Х. С. Муханбеткалиев 20 ж


Тренинг №5 Тақырыбы: Әдістемелік жұмысты басқару



бет65/77
Дата06.01.2022
өлшемі1,04 Mb.
#12086
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   77
Тренинг №5

Тақырыбы: Әдістемелік жұмысты басқару.
Мақсаты: Мектептегі әдістемелік жұмыстың ғылыми жүйесін құру арқылы педагог кадрлардың кәсіби шеберлігін дамыту жолдарын игерту. Жоспары:

  1. Әдістемелік жұмысты басқару. Педагогикалық әрекет және рефлексия. Тренинг- 2с.

  2. Практикалық жұмыс. Ұжымдық рефлексиялық әрекеттер-2с.


Тренинг материалдары

Әдістемелік жұмысты басқарудың басты мақсаты тұлғалық бағдарлы оқытуға жағдай жасау болса, әр педагогтың қажеттігі мен мүмкіндігі тек қана оның сабақтарына қатысу, оқушыларының пән бойынша білім сапасын тексеру нәтижесінде ғана емес, оның өз әрекетін өзі талдау негізінде де анықталады. Әр оқу жылы аяғында және белгілі бір жұмысты аяқтаған кезде өз әрекетіне рефлексия жасау үшін төмендегідей сұрақтар тапсырылып, нәтижесі талданады:



  • менің сәтті шыққан істерім және сәттіліктің себептері.

  • менің сәтсіз болған әрекеттерім және олай болу себептері.

  • алдағы уақытта міндетті түрде енгізетін өзгерістер және олардан күтілетін нәтижелер.

Әдістемелік жұмысты әр бірлестіктің деңгейінде басқару мұғалімдер арасындағы бір-бірінің сабақтарына қатысу мен талдау, аттестацияға ұсыныстар мен материалдар дайындау, мұғалімдер арасындағы оқу жүктемесін бөлісу, оқушыларды ғылыми-ізденістік жұмысқа тарту, педагогикалық оқу орындарымен шығармашылық байланыста өзіндік жауапкершілік пен шынайы қарым-қатынас қалыптастыруға игі әсерін тигізеді. Осы бағытта инновациялық мектептерде құрылатын ғылыми-әдістемелік кеңес төмендегі қызметтерді атқарады:

  • әр пән бойынша оқу материалын жоспарлау, оған қажетті аймақтық өзгерістерді енгізуді жүйелеу;

  • мұғалімдер мен оқушылардың ізденістік жұмысына кеңес, бағыт беру;

  • сабақ жоспарын, өтілу барысын бақылау, бағалау, көмек көрсету;

  • әдістеме бірлестіктері қызметін үйлестіру, проблемаларды қарастыру, әдіснамалық, ғылыми-практикалық көмек көрсетіп отыру;

  • оқушылар білімін бақылау көрсеткіштерін талдау,коррекциялық жұмыс туралы ұсыныстар беру;

  • деңгейі әр түрлі балалармен жұмыс нәтижелерін талдау, ұсыныстар енгізу;

  • озық тәжірибе мектебі, мастер-класс, авторлық, адаптивтік бағдарламалар деңгейін зерттеу, талдау, көмек көрсету, әрі қарай таратуға, жариялауға ұсыныстар беру.

Бұл жұмыстың тиімділігі бірінші және төртінші оқу тоқсанында тексеріліп, оған оқушылар, мұғалімдер, тәрбиешілер, ата-аналар тартылады. Жұмыстың нәтижесі бойынша әр мұғалімнің жеке картасы, ұжымдық және топтық кестелер толтырылды. Қорытындысына белгіленген өлшемдер бойынша алған бағалары және эксперименттік, бақылау топтарындағы нәтижелер бөлек шығарылады. Жыл басындағы жоспарлау кезінде мектептегі әдістеме бірлестіктері мен пән мұғалімдері оқу мазмұнын нақтылап, әр оқушының дербес ерекшелігі мен жақын даму аймағын негізге алынады.

Сонымен қатар, мектеп бойынша әр пәннің мазмұнына қойылатын талаптар белгіленеді, оның орындалуы нақты өлшемдер арқылы тоқсан ғана емес, ай сайынғы аралық кезеңдерде тексеріледі, қорытындылары рейтингтік жүйе бойынша бағаланады. Мұғалімнің кәсіби шеберлігін жетілдіру бағытында түрлі тренингтер, психологиялық тестілеулер, диагностикалық зерттеулер жүргізіліп, жобалау әдісі бойынша тақырыпты зерттеу, ізденіс конференцияларына тарту жүзеге асырылады. Әр пән бірлестігі алдын нақты міндеттер қойылады. Олар:



  • қай пәнді де, қай класты да, оқыту кезінде дайын ұғымды жаттатып, есіне сақтатып, қайтадан мазмұнын айтқызудан гөрі, интеллектуалдық, шығармашылық тәсілдерді қолдану арқылы оқушының материалды игерудегі өзіндік белсенділігін арттыру;

  • жаратылыстану-математикалық пәндердің мазмұнын практикалық бағытқа көбірек аудару, яғни құбылыстар, қоршаған орта туралы нақты тәжірибеге сүйене оқыту арқылы теорияны меңгерту;

  • оқушылардың оқулықтан тыс алатын ақпарат көздерін ескере отырып, білетін нәрсесінің қолдану аясын кеңейтуге жағдайлар жасау, баланың біліміне сүйену арқылы өзіне сендіру т.б.

  • оқушының білім алуға деген дайындығын, ынта-ықыласын, интеллектуалдық қабілетін дамыту, білім беруді баланың ойлау мен практикалық әрекеттері арқылы іске асыру.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   77




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет