйе 
орынды қолданылады. Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухан жаңғыру» 
атты мақаласына назар аударайық: «Біз тарихтың сабағын айқын түсінуіміз керек. 
Революциялар дәуірі әлі біткен жоқ. Тек оның формасы мен мазмұны түбегейлі өзгерді. 
Біздің кешегі тарихымыз – бұлтартпас бір ақиқатқа – эволюциялық даму ғана ұлттық 
өркендеуіне мүмкіндік беретініне көзіміз жетеді. Бұдан сабақ ала білмесек, тағы да 
тарихтың темір қақпанына түсеміз. Ендеше, эволюциялық даму қағидасы әрбір 
қазақстандықтың жеке басының дербес бағдарына айналуға тиіс. Бірақ, қоғамның 
эволюциялық дамуы қағида ретінде мәңгі тұмшаланудың синонимі емес. Сол себепті, 
тарихтың ащы сабағын түсініп қана қоймай, өзіміз күнде көріп жүрген қазіргі 
құбылыстардан ой түйіп, болашақтың беталысына қарап, пайым жасау білу де айрықша 
маңызды. Бүгінде революциялар өңін өзгертіп, ұлттық, діни, мәдени, сепаратистік перде 
жамылды. Бірақ, бәрі де, түптеп келгенде, қантөгіспен, экономикалық күйреумен 
аяқталатынын көріп отырмыз» (www.akorda.kz). Асты сызылған тұрақты тіркестер ауыс 
мағынаны бейнелеп көрсетеді, әрі өзінің окказионалды қолданысымен ерекшеленеді.  




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет