САПАЛЫ БІЛІМ - САНАЛЫ ҰРПАҚ ТӘРБИЕСІ
Бүгінгі білім алушы - ертеңгі маман. Қазақстанның болашағы да-
сол ертеңгі мемлекеттің әлеуметтік және кәсіптік проблемаларын өз
бетінше шеше алатын жоғарғы білімді, әрі бәсекеге қабілетті
мамандардың қолында. Жас ұрпақтың заман талабына сай білім алуы
үшін мемлекет мүмкін болған жағдайдынң бәрін жасап отыр.
Реформалар жүргізілуде, саладағы кәсіпкерлік дамытылып, жаңа озық
технологиялар практикаға енгізіліп жатыр. Қазақстан мемлекет ретінде
жаңадан қалыптасып, экономикалық дағдарысқа ұшыраған қиын
кезеңнің өзінде-ақ, көптеген жастарымыздың әлемдік деңгейдегі
жоғары оқу орындарында барынша мол білім алуы үшін Елбасымыз
«Болашақ» арнайы степендиясын тағайындады. Мысалға Канада
мемлекетінің Торонто қаласында осы бағдарлама аясында біздің 150
студент білім алуда. Шын мәнінде, өзіндік стратегиялық қағида, санаға
сиятын саясат еді. Онсыз жаңа дербес мемлекет құрып, оны дамыту
мүмкін емес болды.
Халықтың білім деңгейі көтеріледі, ертеңгі күні еліміздің басты
байлығына айналуға тиіс зияткер элита шынымен де қалыптасып келе
ме, жоқ па - осы мәселелерді сарапқа салып, бұған жұмсалған күш-
қуат, ынта-жігердің нақты нәтижесін шынайы бағалап жатқан ешкім
жоқ. Қазіргі реформалар мен бағдарламаларды жүзеге асырып
жатқандар халыққа білім беру мәселесін көбінесе экономика не
Пожалуйста
,
зарегистрируйте
свою
копию
pdfFactory Pro
www.pdffactory.com
Хабаршы №3-2011ж.
119
әлеуметтік саладағы қайта құру сияқты деп ойлайды. Ал халық ағарту
ісі жаңаша оқыту көлемін көбейту ғана емес, бұл ауқымы әлдеқайда
терең және кең ұғым. Кезіндегі кеңестік иделогия біздің санамызға
«Әлемдегі ең сауатты ел» деген сенімді сіңірді. Бұл жүйе, шынында
да, тарихы қысқа мерзімнің ішінде халықты жаппай сауаттандырғаны
рас. Алайда осы сауаттылық саяси апаттарға ұшырап, ақыр соңында
жоқ болып тынған қоғамның игілігіне айнала алды ма? Зиялы қауым
сол кездегі жүйенің тек айқайшы-сыншысы ғана болды, бірақ дербес
мемлекет құру жолындағы алдыңғы қатарлы қозғаушы күш бола алған
жоқ. Ал бүгінгі күні халіміз қалай? Білімді адамдар бұрынғыша
баршылық, бірақ өресі биік нағыз бекзаттың тобы айқындалып, қатары
молайған жоқ. Сан жылдар бойы сындарлы сынақтан өтіп, берік
қалыптасқан дүниелерді қайта бұзып, әлдеқандай түбегейлі
реформалар жасағаннан гөрі, алға қойған мақсатты орындаудың түрлі
тәсілдерін жетілдіріп, оларды неғұрлым айқындай түсуді жақтаймын.
Қоғам дамуындағы аттап өтуге болмайтын оқиғалардың да
тарихи үрдіс екенін мұқият ескере келгенде, мұны тездетудің тиімді
бір жолы бар. Ол үшін біздің мемелекетіміз барлық сала бойынша,
әсіресе, бірінші кезекте мемлекеттік секторда кәсіби біліктілікті
арттыруға баса назар аударуы қажет. «Адамдардың басым көпшілігі
білім алумен айналысады, бірақ нағыз біліктілер аз» деген қалыптасқан
ұғым бар. Қазір біздің жағдайымыз да тап осындай. Кәсіби
біліктілердің саны жалпы білімділердің санына мүлдем кереғар.
Сондықтан білім беру ісі мен кәсіби біліктілікті бір категорияға
тоғыстырып, жақындастыру қажет. Онсыз білімді қоғамда, оның
жемісті нәтижелері де болмайды. Асығыс «атүсті» әрекет жасауды
тоқтату керек. Өткен ғасырдың соңғы онжылдығында жағдайды жан-
жакты барлап, ірі ауқымды реформаларды мұқият ойластырып жасауға
біздің мемлекетімізге тарихтың өзі мүмкіндік бермеді. Бүгінгі жағдай
мүлдем басқаша. Жаңаша шешім қабылдап, жаңаша қимылдайтын кез
енді келді. Жоспарланған және жүзеге асқан экономикалық
бағдарламалар мен шараларды сарапқа салып, есебін шығарып қана
қоймай, олардың қоғамға жасаған зардабын ой талғамынан өткізіп,
санаға салу қажет. Қазіргі кезде идея генераторлары түгілі, дарынды
орындаушылардың өзін табу қиын. Әрине, бүгінгі күн ертеңге жетелер
қадам екені рас. Жаңа бекзаттықты қалыптастыру үшін қабілетті,
дарынды, отансүйгіш жастарды тауып, әлпештеп тәрбиелеу қажет.
Қазіргі кезде әртүрлі сыйлықтар тағайындайтын меценаттардың бар
екендігі көңілге демеу болады. Болашақта мүмкін ғылыми,
шығармашылық ортаға ірі және орта кәсіп өкілдері бет бұрар.
Еліміздегі зияткерлік элитаны қолдап, демеу беретін тұрақты қорлар
ашылса жақсы болар еді. Бұл жағдайда ғылым мен бизнестің арасында
қоғамдық
жаңа
қарым-қатынас
пайда
болып,
өнер
мен
шығармашылықты қолдайтын жаңа мүмкіндіктерге жол ашылар еді.
Пожалуйста
,
зарегистрируйте
свою
копию
pdfFactory Pro
www.pdffactory.com
Хабаршы №3-2011ж.
120
Қазіргі қоғамның тағы бір басты сипаты: адамзат тіршілігінің
барлық салаларына, қоғамдық, әлеуметтік және экономикалық қарым-
қатынастарға өрісін жайып келе жатқан жаһандану құбылысы.
Жаһандану ғылым мен техниканың жаңа сапалық деңгейге
көтерілуінің және адамдардың «тіршілік ету кеңістігінің кішірейіп»,
«ара қашықтың қысқаруын», «ақпараттық шекаралардың жойылып
кетуін
тудырған
ақпараттық-коммуникациялық
революцияның
нәтижесінде,
сонымен
қатар
әлемдік
саяси-экономикалық
қатынастарын реттестіру, қоршаған ортаны қорғау, қатерлі індеттердің
алдын алу, халықаралық лаңкестік, демографиялық және гендерлік
ділгірліктер сияқты аса күрделі мәселелерді бірлесіп шешу
қажеттілігінен туып отыр.
Осылайша біртіндеп мемлекет пен халықты бір мүддеге
тоғыстыратын құрылымды, клубтарды, қоғамды жасайтын жүйе
қалыптастыру керек. Енді бұрынғыдай «асханадағы аспаз да ел басқара
алады және басқаруға тиіс» дейтін төңкеріс заманның ескі ұранына
қайта оралудың қажеті жоқ. Билік құрылымдарының басына ойлау
мәдениеті неғұрлым жоғары, жалпыұлттық мәселелерді шешуді биік
деңгей танытып, құлшына еңбек ететін адамдар келуі керек. Осы
айтылғандардың бәрі жүзеге асырылса, қоғам дамуы қарқындай
түсетін болады.
...Ескі элитаның орнын жаңа буын алмастырады. Олар жаңаша
ойлап, таптаурын болған сүрлеумен емес, соны соқпақтармен жүреді.
Әйтсе де, жастар бұған дейінгі таңдаулы тәжірибелердің мол мұрасын
қабылдаса, нұр үстіне нұр болар еді.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
1.
Формирование общества, основанного на знаниях. Новые задачи
высшей школы./ пер.с англ.-М.,2003.
***
В данной статье излагаются требования к специалистам,
занимающимся учебным процессом в системе образования.
***
This day a system of education is an integral part (reform)of reformed
processes of state life.
Пожалуйста
,
зарегистрируйте
свою
копию
pdfFactory Pro
www.pdffactory.com
Хабаршы №3-2011ж.
121
ӘОЖ 631.4
Кажиахметов С.А. - оқытушы,
М. Өтемісов атындағы БҚМУ
«ТОПЫРАҚТАНУ» ПӘНІ БОЙЫНША
ОҚУ-ДАЛАЛЫҚ САРАМАНЫН ӨТКІЗУ ӘДІСТЕМЕСІ
Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті білім
беру стандартына сәйкес 5В060800 «Экология» мамандығының 3 курс
студенттеріне «Топырақтану» курсы міндетті базалық пән ретінде
оқытылады [1].
Курстың мақсаты: студенттер санасына топырақтың ерекше
біртұтас табиғат денесі екенін ұғындыру, оның құрылысы мен
қасиеттері туралы нақты білім жүйесін беру, болашақ мамандарда
топырақтың түзілуі мен оның таралу заңдылықтары туралы ұғым
қалыптастыру. Курсты толық меңгеру үшін дәріс, лабораториялық
сабақтармен қатар оқу-далалық сараманның алатын орны ерекше.
Оқу-далалық сараманның мақсаты топырақты далалық зерттеу
әдістерімен таныстыру, топырақ картасын тұрғызу және оған түсінік
хат беру болып табылады.
Зерттеу объектісі ретінде шаруашылықтардың оқу-тәжірибе
территорияларын, далалық аймақтарды алуға болады. Топырақты
зерттеумен және карта тұрғызумен байланысты барлық жұмыстар үш
кезеңге бөлінеді: дайындық жұмыстары, далалық зерттеу және
материалдарды камералық өңдеу [3].
Дайындық жұмыстары кезінде қажетті құрал-жабдықтар алынып,
зерттеу ауданының табиғи жағдайымен және топырақ жабынымен
әдебиет көздері бойынша танысу жұмыстары атқарылады. Далалық
зерттеулер жүргізу үшін далалық күнделік немесе топырақ
кесінділерін сипаттайтын бланкілер, түрлі түсті, қара және химиялық
қарындаштар, қапшықшалар немесе орайтын қағаздар, клеенкалы
метрлік, күрек, пышақ, сөмке, рюкзак, компас, этикеттік қағаздар,
монолит жәшіктері, шуруп және бұранда, балға, 5%-ды НСІ ерітіндісі,
ұлғайтқыш әйнек, эклиметр, сызғыш, топырақ бұрғысы, кеппешөпке
арналған тор (папка) болуы шарт.
Топырақты далалық зерттеу кезінде студент зерттелетін
территориядағы топырақтың типін, тип тармағын, түрін, өсімдік
жамылғысын, рельефті, ауа-райын, топырақ типтерінің таралу
территорияларын зерттеп, камеральды өңдеу мақсатында анализге
топырақ үлгілерін алуы тиіс.
Далалық жағдайда топырақты зерттеу топырақ кесінділерінде
жүргізіледі. Топырақ кесінділері негізгі (терең), жартылай кесінділер
(жартылай шұңқырлар) және прикопкалар болып бөлінеді. Негізгі
кесінді топырақ типтерін анықтау үшін қолданылады және барлық
Пожалуйста
,
зарегистрируйте
свою
копию
pdfFactory Pro
www.pdffactory.com
Хабаршы №3-2011ж.
122
топырақ қабаттарын қамтуы тиіс. Оның тереңдігі әдетте 150-300 см
аралығында болады. Негізгі кесінділерді рельефтің барлық
формаларына қаза беруге болады. Жартылай кесінділер топырақ тип
тармақтары мен түрлерінің таралу шекараларын анықтау мақсатында
пайдаланылады. Жартылай кесінділердің тереңдігі 75-100 см.
Жекелеген топырақ типтерінің, тип тармақтарының, түрлерінің
шекараларын анықтауда прикопкалар пайдаланылады. Олардың
тереңдігі әдетте 25-75 см. Топырақ кесінділерін жолдардың жиегіне,
ауыспалы егістік танаптарының бұрыштарына, ауыл шаруашылық
егістері мен мал жайылымдық жерлерінің шеттеріне қазуға болмайды.
Топырақ кесіндісі ұзындығы 120-150 см, ені 60-80 см-дей болатындай
етіп төрт бұрыштап қазылады. Кесіндінің қысқа жағы кейін топырақты
сипаттайтын беттік жақ болып табылады. Бұл бетіне жарық жақсы
түсуі тиіс, яғни күнге қарама-қарсы жақ болуы керек. Кесіндінің осы
қабырғасын және екі бүйір қабырғаларын тегістеп қазады. Төртінші
қабырғаға кесіндіге түсу үшін баспалдақ етіп қазған қолайлы. Кесіндіні
қазу кезінде топырақты оң және сол жаққа шығарып лақтырады. Бір
жағына беттік қарашірікті қабаттың топырағын лақтырса, екінші
жағына терең қабаттардың топырағын шығарады. Беттік сипаттама
жасалатын қабырғаның үстіне топырақ тастауға немесе аяқпен
таптауға мүлдем болмайды. Жұмыс аяқталған соң кесіндіні кері
көмеді, алдымен терең қабаттың, артынан қарашірікті қабаттардың
топырақтарын салып көмеді.
Кесіндіні қазып болған соң, оған сипаттама бермес бұрын беттік
қабырғасын пышақпен немесе кішкентай күрекпен тегістеп, оның
табиғи қалыптағы күйіне келтіру қажет. Түсіне, жаңа заттарға,
құрылымына және басқа да морфологиялық белгілеріне қарай топырақ
кесіндісін генетикалық қабаттарға бөледі, ал қабаттар шекараларын
пышақпен немесе күрекпен бөледі. Маталы метрлікпен нольдік
бөлгіші топырақтың жоғарғы деңгейімен бірдей келетіндей етіп қойып
алып, әрбір қабаттың тереңдігі мен қалыңдығын өлшейді. Күнделікке
түсті қарындаштармен қабаттарды көрсете отырып суретін салады
және тамыр жүйесінің даму сипатын, жаңа заттарды белгілеп,
«топырақтың қайнауын» тексереді. «Топырақтың қайнауын» тексеру
үшін 10%-дық НСІ ерітіндісін қолданады. «Топырақтың қайнауын»
тексеру кезінде топырақ кесегін алып, оның үстіне қышқыл ерітіндісін
тамызады. Одан соң әр қабатты морфологиялық сипаттауға кіріседі.
Оның түсін, ылғалдылығын, механикалық құрамын, тамыр жүйесінің
таралу сипатын, құрылымын, тұтқырлығын, ондағы жаңа заттар мен
кірме заттарды, бір қабаттан екіншісіне ауысу сипатын анықтайды.
Морфологиялық сипаттаманы нақты әрі дәл жасау қажет. Топырақ
қабаттарының суретін сәйкес қабаттан ылғалды топырақ алып жағу
арқылы жасайды. Морфологиялық сипаттама бергеннен соң
Пожалуйста
,
зарегистрируйте
свою
копию
pdfFactory Pro
www.pdffactory.com
Хабаршы №3-2011ж.
123
топырақтың типі, тип тармағы, түрі анықталып, оның толық атауы
күнделікке жазылады.
Қабаттарға морфологиялық сипаттама бергеннен соң, әр қабаттан
камеральды өңдеу үшін топырақ үлгілері алынады. Топырақ үлгілерін
қабаттың орта тұсынан алған дұрыс. Екі қабаттың шекарасынан алуға
мүлдем болмайды. Үлгілер алар алдында қабырғасы қайта тазартылып,
пышақпен үлгі алынатын жер белгіленеді. Оның қалыңдығы 10 см-ден
аспауы тиіс.
Әрбір үлгі үшін кесінді нөмірі, генетикалық қабаты көрсетілген,
үлгіні алу тереңдігі көрсетілген этикетка жазылады. Онда үлгі алынған
күн салынып, зерттеушінің қолы қойылады. Этикетканы қара
қарындашпен толтырады да, үлгі салынған қағаздың шеткі бұрышына
жапсырылады.
Оқытушының нұсқауы бойынша кесінділердің қабырғасынан
топырақ монолиті, яғни табиғи күйі бұзылмаған тереңдігі 1 м-дей
болатын топырақ кесіндісінің призмасы алынады. Монолитті екі
студент алуы шарт. Монолит түбі шуруптармен бұралатын арнайы
жәшіктермен алынады. Монолит жәшіктерінің стандартты мөлшері
100х200х5 см. Монолит алу барысында топырақ кесіндісін 150 см-ге
дейін тереңдетіп, енін 80 см-ге дейін кеңейтеді де, алдыңғы қабырға
мұқият тазартылады. Одан соң жәшіктің қақпағы мен түбін бұрап
алып, жәшік рамасын топырақ кесіндісінің жоғарғы бетімен бір
деңгейде болатындай етіп жапсырылады. Пышақ пен жәшіктің ішкі
өлшемі бойынша топырақ кесіндісіне сыза отырып белгіленеді. Одан
соң монолитті кесуге кіріседі. Ол үшін жәшіктің дәл өлшеміндей етіп
топырақ кесіндісінен бағана кесіледі де, оған монолит жәшігі
кигізіледі. Алдымен төменгі, артынан жоғарғы бөлігі кигізіледі де, түбі
бұралып бекітіледі. Қорапшаны тек бағана мөлшері нақты келген кезде
ғана кигізу қажет екендігін ұмытпаған жөн. Жәшік қорапшасы
кигізілгеннен соң, монолит бүйір және жоғарғы жағынан күрекпен
кесіліп, түбіне дейін ойылады. Алынған монолитті кесіндіден бөліп
алып, артық топырақ бөліктерін пышақпен ақырындап қорапша
бойымен тегістеп тазартылады. Жәшіктің бүйірлік қабырғасына
топырақтың атауы, монолитті алу орны мен уақыты және топ нөмірі
көрсетіледі [3, 4, 5].
Түсінікті болу мақсатында жоғарыда аталған әдістемеге сүйене
отырып, Қарашығанақ мұнай-газ конденсатты кен орны аумағында
25.05.2006
жылы қазылған еркекшөп (Agropyron pectinatum)
қауымдастығы
астындағы
топырақ
қабатының
кесіндісінің
морфологиялық сипаттамасын берелік [6].
Пожалуйста
,
зарегистрируйте
свою
копию
pdfFactory Pro
www.pdffactory.com
Хабаршы №3-2011ж.
124
1. Топырақ түрі: Қара-қоңыр әлсіз сортаңды топырақ
А (0-33) қабаты – түсі қара-
қоңыр, ылғалды, орташа саздақты,
құрылымы
жоғарғы
бөлігінде
орташа кесекті, төменгі бөлігіне
қарай ірілеу кесекті болып келеді.
Өсімдік тамырлары көп. Ауысуы
біртіндеп.
В (33-55) қабаты – қоңыр құба
түсті, дымқылдау, ауыр саздақты.
Өсімдік тамырлары кездеседі.
ВС (55<) қабаты – сарғыш
түсті, карбонатты жаңа заттар
кездеседі.
2. 15.09.2006 ж. қазылған қара-
қоңыр орташа саздақты шайылған
топырақ кесіндісінің сипаттамасы:
А (0-35 см) қабаты – түсі қара-
қоңыр, ылғалды, орташа саздақты,
тығыздалған, құрылымы жоғарғы
шаңды-кесекті
болып
келеді.
Өсімдік тамырлары көп. Ауысуы
біртіндеп.
В (35-52см) қабаты – қоңыр
құба түсті, дымқылдау, орташа
саздақты.
Өсімдік
тамырлары
кездеседі.
ВС
(52-70см)
қабаты –
сарғыш түсті, карбонатты жаңа
заттар шайылған.
С (70<) қабаты – сарғыш
түсті карбонатты саз.
Пожалуйста
,
зарегистрируйте
свою
копию
pdfFactory Pro
www.pdffactory.com
Хабаршы №3-2011ж.
125
3. 15.09.2006 ж. қазылған қара-қоңыр ауыр саздақты карбонатты
топырақ кесіндісінің сипаттамасы:
А (0-33 см) қабаты – түсі қоңыр-сұр, ылғалды, ауыр саздақты,
тығыздалған, құрылымы кесекті-шаңды болып келеді, өсімдік
тамырлары көп, ауысуы біртіндеп.
В (33-51см) қабаты – қоңыр құба түсті, құрылымы кесекті, орташа
саздақты, өсімдік тамырлары кездеседі.
ВС (51-70 см) қабаты – сарғыш түсті, кесекті, орташа саздақты.
С (70<) қабаты – сарғыш түсті карбонатты теңіздік саз [7, 8].
Сонымен біз өлкеміздегі кеңінен таралған әртүрлі сортаңдалу
дәрежесіндегі қара-қоңыр топырақтарға зерттеулер жүргізіп, топырақ
кескінінің генетикалық қабаттарына сипаттама бердік.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
1. Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті білім
беру стандарты. ҚР МЖМ 3. 08. Астана, 2006.
2. Александрова Л.Н., Найденова О.А. Лабораторно-практические
занятия по почвоведению. Издательсво «Колос», 1967.
3. Асанов Ж.А. Ауыл шаруашылық негіздері (топырақ тану, егін
шаруашылығы, агрохимия) курсы боинша методикалық нұсқау.
Алматы,1987.
4. Мырзаханов Н. Ауыл шаруашылық негіздеріне арналған тәжірибе
құралы. / Оқулық/ Алматы. Республикалық баспа кабинеті. 1994.
5. Жамалбеков Е., Білдебаева Р. Топырақтану және топырақ
географиясы мен экологиясы. Алматы,2000.
6. Дарбаева Т., Отаубаева А., Цыганкова Т. Батыс Қазақстан облысының
өсімдік әлемі. Орал, 2001
7.
Кажиахметов С.А. Студенттерге «Қарашығанақ мұнай-газ
конденсатты кен орны аймағының топырақ қабаттарын сипаттау»
тақырыбын ұсыну әдістемесі // «Ұлттық білім беру жүйесін жаңарту
және адам ресурстарының жаңа сапасын қалыптастырудағы оның
рөлі».
Халықаралық
ғылыми-практикалық
конференцияның
материалдары. Орал, 18-19 мамыр, 2009 жыл. 189-191 беттер.
8. Петренко А.З., Фартушина М.М. и др. Природно-ресурсный потенциал
и проектируемые обьекты заповедного фонда Западно-Казахстанской
области. Уральск, 1998.
***
В статье рассмотрены методологические аспекты полевого
исследования почв на основе краеведческих материалов.
***
Article considered the methodological aspects of the field study of soils
on the basis of local history materials.
Пожалуйста
,
зарегистрируйте
свою
копию
pdfFactory Pro
www.pdffactory.com
Хабаршы №3-2011ж.
126
ӘОЖ 793.3.7.01.
Рахметова А.А. -
№ 41 ЖОББМ-тің хореография пәнінің оқытушысы
МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫНА ЭСТЕТИКАЛЫҚ ТӘРБИЕ
БЕРУ БАҒЫТЫНДАҒЫ БИ ӨНЕРІНІҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ
Әр халықтың эстетикалық дүниетанымы, көркемдік мәдениеті -
өзіне тән өнер туындыларымен ерекшеленетіні өмір шындығы. Ұрпақ
тәрбиесінде, туған халқымыздың ұлттық өнерін, оның нәзік те көркем
сырын ұғындыру баланың әсемдікті түсіне білуге баулу құралы екені
сөзсіз. Сондықтан, мектепте өнерге деген қызығушылықты
қалыптастырып, эстетикалық тәрбие беруде әннің, музыканың, би
өнерінің, бейнелеу өнерінің рөлі өте зор. Соның ішінде қазақ би өнері
жас ұрпаққа эстетикалық тәрбие беруде маңызды.
Қазақ биін үйрену сабағы мен оның жаңа ережесінің дұрыс
екендігін өмірдің өзі анықтап берді. Республика мәдени өмірі мен
көркемөнерінен ұлттық би өнері де өз орнын алды. Жалпы,
көркемөнердің қай тегі мен саласының ең басты міндеті адамдардың
рухани өмірін көрсету болса, би өнері де әсем қимылдарын көркемдік
бейнелеу құралдары етіп ала отырып, адамдардың бақытты өмірін,
қажырлы еңбегін би тілімен суреттеп беруді мақсат тұтты. Биді тұла
бойы тұнған поэзиялық сұлулық десек, оның оралымдарын, тұңғиық,
терең сезімін жұртшылық жүрегіне сол қалпында мөлдіретіп жеткізе
білу де үлкен жауапкершілікті талап етеді. Би ырғақтары сол халықтың
тұрмыс-тіршілігіне, әдет-ғұрпына, тағы басқа ұлттық ерекшеліктеріне
тән қимылдармен өрнектеледі. Халық әндерінен туындаған бұл ұлттық
билер өнеріміздің қорына қосылды.
Халық билерінің, оның ішінде қазақ билерінің өзіндік
ерекшеліктері мен орындалу ерекшеліктері, орындалу өрнектерін жете
білу үшін алдымен қазақ халқының тарихымен, мәдениетімен, әдет-
ғұрпымен, салтымен, ұрпақтан-ұрпаққа мұра болып келе жатқан
қасиетті дәстүрлерімен танысу – жастар алдында тұрған қасиетті
міндет.
Ұлт мәдениетінің маңызы және оның жеке тұлғаның рухани
дамуына тигізер әсері туралы ой-пікірлердің қалыптасуына
Ш.Уәлиханов,
В.Алтынсарин,
А.Құнанбаев,
Ж.Аймауытов,
А.Байтұрсынов, М.Жұмабаев сынды халқымыздың ойшылдары,
ағартушылары мен өнер қайраткерлерінің қосқан үлесі зор болды.
Мектеп балаларға ғылым негіздерін оқыта отырып, жүйелі білім
беру арқылы олардың өздерінің қоршаған дүние туралы көзқарасын
қалыптастырады. Ал, би – ұжымшылдықты, тапқырлықты,
қырағылықты, ойлампаздықты дамытатын құбылыс. Осы өнер арқылы
Пожалуйста
,
зарегистрируйте
свою
копию
pdfFactory Pro
www.pdffactory.com
Хабаршы №3-2011ж.
127
оқушылар өмірге сеніммен қарауды үйренеді. Өмір құбылыстарын өз
қимылымен бейнелеп беруге жаттығады. Тіпті сол арқылы белгілі
халықтың рухани дүниесінің көрінісі әшекейленеді. Сергектік,
белсенділік, тағы осы сияқтылар да би құбылысын жетік білетін
оқушыларда күшті дамыған болады. Демек, би үйренуден бойды аулақ
салудың терістігі өзінен-өзі түсінікті.
Би өнерінің әліппесі ең алдымен денені түзу ұстап үйретуден
басталуға тиіс. Кейбір жастардың жүріс-тұрысы сөлекеттеу болып
келеді. Мәселен, денесін былқ-сылқ бос ұстап, екі иығы, қолдары
епетейсіз салбырап, мойынын ішіне тартып бүкірейіп жүретіндер бар.
Әсіресе, қыз балалардың жүрісі өте әсем болғаны жөн. Жасыратыны
жоқ қазіргі жастардың билей білмеуі мәдениеттен марқұм қалуы деген
сөз. Ал, жастарға осындай қастерлі өнерді үйрететін басты ошақтың
бірі – мектеп. Мектеп оқушылары би үйірмелеріне қатысу арқылы ең
алдымен өзінің денсаулығын нығайтады. Денесінің сымбатты болуына,
жүргенде бұралаң-қисалаңсыз, оғаш-сөлекетсіз болуына мүмкіндік
береді. Ұлы педагог А.С.Макаренконың мұғалімдер алдында жасаған
баяндамасында мынадай сөздер бар: «Дұрыс жүре білу, дұрыс тұра
білу, дұрыс сыпайылық көрсету ойыншық нәрсе емес». Осы сөздердің
астарында үлкен мән жатыр. Жүріс-тұрыста сыпайылық болумен
қатар, би үйірмесінде үнемі айналысқан оқушының бүкір, еңкіш
болмайтындығын көреміз. Мұның өзі оның қатынас мәдениетінің
жақсы болуына да қажетті жай.
Мектеп қабырғасындағы бастауыш сынып (1-4 сынып)
оқушыларына би сабағы ойындар арқылы берілуі тиіс. Ұлт ойындары
халық өнерінің негізі, оның тәрбиелік маңызы мен жасөспірімдердің
болашақ өмірінің бастамасы болып табылады. Халқымыз тәрбие
жемісін ерте татуды ұнатады. Тәрбие нәтижесі баланың нағыз жалын
атқан кезінде көрінуі керек. Демек, бала бойында қалыптасып келе
жатқан адамгершілік қасиеттер оның өте жас кезінен-ақ байқалады.
Сондықтан да қазақ халқының қоғамдық тұрмысы, рухани өмірі
баланың ерте ер жетуіне себепші болған.
Ә.Диваев өз еңбегінде: «ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың
бас кезіндегі көшпелі қазақ халқының этнографиясын зерттеуші
ғалымдардың назарынан тыс қалған мәселелердің бірі - ұлт
ойындарының тәрбиелік маңызы». Бұл негізде Ә.Диваев жан-жақты
зерттей келіп, «...кімде-кім қазақ халқының арасында болып,
күнделікті тұрмысымен танысса, сол жанұядағы бала тәрбиесінің
әрқилы жақтарын, ойыншықтардың, ойындардың, бала тәрбиелеуде
қаншалықты мәні бар екенін біледі» - деп ескертеді. Халық ауыз
әдебиетінің қағидасына сүйенетін болсақ, онда қазақ балаларының жас
ерекшеліктеріне қарай: «бір жасқа дейін нәресте, бір жастан жетіге
дейін сәби, сегізден он төртке дейін жасөспірім, он бестен жиырма
Пожалуйста
,
зарегистрируйте
свою
копию
pdfFactory Pro
www.pdffactory.com
Хабаршы №3-2011ж.
128
беске дейін жігіт» - деп, төрт топқа бөледі.
Осы дәстүрлі қағиданың негізіне сүйене отырып ұлт ойындарын
төрт топқа бөледі. Үшінші топтағы жасөспірімдер мектеп
қабырғасындағы балалар. Сондықтан да оларға дене тәрбиесі немесе
би үйірмелері, би сабақтары арқылы қозғалмалы ойындар беріледі.
Осы орайда мектептегі «Ырғақ», «Халық биі» пәндерінің рөлі өте зор.
1-4 сынып оқушыларына берілетін би сабақтарына халық ойындары
«Ұшты-ұшты», «Күміс алу», ән-би ойыны «Соқыр теке», «Айгөлек»,
«Көги-көк», әуенді-би ойыны «Аңдардың айтысы», т.б. ойындар
енгізілуі керек.
Жоғарғы сыныптағы (5-11 сынып) оқушыларға сабақты
күрделендіру үшін қазақ биінің спецификалық қол қалыптарына
комбинация көрсетіп, қазақтың ірі-ірі билерін пайдалануға болады.
Қазақ биінің өзіндік ерекшеліктерімен алғашқы танысу керек. Екі
қолдың, екі аяқтың, дененің, бастың қимыл қозғалыстары станок
жанындағы және сахна ортасындағы жаттығулар кезінде қандай болуы
тиіс екендігін меңгеру жөн. Жекелеген қимыл қозғалыстар мен би
этюдтерін орындаудың сипаты, мәнері, стилі туралы алғашқы
түсініктерді бірте-бірте дұрыс қалыптастыру жолы алға қойылады.
Ш.Жиенқұлованың қазақ би қимылдарына экзерсистер, жылқы малына
шығарылған би қимылдарын үйренуі керек. Қазақтар тұрмысында «ер
қанаты - аттың» ерекше орын алғаны белгілі. Бұл халықтың әдет-
ғұрпында, ұлттық ойындарында, эпосы мен күйінде, өлең-жырларында
айрықша қастерленетін ат туралы түсінік жігіттің қайратын,
жылқының жүрісін бейнелейтін көптеген билерге де алтын арқау
болып енген. Мысалы, «Қара жорға», «Тепең көк», «Жорғалау»,
«Жорғаға еліктеу» сияқты халық билері ғасырлар бойғы өзгерістерді
бастан кешіріп бізге жетті. Олар алғашқыда көпшіліктің бәрінің
қатысуымен орындалатын салт-саналық мазмұннан бірте-бірте би
ойынына айналған, ал кейін ырғақ жеке адамның сезім иірімдерін
бейнелейтін, қайратты, батыл, оңтайлы жігіттер бейнесін сомдайтын
дәстүрлі би үлгілері болып қалыптасады. Бұл бейнелерден сол
замандардағы халықтың арман-мұраты көрініс береді.
Қыздардың садақ, жеңіл қылыш ұстауы да жиі кездеседі. Бұл –
жаугершілік заманнан қалған белгі. Қазақ халқының батырлық
жырларымен аздап таныстығы бар адам, әйелдер мен қыздардың да
ерлермен бірдей қолына қару ұстап, өз жұртын сыртқы жаулардан
қорғағанын білетін болар. Халық жырлары мен аңыздарында тек
қыздардың сұлулығы, ақылдылығы, жарға адалдығы ғана қастерленіп
қоймай, олардың батырлығы мен батылдығы да жоғары бағаланған.
Жүздеген жылдар көгін сыналып өтіп, бізге жеткен сол билердің бір
үлгісі – «Қылышпен би» деп аталады. Онда жаумен ымырасыз күреске
шыққан жас арудың өз халқының тағдыры туралы, соғыс салған
Пожалуйста
,
зарегистрируйте
свою
копию
pdfFactory Pro
www.pdffactory.com
Хабаршы №3-2011ж.
129
қасірет хақындағы ащы ойлары бейнеленген.
Еңбек процесіне қойылған билер «Кесте», «Өрмек би», «Ұршық»,
«Киіз басу» - бұлар адам еңбегімен тығыз байланыста дамыған билер.
Мысалға, кейбір өзгерістермен біздің заманымызға жеткен халықтың
би ойыны «Өрнек бидің» негізінде әйелдер ғана айналысатын тоқыма
өнері жатса, «Өрмек өру» биінде өз ісіне риза болған шебердің бейнесі
барша сезім иірімдерімен жақсы ашылады.
Қазақстанның көрнекті балетмейстерлері қойған билерін үйреніп,
нақышына келтіріп орындау жас ұрпақты қазақтың би мәдениетімен
хабардар етеді. Мысалы, Ш.Жиенқұлованың «Айжан қыз», «Қазақ
вальсі», Ә.Ысмайловтың «Құсбегі-дауылпаз», Д.Әбіровтің «Қоштасу»,
«Алтынай», «Балбырауын», З.Райбаевтың «Мерекелік сюита»,
«Шолпы», «Ата толғауы», «Биші қайың», Б.Аюхановтың «Аққу»,
О.Всеволодская-Голушкевичтің «Кербез би», «Киіз басу», т.б. билерін
оқу бағдарламаларына енгізілуі тиіс.
V сыныптан бастап сабақтың күрделендірілуіне байланысты
классикалық экзерсистің орны ерекше. Адамның көркемдік
шығармашылығы қай салада болсын белгілі бір ептілікті, шеберлікті,
қалыптасқан машықты талап етеді. Осы ептілікке, шеберлікке,
машыққа ие болу үшін оған би шығармашылығындағы классикалық
экзерсис үлкен көмегін тигізеді.
Классикалық экзерсис, тіпті оның ең қарапайым элементтері мен
ең шағын көлемінің өзі де дене бітімінің дамуында болатын
кемістіктер мен тұрпайы дағдыларды (аяқтың қисықтығы, еңкіштік,
дененің икемсіздігі) түзеуге айрықша көмегін тигізеді. Аяқ пен
бұлшық еттерінің күшін барынша жетілдіреді. Кез келген күнделікті
қимылдың табиғи жарасымдылығы мен сұлулығы үшін аса маңызды,
әрі би қимылдарының бәріне де қатысатын дене мүшелерінің – басты
еркін әрі түзу ұстау дағдысын қалыптастыра отырып, қолдың, иықтың,
мойынның еркін және дұрыс бұрылуын жетілдіреді. Туа пайда болған
немесе классикалық экзерсиспен қалыптасқан аяқтың созыла
бұратылуы арқылы ғана оның икемділігі артады. Созыла бұратылудың
жетілуі – кез-келген қозғалысты еркін орындауға мүмкіндік берудің,
классикалық экзерсистің негізгі элементтерін меңгерудің басты
мақсаттарының бірі. Ал, қазақ би экзерсисі – халық биінің өзіндік
қимыл ерекшелігі мен ұлттық бояуын сақтап қалу үшін, оны қате
үйретуден сақтандыру мақсатында жасалған жаттығулар жиынтығы.
Ол аяқтың, қолдың, дененің халықта қалыптасқан қимылдарының
негізінде құралады. Аяқ үшін ұзақ және тиянақты тәрбиені қажет
ететін бірқатар жаттығулардың негізі қазақтың пластикалық
эстетикасының кейбір принциптері жинақталған қимылдар болып
саналады.
Пожалуйста
,
зарегистрируйте
свою
копию
pdfFactory Pro
www.pdffactory.com
Хабаршы №3-2011ж.
130
Осыған байланысты оларды тиісті бастықтырғыштармен
(станоктармен) еден ортасында жасау бұл қимылдарды орындау үшін
қажетті дағдылар мен қабілетке ие болу үшін керекті бұлшық еттердің
күшін дамытатын жаттығулар қызметін атқарады. Экзерсиске арналған
бұл қимылдар билеу технологиясының басты, қажетті дағдылары мен
шеберлігін тәрбиелеп қана қоймайды, дәлірек айтқанда, қазақтың би
мәдениетінің ежелден орныққан өзіндік сипаты мен эстетикасындағы
дәстүрлер мен мүмкіндіктерді меңгеруге тәрбиелейді. Дәстүр
халықтың сан ғасырлық, көркемдікке тән даналығы мен дүниеге келіп
толыққан баға жетпес байлығын және бидің ұлттық бояуын танытады.
Қорыта келе, халықтың баға жетпес рухани байлығы – сиқырлы
сазды билеріндегі оның көркемдік және адамгершілік сипаттары жас
ұрпақты жарасымды етіп тәрбиелеудің аса пәрменді құралы. Балалық
шақта алған ізгі әсер адамның бойында өшпестей із қалдырады. Бұл –
адамгершілік пен көркемдік сезімнің дамуы үшін жасалған тиянақты
негіз.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
1.
Жиенқұлова Ш. Сымбат. –Алматы: Өнер, 1987.
2.
Жиенкулова Ш. Тайна танца. -Алма-Ата:Өнер, 1980.
3.
Әбіров Д. Т. Балабақшаға арналған билер. Алматы, «Рауан», 1996.
4.
Абиров Д. Т. История казахского танца. Алматы, «Санат», 1997.
5.
Ваганова А.Я. Основы классического танца. Л., 1943.
6.
Всеволодская-Голушкевич О. Пять казахских танцев. -Алма-Ата:
Өнер, 1988.
7.
Всеволодская-Голушкевич О. Бақсы ойыны. –Алматы: Рауан, 1996.
***
В статье рассматривается роль танцевального искусства в
эстетическом воспитании учащихся.
***
The article descrites the role of dancing up of estetical trining pupils.
Пожалуйста
,
зарегистрируйте
свою
копию
pdfFactory Pro
www.pdffactory.com
Хабаршы №3-2011ж.
131
Ф
Ф
И
И
Л
Л
О
О
Л
Л
О
О
Г
Г
И
И
Я
Я
ӘОЖ 821.411.21
Сабыр М.Б. - ф.ғ.д., профессор,
М.Өтемісов атындағы БҚМУ
Достарыңызбен бөлісу: |