Тренинг №7
Тақырыбы: Жоспарлау және күтілетін нәтижелерді айқындау
Мақсаты: Басқару ісінің табыстылығы оның мақсатын анықтай және күтілетін нәтижені болжай алатынына, орындау тетіктерін таңдай алатынына байланысты екеніне қатысушылардың көздерін жеткізу.
Жоспары:
Мектеп жұмысын жоспарлау: тұжырымдамасы, мақсат-міндеттері және күтілетін нәтижелер. Лекция-1с.
Мектеп жұмысының жылдық жоспарының үлгі-моделін жасау. Мақсат, нәтиже, құралдарын анықтау. Практикум-2с.
Рефлексия. "Менің жоспарлаудағы қиындықтарым" -1с
Тақырып мазмұны
Басқару ісінің табыстылығы оның мақсатын анықтай және күтілетін нәтижені болжай алатынына, орындау тетіктерін таңдай алатынына байланысты екені бұлжымайтын аксиома. Мектеп жұмысын жоспарламас бұрын мемлекетіміздің білім саясатына, Білім және ғылым министрлігінің нормативтік құжаттарына, сол жердің әлеуметтік кеңістігі талаптарына, сонымен қатар, ата-аналар, оқушылар сұраныстарына сәйкес оның тұжырымдамасы жасалады. Тұжырымдамада мектептің атқаратын миссиясы, немесе мүддесі нақтыланып, жалпы мақсат-міндеттері, күтілетін нәтижелері белгіленеді. Аталған құжат перспективалық сипатта болғандықтан негізгі міндеттерінің орындалуы бірнеше кезеңдерге бөлініп, нақты мерзімдері белгіленеді. Осы перспективалық жоспар негізінде мектеп жұмысының жылдық жоспарының әр жыл сайынғы мақсат-міндеттері, күтілетін нәтижелері мен орындалу тетіктері, құралдары айқындалып отырады.
Мысалы, рефлексиялық басқару жүйесі бойынша жоспарлаудың оқушыларға қатысты күтілетін нәтижелері ретінде атауға болатындары: білім мен мәдени құндылықтарды игеру ісін топтасып және ұжымдасып мұғалім көмегінсіз дербес атқаруға, өз қабілетіне сай тапсырмаларды өздері таңдап, белсене орындауға үйренуі. Сабақ барысында құр мәлімет алумен шектелмей өз пікірін ашық айтып, өзара шынайы пікірлесуге және ой- өрісін, рухани дүниесін өзіндік дамытуға үйрету әрекеттері жүргізуі. Жеке жұмыстың көлемі азайып, ұжымдық іс-әрекет білім игеруде ортақ қарым-қатынас құралына айналуы, балалардың деңгейіне қарап саралауды мұғалім өз қалауымен емес, балалардың өз еркімен жүзеге асыра бастауы.
Осындай жоспарлаудың мұғалімдерге қатысты күтілетін нәтижелері ретінде атауға болатындары: ұжымдық-диалогтық әрекеттер негізінде олардың педагогикалық мүмкіндіктерінің кеңейтілуіне және жалпы мәдениетінің жетілуіне, ғылыми-ізденістік, тәжірибелік-эксперименттік әрекеттерін дамытуға мүмкіндіктер туғызылуы. Мұғалімдер өздерінің кәсіби өсуінің нәтижесін оқушылармен бірлескен жұмыста пайдалануға, өзінің жеке оқушыларының жетістіктерін іс-әрекет нәтижесінде көрсетуге ынталылық пайда болады. Мысалы, олар педагогикалық және әдістемелік кеңестер, семинарлар, практикалық жұмыстар, апталықтар мен ізденіс конференцияларына, сайыстарға қатысуға, оларды өткізуге өздері ықпал
Достарыңызбен бөлісу: |