Хабаршы №5 филологиялық Ғылымдар әож 81'366-512. 1 11/13


РЕЗЮМЕ  В статье рассматриваются проблемы формирования профессиональной компетентности  будущих специалистов.  SUMMARY



Pdf көрінісі
бет18/39
Дата06.04.2017
өлшемі3,54 Mb.
#11176
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   39

РЕЗЮМЕ 
В статье рассматриваются проблемы формирования профессиональной компетентности 
будущих специалистов. 
SUMMARY 
The article considers the problems of formation of professional competence of future specialists. 
 
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 
1.
 
«Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыру-мемлекеттік саясаттың басты мақсаты» 
Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы, 2008  
2.
 
Б.А.Жолдасбеков.  ―Студенттердің  жалпы  мәдени  қҧзіреттілігін  этнопедагогика  материалдары 
негізінде қалыптастыру. Автореферат. 2010ж.  
3.
 
З.Д.Утегенова.  Кәсіби  білім  беруде  оқытушылардың  акт  қҧзіреттілігін  арттыру.  Маңғыстау 
политехникалық колледжі. Ақтау қ. 
4.
 
Сәрсенбаева А.А. //Кәсіби қҧзіреттілікті қалыптастыру. 
ӘӚЖ 411 
 
 
ОҚУШЫЛАРДЫ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ – ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ТҦРҒЫДА 
ЕҢБЕККЕ ДАЯРЛАУ ӘДІСТЕМЕСІ 
Мирзаева М.-ӘПИ магистранты 
 
Оқушылардың  еңбек  туралы  тҥсінігін  тек  еңбек  сабағында  емес,  басқа  да 
пәндерді  оқыту  барысында  жҥзеге  асыруға  болады.  Мысалы:  Дайындық  
жҧмысында ана тілі пәні мен мамандық тақырыбына ӛткізілген сабаққа тоқталайық.  
Тақырыбы: Мамандық. Отбасы мҥшелерінің мамандығы.  
Мақсаты:  1. Отбасы мҥшелері деген тҥсінікпен балаларды тҥсіндіру. Отбасы 
мҥшелерін атау (ата, әже, әке, апа, әпке, аға, іні, қарындас).  
2.  Отбасы  мҥшелерінің  жҧмыс  орны,  қандай  еңбекпен  шҧғылданатыны 
жайында сҧрақ-жауап арқылы әңгімелесу. Ҥй шаруашылығының тҥрлері.  

3. Отанын, елін сҥюге, еңбек сҥйгіштікке, еңбек ардагерлерін қҧрметтей білуге 
баулу, кәсіптік бағдар беру.   
Сабақтың  жабдықталуы:  «Кім  болам  ?»  бҥктемелі  альбом.  «Отбасы»  атты 
қабырға газеті, дидактикалық материалдар. 
Сабақтың барысы:  а) Сурет бойынша жҧмыс. 
Отбасы  мҥшелерінің  ҥй  шаруашылығы  әрекеттерін  кӛрсететін  тҥрлі-тҥсті 
суреттерді  талдау,  әңгімелесу.  Сҧрақ-жауап  әдісі  арқылы  балаларды  еркін,  әрі 
жҥйелі  сӛйлеуге  ҥйрету.  Ҥй  шаруасының  тҥрлерін,  оған  отбасы  мҥшелерінің 
қатысын әңгімелеу. Мысалы, «Менің атам-шопан. Ол мал бағады. Ал әкем трактор 
жҥргізеді, мамам-сатушы болып істейді. Ӛзім тауықтарға кҥнде жем шашамын, т.б. 
ә)  «Отбасы»  атты  ойын  ойнату.  Ӛздерінің  шамасы  келетін  еңбек  тҥріне  қолғабыс 
жасауға бағдар беру.  
4. Сабақты қорыту.  
Отбасы  мҥшелерін  атату.  Мамандық  туралы  тҥсінікті  қорыту,  олардың 
тҥрлеріне  тоқталу.  Сабаққа  белсенділігін  танытқан  оқушыларды  ауызша  мадақтау. 
Балаларды сабақтан тыс уақытта да еңбекке, ӛнерге, кітап оқуға, оны сҥюге баулуға 
болады. Ауылдық жерде тҧрғандықтан кӛктемде, жазда, кҥзде тәжірибе учаскесінде 
жҧмыс істейміз. Онда  шәкірттер бау-бақшадағы жҧмысқа кӛмектеседі. Ҥлкендердің 
аударған  жерлерін  қопсытуға,  жҥйек  жасап,  кӛшет  отырғызуға  шамалары  келеді. 
Бірақ бҧл еңбек тҥрлері ешбір балалардың организмдерінің қалыпты ӛсуіне кедергі 
болатындай  қосымша  кҥш  денсаулықтарына  зияны  боларлықтай  ауырлық 
тҥсірмеуін  ескерген  жӛн.  Жҧмыс  баланы  жалықтырмауы,  зеріктірмеуі,  ынтасын 
тӛмендетпеуі  ҥшін  мезгіл-мезгіл  демалтып,  дене  қалпын  ӛзгертіп  отыру  керек. 
Бастауыш  класс  оқушыларын  жазда,  кҥзде  табиғат  арасындағы  кейбір  дәрілік 
шӛптер  жемісін  жинауға  қатысып  отырамыз.  Далада  істеген  мҧндай  жҧмыстар 
олардың  ӛміртанымын  кеңейтеді.  Еңбек  еткенде  жақсы  нәтижеге  жету  мақсатына 
тәрбиеленеді.  Сондықтан  оларға  тек  мҧрындық  болып  қана  қоймай  жеке 
тапсырмалар  ҧсынып,  әлі  келетіндей  міндеттерді  орындап  шығуға  ҥйрету  керек. 
Бастапқыда  бала,  негізінен  еңбекті  қызық  кӛріп  қатысады.  Ең  бастысы  –  еңбекке 
ҥйренуі  керек.  Оларға  осы  тҥпкі  мақсатты  тҥсіндіріп  отырған  жӛн.  Балалардың 
кішкентай  кездерінен  кӛп  болып  бірігіп  еңбек  етуге  дағдылануы,  олардың 
болашақта  ҧжым  болып  жҧмыс  істеу  әдетін  қалыптастырады.  «Балаларды  жас 
шағынан  –  ақ  бірігіп  ӛмір  сҥріп,  еңбек  ете  білетіндей  етіпе  тәрбиелеу  керек. 
Кӛпшілік  еңбекке  қатыса  отырып,  әркім  ӛзінің  ондағы  атқаратын  ісін  және  оның 
ролін білу керек. Мҧндай ҧжымдық еңбек балаларды ҧйымшылдыққа, тәртіптілікке 
баулиды».  Жауапкершілік  сезімін  тәрбиелейді.  Қорыта  айтқанда  оқу  мен  ӛмірдің 
байланысын  нығайту,  оқушыларды  еңбекке  даярлауды  жақсарту  –  кҥн  тәртібінен 
тҥспейтін  мәселелер.  Қазір  ауыл  шаруашылығының  барлық  саласына  жас  кҥштер 
қажет.  Ол  кҥш  –  қазір  алдымызда  отырған  оқушылар.  Олардың  еңбекке  ынтасын 
тудыру  ҥшін,  мҧғалімдер  барлық  кҥшті,  шеберлікті  соларға  жҧмсау  керек.  Бҧл 
жасӛспірімдерді  еңбекке  тәрбиелеу  –  кҥрделі  де  ҧзақ  процесс.  Сондықтан  оларды 
жастайынан еңбек ете білуге, ҥлкендерді және олардың еңбектерін бағалай, қадірлей 
білуге тәрбиелеудің маңызы зор. Бҥгінгі таңдағы білім беру жҥйесіндегі ӛзгерістер, 
жаңалықтармен  байланысты  негізгі  мектептің  бастауыш  сатысы  ҥшін  де  еңбекке 
баулу  пәнінің  жаңа  білім  мазмҧны  анықталып,  бағдарлама  жасалды.  Пәнді 

оқытудағы  негізгі  мақсат  –  оқушының  еңбек  әрекетін  қалыптастыру  арқылы  оның 
еңбек  дағдылары  мен  шығармашылық  қабілеттерін  арттыру.  Осы  мақсатқа  орай 
мынадай міндеттерді іске асыру кӛзделінеді:  
-
 
еңбек  біліктілігін  қалыптастыру  арқылы  еңбекке  қызығушылығын  арттыру, 
мінез-қҧлқын тәрбиелеу.  
-
 
оқушылардың  әртҥрлі  материалдарды  кӛркем  ӛңдеу  және  қҧрастыру  мен 
модельдеудегі практикалық дағдысын қалыптастыру.  
-
 
қарапайым еңбек қҧралдарын пайдалана білуге ҥйрету. 
-
 
еңбек    әрекетін  жоспарлай  білу,  ӛзінің  және  ӛзгенің  ісін  бақылау,  баға  беру, 
тҥзету, ӛзіне - ӛзі қызмет ету дағдыларын қалыптастыру.  
-
 
шығармашылыққа баулу.  
-
 
эстетикалық, экономикалық, экологиялық тәрбие беру.  
-
 
оқушылардың ақыл-ой ӛрісін дамытып, ізгілікке, имандылыққа баулу.  
Пәннің  осы  мақсат,  міндеттері  ата  кәсіп,  ҧлттық  қолданбалы  қолӛнер 
ҥлгілеріне,  ата-баба  дәстҥріне  негізделе  отырып  жҥргізіледі.  Пән  мазмҧнының 
қҧрылымы 4 блоктан тҧрады: техникалық еңбек, кӛркем еңбек, ӛзіне-ӛзі қызмет ету, 
ауылшаруашылық  еңбек.  Техникалық  еңбек:  кӛркем  ӛңдеу,  қағаз,  қатырма  қағаз, 
қҧрастыру, техникалық модельдеу, ағаш, металл ӛңдеу. 
Кӛркем  еңбек:  ермексаз,  сазбалшық,  папе-машеден  жасалған  бҧйымдарды 
ӛңдеу,  мата,  киіз,  тҥскиіз,  қазақтың  ҧлттық  киімдерін  ою-ӛрнекпен  ӛңдеу,  қағаз, 
мата,  бау,  қайыс,  жіппен  ӛру.Ӛзіне-ӛзі  қызмет  ету:  тҥйме,  ілгек,  сыртетпе  қадау, 
ілгек  торлау,  жамау,  ішекпен  тоқу,  оқу  бӛлмесін,  тірі  табиғат  бӛлмесін  жинау, 
тазалау, есік, терезе, еденді жӛндеу.Ауылшаруашылық еңбек: ӛсімдіктің жетілуінің 
сыртқы  жағдайларына,  ӛзгерісіне  бақылау  жҥргізу,  топырақ  тыңайту,  тҧқым  себу, 
ӛсімдіктің  жетілуін  бағалау,  жан-жануарларды  қоректендіру,  ағаш  отырғызу,  кҥту 
т.б.  Оқушылар  бастауыш  кезеңде  архитектура,  мҥсін,  графика,  техника,  сәндік 
қолданбалы,  қолӛнер  шығармаларымен,  олардың  әрқайсысының  ӛзіндік 
ерекшеліктерімен  танысады.  Қазіргі  білім  мазмҧнның  жаңаруына  байланысты 
халықтық  қолданбалы  қолӛнерін  еңбек  сабағына  енгізе  отырып,  ол  турады 
оқушыларға  1  сыныптан  бастап  тҥсінік  қалыптастыруды  қажет  етеді.  Алғашқы 
еңбек дағдылары тҧрақты да сенімді болумен ӛзгешеленеді. Сондықтан да алғашқы 
сабақтан  бастап  оқушыларға  жҧмыс  істеу  әрекеті,  тапсырманы  дҧрыс  орындау, 
жҧмыс  орнын  таза,  мҧқият  ҧстауға,  жҧмсалатын  материалды  ҥнемдеуге 
дағдыландыру  кӛздейді.  Қағаз,  қатырма  қағазбен  жҧмыс істеуде  оқушылар  әртҥрлі 
бҧйымдар,  ойынға  керекті  жабдықтар,  оқу  қҧралдары,  сәндік  бҧйымдар,  тҧрмысқа 
қажетті нәрселер жасап ҥйренеді. Қҧрастырудың бірнеше тҥрі беріледі. Қағаз, мата, 
табиғи  материалдар,  дайын  жиынтықтардан  техникалық  қҧрастыру  секілді 
жҧмыстар  ҧйымдастырылады.  Оқушыларға  белгілі  бір  бҧйымды  жасау  барысында 
оның  ӛмірді,  тҧрмыстағы  қажеттігі  тҧрғысынан  мәлімет  беріп,  заттың  негізгі 
бӛліктерін  ажырата  білуге,  әр  бӛлік  пішінінің,  мӛлшерінің,  орналасуының,  осы 
қҧрастыруда  пайдаланылатын  жағдайлар  мен  ҥйлесімділігін  анықтау  жолдары 
ҥйретіледі. Еңбекке баулу пәнінің мазмҧны бҧрынғыдай тақырыптар бойынша емес, 
пәннің  ӛзіне  тән  мазмҧндық  және  іс-әрекеттік  ҧстанымдарға  сай  таңдалды.  Пәннің 
мазмҧнында халықтың қолданбалы қолӛнеріне ерекше мән берілді. Осыған орай ӛз 
мазмҧнына «Халықтың қолданбалы қолӛнері» деген арнайы бӛлім енгізілді. Мҧнда 

пәннің басқа тарауларында әртҥрлі бҧйымдар жасау және бейнелеу ӛнері пәніндегі 
ӛнердің  әртҥрі  салаларына  байланысты  беріліп  отыратын    халықтың  қолӛнерінің 
элементтері  жинақталып  жҥйеге  келтірілді.  «Халықтың  қолданбалы  қолӛнері»  
бӛлімінде  атадан  балаға  мҧра  ретінде  қалыптасып  келе  жатқан  кәсіп  тҥрлері,  онда 
орындалатын  іс-әрекеттер  жайында  мағлҧмат  беріледі.  Оқушылар  бҧйымдарды 
жасаудың  қарапайым  тәсілдерін  меңгерді.Еңбектің  барлық  тҥрлері  негізінен 
практикалық  жҧмысты  орындау  барысында  жҥзеге  асырылады.  Атқарылған 
жҧмыстың  тҥрлері,  мысалы,  ермексаз  бен  сазбалшықтан  мҥсін  жасау,  мата,  ағаш, 
металл,  тері  ӛңдеу,  ою-ӛрнек  сызу,  қию  тәсілдері  әр  сынып  сайын  біртіндеп 
кҥрделеніп  отырады.  Еңбекке  баулу  пәніне  мҧғалім  техникалық  қауіпсіздік  пен 
еңбек  гигиеналық  ережелерін  жақсы  біліп,  оны  мҧқият  орындауы  қажет  және  бҧл 
ережелерді  бҧлжытпай  орындауды  оқушылардан  талап  ету  керек.  Еңбекке  баулу 
пәні  басқа  пәндер  мазмҧнымен  де  тығыз  байланыста  жҥргізіледі.  Оқушылар  басқа 
пәндерден  алған  білімдерін,  білік,  дағдыларын  еңбекке  баулу  сабағында  тәжірибе 
жҥзінде  пайдаланды.  Бағдарламада  білім,  білік,  дағдыларды  екі  деңгейде  беру 
арқылы  оқуышылардың  іс-әрекетінің  қалыптасу  сатысы,  шығармашылық 
қабілетінің  дамуы  кӛрсетіледі.  Оқушылардың  еңбек  пәніне  қатысты  ҧғым-тҥчінік 
дәрежелерін  тексерудің  тиімді,  жақсы  тәсілі  ретінде  тест  ҥлгілері  де  жҥйеленіп 
берілді.  Қорыта  айтқанда,  дамыта  оқыту  арқылы  еңбекке  баулу  сабағында 
оқуышының жеке танымының және шығармашылық қабілетінің шыңдалуына ықпал 
жасау кӛзделді. Еңбекке баулу сабақтары мынадай мақсаттарды кӛздейді: 
-
 
еңбекке деген сҥйіспеншілікті арттыру; 
-
 
еңбек етуге тәрбиелеу және еңбек мәдениетіне дағдыландыру; 
-
 
оқуышлардың  политехникалық  білім  мен  ой-ӛрісін  кеңейтіп,  шеберліктерін 
арттыру; 
-
 
қарапайым материалдарды қолданып, қҧрал саймандармен жҧмыс істеу әдісін 
ҥйрену; 
-
 
ӛндіріс орындарымен және сауда істейтін мамандармен таныстыру
-
 
адамгершілікке, инабаттылыққа баулу; 
Еңбек  сабағында  оқушылардың  саусақтарын  щынықтырып,  бҧлшық  еттерін, 
нығайту  мақсатымен,  әртҥрлі  бҧйымдар  жасалды,  оқу  барысында  олардың  білімі 
кеңейтіліп, шығармашылық қабілеті жетілдірілді, алғашқы іскерліктері қалыптасып, 
ӛз  жҧмыстарын  жоспарлауға  және  оны  тексеруге  ҥйренеді.Тӛртінші  класс 
оқуышлары әрекетінің ӛз ерекшеліктері бар. Біріншіден, олардың ӛз бетімен жҧмыс 
істеуге  мҥмкіншілігі  бар.  Екіншіден,  қабілеті  тҧрақты.  Ҥшіншіден,  олар  айналадан 
кӛргендерін  елестетуге  дағдыланған.  Тӛртіншіден,  саусақ  бҧлшықеттері  толық 
қалыптасқан,  әр  тҥрлі  қимыл  жасауға  епті.  Сабақ  барысында  мҧғалім  осы 
ерекшеліктерді  мҧқият  ескеріп,  жҧмысты  дҧрыс  ҧйымдастыруы  керек,  кӛрнекі 
қҧралдарды дҧрыс, тиімді пайдалану керек. Сосын еңбек сабағын қызықтырып ӛту 
керек.  Мҧғалім  еңбекке  баулу  сабағында  әрбір  оқушының  қауіпсіздік  теххникасы 
ережелерін  мҥлтіксіз  сақтап  жҧмыс  істеуіне  бағыт  береді.  Қорыта  келгенде  – 
психологиялық  –педагогикалық  тҧрғыдан  еңбекке  даярлаудың  тҥп  қазығы  ӛскелең 
ҧрпаққа  ӛнегелі  тәрбие  беру,  еңбек  кӛздерін  тиімді  бӛлу,  ӛмір  жолын  таңдау, 
адамның  кәсіби  бейімделуі  мен  кәсіби  шеберлігін  қалыптастыру  секілді  келелі 
мәселелерді  қамтитын  кӛп  аспектілі  комплексті  проблема  ретінде  сипаттайды. 

Оқушыны еңбекке және кәсіп таңдауға даярлау мемлекетіміздің басты идеяларының 
бірі.  ӛйткені  ӛндіріске,  ауыл  шаруашылығына,  арнайы  орта  немес  жоғары  оқу 
орындарына  баратын  жастардың  алғашқы  қадамы  тек  бастауыш  мектептен 
басталады. Бастауыш білімдегі тиянақтылық жасӛспірімдерді ӛмірге сергек қарауға 
ҥйретеді,  олардың  болашақ  кәсібін  таңдауда  мҧның  айрықша  ықпалы  болады. 
Оларға  қажеті  –  еңбектің  алғашқы  дағдыларын  қалыптастыру,  қҧрал-саймандарға, 
материалға  және  айналадағы  ортаға  ҧқыптылықпен  қарау  дағдыландырады.  Сол 
сияқты оқушыларды еңбекке баулудың политехникалық бағыттылығы оқушыларда 
жалпы  еңбек  білімін  қалыптастыру  және  жоспарлау,  жҧмыс  орнын  ҧйымдастыру, 
тетіктермен,  машиналармен  танысу  жӛніндегі  икемділігін  қалыптастыру  арқылы 
қамтамасыз етіледі. Еңбек сабағында оқушылардың техника қауіпсіздігі және жеке 
бас  гигиенасы  ережелерін  қатаң  сақтауына  баса  назар  аударылады.  Аспаптар, 
материалдар,  ауыл  шаруашылық  жабдықтар  оқушылардың  жас  мӛлшеріне  сай 
алынады.Оқушылардың  техникалық  модельдерді  бірлесіп  жасауын  мысалға  ала 
отырып,  оларға  нақты  ӛндірісте  ондаған,  тіпті  жҥздеген  мамандық  ӛкілдерінің 
қатысатындығын  кӛрсетуге  болады.  Мҧндай  нақты  мысалдар  оқушылардың  кәсіп 
әлемі, қандай жҧмыстың болсада қажетті екендігі туралы тҥсінігін қалыптастыруға 
жәрдемдеседі.  Кәсіптік  бағдар  жӛніндегі  жҧмыста  бастауыш  кластардағы  еңбек 
пәнінің  мҧғалімі  балалардың  медикобиологиялық  ерекшеліктерін  жете  білуі  тиіс. 
Мәселен дені сау балалардың барлығы бірдей белгілі бір жҧмысты ойдағыдай игере 
алмайтындығын  физиологтар  мен  психологтар  дәлелдеген.  Кәсіпті  ойдағыдай 
меңгеру адамның психофизиологиялық сапасына да байланысты, ӛйткені мҧның ӛзі 
белгілі бір кәсіпті немесе мамандықты болашақ игеру ҥшін қажеттігін ескертеміз. 
 
Резюме 
В этой статье определена  особенности  трудового обучения младщих школьников 
Summary 
This article is considered the peculiarities of labour learning of iunior schoolchildren 
 
Пайдаланылған  әдебиеттер 
1. Ж.Б.Қоянбаев  ―Педагогика‖   Алматы, 2002 
2. Бастауыш  білімнің  міндетті  мемлекеттік  стандарты. Алматы,  1998 
3. Республикалық  педагогикалық  кеңестен.  Астана, 2001 
 
 
 
 
 
ӘӚЖ 582.947.21 
 
СПОРТ МАМАНДАРЫНЫҢ ЖЕКЕ ТҦЛҒА РЕТІНДЕГІ 
ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ЖӘНЕ АРНАЙЫ ДАЙЫНДЫҒЫ 
 
Аға оқытушы Исаков М., магистр Абдразақов Б.С., Жаулыбаев Ж. 
Аймақтық әлеуметтік-инновациялық университеті 
 

Жеке  тҧлғаның  рухани  дамып  жетілуі,  оның  жҧмыс  уақытындағы  қызмет 
тҥрінде  ғана  емес,  сол  сияқты  бос  уақытында  да  анықталады.  Адамның  мәдени 
деңгейінің  қаншалықты  екені  оның  демалыс  уақытының  ӛзін  ҧтымды,  әрі  тиімді 
және  толыққанды  пайдалана  білуінен  байқалады.  Дене  мәдениеті  -  қоғам 
мәдениетінің  бӛлігі,  әлеуметтік-тҧрмыстық  және  мәдени  қызметтер  жҥйесінде  бос 
уақыты тиімді пайдалануды қамтамасыз етуде маңызды орын алады. 
Жеке  тҧлғаның  дене  мәдениетінің  адам  қызметтерінің  әртҥрлі  саласымен 
кҥрделі,  әрі  жан-жақты  байланысы,  ӛзінің  ой-санасы  мен  даму  заңы,  ӛзара  ішкі 
кҥрделі байланысы мен ӛзара тәуелділігі, ӛзінің әдісі мен тарихы бар. 
Адам  қоғамының  тарихында  тіршілік  етіп  ӛмір  сҥрген  халықтар  мен 
мемлекеттердің қайсібірін алсақ та, жеке тҧлғаның дене мәденетінің ең қарапайым 
тҥріне болса да, қатысы болған. Дене мәдениетінің даму деңгейі мен оның қалыпты 
деңгейі  қай  кезде  болғанда  да  географиялық  ортаға,  еңбек  пен  тҧрмыстық  ӛмірдің 
шарттары  мен  жағдайына,  ӛндірістік  кҥш  пен  мәдениеттің,  әлеуметтік 
экономикалық  және  әртҥрлі  қозғаушы  кҥштердің  даму  мен  жетілу  дәрежесіне 
байланысты болып келген. 
Елімізде  жастардың  ӛзін-ӛзі  тануға,  ӛзінің  мҥмкіндіктерін  ашуға  кӛмек  беріп 
жҥретін,  ӛз  ісін  жанындай  жақсы  кӛретін  мыңдаған  дене  мәдениеті  педагогтары 
жҧмыс істейді, дене мәдениеті маманының тәрбиелік қызметінің кҥрделілігі сонда, 
спорт  тӛтенше  мәнерлік  пен  дәлдікке  толы,  қозғалысты  әсерлі  және  кӛп  сырлы, 
ҥнемі даму жолында болады. Сонымен бірге, оның қайғысы да бірге жҥреді. Спорт 
саласындағы  жеке  тҧлға  ӛз  қызметінде  кӛптеген  қарама-қайшылықтар  мен 
ҥйлеспеушіліктерді  басынан  жиі  ӛткізіп  тҧрады.  Солардың  кейбіреулерін  атап 
ӛтейік;  дене  мәдениеті  жаттығуларының  ауырлығы  мен  қуаныш,  қорқыныш  пен 
қауіптілікке  бару  мҧқтаждығы;  рекорд  жасауға  дайындалу  және  оның  орындалмай 
қалу  жағдайы;  ықылас  пен  мҥмкіндіктің,  жаттықтырушы  мен  спортшының, 
қарсыластар  арасындағы,  спортшы  мен  тӛреші  және  т.б.  арасындағы  қарама-
қайшылықтар. 
Спорт  қызметі,  қағида  бойынша  сол  адамның  мҥмкіндіктерінің  ең  жоғарғы 
(шегіне  жақын)  деңгейінде  ӛтеді.  Мҧның  барлығы  бір  жағынан  -  кейбір  келеңсіз 
жағдайлардан  кейін  адам  психологиялық  жарақат  пен  олқылықтар  алып,  аурулы, 
науқас  болып  қалуы  мҥмкін.  Егер,  сондай  жағдайлардан  кейін  адамға  кӛмек 
берілмесе,  сҥйеніш  болып  сҥйемелдемесе,  онда  оның  ӛзіне  кӛптеген  зиян 
келтіріледі. 
Жеке  тҧлғаның  ӛзінде  қайталанбайтын  талап  пен  жігер,  ӛзіндік  бір  ӛзгешілік 
пен ерекшелік болады. Егер де, педагог ӛзінің шәкіртінің даярлығы ашылсын десе, 
ол  ең  алдымен  оған  белгілі  бір  жағдай  жасап  жеке  тҧлғалығын  ашуы  керек. 
Спорттың  маңызды  тәсілі  сол,  ол  адам  даярлығының  қҧнын,  сондай-ақ  талап  пен 
жігерін,  қабілеті  мен  даярлығын  сақтай  да,  дамыта  да  біледі.  Сондықтан  болар 
педагог  А.В.Луначарский  ӛз  уақытында  жастарға  "Ӛзіңе  әртҥрлі  жолдармен  кӛмек 
беруге болады, бірақ, оның ішінде, қоғамдық қызметке, ғылымға, спортқа берілген 
жақсы" - деп кеңес берген. 
Спорт  ең  әуелі  дәулетті  адамдардың  азғана  тобының  қызығы  ретінде 
пайдаланған амалынан, адамның жеке тҧлғалығын қалыптастыратын қуатты тәсіліне 
айналғалы бері спортқа қоғамның, ал спортшыға спорттың талабы жоғарылады. 

Жоғары дәрежелі спортшы - ол жоғары мәдениетті, дене қабілетімен кӛрнекті іс 
атқарған,  терең  білімді  және  ауыр  қиыншылықты  жеңе  білетін,  дене  және 
психологиялық  дайындығы  бар  адам.  Оған  дәлел  Олимпиада,  дҥниежҥзілік 
жарыстардың  жеңімпаздары  мен  жҥлдегерлері  С.Қонақбаев,  Д.Тҧрлыханов, 
Ә.Нҧрмахановтарды естеріңізге алыңыздар. Осы заманғы спорт, ой ӛрістің жоғары 
дамығандығын  және  барлығына  мәлім  жағдайда  тек  қана  жеке  тҧлғаның  сапалары 
батылдық  пен  ержҥректікті  қалыптастырумен  қатар,  шығармашылық  қабілеттілікті 
талап  етеді.  Спортшылар  кӛбінесе  әдеттен  тыс  қысқа  мерзім  ішінде  жағдайды 
анықтап  бағалауды,  оған  дҧрыс  шешімді  қолдануды  және  берілген  тапсырманы 
орынды, ҧтымды атқаруды талап ететін жағдайларға ҧшырасып тҧрады. 
Спорт  -  бҧл  ғалымдардың,  жаттықтырушылар  мен  спортшылардың  ӛздерінің 
қызықты да, қарқынды шығармашылық ҧжымдық еңбегі. Жаттықтырушының жаңа 
әдістері  мен  тәсілдері  жолдарын,  амал-айласын  жарыққа  шығару,  оның 
шығармашылық  негізі.  Рекордтар  пайда  болғанға  дейін  "спортшы-жаттықтырушы-
ғылым"  жҥйесінде  белгілі  бір  қорытындылар  жоспарланады.  Алдын-ала  болашақ 
рекордтың ӛсіңкілік, ҥдемелі және кӛп сырлы ҥлгідегі "жобасы" жасалады, қимыл-
қозғалыс  қорытындысының  уақытша  мінездемесі  белгіленеді  және  т.с.с.  Мысалы, 
Олимпиада  ойындарына  немесе  дҥние  жҥзілік  біріншіліктерге  дайындалу  кезінде 
жаңа  рекордтар  кӛрсету  ҥшін,  спортшының  қарсыластармен  кҥресу  "стратегиясы 
мен жолдары" жасалып зерттеледі. Сонымен бірге, жаттықтырушы болашақ жоғары 
спорттық жетістіктердің негізін салушы және архитектор, математик және психолог 
болып шығады. Спорттың сарқылмайтын шығармашылығы оның, ҥнемі жан-жақты 
жетіліп  отыруына  мҥмкіндіктер  жасайды.  Соның  нәтижесінде,  жаттығуды 
орындауда  ӛзіндік  ерекшелігі  бар  техниканы  ӛңдеп,  жаңа  ҥлгідегі  қҧрал-
саймандарды,  спорттық  жаттықтырудың  жаңа  әдістерін  және  спорттық  кҥрестің, 
жаңа жолдары мен тәсілдерін шығарады. 
Шығармашылықтың  дамуы  жеке  спорттың  ғана  емес,  сонымен  бірге  ол  ӛзіне 
қызмет  кӛрсететін журналистика  мен  архитектураны,  әдебиет пен  суретті,  мҥсінші 
ӛнерін, театр мен басқа да бҧқаралық қозғаушы қҧралдарын камтиды. Мҧның куәсі 
ретінде  керемет,  таңқаларлық  спорт  сарайларын,  суретшілер  мен  мҥсіншілер 
шығармашылығындағы  керемет  туындылар  мен  мҥсіндерді,  ӛлеңдердегі  адамның 
шыныққан денесінің әдемілігі мен қуатын алайық. 
Дене  мәдениеті  маманы  ӛзінің  кәсібінің  әралуандығымен  болашағы  және 
қажеттілігі  бар  мамандық,  себебі  дене  мәдениеті  дайындығынсыз  және  оның 
дамуынсыз, сол сияқты дене мәдениеті мен спортсыз қоғам ӛмір сҥре алмайды. 
Осы  заманғы  дене  мәдениеті  мен  спорттың  әдіс-тәсілін  жетік  меңгерген, 
білімдар  жаттықтырушының,  педагогтың  ӛзінің  жеке  тҧлғалылығының  тәрбие 
беруде маңызы орасан зор. Ол ӛсіп келе жатқан жасӛспірім ҧрпақты дене мәдениеті 
даярлығының  тез  жетілуіне,  ең  тиімді  мҥмкіндіктерді  жасайды,  адамдардың 
әлеуметтік  және  психологиялық  сҧраныстарын  нақты  тҥрде  қанағаттандырады. 
Мҧндай педагогтар ӛзінің оқушыларына кҥнделікті дене мәдениеті жаттығуларымен 
шҧғылдануды, ӛз пәніне деген сҥйіспеншілігін арттыруды ҥйретеді, ӛз шәкірттерін 
жақсы білуге тырысады, дҥиие танымы мен адамгершілік кескінін қалыптастырады. 
Дене мәдениеті саласының маманы кең де, терең білімді меңгеруі керек. Мҧны, 
қазіргі  ӛмірдің  бҥкіл  тәртібі  мен  әдеп-ғҧрпы  талап  етеді.  Дене  мәдениеті  процесі 

кезінде  әртҥрлі  жастағы  және  дене  мәдениеті  дамуының  әртҥрлі  дәрежесіндегі 
адамдармен  сабақ  ӛткізуге  тура  келеді,  сондықтан  білім  беру  және  дене  медениеті 
ҧйымдары жҥйесінің барлық бӛліміндегі жҧмысқа олар дайын болуы керек. 
 
Резюме 
В данной статье дается информация о специальной педагогико- психологической  
подготовке специалистов спорта. 
Summary 
This article provides information on the special and pedagogical psychological preparation of sport 
professionals. 
 
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі: 
1. Адамбеков Қ.І.  «Оқушылардың дене тәрбиелеудің педагогикалық негізі» п.ғ.к. дисс. Алматы,  -
1995 ж. 38 б. 
2. Кузнецов З.И. «Мектеп жасындағы балалардың негізгі дене қасиеттерін дамыту» ғылыми конф. 
жинақта ры, Поланга, 1996 ж. 46 б. 
3.  Аяшов  А.О.  «Болашақ  мҧғалімнің  тәрбие  жҧмысына  кәсіби  даярлығын  дене  тәрбиесінің 
қҧралдары арқылы қалыптастыру» п.ғ.д, дисс. авторефераты. М.: 1993 ж. 55 б. 
4. Платонов В.Н. «Спортшылардың қазіргі замандағы дайындық жҥйесінің негізі» Здоровья, Киев, 
1999 ж. 321 б. 
 
 
 
 
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   39




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет