Резюме
Военная служба или другие аспекты перехода отношений органов закона в РК. Командир
воинской части его приоритете для членов генералов и военных сержантов и интересах того,
должны быть в соответствии с законами и требованиями военной работе и подготовке.
Summary
Military service or other aspects of the transition relations of law in Kazakhstan. The commander of
the military part of its priority to members of the military generals and sergeants and the interests that
must be in accordance with the
Ә.О.Ж:312.3
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚҦҚЫҚ ПЕН ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ
ЗАҢНАМАСЫНДАҒЫ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ КҤРЕСТІҢ ДАМУЫ
з.ғ.к,Бекмуратов. Е., з.ғ.м, оқытушы Абдразаков Б.Б.
магистрант Мансуров А.
АӘИУ Әлеуметтік-педогогикалық институты
Жалпы дҥниежҥзінде жемқорлық әлемдік масштабтарға ие болды. Сыбайлас жемқорлық
мәселесін шешуге БҦҦ, Еуропа Одағы, Еуропа Кеңесі, Америка мемлекеттерінің ҧйымы, сонымен
қатар, Экономикалық Ынтымақтастық және Даму Ҧйымы қосылады. Тарихи дамудың қазіргі
кезеңінде жемқорлықтың трансҧлттылығы бҥкіл қоғамдастық қауіпсіздігі ҥшін тӛндіретін қауіпті
бейтараптандыру ҥшін халықаралық деңгейде жаһандық шаралар қабылдауды талап етеді.
Халықаралық жемқорлыққа қарсы мыналарға бағытталған қҧқықтық, саяси, ҧйымдастырушы
шаралар кешені ретінде стратегия қажет: 1) қоғамдық жемқорлыққа қарсы кӛзқарас қалыптастыру;
2) жемқорлықтың зияны туралы хабардарлықты кӛтеру; 3) жемқорлық қҧқық бҧзушылықтарды
сыныптаудың халықаралық стандарттарын қамтамасыз ету, заң қҧзыреті әділет параметрлерін
унификациялау; 4) жемқорлық әрекеттерді айқындау мҥмкіндігін қамтамасыз ету ҥшін оның
алдымен қаржы саласында ашықтық атмосферасын жасау.
Жоғарыда кӛрсетілген мақсаттарға жетуде сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат әр тҥрлі
халықаралық ҧйымдардың халықаралық -қҧқықтық актілеріне бағытталған. Жемқорлық
мәселесіне Біріккен Ҧлттар Ҧйымы ҥлкен кӛңіл бӛледі. Әлемдік қҧбылыс ретінде жемқорлыққа
қарсы бағытталған бірнеше декларация мен конвенциялар қабылданғанын тӛменде байқауға
болады. 2003 жылы Біріккен Ҧлттар Ҧйымы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы» Конвенциясын
қабылдады. Конвецияның жағымды жақтары кӛп, бірақ та Конвенцияда қарастырылған сыбайлас
жемқорлықпен кҥресудің кӛптеген шараларына қарамастан, оларды орындау қҧқық бҧзушыға
деген тиісті санкциялармен қамтамасыз етілмеген. БҦҦ қарамағында қҧрылған ҧйымдар
жемқорлыққа қарсы қҧралдарды жасауда белсенді қызмет атқарады. Халықаралық қылмысты
алдын алу орталығы, Біріккен Ҧлттар Хатшылығының қылмысты алдын алу және нашақорлықты
қадағалайтын басқарма аймақ аралық қылмыс бойынша Біріккен Ҧлттар Институтымен бірге
«Жемқорлыққа қарсы әлемдік бағдарламаны» жасады.
Шетелдік мемлекеттік органдардың лауазымды тҧлғаларының парақорлығымен кҥресу
жӛнінде Экономикалық Ынтымақтастық және Даму Ҧйымының 1997 жылғы 21 қарашада
қабылданған және коммерциялық іс-әрекет жҥргізу барысында шетелдік мемлекеттік
шенеуніктерге пара беруді қылмыс деп жариялау мәселесіне арналған «Халықаралық іскери
операцияларды жҥргізу барысында шетелдік мемлекеттік органдардың лауазымды тҧлғаларының
парақорлығымен кҥресу жӛнінде» Конвенция. Бҧл конвенция коммерциялық ортада салауатты
бәсекелестікті қалыптастыруда алғышарт болып есептеледі. ЭЫДҦ сипатталған қҧқықтық
бастамасының маңыздылығы ҥш кезеңмен анықталады. Біріншіден, ол Солтҥстік және Оңтҥстік
елдерге сыбайластық тӛлемдердің ағылып келуін қысқартады. Бҧл тиісті мемлекеттік басқаруды
жҥзеге асыру ҥшін және сауда-саттықтың әділ жағдайларын сақтау ҥшін қолайлы ахуал жасауға
тікелей септігін тигізеді. Екіншіден, ол жаһандық масштабта басқару нормаларын дайындау ҥшін
ҥлгі бола алады.
Еуропа Одағы 1995 жылы «Ӛзінің қаржы мҥддесін қорғайтын Конвенцияны»
қабылдады. Осы қҧжатқа қосымша ретінде 1997 жылы Еуропа Одағы «Еуропа қоғамы және осы
қоғамдардың мҥше-мемлекеттерінің лауазымды адамдары кірген жемқорлыққа қарсы кҥрес
туралы Конвенция» қабылдады. Еуропамен салыстырғанда 1996 жылы Америка мемлекетінің
ҧйымы кӛлемді қҧжатты қабылдады. Америка аралық Конвенция жемқорлыққа қарсы кҥресті кең
тҥрде қолдайды. Бҧл аймақтық келісім (АҚШ-ты қоса, АМҦ мҥшелерінің кӛпшілігі қол қойған)
мҥше мемлекеттің ӛз аумағында конституцияға бағындырылған жемқорлық әрекетті жоюға
бағытталған шараларды қолдануды, отандастарының және резиденттерінің шет елдегі
әрекеттеріне жауап беруді талап етеді. Бҧл Конвенцияны Оңтҥстік және Солтҥстік Американың 20
мемлекеті бекітті. Осы қҧжат мемлекеттің ішінде жасалған қылмысқа ғана емес, трансҧлтты
қатынастарға да таралады.
Аталған қҧжаттардың әрқайсысына ҥшінші бӛлімде жеке - жеке
тоқталатын боламыз.
Мыңжылдықтар тоғысындағы тарихы тереңнен бастау алатын сыбайлас жемқорлық бҥгінде
бҥкіл әлем қоғамдастығына қауіп тӛндіріп отырғаны мәлім. Ӛз кезегінде, Қазақстан тәуелсіздік
алған кезден бастап сыбайлас жемқорлыққа қарсы кҥресті мемлекеттің бірінші кезектегі міндеті
етіп қойып, мәселені кҥн тәртібіне жиі шығаратын болды.
Кеңестік кезеңнен кейінгі кеңістікте
сыбайлас жемқорлыққа қарсы кҥресте іс-қимыл жҥйесін жасауда, заңнамалық база әзірлеуде
еліміздің кӛшбасшылық жағдайды иеленіп отырғаны кездейсоқ емес. 1998 жылы Қазақстан
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы кҥрес туралы» заңды бірінші болып қабылдады, онда мемлекеттің
сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиялық саясаттары белгіленді. Оның жҥзеге асырылуына 10
жылдай уақыт ӛтті. Содан бері заңға бірнеше рет ӛзгерістер мен толықтырулар енгізіліп, заман
талабына сай кҥресудің жаңа жолдары қарастырылды.
Алайда осы заңға дейін де ел Президенті
сыбайлас жемқорлыққа қарсы кҥреске қатысты бірқатар нормативтік актілерге қол қойған.
Сыбайлас жемқорлыққа және ҧйымдасқан қылмысқа қарсы кҥреске арналған бірқатар жарлықтар
бҧл бағыттағы жҧмыс сабақтастықта, ӛскелең тҥрде жҥріп жатқандығына дәлел. Сӛйтіп, 1992
жылғы 17 наурызда Қазақстан Республикасы Президентінің «Сыбайлас жемқорлыққа және
ҧйымдасқан қылмысқа қарсы кҥресті кҥшейту жӛніндегі іс-шаралар туралы» Жарлығы
қабылданып, сыбайлас жемқорлыққа және ҧйымдасқан қылмысқа қарсы кҥрестің
ҧйымдастырушылық және ӛзге де алғышарттарын қалыптастырды. Осындай қылмысқа ықпал ету
шаралары айқындалды, оның ішінде тәртіптік, мҥліктік және әкімшілік сипаттағы қылмыстың
алдын алу шаралары. Жарлықта республикамызда қылмыстық кәсібиліктің нығайып, ҧйымдасқан
сипатқа ие болып келе жатқандығы, баяндалады.
Осы Жарлықтан кейін мынадай қаулылар
қабылданды: 1992 жылғы 4 желтоқсандағы «Мемлекеттік басқару органдарындағы лауазымды
тҧлғалардың тәртіп, қоғамдық тәртіп және қауіпсіздік ахуалы ҥшін жауаптылығын арттыру
туралы» қаулы, 1994 жылғы 11 ақпандағы «Қылмысқа қарсы кҥресті кҥшейту туралы» қаулы,
сондай-ақ 1994 жылғы 9 маусымдағы «Заңдылық пен қҧқықтық тәртіпті қамтамасыз ету бойынша
қосымша шаралар туралы» қаулы және тағы басқа. Осы қҧжаттардың барлығында парақорлық пен
сыбайлас жемқорлық қоғамның, мемлекеттің мҥдделеріне қайшы келетіндігінен, Қазақстан
Республикасы Конституциясының негізгі қағидаттарымен сыйыспайтындығы туралы және ерекше
аталып ӛтіледі.
Қазақстан Республикасы Президентінің 1997 жылғы 5 қарашадағы «Ҧлттық қауіпсіздікті
нығайту, сыбайлас жемқорлыққа және ҧйымдасқан қылмысқа қарсы кҥресті одан әрі кҥшейту
жӛніндегі іс-шаралар туралы» Жарлығы ҧлттық қауіпсіздік органдарына, дәстҥрлі міндеттерін
шешуімен қатар, сыбайлас жемқорлық жолына тҥскен жоғары қызметтегі шенеуніктерге, әскери
қызметкерлерге, прокурорларға, қҧқық қорғау органдарының қызметкерлеріне, арнаулы қызмет
пен судьяларға, сондай-ақ контрабанда және есірткі бизнесіне қарсы кҥреске барлық кҥштерін
жҧмылдыруды міндеттеді. Ел басшылығының сыбайлас жемқорлыққа қарсы кҥреске бет алысы
батыл әрі дәйекті екенін атап ӛту қажет. Сӛйтіп, 1998 жылғы 11 шілдеде Қазақстан
Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев Қазақстан халқына сыбайлас жемқорлыққа қарсы
кҥрес мәселесіне арналған Ҥндеу жолдады. Елбасының осы Ҥндеуі 1998 жылғы 2 шілдедегі
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы кҥрес туралы» заң қабылданғаннан кейін бҧқаралық ақпарат
қҧралдарында жарияланды және біздіңше, Ҥндеу аталған заңның кіріспесі ретінде қабылдануы
тиіс. Аталған заңның негізіне БҦҦ және ТМД-ның Парламентаралық ассамблеясының аясындағы
халықаралық ҧйымдар әзірлеген модельді актілер алынған. Заңның мақсаттары: Қазақстанның
2030 жылға дейінгі даму стратегиясының негізгі ережелерін жҥзеге асыру; ел азаматтарының
қҧқықтары мен бостандықтарын, қоғамдық мҥдделерді қорғау. Қазақстан Республикасының
ҧлттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету; сыбайлас жемқорлыққа байланысты қҧқық бҧзушылықтың
алдын алу, анықтау, олардың жолын кесу және қылмысты ашу, олардың зардаптарын жою және
кінәлілерді жауапқа тарту арқылы мемлекеттік органдардың, мемлекеттік міндеттерді атқарытын
лауазымды және ӛзге де тҧлғалардың, сондай-ақ оларға теңестірілген адамдардың тиімді қызметін
қамтамасыз ету.
Республиканың заңнамасында осы заңда алғаш рет сыбайлас жемқорлық пен қҧқық
бҧзушылыққа заңдық ҧғым ретінде анықтама беріледі, олардың субъектілері айқындалады. Заңда
сыбайлас жемқорлыққа қарсы кҥрестің негізгі бағыттары тҧжырымдалған, олардың ең бастысы
Қазақстан Республикасы Конституциясы 39-бабының 1-тармағына сәйкес мемлекеттік міндеттерді
атқаруға уәкілдік берілген лауазымды адамдардың, сондай-ақ оларға теңестірілген адамдардың
қҧқықтары мен бостандықтарын шектеуге жол бермеушілік болып танылады.
Заңда сыбайлас
жемқорлықтың алдын алу, сыбайлас жемқорлықпен қҧқық бҧзушылықпен және ол ҥшін
жауаптылық шаралары арнаулы тарауда тҧжырымдалған. Сыбайлас жемқорлықпен қҧқық
бҧзушылық ҥшін тәртіптік, азаматтық - қҧқықтық, әкімшілік және қылмыстық жауаптылық
кӛзделген. Сыбайлас жемқорлық мәселесі заңмен қоса, Қазақстан Республикасының Қылмыстық
Кодекстің 13 тарауының 41бабында, сондай-ақ 176 бабының 3 тармағында: жеке меншікке қарсы
қылмыстар; 193 бабының 3 тармағы мен 209 бабында: экономика қызмет саласындағы қылмыстар;
307-315 баптарында: мемлекеттік қызмет қызығушылығына қарсы бағытталған жемқорлық
әрекеттер, 380 бапта: әскери қылмыстар жайы. Ал, Қазақстан Республикасының Әкімшілік қҧқық
бҧзушылық туралы Кодекстің жемқорлық мәселесі 532 - 537 баптар аралығында айтылған.
Осы заңды орындау ҥшін Қазақстан Республикасы Президентінің 1998 жылғы 7
желтоқсандағы Жарлығымен 1999 - 2000 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы
кҥрестің алғашқы мемлекеттік бағдарламасы бекітілген.
Қазақстан Республикасы Ҥкіметінің 1999 жылғы 20 шілдедегі №1015 қаулысымен Сыбайлас
жемқорлыққа қарсы тҧрудың әлеуметтік - экономикалық және қаржылық шараларын жҥзеге асыру
бойынша Ҥкімет іс-қимылының бағдарламасы бекітілген.
Қазақстанның 2030 жылға дейінгі даму стратегиясын, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы кҥрес
туралы» заңын, Қазақстан Республикасының ҧлттық қауіпсіздігі стратегиясын іске асыру
мақсатында 2001 жылғы 5 қаңтарда 2001-2005 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы
кҥрестің екінші мемлекеттік бағдарламасы бекітілді. Аталған бағдарлама алдынғы бағдарламаның
логикалық жалғасы болып, сыбайлас жемқорлықты, әсіресе экономика саласындағы сыбайлас
жемқорлықты, туғызатын жағдайларды айқындаудың және жолын кесудің тиімділігін одан әрі
арттыруға бағытталған шараларды кӛздейді.
.
Адам қҧқықтарын қорғаудың соттан тыс
институттары нығаюда. Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 29 қарашадағы
«Адамдар мен азаматтардың конституциялық қҧқықтарын қорғау жҥйесін одан әрі жетілдіру»
Жарлығымен халқаралық стандарттарға сай келетін Қазақстан Республикасындағы адам
қҧқықтарын қорғау жӛніндегі уәкілінің (Омбудсмен) қҧқық қорғау мҥмкіндіктері кеңейтілді.
Қазақстан Республикасының Президенті Қазақстан халқына 2005 жылғы 18 ақпандағы
жолдауында сыбайлас жемқорлыққа және қылмысқа қарсы кҥрестің нәтижелері мен мәселелерін
талдай келе, Қазақстанның кеңестік кезеңнен кейінгі кеңістікте сыбайлас жемқорлыққа қарсы
кҥрес саласындағы заңды қабылдаған алғашқы мемлекет екенін ескеріп, халақаралық
конвенцияларға қосылғанын атап ӛтті. Осы мәселеде Қазақстан соңғы орында еместігі
баршамызға мәлім.
2006-2010 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы кҥрестің мемлекеттік
бағдарламасында (ҥшінші бағдарлама) сыбайлас жемқорлық әлеуметтік-экономикалық даму,
нарықтық экономикаға кӛшу, инвестициялар тарту процестерін тежейді, демократиялық
мемлекеттің саяси және қоғамдық институттарына жағымсыз әсер етіп, еліміздің болашақта
дамуына қауіп тӛндіретіні айтылған.
Қазақстан Республикасының Президенті Қазақстан халқына 2006 жылғы 1 наурыздағы
жолдауында мемлекеттік саясаттың басымдықтарының бірі ретінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы
кҥрес белгіленді.
Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылғы 14 сәуірдегі
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы кҥрес, мемлекеттік органдар мен лауазымды тҧлғалардың
қызметіндегі тәртіпті нығайту бойынша шаралар туралы» Жарлығы жҥзеге асырылуда. Осы
Жарлықты орындау ҥшін әкімдердің, мемлекеттік органдар қызметкерлерінің сыбайлас
жемқорлыққа қарсы кҥрес туралы заңнамалықты бҧзғаны ҥшін жауаптылықты арттыру бойынша
шаралар қолданылуда.
Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылғы 3 мамырдағы Жарлығымен
«Мемлекеттік қызметшілердің ар-намысы кодексі» бекітілген. Бҧнда әлемдік тәжірибе ескеріліп,
мемлекеттік билік органдарының беделін арттыруға бағытталған мінез-қҧлықтың негізгі этикалық
нормалары белгіленген.
Елбасы Президент Әкімшілігі, Ҥкімет, Парламент ӛкілдерінің, облыс
және Астана мен Алматы қалалары әкімдерінің, қҧқық қорғау және бақылау органдары
басшыларының қатысуымен ӛткізетін кеңестерде сыбайлас жемқорлыққа қарсы кҥрес мәселесін
талқылау еліміздің саяси ӛмірінің нормасына айналды.
Сан алуан тҥрде кӛрініс беретін сыбайлас
жемқорлықтың басты ерекшеліктері ескеріле отырып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы кҥрес
жӛніндегі заңнаманың іс жҥзінде жыл сайын жетілдіріліп жатқанына кӛзіміз жетіп отыр.
Мемлекет басшысының «Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыру – мемлекеттік саясаттың басты
мақсаты» атты 2008 жылғы 6 ақпандағы Қазақстан халқына Жолдауы сыбайлас жемқорлыққа
қарсы кҥресгі мемлекеттік саясатқа жаңа серпін берді.
Президент жолдауында сыбайлас
жемқорлықтың алдын алуға бағытталған шараларды жҥзеге асыруға орай және әкімшілік
реформаның мақсаттарынан туындайтын мемлекеттік басқару жҥйесін оңтайландыру міндеттері
қойылған.
Президент Н. Назарбаев Қазақстанның әлемнің ең бәсекеге қабілетті 50 елінің қатарына ену
бағдарламаларын ҧсынды, онда сыбайлас жемқорлықпен кҥрестің жалпы ҧлттық бағдарламаларын
дәйекті тҥрде жҥзеге асыру кҥрестігіне баса назар.
Елбасы жанында консультативті-кеңестік орган – Сыбайлас жемқорлыққа қарсы кҥрес және
мемлекеттік қызметшілердің қызметтік этикасын сақтау мәселелері жӛніндегі комиссия қҧрылып,
жҧмыс жҥргізуде. Осы орган ӛзін тек талдау органы ғана емес, сыбайлас жемқорлыққа қарсы
кҥрес мәселесі бойынша нақты істер атқаратын орган ретінде де орнықтырды.
Сонымен бірге 2004
жылы Экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмысқа қарсы кҥрес жӛніндегі агенттік (қаржы
полициясы) қҧрылған. Осы органның жҧмысы экономикалық және сыбайлас жемқорлық
қылмыстың себептерін анықтауға, осындай қҧбылысты туғызатын жағдайлардың жолын кесуге
бағытталған. Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылығы 25 ақпандағы «Қазақстан
Республикасы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы кҥрес агентігін
(қаржы полициясы) қайта ҧйымдастыру туралы» Жарлығы қабылданып, агентіктің Қазақстан
Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік орган етіп
қайта қҧру жолымен қайта ҧйымдастыруын жҥктеді.
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2005 жылығы 8 сәуірдегі «Қолданыстағы
заңға тәуелді нормативтік қҧқықтық кесімдерге оларда сыбайлас жемқорлық қҧқық
бҧзушылықтарға жағдай туғызатын нормалардың болуы тҧрғысында тексеріс жҥргізу жӛніндегі
жҧмыс тобын қҧру туралы» №82-Ӛкімі шықты. Осы ӛкімде тексеріс жҥргізудің нәтижесінде
қолданыстағы заңнамаға ӛзгерістер мен толықтырулар енгізу қажеттігін кӛрсетілді. Осының
нәтижесінде, 2007жылғы Қазақстан Республикасы Ҥкіметінің қаулысымен ведомствоаралық
комиссия қҧрылды. Сол жылдың 20 наурызында «Қазақстан Республикасы Ҥкіметінің кейбір
шешімдеріне ӛзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» № 217 қаулысы шықты. Ондағы
Нормативтік қҧқықтық актілер жобаларын сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми сараптама
жҥргізуге жолдау ӛлшемдеріне сәйкес келетін заңға тәуелді нормативтік қҧқықтық актілердің
жобалары бойынша міндетті сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми сараптама жҥргізуге
ӛзгерістер еңгізілді. Қазіргі кезде қолданыстағы заңнамалар аясында сыбайлас жемқорлыққа
қарсы ғылыми сараптаманы жҥргізуді Қазақ гуманитарлық-заң университетінің қҧқықтық
қамтамасыз ету және сараптама орталығы жҥзеге асырады. Жемқорлыққа қарсы алғашқы
нормалар қоланыстағы заңдарды жетілдіру мәселесі жӛніндегі ведомствоаралық комиссияның
екінші отырысында мақҧлданған. НҚА жемқорлыққа қарсы сараптама жҥргізу жӛніндегі
әдістемелік нҧсқаулыққа сәйкес анықталады.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы кҥресте сыннан ӛткен шараларды тҧжырымдау жӛнінде қоғам
мен мемлекет арасында ӛзіндік кӛпір бола отырып, осы функцияны «Нҧр-Отан» халықтық-
демократиялық партиясының жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы кҥрес жӛніндегі жуырда
қҧрылған қоғамдық кеңес те ӛз жауапкершілігіне алып, кӛптеген іс тындыруда.
Осы жылдың 4 мамыр кҥні біз БҦҦ-дың «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы» Конвенцияның
мҥше-мемлекеті болып кірдік.
140 мемлекет қосылған Конвенция елімізге осынау қоғамдық
індетпен кҥресте жаңа міндеттер жҥктейді. Сондықтан Конвенцияға қосыла отырып, Салық
кодексіне салық органының салық тӛлеушіден ірі сомадағы сатып алу немесе сату, дҥние мҥлкі
туралы сҧрау салуға қҧқық беру туралы арнайы баптар енгізу қажет. Жҥргізілген зерттеу
Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарында жемқорлыққа қарсы саясатты жетілдіру
ҥшін, адамның жеке басына, оның қҧқықтары мен заңды мҥдделеріне тӛніп тҧрған жемқорлықпен
кҥресу салаларында, сондай-ақ экономика және қоғамдық қауіпсіздік салаларында жағдайларды
саралауға; Республикада жемқорлықпен кҥресудің барлық жҥйесін ресурстармен және кадрлармен
қамтамасыз етуді жетілдіру туралы ҧсыныстар жасауға баса назар аудару қажет екендігін
кӛрсетеді. Сӛйтіп, қорыта келе айтатынымыз, сыбайлас жемқорлыққа қарсы кҥрес саласында
мемлекет жҥргізген жҥйелі және дәйекті саясаттың арқасында бірсыпыра оң нәтижелерге қол
жеткізілгені байқалып отыр.
Пайдаланған әдебиеттер
1. Қазақстан Республикасының Конститутциясы. 1995 (ӛзгертулер мен толықтырулар енгізілген)
2007. 94 б.
2. Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі. (Жалпы бӛлім). 1994. 467 б.
3. Заңды тҧлғаларды мемлекеттік тіркеу туралы Қазақстан Республикасы Президентінің
Жарлығы.1995. 123 б.
4. Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне бағалы қағаздар рыногы және акционерлік
қоғамдар мәселелері бойынша ӛзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан
Республикасы Президентінің Жарлығы.2003. 82 б.
5. Толеугалиев Г.И. Гражданское право РК. А., 1999. С.642.
6. Ынтымаков С.А. Практикум по гражданскому праву. А., 2000. С.276.
ӘОЖ: 347.131.
БҤГІНГІ ТАҢДАҒЫ ПРОКУРАТУРАНЫҢ ЖҦМЫСТАРЫН ҚҦҚЫҚ ҚОРҒАУ
ОРГАНДАРЫНЫҢ ЖҦМЫСТАРЫМЕН СӘЙКЕСТЕНДІРУ МӘСЕЛЕСІ
магистрант Қыдыралиев Н Б., з.ғ.к., доцент Мейркулова Г.М.
Аймақты әлеуметтік – инновациялық университеті ,
ҚР, ОҚО, Шымкент қ.
Кез келген мемлекет ӛмірдің барлық қоғамдық салаларында, адамдар арасындағы ӛзара
қарым-қатынастарда қатаң тәртіп пен сақтықты орнатуға мҥдделі. Онсыз қоғамның бірқалапты
дамуы, экономиканың,мәдениеттің, игіліктің кӛтерілуі және халықтың қауіпсіздігінің артуы
мҥмкін емес.
Сондықтан мемлекет азаматтардың, олардың бірлестіктерінің, шаруашылық ҧйымдардының,
мемлекеттік органдарының, олардың лауазымды адамдарының қҧқықтары мен міндеттерін,
жауапкершілігін белгілейді. Мемлекет ӛзі қабылдаған заңдарды барлық адамдардың қатаң
сақтауын, заңдардың талаптарын бҧзушылардың заңмен жауапқа тартылуын әрдайым қадағалап
отырады.
Мемлекеттің мҧндай қызметі, яғни заңдар талаптарынан ауытқуларға жол бермеу ҥшін
азаматтардың қҧқықтары мен бостандықтарын қорғау жӛнінде, шаруашылық және қоғамдық
ҧйымдардың, мемлекеттік органдардың қызметіндегі белгіленген тәртіпті сақтау – бақылау және
қадағалау қызметі деп аталады.
Қҧқықты қорғау қызметі, негізі, ҥш нысанда жҥзеге асырылады: а) қҧқық бҧзушылықтан
сақтандыру жӛніндегі әр алуан шаралар жҥргізу жолымен; ә) заңды істерді қарау және шешу
жолымен;
б)
қҧқық
бҧзушыларды
заңмен
жауапқа
тарту
жолымен.
Мемлекеттің қҧқықтық қорғау қызметін жҥзеге асыру ҥшін қҧқықтары мен міндеттері арнаулы
заңдармен реттелініп әр тҥрлі органдар қҧрылады.
Қазақстан Республикасындағы қҧқық қорғау органдары тӛмендегілер жатады: Олар: полиция
органдары, ҧлттық қауіпсіздік органдары, прокуратура, әділет министрлігі, әр алуан мемлекеттік
инспекциялар ӛрт, санитарлық, қаржы және т.б., сот органдары,адвокатура, нотариаттар, кедендік
органдар, ішкі және шекара әскерлері, Президент кҥзетінің қызметі және т.б.
Қҧқық қорғау органдары, негізінен, Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігінің,
Ҧлттық қауіпсіздік комитетінің, Прокуратураның және Әділет министрлігінің қҧрамында әрекет
етеді.
Қҧқық тәртібін қорғауға ҚР Ҧлттық қауіпсіздік комитетінің органдары ҥлкен рӛл атқарады.
ҦҚК-нің басшылығымен облыстар мен қалаларда қҧрылған аумақтық органдарға жҧмыс істейді.
ҦҚК жҥйесінде барлау бӛлімшелері («Барлау» қызметі) бар: мемлекеттік қҧпияларды сақтауды
қамтамасыз етуге арналған ҥкіметтік мекемелерді байланыс пен ақпараттың арнайы тҥрлерімен
жабдықтайтын
орган
және
басқа
қҧрылымдар
жҧмыс
істейді.
ҦҚК органдары тікелей ҚР-ның ПРезидентіне бағындырылған. ҦҚК органдарының басты міндеті
ҚР қауіпсіздігіне қатер тӛндіретін шетелдік мемлекеттердің арнаулы қызметтері мен жекелеген
адамдарының барлау және дҧшпандық қызметімен кҥрес болып табылады. Бҧл кҥрес заңға сәйкес
жария, сондай-ақ жария емес қҧралдар мен әдістерді қолдану жолымен жҥргізіледі. ҦҚК
органдарының қызметіндегі басқа маңызды бағыт – лаңкестікпен, заңсыз қару айналымымен,
нашақорлықпен, жемқорлықпен, контрабандамен, пара алумен, басқа да ауыр қылмыстармен
кҥресу болып табылады.
Лаңкестікпен кҥресу – 2001 жылы 11 қыркҥйекте Нью-Йорктегі және 2002 жылы қазанда
Мәскеудегі театр орталығына жасалған шабуылдан кейін ерекше міндетке айналды.
Сондықтан ҚР-ның ҦҚК-ті лаңкестікпен кҥресу жӛніндегі ӛз қызметін басқа мемлекеттердің
мемлекеттік қауіпсіздік органдарымен ӛзара әрекеттесуі арқылы жҥзеге асырады.
ҦҚК органдарына зор қҧқықтар берілген. Дәлірек айтқанда, олар, мысалы, мақсаттары ҚР-дағы
конституциялық қҧрылысты кҥшпен ӛзгерту болып табылатын, лаңкестік, экономикалық
контрабандаға, жемқорлық, қылмысты топтардың беделін тҥсіруге бағытталған қылмыстың
ерекше қауіпті тҥрлері бойынша анықтау және алдын алазерттеу жҥргізеді.
ҚР-ның қҧқық органдары арасында прокуратура айрықша орын алады. Оның қызметі кӛп
қырлы және кӛптеген бағыттарда жҥзеге асырылады. Прокуратураның міндеттері ҚР
Конституциямен және «Қазақстан Республикасының прокуратурасы туралы» арнаулы заңмен
белгіленген. Прокуратураның басты міндеті барлық мемлекеттік органдардың, қоғамдық
бірлестіктердің, кәсіпорындардың, мекемелердің және олардың лауазымды адамдарының
Заңдарды, Президенттің жарлықтарын, басқа қҧқықтық нормативтік актілерді мҥлтіксіз және
біркелкі
қолдануына
жоғарыдан
қадағалауды
жҥзеге
асыру
болып
табылады.
Прокурорлық қадағалаудың мақсаты – Республиканың бҥкіл аумағында біртҧтас және берік
заңдылықты қамтамасыз ету, заңнамалардың талаптарын бҧзу фактілерін анықтау және
кінәлілерді жауапқа тарту. Прокуратура ӛз қызметін мемлекет атынан жҥзеге асырады. Ол ӛз
қызметін ҚР Президентіне тікелей есеп беретін тек қана Бас прокурорға бағына отырып, басқа
мемлекеттік органдарға тәуелсіз атқарады. Прокуратураға кең ӛкілдіктер берілген. Мысалы, ол
мыналарды қадағалауды жҥзеге асырады.
а) адам мен азаматтың қҧқықтары мен бостандығын сақтауды;
ә) полициялық органдардың тергеулер мен анықтаулар кезіндегі заңдылығын;
б) азаматтарды әкімшілік жауапқа тартудың заңдылығын;
в) сот белгілеген жазаларды орындау мен азаматтық істер бойынша сот шешімдерін орындау
заңдылығын;
г) сот органдарының ҥкімдерінің, шешімдерінің заңдылығын.
Ӛздерінің қадағалау қызметтерін прокуратура әр тҥрлі тәсілдермен жҥзеге асырады.
Мысалы, мемлекеттік органдардың, лауазымды адамдардың кез келген заңсыз шешімдері мен
қаулыларына наразылық білдіру; қылмысты зерттеу кезінде заңсыз әрекеттерге жол бермеуді
бақылау және т.б. жолмен. Қылмыс фактісін анықтағанда прокуратура қылмыстық іс қозғайды,
оны
сотқа
жібереді
және
мемлекеттік
айыптаушы
ретінде
кӛрінеді.
Сонымен бірге прокурордың сезіктіні қамауға алуға, тінту жҥргізуге рҧқсат беруге, заңнамалар
талаптарын бҧзуға әкелуі мҥмкін, жҧмыстағы кемшіліктерді жоюға лауазымды адамдарға міндетті
болатын жазбаша нҧсқаулар беруге қҧқы бар.
Республикада қҧқық қорғау қызметін тиімді жҥзеге асыру ҥшін барлық қҧқық қорғаушы
органдардың келісіп жҧмыс істеуін қамтамасыз етудің, қылмыспен кҥрес жағдайында жҥйелі
талдау жасаудың, елде қҧқық қорғау жҧмысын жақсартудың себептерін анықтау мен шараларын
жасаудың зор маңызы бар. Мҧндай міндет заңмен прокуратураға да жҥктелген. Бҧл
прокуратураның Қазақстан Республикасындағы Заңдылықтың жай-кҥйі ҥшін мемлекет алдында
ҥлкен жауапкершілігі барын дәлелдейді.
Қҧқық қорғау органдары мемлекеттің басым қҧрылымдарына жатады. Оларға қару
қолдануға дейін ҥлкен ӛкілдіктер берілген. Сондықтан олар міндеттері, қызметтері, қызметінің
тҥрлері мен әдеттері белгіленген ҚР Конституциясының қағидаттары мен нормаларына сәйкес
қатаң жҧмыс істеуге міндетті. Республикада олардың қызметіне қатысты болатын ІІМ, ҦҚК,
прокуратура органдары, әділет органдары, сот жҥйесі, адвокатура, нотариат туралы Заңдар мен
басқа
заңдар
қабылдаған
және
олар
жҧмыс
істейді.
Барлық қҧқық органдары тӛмендегі қағидаттар негізінде жҧмыс істеуге міндетті: 1) заңдылық; 2)
адамның қҧқықтары мен бостандықтарын басым қамтамасыз ету; 3) барлығының заң алдындағы
теңдігі; 4) қҧқық қорғау органдары қызметкерлерінің этикалық нормаларын сақтау; 5) қҧқық
қорғау органдарының қызметкерлеріне саяси партияларда болуға тыйым салу. Бҧл жӛніндегі ҚР
Конституциясының 23-бабында тура айтылған: «Әскери қызметшілер, ҧлттық қауіпсіздік
органдарының, қҧқық қорғау органдарының қызметкерлері мен судьялар партияларда, кәсіптік
одақтарда болмауға, қандай да бір саяси партияны қолдап сӛйлемеуге тиіс». Қҧқық қорғау
органдары қызметінің барлық аталған қағидаттары олардың саяси кҥреске тартылмауына,
халықтың алдында жоғары беделі болуына, республикада қатаң заңдылық қҧқықтық тәртіпті
қамтамасыз ету жӛніндегі ӛздерінің жауапты қызметтерін тәуелсіз орындауға, халыққа адал
қызмет етуге, сондай-ақ қоғамдық және мемлекеттік қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған.
Достарыңызбен бөлісу: |