Х. А. Ордабекова



Pdf көрінісі
бет11/13
Дата23.03.2023
өлшемі0,74 Mb.
#75785
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13
Байланысты:
Саяси мәтін прагматикасы

ISSN-p 2306-7365 
ISSN-e 2664-0686 
ЯСАУИ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ХАБАРШЫСЫ
№4 (118), 2020
 
200 
Кез келген тілдік бірліктің құрамы мен құрылымының жаңа болуы адамның 
қызығушылығын тудырады, сондай-ақ адресаттың санасына тиімді әсер етуге көмектеседі.
 
Қорытынды 
Коммуникацияның негізгі формасы – дискурс пен мәтін. Сөйлеу әрекетіндегі тілдік 
таңбаның қызметін тану стилистиканың жаңа бағытының қалыптасуына алып келді. 
Прагмалингвистика адамның коммуникативтік әрекетінің ауызша (дискурс) және жазбаша 
(мәтін) 
формасын 
қарастырады. 
Осылайша 
дискурс 
пен 
мәтін 
теориясы 
прагмалингвистиканың негізгі зерттеу нысанына айналды. Дискурс құрамына мәтін және 
түрлі экстралингвистикалық факторлар (сөйлеуші мен тыңдаушының қоршаған орта туралы 
білімі, өзіндік пікірі мен құндылықтар жүйесі), ақпаратты қабылдау мен оны түсіну сияқты 
маңызды элементтер енетін коммуникативті-когнитивті құбылыс ретінде танылады.
Саяси дискурс институционалды дискурстың негізгі формасы, саяси идеологияны 
жүзеге асыру құралы саналады. Саясат әлемі сырт көзге оңай көрінгенмен, оның да өз 
қиындығы бар. Оның да өз көшбасшысы, өз заңдары, электоратқа әсер етудің өз 
механизмдері бар. Соңғы жиырма жылдықта тіл мен саясаттың байланысы тілші-
филологтардың зерттеу нысанына айналып келеді. Саяси коммуникацияға назар аудару, оны 
зерттеу ісі саяси лингвистиканың қалыптасуына ықпал етті.
Қазіргі уақытта саяси дискурс прагматикалық, когнитивтік, семиотикалық аспектіден 
қаралуда. Коммуникативтік мақсатты жүзеге асыруда коммуникативтік стратегия мен 
тактикаларды пайдалану арқылы сөйлеу үдерісінде алдыңа қойған жетістіктерге қол 
жеткізуге болады. Сөйлеуші адам тыңдаушы жаққа өзінің ой-пікірін, көзқарасын түсіндіре 
отырып, өзара түсініспеушілікті, келіспеушілікті болдырмауға әрекет жасайды.
Тыңдаушы жаққа сыйластықпен қарау тілдік коммуникацияның ойдағыдай өтуінің 
негізі саналады. Тілдік жүйедегі фразеологиялық қолданыстардан саяси мәнді лексика-
фразеологиялық жүйенің ерекшелігі тұрақтылығы жүз пайыз болмауы мүмкін, саяси мәнді 
фразеологизмер уақыт өте келе өзінің тұрақтылығынан айрылуы мүмкін. Бұл жердегі 
фразеологизм дегенде тек қана идиомалық тіркес қана емес, тұрақты тіркестер, қанатты 
сөздер, мақал-мәтелдер де негізге алынады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет