Х. Досмұхамедов атындағы Атырау му хабаршысы №4 (35), 2014



Pdf көрінісі
бет1/22
Дата03.03.2017
өлшемі3,43 Mb.
#5998
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22

Х.Досмұхамедов атындағы Атырау МУ Хабаршысы 
 № 4 (35), 2014 
 

 
 
 

Х.Досмұхамедов атындағы Атырау МУ Хабаршысы 
 № 4 (35), 2014 
 

 
1996 жылдан бастап шығады 
Основан в 1996 году 
ISSN 2077-0197 
Куәлік №3631-Ж 
Свидетельство №3631-Ж 
 
 
 
 
№ 4(35), Желтоқсан, 2014 
№4(35), Декабрь, 2014 
ISSN 2077 - 0197 
Жылына 4 рет шығады 
Выходит 4 раза в год 
 
 
 
 
 
 
Ғылыми журнал 
 
Халел Досмҧхамедов атындағы 
Атырау мемлекеттік университетінің 
ХАБАРШЫСЫ 
 
 
 
 
 
ВЕСТНИК 
Атырауского государственного университета 
имени Халела Досмухамедова
 
 
Научный журнал 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Х.Досмұхамедов атындағы Атырау МУ Хабаршысы 
 № 4 (35), 2014 
 

 
Атырау 
Х.Досмҧхамедов 
атындағы 
АтМУ  баспасы 
 
Атырау 
Издательство АтГУ 
имени  
Х. Досмухамедова 
 
Редакциялық-баспа кеңесі   ●   Редакционно-издательский совет 
 
Бас редакторы • Главный редактор 
Мамраев Б.Б. - филология ғылымдарының докторы, профессор, ректор 
 
Бас редактор орынбасары • Заместитель главного редактора 
Жаутиков Б.А. - техника ғылымдарының докторы, профессор, бірінші проректор 
 
Жауапты хатшы • Ответственный секретарь 
Абдинов Р.Ш. - экология магистрі 
 
Редакциялық алқа • Редакционная коллегия 
 
Гуманитарлық сериясы бойынша 
- Таңатарова Ж.Т.- тарих ғылымдарының докторы 
- Ахмет А.Қ. - тарих ғылымдарының докторы 
- Барсай Б.Т. - педагогика ғылымдарының докторы 
- Кольцов П.М. - тарих ғылымдарының докторы (Ресей) 
- DrAbraham Altonayan
 
– PhD (Ұлыбритания) 
- Бекмаханова Н.Е. - тарих ғылымдарының докторы, профессор (Ресей) 
- Мухамбетжанова А.У. - педагогика ғылымдарының докторы 
- Аманжолова Д.А. - тарих ғылымдарының докторы, профессор (Ресей) 
- Любичанковский С.В. - тарих ғылымдарының докторы, профессор (Ресей) 
- Жүсіп Қ.Ӛ. - филология ғылымдарының докторы, профессор 
- Орлова Л.В. – социология ғылымдарының докторы, профессор (Ресей) 
- Хайржанова А.Х. – филология ғылымдарының кандидаты 
- Балтогаева Ж.Е. - филология ғылымдарының кандидаты 
 
Жаратылыстану сериясы бойынша 
- Имашев Ғ.И. - педагогика ғылымдарының докторы 
- Кенжегулов Б.З. - техника ғылымдарының докторы, профессор 
- Шамбилова Г.К. - химия ғылымдарының докторы 
- Ганбаров Х.Г. - биология ғылымдарының докторы (Азербайджан) 
- Насиров Р.Н. - химия ғылымдарының докторы, профессор 
- Таубаев Б.Ж.- ауыл-шаруашылығы ғылымдарының докторы 
- Сағындықова С.З. - биология ғылымдарының докторы, профессор 
- Sally Cutler - PhD (Ұлыбритания) 
- Дүйсеғалиев М.Ж. - ауыл-шаруашылығы ғылымдарының докторы 
- Каражигитова Т.А. - педагогика ғылымдарының докторы 
- Есенаманова М.С. - техника ғылымдарының кандидаты 
- Головко Н.В. - педагогика ғылымдарының кандидаты (Украина) 
 
© Атырауский государственный университет имени Х. Досмухамедова, 2014 

Х.Досмұхамедов атындағы Атырау МУ Хабаршысы 
 № 4 (35), 2014 
 

 
ГУМАНИТАРЛЫҚ ЖӘНЕ САЯСИ-ӘЛЕУМЕТТІК ҒЫЛЫМДАР 
ГУМАНИТАРНЫЕ И СОЦИАЛЬНО-ПОЛИТИЧЕСКИЕ НАУКИ 
 
ӘОЖ  94(574)                                          
С.Қҧсниденов  
Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті 
Қазақстан Республикасы, 060011, Атырау қ., Студенттік даңғылы, 212 
 
ҚАЗАҚ ӚМІРІНДЕГІ БИЛЕРДІҢ ОРЫНЫ МЕН РӚЛІ 
 
Аңдатпа 
Қазақ  даласында  хандық  басқару  кезінде,  елдің  әділ  соты  қызметін 
атқарған, кӛптеген шешендік, даналық сӛздер қалдырған билер ӛмір сүрген. Мақала 
сол билердің қазақ ӛміріндегі орны мен рӛліне арналған. 
Негізгі сӛздер
билер, билер институты, хандық дәуір, шешендік, әділеттілік, әділ 
қазылық, тәуелсіздік. 
 
КІРІСПЕ 
Кез-келген  халықтың  тарихында  ӛшпес  із  қалдырған  билеушілер, 
батырлар,  билер,  ірі  тұлғалар  болған.  Ол  адамдарды  халық  құрметтейді,  үлгі 
тұтады, олардың ӛнегелі ісін ұрпақтан-ұрпаққа беріп, жалғастырады. 
Қазақ  даласында  осындай  ӛздерінің  ерлік  істерімен,  даналығымен, 
шешендігімен  аттары  аңызға  айналған  батырлар,  хандар,  билер  болған.  Олардың 
негізгі  армандары  –  қазақтың  жерін  қорғау,  оның  тұтастығын  сақтау,  қазақтың 
тәуелсіз  мемлекетін  құру  болды.  Олардың  сол  армандары  қазіргі  тәуелсіз 
Қазақстанда  орындалды.  Олай  болса,  олардың  ӛнегелі  істерін  жан-жақты  зертеп 
олардан сабақ алу бүгінгі ұрпақ үшін керек. Мақала осындай үлкен мәні бар, билер 
институтының қазақ ӛміріндегі орны мен рӛліне арналған. 
 
НЕГІЗГІ БӚЛІМ 
Адамзат қоғамының дамуының барлық кезеңінде де, оның дамуын белгілеп, 
реттеп,  зертеп  бір  жүйеге  келтіріп  отыратын  билік  жүргізу  басқару  органдары 
болған.  Қоғамның  дамуындағы,  ондағы  қатынастардың  күрделіленуіне  байланысты 
билік жүргізу институттары да күрделеніп, жетілдіріліп отырған. Ӛткенге ой  жібере 
отырып,  ерлікке,  ӛжеттікке,  ӛмірге  деген  үрдістерді  қалыптастырған  қазақ 
даласындағы дәстүрлеге таң қалмасыңа болмайды. 
Қазақстанның  кӛшпелі  ӛмірі,  ӛзінің  даму  ерекшелігіне  байланысты,  ӛзіндік 
басқару  жүйлерінің  дәстүрлерін  қалыптастырды.  Сондай  дәстүрлердің  бірі  –  билер 
институты. 
Қазақ  даласында  қоғамдағы  тәртіпті,  заңдылықты  сақтап  отыратын  сот, 
прокуратура,  милиция  органдры  жоқ  кезде,  ондай  рӛлді  билер  институты  атқарып 
отырған. 
Қандай  ма  болмасын  әміршілер  (хан,  бек,  сұлтан  т.б.)  билікті  дара 
жүргізбеген,олар  ақылды,  бірлгір,шешен,  әділетшіл  билердің  билігіне  сүйенген. 
Мысалы, 
Шынғыстың 
дана 
кеңесшісі 

Майқы, 
Жәнібектің 
ұлы 
ойшылы – Асан Қайғы, тәуке ханның тӛбе биі – Тӛле, Абылайдын ақылшысы – Бұхар 
Жырау т.б.  Бұлар ұлы дәстүрдің, халық даналығының сарқылмас жалғасы, теңдікті, 
әділеттілікті  қорғаушы  сақшылары.  Солардың  арқасында  бізге  бірліктің, 
ынтымақтастықтың тамаша үлгісі қалды. 

Х.Досмұхамедов атындағы Атырау МУ Хабаршысы 
 № 4 (35), 2014 
 

 
Ш.Уалихановтың  айтуы  бойынша,  «Қазақтарда  құрметті  би  атағы  халық 
тарапынан  қандай  да  сайлау  жолымен  немесе  халықты  билеп  отырған  ӛкіметтің 
бекітуімен емес, тек сот рәсімін терең білетін, оған қоса шешендік ӛнерін меңгерген  
қазаққа  ғана  берілген.  Би  атану  үшін  қазақ  халық  алдында  әлденеше  шешендік 
сайысқа түсіп, ӛзінің заң-жораны білетіндігін, шешендігін танытатын болған. Мұндай 
адамдардын  есімі  желдей  есіп,  жұртқа  таралып,  біріне  емес  бәріне  таралған»  [1]. 
 
Билер идеясының рухани түп тамыры ел топырағында ертеден келе жатыр. 
Кемелденген ой ақыл биігі, ақыл биігінен шыққан сӛз ойдың сарасы, халық игілігіне 
бағытталған істің әділ бағасы.  
Естіге айтқан тура сӛз, 
Шыңға тіккен тумен тен. 
Езге айтқан тура сӛз, 
Құмға сінген сумен тең 
[2]. 
Билер  ұғымынша,  адамды  ӛрге  тартпай,  теріске  тартатын  нәрселер: 
жамандық, жайсыздық, жалқаулық, жетесіздік. 
Жаман еркек жер қадірін білмес
Жайсыз әйел ер қадірін білмес. 
Жалқау адам  тер қадірін білмес, 
Жетесіз жігіт ел қадірін білмес
 [2, 400б.]. 
Қазақ  қоғамының  саяси-әлеуметтік  құрылысы  даланың  кӛшпелі  тұрмысына 
бейімделіп  жасалғанын  кӛрсетеді.  Оны  басқару  ата-бабанын  бұрынғы  кӛрсеткен 
жолының, ұрпақтан-ұрпаққа беріліп келе жатқан мұрасының жалғасы. Осынау ұзақ 
та, күрделі дамуы жолында ата-бабаларымыздан бізге, бірліктің, ынтымақтастықтын 
тамаша үлгісі қалды. 
Елбасы айтқандай: «Атырау мен Алтайдың арасындағы алып даланы жайлап 
жатқан  мемлекеттің  реттеуші  тетіктері  толық  іске  қосылмай  тұрған  кезінде  де 
ешқандай,  еш  жерде  қазақта  жүз  бен  жүз,  тайпа  мен  тайпа  тұрмақ,  ру  мен  ру 
соғысып кӛрмеген. Ӛмір болған соң кездеспей қоймайтын жер дауы, жесір дауының, 
барымта  мен  сырымтаның  аяғы  ат-тон  айыппен,  әрі  кеткенде  билер  кеңесінде  құн 
тӛлетумен бітім тауып отырған» [3]. 
Билер философиясында орын алған түсінік – бұл сӛздің құнарлылығы. Яғни, 
ұрпақ  болмысының  мінсіздігін  қамтамасыз  етуге  бағытталған  билер  руханиятында 
ұлттық болмыстың құнары үш негізде зерделенген. Олар: жер құнары, ой және сӛз 
құнары. Жер құнары елдін бірлігі мен берекелі ӛмірінің кілті. Жер кұнарынан барлық 
мүшелері  ӛсіп  еңбек,  адам  тіршілігіне  қажет  барлық  пайдалы  нәрселерді  осы  жер 
құнарына табады. Асан Қайғының ― Жер ұйығын‖  іздеуі тегін емес. 
Ой  құнары  бұл  ӛмірге  құштар,  ақиқатқа  адал,  сеніміне  таза,  сезіміне  әділ, 
ӛзінің  де,  ӛзгенің  де  мүдесіне  жанашыр  ұрпақ  танымы,  оның  тереңдігі  ұрпақтың 
рухани  болмысының  мінсіздігі,  осы  мінсіздіктің  ӛмір  сүруін  сақтап,  қадағалап 
отыратынын зиялылар ӛсиетінің мазмұндылығы, қуаттылығы. 
Сӛз  тілдің  ӛрісі,  яғни,  адам  ойының,  шындықтың,  білімнің  рухани  ӛмір 
кеңістігінде  бейнеленуі.  Сӛздің  құнары  ойда,  ұлттық  ойдың  дамуы  осы  сӛздің 
құнарлығында.  ―Түгел  сӛздін  түбі  бір,  түп  атасы  Майқы  би‖-  деген  даналық 
ұғымының тарихи мәні би руханятының ӛрістілігінде. 
Қазақ  даласында  билер  ӛте  кӛп  болған.  Солардын  ішінде,  ӛздерінің 
шешендігімен,  әділеттілігімен,  даналығымен  шоқтығы  биік  тұратындары:  Тӛле, 
Қазбек, Әйтеке.  Бұл үш жүздің билері. Қазақ халқынын жоңғар шапқыншылығына  
қарсы  күресінде,  оның  тәуелсіздігін  сақтауда,  қазақтын  қоғамдық  ӛмірінде  бұл 

Х.Досмұхамедов атындағы Атырау МУ Хабаршысы 
 № 4 (35), 2014 
 

 
билердін  атқарған  рӛлі  зор.  Бұлар  туралы  Н.Ә.Назарбаев  былай  деп  кӛрсетті: 
―Барша  қазақ  баласы  аттарын  ардақтап,  айтқандарын  жаттаған  осы  үш 
бабамынздың ел алдындағы еңбегіне, халық қамын жеген қасиетті ісіне сӛз жеткізіп 
баға  беру  қиың  –  ақ....  Үш  данагӛйдін  ӛнегелі,  ел  қамын  жеген,  адал  еңбегі,  топ 
бастаған кӛсемдігі, мүлтіксіз әділдігі жӛніндегі айтар әңгімеміз аз емес» [4]. 
Бұл билердің қазақ жерінде түрлі дау –жанжалдарға әділ қазылық еткендігі 
жӛніндегі деректер аз емес. Біз бұл мақалада олардың әділ тӛреліктеріне, бұлтарпас 
шыншылдығына, шешендіктеріне, ел  бірлігіне шақырған зиялылығына байланысты 
бірер  мысал  келтіруді  жӛн  кӛрдік.  Тарихта  Қазбек  бидің  қалмақ  ханына  айтқан 
мынандай  сӛзі  сақталған:  «Біз  қазақ  деген  мал  баққан  елміз.  Бірақ  ешкімге 
соқтықпай  жай  жатқан  елміз.  Елімізден  құт-береке  қашпасын  деп,  еліміздің  шетін 
жау  баспасын  деп,  найзаға  үкі  таққан  елміз,  еш  бір  дұшпан  басынбаған  елміз, 
басымыздан  сӛзді  асырмаған  елміз.  Досымызды  сақтай  білген  еліміз,  дәмі,  тұзын 
ақтай білген еліміз, асқақтаған хан болса, хан ордасын таптай білген еліміз. Атадан 
ұл туса, құл боламын деп тумайды, анадан қыз туса күң боламын деп тумайды. Ұл 
мен  қызды  қаматып,  отыра  алмайтын  елміз»  [5].  Сӛзден  жеңілген  қалмақ  ханы 
жаулап алған мал – мүлікті, құлдыққа алған адамдарды қайтарып береді. Міне, бұл 
билердің бұлтартпас сӛз шеберлігінің арқасы. 
Халық арасында Тӛле бидің Шақшақ Жәнібекке айтқан мынандай сӛздері кең 
тараған:  ―Ӛгізді  ӛрге  салма-  қанатың  талар,  наданға  кӛзіңді  салма  –  сағың  сынар. 
Досыңа ӛтірік айтпа – сенімің кетер, дұшпанға сырыңды айтпа – түбіңе жетер. Жал – 
құйрығы қаба деп жабадан айғыр салма – жаугершілік болғанда жағдайлап мінер ат 
тумас.  Жақыным  деп  жаманның  малы  үшін  жақсының  жағасынан  алма  –  ӛрісің 
тарылар.  Қару  жисаң  мылтық  жи  –  жаяу  жүрсең  таяқ,  қарның  ашса  тамақ.... 
Қабырғадан қар жауса атан менен нарға күш, ел шетіне жау келсе, қабырғалы биге 
күш...‖ [6]. 
Ертеде  Тӛле  би  мен  Қазбек  би  бір  ӛлген  кісінін  құнын  даулап  кіші  жүзге 
келеді. Екі жақ бірнеше күн дауласып бір шешімге келе алмайды. Бір күні есік жақта 
отырған бір жас жігіт: ― Асқар тау сенде бір мін бар, басыңнан асу бермейсің, тасқын 
су сенде бір мін бар, басылмай асу бермейсің. Сендерде билер бір мін бар, басқаға 
сӛзді бермейсің‖, -деп далаға шығып кетеді [7]. Бұл Әйтеке би еді. Артынан Тӛле би 
мен  Қазбек  билер  даулы мәселенің  шешімін  Әйтеке  биге  тапсырып,  дауласушылар   
әділ тӛрелігін табады. 
Тәуке  ханнын  кезінде,  аталған  билердің  қатысымен,  қазақтың  сол  кездегі 
заң – жобасы ―Жеті жарғы‖ даярланды. Қожаберген Жыраудын ― Жеті жарғы‖ деген 
дастанында:  
Шығайдан  соң  орнына  Тәуке  қалды,  кезінде  әз  Тәуке  деп  атақ  алды. 
Қазбек, Тӛле би, Әйтеке ақылшы боп,Дей тұғын ―Жеті жарығы‖ заң шығарды,деген 
жолдары билердің қазақ ӛміріндегі рӛлін кӛрсетіп береді. 
Жоғарыдағы  айтылған  билер  даналығымен,  ақыл-парасатымен,  болашақты 
болжағыштығымен,  қазақ  елінің  бірлігін,  тұтастығын  сақтауда  рӛлі  зор,  осыншама 
байтақ жерді бүгінгі ұрпаққа аманат етіп жеткізуде олардың алатын орыны ерекше. 
 
 Би  ӛсиеті  халыққа  ізгіліктің  рухын  насихаттап,  ел  ӛмірінде  әділеттлектің, 
еркіндіктің,  рухани  тереңдіктің  ӛмір  сүруіне  мүмкіндік  жасап  отырса,  би  парасаты 
және даналығы елдің рухани реттеуші күші. 
Ой  таразысына  салар  болсақ,  қазақ  отарлау  саясатының  құрбаны  болғанға 
дейін, билер институты арқылы дау-жанжалдарды ғана емес, азаматтық, елдік мәні 
бар мәселелерді кең кӛлемде шешіп отырған. Билердің басқаруы ӛмірдің, күнделікті 

Х.Досмұхамедов атындағы Атырау МУ Хабаршысы 
 № 4 (35), 2014 
 

 
тіршіліктің  қажеттілігінен  туындаған,  қазақтың  ұлттық  табиғатына  сай  келетін 
құбылыс.  Қазақ  қандай  шаруаны  болсада  сабырмен,  кӛптің  қатысуымен,  игі 
жақсылардың  тӛрелік  етумен  шешіп  отырған.  Ешкім  итжеккенге  айдалмаған,  елде 
абақты, түрме тұрғызудың қажеті болмаған. 
Билер беделі мен орнына қарай: тӛбе би, тӛтенше би, жеке би, бәтуа би, аға 
би,  бала  би  т.с.с  болып  жіктелген.  Осы  айтылған  әрқайсысының  билік  айтатыны, 
пәтуаға шақыратын ӛз саласы болғандығын байқау қиын емес. 
Қазақ  даласының  билеушісі  хан  болған.  Хан  –  билік  пирамидасын  ең 
жоғарғы  сатысында  тұрған  адам.  Бұл  айтылғаннан  хан  билікті  дара  жүргізді  деп 
айтуға  болмайды.  Олар  хан  кеңесімен,  билер  кеңесімен  санасып,  олардың 
шешімдерін  хан  орындап  отырған.  Бұрынғы  атақты  билер,  ӛздерінің  алдында  ӛмір 
сүрген  билердің  тәлім  тәрбиесін,  ӛнерін  үйреніп  отырған.  Сӛйтіп,  ұрпақтардың 
сабақтастығы байланысына сызат түспеген. 
Қазақ  сӛз  қадірін  білген,  сӛзге  тоқтаған  халық.  ―Бас  кепек  болса  да,  тіл 
кеспек жоқ‖ деп айтарын айтқан халық, сондай әділ, шешен билерді силаған халық. 
 
Ал,  қазіргі  билер  кімдер?  Олар  билік  басындағылар.  Қазіргі  билік 
айтушылардың  кӛпшілігі  сӛзге  түсінбейтін,  сӛз  қадірін  білмейтін,  айтқанын 
орындататуға  тырысатын,  мәселенің  әділеттілік  шешімін  таба  алмайтын,  Абайдын 
сӛзімен айтқанда ―ӛңшең билер‖. 
Олар  ӛз  билігін  халықтын  бәрі  орындауға  тиісті  деп,  келіспегендерін 
ӛздерінің ―жаулары‖ деп санайды. Билікке қол жеткізу мен әділ билік айту екі түрлі 
нәрсе.  Шындығында,  билік  басына  таза,  әділетті,  білімді  адамдарды  қойу  керек. 
Ӛкінішке орай, ӛмірде олай бола бермейді. 
Күнделікті  тәжіребиде,  билікке  тамыр  –  таныстықпен  түрлі  жылпостар, 
топастардын  қолдары  жетіп  жүргені  белгілі.  Олардан  әділ  билік  күтуге  болмайды. 
 
Қазір  егеменді  ел  болып,  қазақтың  тілі  мен  дінін,  ата  дәстүрін  қалпына 
келтіріп  жатқан  жағдайда,  билер  институтын  қалпына  келтіріп,  оны  дұрыс 
пайдалансақ  кӛптеген  мәселелерді  шешкен  болар  едік.  Бұның  ӛзі  халықты 
тәрбиелеп  қана  қоймайды,  олардың  рухани  жағынан  қанағаттандырады.  Қазіргі 
зорлық  –  зомбылық,  жезӛкшелік,  нашақорлық,  араққа  салынушылық  сияқты 
келеңсіз жағдайлардың кӛпшілігіне тосқауыл болған болар еді. 
Сондықтан,  кез  –  келген  еңбек  ұжымдарында,  әсіресе,  ауылдық  жерлерде 
билер  немесе  ақсақалдар  кенесін  құрып,  олардын  жұмысын  жандандырсақ  жақсы 
болған болар еді. 
 
ҚОРЫТЫНДЫ 
Қорыта  айтқанда,  қазақ  халқынын  кӛшпелі  ӛміріне  байланысты  әр  түрлі 
салт-дәстүрлер қалптасқан. Сондай дәстүрлердін бірі – билер институты. Ол хандық 
дәуірде, ел басқарудын бір түрі ретінде қалыптасты. Билердін даналығы, шешендігі, 
әділеттілігі  арқылы  қазақтын  бүкіл  тұрмыс-тіршілігі  реттеліп  отырды.  Сол  арқылы, 
қазақ  жерінде  сот,  прокуратора,  милиция  абақты  түрме  болған  жоқ.  Барлық 
бұзақылық,  дау  –  жанжа,  тәртіп  билердін  даналығымен  шешіліп  отырды.  Билердін 
даналығы, ақыл ӛсиеті, атадан балаға тарап, ұрпақтар сабақтастығын жалғастырып 
отырды. 
 
Қазіргі  тәуелсіз  Қазақстан  жағдайында  да  билердің  даналығы,  тазалығы, 
әділеттілігі,  шешендігі  ӛзінін  ӛзектілігін  жойған  жок.  Қазіргі  билік  басындағылар 
олардын  ақыл  ӛсетін,  даналық  сӛздерін  оқып  үйреніп,  оны  ӛз  жұмыстарында 

Х.Досмұхамедов атындағы Атырау МУ Хабаршысы 
 № 4 (35), 2014 
 

 
басшылыққа  алып,  билер  институтын  жаңа  жағдайда  жандандырып,  қалпына 
келтірсе, елдегі кӛптеген келеңсіз жағдайларды жоюға септігін тигізген болар еді. 
 
Әдебиеттер тізімі 
1 Уәлиханов Ш. ―Алты шаһарға сапар‖- Алматы: Атамұра, 2006.- 304 б. 
2 Тӛреқұлов Н. ,Қазбеков М. ―Қазақтын би шешендері‖, 1-2 кітап.- Алматы: Жалын, 
1993. - 400 б. 
3 Егемен Қазақстан, 26 сәуір, 1995 ж. 
4 Назарбаев Н.А. ―Пять лет независимости‖ - Алматы, 1996.-153 с. 
5 Шешендік сӛздер. Алматы: Жазушы, 1967. - 104 б. 
6 Мағзұмов М. ―Билер институты‖. Ақиқат, №39, 1995. - 16 б. 
7 Нәлібаев К. ―Әйтеке бидін шешендік тапқырлықтары‖. Ақиқат, №3, 2008.- 66 б. 
 
Резюме 
В данной работе освещены место и роль традиционного института биев в 
жизни казахского народа и необходимость его обновления в условиях независимого 
Казахстана. 
 
Summary 
In the article exposed the place and role of traditional institute of Bies in lives of 
Kazakh people and need of its updating in conditions of in dependent Kazakhstan. 
 
Қабылданған күні 25.12.2014 ж 
 
ӘОЖ 000.93 
М.С.Касенов 
Х.Досмұхамедов атындағы Атырау  мемлекеттік университеті 
Қазақстан Республикасы, 060011, Атырау қ., Студенттік даңғылы 212 
E-mail: kasenov.1959@mail.ru 
 
ҦШҚАН ҚАЛАСЫ 
 
Аңдатпа 
Мақалада  отрықшылық  мәдениеті  ескерткіші  болатын  ортағасырлық  Ұшқан 
қаласы  туралы  зерттеулер  берілген.  Қалада  археологиялық  қазба  жұмысы 
жүргізілген  емес.  Содықтан  жазбаша  деректер  ғана  бар.  Келешекте  қалада  қазба 
жұмысы жүргізілсе тың деректер береді.  
Негізгі  сӛздер: 
отрықшылық  мәдениетінің  қалыптасуы,  ӛркендеуі,  құлдырау, 
қалалар мен мекендер дамуының алғы шартары, отрықшылықтың дамымау себебі. 
 
КІРІСПЕ 
Қала Алтын Орда заманында ХІІІ-ХІV ғасырларда салынған. Жылой ауданы, 
ескі  Мұнайлы  ауылынан  оңтүстікке  қарай  20  шақырым,    Құлсары  қаласынан  50 
шақырым  оңтүстік-шығысқа  қарай  орналасқан.  Ертедегі  Шығыс  Европадан 
Сарайшық арқылы Хорезмге баратын жол бойында. Қала үстінде Ұшқан-ата қорымы 
бар. Онда тастан ойып жасалған құлпытастар, кесенелер, сағантамдар салынған. 
Ұшқан  (Тристарго)  қаласы  туралы  алғашқы  мәлімет  италияндықтардың  ХІV 
ғасырдағы  картасында  кездеседі.  Картада  Алтын  Орда  қаласы  «Тристарго»  деп 
кӛрсетілген [1]. 

Х.Досмұхамедов атындағы Атырау МУ Хабаршысы 
 № 4 (35), 2014 
 

 
Қаланың  кӛлемі:  150х80  метр  солтүстіктен-оңтүстікке  созылып  жатыр. 
Мәдени қабатының қалыңдығы 35-40см. Қала үсті құлпытастар мен сағантамдардан 
қатты  бүлінген.  Қаладан  шығыста  50  метр  жерде  кӛлемі  8-10  метрлік  болатын  4 
кірпіш  күйдіру  пештері  анықталды.  Археолог  Л.Л.Галкиннің  пікірінше  қала  қолӛнер 
қаласы емес, «әулиелі» жер болған.   
Ол,  қалада  қыштардың  аздығы  мен  мәдени  қабаттың  жұқалығын  аттаған. 
Қаланың жобасын сызып, ХІV-ХV ғасырда  салынған деп анықтаған [2] (1 сурет). 
ХІХ  ғасырда  Ұшқан  қаласы  туралы  А.И.Левшин  жазады.  Ол,  Ноғай  сауда 
жолындағы қала болғанын, тұщы құдық бар екенін атап ӛтеді [3].  
Қала  туралы  1732  жылғы  И.Г.Гербер    жазбалары  ерекше.  Сондықтан  оны 
толық келтірейік.                
 «Разрушенный  город  Чван-Ата  (ТsсһwаnАttаһ). 
И.Г.Гербер.  Журнал  о 
путешествии из Астрахани в Хиву и Бухару 1732 г.  
 
29  февраля
 
Мы  отправились  в  путь  отсюда  утром  и  шли  на  юг,  к  востоку  19  верст, 
потом, из-за трясины на юго-восток к востоку 3 версты и снова на юг, к востоку 20 
верст, и здесь мы прибыли в старый разрушенный город, где мы увидели не только 
фундаменты  многих  домов  и  большой  караван-сарай,  но  и  еще  стоящие  стены 
домов и подвалов из обтесанных и обожженных камней
Посередине  находился  большой  бассейн  и  еще  источник  с  прекрасной 
«чистой  водой,  и  мы  увидели  также  большое  количество  могил  на  одной  стороне 
города. Здесь, среди этих могил, мы остановились, чтобы переночевать. 
Я  искал  среди  этих  могил,  не  найдется  ли  каких-либо  надписей,  но  не  мог 
найти, они были уже испорчены временем таким образом, что нельзя было ничего 
прочитать,  кроме  некоторых  имен,  как  эмир  Мухаммед,  из  чего  можно  сделать 
вывод, что все эти могилы были мусульманские, и город, должно быть, был заселен 
такими людьми; среди этих могил была одна, где находился мусульманский святой, 
находившийся  в  караване  Бухары.  Хивинцы  и  другие  татары  сами  называли  его 
Чван-Ата  (ТsсһwаnАttаһ)  или  летающий  отец  и  говорили,  что  у  этого  старика, 
якобы,  были  крылья,  и  он  создал  и  возделал  это  место,  и  время  от  времени 
прилетал сюда, и, если здесь не хватало воды, он втыкал палку в землю, в то место
где  должен  быть  источник,  и  источник  появлялся.  У  этого  места  не  было  другого 
названия,  кроме  имени  этого  основателя,  и  оно  было  так  и  названо  -  Чван-Ата 
(ТsсһwаnАttаһ). 
У  этой  могилы  все,  находящиеся  при  караване  мусульмане,  выражали  им 
подобострастие, клали на могилу небольшое количество денег и другие вещи, как 
жертву, а вечером зажигали много огней. Это должно быть, многого стоило, строить 
здесь, потому, что  здесь, кроме, как у рек Эмба и  Яик нигде не найти древесины, 
чтобы  обжигать  кирпичи,  и  обтесанные  камни  должны  были  тоже  сюда 
доставляться издалека» [4].  
Ұшқан  қорымын  М.М.Мендикулов  [5],  1997  жылы  қаланы  З.Самашев 
зерттеген [6], С.Ажигалиев [7],  
Қала атты туралы аңыз әңгімелер бар. Аңыздан бойынша «кӛріпкел» ғалым 
Ұшқан  Ата  Мысыр  қаласынан  туысқандарының  кегін  алу  үшін  асығыс  келе  жатып 
қаза тапқан жері болғандықтан осылай аталған екен -дейді [8]. 
Алайда,  басқа  жорамалдар    бойынша  атау,  суының  шипалы  қасиеті  бар 
бұлақ  «үш  аққан»  немесе    «үш  қан»  сӛзінен  шықан  делінеді.    Сондай-ақ  XVIII 

Х.Досмұхамедов атындағы Атырау МУ Хабаршысы 
 № 4 (35), 2014 
 

 
ғасырдағы  қалмақ-торғауыттар  мен  қазақтар  арасындағы  қанды  қырғындармен  де 
байланыстырылады. 
 


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет