Х. А. Ордабекова



Pdf көрінісі
бет7/13
Дата23.03.2023
өлшемі0,74 Mb.
#75785
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   13
Байланысты:
Саяси мәтін прагматикасы

ISSN-p 2306-7365 
ISSN-e 2664-0686 
ЯСАУИ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ХАБАРШЫСЫ
№4 (118), 2020
 
196 
оқырмандардың 
жоғарыда 
көрсетілгендей 
менталдық 
ерекшеліктеріне 
сәйкес 
коммуникативтік тактикалардың бірі ретінде «бедел иесін тірек ету» тактикасын көрсетеді. 
Бұл коммуникативтік тактика бойынша мәтінде көсемнің (ұлт көсбасшысының) немесе 
қалың бұқараның типтік өкілінің пікіріне сілтеме жасалса, жарияланымның ықпалдастық 
күшінің де жоғары болатыны айтылады [5, 16-б.]. Мысалы: Ұлттық экономика министрі 
Тимур Сүлейменов осы жылдың қаңтар-қараша айларында инфляциялық үдерістердің 
тұрақтануы мен инвестициялық белсенділіктің жеделдеуі тұрғысынан, сондай-ақ барлық 
негізгі секторлардағы жағдайдың жақсаруы нәтижесінде экономика өсімі 3,9 пайызды 
құрағанын айтты. Министр атап өткендей, негізгі капиталға салынған инвестициялардың 
өсу қарқыны 2016 жылмен салыстырғанда 2,8 есеге өсіп, 5,7 пайызды көрсетті. Жыл басынан 
бері жылдық инфляция деңгейі белгіленген дәлізде, яғни 6–8 пайыз болды және қарашаның 
қорытындысы бойынша 7,3 пайызды құрады (Егемен Қазақстан, 13 желтоқсан, 2017 жыл). 
Осындағы Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов, министр атап өткендей сынды 
сөйленімдер автордың коммуникативтік интенциясын жүзеге асыруда бедел иесін тірек ету 
тактикасын ұстанғанын көрсетеді.
Жалпы қай елдің болса да, БАҚ өнімдерінде қолданылатын коммуникативтік 
тактикалар линговкогнитивтік, лингвомәдени ерекшеліктер үрдісінен алыс кетпейді. 
Көпшілік оқырманға ықпал етуде автордың тілдік тактикасы халықтың менталдық 
ерекшеліктеріне, жалпы білімі мен ықыласына, көзқарасы мен пікіріне, психологиялық 
жағдайына, мінез-құлқына сәйкес бағытталады. 
Ұлттық тілдің негізін құрайтын жүйенің бірі – саяси тіл. Оның қызметі белгілі бір 
идеологияны насихаттау, халықты қандай да бір саяси іс-әрекеттер жасауға итермелеу
қоғамдық көзқараспен санаса отырып саяси-әлеуметтік шешім қабылдау, манипуляция, 
ықпал ету, ырқына көндіру, сенімін арттыру сияқты әрекеттерге негізделеді. Саяси мәтін 
ақпаратты тұтынушылардың ойлау жүйесіне оң әсерін тигізу үшін мәтін мазмұнының 
ашықтығы мен өткірлігі сынды нақты талаптарға жауап беруі керек. Ал қойылған 
талаптарды орындау үшін стильдік, риторикалық және тілдік құралдарды орынды қолдана 
білу қажет.
Орыс тіл білімінде саяси лингвистика мәселелерін жан-жақты қарастырған А. Чудинов 
саяси коммуникацияның қызметі туралы мынадай пікір айтады: «Политическая 
коммуникация призвана оказать прямое или косвенное влияние на распределение власти 
(путем выборов, назначений, создание общественного мнения и др.) и ее использование 
(принятие законов, издание указов, постановлений и др.). Политический коммуникация 
отражает существующую политическую реальность, изменяется вместе с ней и участвует в 
ее преобразовании» [6, с. 8]. 
Саяси дискурс институционалды ортада, яғни, сенат, парламент мәжілістері, үкімет пен 
саяси партиялардың отырыстарында жүзеге асырылатын ауызша сөйлеу формасы арқылы 
жүзеге асады. Саяси дискурс бағалауыштық компонентсіз жүзеге аспайды. Саясат – белгілі 
бір идеяны жүзеге асыру, сайлаушыларды өзіне назар аударту үшін күрес саналады. Мұның 
негізі құралы – бағалау құралы. Саясатта болып жатқан нәрсенің барлығы тікелей халықтың 
әлеуметтік өміріне әсер етеді. Сондықтан саясаткердің әлеуметтік-саяси жағдайларға өзінің 
мүддесі, өзінің қажеттілігі, өзінің ұмтылысы тұрғысынан қарауы әдеттегі құбылыс саналады.
Саяси лингвистиканың кеңестік тіл ғылымында қалыптасып зерттелуінде А.Н. Баранов, 
М.В. Гаврилова, А.А. Романов, И.В. Вольфсон, А.П. Чудинов сынды ғалымдар көп еңбек 
етті, ал қазақ тіл білімінде саяси лингвистикаға қатысты өз зерттеулері мен тұжырымдарын 
ұсынып 
жүрген 
Б. Ахатова, 
Б.С. Жумагулова, 
Ж.Қ. Ибраева, 
Г.К. Ихсангалиева, 
Р.Г. Сейдахметова сынды ғалымдардың еңбектерін айтуға болады. Ж.Қ. Ибраева саяси 
дискурс мәселесін мәселесін қарастыра келіп, саясаткерлердің сөйлеу тілі саяси ортаның 
қызметіне сай қоғамдық-коммуникативтік маңыздылығымен ерекшеленетінін, өйткені тіл – 




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   13




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет