Хабаршы жаратылыстану-география



Pdf көрінісі
бет18/25
Дата31.03.2017
өлшемі5,92 Mb.
#11001
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   25

Тірек сөздер: металл, оқыту, кен, зергер, өндіру,  балқыту, еріту. 
 
 
Тіршілік барысында өзіне қажетті заттарды (бұйымдарды) адам баласы ертеден-ақ іздеген. Сонау тас 
дәуірінде адам құрал-жабдықтарды тастан немесе алып жануар сүйектерінен, мүйіздерінен жасады. Олар 
тастардан  шақпақ  тас,  халцедон  сияқты  қатты  түрлерін  таңдады.  Қола  дәуірінде  мыстың  алынуына 
байланысты  құрал-жабдықтар  үшін  мысты  және  мыстың  құймаларын  жез  бен  пайдаланды.  Темір 
дәуірінде  тұрмыс  қажетіне  орай  көптеген  құрал-жабдықтар  темірден  және  темір  құймаларынан 
жасалынды.[1] 
Көне дүние саяқатшылары қазақ жері туралы көптеген мағлұматтар қалдырған. Араб саяхатшысы Әл-
Ыдырысидің  жазуында:  "Ұлытау  төңірегінен  өндірілетін  алтын,  күміс,  жез  тауарларды  Шаш  (Ташкент) 
саудагерлері кірелеп тартып әйгілі Ұлы Жібек жолының бойындағы керуендерге еселеп сатқан. Бұл 
тауарлар одан әрі Батыс пен Шығыс елдеріне тарап отырған" - дейді. Осы тәрізді қазақ елінің алтын мен 
күмісін  грек  тарихшысы  Геродотта  айшықтап  жазды:  "бұл  елде  мыс  пен  аткөпір.  Оларды  найза,  жебе, 
айбалта сияқты қару -жарағы жезден соғылған, оның есесіне бас киімдер мен белдік кесенесінен  бастап 
ат-әбзелдеріне  дейін  алды.  Осының  нәтижесінде  үлкен  апандар  пайда  болды.  Жер  бетінде  жақын  кен 
біткен соң жер астын қазды. Кен алғашқы кезде сүйек және тас балғамен қазылды. Кейіннен кен қабатын 
өртеу тәсілі шықты. Мұнда кен қабатының үстіне отынды үйіп жағадыда қатты қызған кезде үстіне суық 
су құйяды. Кен қабаты шытынап жарылып бөлшектелінеді. Онан соң осы кенді бөлшектерді жинап алып 
қорытады.[2] 
Ертедегі ата-бабаларымыз кенді жер бедеріне сан түрлі әдіспен өндірген: 
- тік беттік еңістен табылған кенді үңгіп алған; 
-жайдақ жер бетіндегі кенді алу үшін ашық әдіспен өндірген; 
-тереңде жатқан кенді тік қазып құдық тәрізді еткен. 
Алғашқы заманда кеншідері кеннен металл алу кезінде мынандай процесстерді рет-ретімен жасады. 
Кенді іздеп табу → оны ұстау → ұнтақтау → тазалау → еріту → қыздыру → сүзу → суалту → құрғату 
→ металды бөліп алу → түрлі қалдықтарды жиыстыру. 
Ертедегі  кеншілер  жер  бедерінің  өзгерістері  арқылы  жер  қыртысындағы  кендерді  білгіштіктерімен 
болжай  білді.  Егер  тау  жынысы  құрамында  жасыл  не  көк  түсті  кен  болса,  оны  алдымен  таяз  шұңқыр 
қазып,  қорытып,  тексеріп  алып,іздеген  кен  жетерлік  болса,  тереңдетіп,  кеңейтіп  үлкен  апанға  (шахта) 
айналдырған. 

Абай атындағы ҚазҰПУ-нің ХАБАРШЫСЫ «Жаратылыстану-география ғылымдары» сериясы №2(44), 2015 ж. 
 
89
 
Кеншілер  жер  астына  байланысты  да  кен  іздеуді  дәл  тауып  отырған.  Академик  Қ.Сәтбаевтың  айтуы 
бойынша "Мың шұңқыр" деп аталған жерлер ерте кезде кен қазылғанын білдіреді. "Қаратас" атауы темір 
бар "Көктас" мысы бар, "Алтынтапқан" - алтын, "Жезқазған" - жез өндірілген деген мағынаны білдіреді. 
"Жыланды"  -  деген    атау  сол  өңірде  түсті  металдар  бар  дегенді  меңзейді.  Халықтың  аңызы  бойынша 
алтыны бар жерді жылан қорып жүреді екен. Қазақстан жерінде  б.з.д. дәуірде өмір сүрген "чудь" тайпасы 
кен  өндіру  шеберлігімен  аты  шықты.  Бүгінгі  күндері    "чудь  шұңқыры"  деп  аталатын  апандарды  қазіргі 
заман  техникасымен  зерттегенде  ғалымдардыңтаңданбасқа  шарасы  қалмаған.  Себебі  "чудь"  тайпалары 
қазған апандар мен кен қалдықтары құрамы жағынан өте дәлдігімен ерекшеленеді.[3] 
Ертедегі кеншілердің металл өңдеуіне мысал ретінде Бақыртау мысын өңдеу тасын баяндайық. 
Мыс алу үшін  кеншілер  забойдың әр жеріне  от жағады. Тас пен  кен  әбден балқыған кезде үстіне  су 
құяды. Содан тау жынысы шытынайды. Жарықтың арасына сына қағып тағы су құяды.  Сына ісініп кенді 
бөлшектеп  айырады.  Егер  кен  майдаланса  оны  ұзын  сапты  ожаумен  жинап  алып  отырған.Ертеде 
кеншілер  забойдан  шыққан  кенді  түсіне,  жарқылына  қарап  сұрыптап,  тас  келіге  салып  түйіп,  мысты 
електен  өткізіп,  ұнтақты  сексеуіл  мен  көмірмен  өртеп  балқытқан,  одан  тамшылап  шыққан  сұйықты 
арнайы    жырамен  ағызып  алдын-ала  дайындағанғ,  саз  қалыпқа  құйған.  Балқу  процессін  жақсы  жүргізу 
үшін пешті не кенді өртейтін орынды биіктеу жерге желдің өтіне салған. Кейінірек кеншілер сазды отқа 
төзімді қасиетін білген соң олардан қыш ыдыстар жасап сонда балқытқан.[4] 
Жезқазғанның ежелгі металлургиялық орталығы "Милықұдық" кенін академик Қ.Сәтбаев ашты. Оның 
пікірі  бойынша  кен  өңдеу  энолит  дәуірінде  басталып,  жезқазғанда  кең  көлемде  өрістеген...  көне 
құймаларды  зерттей  келе  Қ.Сәтбаев  мұнда  ең  аз  дегенде  1млн.  тонна  кен  өндірілген  және  ежелгі  кен 
қазушылар құрамында 55% мысы бар кенді пайдаланды деген тоқтамға келеді. Осы арада айта кететін бір 
жағдай ХХ ғасырдың басында жезқазғанда жұмыс істеген ағылшын маманы С.Болл құрамында 4%- дай 
мысы  бар  құймаларды  алған,  демек  ертедегі  кен  қазушылар  деңгейіне  жетпеген.  Мыс,  қоғасын 
металдармен жасалынған ертедегі қола, жез құймалары осыны айғақтайды. 
Металл  өндірумен  айналысатын  ұсталар  мен  зергерлер  халқымыз  ерекше  қабілетті  істер  деп 
қошеметтеген. Содықтан болар, ауылда мектеп медресе ашыла қоймаған кезеңде тәлімдік тәрбие алып әрі 
кәсіп иесіне жеткізетін "Балаңды өнерлі болсын десең ұстаға қос", "Атыңнан айырылсаңда ер-тоқымнан 
айырылма" - деген өнегелі сөзді қазақтар әлі күнге дейін ұстанады. Малын саудалаған қазақтар бас жіп, 
ер-тұрманды ешуақытта бірге сатпаған оны ырым қылып алып қалған. 
Қазақ "ұста" сөз "шебер", "өнегелі іскер - адам" деген мағынаны білдіреді. Әдетте ұсташылықтардың 
ішінде  темір  қалайы  және  оның  құймаларымен  айналысатын  адамды  "ұста"  деп  атаса,  түсті 
металдарменжұмыс  істейтіндерді  "зергер"  деп  саралаған.  "Зергер"  сөзі  тұрмыста  ертеден  белгілі,  ол 
парсыша  "алтын деген мағынаны білдіреді. Зергерлер "алтын", "күміс", "мыс", "жез" тәрізді қымбат  әрі 
түсті  металдармен    жұмыс  істейтін  жоғары  деңгейдегі  аса  нәзік  шеберлікті  қажет  ететін  өнер  иесі.  Осы 
түсті металдармен жіңішкелеп  суырылған сым жіптерді "зер" деп атайды. Осыдан барып зерлі тон, зерлі 
кесте, зерлі шапан, зерлі тақия т.б. сөз тіркестер өмірге келген. 
Қазақ  зергерлері  туралы  маңызды  мағлұматты  кезінде  қазақ  жеріне  саяхатқа  шыққан  П.Палласта, 
А.Гейнсте  айтқан.  Олар  "Қазақтар  күмісті  балшық  тостағаншаға  салып,  жуан  қаңбақ  түбірінен  жаққан 
көмірге қыздырып қорытады" - деп жазды. 
Қазақ халқы зергерлік жұмыстың мынандай әдістерін қолданды: 
- қалыпқа салып қысу; 
- отқа сағып қыздыру; 
- балқыту; 
- кептеу; 
- тыныкелеу; 
- қаралау; 
- балқытқан металды арнайы қалыпқа құю; 
- бір металға екінші металды оюластырып жапыстыру; 
- металдың бетін ою, сызу, өрнектеу; 
- металдарға алтын, күміс  жалату; 
- металды қақтау, жұмырлау, домалақтау, шашақтау; 
- металды өру, бұрау, тоқу, түйіндеу, өріп шашақтау, бунақтау; 
кесек металдарды үзбелестіру, сым кәптеу, сіркелеу, бізбен безеу, дәнекерлеу, оймалау, асыл тастарды 
көз орнату. 
Қазіргі  замандағы  техникалық  құрал  -  жабдықтары  болмасада  ертедегі  қазақ  зергерлері  қарапайым 
әбзелмен - ақ әлемді таң қалдырған өнер туындыларын, көз тартарлық бұйымдар жасады.  

ВЕСТНИК КазНПУ им. Абая серия «Естественно-географические науки» №2(44), 2015 г. 
 
90
 
1 – кесте  Қазақ халқының ұсталары мен зергерлерінің  жасаған бұйымдары 
Құрал –  
саймандар 
 
Әшекей 
бұйымдар 
Сәндік 
бұйымдар 
Ас - су 
жабдықтары 
Жиһаздық 
заттар 
Қару -
жарақтар 
Ер - 
тұрман 
Ер 
адамның 
қажетті 
заттары 
Көрік, төс, 
балға, 
шапқы, сапты 
шапқы, тескіш, 
қысқыш, көсеу, 
қайшы,  шеге, 
металл, 
бақытатын 
бақыраш, 
ожау, 
қалайылағыш 
құрал т.б.   
200- ге жуық  
нәзік аспаптар 
Алқа,  
ақық, 
моншақ 
бетмоншақ, 
жақ 
моншақ, 
бұрама, 
білезік, 
шолпы, 
шытыра, 
қапсырма 
т.б. 
Сақина, 
сырға, 
айшық, 
жүзік, 
түйме, 
тана, 
түйреуіш, 
көзтана 
т.б. 
Қасық, ожау, 
тегене 
Сандық, 
кебеж, 
төсағаш, 
жағлан 
Кездік. 
қанжарп
ышақ, 
сапы 
айбалта, 
семсер 
Ауыздық, 
айылбас, 
үзеңкі, 
кісен, 
ер әше-
кейлері, 
өмілдірік, 
құйысқан 
Кемер 
белбеу, 
кісе, зер-
ленген 
шапан, 
бөріктер 
 
 
Осы тәрізді сан-салалы  зат бұйымдарды жасау үшін аса нәзік шеберлік пен  еркін қиял қажеттігі 
даусыз.  Оның  біздің  ата-бабаларымызда  болғаны  анық.  Жібек  жолы  бойында  орналасқан  Тараз 
қаласы  маңында  күміс,  мыс,  қорғасын  кендері  болуына  байланысты  "жабайы"  түсті  металлургия 
өндірісі дамыды. [5] 
Өндірілген  металдар  мен  заттарды  ертедегі  шеберлер  көптеген  әдіс-тәсәлдер  бойынша  өңдеген. 
Осы  әдістердің  негізгілерін  атап  өтсек:  алтындау,  ажарлау,  әшекейлеу,  амальгамалау  (сынаппен 
өңдеу), бедерлеу, безендіру, беттестіру, дақтау, дәнекерлеу, жалтырату, жасыту, жез жалату, жеміру, 
зер  төгу,  кепсерлеу,  кермелеу,  кескіндеу,  көзіктіру,  күміс  жабу,  күміс  жалату,  қалайылау,  құрсау, 
қырлау,  қырнау,  қыру,  қорыту,  оймыштау,  оюлау,  өң  беру,  мырыштау,  мыстау,  пісіру,  салқындай 
өңдеу, сіркіреу, шыңдау.[6] 
Ертедегі ұсталар қарапайым ғана құралдармен жоғарыдағыдай металл өңдеудің көптеген әдістерін 
кеңінен  пайдаланған.  Бұдан  мыңдаған,  жүздеген  жылдар  бұрын  қазақ  жерінен  шыққан  шеберлердің 
еңбегіне сүйінбеске бола ма? Олар дайындаған зергерлік бұйымдар, әшекейлік бұйымдар күні бүгінге 
жетіп,  жаңа  ұрпақтың  бойына  мақтан  сезім  ұялатады.  Өздерін  өнерлі    баласындай  болуға 
тәрбиелейді. 
 
1 .  Бірімжанов Б.А. Жалпы химия: оқулық / Б.А. Бірімжанов.- Алматы:Дәуір, 2011.-751 б. 
2.   История: Избранные страницы / Геродот.  СанктПетербург : Амфора, 1999.  412с 
3.    Шардарбеков  Д.  //  Ертедегі  қазақ  халқының  металдарға  байланысы  халықтық  түсінік,  пайымдарын 
химия сабағында пайдаланужолдары// Химия мектепте, Алматы,2001. №2  
Б 70-75 
4.  Zaitsev  O.S.,  Zjuzina  L.F.,  Tarasova  O.V.  System  approach  in  forming  ecological  knowledge  in  course  of 
chemistry  //  The  Second  International  Scientific  Conference  “Environmental  Education.  Human  being  in 
Environment”. – Szszecin, September 10-15, 2000. - 107-109 P. 
5. Шоқыбаев  Ж. Бейорганикалық химияның теориялық негіздері және элементтер химиясы практикумы: 
оқу құралы / Ж. Шоқыбаев.- Алматы: Білім, 2003.- 317 б. 
6.Tarasova O.V., Zjuzina L.F., Zaitsev O.S. Model of ecological knowledge of learners while mastering chemistry 
on  the  bases  of  systems  approach  to  teaching  //  The  Third  International  Scientific  Conference  “Environmental 
Education. Sustainable Development”.– Szszecin, September 5-9, 2005. - 66-67 P. 
 
Аннотация 
Изделия из металла и способы обработки  металлов  казахским  народом в древности 
В  данной  статье  применяется  преподавания  химии  в  высших  учебных  заведениях  темы  металлов  студентам  с 
использованием  знани  и  понимании  казахского  народа        дать  им    глубокое  знание,  ознакомить  студентов  с 
основными  понятиями  и  явлениями  прикладной  химии  казахского  народа  .  Статья  объесняет  понятия  и  явления 
прикладной химии в окружающей среде, рассказывает как казахский народ обнаруживал, контролировал, металлы и 
объъясняет как его получали, добывали и   обрабатывали в то время, как сжимали, теплом обдавали, миражировали, 
нагревали,  плавили,    затемняли,  паили,  расскрывает  секреты  литья  металла,  лепили  два  вида  металла  используя  
казахские  национальные  узоры,  придавали  особый    дизайн  металлам,  рисовали  на  металлах,делали  мозаики, 
покрывали  золотом,  серебром  покрытием,  некоторые  металлы  быта  и  украшеия  округляли  покраям  чтобы  не 

Абай атындағы ҚазҰПУ-нің ХАБАРШЫСЫ «Жаратылыстану-география ғылымдары» сериясы №2(44), 2015 ж. 
 
91
 
поранится,    металлической  оплетки,  скручивания,  ткачество,  должность,  проводили  сегментацию,  методы 
использования  земли и  об  использовании  продуктов, используемых  и  Информация  о природе  сыра  веществ.      
О  казахских  ювелирах,  мастера,  инженерах  и  факты  известны  с  исторических  работ    следующих  ученых:  Аль-
Идрисии, Геродота, С. Болл, П. Палласста, А. Геинсте, которые выражали свое мнение. В этой статье мы говорим о 
том,  как  казахское  национальное  историко-культурное  наследие  народа  от  бытовых,  промышленных  металлов: 
золото, серебро, медь, олово, медь, свинец, железо, ртуть, цинк слитки и о том, так и какие города названы в честь 
каких-либо  металлов,  которые  производились  и  производятся  даже  в  нынечное  время.  В  этой  статье  также 
обращается внимание  на знание теории  студентов. Достижение  определенного знания про металлов  с элементами 
казахской национальной культуры. 
Ключевые  слова:  металл,  образования,  горнодобывающей,  ювелирные  изделия,  горнодобывающей 
промышленности, металлургических, размораживания. 
 
Summary 
 
Kazakh everyday metalworking techniques and metal items 
 
In  this  paper,  we  apply  the  teaching  of  chemistry  in  higher  education  topics  metals  students  with  the  knowledge  and 
understanding  of  the  Kazakh  people  to  give  them  a  deep  knowledge,  to  acquaint  students  with  the  basic  concepts  and 
phenomena of Applied Chemistry  of the Kazakh people. Article knows everything about concepts and phenomena applied 
chemistry in the environment, tells how the Kazakh people are discovering controlled, metals and obyasnyaet as receiving it 
was  harvested  and  processed  while  squeezing,  pour  over  the  warm,  Candling, heated,  melted,  darkened,  paili, rasskryvaet 
secrets of metal casting, metal molded using two types of Kazakh national patterns, gave a special metal design, drawing on 
metals, making mosaics, covered with gold, silver plated, some metals and life ukrasheiya pokrayam rounded to avoid injury, 
metal braiding, twisting, weaving, post was performed segmentation methods of land use and the use of the products used and 
information  about  the nature  of  cheese  substances.  About  Kazakh  jewelers,  craftsmen,  engineers,  and the  facts  are  known 
from  historical  works  of  the  following  scientists:  Al-Idrisi,  Herodotus,  S.  Ball,  P.  Pallassta,  A.  Geinste  who  expressed  an 
opinion.  In  this  article  we  will  talk  about  how  the  Kazakh  national  historical  and  cultural  heritage  of  the  people  of  the 
household, industrial metals: gold, silver, copper, tin, copper, lead, iron, mercury, zinc ingots and how and what cities are 
named honor any metals that are produced and made even nynechnoe time. This article also draws attention to the theory of 
knowledge of students. Achievement of certain knowledge about metal with elements of Kazakh national culture. 
Key words: metal, education, mining, jewelry, mining, smelting, defrost. 
 
 
ӘОЖ 54.001.76 
 
ОРГАНИКАЛЫҚ ХИМИЯНЫ ОҚЫТУДА ЖАҢАРТПА ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ҚОЛДАНУ 
 
Г.И. Мейірова – х.ғ.д., профессор, Алматы қаласы, Абай атындағы ҚазҰПУ.  
Meirova_gmail.ru
+7 707 900 81 12 
К.К. Досмагулова – Абай атындағы ҚазҰПУ, ІІ-курс магистранты.  
Kapenovna@gmail.com
+7 702 255 10 00 
Ә.Ф. Сейітжанов – х.ғ.к., профессор, Алматы қаласы, Абай атындағы ҚазҰПУ 
   
Аңдатпа. 
Жоғары оқу орнында болашақ мамандар даярлау үдерісінде қоғамымыз жаңа міндеттер қойып отыр. 
Жаһандану  кеңістігінде  инновациялық  технологияның  алар  орны  ерекше.  Осыған  орай,  бүгінгі  студенттердің  ой-
өрісінің дамуы, кәсіби құзыреттілікке жетуі, заманауи мүддеге  сәйкестенуі көкейкесті мәселелердің біріне айналған. 
Мақалада  оқытудың  жаңа  технологиясын  саралау,ұйымдастыру  қажеттігілігі  және  жоғары  оқу  орнында 
студенттердің  сыни  ойлау,  интеллектуалдық,  кәсіптік,  рухани  дамуының  педагогикалық  негіздерін  қалыптастыру 
мақсатымен  жүргізілген  зерттеу  жұмысының  нәтижесі  берілген.  Зерттеу  кезінде  Абай  атындағы  Қазақ  ұлттық 
университеті  6М011200-«Химия»  мамандығының  3-курс  студенттеріне  «Циклді  қосылыстардың  органикалық 
химиясы» пәні және Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті 6М011200-«Химия» мамандығының  3-
курс  студенттеріне    «Алифатты  қосылыстардың  органикалық  химиясы»    пәніне  жоғары  кәсіби  білім  берудің 
Мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты, пәннің типтік бағдарламасы негізінде жасалған жұмыс оқу бағдарламасы 
құрылды.  Тәжірибелік-педагогикалық  жұмысты  жүргізу  кезеңінде  оқу  материалын  тексеру  және  бекіту, 
студенттердің  дербес  жұмыс  істеуі  үшін  жүргізілген  тест  сұрақтары,  өзіндік  бақылау,  психологиялық  және 
химиялық  тренингтердің  нәтижелері  көрсетілген.  Студенттердің  креативтік-шағармашылық  ізденулеріне 
мүмкіндіктер  туғызу  мақсатында  модулге  жіктеліп,  жаңартпа  технология  элементтерінің  сабақтастық  жүйесі 
сақталған сабақ түрлері мен әдіс-тәсілдерінен студенттердің логикалық ойлауы, кәсіби құзіреттілігінің жоғарлағаны 
анықталды. 
Тірек  сөздер:  сыни  ойлау,дидактика,  оқыту  әдістемесі,  әдіс,  өзіндік  жұмыс,  модулдік  оқыту,  синквейн, 
педагогикалық технология, креативті иілу коэффициенті, тренинг. 
 

ВЕСТНИК КазНПУ им. Абая серия «Естественно-географические науки» №2(44), 2015 г. 
 
92
 
Жоғары  оқу  орнында  болашақ  мамандар  даярлау  үдерісінде  қоғамымыз  жаңа  міндеттер  қойып 
отыр.  Жаһандану  кеңістігінде  инновациялық  технологияның  алар  орны  ерекше.  Осыған  орай,  бүгінгі 
студенттердің ой-өрісінің дамуы, құзыреттілікке жетуі, заманауи мүддеге  сәйкестенуі, унификациялануы 
көкейкесті мәселенің өткірлігін көрсетеді[1]. 
Аталған проблеманы шешу үшін бүгінгі таңда білім берудің жаңа технологияларын қолдану, нәтижеге 
бағыттау жүйесі негізделген.  
Жоғары  оқу  орнында  студенттердің  сыни  ойлау,  интеллектуалдық,  кәсіптік,  рухани  дамуының 
педагогикалық  негіздерін  қалыптастыру  және  оның  деңгейін  айқындау,  оқу  материалын  қабылдау 
мүмкіндігін анықтау мақсатымен келесі зерттеу жұмысы жүргізілді. 
Зерттеу  кезінде  Абай  атындағы  Қазақ  ұлттық  университеті  химия  мамандығының  3-курс 
студенттеріне  «Циклді  қосылыстардың  органикалық  химиясы»  пәні  және  Қазақ  мемлекеттік  қыздар 
педагогикалық  университеті  химия  мамандығының  3-курс  студенттеріне    «Алифатты  қосылыстардың 
органикалық  химиясы»    пәніне  жоғары  кәсіби  білім  берудің  Мемлекеттік  жалпыға  міндетті  стандарты, 
пәннің  типтік  бағдарламасы  негізінде  жасалған  жұмыс  оқу  бағдарламасы  құрылды.  Оқу  бағдарламасы 
модулдік оқыту технологиясы бойынша, өзара топтастырылған бөліктер жүйесімен жасалынып, бөліктер 
түзілімінде  Проблемалық  оқыту  технологиясы,  Бағдарламалық  оқыту,  Сын  тұрғысынан  ойлау 
технологиясыэлементтерінің  сабақтастық  жүйесі  сақталған  әр  алуан  сабақ  түрлері  мен  әдіс-тәсілдер 
қолданылды. 
Тәжірибелік-педагогикалық  жұмысты  жүргізу  кезеңінде  оқу  материалын  тексеру  және  бекіту, 
студенттердің  дербес  жұмыс  істеуі  үшін  әртүрлі  деңгейіндегі  тапсырмалар,  ой  қозғау,  өзіндік  бақылау, 
психологиялық  және  химиялық  тренингтер  жүргізілді.  Нәтижесінде  студенттердің  жеке  мүмкіндіктерін, 
оқу  тапсырмаларын  орындауға  ынталандыру  іс-әрекетін,  жаңаша  ойлау  көзқарасын  қалыптастыру 
мақсаты қойылды.  
«Қаныққан  көмірсутектердің  химиялық  қасиеттері»  тақырыбын  бағдарламалап  оқыту  әдістерін 
қолданып өткізген сабақтың қысқашы кескінін ұсынып отырмыз. 
Оқытудың  бұл  түріне  негіз  болған  оқу  материалында  студенттің  іс-әрекеті,  тексеру  түрлері  бір 
тәртіппен  ретке  келтіріледі[2-3].  Оқу  материалы  жеке  логикалы  бөлімдерден  тұрады;  әр  бөлімді 
меңгерген  соң,  студент  өздігінен  тапсырмалар  орындап,  дұрыс  жауап  берсе,  келесі  бөлімге  өтеді;  егер 
жауап қате болса, бөлімде ұсынылған ұқсас тапсырмаларды қайта орындап, бақылауды жалғастырады. 
 
1-кесте «Қаныққан  көмірсутектердің  химиялық  қасиеттері» тақырыбы 
Модуль-1 
Тақырып 1.4 
Оқу материалы мен тапсырмалар 
Оқу материалын 
меңгеруге қажетті 
нұсқаулар 
ОЭ-0 
(5мин) 
Ой қозғау 
 1.  Aлкандарға тән көміртек атомының будан түрі: 
А. sp  C. sp
3
B. sp

 D. s
2
p

2.  Көмірсутек  атомының  sp-гибридтелу  күйіне  қандай  валенттік 
бұрыш сәйкескеледі: 
А. 109°B. 120°C. 150° D. 180° 
3.  Алкандардағы  қандай  көмір  тек  атомындағы  сутек  әрекеттесуге 
бейім тұрады: 
А.біріншілік В. Екіншілік 
Лездік тест 
тапсырмаларын 
орындап, нәтижесін 
өзіндік бақылау 
 
C. үшіншілік      D. бәрі бірдей 
 
ОЭ-1 
(80мин) 
Қаныққан 
көмірсутектердің 
физикалық 
және 
химиялық  
қасиеттері 
Мақсаты: Қаныққан көмірсутектердің физикалық және химиялық 
қасиеттерін түсіндіру  
Жоспар: 
1.
  Қаныққан көмірсутектің физикалық қасиеттері 
2.
  Алыну жолдары 
3.
  Жану реакциясы 
4.
  Галогендеу 
5.
  Сульфохлорлау 
6.
  Крекингілеу 
7.
  Нитрлеу 
8.
  Дегидрлеу 
9.
  Изомерлену 
Оқу материалын 
игертуге ұсынылған 
слаидтар 
Көмірсутектердің 
табиғи көздері (тас 
көмір, мұнай, табиғи 
газ) және оларды 
өңдеу әдістері 
(СОӨЖ) 
 

Абай атындағы ҚазҰПУ-нің ХАБАРШЫСЫ «Жаратылыстану-география ғылымдары» сериясы №2(44), 2015 ж. 
 
93
 
10.Сұрақтар 
 
 
(әр  ұяшықта  қаныққан  көмірсутектердің  алынуы,  физикалық  және 
химиялық  қасиеттері  сәйкес  теңдеулермен  беріліп,  тапсырмалар 
ұсынылып отырады)    
СЕРГІТУ 
СИНКВЕЙН құру 
СИНКВЕЙНді студенттер оқу материалын меңгергендігі бойынша 
әр түрлі құрастыруы мүмкін.  
Мысалы: 
1.ЭТАН  
2.ҚАНЫҚҚАН,АКТИВТІ 
3. ЖАНАДЫ, ТОТЫҒАДЫ, ҚОСЫЛАДЫ  
4. ЭТАН – қаныққан көмірсутектер өкілі 
5. АЛКАН 
ОЭ-2 
(3 мин) 
Рефлекция: 
Дәріс ұнады ма? 
Қандай тапсырманы орындаған ұнайды? 
Қай тапсырманы орындаған кезде қандай қиындықтар келтіріліді? 
 
ОЭ-3 
(50 мин) 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   25




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет