Хабаршы №3-2011ж


ЛИНГВИСТИКАЛЫҚ ТЕРМИНДЕРДІҢ



Pdf көрінісі
бет17/20
Дата03.03.2017
өлшемі1,76 Mb.
#6021
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   20

 
ЛИНГВИСТИКАЛЫҚ ТЕРМИНДЕРДІҢ 
ТЕРМИНОЛОГИЯЛЫҚ ПРИНЦИПТЕРГЕ ҚАТЫСЫ 
 
Қазіргі 
таңда 
терминологиялық 
бірліктерге 
қойылатын 
принциптердің  ерекшелігі    ғылыми  коммуникация  аспектісінде  тіл 
білімінің  өзекті  мәселелерінің  біріне  айналды.  Атап  айтқанда, 
терминдік  бірліктерге  қойылатын  принциптер  мәселесі  жалпы  тіл 
білімі  (ағылшын,  неміс,  француз,  орыс,  т.б.  тілдерінің)  материалдары 
бойынша  қарастырылып,  оған  көптеген  арнайы  зерттеу  еңбектері 
жазылды.  Бұл  мәселе  философия,  логика,  текстология,  тіл  білімі, 
терминтаным,  лексикография,  семасиология  сияқты    түрлі  ғылымдар 
негізінде зерттелінді.  
Академик Ө. Айтбайұлы «Қазақ сөзі» еңбегінде: «Жалпы, термин 
жасау дағдысында Ахмет Байтұрсынұлы ұстанған ең басты принципті 
анық  аңғарамыз.  Оның  бірі  және  ең  негізгісі  –  термин  жасауда  қазақ 
сөзінің өз мүмкіндігін сарқа пайдалану. Термин жасау принципінде ана 
тілдің 
ішкі 
сырын 
жете 
пайдаланды 
дегенде 
де, 
біз                                     
А.Байтұрсынұлының  өзге  озық  ел  тілдерінің  грамматикалық 
категориялар  түзудегі  тәжірибесін  терең  меңгергенін  байқамай  тұра 
алмаймыз»,  -  дейді  [1,  29  б.].  А.Байтұрсынұлының  терминологиялық 
мұрасының қазақ тіл білімі ғылымының сөзжасам мүмкіншіліктерінің 
кең  және  терең  көрсеткіші  екенін  көрсетеді.  Ахмет  Байтұрсынұлы 
қазақ  терминологиясының  тарихында  тіл  білімі  мәселелерiн  шешiп 
қана  қоймай,  нақты  ғылыми,  ғылыми-әдiстемелiк  ұғымдар  мен 
Пожалуйста

зарегистрируйте
 
свою
 
копию
 pdfFactory Pro 
www.pdffactory.com

 
 
 
 
 
 
 
               
Хабаршы №3-2011ж.  
 
 
177 
терминдердi алып келген, солардың көпшiлiгiн бiрiншi болып өзi атап, 
содан  соң  ғана  ғылыми  өндіріске  жіберген.  А.Байтұрсынұлы  жасаған 
ғылыми  терминдер  қазіргі  тіл  білімінің  талаптарына  толық  жауап 
береді, әрі терминология теориясына сәйкес жасалған деп айтуға негіз 
бар. Мәселен, А.Байтұрсынұлы жасаған терминдер қарапайым халыққа 
түсінікті, сол кездегі қазақ халқының менталитеті мен дүниетанымдық 
әлеміне  сәйкес  жасалған.  Жоғарыда  келтірілген  тұжырымдар  мен 
мысалдардан  А.Байтұрсынұлы терминжасамда бірнеше принциптерді 
басшылыққа алғандығын байқау қиын емес: 
1.  терминдер  ұлт  тілінің  негізінде  жасалып,  ұлттық  танымдық 
құбылыстармен сәйкес келуі; 
2.  терминдер  оқырманға  түсінікті  және  пәннің  ғылыми 
категориясы мүмкіндігін көтеруі; 
3.  шет  тілдерінен  енген  терминдерді  ұлт  тіліндегі  баламасы 
табылмаған жағдайда  сол  қалпында  қолдану  және  шетел  терминдерін 
қолдану үстінде барынша анықтамалар арқылы   түсіндіру; 
4. терминжасамдағы бірізділіктің сақталуы, т.б. 
Жалпы  алғанда,  А.Байтұрсынұлы  -  XX  ғ.  басындағы  қазақ 
терминологиясын  қалыптастыру  мен  дамытудың  бағыт-бағдарын 
айқындаушы,  яғни,  қазақ  терминологиясының  тұңғыш  ғылыми 
терминологиясының 
қағидаттарын 
жасаушылардың 
бірі. 
А.Байтұрсынұлы қазақ тіл білімінің негізін салумен қатар, сөзсіз қазақ 
тіл  білімінің  терминологиясын  қалыптастырды.  Оның  жасаған 
терминдері  тіл  білімінің  барлық  салаларында  қолданыс  тапқан. 
Ғалымның  ғылыми  өндіріске  енгізген  терминдерінің  осы  уақытқа 
дейін  құндылығын  жоймай,  қолданыста  болуының  бір  себебі  -  ғалым 
жасаған  терминдердің  тілтаным  сұранысына  толықтай  жауап  бере 
алатындығында.  Оның  ғылыми  еңбектері  тек  тілтаным  саласын  ғана 
емес  ғылымның  басқа  да  педагогика,  әдебиет,  философия,  медицина, 
информатика секілді салалaрында да қамтитындығы белгілі.  
Сонымен  қатар  тіл  білімі  теориясын  зерттеуде  Н.Т.Сауранбаев 
еңбектерін  ерекше  атап  өту  қажет.  Ғалым  өз  еңбегінде  қазақ  тілінде 
терминжасамның  өнімді  жолдары  ретінде  екі  тәсілді  көрсетеді: 
«біріншісі  –    сөзбе-сөз  аудару,  екіншісі  –  сөздің,  иә  сөз  тіркесінің 
мазмұнын ғана қазақшалау»  [2, 66 б.]. 
Термин  түзуге  қатысты  академик  Ә.Т.Қайдаров  термин  түзудің  
11 принципін көрсетеді. Жалпы терминжасам принциптерінің ескерілуі 
–  замана  талабы,  уақыт  сұранысына  тікелей  байланысты.  Академик 
А.Қайдаров  «Қазақ  тілі  терминологиясына  жаңаша  көзқарас»  атты 
еңбегінде  термин  түзудегі  аталған  принциптерді  былайша  санамалап 
көрсетеді:  
 
1-принцип:  Егеменді  ел,  тәуелсіз  мемлекеттің  басты  белгілерінің 
Пожалуйста

зарегистрируйте
 
свою
 
копию
 pdfFactory Pro 
www.pdffactory.com

 
 
 
 
 
 
 
               
Хабаршы №3-2011ж.  
 
 
178 
(атрибуттарының)  бірі  –  мемлекеттік  тіл  десек,  оның  негізгі 
тіректерінің  бірі  –  терминологияны  жан-жақты  дамытуға,  реттеуге, 
қалыптастыруға,  кеңінен  қолдануға  сол  мемлекеттің  өзі  қамқорлық 
жасауы керек.  
2-принцип:  Қазақ  тілі  терминологиясының  жақсы  дәстүрлерін 
жалғастыра,  өскелең  өмірдің  биік  талап-талғамына  сай  жүз  беріп 
отырған  бұқаралық  үрдістің  тіл  үшін  тиімді  де  қажетті  жақтарын 
саналы түрде пайдалану.  
3-принцип:  Салалық  терминдер  мен  атауларды жаңадан  жасауда, 
өзгертуде,  ауыстыруда  ең  алдымен  қазақ  тілінің  төл  және  бұрыннан 
қалыптасқан байырғы лексикалық байлығын сарқа пайдалану.  
4-принцип  (қазақ  терминологиясы  үшін  жаңа  бағыт):  Термин 
шығармашылығында  бұдан  кейін  туысқан  түркі  тілдерінің  (әсіресе 
терминология  дәстүріне  бай  жазба  тілдердің)  озық  тәжірибиелерінен, 
терминдік  өрнек-үлгілерінен,  оңтайлы  да  үйлесімді  сөз  жасау 
модельдерінен мүмкіндігіне қарай пайдалану.  
5-принцип  (бұрынғы  принциптің  жаңаша  баяндалуы):  Тіліміз 
үшін  қажет,  бірақ  дәл  баламасы  жоқ,  аударуға  келе  бермейтін 
интернационалдық  терминдер  мен  атауларды  қазақ  тілінің  өз 
ерекшеліктеріне икемдеп қабылдау. 
6-принцип:  Орыс  тілінен  (жалпы  славян  тілдерінен)  енген 
терминдік атауларды мүмкін болғанынша қазақшаға аударып қолдану; 
аударуға келмейтіндерін бұрынғыдай сол қалпында емес, қазақ тілінің 
фономорфологиялық ерекшеліктеріне үйлестіре қабылдау.  
7-принцип  (қысқартылған  терминдер  мен  атаулар  жайында): 
Салалық  күрделі  терминдер  мен  атауларды  қазақ  тілінің  өз  негізінде 
алғашқы  әріптері  мен  буындары  бойынша  (сөз  араластырып  та) 
кеңестік  интернационалдық  термин-атаулардың  үлгісімен  қысқартып 
қолдануды заңдастыру.  
8-принцип:  Күн  санап  толассыз  туындап  жатқан  терминдік 
ұғымдарға  тілімізден  дәл  балама  іздеуде  де,  термин-атауларды 
жаңадан жасауда да жалпы терминдерге тән талаптарды сақтай отыра, 
дәстүр мен шарттылық заңдылығын мойындау.  
9-принцип:  Тілімізге  қабылданатын  терминдер  мен  атаулардың 
мағыналық,  тұлғалық  жағынан  жақындарын  өзара  топтастырып, 
салыстыра  отырып,  лексикалық  байлығымызды  салалық  жүйе 
бойынша жіктеп,  саралап пайдалану. 
10-принцип:  Тіліміздегі  ұлттық  және  интернационалдық  термин-
атаулардың  сандық  және  сапалық  ара  салмағын  табиғи  қалыпта 
сақтаудың жолдарын іздестіру. 
11-принцип:  Терминдер  мен  атауларының  емлесін  тіл  заңына, 
жазу дәстүріне сәйкес реттеу қажет деп санамалап көрсетіп береді [3]. 
Ғалымның  аталған  принциптерін  Ө.Айтбаев  құптай  келе,  олардың 
Пожалуйста

зарегистрируйте
 
свою
 
копию
 pdfFactory Pro 
www.pdffactory.com

 
 
 
 
 
 
 
               
Хабаршы №3-2011ж.  
 
 
179 
ішіндегі негізгілері деп үшінші, төртінші, бесінші, алтыншы, жетінші, 
сегізінші, он бірінші принциптерді айтуға болатын сияқты. Басқалары -
күнделікті қажеттілікке орай қатар жүргізіліп  отыруға тиісті шаралар. 
Солардың  ішінде  үнемі  күнделікті  назарда  тұратыны  –  өз 
байлығымызды  сарқа  пайдалану,  түркі  тілдерінің  тәжірибесін  ескеру, 
интертерминдерді  тіл  заңдылығына  сәйкестендіріп  қабылдау,  дәстүр 
мен  шарттылықты  мойындау,  атауларды  қысқартып  алу  жайы,  жазу 
дәстүрімізді  сақтау  тәрізділері.  Терминжасам  процесінде  болып 
жататын ала-құлалықтардың көбі осы шарттардың ескерілмеуінен, тіл 
заңдылығының аяқасты етілуінен деп білеміз. Заман талабы ескерілген 
бұл  принциптер,  сөз  жоқ,  қазақ  тілінде  термин  реттеуге  себі  тиер  игі 
үлгі.  Мұндай  жаңа  үрдіс  қазақ  тілінің  қайта  жасалуға  тиісті  емле 
ережелеріне енгізген жөн деп санайды [4, 60 б.]. 
Сонымен  қатар,  профессор  Ө.Айтбайұлы  қазақ  тілінде  термин 
жасаудың басты қағидаттарына жеті принципті ұсынады: 
1.
 
...  бірінші  және  ең  негізгі  принцип  ретінде  біз  қазақ  тілі  сөз 
байлығын  барынша  сарқа  пайдалану  деп  білеміз.  Бүл  үнемі  айтылып 
келгенмен, осы принципке әлі күнге жете мән берілмей келгенін несін 
жасырамыз. Мұны ұстану – басты парызымыз. 
2.
 
Терминжасамда  тіл  байлығын  сарқа  пайдалану  принципі 
сарқылған  кезде  екінші  бір  қазынаның  көзі  ашылады.  Ол  –  түп  негізі 
бір  түркі  тілдерінің  сөз  байлығы.  Біз  күні  бүгінге  дейін  бұл 
байлығымызды да ескермей келдік. Ендеше түркі тілдері сөз байлығын 
сарқа пайдалану принципін естен мүлде шығаруға болмайды. 
3.
 
Қазақ  тілі  арнайы  лексикалық  құрамын  байыта  түсуге  тиісті 
үшінші  бір  принцип,  ол  интернационалдық  терминдерге  байланысты 
мәселеден  туындайды.  Өрескел  қателіктер  осы  интертерминдер 
негізінде  орын  алып  келгені  мәлім.  Мұны  игерудің,  тілге  ендірудің, 
қабылдаудың, 
біздіңше, 
үш 
түрлі 
жолы 
бар 
сияқты. 
Интертерминдердің  мағынасын  дәл  беретін  балама  табу,  ...  сөзбе-сөз 
аудару, калькалау, ... қазақ тілінің заңдылығына бағындыра қабылдау. 
4.
 
Қысқарған термин жасау принципі. 
5. 
Академик  Ә.Қайдаров  арнайы  атап  көрсетіп  отырған 
шарттылық  принципі.  Термин  негізінде  белгілі  бір  қалыпқа 
түсіп,  соны  қатып  ұстайтын  арнайы  лексикалық  қабатты  құрайтын 
болғандықтан  да  шарттылық  болмай  тұрмайды,  –  дей  келе 
Ө.Айтбайұлы  екі  мәселені  әлі  принцип  ретінде  айқындала 
қоймағандығына назар аудартады: 
6. 
Терминдер, 
сондай-ақ 
жазу 
принциптеріне 
қарай 
бейімделетін  болғандықтан,  олардың  тағдыры  емле  ережелеріне  де 
байланысты. 
 
7. 
Бұл  шараның  бәріне  де  мемлекет  тарапынан  үздіксіз 
Пожалуйста

зарегистрируйте
 
свою
 
копию
 pdfFactory Pro 
www.pdffactory.com

 
 
 
 
 
 
 
               
Хабаршы №3-2011ж.  
 
 
180 
қамқорлық  қажет-ақ...  негізгі  принциптер  қатарына  қосса  да 
қоспаса да болады деп есептейміз, – дегенді айтады [5, 121 б.]. 
Соңғы  кезде  қолданысқа  енгізіліп,  жалпы  халыққа  ұсынылып 
жүрген  терминдерде  біраз  кемшіліктер  мен  олқылықтар  бола  тұра, 
жалпы  терминжасамда  Ш.Құрманбайұлы  ұсынған:  терминдерді 
барынша  өз  тілімізден  алу,  бірізділік,  бірмағыналылық,  жүйелілік, 
стандарттау, т.б. қағидаттарды ұстануға деген талап бірден байқалады. 
Қазіргі  қазақ  тілі  терминологиясы  жылдан-жылға  дамуының 
нәтижесінде  күрделене  түскенінін  байқаймыз.  Дегенмен,  ғалымдар 
арасында екі  түрлі пікір  қалыптасқан. Бірі – термин атаулының бәрін 
ұлт  тіліне  аудару  қажет  десе,  екіншісі  –  халықаралық  терминдерді 
аудармай, сол қалпында қабылдауды ұсынады. 2000 жылы ҚР Үкіметі 
жанындағы  Мемлекеттік  терминология  комиссиясы  бекітуімен 
ғылымның  барлық  салаларын  қамтитын    «Қазақша-орысша,  орысша-
қазақша  терминологиялық  сөздіктегі»  (31  томдық)  әр  терминге  ұлт 
тілінің  негізінде  терезесі  тең  балама  табу,    қиюы  келмейтін  реттерде 
халықаралық 
қолданыстағы 
атауларды 
ұлт 
тілінің 
ішкі 
заңдылықтарына  сәйкестендіріп  алуды  негіздейді.  Терминология 
ғылымының  барлық  салаларында  да  зерттеу  жұмыстары  жүргізіліп, 
сөздіктер жасалып, терминдер әртүрлі жолдармен  жасалынуда. Соның 
ішінде  лингвистикалық  терминдердің  дамуы  жүйеленіп,  талданып 
тұрақтана бастағанын байқауға болады [6]. 
Терминологтердің 
қазіргі 
терминологияда 
қолданатын 
ұстанымдары  жоғарыда  айтылған  мәселелерге  сәйкес  келеді.  Ал 
ондағы  көрсетілген  шарттарға  сүйене  отырып,  қандай  да  болмасын 
терминнің  қолданысы  мен  болмысына  қойылатын  талаптар  жай 
сөздерге қарағанда қатаңырақ болатындығын байқауға болады. 
Ш.Құрманбайұлы  термин  табиғатына  көптеген  қойылатын 
талаптардың ішінен негізгілері деп төмендегі жеті белгісін көрсетеді: 
1. терминнің бір мағыналылығы;  
2. термин мағынасының дәлдігі;  
3. терминнің қысқалығы мен ықшамдылығы; 
4. терминнің тілдегі сөзжасам заңдылықтарына сәйкес келуі;  
5. терминнің туынды сөз жасауға қолайлы болуы;  
6. терминде эмоционалдылық пен экспрессиялықтың болмауы;  
7.  эстетикалық  талаптарға  сай    келуі  (құлаққа  жағымды  болуы, 
жаргон,  арго  сөздерінің  термин  ретінде  таңдалмағаны жөн)    [7,  58-62 
бб.]. 
Ал  аталған  талаптар  жалпы  терминдік  бірліктермен  қатар, 
лингвистикалық терминжасамдағы терминдердің де осы талаптарға сай 
жасалуы  қарастырылуда.  Лингвистикалық  терминдерге  келер  болсақ 
бұндай  талаптарға  грек,  латын,  француз,  орыс  тілдері  негізінде 
жасалған  терминдер  мен  терминдік  белгілерді  үлгі  ретінде  қабылдау  
Пожалуйста

зарегистрируйте
 
свою
 
копию
 pdfFactory Pro 
www.pdffactory.com

 
 
 
 
 
 
 
               
Хабаршы №3-2011ж.  
 
 
181 
әлдеқашан 
басшылыққа 
алынып 
лингвистикалық 
терминдер 
қалыптасып орнығып қалғандығын байқау қиын емес.  
Жалпы термин тілдік қолданысқа еніп, ғылыми кеңістіктен орын 
табу үшін бірнеше процестерден өтіп барып  терминологиялық өріске 
енеді. Термин деп танылған бірлік тілдік қолданысқа терминологиялық 
сөздіктер,  оқулықтар,  бұқаралық  ақпарат  құралдары,  т.б  арқылы 
көпшілікке  ұсынылады,  яғни  терминологиялық  өріс  айналымына 
түседі.  Осы  кезде  терминнің  қолданысқа  кеңінен  енуі  немесе  енбеуі 
анықталады. Ондағы терминді тану мен анықтау мәселесі көпшіліктің 
құзырында  болады.  Яғни,  термин  –  терминжасамның  өріс 
айналымынан  орын  тапса  ғана  термин  деп  танылып,  қалыптасып 
кетеді.  
Терминологиядағы  термин  жасаудың  бірден-бір  көзі  –  аударма. 
Терминологиядағы  термин  жасау  -  өте  күрделі  мәселе.  Ол  негізінен 
тілдегі сөзжасам процесінің аясына енеді. Сөзжасам процесінде, оның 
ішінде терминжасам барысындағы негізгі тірек, басты материал – ұлт 
тілінің  сөз  байлығы.  Өзге  тілден  енген  терминдердің  баламасы 
табылмаған жағдайда аударма ісі арқылы ұлт тілінің материалдарынан 
балама  іздеу  қажет  болады.  Ұлт  тілінің  материалдары  негізінде 
аударма  процесін  пайдаланып,  терминжасау  мүмкіншілігін  пайдалану 
қажет.  Аударманың  осындай  ішкі  өз  мүмкіндігі  терминжасам 
процесіне  тікелей  қатысты  болады.  Ш.Біләлов  терминді  аударуға 
байланысты қойылатын бірнеше талаптарды атап көрсеткен. 
1. тілдер арасында мәнді сәйкестік; 
2. аудармада үндестік заңының сақталуы; 
3. мағынасының дәл бейнеленуі; 
4. жүйелі сөз құрылымы; 
5. қисынды сөздік байланыстар; 
6. ұлттық нақышта көрінген сөз өрнектер [8, 122 б.].  
Қазақ  тілінде  терминдерді  басқа  тілдерден  аудару  кезінде 
көптеген  қиыншылықтар  кездесетіні  белгілі.  Терминжасамның  ішкі 
лексикалық көздеріне грамматикалық және лексикалық сөздері арқылы 
жасалған    терминдік  қатарлар  жатады  және  олардың  өздері  бірнеше 
топқа: 
1.кәсіби сөздер; 
2.көне (архаизм) сөздер; 
3.диалект сөздер; 
4.  көнетүркілік  сөздер  болып    бөлінеді,  олардың  морфологиялық 
қатары: етістік мәнді, заттық мәнді болып екі топқа бөлінеді [9, 46 б.]. 
Терминология 
ғылымындағы 
жоғарыда 
көрсетілген 
принциптерден  лингвистикалық  терминдердің  жасалуы  алшақ  емес. 
Ұлттық  тілдің  негізіндегі  жасалған  лингвистикалық  терминдерге 
сөйлем мүшелері: бастауыш, баяндауыш, анықтауыш, толықтауыш, 
Пожалуйста

зарегистрируйте
 
свою
 
копию
 pdfFactory Pro 
www.pdffactory.com

 
 
 
 
 
 
 
               
Хабаршы №3-2011ж.  
 
 
182 
пысықтауыш, т.б. жатқызуға  болады. Қазіргі  уақытта  қазақ тіл білімі 
жаңаша  бағытта,  ауқымды  түрде  дамып  келеді.  Осыған  сәйкес  тіл 
білімінің жаңа салалары жаңа терминдік  бірліктерді өндіріске енгізіп, 
терминологиялық  өрістің  аясын  кеңейтуде.  Тіл  біліміндегі  жаңа 
бағыттар:  лингвокогнитология,  ономасиология,  социолингвистика, 
этнолингвистика,  психолингвистика,  т.б.  салалары  жаңа  терминдерді 
тудыруда.  Мұндай  терминдер  қазақ  тілінде  жоғарыда  аталған 
принциптер 
негізінде 
тілімізде 
қолданылып 
қалыптасуда. 
Терминология  саласында  жоғарыда  көрсетілген  принциптерді 
басшылыққа  алудың  маңызы  зор.  Ұлттық  терминдерді  мейлінше  ұлт 
тілінің  негізінде  жатық  әрі  мәнді  етіп  қолдану  үшін  аталған 
принциптердің негізіне сүйену арқылы ғылым тілін ұлт тілінде жасауға 
болады.  Терминдік  жүйеде  бұрыннан  қалыптасып,  тілде  кең  орын 
алған  халықаралық  терминдер  саны  лингвистикалық  терминдер 
арасында да басым. Алайда олардың барлығын аударма тәсілі арқылы 
ұлт  тіліне  бейімдеудің  өзінде  шарттылықтың  болғаны  дұрыс.  Себебі, 
халықаралық  терминдік  бірліктерді  жаппай  аудару  біршама  жағдайда 
қажет  емес.  Өйткені  әлемдік  лингвистиканың  деңгейіне  қазақ  тіл 
білімін  көтеретін  болсақ,  халықаралық  терминдердің  де  қолданыста 
жүруін заңды деп тану қажет. 
Ө.Айтбаев  қазақ  тілінде  терминдік  қорды  жетілдірудің  негізгі                   
3  бағыттағы  жолын  қарастырады:  1)  өз  сөздік  құрамымыздың  ішкі 
мүмкіндігін  сарқа  пайдалана  алатын  ұлттық  тіл  жасау;  2)  дайын 
терминдер  беретін  немесе  калькалау  тәсілін  ұсынатын  орыс  тілін 
пайдалану; 3) дайын күйінде термин беретін немесе калькалау тәсіліне 
ерік  беретін  халықаралық  терминдерді,  орыс  тілі  немесе  өзге  тілдер 
арқылы 
енген 
кірме 
терминдерді 
пайдалану 
[10,153б.]. 
А.А.Реформатский  терминдердің  экспрессивті  мағынасынан  қашу 
үшін терминге қойылатын талаптарды сақтай отырып, терминдерді дәл 
тұлғасымен 
беріп, 
нақтылай 
түсу 
үшін 
мүмкіндігінше 
интернационалдық терминдер болып саналатын грек, латын тілдерінің 
материалдарын  көбірек  пайдаланып,  термин  ретінде  қалыптастыру 
қолайлы деген тұжырым айтады [11, 46-54 бб]. 
Лингвистикалық терминдердің жасалуына қатысты отандық және 
шетелдік  ғалымдардың  пікір-көзқарастарын  қорытындылай  келе, 
лингвистикалық терминдер табиғатына тән  мынадай негізгі белгілерді 
атап, тұжырым жасауға болады. Сонымен лингвистикалық терминдер:  

 
 тілдегі терминологиялық қордың бір бөлігі; 

 
 лингвистика ғылымының әлеуетін көрсететін бірлік; 

 
 құрамы  түбір,  туынды,  күрделі  (тіркесті)  тұлғалар  арқылы 
жасалады;  

 
 тіл білімінің негізгі терминологиялық жүйесін құрайды;  

 
 сан жағынан шектеулі;   
Пожалуйста

зарегистрируйте
 
свою
 
копию
 pdfFactory Pro 
www.pdffactory.com

 
 
 
 
 
 
 
               
Хабаршы №3-2011ж.  
 
 
183 

 
 мағынасы  сала  мамандарымен  қатар,  көпшілікке  түсінікті 
жалпыхалықтық сипатқа ие;  

 
 қолданылу жиілігі жоғары; 

 
 әмбебаптық  сипатқа  ие,  қоғам  өмірінің  түрлі  салаларында 
қолданылады. 
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі: 
1.  Айтбайұлы  Ө.  Қазақ  сөзі  (Қазақ  терминологиясының  негіздері).  – 
Алматы: Рауан, 1997. – 240 б. 
2. Сауранбаев Н.Т. Қазақ тіл білімінің проблемалары. - Алматы: Ғылым. 
1982. – 352 б. 
3.  Қайдаров  Ә.  Қазақ  терминологиясына  жаңаша  көзқарас.  –Алматы: 
Рауан, 1993. - 43 б. 
4.  Айтбаев  Ө.  Қазақ  тіл  білімінің  мәселелері.  Вопросы  казахского 
языкознания. – Алматы: Арыс, 2007. -624 б. 
5.  Қайдаров  Ә.,  Айтбаев  Ө.  Тіл  майданы,  мақалалар.  толғаулар, 
сұхбаттар. Алматы, Арыс, 2000, 318 6. 
6.  Қазақша-орысша,  орысша-қазақша  терминологиялық  сөздік:  Әдебиет 
және лингвистика. - Алматы: Рауан, 2000. 27том. – 288 б. 
7. Құрманбайұлы Ш. Терминтану. Алматы: Атлас, 2006. – 244 б.      
8.  Біләлов  Ш.А.  Ұлттық  ғылым  тілін  қалыптастырудың  өзекті 
мәселелері.  -  Алматы,    Теориялық  және  қолданбалы  математика 
институты. 1996. – 426 б. 
9.  Қайдар  Ә.,  Оразов  М.  Түркітануға  кіріспе.-  Алматы:  Арыс,  2004.  –              
360 б. 
10. Айтбайұлы Ө.А. Қазақ терминологиясының дамуы мен қалыптасуы. –
Алматы, 1988.- 208 б.  
11.  Реформатский  А.А.  Что  такое  термин  и  терминология?//  Вопросы 
терминологии. – М.: Наука, 1961. С. 46-54. 
*** 
В  статье  всесторонне  рассматриваются  вопросы  об  отношении 
лингвистических  терминов  к  терминологическим  принципам,  а  также 
говорится  о  том,  что  особенности  принципов,  предъявляемых  к 
терминологическим  единицам  в  настоящее  время  являются  также 
актуальной проблемой в языкознании в аспекте научной коммуникации. 
*** 
In  article  questions  on  the  relation  of  linguistic  terms  to  terminological 
principles are comprehensively considered, and also is said that features of the 
principles  shown  to  terminological  units  now  are  also  an  actual  problem  in 
linguistics in aspect of scientific communications. 
 
 
 
 
 
 
Пожалуйста

зарегистрируйте
 
свою
 
копию
 pdfFactory Pro 
www.pdffactory.com

 
 
 
 
 
 
 
               
Хабаршы №3-2011ж.  
 
 
184 
ӘОЖ 811.512.122’373.62                                                   
Ахметова А.А.- аға оқытушы,  
С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық  университеті,  
Астана қ. 
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   20




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет