Хабаршы тарих жəне саяси-əлеуметтік


Түйіндеме  Жетісуға ескі қоныс аудару шаруашылықтарының қалыптасу тарихынан



Pdf көрінісі
бет13/50
Дата06.03.2017
өлшемі3,91 Mb.
#8501
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   50

Түйіндеме 
Жетісуға ескі қоныс аудару шаруашылықтарының қалыптасу тарихынан 
Мийманбаева Ф.Н. – т.ғ.к., əл Фараби атындағы  аза< @лтты< университеті,  
тарих, археология жəне этнология факультетіні  доценті,  аза<стан Республикасы.  
Алматы <. E-mail: m.fialka58@mail.ru 
Мақалада Жетісудың бірінші əскери Губернатор Г.А. Колпаковскийдің кезіндегі, казак отарлауынан шаруа-
ларға дейінгі Жетісу жеріндегі қоныс аударушылардың тарихы қарастырылған.  Автор шаруаларға жерді бөлу 
жəне  мекен  еткен  жер  бөліктерін  тіркеп   рəсімдеу  мəселесі  туралы  құжаттарға  талдау  жасаған.  Ресейдің  ішкі 
саясатының жағдайларына байланысты, биліктің қоныс аударышыларға деген саясатының өзгергендігін ашып 
көрсеткен. Автор, шаруалардың Азиялық Ресейге қоныс аударуындағы жеңілдіктерді қарастырып, 1902 жылы 
Жетісу жерінде 31 орыс қоныстарының болғандығын, шаруалардың басып алуын баяндайды. 
Түйін сөздер: Жетісу, ішкі саясат, шаруалық колонизация, көне шаруашылық, шаруа басып алушылығы. 
 
Summary 
From the history of old resettlement farms in the Semyrechye 
Miymanbayeva F.N. – Farabi Kazakh National University, Republic Kazakhstan, Almaty E-mail: m.fialka58@mail.ru  
The  article  discusses  the  history  of  education  of  migrant  villages  Semirechye  from  the  beginning  to  the  Cossack 
peasant  colonization,  started  the  first  military  governor  of  Semirechye  G.A.Kolpakovsky.  The  author  analyzes  the 
documents, according to which the procedure is held granting land to the peasants and open procedure of registration of 
land  in  the  settlement  areas.  It  reveals  how  to  change  the  government  policy  towards  immigrants,  depending  on  the 
conditions of the political life of Russia. The author examines the benefits provided by farmers, resettlement in Asian 
Russia, it shows that in 1902 there were 31 in the Semyrechye  Russian village lists the classes of peasants. 
Keywords: Semyrechye, domestic policy, peasant colonization, old-economy, the main work of the peasants. 
 
 
 
 
 
 

Абай атындағы  аз ПУ-ні  Хабаршысы, «Тарих жəне саяси-əлеуметтік ғылымдар» сериясы, №3 (50), 2016 ж. 
83 
ЖАЛПЫ ТАРИХ 
ВСЕОБЩАЯ ИСТОРИЯ 
GENERAL HISTORY 
 
 
ƏОЖ 94 (574) “13” 
 
ХІV Ғ. 80-ШІ ЖЫЛДАРЫНДАҒЫ АЛТЫН ОРДАНЫҢ САЯСИ-ДИПЛОМАТИЯЛЫҚ 
БАЙЛАНЫСТАРЫ 
 
Жұмағұлов Қ.Т. – əл-Фараби атындағы  аза<  лтты< университеті 
Тарих ғылымдарыны  докторы, профессор,  Р  ҒА  @рметті академигі 
Абдимомынов Н.Т. – Тараз инновациялы<-гуманитарлы< университеті 
Философия докторы (PhD) 
 
Ғылыми əдебиеттерде Алтын Орданың ХІV ғ. 80-ші жылдарындағы саяси-дипломатиялық байланыстары аса 
көп  зерттелмеген  тақырыптардың  бірі.  Осы  олқылықтың  орнын  толтыру  мақсатында  Алтын  Орданың  ХІV  ғ. 
80-ші жылдарындағы  халықаралық аренадағы саяси ықпалы, Мысыр мəмлүк мемлекетімен, Темір державасы-
мен, Шығыс Еуропа мемлекеттерімен саяси-дипломатиялық байланыстары талданған. Мақаланың маңыздылы-
ғы  Алтын  Орданың  ХІV  ғ.  80-ші  жылдардағы  сыртқы  саясатының  жалпы  үрдісін  айқындау  үшін  араб-парсы, 
еуропалық деректері жəне əмір Темірдің ресми тарихшыларының мəліметтері қолданылған. Тақырыпқа қатыс-
ты отандық жəне шетелдік зерттеушілердің ой-пікірлері сарапталған. 
Түйін сөздер: Алтын Орда, Тоқтамыс, Шығыс Еуропа, Мысыр мəмлүк мемлекеті, Темір державасы. 
 
XIV  ғ.  2-ші  жартысында  Шыңғыс-хан  ұрпақтары  билік  құрған  моңғол  ұлыстарының  құлдырауы 
мен ыдырауына байланысты əлемнің саяси картасы үлкен өзгерістерге ұшырады. Бұл кезеңге дейін 
Орта  Азия  территориясындағы  Шағатай  ұлысы  Моғолстан  мен  Мəуераннахр  тəуелсіз  иеліктеріне 
ыдырады. Таяу жəне Орта Шығыста моңғолдық Хулагу əулеті билік құрған Елхандар мемлекеті де 
тарих  сахнасынан  кетіп,  өзара  жауласқан  бірнеше  бөліктерге  ыдырады.  Қытайда  моңғол  билігіне 
қарсы ірі  көтеріліс  оты  тұтанып,  төңкеріс  нəтижесінде  1368 жылы  Құбылай  əулеті билігінің күйре-
уіне алып келді. Моңғол ұлыстарының ішіндегі тек Жошы ұлысы, яғни Алтын Орда ғана өмір сүруін 
жалғастырғанымен  1359-1380  жылдары  орыс  жылнамаларында  «Ұлы  дүрбелең»  атауымен  танымал 
саяси билік дағдарыс кезеңін басынан кешірді. Алтын Орда ханы Бердібектің өлімінен кейін (1359 ж.) 
ішкі  саяси  алауыздықтарға  байланысты  20  жылға  созылған  билік  дағдарысында  25  хан  бірін-бірі 
алмастырды. «Ұлы дүрбелең» тек ХІV ғ. 80-ші жылдары Алтын Ордадағы саяси билік үшін күресте 
жеңіске  жеткен  Тоқтамыс-ханның  билікке  келуімен  аяқталды.  Тоқтамыс-хан  «Ұлы  дүрбелең»  кезе-
ңінде əлсіреген Алтын Орда билігін қолына толық алған соң, ХІV ғ. 80-ші жылдарынан бастап билік 
институтын  қайта  қалпына  келтіру  жұмыстарымен  айналысты.  Сол  кезеңде  Тоқтамыс  өзінің 
жарлықтарында өз елін «Улуг Улус», яғни «Ұлы ұлыс» деп атаған [1, c. 98]. Сондай-ақ, мемлекеттің 
біртұтастығын  сақтау  жəне  Алтын  Орда  билігі  үшін  күрескен  Тоқтамыс  халық  алдында  өзінің 
қабілетті  жəне  жігерлі  көшбасшы  екенін  дəлелдей  білді.  «Бүркеншік  Ескендір»  мəліметіне  сəйкес, 
Тоқтамыс  шайқастарда  аса  қайратты  батыл болған  жəне  қабілетті,  аса жігерлі,  қарым-қатынастарда 
сыпайылығымен көзге түскен көрікті патша болған дейді. Əділеттілігі мен сыпайы мінез-құлқы күллі 
жұртқа  мəлім  еді  делінген  [2,  c.  132].  Алтын  Ордадағы  соңғы  20  жыл  ішіндегі  саяси  дүрбелең 
салдарынан мемлекеттің əлемдік саясаттағы ықпалының əлсіреуі, территориялық жағынан ыдырауы, 
одақтастары  мен  вассал-сателлиттерінен  айырылуы,  ғасырлар  бойы  мүдделілік  танытқан  аймақтар-
дағы саяси-экономикалық ықпалының əлсіреуіне алып келді. Осыған орай, Тоқтамыс-хан халықара-
лық аренадағы Алтын Орданың бұрынғы күш-қуаты мен саяси ықпалын қалпына келтіру мақсатында 
сыртқы  саясатта батыл  саяси  қадамдар жасаумен  қатар, бұрынғы одақтас елдермен  дипломатиялық 
байланысты  қайта  жандандыруды  көздеді.  Еуразия  даласында  соңғы  жылдары  болған  оқиғалар 
көрсеткендей, Тоқтамыс əкімшілігі үшін сыртқы саясатта дипломатиялық əдістермен қатар, тікелей 
əскери  іс-қимылдарға  көшуге  мəжбүрледі.  Əсіресе,  XIV  ғ.  80-ші  жылдарына  қарай  Тоқтамыстың 
мүддесі қуатты қарсыласына айналған ортаазиялық билеуші Темір мүддесімен қарама-қайшы келген 
тұста  оның  тікелей  əскери  қимылдарға  көшуіне  тура  келді.  Тоқтамыс-хан  əскери  жағынан  күш-
қуаттылығын  қалпына  келтіре  отырып,  Алтын  Орданың  əлсіреген  сыртқы  саясатын  белсенділікпен 
қайта жандандыра бастады. Тоқтамыс өзінің сыртқы саясатының батыс бағытында Ягайлоның Алтын 

Вестник КазНПУ имени Абая, серия «Исторические и социально-политические науки», №3 (50), 2016 г. 
84 
Орда  ішіндегі  саяси  дүрбелең  кезеңінде  иемденіп алған  орыс  жəне  татар  жерлері  үшін  алым-салық 
төлетіп тұруына қол жеткізді [3, c. 324]. Сондай-ақ, осы кезден бастап, Литва мен Польшаның Алтын 
Орданың вассалдық аймағы болған Русь жерлеріне экспансиясы тоқтатылды.  
Тоқтамыс-хан  басқа  мемлекеттермен  қарым-қатынасын  жақсарту,  шекаралық  аймақтарда  орна-
ласқан  мемлекеттермен  қарым-қатынасының  бағытын  айқындады.  Сонымен  қатар,  Тоқтамыс-хан 
мемлекеттің  экономикалық  жағынан  күш-қуаттылығын  қалпына  келтіру  мақсатында  халықаралық 
сауданың  ірі  бағыттарын  бақылауға  алу  жəне  оның  қауіпсіздігін  қамтамасыз  етуді  көздеді.  Осыған 
байланысты  Тоқтамыстың  сыртқы  саясатының  негізгі  бағыты  Оңтүстік  Кавказға  да  бағытталды. 
Өйткені,  нақ  осы  территория  арқылы  трансконтиненталдық  сауданың  оңтүстік  бағытын  бақылау 
дүрбелең кезеңінен кейінгі Алтын Орданың күш-қуатын қалпына келтіру үшін экономикалық жағы-
нан  маңызды  аймақ болды.  Осыған байланысты, Тоқтамыс  мемлекеттің  экономикасын  қорғау  үшін 
трансконтиненталдық сауданың оңтүстік бағытын бақылауды қолына алуға ұмтылды [4, c. 62]. Сон-
дай-ақ,  осы  экономикалық  мақсатты  жүзеге  асыру  үшін  Тоқтамыс  үкіметі  Дешті  Қыпшақ  террито-
риясынан өтетін трансконтиненталды сауданың солтүстік бағытындағы Ұлы Жібек жолының маңы-
зын қайта көтеріп, оны ары қарай дамыту мен оның қауіпсіздігін қамтамасыз етуді көздеді [5, 241-242 
бб.].  Батыс  көршілерімен  қарым-қатынасын  қалпына  келтіру  жолында  Тоқтамыс  хан  Алтын  Орда 
территориясын  біріктіру  жолында  жүргізген  күресі  кезінде  Мамай  Ордасын  талқандап,  Мəскеуді 
жаулап, оның вассалдық қатынасын қалпына келтіру арқылы мемлекеттің əскери күш-қуатын көрсе-
тудің  өзі  жеткілікті  болған  еді.  Бірақ  Тоқтамыстың  сыртқы  саясатының  оңтүстік  бағыты  бойынша 
Кавказ жеріне қатысты саясатында Жошы ұлысының саяси жəне экономикалық мүддесі ортаазиялық 
билеуші Темірдің саясатымен қарама-қайшы келген тұста Алтын Орда ханының онымен ұзақ уақыт 
соғысуына  тура  келді.  Тоқтамыс  ханның  сыртқы  саясатын  жан-жақты  қарастырмас  бұрын,  ең 
алдымен, Алтын Орданың саяси өміріндегі екі партияның айқын ерекшеленуіне назар аудару қажет. 
Бірінші  партия  –  бұл  Алтын  Орда  феодалдарынан  құралған Тоқтамыс хан  саясатын қолдаушы  топ. 
Тоқтамыс жақтастары елде қатаң орталықтандыру жүйесін құруды қалады. XIV ғ. 60-70-ші жылдары 
ұлыстық  жүйе  мемлекеттің  тұтастығы  үшін  үлкен  қауіп  тудырған  еді.  Орталық  биліктің  əлсіздігі 
ұлыстардың  жік-жікке  бөліну  мүмкіндігін  туғызды.  Мұндай  жағдай  ұлыс  əмірлер  тарапынан 
дүрбелең  кезеңінде  анық  байқалды.  Осыған  байланысты  Алтын  Орда  феодалдарының  бір  бөлігі 
мемлекетті  нығайту  үшін  елді  басқаруды  орталықтандырылған  түрде  жүзеге  асыруды  қалады.  Ал 
келесі топ – бұл саясатқа қарсы шығып, бұрынғы ұлыстық жүйені сақтай отырып, билікті автоном-
дығын  сақтап  қалуды  қалады.  Осы  екінші  партияның  негізгі  өкілдері  жөнінде  Тоқтамыс  ханның 
Ягайлоға жазған хатында сипатталған [1, c. 21, 37]. Низам ад-дин Шами жəне Шереф ад-Дин Йезди 
мəліметтеріне  сəйкес,  маңғыт  феодалдары  бастаған  топ  Тоқтамыс  ханға  жүгінуге  мүмкіндік  тауып 
оған «ақылға сыйымсыз ақыл-кеңестер» айта бастаған [2, c. 109, 152]. Ал Өтеміс-қажының «Шыңғыс-
намесінде» Тоқтамыс ханды Шайбан ұрпақтары қолдағаны сипатталған. Ал маңғыт тайпасы Шайбан 
ұлысында  да  мекендеген.  Демек,  екі  партияда  да  түрлі  ұлыстардың  феодалдары  болған.  Тоқтамыс 
жақтастары  қатарында  қоңырат,  бахрин,  маңғыт  жəне  тағы  басқа  тайпа  өкілдері  болған.  Сонымен 
қатар, осы тайпалардың өкілдері арасында Тоқтамыстың қарсыластары да болған. Мысалы, Едігенің 
бауыры  Исабек  Тоқтамыстың  ықпалды  жақтастарының  қатарында  болса,  Едіге  қарсыластар  қата-
рында болды. Тоқтамыстың идеологиясын барлық феодалдар қабылдамаған. Тоқтамыстың қарсылас-
тары болса, өз көзқарастары бойынша бір тоқтамға да келмеген. Бұл жөнінде бұл партияның бірқатар 
бөлігі Темірмен бірігіп əрекет етуге қадам жасаса, екінші бөлігі ортаазиялық билеушімен байланыс 
жасауды  қаламаған  [4,  c.  94].  Бірақ  жоғарыда  аталған  екі  партия  сыртқы  саясатта  аса  үлкен 
алауыздық танытпаған. Сыртқы саясатта Тоқтамыстың жүргізген саясатын Едіге жəне Шəдібек екеуі 
де  жүргізді,  яғни  Дешті  Қыпшақта  өз  билігін  нығайтқан  соң,  Хорезмді  жəне  Ширванды  қайтарып 
алуды  мақсат  етті.  Бірақ  ХІV  ғ.  80-ші  жылдардың  басына  қарай  Тоқтамыстың  жақтастары  күшейе 
түсті.  Тоқтамыс  үкіметі  реформалар  жүргізе  отырып,  орталық  билікті  нығайта  бастады.  Дегенмен, 
жазба  деректердің  аздығы  бұл  мəселе  бойынша  жан-жақты  қарастыруға  мүмкіндік  бермейді,  бірақ 
шамасы осы кезде ұлыс əмірлерінің билігі шектеле түскен. Бұған Тоқтамыстың Русь жеріне жүргізген 
саясаты  дəлел  бола  алады,  яғни  1382  жылдан  кейін  құқығы  аса  шектелген.  Бұдан  кейін  ұлы  князь 
ұлдары  Сарайға  кепіл  ретінде  аттандырылған  [6,  c.  274].  Ал  орыс  князьдерінің  өздері  Тоқтамыс 
ханның əскери жорықтарына қатынаса бастаған [7, c. 220]. 
Тарихи  жазба  деректерде  Тоқтамыстың  батыс  бағытында  жүргізген  саясаты  жөнінде  мəліметтер 
мардымсыз,  алайда  Тоқтамыстың  əрекеттеріне  қарап  Алтын  Орда  дипломатиясының  белсенді  рөл 
атқарғаны  белгілі.  Польша  билеушісі  Ягайло  XIV  ғ.  60-70-ші  жылдары  басып  алған  орыс  жерлері 

Абай атындағы  аз ПУ-ні  Хабаршысы, «Тарих жəне саяси-əлеуметтік ғылымдар» сериясы, №3 (50), 2016 ж. 
85 
үшін  алым-салық  төлеуге  міндеттелді  [8,  c.  404].  Зерттеушілер  Тоқтамыстың  Ягайлоға  жазған 
хатының  мəліметіне  сүйене  отырып,  Ягайлоны  Тоқтамыстың  вассалына  айналды  деп  қорытынды 
жасайды.  Шындығында,  Тоқтамыс  пен  Ягайло  арасында  теңсіздік  байқалады.  Бұл  Тоқтамыстың 
Темір-Құтлықпен  күресі  кезінде  Витовттың  Тоқтамысты  толықтай  қолдағанынан  да  байқалады. 
Литва Алтын Орданың сателлиті болуы əбден мүмкін жəне хаттың мазмұнына сүйене отырып, бұл 
жағдай  Литваның  Польшамен  бірігуінен  кейін  де  жалғасқан  [4,  c.  96].  Тоқтамыс  ханның  сыртқы 
саясаты  Алтын  Ордадағы  дүрбелең  кезінде  оның  бірқатар  территориясын  иемденген  Молдавия 
князьдігіне  де  қатысты  болды.  Біз  бұл  бағыттағы  саясаттың  қол  жеткізген  нəтижелерін  білмейміз, 
бірақ  Тоқтамыстың  саясаты  мен  мақсатын  есепке  ала  отырып,  оның  үкіметінің  татар  территория-
ларын  иемденген  валахтар  мəселесін  жай  ғана  қалдырмауы  мүмкін  емес.  Молдавия  князьдігінің  ол 
уақытта  Литва  тарапынан  аса  күшті  саяси  ықпалында  болғанын  есепке  ала  отырып,  оның  Алтын 
Орда  мемлекетінің  сателлитіне  айналғанын  шамалауға  болады.  Бұған  жанама  мəліметтер  де  дəлел 
бола алады. Ворсклдегі шайқаста Тоқтамыс жағында молдавиялық жасақтар қатынасқан. XIV ғ. 80-ші 
жылдарының  басына  қарай  Тоқтамыстың  сыртқы  саясаты  белсенді  жəне  нəтижелі  бола  бастады. 
Бірақ  1385  жылдан  кейін  батыс  көршілерімен  қарым-қатынасының  қалыптасқаны  жөнінде  нақты 
деректер  жоқ.  Дегенмен,  Жошы  ұлысы  Темірден  ірі  жеңіліс  тапқанына  қарамастан,  Тоқтамыс 
олардың тарапынан қолдауға ие болып отырған. 1385 жылдан бастап Тоқтамыс ханның сыртқы сая-
саты толық түрде Темірге қарсы күреске бағытталды. Литва бұл уақытта еуропалық саясатқа тарты-
лып,  1385-1386  жылдары  Польша-Литва  униясы  ретінде  құрылды  [9,  c.  131].  Ал  1428  жылы  Ұлық 
Мұхаммедтің түрік сұлтаны Ғази Мұратқа жазған хатында былайша: «біздің бабамыз Тоқтамыс хан 
сіздің  бабаңыз  Ғази  Баязид-бикпен  достық  қарым-қатынаста  болып,  олардың  арасында  елшіліктер 
алмасып,  тарту-таралғы  жəне  сəлемдеме  жасалып  отырған»,  –  делінген  [4,  c.  97].  Мұның  барлығы 
Алтын Орданың Османлы сұлтандарымен достық қарым-қатынаста болғанына дəлел бола алады. 
Тоқтамыс  билігі  кезеңінде  Алтын  Орда  бұрынғы  Мысыр  мəмлүктерімен  тығыз  достық  қарым-
қатынасты  қайта  жандандырды.  Мысыр  мемлекеті  сол  кезеңде  де  əлемдегі  қуатты  жəне  жетекші 
державалардың бірі ретіндегі дəрежесінен айырылған жоқ еді. Тоқтамыс ханның Мысырмен достық 
одақтастығын қайта жандандыруға деген əрекетін Мысырға жіберген елшілігі растайды. Ибн Дукмак 
мəліметі бойынша, оның елшілігі Мысырға 786 х.ж. (1384/85 ж.) келген [10, c. 329]. Ал əл-Макризи 
мəліметі  бойынша,  Тоқтамыс  елшілері  Мысырға  1384  жылдың  24  қаңтарында  келген  еді.  Бұл 
маңызды  келісім жасауға  аттандырылған елшілердің  аты-жөні  деректерде кездеспейді.  Алтын  Орда 
елшілерін күтіп алу үшін олардың алдынан сұлтанның билеуші өкілі əмір Судун жəне давадар əмір 
Жүніс шықты. Елшілерді арнайы орналастырған соң, олар сұлтан аудиенциясына дүйсенбі күні 1385 
жылы  30  қаңтарда  барды.  Əл-Макризи  мəліметі  бойынша,  олар  өздерімен  бірге  сұлтанға  арнайы 
сыйлық ретінде: жеті жыртқыш қыран құс, жеті түк [түрлі] маталар мен бірнеше құлдарды тарту етіп, 
олардың  алып  келген  хаттарын  оқыған  кезінде,  «олардың  Қырым  билеушісінің  елшілері  екендігі 
белгілі болды», – дейді [10, c. 441]. Бұл фактілік мəліметтер əл-Калкашанди еңбектерінде де сипат-
талған.  Осылайша,  ең  алғашқы  елшілік  Тоқтамыстың  өзінен  емес,  оның  билеуші  өкілінің  атынан 
барған.  Алайда  Ибн  Хаджара  əл-Аскалани  мəліметі  бойынша  оқиға  біршама  басқаша  сипатталады: 
«786  х.ж.  (24.02.1384-11.02.1385)  [Мысырға]  Дешті  Қыпшақтың  сұлтаны  Тоқтамыс  хан  елшілері 
келді. Олардың арасындағы шені жоғарысы Рамадан ұлы Хасан болды. Оның əкесі Қырымның билеу-
ші өкілі болды. Олармен бірге Қырым билеушісі түрлі сыйлықтар жібергені екен, ол қабыл алынды», 
–  деген  [11,  c.  325].  Шамасы,  Рамадан  толық  аты  Зайн-ад-дин  Рамадан  Тоқтамыс  сарайында  аса 
беделге  ие  болып,  тіпті  оның  басқа  мемлекеттермен  келісім-шарт  жасау  құқығын  да  пайдалануына 
қарағанда, жеке өзі Мысыр сұлтанымен қарым-қатынасқа түсіп, оған сыйлықтар жіберген секілді. Əл-
Калкашанди  мəліметі  бойынша,  елшінің  жеткізген  хаты  Алтын  Орда  ханының  атынан  келмегенін 
анықтаған əл-Бадр ибн-Фадлаллах атты шенеунікке өзінің қырағылығы үшін дəрежеге ие болып, ал 
елшіні  төменгі  дəрежедегі  билеуші  елшісіне  арналған  жайға  орналастырғаны  жөнінде  сипатталған 
[12, c. 94]
Тоқтамыс хан атынан оның арнайы ресми елшілігі Мысырға 1385 жылы көктемнің басында келіп, 
ол сұлтан тарапынан аса үлкен құрметпен қарсы алынды. Əл-Аскалани мəліметі бойынша, 787 х.ж. 
сафара  айында  (14  наурыз-11  сəуір  1385  ж.)  Тоқтамыс  елшілері  келіп,  өздерімен  бірге  Темірдің  де 
жіберген сыйлықтарын бірге ала келді. Тоқтамыс елшілерінің Темірдің де сыйлықтарын алып келді 
деп  ескертілуі,  оның  сол  кезеңдегі  Алтын  Орда  өміріндегі  Темірдің  ерекше  рөлін  сипаттайды. 
Шамасы Мысыр сұлтанына Темір өзінің Тоқтамысты таққа отырғызудағы тікелей қолдауы мен хан 
əкесі  ретінде  оның  қамқорлығын  көрсеткісі  келген  секілді.  Бұған  жауап  ретінде  Мысыр  сұлтаны 

Вестник КазНПУ имени Абая, серия «Исторические и социально-политические науки», №3 (50), 2016 г. 
86 
Алтын  Ордаға  1386-1387  жылдары  елшілігін  жіберді.  Мысыр  елшілігін  хаджиб  Кадид  жəне  Бек-
темир ал-Алаи бастап барды [10, c. 452-453]. Бұдан кейін ұзақ уақыт бойы Алтын Орда мен Мысыр 
арасында елшілік алмасу болмаған. Оның себебі Тоқтамыс пен Темір арасындағы қарым-қатынастың 
шиеленісуіне байланысты болған еді. 1389-1391 жылдар аралығындағы Темірдің қуатты шабуылдары 
оның басқа мемлекеттермен байланыстарын тоқтатуға мəжбүр етті. Алайда Темір Мысыр мемлеке-
тіне тікелей қауіп төндірген соң, Тоқтамыс жалғыз өзінің қуатты жаулаушыға қарсы күресудің қиын 
екендігін  түсінгендіктен,  Мысыр  сұлтаны  əл-Мəлік  аз-Захир  Сайф  ад-дин  Баркукқа  оған  да  қауіп 
төндірген қуатты дұшпан Темірге қарсы бірігіп күресу туралы ұсыныспен елшілік аттандырды [10, c. 
363].  Алтын  Орда  елшілігі  Дамаскіге  1394  жылы  26  наурызында  келді  [10,  c.  448].  Бұған  дейін 
Мысыр сұлтаны 1394 жылы ақпанда Темірден қоқан-лоқы түрінде ескерту хат алған еді. Темір оған 
оның бас иіп, билігін мойындауын талап етіп, егер оған көнбейтін болса, сұлтан əл-Мəлік аз-Захир 
Баркуктың  иелігін  талқандайтынын  айтып  қауіп  төндірген  еді.  Бірақ  Мысыр  сұлтаны  оның  бұл 
талабын  орындаудан  бас  тартты  [10,  c.  142-144].  Осыдан  кейін  Темір  мен  Баркук  арасында  соғыс 
басталу  да  ықтимал  болды.  Мысыр  сұлтаны  да  соғысқа  дайындыққа  көшіп,  Сирия  жеріне  қарай 
əскерін  жібергені  жөнінде  тарихи  деректерден  белгілі.  Осы  кезеңде  жоғарыда  аталған  Алтын  Орда 
елшілері  де  Каирге  келген  еді.  Сондай-ақ,  осы  уақытта  Османлы  сұлтаны  Баязидтен  жəне  Сивас 
билеушісі қазы Бурхан ад-дин Ахмадтан да елшілер келді. Мысыр сұлтаны əл-Мəлік аз-Захир Баркук 
қуатты үш билеуішінің елшіліктерін жəне олардың Темірге қарсы одақ құру жөніндегі ұсыныстарын 
қабыл  алды  [10,  c.  453].  Сұлтанның  Тоқтамыс  ұсынысына  деген  құптарлық  жауабы  Шамс  ад-дин 
Мухаммед  ибн  Айастың  жылнамасында  сипатталғаны  белгілі.  Алайда  1394  жылы  күткендегідей 
Мысыр сұлтаны мен Темір арасында əскери қақтығыс болған жоқ. Осы жылдың күзінде əл-Мəлік аз-
Захир Баркук Темірдің өз иелігіне қайтқаны жөнінде хабар алды. Тоқтамыс жіберген алтынордалық 
елшілікке  жауап  ретінде  Мысыр  сұлтаны  Тоқтамысқа  да  елшілік  аттандырды.  Тарихи  деректер 
арқылы,  Мысыр  елшілігі  Алтын  Ордаға  Темір  мен  Тоқтамыс  арасындағы  соғыста  соңғысының 
талқандалған 1395 жылы оқиғаның қызған кезінде келгені белгілі [10, c. 330]. Алтын Орда астанасы 
Сарайға  Тоқтамыс  əскерінің  жеңілгендігі  жөнінде  хабар  келген  соң,  Мысыр  елшілері  Темірдің 
қолына  түсіп  қалмас  үшін  кері  қайтуға  асығыстық  танытты.  Олар  алғашында  Қырымға  (Солхат) 
келіп, одан кейін Кафаға барды. Осы жерде елшілерді Кафа билеушісі ұстап алып, тұтқыннан босату 
үшін құн төлеуді талап етті, олар үшін құн төленген соң босатылды. Бұдан кейін елшілік Самсунға 
барып  Темірдің  Қырымды  жаулап  алуына  дейін  сол  жерде  болды.  Кафадағы  хан  билеуші  өкілінің 
екіжақты  саясат  ұстанғанына  қарамастан,  Темір  оған  рақымшылық  жасаған  жоқ.  Елшілік  Мысырға 
тек  1395  жылы  18  наурызында  ғана  кері  оралды  [10,  c.  363].  Бұл  Мысыр  сұлтанының  Тоқтамысқа 
жіберген  соңғы  елшілігі  еді.  Өкінішке  орай,  бұл  елшіліктің  саяси  мəселе  бойынша  қандай  да  бір 
жетістікке жеткені жөнінде нақты мəлімет жоқ. 
Сонымен,  Тоқтамыс  билікке  келген  соң,  оның  үкіметі  қысқа  ғана  уақыт  ішінде  сыртқы  саясатта 
біршама жетістіктерге қол жеткізді. Тоқтамыстың халықаралық саясаты сол кезеңдегі Жошы ұлысы-
ның геосаясатында жетекші рөлге ие болғанын көрсетеді. Тоқтамыс хан жөнінде айтып өткен Клави-
хо сол кезеңде Алтын Орданың еуропалық мемлекеттер үшін қауіп тудырған Осман империясынан да 
қуатты  мемлекет  болғанына  назар  аударған  [13,  c.  340].  Мұның  барлығы  Жошы  ұлысының  халық-
аралық геосаясаттағы орны мен рөлінің маңыздылығын көрсетеді. Бастапқы кезеңде сыртқы саясатта-
ғы Тоқтамыстың алғашқы қадамдары сəтті болып, Алтын Орда Еуразиядағы жетекші орынға қайта ие 
болды. 
Қазақстан тарихы, түркі əлемі жəне Орталық Азия тарихы үшін Рим Папалары мен Алтын Орда 
хандарының  арасында  жазылған  хаттар  құнды  болып  табылады.  Бұл  мəліметтерді  профессор 
Қ.Т.Жұмағұлов  Ватиканда,  Ватиканның  Апостол  кітапханасының  қорлары  мен  бөлімдерінде 
(Biblioteca Apostolica Vaticana) ғылыми – ізденіс жұмыстарын жүргізген уақытта тапқан [14]. 
 
1 Березин И.Н. Ярлык хана Золотой Орды Тохтамыш хана к польскому королю Ягайлу // Ханские ярлыки. К: 
Типография И. Коковина, 1850. – 72 с. 
2  Сборник  материалов  относящихся  к  истории  Золотой  Орды.  Извлечения  из  персидских  сочинений. 
Собранные В.Г. Тизенгаузеном и обработ. А.А. Ромаскевичем и С.Л. Волиным. – М.-Л., 1941. – Т.II. – 308 c.  
3 Греков Б.Д., Якубовский А.Ю. Золотая Орда и ее падение. – М.-Л.: Изд-во АН СССР, 1950. – 473 с. 
4  Миргалеев  И.М.  Политическая  история  Золотой  Орды  периода  правления  Токтамыш-хана.  –  Казань: 
Алма-Лит, 2003. – 164 с. 
5 Абдимомынов Н.Т. Алтын Орданы  сырт<ы саясатыны  Aзекті мəселелері. Монография. – Тараз: ТИГУ 
баспасы, 2014 – 310 б. 

Абай атындағы  аз ПУ-ні  Хабаршысы, «Тарих жəне саяси-əлеуметтік ғылымдар» сериясы, №3 (50), 2016 ж. 
87 
6  Вернадский  Г.В.  Монголы  и  Русь  /  пер.  с  англ.  Е.П.  Беренштейна,  Б.Л.  Губмана,  О.В.  Строгановой.  – 
Тверь: ЛЕАН, М.: АГРАФ, 1997. – 480 с. 
7 Егоров В.Л. Историческая география Золотой Орды в XIII-XIV вв. – М.: Наука, 1985. – 246 с. 
8 Сафаргалиев М.Г. Распад Золотой Орды. Саранск: Мордовское книж. изд-во, 1960. – Вып. 9. – 276 с. 
9 Spuler B. Die Goldene Horde. Die Mongolen in Rußland, 1223-1502. 2., erweiterte Auflage. – Wiesbaden: Otto 
Harasowitz, 1965. – 638 s. 
10 Сборник материалов относящихся к истории Золотой Орды. В.Г. Тизенгаузена. Извлечения из сочинений 
арабских. – СПб., 1884. - Т.І. – 563 с. 
11  Сборник  материалов  относящихся  к  истории  Золотой  Орды  Извлечения  из  арабских  сочинений, 
собранные В.Г. Тизенгаузеном. – А.: Дайк-Пресс, 2005. – Т. І. – 709 с. 
12 Закиров С. Дипломатические отношения Золотой Орды с Египтом. – М.: Наука, 1966. – 160 с. 
13 Клавихо Г. История Великого Тамерлана // Тамерлан: Эпоха. Личность. Деяния. – М.: Гураш, 1992. – С. 
299-344. 
14 Ж@мағ@лов  .Т. ТCркілер мен <аза<тар тарихына <атысты жа а батыс деректер.  аза< хандығынан – 
«Мə гілік елге». - Алматы, «?лем əдебиеті», 2015. – Б. 87-91. 
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   50




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет