ISSN-p 2306-7365
ISSN-e 2664-0686
ЯСАУИ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ХАБАРШЫСЫ
, №4 (118), 2020
194
- коммуниканттардың рөлін айқындау;
- коммуниканттардың сөйлеу әдебіндегі семантикалық ерекшеліктерге назар аудару;
- коммуниканттардың тілдік интенциясын, сөйлеудегі
ұстанған тактикаларын
айқындау;
- дискурстың лексика-грамматикалық және семантикалық ерекшеліктеріне талдау
жасау [2, 120-б.].
Демек, дискурс – мәтінтүзімнің
негізгі шарты, яғни процесс болса, мәтін – сол
дискурстың нәтижесі, ал тіл – мәтіннің түзілуіне негіз болатын дискурстық әрекеттің
маңызды құралы саналады. Ауызша не жазбаша мәтін түрі болсын, оның қолданылатын
жағдаятына қарай әрбір мәтіндер жүйесіне тән ерекше өзіндік лексикасы мен грамматикалық
жүйесі, өзіне тән сөздік қоры, сөзді қолданудың өзіндік ережелері мен синтакисі
қалыптасады.
Коммуникативтік
тұрғыдан
алғанда
дискурс
коммуниканттардың
дүниетанымдық жүйесімен, ал прагматикалық тұрғыдан коммуниканттардың сөйлеу әрекеті
үстіндегі тілдік таңбаларды қолдануымен байланысты.
Осыған сәйкес, қазіргі тіл білімінде
дискурстың мынадай түрлері қалыптасқан: саяси дискурс; әскери дискурс; газеттік дискурс;
іскери дискурс; балалар дискурсы; өнертану дискурсы; магиялық дискурс; масс-медиа
дискурсы; ғылыми (академиялық) дискурс, парфюмерлік дискурс;
педагогикалық дискурс;
поэтикалық дискурс; публицистикалық дискурс; жарнамалық дискурс; спорттық дискурс;
техникалық дискурс; террористік дискурс; феминистік дискурс; көркем дискурс;
экономикалық дискурс; электрондық дискурс; этикалық дискурс [3, 69-б.].
Сонымен дискурс – ауызша мәтін және түрлі экстралингвистикалық
факторлар
(сөйлеуші мен тыңдаушының қоршаған орта туралы білімі, өзіндік пікірі мен құндылықтар
жүйесі), ақпаратты қабылдау мен оны түсіну сияқты маңызды элементтер енетін
коммуникативті-когнитивті құбылыс ретінде танылады.
ХХ ғасырдың аяғы мен ХХІ ғасырдың басында тілдің фразеологиялық жүйесі қайсыбір
елдің әлеуметтік, экономикалық және мәдени өмірімен, инновациялық технологиялардың
пайда болуымен, әлеуметтік-аксиологиялық ерекшеліктердің өзгеруімен,
ұлт өкілдерінің
интеллектуалды деңгейінің өсуімен байланысты жаңара түсетіні сөзсіз. Елімізде нарықтық
қатынастың белең алуы бұқаралық ақпарат құралдары арасында да бәсекелестікті туғызды.
Ой-пікірдің, ақпараттың айтылуын қамтамасыз ететін
тілдік коммуникация сөйлеу
әрекетінің негізін құрайды. Адам сөйлеу әрекеті арқылы адресаттың сана-сезіміне, ой-
пікіріне, мінез-құлқына әсер етуді, ой салуды жүзеге асырады. Сөйлеудің ауызша не жазбаша
формасы болсын, әлеуметтік коммуникация процесінде қандай да
бір нәтижеге жетудің
амалы ретінде қолданылады. Айтылатын сөз, пікір
уәждемесіз, мақсат-ниетсіз жүзеге
аспайды. Ал бұл мәселе лингвистикадағы прагматика мәселесімен тікелей байланысты.
Прагматика – коммуниканттардың арасында жүзеге асатын тілдік қарым-қатынастың
негізі саналады. Коммуникация вербалды және бейвербалды амал-тәсілдерді қолдану
арқылы жеке тұлғалар арасындағы ақпарат алмасу болса, осы ақпарат алмасу үдерісінде
прагматиканың рөлі ерекше саналады. Прагмалингвистикалық аспект тұрғысынан алғанда
фразеологизмдердің ауызша және жазбаша сөйлеу әрекеті үстіндегі қызметі,
қолданылу
мақсаты мен уәжін айқындауға негізделеді. Бұған қатысты мәселелер орыс тіл білімінде
Г.В. Колшанский, И.Н. Сусов, Ю.С. Степанов, Н.Д. Арутюнова; қазақ тіл білімінде
З.К. Ахметжанова, З.Ш. Ерназарова, Қ.Ө. Есеновалардың еңбектерінде қарастырылады. Тіл
біліміндегі прагматика ұғымы туралы тұжырымдардың барлығы тыңдаушыға әсер ету
нәтижелерін талдауға негізделген. Онда адамның, яғни автордың қажетті тілдік бірліктерді
таңдаудағы және мақсатқа жету барысында ақпараттың берілу қабілетіне ерекше назар
аударылады.
Фразеологизмдер жүйесінің прагматикалық аспектісіне
тұрақты тіркестердің өн
бойындағы эмоционалдық, экспрессивтік, бағалауыштық, стилистикалық, ассоциативті-
образды мағыналардың тыңдаушыға әсер ету қызметін жатқызуға болады. Сол себепті