Х. Досмұхамедов атындағы Атырау му хабаршысы №4 (35), 2014



Pdf көрінісі
бет8/22
Дата03.03.2017
өлшемі3,43 Mb.
#5998
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   22

 
ҚОРЫТЫНДЫ 
Қорыта айтқанда, қазақ және тарихи  романдардың  дамуы түрлі  жолдарды 
бастан    ӛткеру    мен    тығыз    байланысын  айтады. Қырғыз  елінің    шежіре  жазбаша  
деректер  мұрағаттық  айғақты  негізге  алып,  бұл  туынды  қырғыз елінің  ӛткенін  

Х.Досмұхамедов атындағы Атырау МУ Хабаршысы 
 № 4 (35), 2014 
 
59 
 
сипаттаған,  зерделеген  дүние болып қала береді. Құнды деректі  кӛркем  шығарма  
кімді  де  болса    толғандырып,    тебірентіп,    рухани  мол    азық    беретіні  бесенеден  
белгілі деп, - ой  пікір  қалдырамын.   
 
Әдебиеттер тізімі 
1 Сыдықбеков Т. Мезгіл сабақтауы. Фрунзе, 1982.-110.б. 
2 Күлтаева Ү. Қырғыз тарихы  романистикасы. Бішкек ,2006.-228.б. 
3 Темірова Б. Кӛк асаба романы кӛркем нарқы.Ӛлке, 2009.-Б.137-145. 
 
Резюме 
Данные были собраны из материалов задокументарованных в библиотеках, 
а так же в издательских  изданиях. В данной  статье  рассматриваются сходство и 
разновидность,  родственность  казахского-киргизских  романов.  Имена  авторов  
подлинные. 
 
Summary 
All  above information is  obtained  and  carefully selected  from publications, from 
the books in thelibrary the uthorsnames ave given in sull.This article covers similarity and 
variety as well as likeness of Kazakh and Kyrgyz novels. 
 
Қабылданған күні 25.12.2014 ж 
 
ӘОЖ 8  
М.Ж.Аманғалиева, Қ.Ӛ.Жҥсіп 
Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті 
Қазақстан Республикасы, 060011, Атырау қ., Студенттік даңғылы, 212 
E-mail: maka73.73@mail.ru 
 
С.БЕРДІМҦРАТОВ ШЫҒАРМАЛАРЫНДАҒЫ МАЙДАН ЖЫРЛАРЫ 
 
Аңдатпа 
Бұл  мақалада  майдангер  ақын  С.Бердімұратұлының  соғыс  тақырыбындағы 
лирикалық  шығармалары  туралы  сӛз  етіледі.  Ол  ӛз  ӛлеңдерін  елдегі  еңбегімен 
кӛрінген  елеулі  еңбек  майталмандарына    арнап,  қолына  қару  алып,  Отанын 
басқыншы  жаудан  қорғауға  қатысқан  майдангер  ретінде  сұм  соғыс  тақырыбына 
қалам  тербеген  ақын.  Мақалада  оқырман  халыққа  ел  сүйіспеншілігіне  бӛленген 
ақынның  соғыс,  майдан  даласы,  кеңес  солдаттарының  ӛшпес  ерлігі,  соғыстағы 
солдат ӛмірі, ақынның бастан кешкен оқиғалары туралы мағлұмат беріледі. 
Негізгі сӛздер: 
Ақын, поэзия, әдебиет, оқырман, шығарма, майдан.
 
 
КІРІСПЕ 
Орайлы ойы оралымды, ӛлең жырының ӛрісі кең, елдік пен ерлікті жырлаған,  
туған  жері  туралы  толғанған  Сембай  Бердімұратұлы  Атыраудың  ақиық  ақыны,  
ардақталар    ақсақалдарының  бірегейі  деуге  әбден  болады.  Сембай  Бердімұратұлы 
ӛте  жас  кезінен  әдебиетке  ерте  араласқан.  Шығармашылығының  негізгі  жанры  - 
поэзия.  Ол  ӛз  ӛлеңдерін  елдегі  еңбегімен  кӛрінген  елеулі  еңбек  майталмандарына  
арнаса, қолына қару алып, Отанын басқыншы жаудан қорғауға қатысқан майдангер 
ретінде  сұм  соғыс  тақырыбына  да  қалам  тербеген  ақын.  Кейіннен  бейбіт  заманда 
еңбекке  араласқан  қаламгер  мектептегі  шәкірттеріне  білім  бере  жүріп,  олардың 

Х.Досмұхамедов атындағы Атырау МУ Хабаршысы 
 № 4 (35), 2014 
 
60 
 
бойларына  біртұтас  Елжандылықтың,  Отансүйгіштіктің,  адамгершілік  пен  биік 
парасаттылықтың алдыңғы қатарлы идеяларын тарата жүріп, қаламын ұштай түскен 
ақын. Ӛзі дүние салса да, оның артында қалған пұл жетпес ақшуақ мұрасы қалды.  
«Әдебиет-сӛз  арқылы  сұлу  суреттелетін  ӛнер,»-  дейді  М.Горький.  «Поэзия-
ӛнердің  ең  жоғарғы  санасы,»-дейді  В.Г.Белинский.  Бұдан  туатын  қорытынды  –
поэзия  үшін  алдымен  қажет  нәрсе  сұлулық  және  кӛркемдік.  Осы  сұлулық  пен 
кӛркемдік  арқылы  терең  идеяны  беру  керек,  ӛмірді  таныту  керек,  шындықты 
кӛрсету  керек.  Сұлу  образ,  сұлу  суретті  сӛз  арқылы  берілмеген  поэзия-жансыз 
поэзия [1]. 
Қазақстанның  әрбір  ӛңірінде поэзияға ӛз  үлестерін қосқан ақындар  да бар. 
Олардың қатарына Атырау ӛңірінен Әбу Сәрсенбаевтан бастасақ, оған ілесе Сембай 
Бердімұратов,  Нұралы  Әжіғалиев,  Фариза  Оңғарсынова,  Жұмекен  Нәжімеденов, 
Ӛтеген  Оралбайұлы,  Қойшығұл  Жылқышиев  тағы  басқалары  ӛздерінің  лирикалық 
шығармаларымен қазақ лирикасына ӛз үлестерін қосқандығы белгілі.  
 
НЕГІЗГІ БӚЛІМ 
Ақын  Сембай  Бердімұратұлының  ӛмірі-ӛзінің  жырында.  Ақын  жиырма  бір 
жасқа толғанда бәрімізге белгілі бүкіл дүние жүзін тітіркенткен, бүтін әлемге Екінші 
дүниежүзілік соғыс деген зұлмат атпен белгілі болған Ұлы Отан соғысына аттанды. 
Бұл туралы ақынның ӛмір  деректерінде анық жазылған. Ол Сталинград маңындағы 
майданға  қатысып,  Смоленск  бағытына  дейін  барған.  Жүріп  ӛткен  жолдарының 
бәрінде бораған оқтың астында, ыстық пен суықты, аштық пен жалаңаштықты кӛріп 
жүрсе  де,  сол  кездегі  майдангерлердің  алдында  қойған  мақсаттары  бір,  ол-  неміс-
фашист басқыншыларына қарсы күресу және туған елді олардың қанды шеңгелінен 
арашалау болды.  
С.Бердімұратұлының  майдандық  жырлары  бір  шоғыр.  Ақын  жинақтарын 
саралап, салмақтап оқып отырғаныңызда майдан бейнесі мен соғысты бейнеленетін 
ӛлеңдерінен  сонау  жылдардың  дүмпуін  жақсы  сезінеміз.  Мұндай  ӛлеңдерінің 
барынша жинақталған тобын ақынның «Туған жер тынысы» жинағынан кездестірдік 
[4,145 б.].  
Осы  кітаптың  «Майдан  дәптерінен»  деген  тарауында  «Шинель  туралы», 
«Алыс  жер  бар  ма  солдатқа»,  «Деген  шындық  ұйқы  тәтті  астан  да»,  «Неше  неміс 
ӛлтірдің  деп  сұрама»,  «Жолымды  жорымаймын  жаманатқа»,  «Жұбату»,  «Анама 
хат»,  «Қыршын  кеткен  қыз»,  «Жалындым  ұшқан  құстарға»,  «Кек  алу  кезегі», 
«Жеңіс», «Елге қайтып келеміз», «Үміт», «Санбаттағы ӛзбек қызына», «Жаутаңдап 
қарақат  кӛз  кӛп  қарады»,  «Әлі  іздеймін»,  «Ата  сыры»,  «Соғыс  экраны  алдында», 
«Ұмытылмас ұлысың», «Үйретті отты жылдар шежіресі», «Жүректер әлі сыздайды», 
«Мәңгі  алау»,  «Сарғая  күту»,  «Жеңіске  жеттік»,  «Елге  келгенде»,«Сыр  шертеді 
беттерің»,  «Талай  жанды  ӛмірге  ӛкпелі  еттің»  атты  ӛлеңдері  енген.    Ақынның  бұл 
ӛлеңдерінің  ӛзін  екі  бӛлімге  бӛліп  қарастыруға  болады:  біріншісі  -  майданда  туған 
жырлар, екіншісі - ауылда майдан зардабын еске алу жырлары. Ақын бұл жырларын 
«Туған  жер  тынысы»  атты  ӛлеңдер  жинағының  «Жүректер  әлі  сыздайды»  деген 
бӛлімінде жариялаған.  
Қазақ  әдебиетінің  кӛрнекті  ақын-жазушылары  майданның  бел  ортасында 
болып,  қан  кешіп  жүрсе  де  қолдарынан  қаламдары  түспеді.  Кӛз  алдында  болып 
жатқан  қан-қасап  жойқын  сурет  ақындардың  жүрегін  жаралағандықтан  олардың 
талай  шығармалары  майдан  даласында  туғандарын  оқырмандар  жақсы  біледі.  Әбу 
Сәрсенбаев,  Қасым  Аманжолов,  Хамит  Ерғалиев,  Жұмағали  Саин,  Қалмахан 

Х.Досмұхамедов атындағы Атырау МУ Хабаршысы 
 № 4 (35), 2014 
 
61 
 
Әбдіқадыров,  Мұзафар  Әлімбаев,  Сырбай  Мәуленов,  Жұбан  Молдағалиев,  Тоқаш 
Бердияров  және  басқалары  ӛздерінің  ӛшпес  ӛлеңдерін  тудырды.  Біз  Сембай 
Бердімұратұлын  да  солардың  қатарында  санаймыз.  Бір  айырмашылығы  Сембайдың 
майданнан  бұрын  шығармалары  халыққа  белгілі  бола  қойған  жоқ.  Тек  ӛзінің 
қатарлас жерлесі Далабай Жадықбаев қана белгілі бола бастаған еді.  
Қазақ ақындарының майданда туған және майдан тақырыбындағы жырлары 
Ұлы  Отан  соғысының  бейнесін  кӛз  алдымызға  елестететін  шығармалар  ретінде 
әдеби энциклопедиялық дәрежеге ие болған болғандықтан ешқашан ұмытылмайды. 
Қасым:  
Үстімде сұр шинелім 
Ақсаңдай басып келемін. 
Қағып-соғып жығар ма 
Оңайлықпен мені ӛлім?! 
Әбу: 
Сен құрметте оны, 
Түсіндің бе қарағым. 
Ол ақшаға сатқан жоқ 
Тізеден кесіп аяғын. 
Хамит: 
Ұмытпан фашизмнің мені атқанын, 
Жендетке бала ӛлігін санатқанын. 
Мектепке біз оқыған мал қамады, 
Ӛлді ана, құлағымда оны атқан үн
 [4, 87б.]. 
Майдан  тақырыбындағы  бұл  жырлар  ешқашан  ұмытылмайды.  Қазақ 
әдебиетінде  майдан  жырлары  қомақты  орын  алатыны  және  ақындардың  нағыз 
жарқыраған шындықтан туған жырлары әсіресе осы кездерде жазылып, поэзия үшін 
бір үлкен белес болғанын айтамыз.  
Сембай  Бердімұратұлы  ӛз  шығармаларын  қойын  дәптерінде  ұзақ  сақтаған 
адам.  Әрине,  жергілікті  баспасӛз  беттерінде  Атырау  облыстық  «Атырау»  (бұрынғы 
«Социалистік  құрылыс»,  «Коммунистік  еңбек»),  ӛз  туған  жері  Махамбет  аудандық 
«Малды  ӛңір»  газеттерінің  беттерінде,  ара-тұра  республикалық  газет-журналдарда 
ӛлеңдері  жарық  кӛріп  тұрды.  Ақынның  идеялық  үлкен  терең  мәнмен  жазылған 
«Алыс  жер  бар  ма  солдатқа»  атты  лирикалық  туындысы.  Бұл  ӛлеңге  солдаттың 
соғыс кезіндегі атқарған ерлік істерін жинақтап кӛрсеткен туынды  деп баға беруге 
болады.  
Туған жер үшін, халық үшін, 
Жанды ортаға салмаққа. 
Отанға берген ант үшін  
Алыс жер бар ма солдатқа 
[2,184б.]. 
Ӛлеңдегі  «талай  шептен  ӛтеді»,  «жер  бауырлап  жетеді»,  «түтеген  оқтың 
ӛзінде,  салып  жүріп  жанды  отқа»,  «таусылып  тағдыр  ӛмірі,  жолдасың  ұшса  сонда 
оққа,  сол  жерде  қалар  қабірі»,  «талай  жандар  соғыстан,  қара  басы  қалмап  па?» 
деген тіркестер жаныңды жұлқып-жұлқып жұлымын шығарардай әсер береді. 
 
Еділден мынау-Одерге, 
Тіке бір жолды таңдап па? 
Шайқасып жеткен сол жерге 
Алыс жер бар ма солдатқа!
 [2,184б.]. 
  

Х.Досмұхамедов атындағы Атырау МУ Хабаршысы 
 № 4 (35), 2014 
 
62 
 
«Майдан  дәптерінен»  деп  аталатын  топтамасынан  Сембайдың  «Шинель 
туралы» атты сәтті шыққан ӛлеңін түгел келтіруді жӛн кӛрдік.  
Жорықтың жүрміз кешіп жолын қашық,  
Мая жүн сұр шинельді мойынға асып. 
Бірі-жастық, шинельдің бірі-кӛрпе,  
Екі солдат жатқанда қойындасып.  
Осылайша табысып достығымыз,  
Ӛтіп жатыр осылай жастығымыз. 
Бойындағы солдаттың қасиетін- 
Шинелінен болжайды бастығымыз
 [3, 48б.]. 
Майданда  жүрген  ақынның  құрбылары  ӛлең  жазуды  сұраған  екен.  Сол 
тілекті осы ӛлең арқылы орындаған.   
Ақынның  «Жолымды  жорымаймын  жаманатқа»,  «Анама  хат»  атты 
ӛлеңдерінде елін сүйген жарқын жастың кескілескен майданнан аман-есен жеңіспен 
оралатынына  сенімі  зор  екендігі  ӛлең  жолдарында  ӛріліп,  оптимизм  идеясын  паш 
ететіндігін кӛреміз. 
Тапсырдым, анамды елге аманатқа, 
Алыс жол сӛз болып па азаматқа!  
Жеңіспен Ақ Жайыққа оралармыз,  
Жолымды жорымаймын жаманатқа!
 [3,148б.]. 
 
ҚОРЫТЫНДЫ 
Сонымен,  біз  ақын  Сембай  Бердімұратұлын  майдангер  ретінде,  ӛз  кӛзімен 
кӛргендерін  дүйімге  тарту  еткен  жырларын  сӛз  еттік.  Соғыс  ардагерінің 
жырларындағы  бұдан  70  жыл  бұрын  болған  жойқын  соғыстың  суреттері  кейінгі 
ұрпаққа үлкен мұра болып жетіп отыр. 
 
 
Әдебиеттер тізімі 
1 Қабдолов З. Сӛз ӛнері, Т.2, Алматы, Санат, 2003.- 316 б. 
2  Бердімұратов  С.  Туған  жер  тынысы.  ӛлеңдер  жинағы.-Алматы,  Ӛлке.1996.-Б.184-
185. 
3 Бердімұратов С.Тіршілік тынысы. Естеліктер. Ақтӛбе, А-полиграфия,2004.-Б.64-66. 
4 АбдрахмановаТ. Қасым Аманжоловтың поэтикасы.-Алматы, Ғылым, 1976.- 46б. 
 
Резюме 
В  данной  статье  говорится  о  лирических  произведениях  фронтовика  поэта 
С.Бердимуратова. Поэт с оружием в руках, защищавший свою Родину от оккупантов, 
посвещает свои стихи  достойным, неутомимым труженикам своей земли, пишет на 
военную  тему.  В  статье  приводятся  сведения  о  войне,  о  бессмертных  подвигах 
советских  воинов,  о  солдатской  жизни  на  войне,  о  событиях,  свидетелем  которых 
был поэт. 
Summary 
This article considers the lyric poetry devoted to the World War II of the front-
line soldier and poet S.Berdimuratuly. His poems are about the working people and war 
veterans  who  devoted  their  life  to  the  battle  during  the  World  War  II.  This  article 
describes the feat of poet and Soviet soldiers, soldiers‘ military life, poet‘s adventures at 
wartime. 
Қабылданған күні 25.12.2014 ж 

Х.Досмұхамедов атындағы Атырау МУ Хабаршысы 
 № 4 (35), 2014 
 
63 
 
ӘОЖ 82-1 
Н.А. Атаханова 
Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті 
Қазақстан Республикасы, 060011, Атырау қ., Студенттік даңғылы, 212 
E-mail:rassi68@mail.ru 
 
Т.АЙБЕРГЕНОВ ПОЭЗИЯСЫНДАҒЫ ҦЛТТЫҚ ТАНЫМ 
 
Аңдатпа 
Бұл  мақалада  кӛрнекті  ақын  Т.  Айбергеновтің  «Космонавт  монологы» 
поэмасында  космонавт  бейнесін  жасай  отырып,ұлттық  мінезді  кейіпкер  бойына 
енгізу арқылы оған қазақы қасиеттер дарыта бейнелегені айтылады. 
Негізгі сӛздер:
ұлттық мінез, лирикалық кейіпкер, поэма жанры. 
 
КІРІСПЕ 
Талантты ақын - ұлттың болмысы. Оның жырлары да туған халқының ӛзіндік 
ӛмір  нақышымен,  қаны  бойында  ойнаған  табиғи  қасиетімен  қосыла  ӛріліп  жатады. 
Оның жырлары қай тілде сӛйлесе де ұлттық бояумен үндеседі. Қазақтың талантты 
ақындарының жырларынан даланың кеңдігі, сәбидің пәктігі, ұлт бойындағы даналық 
пен даралық есіп жататындығы да сондықтан. Сондай ақынның бірі де, бірегейі де – 
Тӛлеген  Айбергенов.  Жиырмасыншы  ғасырдың  алпысыншы  жылдары  қазақ 
поэзиясында жемісті еңбек еткен қарымды қаламгерлер қатарында кӛрінген Тӛлеген 
Айбергенов  қазақ  поэзиясын  ӛзіндік  сыршыл  лирикаларымен  айрықша 
толықтырылып, байытқан, артына ерекше сазды мұра қалдырған дарынды ақын еді. 
Қазақ  ақынға  кенде  емес.  Жылқыда  да  жылқы  бар,  қазанаты  бір  бӛлек. 
Сыры  да,  жыры  да,  тіпті  қысқа,  бірақ  мағыналы  ғұмыры  сағыныштан  құралған 
Тӛлеген  Айбергеновтің  осындай  ғаламат  ақындардың  санатында  екендігінде  күмән 
болмақ емес. 
Кӛркем  әдебиеттегі  ұлттық  сипат  –  шығарма  авторы  дүниетанымының 
кӛрсеткіші деп толық айта аламыз. Ақындық поэзиядағы шығармалардың лирикалық 
және  эпикалық  жанрларында  авторларының  халық  даналығынан  тағылым  ала 
жинақтап,  түйіндеп  толғаған  жырлары  дүниетанымның  болмысын  танытады. 
Дәстүрлі ақындық поэзияның кейінгі кәсіби жазба әдебиет дамуына ұласқаны – осы 
ерекшелігі.  Кӛркем  әдебиет  шығармаларындағы  автор  дүниетанымының  ата 
бабалық 
кӛзқарастардан 
сабақтаса 
жалғасқан 
болмысы 
оқырмандарды, 
тыңдаушыларды тәрбиелейтіні ақиқат.  
Қазақ сӛз ӛнері мұраларындағы үздіксіз жалғасқан осындай кӛркемдік үрдіс 
табиғатын түсіну үшін академик З.Ахметовтің «Дүниетаным және кӛркем шығарма» 
атты  мақаласындағы  пікірді  бағдарымызға  аламыз:  «Асылында,  жазушының 
дүниетанымы  мен  творчествосы  ӛте  тығыз  байланысты  болады.  Оның  саяси, 
философиялық,  эстетикалық  кӛзқарасы,  дүниетанымы,  әдеби  творчествоға  негіз, 
тірек  болады.  Ал  әдеби  шығармаларынан  ӛмірлік  позициясы,  мақсат-мұраттары, 
эстетикалық  идеалы  айқын  танылады»  [1].  Демек,  ақындық  поэзияның  ұлттық 
сипаты аясында халықтың ғасырлар бойы қалыптасқан дәстүрлері, әдет-ғұрыптары 
толық қамтыла жырланады.  
Т.Айбергеновтің  поэзиялық  туындылары  –  халыққа  сонау  алғашқы  жарық 
кӛрген кезінен бастап, жаңа бастаулар, тың ӛзгерістер, оқшау бұрылыстар, ӛзгеше 
жаңалықтар  әкелген,  қазақ  әдебиетінің  тарихында  ӛзіндік  орны  бар  дүниелер. 
Зергер  жазушы,  белгілі  әдебиет  сыншысы  Әбіш  Кекілбаев  сӛзімен  айтқанда 

Х.Досмұхамедов атындағы Атырау МУ Хабаршысы 
 № 4 (35), 2014 
 
64 
 
«Тӛлеген  –  сӛз жоқ талант.  Дара талант,  сара талант» [2]. Ақын шығармашылығы 
әсіресе  соңғы  кезде,  яғни  еліміз  егемендікке  жеткеннен  бергі  халықтың  жаңарған, 
ӛскен  талап  тілегіне  сай  кӛркемдігі  биік,  рухани  серпіліске  жетелейтін 
шығармалардың  қажеттілігі  арта  түскен  қазіргі  дәуірді  елге  ерекше  қызмет  етіп, 
ӛзінің мәңгіге мәнін жоймас рухани азық екен Әдебиеттегі ұлттық мінез әлеуметтік 
психологияның  емес,  әдебиеттанудың  нысанында  зерттелетін  категория 
болғандықтан, ол әдеби жанрмен: оның эпикалық, драмалық, лирикалық түрлерімен 
тығыз байланысты, әдеби бейнелер неғұрлым кӛркем жасалса, оның ұлттық сипаты 
мен  мінезі  соғұрлым  анық  әрі  айқын  білінбек,  кӛрінбек.  Әдебиетшілердің  типтік 
образ  ұғымын  ұлттық  мінез  категориясымен  бірлікте  қарастыруының  мәнісі  осында 
жатыр. Ал, дала, қазақтың кең даласы ұлттық мінездің бірінші бастауы, қайнар кӛзі 
болса,  қазақ  ӛлеңіндегі  даланың  жырлануы,  оның  халық  тарихымен  байланысты 
бейнеленуі дегенде де Т.Айбергенов шығармашылығы оқшаулана түседі.  
 
НЕГІЗГІ БӚЛІМ 
Талантты  ақын  Тӛлеген  Айбергенов  те  әдебиеттің  сапалық  деңгейін 
бұрынғыдан  да  жоғары  кӛтеру  үшін  қалтқысыз  қызмет  етіп,  поэзия  әлемінде  тер 
тӛкті. Тӛлегеннің шығармашылық мұрасының кӛпшілігін лирика алып жатса да, оның 
эпикалық  жанрда  ӛзін  сынап  кӛрген  «Космонавт  монологы»  атты  бір  ғана 
поэмасының ӛзі арнайы сӛз етуге тұрарлық жаңалығы мол туынды. 
Т.Айбергеновтің шығармашылық лабораториясына  үңіле қарап, оның поэма 
жанрында 
қалам 
тербеуінің 
сыр-сипатын 
зерделегенімізде 
«Космонавт 
монологының»  ұзақ  уақыт  бойы  ақын  ойында  пісіп-жетіліп,  біраз  ізденіс 
тәжірибелерден соң барып, жазылғандығын байқадық. 
Поэманың  жазылу  стихиясының  бұлай  болуының  да  ӛзіндік  себептері  жоқ 
емес.  Ӛйткені  поэмаға  ӛзек  болған  оқиға  сол  кезде  ең  кӛп  жырланып,  ең  кӛп 
шиырланған  тарихи  оқиға  еді.  Поэмаға  тақырып  болған  оқиға  космонавтика,  яғни 
адамның жердің тартылыс күшін жеңіп, космосты ғарышты игеруге алғаш рет батыл 
қадам  қоюы.  Бүкіл  әлемдік  маңызы  бар  бұл  тарихи  оқиға  басқа  әдебиетті  былай 
қойғанда  қазақ  әдебиетінің  ӛзінде  қаншама  жырланды  десеңізші.  Ұсақ  ӛлең 
жырларды айтпағанның ӛзінде бұл тақырыпқа О.Сүлейменовтің «Адамға табын, жер 
енді»  атты  әйгілі  поэмасы,  Ӛ.Қожамұратовтың  «Космонавт  толғауы»  жазылды. 
Космосты,  оны  игерудің  адамзат  тарихында  аса  маңызды  оқиға  екендігін  оның 
болашақ  үшін  де  құнын  жоймайтындығын  асқақ  пафоспен  әр  қырынан  жырлаған 
О.Сүлейменовтің «Адамға табын, жер ендісінен» кейін ӛнімді шығара жазуды былай 
қойғанда, ӛлең жазудың ӛзі қиындап кететіндігі белгілі. 
Т.Айбергенов  поэмасының  әр  бӛлімінде  айтылған  ойларды  қысқаша  жіктеп 
айтар  болсақ,  «Ұшарда»  бӛлімінде  лирикалық  кейіпкердің  космонавттың  ұшар 
алдындағы  толғанысы,  туып-ӛскен  ана  жерден  ұзап  бара  жатқандығы  кӛңіл-күйі 
суреттеліп,  ғаламның  кең  құшағына  қарай  самғап,  тұңғыш  рет  жердің  тартылыс 
күшін  жеңіп,  кӛкке  кӛтеріліп  бара  жатса  да,  тӛменде  қалып  бара  жатқан  жердегі 
асқар  шыңды  таулар  мен  ырғатылып  жатқан  баулар,  кӛлбеңдеген  ӛзендерге 
қимастық сезіммен кӛз тіккен сезімі бейнеленеді. 
Т.Айбергеновтің «Космонавт монологы» атты поэмасы алғаш рет  «Жұлдыз» 
журналында жарияланды. 
Т.Айбергеновтің  «Космонавт  монологы»  туралы  алғаш  пікір  айтушы 
С.Мәуленов:  «Тӛлеген  қай  тақырыпқа  қалам  тербесе  де  терең  ойланып,  қанына 
сіңіріп, бойына дарытып айтады. Ол әрбір ӛлеңді барлық жанын сала адал жүрегінен 

Х.Досмұхамедов атындағы Атырау МУ Хабаршысы 
 № 4 (35), 2014 
 
65 
 
ақтарыла  жан  отын  лапылдата  жазады.  Оның  қай  ӛлеңінде  болса  да  салқындық, 
селқостық  кездеспейді.  Ӛлеңнің  әрбір  жолынан  біз  жалындап,  дауылдап  жатқан 
азамат  ақынды  кӛреміз.  «Космонавт  монологы»  дегенде  ақын  ӛзінің  жерге  деген 
махаббатын тӛгілте жырлап келіп, аспанға кӛтерілген космонавттарды суреттегенде, 
жаңағы  лирикалық  дауысын  бәсеңдетпей,  үлкен  саяси  пафосқа  кӛтереді.  Ал  осы 
ӛлеңде  ақынның  ойынан  ӛріліп  шыққан  тұтастық  бар.  Философиялық  тереңдік 
бар»[3]. 
Мен жермін бармағы бал, бауыры қан
Қасірет сорғалаған сауырынан 
Сан рет шӛгіп қайта тергеледім, 
Уақыттың аласапыран дауылынан
 [4]. 
Ақын осы сияқты шумақтармен, мен жермін деп қайта-қайта рефрен жасай 
отырып, жердің бүкіл басынан кешкен тарихын аз сӛзге сыйдырып, оқушылар ойына 
ӛшпестей  етіп  тастап  кетеді.  Бүкіл  жер  сӛйлеп  тұрғандай,  құлағыңа  бір  құдіреттің 
әлемді  теңселтердей  даусы  келгендей  тұла  бойың  тітіркенеді.  Ӛзінің  ең  саналы 
перзенті адамға ылғи да жақсылық жасап, алайда оның еш рахатын кӛрмеген жер 
ананың  зары  сананы  сілкіп,  бір  сәт  кӛзіміздің  алдындағы  кӛк  тұман  тарай 
бастағанын сеземіз. 
Мен жермін тіршілікке пана  болған. 
Арқамда ауыр жүктен жара қалған. 
Тірнектеп жинағанымды ашкӛздікпен 
Қанқұмар талай ғасыр тонап алған
 [5]. 
Иә,  жер  бетінде  талай  қантӛгіс  соғыстар  лаулап  барып  ӛшкен.  Талай  адам 
қолы  жасаған  игілікке  арнаған  ӛркениет  туындыларын  жоқ  қылды.  Мұның  бәрі 
әрине ӛшпейтін дақтар қалдырды. 
Теңім жоқ тіршілікті сүйгенде мен, 
Әлі сол күмбірлеген күймен келем, 
Ұрпағым апаттардың қасірет қаупін 
Неге бай тарихымнан үйренбеген
 [6]. 
Адам саналы бола тұра орынсыз істерінің ӛзіне қасірет болып ораларын білсе 
де  қайғы-мұңға  бастайтын  қастерлі  істерді  ӛздері  жалғастыруда.  Жер-АнаКүйзеле 
айтып тұрғаны солар. 
Сынса да талай мәрте тӛздім сағым, 
Кӛрсем де кей ұлымның озбыр шағын, 
Япыр-ау қашанғы мен күіп ӛтем, 
Ӛзімнің дұшпан болып ӛз құрсағым
 [6,70б.]. 
Адам  біткеннің  барлығы  жердің  туған  перзенті.  Сондықтан  да  оған  бәрі 
бірдей. 
Шығарманың,  «Космонавт  монологының»  құдіреттілігінң  бір  сыры  осы 
философиялық  тереңдігінде  жатыр.  Сонымен  философиялық  терең  мәнді 
шумақтарда  не  деген  сезімдер  арпалысы,  ойлар  қақтығысы,  яғги,  драмалық 
кернеулер жатыр. 
Т.Айбергенов поэмасындағы лирикалық кейіпкер образының жасалуы жайлы 
айтар  болсақ,  ол  ӛте  шебер  де  ұмтылмастай  болып  жасалған  деп  сеніммен  айтуға 
болады.  Ӛйткені  автор  ӛз  кейіпкерінің  бейнесін  жасарда  оның  айтар  ой-пікірлерін, 
яғни, айтуға тиіс деген сӛздерінің бәрін ӛзінің ой елегінен ӛткеріп, қатал қараған, әрі 
тек  космонавтқа  лайықтап  оны  кез  келген  адамдай  сӛйлете  бермеген.  Сондықтан 
космонавтың ақынша тебіренуі де, ойшылдарша толғануы да, Т.Айбергеновтің сәтті 

Х.Досмұхамедов атындағы Атырау МУ Хабаршысы 
 № 4 (35), 2014 
 
66 
 
ізденісінен  дерек  береді.  «Тӛлеген  нәзік  жанды  лирик,  философ  тұлғаға  айналды. 
Сезім  серпілісінің  үзеңгісін  қаға  отырып,  ой  толғап,  ақыл  қорытады»[7].  Ақынның 
батылдығы  кӛп  нәрсені  шешіп  кеткен.  Ол  лирикалық  кейіпкер  бейнесін  космонавт 
және  ақын  образының  қосындысынан  жасаған.  Әйтсе  де  космонавт  және  ақынның 
бойындағы  бар  қасиетті  бір  адамның  бойына  жинақтап,  сол  арқылы  лирикалық 
кейіпкер  жасау  үшін  де  күшті  талант  тегеуріні  керек.  Құр  жинақты  образ  жасауға 
деген  талпыныстың  нәтижесі  сәтті  бола  беруі  екіталай.  Бірақ  Т.Айбергенов  осы 
қиындықты жеңе отырып, сол арқылы ӛз поэмасында шеберлік пен әсерлі комонавт 
бейнесінің шынайы да, нанымды, бітімі ӛзгеше, бұл жанрда үлгі боларлықтай образ 
тудырды.  
Т.Айбергенов  те  космонавт  бейнесін  жасап  қана  қоймай,  оған  қазақы 
қасиеттер  дарыта  білген.  Бір  сәт  поэмадағы  космонавтың  монологтарынан  үзінді 
келтірейік: 
Жер ана, жылай кӛрме, ардағым ең
Мен әуре құштарлықтың толғамымен. 
Ақ тілек, адал ниет сапарына, 
Кӛз-жасты алып ұшудан қорқамын мен.
 [6,70 б.]. 
Немесе: 
Дайынмын жұмсаса да қайда дәйім, 
Қалайша бұрқ та сарқ қайнамаймын. 
Қош боп тұр сырбаз ағам, сырлас інім, 
Қарлығаш қас қарындас, айналайын.
 [6,70 б.]. 
Әрине, Тӛлегеннің мұнысын кейіпкерлерінің бойына ұлттық болмысты сіңіру 
деп  ұғуға  әбден  болады.  Ӛйткені  қазақ  ұғымында  сапарға  шығып  бара  жатқан 
адамның ізінен жылап қалу жамандықты шақыру деп есептелінетін болған. Бұл бір 
есептен  осы  дәстүр  салттың  кейіпкер  бойына  кейбір  белгілерін  енгізу  арқылы 
ақынның қазақы бейне жасауға деген талпынысының кӛрінісі болса, екінші жағынан, 
оның халықтың батырлық жырларын кӛп оқып, содан үйренгендігін кӛрсетеді. 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   22




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет