Х. Досмұхамедов атындағы Атырау му хабаршысы №4 (35), 2014



Pdf көрінісі
бет7/22
Дата03.03.2017
өлшемі3,43 Mb.
#5998
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   22

 
ҚОРЫТЫНДЫ 
Қазақ  ер-азаматының    кӛңіл-күйі,  сезім  әлемі,  ішкі  дүниесінің 
сыршылдығымен қатар, шытырманға толы, аса күрделі. Ерлер әйелдерге қарағанда 
анағұрлым  сезімге  жұтаң  келетіндігі  белгілі.  Әйелдерде  бейвербалды  белгілерді 
олардың  ұсақ-түйегіне  дейін  бірден  байқап,  тез  арада  айтылмақ  ой  мен  емеурін, 
ишараны шешетін туа бітті қабілеті болса, ерлерде бұл кенжелеу дамыған. 
Жоғарыда  кӛркем  мәтіннен  алынған  мысалдардағы  бейвербалды  амалдар, 
кинемалық  бірліктер  тек 
«қазақ  ер-азаматы»
  концептіне  ғана  қатысты  болып  қана 
қоймай,  қазақ    мәдениетіне  тән  әдет-ғұрып,  салт-дәстүр,  ӛмір  сүру  үрдісі,  рухани-
мәдени құндылықтар жӛнінде де мол ақпарат алуға мүмкіндік береді. 
 
Әдебиеттер тізімі 
1 Момынова Б., Бейсембаева С. Қазақ тіліндегі ым мен ишараттың қазақша-орысша 
түсіндірме сӛздігі.  – Алматы,Қазақ университеті,  2003. – 136 б. 
2  Земская  Е.А.,  Китайгородская  М.А.  Особенности  мужской  и  женской  речи  // 
Русский язык в его   функционировании. – М.:  Наука, 1993. – с. 90-136. 
3 Пиз А. Как заставить мужчину слушать, а женщину молчать.– М.: ЭКСМО, 2008. – 
352 c. 
 
Резюме 
В  данной  статье  проанализированно  невербальных  типов  концепта 
"казахской  мужчины".  Для  того,  чтобы    определить  невербальные  типы  данного 
концепта  приводится  примеры  из  произведении  казахских  писателей.Приведенные 
примеры  позволяет получить более подробную информацию о казахской культуре, 
обычаи и традиции. 
 
Summary 
In this article is to analyze the types of non-verbal concept "Kazakh men". 
In order to determine the types of nonverbal this concept gives an example of the work 
of Kazakh writers. These examples can provide more detailed information about Kazakh 
culture, customs and traditions. 
 
Қабылданған күні 25.12.2014 ж 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Х.Досмұхамедов атындағы Атырау МУ Хабаршысы 
 № 4 (35), 2014 
 
53 
 
ӘОЖ 340.15 
Х. Табылдиев, Н. Қайырғалиева 
Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті 
Қазақстан Республикасы, 060011, Атырау қ., Студенттік даңғылы, 212 
e-mail: 
G.kairgaliyeva@mail.ru
 
 
АКАДЕМИК САЛЫҚ ЗИМАНОВТЫҢ ҚАЗАҚ ДАСТҤРЛІ ҚОҒАМЫНЫҢ 
ЗЕРТТЕЛУІНДЕГІ РӚЛІ 
 
Аңдатпа 
Мақалада  танымал  ғалым  Салық  Зимановтың  қазақ  тарихының  зертелуіне 
қосқан үлесі, оның негізгі зерттеу бағыттары жайында баяндалады.  
Негізгі сӛздер: 
Салық Зиманов, қазақ тарихы, қазақ мемлекеттілігі, билер соты.
 
 
Академик  Салық  Зиманов  қазақ  тарихына  қатысты  кӛптеген  еңбектердің 
авторы ретінде қазақ мемлекеттілігі мәселесінің зерттелуіне зор үлес қосты.  Салық 
Зиманұлы  еліміздегі  жоғарғы  заң  білімінің  және  құқықтық  ғылымының  патриархы 
аталған заманының айрықша тұлғаларының бірі болды.  
Ӛнегелі бар ғұмырын Қазақстанның саяси және құқықтық тарихын зерттеуге 
арнаған  ғалым  Бүкілодақтық  заң  институтын  1948  жылы  сырттай  бітіргеннен  кейін 
ӛзінің  қызметін  Ұлттық  Ғылым  академиясымен  байланыстырды.  1950  жылы  «Бӛкей 
хандығы  және  оның  саяси-құқықтық  құрылысы»  тақырыбындағы  кандидаттық 
зерттеу жұмысын қорғап, ғылым кандидаты атанды. Ал 1961 жылы «ХVІІІ ғасырдың 
аяғы  мен  ХІХ  ғасырдың  бірінші  жартысындағы  Қазақстанның  қоғамдық-саяси 
құрылысы» тақырыбында докторлық диссертациясын қорғайды.  
1948-1952  жылдары  Қазақстан  Ғылым  академиясының  Философия  және 
құқық институтында аға ғылыми қызметкер, сектор меңгерушісі, 1952-1954 жылдары 
Алматы  мемлекеттік  заң  институтының  директоры,  ал  1955  жылдан  Қазақ 
мемлекеттік университетінің заң факультеті деканы қызмететрін атқарды. Қазақ ССР 
Ғылым  академиясының  Философия  және  құқық  институтының  директоры 
лауазымында  болып,  кӛптеген  ғылыми  еңбектердің  жарияланыуына  басшылық 
жасады.  Еліміз  тәуелсіздік  алған  жылдары  қоғамдық-саяси  қызметтер  атқарып, 
отандық заң шығару саласының дамуына үлес қосты. 
Тәуелсіз  Қазақстанның  Конституциялық  құқығының  қалыптасуында, 
егемендік  тұсындағы  алғашқы  заңдардың  дайындалып,  қабылдануындағы  
ғалымның  еңбегі  ұшан-теңіз.  1990  жылы  С.Зиманов  республика  Жоғарғы  Кеңесінің 
депутаты  ретінде  Парламенттегі  комитетінің  тӛрағасы  болып  сайланды.  Қазақ  ССР 
мемлекеттік егемендігі туралы Декларацияның жобасын дайындау комиссиясын бас-
қарып, тікедей қатысуымен аса маңызды саяси құжат болып табылатын «Қазақстан 
Республикасы  мемлекеттік  Тәуелсіздігі  туралы»  Конституциялық  заң  дайындалды. 
Сонымен  қатар  еліміздің  жаңа  Конституциясының  жобасын  дайындауда  арнайы 
сарапшылар тобын басқарды. 
1948 жылдан бастап ӛмірінің негізгі қызметін Ұлттық Ғылым академиясымен 
байланыстырған  ғалым  ӛзінің  зерттеу  нысаны  ретінде  Бӛкей  Ордасының  тарихы 
және  оның  саяси-құқықтық  құрылысын  алған  болатын.  Жоғарыда  атап  ӛткендей 
«Бӛкей  хандығы  және  оның  саяси-құқықтық  құрылысы»  аталған  кандидаттық 
диссертациясынан соң  1961 жылы «ХVІІІ  ғасырдың аяғы мен ХІХ ғасырдың бірінші 
жартысындағы  Қазақстанның  қоғамдық-саяси  құрылысы»  деген  тақырыптағы 

Х.Досмұхамедов атындағы Атырау МУ Хабаршысы 
 № 4 (35), 2014 
 
54 
 
докторлық диссертациясы да еліміздің тарихын зерттеу ісіндегі үлкен бастама, тың 
зерттеулер болды.  
Осы  екі  үлкен  ғылыми  зерттеулері  С.Зимановтың  қазақ  тарихына  қатысты 
іргелі еңбек болған еді. 1960 жылғы «Политический строй Казахстана конца XVIII и 
первой половины XIX веков» және 1982 жылы жарық кӛрген «Россия и Букеевское 
ханство»  аталған  екі  іргелі  еңбегі  күні  бүгінге  дейін  қазақ  тарихындағы  аталған 
кезеңдердегі  саяси,  әлеуметтік,  экономикалық  даму  үдерісіне  талдау  жасалған 
маңызды зерттеу болып табылады. Бірінші еңбектен ғалымның XVIII ғасырдың соңы 
-  ХІХ  ғасырдың  басындағы  Қазақстандағы  билік  пен  басқару  ісіндегі  ерекшеліктер, 
хандық билік, хан құқығы, хан кеңесі жайындағы пікірлері қызығушылық тудырады.  
С.Зимановтың «қазақ хандығының мемлекеттік құрылымы әлсіз зерттелген» 
пікірі  әлі  де  ӛзектілігін  жоған  жоқ  [1,  80].  Бұл  әсіресе,  2015  жылы  қазақ 
мемлекеттілігінің  550  жылдығын  атап  ӛту  барысында  ӛзінің  ӛзектілігін  арттыра 
түседі.  Қазақ  қоғамындағы  хан  билігінің  ұйымдастырылуы  жайында  хан  билігіне 
жүктелетін  мынадай  міндетткерліктерді  бӛліп  кӛрстеді:  хан  және  басқа  да 
билеушілер  пайдасы  үшін  тұрғындардан  салықтың  және  басқа  да  алымдардың 
жиналуын қамтамасыз ету; ресми ішкі және сыртқы саясатты жүзеге асыру; тәртіпті 
қамтамасыз  ету;  кӛршілердің  территориясын  алу  үшін  соғыстар  жүргізу  және  ӛз 
шекараларын  қорғау  [1,  80-81  б.].  Бұл  жерде  еңбектің  кеңес  билігі  тұсында 
жазылуына  орай  үстем  болған  бірқатар  иедологиялық  бағыттар  айқын  байқалады. 
Атап айтқанда, алым-салықтар мәселесінде «салықты хандар халықтан ӛз пайдасы 
үшін жинады», немесе ішкі және сыртқы саясатта негізінен «феодалдық топтардың 
мүддесі  кӛзделді»  деген  пікірлерді  анық  кӛреміз.  Енді  осы  міндеттерді  орындау 
тӛмендегі  мәселелер  маңызды  орын  алғандығын  айтады:  біріншіден,  қоғамнан 
арнайы  еректенген  және  басқару  ісінде  маманданған  адамдардың  ерекше  тобы 
(сұлтандар,  билер,  старшындар);  биліктің  материалдық  қорлары  (аппарат,  әскери 
жасақтар,  ӛз  жауынгерлері  бар  батырлар);  экономикалық  санкциялар  [1,81  б.]. 
Қазақ қоғамындағы саяси құрылым жайында талдай келе, кейінгі орта  ғасыр  және 
жаңа замандағы Қазақстандағы саяси құрылым жайында былай тұжырым жасайды: 
биліктің  түрлі  сатылары  арасындағы  қарым-қатынаста  тӛменгі  органдардың 
жоғарыдағыларға қарағандағы әкімшілік тәуелділігіна қарағанда вассалдық қатынас 
болды;  жергілікті  саяси  автономия  орталық,  яғни  хандық  билікке  қарағанда 
күштірек  болды;  кӛшпелілердің  тӛменгі  топтық  құрылымыг  құрайтын  ауылдар  мен 
қауымдарда  старшындар  билігі  жұршылықпен  байланыста  болды  және  бірқатар 
«халықтық» институттарға  сүйенді.     
Салық  Зимановтың  қазақ  дәстүрлі  қоғамы  және  оның  ерекшеліктеріне 
қатысты  жүргізген  зерттеулерінің  тағы  бір  қыры  –  қазақ  билер  сотына  қатысты 
еңбегі.  Ол  қазіргі  қазақстандық  құқық  жүйесін  қалыптастырып  дамытуда  қазақ 
халқының  дәстүрлі  құқықтық  құрылымындағы  ерекшеліктерді,  қалыптасқан 
дәстүрлерді ескеру және тиімді пайдалану турасындағы пікірлерінде атап ӛтеді. Осы 
кездері  еліміздің  құқықтық  жүйесінде  ӛзіндік  орны  бар  алқа  билер  тәжірибесінің 
қайнар кӛздері қазақ қоғамындағы билер отынан бастау алды деуге әбден болады. 
Сондықтан  да  ол  заң-құқық  саласындағы  қазақтың  бұрынғы  құқықтық  тарихы  мен 
қазіргі  жүйесіндегі  ӛзара  байланыстар  мен  дәстүрлерді  терең  зерттеуге  бастама 
болды.  Ғалымның  «Би  -  халық  шежірешісі,  данасы,  әрі  заңгері»  атты  зерттеу 
еңбегінде: «…Ерте және кейінгі жазба деректерге қарағанда ұлттық және аймақтық 
әділ  сот  тарихына  енген  билер  саны  жүзден  астам.  Ол  билердің  ішінде  заңдылық 
пен  әділ  соттың  «Алтын  ғасырының»  дәстүрлерін  ғасырдан-ғасырға  жеткізіп, 

Х.Досмұхамедов атындағы Атырау МУ Хабаршысы 
 № 4 (35), 2014 
 
55 
 
сақтаған және оны әркез уағыздап отырған билер де кӛп болатын. Мысалы Майқы 
би, Аяз би, Едіге би (Ноғайлы – қазақ елінен), Тӛле би (Ұлы жүз), Қазыбек би (Орта 
жүз), Әйтеке би (Кіші жүз), Жәнібек би (Торғайда), Тіленші би, Есет би, Әнет баба 
би,  Сырым  би,  Саққұлақ  би  (Бӛгенбай  батырдың  немересі,  Ереймен  жерінде), 
Шорман би, Шоң би (Баянауылдан), Сайдалы би және Аққошқар би (Арғын елінен), 
Ерден би (Бағаналыдан), Бала би, Досбол би, Ақтайлақ би, Мӛңке би, Байдалы би, 
Тоқсаба  би,  т.б.  Таңғаларлығы  олар  ұлан-байтақ  қазақ-қыпшақ  даласының  әр 
түкпірінде ӛз руластары арасында, ӛз ауылдарында ӛмір сүргенімен, олардың атағы 
бүкіл  Ұлы  Далаға  әйгілі  болды.  Қазақ  билерінің  барлығы  қай  ғасырда,  қай  жерде, 
қай рулы елде ӛмір сүргеніне қарамастан қазақ әділ сотының атасы атанған Майқы 
биді бірдей пір тұтқан. Орталық Азияның ұлан-байтақ аумағының түрлі бӛліктерінде 
орналасқан  қазақтардың  этникалық,  тілдік-мәдени  және  идеялық-психологиялық 
бірлігін  түсіндіретін  құпиялардың  бірі  дәл  осы  қазақ  құқығы  мен  әділ  сотының 
жүйесінде деп есептеуге толық негіз бар», – деп жазады [2]. 
Бұл еңбектерінде академик Салық Зиманов  қазақ қоғамындаы билер сотын 
әлемдік  мәдени  құндылықтар  қатарында  қарастырады.  Кӛне  заманна  бастап  Ұлы 
Жібек жолы секілді байланыс торабында орналсқан қазақ жерінің әлемдік ӛркениет 
пен  мәдениеттің  ӛзара  дамуына  ықпал  еткені  сӛзсіз.  Қазақ  жерінде  ертеден  ӛмір 
сүрген рулар мен тайпалар тарихи даму үдерісі негізінде кӛптеген тарихи оқиғалар 
мен заңдылықтарды бастан ӛткерді. Кейінгі орта ғасырлардағы этникалық процестер 
барысында  олар  жеке  этностық  бірлестіктерге  айналды.  Осыған  орай  ғалымның 
кӛзқарастары әлі де ӛзекті. олардың мемлекеттілік жағдайы да түрлі бағытта болды. 
Бірқатарлары  отырықшы  ӛмір  салтына  кӛшіп,  басқарудың  ӛзге  формаларын 
қабылдады.  Енді  бірқатарлары  жаугершілік  саясаттар  ұстап,  айнала  кӛрші  елдерге 
шабуылар  жасау,  сол  арқылы  ӛзінің  экономикалық,  территориялық,  әлеуметтік 
мәселелерін шеруді таңдады. Қазақ этносын құрап, қазақ хандығы құрамына енген 
рулар  мен  тайпалар  дамудың  прогрестік  жолына  аяқ  басты  деп  айта  аламыз.  Бұл 
қазақ хандары, ел билеушілерінің ешқашан ӛз бастамашылығымен ӛзге елге соғыс 
жасап,  жаулаушылық  шабуыл  жасамағандарынан  кӛнінеді.  Қазақ  тарихындағы 
қаншама соғыстар мен шайқастардың болғанын кӛрсек те, олардың барлығы дерлік 
ӛз  жерін,  халқын  қорғау  үшін  болған  шайқастар.  Ол  атақты  «Аңырақай  шайқасы», 
немесе «Ор бұлақ» шайқастары және мұндай мысалдар біздің қарт тарихымызда аса 
кӛп.  Осы  бағытта  С.Зиманов  қазақ  халқының  жалпы  әлемдік  мәдени  құндылықтар 
жүйесінде ерекше орын алатын билер соты жүйесі екенін атап ӛтті. 
Қазақ дәстүрлі қоғамында бірнеше әлеуметтік категориялар болғаны белгілі. 
Солардың  ішінде  ерекшесі,  ғалым  сӛзімен  айтқанда,  бірегей  жүйесін  құрағандар  – 
қазақ билері. Қазақ  билер соты жүйесі, қазақ билері жайында зерттеулер XYIII-XIX 
ғасырлардағы  орыс  зерттеушілерінен  бастап,  кеңес  дәуірі,  одан  кейін  тәуелсіздік 
жылдарында  жарық  кӛрген.  Әлі  де  зерттеулер  жалғасып  келеді.  Осы  зерттеулер 
ішіндде  ӛзінің  ерекшелігімен  және  мазмұндылығымен  Салық  Зиманов  еңбегі  үлкен 
орын  алады.  Біріншіден,  оның  ерекшелігі  билер  сотының  дәстүрлі  қазақ 
қоғамындағы  құқықтық  саламен  байланысты  зерттелуіне  байланысты  болып 
табылады.  Екіншіден,  қазақтық  билер  сотының  әлемдік  құқықтық  жүйенің 
демократиялық және ізгілек феномен ретіндегі айрықша рӛлін  нақты дәлелдеуімен 
анықталды.    Қаақ  билерінің  түрлі  саладағы  заң-құқық  бұзушылықты  (азаматтық, 
қылмыстық), дауларды шешудегі сот билігінің формалары әлі де терең зерттеулерді 
қажет етеді. Мысалы, С.Зиманов қазақ билері сот  жүйесіндегі ерекше қызметі үшін 
XIX  ғасырдағы  орыс  зерттеушілері  тарапынан,  атап  айтқанда,  А.Словохотов, 

Х.Досмұхамедов атындағы Атырау МУ Хабаршысы 
 № 4 (35), 2014 
 
56 
 
И.Крафт, И.Козлов, А.Левшин секілді зерттеушілерінің түрліше баға бергенін, бірақ 
олардың  негізінен  қазақ  билер  соты  және  билеріне  таңғаларлықпен  қарағанына 
тоқталады.  
Ғалым  ӛзінің  билер  жайындағы  зерттеуінде  қазақ  даласындағы  дәстүрлі 
құқықтық саланың қалыптасуы мен жүйелі дамуында үш фактор басты орын алады 
деп кӛрсетеді. Яғни, қазақ халқының қалыптасуында рӛл атқарған ру-тайпалардың, 
одан соң  қазақтардың ӛздерінің  еуразияның ұланғайыр даласында орналасуы мен 
ӛмір  сүруі,  осы  еркін  аймақтағы  этностардың  бірі-біріне  ықпалы,  олардың 
этномәдени  шекараларын  сақтап  қалу  мен  нығаюына  әсер  етті  деген  тұжырым 
жасайды.   
Қазақ  тарихының  зерттелуіндегі  Салық  Зимановтың  тағы  бір  үлесі  –  қазақ 
хандарының  қызметі  мен  олардың  мемлекеттілікті  дамытудағы  роліне  қатысты 
еңбектері  екені  сӛзсіз.  Бұл  тұрғыда  қазақ  дәстүрлі  құқықтық  нормасының  ерекші 
үлгісі  болған  «Жеті  Жарғы»  заңдар  жинағын  жете  зерттеді.  Халықтың  заңдық 
нормаларын  анықтауда  Қасым  хан  және  оның  мемлекеттік  саясаты,  мемлекет 
басшысы ретіндегі кӛзқарастары, заңдарына талдау жасайды.   
Ғалым  «Қасым  ханның  қасқа  жолы»    атауымен  тарихта  қалған  заңдар 
кешенін жасаушы Қасым хан осы заңдарда ӛзінің мемлекеттік саясатын анық берді 
деген  тұжырымға  тоқталады.  Қасым  ханның  билігі  тұсындағы  қазақ  қоғамындағы 
билер соты рӛлінің артуы мәселесіне орай «Қасым хан кӛшпелі қоғамдарды олардың 
ішкі  жүйелерін  «қазақыландыру»  саясатын  жүргізді.  Оның  тұсында  ӛз  заманында 
түркі тілді шығыс кӛшпелі қоғамына күшпен, я билеумен енгізілген моңғолдық, араб-
ирандық,  сондай-ақ  діни  терминологиялардың  күші  жойыла  бастады.  Мұндай 
жағдай  арнайы  хан  жарлығының  күшімен  емес,ел  басқарудағы  жаңарған 
тәртіптердің салдарынан болды. Осылайша, моңғолдың «нойон» сӛзі кӛшпелі рулық-
тайпалық  ұжымдарда  қазақ-түрік  сӛзі  «би»  ұғымымен  ауыстырылды.  Моңғолдың 
«нунтук» сӛзінің орнына қазақтың «ауыл», түріктің «жұрт» сӛзі қолданыла бастады. 
«Жұрт»  термині  «халық»  ұғымын  білдіре  бастады.  Ал  «жүгініс»,  «құрылтай», 
«мәжіліс»,  «кеңес»,  «кеңес»,  «отырыс»  сияқты  қоғамдық  институттар  бұрынғы 
күшіне  енді.  Нысаны  бойынша  ұжымдық,  мазмұны  бойынша  халықтық  бұл 
институттар  кӛшпелі  қоғамдардың  ішкі  ӛмірінің  ұйымдық  нысанына  айналды.  Олар 
сонымен  бірге  жария  биліктің  де  нысанына  айналып,  «кӛшпелі-ру-хан»  ӛзара 
қатынастарын білдірді»,-деген тұжырым жасайды [2, 165-166 б.]  
Академик  ғалымның  қазақ  тарихы  мене  мемлекеттілігінің  қалыптасуына 
қосқан  үлесі  жайында  бірқатар  зерттеушілер  ӛз  мақалаларында  атап  ӛтеді. 
Солырдың  бірінде  «С.З.Зимановтың  еңбектерінің  маңыздылығы,  қабылданған 
Конституция  қағидаларының  негізін  салуға  ұлттық  мемлекет  және  заңдар  негізін 
қалауға  игі  ықпал  етті.  С.З.Зиманов  –  ұлттық  мемлекеттің  идеологы,  Қазақстанда 
тәуелсіздік  орнығуы  үшін  атсалысқан  күрескері.  Оның  алғашқы  ұлттық  мемлекет 
мәселелері  бойынша  жазған  ойлары,  үлгілері  1950  жылдардың  аяғы  мен  60-шы 
жылдардың  басында-ақ  айқын  кӛрініп,  бүгінгі  күні  Қазақстанның  егемендігі  мен 
тәуелсіздігіне  ұласты.  С.Зимановтың  еңбектері  әйгілі  ғалымның  тек  ғылыми 
жұмыстары ғана емес, қазіргі заманның саяси құқықтық ойларының маңызды қайнар 
кӛздері», - деп жазады зантанушылар Н.Ӛсерұлы мен А.Смағұлова [3, 249 б.]. 
Қазақ  мемлекеттілігінің  даму  тарихын  зерттеумен  қатар  тәуелсіздік 
жылдарында  мемлекеттің  алғашқы  заңдық-құқықтық  мәселелер  тұрғысынан 
реттелуіне үлкен қызмет еткен ғалымның мемлекет қайраткері ретіндегі де рӛлі аса 

Х.Досмұхамедов атындағы Атырау МУ Хабаршысы 
 № 4 (35), 2014 
 
57 
 
жоғары болды. Сондықтан С.Зимановтың мол ғылыми мұрасы әлі де зерттеле түсері 
анық. 
 
Әдебиеттер тізімі 
1  Зиманов  С.  Политический  строй  Казахстана  первой  половины  ХІХ  века  и 
Букеевское ханство. А., Арыс, 2009. – 496 б. 
2 Зиманов С. Қазақтың билер соты- бірегей сот жүйесі. А., Атамұра, 2008. – 216 б. 
3 Ғылымдағы ғасыр абызы. Академик Салық Зиманов. А., «Қазығұрт», 2013. – 456 б. 
 
Резюме 
В  статье  рассматривается  роль  видного  ученого  Салыка  Зиманова  в 
изучении истории Казахстана, его вклад в развитие современной казахстаники. 
 
Summary 
This  article  describes  role  of  eminent  scientist  SalykZimanova  in  the  history  of 
Kazakhstan, his contribution to development of modern Kazakhstan. 
 
Қабылданған күні 26.12.2014 ж 
 
ӘОЖ 821.521.154 
М.С.Туғанбаева  
Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті 
Қазақстан Республикасы, 060011, Атырау қ., Студенттік даңғылы, 212 
E-mail: 
miko.t.1989@mail.ru
 
 
«ҚАЗАҚ ЖӘНЕ ҚЫРҒЫЗ» ТАРИХИ РОМАНДАРЫНДАҒЫ КӚРКЕМДІК ШЕШІМ 
 
Аңдатпа 
Мақалада  қазақ  пен  қырғыз  арасындағы  туыстық,  біртұтас  тарихи,  әдеби 
байланыстарға толы дүниелер кӛп. Ӛйткені тарихи  романдардың  кеңдігі мен теңдігі 
ұштасып, сол жолда ізденуге, үлес беруге, ашықта айқын сипатталуға негіз бар. 
Негізгі  сӛздер: 
әдебиет,  тарихи  романдық  кӛрініс,  әдеби-мәдени  этнография, 
шығарма. 
 
КІРІСПЕ 
Жалпы,  әдебиет    тарихы    ежелгі    дәуірден    бастау    алатыны    белгілі. 
Ертедегі  әдебиет  тарихында  ежелгі  түрік,  қазіргі  кӛршілес  мемлекеттер  тарихынан 
сыр  шертер  болсақ,  яғни  қырғыз,  ӛзбек,  қарақалпақ,  татар,  ұйғыр,  башқұрт  елінің 
тарихындада    мол  қазына  жатқанында  білеміз.  Енді  осы  ұлттардың    кӛркем  
әдебиетте  соның  ішінде  қырғыз  елінің  кӛрініс  табуы қалай? Бұдан бұрын   ӛткен 
тарихи  оқиғалардың  ішінен  жазушылар  ӛздеріне  қажеттісін,  ең  маңыздысын  қалай 
екшеп, сұрыптап  алды ма? – деген сауал. Бұл елдің  әдебиетінде  халық  ӛмірінің 
сыр-сипатын елестетіп  шығармалар туындысы барма? Болса қайсы? - деген сұраққа 
жауап  іздейтін    болсақ  онда  тарих  кӛздері  былай  деп  жауап  береді.  Демек  
тақырыбыма  сәйкес  қырғыз  елінің,  кӛрші  мемлекетінің  әдебиетінде  тарихи 
шығармалардың  кӛбі  «кеңестік  идеология»  сынына  ұшырап,  біраз  уақыт  жарыққа 
шақпады.  Сондай  кезеңді  бастан  ӛткерген  қырғыз  тарихи  шығармалардың  біразы 
тоталитарлық  жүйенің  қулығына  ілініп,  немесе  тұзағына    түскен    кӛркем  
шығарманың  бірі. 

Х.Досмұхамедов атындағы Атырау МУ Хабаршысы 
 № 4 (35), 2014 
 
58 
 
НЕГІЗГІ БӚЛІМ 
«Кӛп  асаба»  (Кӛк  байрақ)  деген  мағынаны  береді.  Роман  1972ж.  жазылып, 
аяқталғанына    қарамастан  18  жыл  бойы  басылымға  жол  берілмей,  кейінірек  қайта 
құру кезеңінде, яғни, 1989жылы «Әдебиет» баспасында жарық кӛріп әжептәуір кең, 
ауқымды  дүние ӛмірге келеді.  «Кӛк асаба» романында біздің  заманымыздағы VI-
VIIIғ.  Енисей  бойында  мекен  еткен  қырғыздардың    трагедиялық  тағдыры  кеңінен  
суреттеледі  [1].  Осы  кезеңде    ӛмір    сүрген    қырғыздардың    ӛмірі,    тұрмыс-салты, 
ӛмірге  деген  ұмтылысы    кӛптеген  тарихи  деректерге    толы  болады.  Сӛйтіп  Сібір 
ӛлкесінде 
Енисей 
қырғыздарыныңалғашқы 
мемлекеті 
құрылады, 
елдің  
территориялық  аймағы  -  Минусин  аңғары   басталып, Орталық  Енисей   алыбына  
Саян  жотасының  солтүстігіне  дейін созылады. «Кӛк асаба» романында қозғалатын 
мәселе  «Орхон-Енисей»  жазуларындағы    Күлтегін,  Тоныкӛк,    Білге    қаған  
романдары    арқау    болады.  Енді    осы    романдарға    сын-пікірлердің    де  айшықтап  
аласұрғаны да рас. Негізгі роман қырғыз әдебиеті тарихында  1960–шы жылдардан 
бастап  ,ӛз  алдына  жеке  жанр  болып    шықты,  тек  1970  жылдан    кейін    жазылды. 
Роман авторы былай деп жазды: «Кӛк асаба» 1972  жылы жарық кӛргенде ,он сегіз 
жыл  бойы    кітап  сӛрелерінен    орын    алды.  Кітаптың  кешігіп  шығуынан,  туынды 
туралы  әдеби-сында    кешігіп  айтылды.  Романға  ӛзім  «тарихи  роман»  деп  айдар 
таққанмен,  кітапқа  басылған  баспаның    алғы  сӛзінде  рецензенттер    реалистік  
тарихи  роман  жалаң  атрибуттардан    құралмайды,  тарихи  рух,  бұрмаланбай  
бейнеленуі қажет  деп, жазушының тарихи  романға қосыла бермейді. Бұл  шығарма 
тарихи дастанға  жақынырақ   деген  пікір  білдірді [2]. 
Осы романға А.Мусаев  –  зерттеудің  нәтижесінде  романның сюжеті,  тарихи 
тұлғалар    сӛз  болғанымен,  романның    жанрлық    табиғаты    туралы  сӛз    жоқ    деп 
пікір  білдірді.  Сӛйтіп  «Кӛк  асабаның»  жанрлық  табиғаты  анықталмай    туындыға 
тарихи роман  деген  атау бірде қосылса, бірде қосылмады. 
Қазақ  пен  қырғыз  арасында  кӛптеген  еңбектерде  жалпы  әдеби  байланыс, 
ортақ    құбылыстар,  ұқсастықтар  кеңінен  сӛз  болғанымен  тарихи  романдағы  ӛзара  
үндестік  сюжет  ұқсастығы,  тарихи  деректің  кӛркем  шығармадағы  кӛрінісі  сынды 
мәселелер  әлі де терең  зерттеуді  қажет етеді. Ең  бастысы қазақ елінің  кӛп ғасыр 
бойы тығыз  қарым - қатынас жасап  келе  жатқан  халықтың  бірі  қырғыз  халқы  
болғандықтан,  екі    халықтың    ежелден    бері    келе  жатқан    ескі  ауыз  әдебиеті 
үлггілері  мен  кӛне  нұсқада  да  әдеби  байланыстың    биік    деңгейін  кӛруге  болады. 
Мұндай    мәдени  және  әдеби  байланыстың  тамыры    тым  әрі  де  болғандықтан  сол, 
әсіресе  ертегілері мен эпостық  жырларында жұмбақ пен мақал мәтелдерінде  бір-
біріне  үндесіп    кейде    сол    күйінде    қайталанып    келуі    кездеседі.  «Кӛк  асаба» 
романында  қиял мен  тарихи  деректің  ауыз  әдебиет үлгілері  мен  фольклорлық  
шығарма    ӛзара    тығыз    байлыныс    тауып,    мақал-мәтел  нақыл    сӛзді    автор  кӛп 
қолданады.  Суреткер  таным-түсінігі  мол  қазақ-қырғыз  халқының  арман  мұратын, 
мұң-мұқтажын  айтып  шынайы  кӛркем  дүниені  шынайы  зерделейді.  Кӛк  асаба 
романында  қиял  мен  тарихи  деректің,  ауыз  әдебиет  үлгілері  мен  фольклорлық 
шығарма  ӛзара  тығыз  байланысты.  Автор  негізгі  үш  мәселені  тілге  тиегі  етеді  - 
құжатты дереккӛздер, халықтық фольклор және ұлттық психология [3].  

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   22




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет