ЯСАУИ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ХАБАРШЫСЫ , №4 (118), 2020 ISSN-p 2306-7365 ISSN-e 2664-0686 195
сөйлеу кезіндегі фразеологиялық тіркес, идиома, фразеологиялық бірлік, фразеологиялық
тізбектердің қолданысын, сөйлеушінің интенциясымен оның тыңдаушы жаққа әсер ету
қызметін байланыста қарастыру керек. Ауызша не жазбаша сөйлеу істіндегі
фразеологизмдердің қолданылуын талдау кезінде прагматикалық факторларды негіз етіп алу
мәселесі туындайды. Сөйлеушінің интенциясына сәйкес стиль түрін айқындау, соған сәйкес
тіл бірліктерін қолдану жағдаяты прагматикалық категориялармен тікелей байланысты
жүзеге асатыны сөзсіз. Фразеологизмдердің белгілі бір стиль түрлеріне қарай жиі
қолданылуы оның прагматикалық мәнімен тікелей байланысты. Берілген үзіндіге назар аударайық: «Сақалды да қапы қалмаудың қамымен ыңғайлана берген. Үлгермеді. Иектің астын ала
тиген күшті соққы аяғын аспаннан келтірді. Жағы үгітіліп бара жатқандай. Көзі қарауытып барып, аунап түсті. Түзеліп кетпек еді, көз алдын тағы бір от көміп кетті. Аузына темірдің
дәмі келгендей, жылымшы бір сұйықтық дірдектеп аузына құйылып жатыр. Етпеттей жатып,
ауырсына қолымен ұстап көргені сол еді, тұмсығынан қан саулап қоя берді. Ақыра
түрегелген. Тағы да қапы қалыпты. Төніп келіп қалған қарсыласы жағасынан ала беріп, сол
жақ құлақ шекеге темірдей жұдырығын тағы қонжитты. Сол-ақ, көзінен мың сан от тынымсыз ұша берді. Басы зеңіп барады. Көзі қарауытып, оты азая берген. Белгісіз
қоймалжың қара түнекке сіңіп бара жатты» (Нүсіп А. Тай). Автор екі жігіттің арасындағы
төбелесті өз оқырманына образды түрде жеткізу үшін көріктеуіш құралдарын, тұрақты сөз
тіркестерін қолданған. Сақалдының Тайбурыл есімді жігіттен таяқ жеген сәтін автор қапы қалу, аяғын аспаннан келтіру, көзі қарауыту сынды фразеологиялық бірліктерді арнайы
грамматикалық формалар арқылы қолдана отырып, іс-әрекеттің қалай аяқталғандығының
нәтижесін көрсетіп тұр. Сондай-ақ, тілдік жүйедегі дайын тұған фразеологизмдердің (көзінен
от жарқ етті) ішіне сыналап сөз енгізу арқылы «көзінен мың сан от тынымсыз ұша берді»
түрінде қолданысқа түсіреді. Фразеологиялық бірліктердің нормадан дәл осылай ауытқуы
үнемі сәтсіз бола бермейді. Керісінше тілдік нормадан белгілі бір коммуникативтік мақсатта
ауытқудың оқырманға тигізер ықпалы зор.
Сөйлеу үдерісінде сөйлеушінің коммуникативтік мақсаты негізге алынатыны белгілі.
Ғалымдардың көрсетуінше, коммуникативтік мақсаттан коммуникативтік стратегия мен
коммуникативтік тактика мәселелері туындайды. Коммуникативтік мақсат –
адресанттың сөйлеу тілін жүзеге асыруда көздейтін негізгі мүддесі. Адресанттың арнайы
коммуникативтік
мақсат
қоюының
өзі
әр
түрлі
әлеуметтік,
идеологиялық,
экстралингвистикалық
факторларға
негізделеді.
Коммуникативтік стратегия –
коммуникативтік мақсатқа жету жолындағы белгілі бір сөйлеу әрекеттерінің кешені болса, ал
коммуникативтік тактика – сол стратегияның жүзеге асуына әсер ететін бір немесе
бірнеше әрекеттер жүйесі [4, 14-б.].
Баспасөз құралдарының негізгі қызметі – тыңдаушыға әсер ету, сол себепті
журналистер тарапынан ақпаратты әсерлі, бейнелі түрде жеткізуге ерекше көңіл бөлінеді.
Қазіргі бұқаралық ақпарат құралдары тілінен айтылатын ойға ерекше эмоционалды-
экспрессивті мән үстейтін тілдік бірліктерді жиі кездестіруге болады. Мысалы: Астана
қаласы құрылысы Қазақстан экономикасының тамырына қан жүгіртті. Қазақстанға табан тіреген оралман қазақтар саны 500 мың көрінеді («Жас Алаш» газеті, 15.12.2019).
Нидерландта да жоғарғы басқару корпусы мәселелері тағы талқыға салынды («Егемен
Қазақстан» газеті, 15.12.2019). БАҚ тіліндегі мұндай фразеологиялық бірліктер мен
идиомалық тіркестердің қолданысы оқырман қауымға ақпаратты әсерлі етіп жеткізуді, әрі
ұлттық таным-түсінік тұрғысынан жеткізуді көздейді.
Қазақ тіл білімінде жарнама, баспасөз, телебағдарламалар тілінде колданылатын
коммуникативтік
тактикаларға
қатысты
мәселелер
З. Ахметжанова,
Қ. Есенова,
Ф. Жақсыбаева сынды тілші-ғалымдардың еңбектерінде арнайы зерттеу нысанына айналды.
Ф. Жақсыбаева қазақ тілді баспасөз беттерінде адресаттың я газет өнімдерін тұтынушы