Хабаршы жаратылыстану-география



Pdf көрінісі
бет24/25
Дата31.03.2017
өлшемі5,92 Mb.
#11001
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   25

Тірек    сөздер:  туризм  индустриясы,  шетелдік  индустрия,  туристік  ресурстар,  ұлттық  туристік  өнім,  шығу 
туризмі, ішкі туризм, туристік инфрақұрылым, маркетингтік стратегия, әлемдік туристік бизнес. 
 
Бүгінгі  күні  адамзат  тіршілігі  мен  қоғамында  туризм  -  өркениет  дамуының  көрсеткіші,  қоршаған 
ортаны  тану  тәсілі,  мәдени  деңгейді  жоғарылату  және  адамдардың  денсаулығын  қалпына  келтіру  әдісі 
болып табылады.  
Қазақстан  Республикасы  Президенті  Н.Назарбаевтың  «Қазақстан  –  2050»  және  «Қазақстанның 
индустриалды-инновациялық  дамуы»  бағдарламасында  ел  экономикасын  дамыту  концепциясы  ретінде 
туризм мен  туризм инфрақұрылымы туризм саласын дамытудың басым бағыты ретінде қарастырылады. 
Сондықтан Қазақстанның түрлі аймақтарының алуан түрлі  әлеуетін нәтижелі түрде қолданбай туризмді 
экономиканың  табысты  саласына  айналдыру  мүмкін  емес.  Олай  болса  туризм  бойынша  жобаларды 
жүзеге асыру үшін табиғи туристік ресурстардың маңыздылығына көңіл бөлу қажет.  
Туризм  табиғи  ресурстарды  тауыспайды,  керісінше,  экономиканың  көптеген  салаларының  дамуын 
ынталандыратын  мультипликативті    тиімділігі  бар.  Сәйкесінше  дүние  жүзілік  экономикалық 
дағдарыстың салқынын азайту үшін туризм бірқатар экономикалық және мәдени параметрлерге оң әсерін 
тигізетіндігі  сөзсіз.  Бұл  шағын  және  орта  кәсіпкерлік  саласында  көптеген  жұмыс  орнын  құру,  ұлттық 
мәдени дәстүрлерді дамыту және елдің жағымды саяси имиджін құру және т.б.  Әрине, туристерге қызмет 
көрсету бойынша халықаралық стандарттар деңгейіне жету үшін туристік инфрақұрылымға көп капитал 
салынуы  қажет,  бірақ  берілген  инвестициялар  стратегиялық  және  ұзақ  мерзімді  бола  тұра  болашақта 
минералды ресурстарды өндіруден де  асып түсетін  қомақты нәтиже береді.  
Аймақтық  туризмді  дамыту  үшін  ландшафт  пен  климат,  гидрография,  өсімдіктер  мен  жануарлар 
әлемінің  және  су  қоймаларының  болуы  ескеріледі.  Сонымен  қатар  мәдени-тарихи  құндылықтардың 
болуы бұл территорияны рекреация үшін қолдану мүмкіндігі жоғарылайды.  
Аймақтың бәсекеге қабілеттілігін арттыру ресурстарды нәтижелі қолданумен және халықтың тұрмыс 
жағдайының жоғарылауымен байланысты.  
Әлем  елдерінің  көбінде  туризм  –  экономиканың  ірі  секторы  болып  табылады,  сондықтан  дамыған 
елдер бұл саланы дамыту үшін бар күшін салуда. Дүние жүзілік экономикада туризм көшбасшы салалар 
қатарына  қосылып  қазіргі  күні  мұнай  өңдеу  саласымен  бәсекелесіп,  экономиканың  ірі  экспортты 
саласына айналды. Сонымен қатар туризмді дамыту үшін экономистердің пікірі бойынша маркетинг пен 
менеджментті  қоса  бірқатар  кешенді  сұрақтар  мәселесін  шешу  керек.  Жер  жүзінде  туризм  саласын 
дамыту үшін мемлекет пен жеке бизнестің күш салуын қажет етеді[1].  
Туризм  инфрақұрылымы  туристік  сала  кәсіпорындарының  дұрыс  жұмысын,  туристердің  туристік 
ресурстарға    жету  мен  пайдалануды  қамтамасыз  ететін  инженерлік,  коммуникациялық  желілер,  соның 
ішінде  жолдар,  туризм  саласындағы  аралас  кәсіпорындар,  құрылыс  кешендері  болып  табылады.  Оған 
автокөлік және темір жолдар, терминал мен бекеттер, теңіз, өзен, әуе, жол қозғалысын реттейтін жүйелер, 
жылыту  жүйелері,  электр  және  телефон  жүйелері  жатады.  Туризм  инфрақұрылымын  дамыту-туристік 
ресурстарды ашу мен қолдану процесінің маңызды жоспарлау сатысы. Туристік ресурстың тиімділігі мен 
көзтартарлылығы  қанша  көп  болғанымен  де,  туристер  үшін    ең  бастысы  осы  ресурстарға  жетудің 
ыңғайлылығы.  
Туристік  қызмет  жағдайында  қазіргі  таңда  республикада  туристік  инфрақұрылымның  (қонақүйлер, 
кемпингтер,  туристік  базалар,  жолдар,  автокөліктер,  туристік  маршруттар)  дамуының  төменгі  деңгейі 
әсер  етеді.  Соған  қарамастан,  инфрақұрылымның  дамуы  үшін  мемлекеттік  қаржыландырылу  саясаты 
керек.  Туризм  болашағы  зор  сала  болғанына  қарамастан,  оның  қаржылануы  үшін,  шетелдік 
инвестицияларды тарту үшін мемлекет тарапынан жүргізілетін жұмыстар қарқыны өте баяу. Оның үстіне 
ұлттық туристік өнімді ішкі және сыртқы нарықта жылжыту үшін ғылыми жарнамалық-ақпараттық жүйе 
жетілдірілмеген.  Туристік  инфрақұрылымның  дамымау  себебіне  тек  қана  экономикалық  қиындықтар 
ғана  емес,  сонымен  қатар  салықтар  және  әр  түрлі  туристік  заңдылықтар,  тұтынушылар  құқықтарын 
мемлекеттік  стандарттардың  негізінде  қорғау  мүмкіндіктерінің  қарастырылмауы  әсер  етеді.  Көптеген 
туристік  фирмалар  шетелдік  туристік  компаниялардың  турагенттері  болып  табылады.  Осының 
нәтижесінде  Қазақстан  азаматтарының  шет  елдерде  сапарлауы  шетел  азаматтарының  біздің  елімізге 
келуінен  асып  түсуде.  Қазақстандық  туристік  кәсіпорындар    қолданыстағы  заңдар  мен  нормативті-
техникалық  құжаттармен  жұмыс  істеуі  нашар  ұйымдастырылған.  Соның  нәтижесінде  келуші  туристер 
арасында заң бұзушылықтар көптеп кездесуде.   
Қазіргі  кезде  Ұлы  Жібек  Жолы  бойындағы  қалалардың  құрылысын  жаңғырту  негізінде  туризм 
инфрақұрылымын  қалыптастыру  керек:    сервистік  қызмет  көрсету  мен  сауда  кәсіпорындары,  туристік 
және мінәжаттық кешендер, ұлттық өнер шеберханалары, этнографиялық музейлер мен театрлар, мәдени-

ВЕСТНИК КазНПУ им. Абая серия «Естественно-географические науки» №2(44), 2015 г. 
 
126
 
рәсімдік  және  діни-тарихи  орталықтар  мен  өзге  де  туристік  объектілер.  Ұлы  Жібек  Жолының 
қазақстандық  бөлігіндегі  негізгі  туристік-рекреациялық  ресурстар  Жетісу  мен  Оңтүстік  Қазақстанда 
орналасқаны  белгілі,  әсіресе  осы  аймақтарда  ерекше  қалалар  Тараз,  Түркістан  және  Алматыны  атап 
айтсақ болады. 
Туризм  саласында  халықаралық  байланыстарды  дамытуда  Қазақстанның  1993  жылы  Дүниежүзілік 
Туристік  Ұйымның  толыққанды  мүшесі  болып  есептелуі,  туризм  саласында  халықаралық  іскерлік 
келісімшарттарды бекіту маңызды рөл атқарды. Осы келісімдер негізінде шетел мемлекеттерінің үкіметі 
Қазақстанды бай туристік болашағы бар мемлекет ретінде мойындайды[2].  
Қазақстан  Республикасы  Статистика  агенттігінің  мәліметтері  бойынша  елімізде  туристік  қызметпен 
айналысатын  кәсіпорындар  мен  жеке  кәсіпкерлердің  саны  2012  жылы  1802  бірлікті,  ал  орналастыру 
орындары 660 бірлікті құраған.  
Қазіргі  күні  елімізде  1602  туристік  фирма  өз  жұмысын  атқаруда.  Олар  2012  жылы  келу  туризмі 
бойынша  14395  адамға,  шығу  туризмі  бойынша  134889  адамға,  ал  ішкі  туризм  бойынша  71549  адамға 
қызмет көрсеткен. Туристік фирмалардың орындаған жұмыстарының жалпы саны мен көлемі 2012 жылы 
8350003,4 мың теңгені құрады[3]. 
Қазақстанның  аумағында  118  ерекше  қорғалатын  табиғи  аумақ  бар,  оның  ішінде  11-і  мемлекеттік 
ұлттық  парк,  оларда  экотуризмді  дамытуға  бағытталған  реттемелі  туристік  пайдалануға  жол  берілген. 
Оның объектілерінің табиғи да, мәдени де көрнекті жерлер, табиғи және табиғи-антропогенді ландшафтар 
болуы мүмкін екенін есепке алсақ, сондай-ақ онда дәстүрлі мәдениет қоршаған табиғи ортамен бірыңғай 
тұтастықты  құрайтынын  есепке  алсақ,  экологиялық  туризмді  дамыту  табиғи  аумақтарға  қаржылық 
қолдауды  қамтамасыз  етіп  қана  қоймай,  сонымен  қатар  оларды  сақтауға  деген  мүдделілікті  туғызуға 
мүмкіндік береді. 
Қазақстанда  Орталықтың  (Мәскеудің)  «бұйрығымен»  жүргізіліп  келген  туризм  саясаты  салдарынан 
еліміз  оқшау  қалып  келді.  1990  жылға  дейін  туристік  іс-әрекеттер  КСРО-ның  Кавказ,  Қырым  түбегі, 
Балтық  теңізі  жағалауында  және  Орталық  Азия  (негізінен,  Өзбекстан)  елдері  мен  Ресейдің  тарихи 
орталықтарымен  шектелді.  Қазіргі  кезде  халықаралық  туризмде  туристер  ежелден  «тапталып»  біткен 
туристік  аймақтардан  гөрі  жаңа  жерлермен,  елдермен  танысқысы  келетінін  білдіріп  отыр.  Осыған  орай 
тұрақты дамып келе жатқан Қазақстан аумағы шетелдік туристерді қабылдауға толық мүмкіндігі бар.  
Елімізде оларды қызықтыратын және олардың «игергісі келетін» Іле Алатауы, Солтүстік Тянь-Шань, 
Жаркент  –  Талдықорған,  Балқаш,  Солтүстік  Жетісу  (Жоңғар)  Алатауы,  Жамбыл,  Түркістан,  Сайрам  – 
Шымкент, Жоғарғы Бұқтырма және Маңғыстау  сияқты табиғи өңірлер. Одан басқа  оларды мемлекеттік 
ұлттық  саябақтар (Іле  Алатау,  Алтынемел),  Ақсу-Жабағылы, Баянауыл, Қарқаралы, Бурабай, Көкшетау, 
Қорғалжын  қызықтырады.  Жоғарыда  айтылған  туристік  нысандарға  мемлекет  тұрғысынан  шетел 
азаматтарына  берілген  визаны  алу  жолдарын  саяси  және  экономикалық  тұрғыдан  тұрақты  деген  54 
мемлекетке жеңілдіктер жасалды. Нәтижесінде, елімізге келетін туристер саны 80-100 мың емес, 150-200 
мыңға жеткізіледі деп болжанып отыр[4].  
Туризмді  дамытуды  басты  жолға  қоятын  елдерде  әдетте,  туристік  инфрақұрылымды,  оның  ішінде 
қонақ  үйлерді  дамытуды  ынталандыратын  заңнамалық  сипаттағы  шаралар  қабылданады.  Бұл  ретте, 
мемлекеттік органдар және қаржы мекемелері туризмге салынған инвестициялар жаңа жұмыс орындарын 
ашады,  белгілі  бір  кіріс  әкеледі  дегенге  сүйенеді.  Сондықтан  да  көптеген  елдерде  шетелдік  және  ішкі 
инвестицияларды  тартуға  ықпал  жасайтын,  айталық  оларға  салық  жеңілдіктерін  белгілеу  сияқты 
заңнамалық  шешімдер  қабылданады.  Туризм  инфрақұрылымын  дамыту  үшін  туристік  ұйымдарға 
жеңілдіктер беру және ұзақ мерзімді несиелеу механизмін жасау бәсекеге қабілетті туризм индустриясын 
дамытуға инвестициялар көлемінің өсуіне ықпал жасайды. 
Қазақстан Республикасы туристік индустриясының перспективалы бағыттарын дамыту жөніндегі 2010 
- 2014 жылдарға арналған бағдарламасына сәйкес  «Саяхат пен туризмнің  бәсекеге қабілеттілік индексі» 
тізімінде Қазақстанның орнын 2009 жылғы 92-ден 2015 жылғы 90-ға көтеру мақсаты қойылған болатын.  
Елбасымыз  атап  көрсеткендей  елімізде  экономика  саласын  дамытуда  және  Қазақстан  халқының 
тұрмыс-тіршілігін жақсарту мақсатында инфрақұрылым мәселесін шешу маңызды болып табылады.  
Қазақстанда  туризм  инфрақұрылымын  дамыту  үшін  мемлекет  тарапынан  жағдай  жасалынуы  және 
инвестиция салынуы керек.  
Ұлттық туристік ерекшеліктеріне байланысты Қазақстанда туризм инфрақұрылымын дамытуда келесі 
деректемелерге қаражат салынуы қажет: 
-  қонақүй базасының дамуына; 
-  демалыс пен сауықтыру кешендерінің дамуына; 

Абай атындағы ҚазҰПУ-нің ХАБАРШЫСЫ «Жаратылыстану-география ғылымдары» сериясы №2(44), 2015 ж. 
 
127
 
-  қоғамдық тамақтану орындарының дамуына; 
-  туристік-ресурстық орталықтарының жабдықталуы; 
-  сервистік  қызмет  көрсету  кәсіпорындарының  құрылуы:  сауда,  сувенирлік  бұйымдардың 
шығарылуы, ұлттық қолөнердің шеберханалары; 
-  өндірістік  кешендердің  құрылуы,  соның  ішінде  туристік  құрал-жабдықтардың  шығарылуы,  жол 
сілтегіштер, сувенирлер; 
-  қоғамдық  пайдаланылуы  және  туристерді  қанағаттандыру  мақсатында  көлік  жолдарының 
инфрақұрылымның дамуы; 
-  тарихи-мәдени нысандардың қалпына келтірілуі және ғылыми зерттелуі; 
-  мемлекеттің табиғи және тарихи-мәдени ресурстардың зерттелуі; 
-  діни  және  туристік  кешендердің,  этнографиялық  мұражайлардың  және  театрлардың,  тарихи-діни 
орталықтарының, демалыс орындарының құрылуы; 
-  тұрмыстық инфрақұрылымның дамуы: сумен, электрмен қамту, канализация, телекоммуникация; 
-  жаңа туристік маршруттарының жасалынуы; 
-  қорық аймақтарының қорғанысы; 
-  жыл бойы қолданысқа берілетін орта және шағын туристік кешендерінің салынуын жоспарлау; 
-  туризм базаларының материалдық жаңартылуы. 
«Осы бағытта Қазақстан инфроқұрылымын дамыту үшін мынандай   шаралар қолданылуы тиіс»: 
-  Туризмнің  материалдық-техникалық  базасын  дамыту  мақсатында  туристік  нысандарға  шетелдік 
және отандық инвестиция тарту; 
-  Инфрақұрылым нарығында бәсекелестіктің жоғарылауы; 
-  Қазақстан Республикасында туристік кешендердің орналасуын жоспарлау; 
-  Туризм дамыйтын аудандарда құрылыс орындарын бакылау; 
-  Туристік кешендердің дүниежүзілік стандарттарға сай болуы; 
-  Бар туристік инфрақұрылымның дамуы; 
-  Халықаралық стандартқа сай қонақүйлердің реконструкциясы; 
-  Шетелдік инвестиция арқылы жүйені құрайтын туристік нысандардың дамуы. 
Қазіргі жағдайда постиндустриялы экономикада белсенді дамып келе жатқан сала ретіндегі турзмнің 
дамуы Қазақстан экономикасы үшін ерекше өзектілікке ие.   
Туристік  өнім  экономикалық  категорияға  тек  топтық  туризм  жағдайында  ғана  жетеді.  Туристік 
өнімдердің  тиімділігін  арттыру  үшін  Қазақстанда  дамыған  туристік  индустрия  болу  қажет.  Жергілікті 
туристік жобаларды іске асыру үшін шетел капиталын тартуға болады. Бірақ  осы капитал басымды ролді 
алмау керек, тек құрылтайшы ретінде пайдалану маңызды [5].  
 
 
1. Sullivan, Arthur, Steven M. (2003). Economics: Principles in action p. 474. 
2.
 
http://www.kazatur.narod.ru
 
3. Қазақстан Республикасы Статистика Агенттігі: 
www.kaz.stat.kz
 
4.
 
http://www.opendb.net/element/19099.php
 
5. Қазақстан Республикасы  туристік  индустриясының перспективалы  бағыттарын дамыту жөніндегі 2010 - 
2014 жылдарға арналған бағдарламасы.  
 
Резюме 
Основные проблемы и возможности развития туристской инфраструктуры Казахстана 
 
Туризм  является  одной  из  ведущих  и  наиболее  динамичных  отраслей  экономики.  Международные  эксперты 
относят современный туризм к отрасли мировой экономики, не знающей спадов. Во многих странах туризм играет 
значительную  роль  в  формировании  валового  внутреннего  продукта,  создании  дополнительных  рабочих  мест  и 
обеспечении  занятости  населения,  а  также  активизации  внешнеторгового  баланса.  Темпы  развития  туризма 
неуклонно растут. 
В последнее время туризм стал одним из самых прибыльных видов бизнеса в мире. Постоянно растет значение 
туризма  как  источника  валютных  поступлений  и  расширения  международных  связей.  Продажа  сырья  истощает 
энергоносители  страны,  а  туриндустрия  работает  на  возобновляемых  ресурсах.  Туризм  обладает  более  сильным 
эффектом мультипликатора, чем большинство других экономических секторов. 
Развивающимся  странам  целесообразнее  развивать  сферу  услуг,  так  как  восстановление  производства  требует 
вложения  значительных  денежных  средств.  В  этом  отношении  туризм  может  выступать  в  качестве 
непроизводственной  сферы.  А  так  же  очень  быстро  развивается  индустрия      туризма,  сравнительно  с  другими 
отраслями мировой экономики, так же как и ресторанное дело и гостиничный бизнес. По мнению экспертов, в 2020 
году туризм станет крупной отраслью бизнеса. И это в свою очередь приведет к росту рабочих мест. Для развития 

ВЕСТНИК КазНПУ им. Абая серия «Естественно-географические науки» №2(44), 2015 г. 
 
128
 
туризма в Казахстане нужно сформировать современный, конкурентоспособный туристический комплекс, который 
обеспечит  высокие  результаты.  С  нашими  приоритетами    в  стране  можно  развивать  такие  отрасли  туризма,  как: 
культурно-познавательный, экологический, экстремальный, деловой и т.д. 
В статье рассматривается роль туристической инфраструктуры в экономике страны и его перспективы развития. 
Ключевые  слова:  индустрия  туризма,  мировая  индустрия,  туристические  ресурсы,  национальный 
туристический  продукт,  выездной  туризм,  внутренний  туризм,  туристическая  инфраструктура,  маркетинговая 
стратегия, мировой туристический бизнес. 
 
Summary 
The main directions of development of tourism infrastructure of Kazakhstan 
Tourism is now one of the world’s largest industries and one of its fastest growing economic sectors. For many countries 
tourism is seen as a main instrument for regional development, as it stimulates new economic activities. Tourism may have a 
positive economic impact on the balance of payments, on employment, on gross income and production, but it may also have 
negative  effects,  particularly  on  the  environment.  Unplanned  and  uncontrolled  tourism  growth  can  result  in  such  a 
deterioration of the environment that tourist growth can be compromised. The environment, being the major source of tourist 
product, should therefore be protected in order to have further growth of tourism and economic development in the future. In 
our days the industrial tourism is developing so fast it compare the other branches the world economics as well the restaurant 
and hotel-business.In opinion of experts in 2020 the tourism will become a large branch of business and it helps to workers to 
since a good job.For a developing the tourism in Kazakhstan should make a modern competitor tourism complex, which to 
show a good result. Today so many tourism complex develops in Kazakhstan: cultural-cognitive, ecological, extraordinary, 
business and so on.The article is considered the role of tourism-infrastructure in economical countries and it’s developing in 
Kazakhstan. 
Key words: Industrial tourism, world industry, tourism resource, national tourism product, exit tourism, indoor tourism, 
tourism infrastructure, marketing strategy, world tourism. 
 
ӘОЖ. 378.1.037.1. 
 
 
АЛМАТЫ ҚАЛАСЫНЫҢ ТУРИСТІК ФИРМАЛАРЫНЫҢ БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІЛІГІ 
 
 
Г. Ә.Абдикаримова – педагогика ғылымдарының кандидты, доцент, 
Ж. Меңлібаева – «Туризм» мамандығының 3 курс студенті 
Абай атындағы ҚазҰПУ, Алматы қ. 
 
Аңдатпа. Әлемдiк туристiк рыноктың дәстүрлi аудандары өзiнiң рекреациялық сыйымдылығының шегiне iс 
жүзiнде  жеткендiктен,  туризмнiң  өсуi  туристер  баратын  жаңа  аумақтар  есебiнен  басым  дамитын  болады. 
Осыған  байланысты,  Қазақстанның  әлемдiк  туристiк  рынокта  өзiнiң  лайықты  орнын  табуға  мүмкiндiгi  бар. 
Соның ішінде Алматы қаласының туристік фирмаларының бәсекеге қабілеттілігінің жалпы жағдайын талдауда 
мынандай  қорытындыға  келген.  «Жана  Арка»  фирмасы  жарнамаға  ең  ерекше  көңіл  бөледі  (телетекстерде 
хабарландыру,  баспаларда,  теледидардағы  жарнамалық  бағдарламаларда,  визиткаларды  тарату,  телефон 
анықтамаларындағы  жарнама,  кірістегі  хабарландыру).  «World  Travel  Service»  (кірістегі  хабарландыру, 
баспалар арқылы хабарландыру, телефон анықтамаларындағы жарнама). «Grand Tour» (кірістегі хабарландыру, 
қаланың стендтеріндегі жарнамалар, визиткаларды тарату). «Kami Travel» туристік фирмасы осы мәліметтерді 
талдап қызметтің бірінші кезеңдерінде жарнамаға көп мән (көңіл) беру керек деген шешім қабылдады. 
Тірек  сөздер:  турист,  индустрия,  туризм,  баға,  фирма,  офис,  оптималь,  менеджер,  интенсивность, 
халықаралық туризм, ішкі туризм, экскурсиялық туризм. 
 
Бүгінгі  таңда  туризм  экономиканың  ең  жоғары  кірісті  және  үдемелі  дамитын  салаларының  бірі. 
Туризм  еліміздің  әлеуметтік-экономикалық  дамуын  жеделдетумен  қатар  өлкеміздің  абырой-беделін 
арттыруға  жұртшылықтың  білім-танымының  жоғарылауына,  ақпарат  таратудың  жаңа  түрлерін  енгізуге 
ықпал  етеді.  Туризмнің  дамуының  жоғары  қарқыны,  валютаның  зор  түсімдері  экономиканың  әртүрлі 
секторларына  белсенді  әсер  етеді,  бұл  туристік  индустрияның  қалыптасуына  көмек  береді.  Туристік 
индустрия туризм жүйесінің бір жағын құраса, туризм жүйесінің екінші жағы – туристік ресурстар. 
Қазақстан  ендігі  он  жылдықта  өндіру  саясатын  түбегейлі  өңдеуші  бағытқа  бұрғаны  жөн.  Бұл 
ретте  туризмнің  алар  орны  ерекше.  Туризм  ел  экономикасында  қолға  алынған  жетілік  кластердің 
санатында. Әлемдік шаруашылықтың неғұрлым жоғары қарқынмен дамып келе жатқан секторы болып 
табылатын  туризм  индустриясы  экономикалық,  әлеуметтік,  мәдени  және  экологиялық  салаларға  қатты 
ықпал  етеді.  Туризм  ішкі  және  халықаралық  туризм  түрлерін  қамтыса  да  және  туристердің  80℅-ы  ішкі 
туризмге  келетінін  ескерсе  де,  қазіргі  кезде  барлық  әлемде  туризмді  дамыту  стратегияларында  ішкі 
туризм ұлттық табыстың қайта бөлінуімен сипатталады [1]. 
Туризм  әлемдiк  экономикада  басты  рөлдiң  бiрiн  атқарады.  Дүниежүзiлiк  Туристiк  Ұйымның  (ДТҰ) 
деректерi бойынша ол әлемдегi жалпы ұлттық өнiмнiң оннан бiр бөлiгiн, халықаралық инвестицияның 11 
пайыздан астамын, әлемдiк өндiрiстiң әрбiр 9-шы жұмыс орнын қамтамасыз етедi.       

Абай атындағы ҚазҰПУ-нің ХАБАРШЫСЫ «Жаратылыстану-география ғылымдары» сериясы №2(44), 2015 ж. 
 
129
 
Туризмнiң  қазiргi  индустриясы  табысы  жоғары  және  серпiндi  дамып  келе  жатқан  қызмет 
көрсетулердің халықаралық сауда сегменттерінің бiрi  болып табылады. Туризмнен түскен табыс,  мұнай 
өнiмдерi және автомобиль экспортының табысынан кейiн тұрақты үшiншi орында келедi [2]. 
Әлемдiк  туристiк  рыноктың  дәстүрлi  аудандары  өзiнiң  рекреациялық  сыйымдылығының  шегiне  iс 
жүзiнде жеткендiктен, туризмнiң өсуi туристер баратын жаңа аумақтар есебiнен басым дамитын болады. 
Осыған  байланысты,  Қазақстанның  әлемдiк  туристiк  рынокта  өзiнiң  лайықты  орнын  табуға  мүмкiндiгi 
бар.  
Сондықтан біз  Алматы қаласының үш туристік фирмаларының жалпы жағдайын талдау мақсатында 
зерттеу жүргізіп жалпы табысына сипаттама жасауды қолға алдық. Сараптама жасаған туристік фирмалар 
туралы мәлімет алғашқы мәліметтер (кесте-1) берілген. 
 
Кесте 1 – Туристік фирмалар туралы мәліметтер 
 
№ 
Аты 
Орналасқан жері 
Нарықтың бөлігі 

Жана Арка 
Қарасай батыр көшесі-85, Сейфуллин даңғылы 
35% 

World Travel Service 
Шевченко көшесі-112, Байтұрсынов даңғылы 
20% 

Grand Tour 
Қонаев көшесі, 132 
15% 
  
Тур  бойынша  сұранысты  көбейту  мүмкіндігін  беретін,  сенімді  және  тексерілген   операторлармен 
жұмыс  істеуге  үйреніп  қалғандықтан,  бұл  көрсетілген  3  фирманың  туристік  бағыттарының 
ассортименттері бар, ал фирма одан да үлкен ассортиментті ұсынады. 
Қызметтің туристік саласындағы ең қатаң бәсекелестіктің затына (түріне) келесілерді жатқызамыз: 
- баға; 
- фирманың беделі; 
- сапа; 
«Жана  Арка»  фирмасы  жарнамаға  ең  ерекше  көңіл  бөледі  (телетекстерде  хабарландыру,  баспаларда, 
теледидардағы  жарнамалық  бағдарламаларда,  визиткаларды  тарату,  телефон  анықтамаларындағы 
жарнама, кірістегі хабарландыру). 
«World  Travel  Service»  (кірістегі  хабарландыру,  баспалар  арқылы  хабарландыру,  телефон 
анықтамаларындағы жарнама). 
«Grand Tour» (кірістегі хабарландыру, қаланың стенттеріндегі жарнамалар, визиткаларды тарату). 
«Kami Travel» туристік фирмасы осы мәліметтерді талдап қызметтің бірінші кезеңдерінде жарнамаға 
көп мән (көңіл) беру керек деген шешім қабылдады. 
Атап  көрсеткен  сұрақтар  бойынша,  салыстырмалы  артықшылықтарын  бағалау  үшін,  ақпаратты 
жүйелендіруге  мүмкіндік  беретін  негізгі  бәсекелестері  бойынша  нарықты  сегменттеу  әдісін  қолдануға 
болады,бұл ақпаратты келесі кестеде көрсету ыңғайлы (2-кесте). 
 
Кесте    2  –  Туристік  фирмалардың  ақпаратты  жүйелендіруге  мүмкіндік  беретін  негізгі  бәсекелестері 
бойынша нарықты сегменттеуі 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   25




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет