Хабаршы тарих жəне саяси-əлеуметтік


Түйіндеме  Нəзір Төреқұлов – көрнекті саяси-қоғам қайраткері жəне белгілі шығармашылық тұлға



Pdf көрінісі
бет44/50
Дата06.03.2017
өлшемі3,91 Mb.
#8501
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   50

Түйіндеме 
Нəзір Төреқұлов – көрнекті саяси-қоғам қайраткері жəне белгілі шығармашылық тұлға 
Тұрсұн Хазретəлі Маханұлы – тарих ғылымдарыны  докторы, профессор, 
.А.Ясауи атындағы Халы<аралы< <аза<-тCрік университеті 
Батырбекқызы Гауһар – PhD Докторант.  .А.Ясауи атындағы Халы<аралы< <аза<-тCрік университеті 
Мақалада  көрнекті  қоғам  жəне  мемлекет  қайраткері  Н.Төреқұловтың  өмірбаяны  баяндалып,  оның  сан-
қырлы  қоғамдық-саяси  қызметі  мен  шығармашылығына  жалпы  шолу  жасалады.  Сонымен  бірге  оны  ғылыми 
тұлғаландыруға  қатысты  ұсыныстар  жасалады.
  Мақалада 
Н.Төреқұловтың 
  қоғамдық-саяси  іс-шараларға  
белсене    араласуы  баяндалады.  Сондай  –ақ 
Н.Төреқұловтың 
  шығармашылығына    жалпы  шолу  беруге 
тырыстық.  Қайраткер жөніндегі ғылыми  зертеулер арқылы  тулғаның  əлі де болса беймəлім тұстарын кеңінен  
ашуға тырыстық.
 
Түйін сөздер: Нəзір Төреқұлов, ұлттық элита, Алаш қозғалысы, жаңа түрік алфавит. 
 
Sammary 
Nazir Turekulov was social politic personality and supereminence 
Tursun Khazretali Makhanuly – the doctor of historical sciences,  
professor. Kh.A.Yassawi International Kazakh-Turkish university 
Batyrbekkyzy Gaukhar – Doctoral student (PhD), Kh.A.Yassawi International Kazakh-Turkish university  
The  article  is  concerned  with  Politic  Nazir  Turekulov  and  his  analysis  of  social  political  activities  and  creativity. 
Also it is connected with recommendations of individual personalities. 
In this article we have tried to give an overview 
of the socio-political activities and creativity N.Turekulova. until now his artistic career researched Zholtay Almashev 
Zhumat, and his political activities comprehensively  studied Taiyr Mansurov. But  from  a scientific point of view, his 
identity  is  not  yet  fully  understood.  In  the  future,  it  requires  a  separate  study  of  its  socio-political  activities  and 
creativity. Because a comprehensive cultural and civic identity as a N.Turekulov left in his creative heritage of many of 
values that meet the needs of the political and spiritual society. 
Keywords: Nazir Turekulov, the national elite, the Alash movement, the new Turkic alphabet. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Абай атындағы  аз ПУ-ні  Хабаршысы, «Тарих жəне саяси-əлеуметтік ғылымдар» сериясы, №3 (50), 2016 ж. 
277 
ƏЛИХАН БӨКЕЙХАНОВҚА 150 ЖЫЛ 
150-ЛЕТИЕ АЛИХАНА БОКЕЙХАНОВА 
150 ANNIVERSARY ALIKHAN BOKEIKHANOV 
 
 
ƏӨЖ 141-18 
 
 
Ə. БӨКЕЙХАНОВ – ХХ ҒАСЫРДЫҢ БАСЫНДАҒЫ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ  
ҰЛТ-АЗАТТЫҚ ҚОЗҒАЛЫСЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ 
 
Қарасаев Ғ.М. – т.ғ.д.,  Р БҒМ ҒК Мемлекет тарихы институты, Астана <аласы 
 
Мақалада  автор  Ə.Бөкейханов  ХХ  ғасырдың  басындағы  Қазақстандағы  ұлт-азаттық  қозғалысының 
жетекшісі екендігіне баса назар аударып, дəйектеген. Əлихан Бөкейханов халқының ХХ ғасырдың басындағы 
азаттық қозғалысының ұлы күрескері, бағыттаушысы дəрежесіне көтерілді. Бүгінгі күні оның есімі мен ісін ата-
жұртында  тұрақты  да  қуатты  мемлекет,  жасампаз  ұл  болуға  ниет  еткен  халқымызға,  келешек  ұрпағымызға 
насихаттау, өмірінен өнеге  алу ісін ұйымдастыру аса қажеттілікке айналып отырғандығына баса көңіл бөледі. 
Ол ұлтын отарлық қыспақтан құтқарудың жолын іздеді, оны Алаш автономиясы идеясынан тапты. 
Түйін сөздер: ХХ ғасыр, ұлы күрескер, азаттық қозғалыс, Алаш автономиясы 
 
Қазақ  халқының  азаттық  қозғалысының  тарихындағы  ұлы  тұлға, ХХ  ғасырдың  басындағы  туған 
халқын  бостандық  пен  еркіндікке  жеткізу  ісінің  жетекшісі,  Отан  тарихындағы  аса  көрнекті  саяси 
қайраткер Əлихан Бөкейхановтың осы қасиетті мақсатты іске асыруды бүкіл өмірінің негізіне айнал-
дырған қызметін мөлшермен үш кезеңге бөлуге болады. Олар атап айтқанда: 
1. Ресей империясы  мерзіміндегі қазақ жерін патшалық отарлықтан азат ету жолындағы  ісі (ХІХ 
ғасырдың соңынан -1917 жылдың ақпанына дейінгі мерзім); 
2.  Ресейдегі  1917  жылғы  ақпан  жəне  Қазан  төңкерістері,  азамат  соғысы  жылдарындағы  қызметі 
(1917 жылдың басынан 1919 жылдың ортасына дейін); 
3. 1919 жылдан  өмірінің соңына дейінгі мерзімдегі қызметі. 
Əлихан  Бөкейхановтың  бұл  уақыттардағы  шығармашылық,  саяси,  ұйымдастырушылық,  т.б. 
жұмыстарының  барлығы  ғасырлар  бойы  отарлыққа  түсіп,  бодандықтың  ауыр  қасіретін  тартқан 
халқына еркіндік əперу, тарихи территориясына ие болу, осы арқылы оның өз жеріндегі даму, өркен-
деу  мен  халықтық  басқару  жүйесіне  негізделген  өркениетті  Егемен  мемлекетін  құруға  арналды. 
Өмірінің  өзегіне,  барша  болмысының  құлшынысына,  бүкіл  іс-əрекетінің  ұмтылысына,  арманының 
тірегіне  айналған  осы  мақсатын  іске  асыруға  өзінің  бойындағы  табиғат  силаған  барлық  қабілетін, 
талантын,  күш-жігерін,  уақытын  арнады.  ХХ  ғасырдың  басындағы  елінің  болашағы  алаңдатып, 
халқының ауыр халы жандарын ауыртқан, одан шығар жолды іздеген ұлтымыздың алдыңғы қатарлы, 
оқыған  зиялы қауымының  басын қосып,  оларды  бір  мақсатқа жұмылдыра, оған жетуге  деген күрес 
жолдарын айқындай  білді
Қасиетті  жоспарды  шындыққа  айналдыру  жолындағы  қызметінің  барлық  кезеңі    өміріне  қауіп 
төндіретін  шиеленісті,  қарама-қайшылықты,  сын-қатерлі  кезеңдермен  ерекшеленді.  1920  жылдың 
соңынан  сталиндік  жазалау  орындары  тарапынан  Кеңес  өкіметіне  қарсы  əрекет  жасаушы  деген 
айыппен бірнеше рет тұтқындалды,  ақырында халық жауы деген жалған үкім шығарылып, атылды.  
ХІХ  ғасырдың  соңынан  басталған  Қазақстандағы  демократиялық  тұрғыдағы  азаттық  қозғалысы-
ның басында болған Əлихан Бөкейхановтың өмірі мен бұл бағыттағы қызметі Ресей империясы, одан 
ары  Уақытша үкімет, Кеңестік жүйенің үнемі назарында болып келді. Бұл билік түрлерінің  барлығы 
да  Қазақстандағы өздерінің саясатын жүргізуде  білімді, көреген саясаткер, Ресей қоғамында, соның 
ішінде  Қазақстандағы  жергілікті  халық  арасында  үлкен  ықпалға  ие  болған  Ə.  Бөкейхановты    өз 
мүдделеріне сай пайдалануды жоспарлап келді.  
Əсіресе  сталиндік  ішкі  істер  орындары  тарапынан  Əлихан  Бөкейхановтың  əр  қадамы,  шығарма-
шылығы, жергілікті тұрғындар арасындағы Кеңестік саясатты насихаттау мен социалистік құрылым-
дарды  жүзеге  асырудағы  атқарып  отырған  істері  жіті  бақылауға  алынды.  Мысалы,  1922  жылдың 
қыркүйегінде ҚКСР ГПУ Саяси ұйымының “Қазақстандағы топтар туралы хабарламалық баяндамасы 
дайындалды. Онда:“...Бөкейханов Əлихан. Шығу тегі жағынан қырғыз. Семей губерниясы Қарқаралы 
уезінің тумасы.  Əр жерлерде жоғары білім алған. Саяси өмірге 1904-1905 жылдардан шыға бастады. 

Вестник КазНПУ имени Абая, серия «Исторические и социально-политические науки», №3 (50), 2016 г. 
278 
Өзінің  саяси  қызметінің  алғашқы  қадамдарынан  ол  қырғыз  ұлтшыл  қызметкері  бағытында  қалып-
тасты. 1906 жылы Жетісу облысы қырғыздары атынан Бөкейханов Мемлекеттік Думаның мүшелігіне 
сайланып, оның  қатарында  1917 жылға  дейін  болған  кадет  партиясына  қосылады.    Бір  мерзімде  ол 
Кадеттердің  ОК  мүшесі  болды.  Кейін  осы  партияның  белгілі  қайраткеріне  айналған  ол  оңшыл 
эсерлерді 1917 жылға, яғни қырғыздық  бұратаналық ұлттық  партиясы  негізделгенге дейін қолдады. 
Ақпан  төңкерісі  кезінде  оңшыл  эссерлердің  белсенді  мүшесі  ол  қырғыздардан  шыққан  басқа 
жұрттық  (туземный)  белгілі  қайраткер  ретінде  Керенскимен  пікірлес  болады  жəне  оның  жақын 
досына айналады.  
Керенскиймен  жақындық  біріншісінің  билігі  кезінде  оның  саяси  өміріне  үлкен  əсер  етті.  Ақпан 
төңкерісінен біраз уақыт өткеннен кейін Бөкейханов Торғай облысы губерниялық комиссары болып 
тағайындалды, сонымен бірге Түркістан Төтенше Комиссиясының  мүшесі болды.  
Торғай облысының Губерниялық комиссары бола отыра Бөкейханов Керенскийдің қолдауы арқы-
лы Қырғызияның саяси билеушісіне айналды, оның маңайына барлық буржуазиялық интеллигенттер 
топтасты. Бөкейханов бастаған бұл топ “ Жеңіске жеткенге дейінгі соғыс” деген ұран тастайды жəне 
бұл ұран Уақытша өкіметтің жоспарына сай  Қырғызияда белсенді іске асырылды.  
Бөкейхановтың  жəне  оның  маңайына  топтасқан буржуазиялық  интеллигенция  өкілдерінің  баста-
масымен  1917  жылдың  шілдесінде  Орынбор  қаласында  І  Бүкілқырғыздық  сьезд  шақырылды.  Онда 
қырғыз  автономиясын  құруға  байланысты  бірнеше  мəселелердің  қатарында  ...Алаш-Орда  ұлттық 
қырғыз партиясы негізделді. Партияның құрылуымен Бөкейханов оның дем берушісі жəне жетекші-
сіне  айналды.  Сол  жылдың  қазан  айында  Бөкейхановтың  жəне  басқалардың  бастамасымен  ІІ 
Бүкілқырғыздық сьезі шақырылып, онда Алашорда үкіметі сайланды; Бөкейханов Үкіметтің Төраға-
сы  болып  сайланды  жəне  Алашордашылардың  Кеңес  үкіметінің  жағына  шыққанға  дейін  жұмысты 
жалғастырды.  
Уақытша  үкімет  құлатылғаннан  жəне  Кеңес  өкіметі  орнағаннан  кейін  Алашорданың  төрағасы 
ретінде  Бөкейханов  Семей  губерниясына  кетіп,  осында  Алашорда  үкіметіне  басшылық  жасады; 
Соңғысының  Орал  облысындағы  батыстық,  Бөкей  ордасында  шығыстық  бөлімдері  құралды.  Алаш 
Орда  партиясы  Бөкейхановтың  жақын  көмекшісі  Ахмет  Байтұрсынов  редакциялаған  (қазіргі  Қыр 
Республикасының  Халыққа  білім  беру  Халық  комиссары)  қырғыз  тіліндегі  өзінің  париялық  баспа 
органы – “Қазақ” газетін шығаруды үздіксіз жалғастырып келді.  
Керенскийдің уақытында Торғай облысы Губерниялық Комиссары жəне Алашорданың Төрағасы 
қызметтері кезінде; біріншісі кезінде қырғыз коммунистерін атуға, оларды жақтаушыларды тұтқынға 
алуға бұйырық берсе, екінші жағдайда ол осы өкіметтің бөлімі арқылы Оралдағы жəне Кеңес үкіметі 
əскерлері  болмаған  Қырғызия  территориясында  өзіндегі  барлық  құралдарымен  бір  бөлегі  контрре-
волюциялық  Орал  казактарына  қосылып,  олардан  молынан  жəне  ауыр  зардапқа  ұшыраған  қырғыз 
халқын  Кеңес үкіметіне қарсы күреске  тартты.  
Алашорданың Батыс бөлімінің орын алған жағдайға байланысты Кеңес өкіметіне қосылу қажеттігі 
туралы ұйғарымы Семейдегі Бөкейханов тарапынан қолдау таппады. Ол Орал облысындағы қырғыз 
халқының  қылмыстық  қырғынын  одан  ары  жалғастыруды  қалады.  Өзі  іс  жүзінде  Кеңес  өкіметі 
жағына шыққан жоқ, біздің əскерлердің бүкіл Семей губерниясын алуы  кезінде тұтқынға  түсті. 
Бүкіл  Қырғызияны  ақгвардияшы  бандиттерден  босату  мерзімінде  Бөкейхановты  жаңа  Ревком 
техникалық  қызметкер  ретінде  пайдалану  үшін  Орынборға  шақырды,  алайда  мұнда  біраз  уақыт 
болып, қайтадан Семейге кетіп, қазіргі уақытта  сонда. 
Кеңес  үкіметіне  қарсы  əрекет  еткен  барлық  басқа  жұрттықтарға  (туземцы)  кешірім  жасалып, 
алашордалықтардың басым көпшілігі ... РКП қатарына өтіп, Кеңестік қызметтерге тартылса да Бөкей-
хановқа ешқандай əсер етпей келеді. 
Бөкейхановтың Монғолиядан бастау алған Қиыр Шығыстағы оқиғалардың дамуы, ондағы банди-
тизмнің  одан  ары  белең  алуы,  Бакиннің  бандасының  біздің  территориямызға  басып  кіруі  жағда-
йындағы Семейге сапары жəне жəне ақыр соңында оның Унгернмен байланысы туралы хабарлама, - 
осының барлығы Бөкейхановтың  Кеңес өкіметін құлатуды барынша жақтаушы қызметкер екендігін 
растайды”[1],-деп жазылды. Осы арқылы Əлихан Бөкейхановты үнемі бақылауда ұстаудың қажеттігі 
көрсетілді.   
Міне,  осы  дерекке  қарай  отыра  Ə.Бөкейхановтың  ХХ  ғасырдың  басындағы  заман  талабына  сай 
білімді,  Қазақстан  ғана  емес,  бүкіл  Ресей  шеңберіндегі  белгілі  саяси,  қоғам  қайраткері  дəрежесіне 
көтерілгендігін, онымен достары, қастары да санасып, мойындағандығын білеміз. Н.Ə.Назарбаевтың 
атап көрсеткеніндей: “Ұлт-азаттық қозғалысының басшылары Əлихан Бөкейханов (оқымысты-ғалым, 

Абай атындағы  аз ПУ-ні  Хабаршысы, «Тарих жəне саяси-əлеуметтік ғылымдар» сериясы, №3 (50), 2016 ж. 
279 
Ресей  Конституциялық  демократиялық  партиясы  Орталық  Комитетінің  мүшесі,  І  жəне  ІІ  Мемле-
кеттік Думаның депутаты). ... өз қызметінің басты мұрасы қазақ халқының ұлттық төлтумалығын сақ-
тау, сонымен бірге  оның тарихи өткенін қалпына келтіріп, ұлттық санасын шыңдау деп санаған”[2]. 
Жоғарыда  баяндалғанындай,  Əлихан  Бөкейхановтың  қазақ  халқының  бостандығын  қамтамасыз 
ету  мақсатындағы  қызметі  ХІХ  ғасырдың  соңынан    бастау  алады.  Бұл  уақыт  Ресей  патшалығының 
қазақ жерін орыс шаруаларымен қоныстандыруының, осы арқылы жергілікті тұрғындарды мекенде-
рінен жаппай аластандыруының жаңа легі басталған кезі еді. Мысалдар келтіретін болсақ, ХХ ғасыр-
дың басында: “Батыс Сібір Генерал-губернаторлығына қараған Дала өлкесінің (бір ғана,-Ғ.Қ.) Алтай 
аймағы  орналасқысы  келген  орыс  шаруаларын  село,  хутор,  қауымдарымен  қоныстандырылып,  осы 
арқылы оны толығымен орыстандырылған империяның ажырамас аймағы ету мақсат етілді. Аталған 
шараны  іске  асыруда  ХХ  ғасырдың  басында  пайдалануға  берілген  Ұлы  Сібір  темір  жолына  үлкен 
міндеттер  жүктелді.  Сібірге  барғысы  келетіндердің  барша  жол  шығыны  империя  есебінен  шешіле 
бастады.  Отарлаушы  үкіметтің  осындай  шараларына  орай  ХХ  ғасырдың  басынан  Батыс  Сібір, 
Алтайға қоныс аударушы шаруалардың саны еселеп артқандығын тарихи деректер дəлелдей түседі. 
Жаңадан келетін қоныстанушыларды қалаған жерлеріне орналастыруды іске асыру жолында оларға 
қолайлы  жерлерді  дайындау  ісі  кең  көлемде  бастау  алды.  Болашақта  алынатын  жерлерді  айқындау 
үшін  арнайы экспедициялар жабдықталынды” [3. 83-84]. 
Нəтижесінде ХХ ғасырдың алғашқы уақытынан бұл өңірге біржолата көшкендердің көлемі  онда-
ған есеге молайды. “Егер 1864-1885 жылдар аралығында  Оралдың шығыс жақ бетіне  қоныс аудару-
шылардың саны 300000 адам болса, бұл сан 1885-1910 жылдары -2,5 миллионға өсті. 
Қоныс аударушылардың үлкен бөлігі қазақ жерлеріне ұмтылды. Егер 1896-1905 жылдары Қазақ-
станның Ақмола, Торғай,  Орал жəне  Семей облыстарына 294296 адам келіп қоныстанса, 1906-1910 
жылдары 770000 адам көшіп келіп орын тепті” [4.11] 
Күн-көріс  жерлерінен  айырылған  қазақтардың  ата-қоныстарын  тастап,  лажсыздан  орыс  шаруа-
ларына  жалдануы,  ауыл,  руларымен  көрші  елдерге  лажсыздан  көшуі  осы  мерзімнен  бастау  алады. 
“Мұндай  саясат  қазақ  халқының,  соның  ішінде  оның  зиялы  тобының  наразылығын  тудырды.  Олар-
дың қатарында Ə.Бөкейханов та болды. Мұндай озбырлық қызметтің мақсатын айқындау жолында ол 
Ф.Щербинаның  қоныстанушылар мүддесіне қажетті жерлерді анықтауға арналған экспедициясының 
жұмысына  қатысты.  “Бөкейханов  мырза,-деп  көрсетті  Ф.Щербина,-  оның  экспедицияға  қажеттігі 
туралы И.И.Тихеевке жазған ... хатында,- экспедицияға аса керекті маман-статистик. ... Тегі қырғыз 
бола отыра жəне қырғыздар тұрмысын  аса жақсы  білу арқылы  Бөкейханов өлкенің табиғи-тарихи 
жағдайын  зерттеуге арналған білім алды, ...”  Міне осылай Ə.Н.Бөкейханов экспедицияға басынан, 
яғни 1896 жылдан қатысты. ... Ф. А.Щербинаның экспедициясынан жинаған тəжірибесі  Ə.Н.Бөкей-
хановтың  ғалым ретінде қалыптасуына үлкен əсер етті. ... Ə.Н.Бөкейхановтың  маңызды еңбектерінің 
бірі, 1910 жылы шыққан “Казахи” аталған  экспедицияның  далалық облыстарды  зерттеудің негізінде 
жазылды”[3.84]. 
Аталған кітабында, т.б. шығармаларында Əлихан Бөкейханов Ресей империясының қазақ халқын 
ашығынан тонаушылығын барынша жария етті. Мысалы оның: “Тағы  Өскемен уезінде Тарғын болы-
сы 7-старшинда  Қошанай рулы қазақтың мұжыққа жерін алған екен. ...  Бұл қазақтардың 169-дан 60-
ы өз нішені жоқтықтан казак-орыстан пішен сатып жаяды екен. Қой, жылқы бағатын жерді жылқы 
басына  10  тиын,  қой  басына  5  тиын  аренда  төлеп  тағы  көрші  казак-орыстан  сатып  алады  екен,”- 
[5.104 ]деген деректері оған айғақ болып табылады.  
Патшалық  отарлау  саясатының  салдарынан:  “ХХ  ғасырдың  басында  қазақ  даласының  барлық 
аймақтарының негізгі тұрғындары орыстар болып қалыптасты. Халқымыз ата қоныстарынан күшпен 
қуылды.  Əсіресе  орыс  қоныстанушыларын  үнемі  қызықтырып  келген  Қазақстанның  шығысы  мен 
Алтай  аймағы  байырғы  тұрғындарының  жағдайлары  өте  шиеленісті.  Халқымыздың  басына  түскен 
империялық  қанаудың  қасіретін  Ə.Бөкейханов  одан  ары:  “Əр  қазақ  руымен  ата  қонысында  отыра 
беріп  еді.  Казак  -  орыс  пайдасына  аздап  ақша  төлеп,  Ертістің  бар  пішенін  біз  шауып  алушы  едік. 
Малды Ертіске бағушы едік. Ата мұрасы болған жеріміз еді. 31 майда 1904 жылғы патшамыз жарлы-
ғымен  он  шақырым  Сібір  казак-орысына  берілді.  Мұнда  отырған  қазақ  өзге  түрмен  орналасқанша, 
төлеп отырған ақша өзгермесін деген закон болмады. Осы кейінгі он жылдың ішінде қазақтың жерге 
төлейтін ақшасы  төрт есе көбейді. 1897 жылы  Щербина жазғанда қазақ үй басына казак-орысқа 10 
сом жылына төлеуші еді. Енді осы 10 сом 20-40 сом болды. Пайдаланған жер баяғы он шақырым, біз 
осыған  қарамай  Ертіс бойында  отырмыз.  40  сом үй  басына  төлеу  оңай  емес.    Барар жер жоқ.    Қан 
төгіп, кір жуып, кіндік кескен ата-қонысымыз  Ертіс. Мұнан кетсек, мұнан неше есе бақытсыздыққа  

Вестник КазНПУ имени Абая, серия «Исторические и социально-политические науки», №3 (50), 2016 г. 
280 
кез  болуымыз  анық.  ...  Бізге  ақырзаман  туды  білем”,-деген  сөздермен  білдірді.  Ал,  оның  “Қырғыз 
тұрғындары  біртіндеп  өз  қыстауларынан  қуыла  бастады,  мешіттері  тартып  алынып,  қоныстану-
шылар оларда бұзауларын ұстайды.   
...  Қоныстандыру  басқармасы  15000  десятина,  10000,  т.б.  жер  бөліктерін  дайындап,  оларды  əр 
түрлі адамдарға бере бастады. Атап айтқанда  Мемлекет Дума төрағасының көмекшісі Варун-Секрет 
Ақмола облысының Петропавел уезінен аса мол жер бөлігін алды. Граф Потоцкий 15000 десятин жер  
... алды. ...Қырғыздар  өз жерлерін жалға алуға мəжбүр болуда”,–деген ашық мəлімдемесінен  өктем 
империялық  биліктің  салдарынан  қазақ  жерінің  толығымен  отарлаушылар  мүддесіне  орай  талан-
таражға салынғандығы белгілі болады,”[3.88-89] - деген деректермен айғақтандырады.  
Əлихан  Нұрмұхамедұлының 1913 жылғы “Қазақ”  газетінде жариялаған мақалаларындағы  “Осы 
9 облыс, бір губернияда 260 миллион десятина шамасында жер бар. Бұл жердің көбі 10-20 жыл бұрын 
қазақ  пайдасында  еді.  Соңғы  10-15  жыл  Торғай  һəм  Ақмола  облыстарынан  қазақ  пайдасын-дағы 
жерден  көп  жер  мұжық  пайдасына  кетті.  1908  жылға  шейін  мұжыққа  қазақтан  алып  берген  жер   4 
миллион десятинадан аз артық еді. 1913-нші жылдағы есепте 1906-1912 жылдарда қазақтан мұжыққа 
алынған  жер  6  миллион  десиатинадан  артық.  ...  “Əлі  жеткен    алып  та  жығады,  шалып  та  жығады” 
деген осы да. ...  Қазақ жүрген жерді ... өзінікі қылмақ., жалғыз-ақ  бұл жол-қазаққа жоқ”[5.  
86,  96,  191]  деп  жазуы  Ə.Бөкейхановты  ресейлік  отарлық  саясаттың  əсерінен  жерлерінен 
айырылған  қазақтардың  тағдыры  алаңдатқандығын  көрсетеді.  Себебі  осы  6  миллион  десятина  ең 
шұрайлы,  орманды,  егіске,  шабындық  пен  жайылымға  қолайлы,  өзендер,  көлдер  маңайындағы 
жерлер екендігі белгілі  
Міне сондықтан да халқымыздың еркіндігі,  теңдігі, тарихи территориясына толығымен ие  болып, 
онда өмір сүріп, өркендеуінің бірғана жолы дербес, тəуелсіз мемлекетінің қалпына келтірілуінде  деп 
есептеді. Өйткені ол қазақ халқының, оның жерінде қалыптасқан мемлекеттердің, Қазақ хандығының, 
белгілі  билеушілер,  батырлардың  мемлекетті  нығайту,  оны  сыртқы  жаулардан  қорғау  бағытындағы 
атқарған істерін жақсы білген. Олардың қазақ елінің дамуындағы игілікті қызметтерін үнемі арнайы 
жазбалары арқылы насихаттап келді. Сонымен қатар өз мерзіміндегі халықтардың, қоғамның дамуы-
на тікелей игі əсер еткен əлемдік мемлекеттердің тарихын да зерттеумен айналысты. Бұл тақырыпқа 
көптеген шығармаларын арнады. Мысалы ол 1913 жылдан шығып келген “Қазақ” газетінде  Еуропа, 
Азия мемлекеттерінің өтккен кезеңдеріне, сол мерзімдегі жағдайларына арналған көптеген мақалалар 
жазды. Олардың қатарына “Судья Берлинде тағы”, “Моңғол халі”, “Керек сөз”, “Жолды іс”, “Хусейін 
Халми  патша”,  “Башқұр  жерінің  шежіресінен”,  “Құттықтау  хаты”,  т.б.  жатқызуға  болады.  Бұл 
еңбектерінің негізгі мазмұны мемлекеттіліктің əрбір ұлттың дамуындағы орнын айқындауға арналды. 
Туған  халқының  мүддесі  мен  болашағы  үшін  атқарған  ісі  үшін  олардың  қолдауына  ие  болған 
Əлихан  Бөкейханов  “1  Мемлекеттік  Думаға  Семей  облысы    қазақтары  атынан  депутат  болып 
сайланды.  Осы  оқиғаға  орай    “Семипалатинский  листок”  газеті:  “Редакция  қазақ  халқын  нəтижелі 
сайлау  қорытындысымен  құттықтайды.  Ə.Бөкейхан  Мемлекеттік  Думада  ұлт  мəселесін  қорғай 
алатын, қазақтың жоғын  жоқтап,  тілегін жеткізетін бірден-бір адам екеніне  халқы сенсе керек”,- деп 
жазды. 
Əлихан Бөкейханов І Мемлекеттік Дума жұмысына қатынаса алмайды. Өйткені ол Дума жұмысын 
бастаған  кезде  Омбы  генерал-губернаторының  негізсіз  жарлығымен  соттың  тергеуінсіз  үш  ай  
Павлодар  абақтысында  отырады.  Ал  абақтыдан  шығып,  Петербургке  жеткенде,  Дума  патшаның 
үкімімен таратылып, оның біраз мүшелері наразылық актісін қабылдау үшін Финляндияның Выборг 
қаласына  жүріп  кеткен  еді.  Ə.Бөкейханов  та  солардың  артынан  аттанып,  Выборг  үндеуіне  қол 
қояды”[4.15-16].   
Бөкейханов  бұл  жылдары  Ресейдің  қаналған  ұлттары  қатарында  қазақ  халқының  жағдайын  
шешетін жалғыз ғана ұйым Мемлекеттік Дума болар деп үміттенді. Осындай оймен ол Мемлекеттік 
Думаның  келесі  шақырылмдарының  барлығының  жұмысын  үнемі  назарда  ұстап  келді.  Қазақ  газе-
тінде Дума істеріне арналған мақалаларын үзбей жариялады. Олардың қатарында “Үшінші Дума һəм 
қазақ”, “Төртінші Дума һəм қазақ”, “Дума һəм қазақ”, “Он төрт тоғыз болама?” атты шығармаларын 
жатқызуға болады.  
Алайда, ХХ ғасырдың алғашқы онжылдығындағы Ресей самодержавиесі тарапынан Мемлекеттік 
Думаны бірнеше рет тарату, халықшылдық қозғалысты күшпен тоқтату,, соның ішіндегі Қазақстан-
дағы 1916 жылғы жергілікті тұрғындардың наразылығын қарумен басу, оған қатысқандарды  жаппай 
жазалау қазақ жерін одан ары жаппай қоныстандыруды жаңа екпінмен одан ары жүргізу, т.б. отарлық 
саясаттың жалғастырылуы Ресейді жаңартудың бейбіт, демократиялық жолына, осы арқылы ұлтына 

Абай атындағы  аз ПУ-ні  Хабаршысы, «Тарих жəне саяси-əлеуметтік ғылымдар» сериясы, №3 (50), 2016 ж. 
281 
бостандық əперуге деген оның үмітін мүлдем басты.. Ендігі жол патшалық билікті қарудың күшімен 
құлату, Ресейде көппартиялық демократиялық қоғам орнату екендігін ұқты. Болашақта бұл мақсатты 
іске  асырады  деген  сеніммен  Керенский  бастаған  кадет  партиясының  құрамына  енді.  Оның  ендігі 
алдына  қойған  жоспары  сол  мерзімдегі  патшалық  самодержавиеге  қарсы  белсенді  жұмыс  атқарып 
отырған  бұл партия арқылы  Ресейде ұлттар арасындағы теңдік қоғам орнату,  оның құрамындағы 
Қазақ  автономиялық  мемлекеттігін  негіздеуге  жетісу  болды.  Ресейдегі  іске  асырылған  1917  жылғы 
ақпан  төңкерісі,  патшалық  биліктің  құлатылуы,  кадеттер  партиясы  жетекшілік  еткен  көппартиялық 
Уақытша үкіметтің құрылуы Əлихан Бөкейханов пен оның серіктестерінің Қазақстанның болашағына 
деген сенімдерін оятты.  
Осындай жағдайдағы алдарына қойған  жоспарларын іске асыру мақсатында 1917 жылдың  шілде 
айында  Əлихан  Бөкейханов  ұйымдастырған  Бүкілқазақтық  1  сьезд  өткізіліп,  “Алаш”  халықтық 
демократиялық  партиясы  негізделді.  Ал  осы  жылдың  желтоқсанында  партияның  бағдарламасы 
қабылданды. Онда партияның атқарар міндеттері белгіленді. Қазақстанды президенттік билікке негіз-
делген Ресей Демократиялық Федеративтік Республикасы құрамында автономиялық мемлекет ретін-
де негіздеу мақсат етіп қойылды. Алаш азаттық қозғалысы жетекшілері, мүшелерінің бүкіл қызметі  
осы жоспарды  қамтамасыз етуге  жұмылдырылды.  
Бірақ  та,  уақыт  өткен  сайын  Уақытша  үкімет  елдегі  демократиялық  бастамаларды  іске  асыруға 
мүдделлі емес екендігі айқындала бастады. Ұлттық аймақтардың, соның ішінде Қазақстанның авто-
номиялық  мемлекеттігіне  олар  ашығынан  қарсы  шықты.  Бұл  үкімет  құрамындағылар  Ресейдің 
ешқандай  жаңа  демократиялық  құрылымдарсыз  бұрынғы  біртұтастығы  сақталатындығын  мəлімдей 
бастады.  Жүріп жатқан  Дүниежүзілік  соғысты  жеңіске  дейін  жалғастыру  олардың  сыртқы  саясаты-
ның негізі болды. Мысалы:“Мəскеудегі 1917 жылғы 14 тамыздағы мемлекеттік кеңесте Мемлекеттік 
Думаның  Декларациясын  талқылауға  арналған    кездесудегі  сөзінде  кадет  Набоков:  “Қазіргі  бастан 
өткізіп  отырған  қайғылы  жағдайда  біздің  Отанымызды  бөлшектеу  əрекеті  жауға  мақсатты  жəне 
мақсатсыз тұрғыда көмектесу ретінде  айыпталады” деп көрсетіп, Уақытша үкіметтің, соның ішінде 
кадет партиясының   ұлт саясатындағы  ұстанымын ашығынан жариялады”[6.15].   
Ал,  “Соңғы  Мемлекеттік  Думаның  Төрағасы  Родзянко    бұл  кеңесте:  “Мен  Министр-Төрағаның 
біздің Ұлы Ресейді мекендейтін ұлттардың жандана бастаған сепаратистік бағыттары туралы мəлім-
демесін қауіптене отыра тыңдадым, бұған мемлекет кінəлі емес, керісінше бізден байырғы аймақта-
рымызды  бөлшектеу қаупін тудырған осы қозғалысты өзінің беделі арқылы түбірімен баса алмаған, 
барша күші арқылы барлық осы қозғалысты тоқтата алмаған өкімет кінəлі екендігін көріп отырмын” 
деп  мəлімдеме  жасап,  ...”[6.15],-  Уақытша  Үкіметтің  патша  самодержавиесінің  ісін  одан  ары 
жалғастыратындығын  жариялады. 
Ал  мұның  өзі  осы  уақыттағы  Ресейдегі  барша  ұлт-азаттық  қозғалыстары  жетекшілерінің,  солар-
дың қатарындағы алаштықтардың да іс-қимыл бағыттарын өзгертулеріне əкеліп соққандығы белгілі. 
Нақты  орын  алған  саяси  ақуалдың  анығына  көзі  жеткен  Ə.Бөкейханов:  “Кадет  партиясы  адамға  
меншікті  болып  берілсе  де,  жөн  дейді.  Біздің  қазақ  жерді  меншікті  қылып  алса,  башқұрдша  көрші 
мұжыққа  сатып,  біраз  жылда  сыпырылып,  жалаңаш  шыға  келеді.  Кадет  партиясы  ұлт  афтономия-
сына  қарсы.  Біз  Алаш  ұранды  жұрт  жиылып,  ұлт  афтономиясын  тікпек  болдық”,  [7.414]  –деген 
мəлімдеме жасап, өзінің бұл партиядан шығатындығын жариялады. 
Міне  осылай,  халқымыздың  ұлт-азаттық  қозғалысы  жетекшілерінің  Уақытша  үкіметке  артқан 
үміттері  ақталмады.  Бұл  үкімет  те  Ресейдегі  басқа  ұлттардың  болашағына  деген  өздерінің  ұстанып 
отырған бағыттарын толығымен айқындады. Одан арғы Ресейдегі өзара тартысты саяси оқиғалардан 
түсінікті болатынындай, 1917 жылдың  қазан айындағы төңкерістің нəтижесіндегі большевиктердің 
билік  басына  келуі,  оған  қарсы  контреволюциялық  күштердің  бірігуі,  коммунистік  саясаттың  
қаралануы белсенділікпен жүргізілді.  
1918  жылдың  ортасынан  шетел  капиталистері  дем  беріп,  қолдаған  самодержавиені  қалпына 
келтіруді жəне бүкілресейлік біртұтас жаңа империяны негіздеуді мақсат етушілер  ұйымдастырған 
азамат соғысы басталып, елдегі жағдай барынша күрделене түсті. Алаштықтар  бұл соғыста алдарына 
қойған  мақсаттарын  іске  асыруға  мүмкіндік  жасайды  деген  үмітпен  контрреролюциялық  күштер 
жағына шықты. Ə.Бөкейханов жəне оның серіктестері өздерінің мақсаттарына жету жолында Сібірлік 
Колчак  өкіметі,  Дутовтың  казак  əскерлерімен,  т.б.  бірге  олардың  талаптарына  қосылып,  Кеңес 
өкіметіне қарсы қарулы күреске қатысты. Алайда Алаш жетекшілерінің бұл үміттері де ақталмады. 
Кольчак  жəне  Дутов  биліктері  қазақ  жерінің  автономиялы  тұрғыда  басқарылуына  үзілді-кесілді 
қарсы шықты. Тіпті осындай батыл талаптары үшін алаштықтарды қудалау басталды. Оны төмендегі: 

Вестник КазНПУ имени Абая, серия «Исторические и социально-политические науки», №3 (50), 2016 г. 
282 
“Қырғыз болыстықтарында өздерінің Алашордалық кеңестері құрылғандықтан земстволық болыстық 
басқармаларға деген жағымсыз қатынас қалыптасқан. Аталған кеңес тарапынан қырғыздарды орыс-
тарға  қарсы  қарулы  күреске  шақыратын  үндеулер  таратылған.  Кеңестің  төрағасы  жəне  бірнеше 
мүшелері  тұтқынға алынды, осыдан кейін ғана  қырғыздар Сібір өкіметін таныды.  
Қазіргі күні Алаш-Орда кеңесі жоқ, (Колчактық Сібір үкіметінің,-Ғ.Қ.)болыстық атқару комитет-
тері жұмыс істейді,”- [8] деген деректер арқылы білуге болады. 
Азамат  соғысының  шешуші  кезеңіндегі  Кеңес  үкіметіне  қарсы  əскери  күштердің,  солардың 
ішіндегі Колчак үкіметінің, Дутовтың казак əскерлерінің жеңілістерге ұшырауы Ресей жұмысшылары 
мен шаруалары қолдаған Кеңес үкіметінің қуатын көрсетіп берді.  
Осылармен  қатар  В.И.Лениннің  ұлт  мəселесіне  арналған  еңбектері,  большевиктер  партиясының 
бағдарламасы  негізіндегі  Кеңес  үкіметінің  1917  жылғы  2  қарашада  қабылдаған  Ресей  халықтары 
құқығының Алаш Декларациясының  Алаш партиясы бағдарламасымен ұқсастығы, осылармен қатар 
азамат соғысы алдындағы Кеңес өкіметі жəне алаштықтар арасындағы орын алған өзара келісімдер 
Əлихан Бөкейханов бастаған Алаштықтардың қарсылықтарын тоқтатып, Кеңес жағына шығуларына 
мəжбүр  етті.  Егер  де  тарихи  деректерге  жүгінетін  болсақ,  Ресей  Коммунистік  (большевиктер) 
партиясының ұлт мəселесіне арналған бағдарламасы Алаштықтардың жоспарымен мазмұндас болды. 
“Алаш  бағдарламасының,-деп  жазады  осы  тұрғыда  Мұстафа  Шоқай,-кейбір  баптары  ...  социал-
демократтардың бағдарламасымен ұп-ұқсас. ... “Алаш партиясының социализммен ешқандай ортақ-
тастығы жоқ еді”,-деп жазған Закия Валиди жалған айтады[9]. 
Ал, Əлихан Бөкейханов  студенттік кезінде азаттық қозғалысының демократиялық, соның ішінде 
социализм  ілімімен  жеткілікті  тұрғыда  айналысты.  Оны  Қазақстанда  қолданудың  жолдарын  іздес-
тірді. Бұған академик М.Асылбек келтіретін “Кадеттік “Наша жизнь” газеті 1906 ж. Ə Бөкейханның 
Мемлекеттік  Дума  мүшелігіне  өтуінен  соң  ол  туралы:  “Орман  институтының  студенті  кезінде  ол 
əрқашанда əсіре солшылдарға қосылатын” жəне “марксизм туралы таластардың қызған шақтарында 
экономикалық  материализм  тезистерін  өте  табанды  түрде  қорғайтын”  деп  жазды.  Астаналық  орта-
ларда ол марксизм теориясының тамаша білгірі ретінде танылды. Бұл жөнінде Ə.Бөкейханның Омбы 
қаласында  халықшылдардың,  эсерлердің  жəне  марксистердің  қатысуымен  шыққан  “Степной  край” 
газетінің  редакциясында  жұмыс  істеуі  де  куəлік  етеді.  Ə.Бөкейхан  газетте  “марксистік  бағытты 
ұстанды  жəне  сөзсіз  оның  жарқын,  тіпті  бірден-бір,  жарқын  дем  берушісі  болды  ...  ”,[3.17].-  деген 
дерек  дəлел  болады.  Яғни,  Алаш  қозғалысы  жетекшілерінің  кеңестік  билікті  мойындауы    олардың 
қандай  жағдайда  болмасын  қолайлы  жағдайды  пайдалана  отыра  халқын  бостандыққа  жеткізуді 
қамтамасыз  ету  болғандығы  белгілі.  Міне  сондықтан  да  олар  лениндік  ұлт  мəселесін  Кеңестік 
Қазақстан  жағдайында  іске асыруды көздеді. 
Қазақстандағы  алдыңғы  қатарлы  оқыған  қазақ  зиялы  тобы  өкілдерін  социализм  ілімін  халық 
арасында  насихаттауға  кеңінен  қатыстыру  үшін  большевиктік  билік  олардың  барлығын  кеңестік 
басшы жұмыстарға  тартты.  Олардың істеріне кез-келген  тұрғыдағы  бақылау  жасауға    рұқсат  беріл-
меді. Оған: “... алашордашылар мен қырғыз қызметкерлерінің жеке мінездемелері ...ГПУ орындарына 
қырғыз жауапты қызметкерлеріне, тіпті олар  Алашордаға қатысты болса  да агентуралық жұмыстар 
жүргізуге тиым салынуына байланысты  толық емес, ...”   [10] деген мысал айғақ болады. 
Осы мерзімнен Əлихан Бөкейханов Қазақстан Автономиялық Кеңестік Республикасын жариялау, 
оның  территориясын  белгілеу  жұмыстарына  белсенділікпен  қатысты.  Қазақстандағы  1920  жылдар-
дағы болған аштыққа қарсы  мемлекеттік тұрғыдағы күрес шараларын ұйымдастырумен айналысты. 
Қабылданған  шешімдердің  орындалуын  үнемі  бақылауда  ұстады.  Қазақстандағы  аштыққа  қарсы 
күрестің  барысы  туралы:  “Қазағстанның  күнбатыс  жағында  ашығып  жатқан  қазақ  еліне  тезден 
жəрдем қылу ниетіменен Семейдің губерниялық аштарға жəрдем қылу комитеті мынадай шараларға 
кірісіп,  соларын  іске  асырғалы  жатыр.  Семей  губернесінің  үйездеріне  бөліп,  20  шақты  қазақтың 
азавматтарын жіберді. Олардың көбінесе жинағандары аяқты малдар. Бұл малдарды осы тірі күйінше 
ашыққандарға  жіберу  үшін  Ақмола  һəм  Қостанай  губернелерінің  жəрдемдес  болып  көмек  көрсету-
лері қажет. 
Сондықтан ол жаққа екі кісі жіберіп отырмыз. Олар біздің  аяқты малдан  берген  жəрдемдерімізді 
ешкімнің қатысына қарамай-ақ бөліп береді. Һəм Семейден  жиналған малдарды ашыққандарға аман 
жеткізіп  беруге  де олар  көз болады,”[11.164]-деп жазды. 
Қазақстандағы    лениндік  жаңа  экономикалық  саясаттың  іске  асуының  барысын  басты  назарына 
алды.  Республикадағы  азамат  соғысы  жылдарындағы  қираған,  жұмысын  тоқтатқан  өндіріс  орында-
рын қалпына келтіру, жаңа кəсіпорындар салу, халық шаруашылығына  қажетті өнім шығару, ауыл 

Абай атындағы  аз ПУ-ні  Хабаршысы, «Тарих жəне саяси-əлеуметтік ғылымдар» сериясы, №3 (50), 2016 ж. 
283 
шаруашылығын ұйымдастыру бағытындағы істердің қажеттігін, жетістіктерін насихаттады. Мысалы, 
ол 1922 жылы: “Өктəбір төңкерісінен кейін  барлық шаруа кілттерін  бейнетқорлар қоддарына алып,  
байлардың құралдарын, дүниелерін қазынаға түсіріп, “развертскамен” бар азық-түлігін  жиып алып,  
қолдан үлестіріп, байлардың басына  ақырзаман туғызды.  
Бүгінде жау мезгілі өткесін, байлар тақыр тұяқ болып кедей болғасын, жіпті босатып, жаңа үнем 
саясатын шығарып, “разверстканың” орнына “продналог” шығарып, байларды жұмысқа қосып отыр. 
Мұны түсінбеген адамдар байлардың дəуірін қайтарып берді деп отыр. Бұл-қате. Байдың дəуірі қайта 
берілген жоқ, байдың өз табағы  өзіне қойылып отыр.  
Трестер,  яғни,  фабрика,  зауыттар,  теміржолдар,  басқа  үлкен  кəсіптер  мемлекет  қолында  қалып 
отыр.  Байлар  қанша  ызаланып,  шыбынын  сүйрегенмен  олардың  мемлекет  дүмпуіне  шыдай  алмай-
тыны  анық.  Байлықтың  бір  жерге,  мемлекет  қолына  көшуі  даусыз.  “Жаңа  шаруашылық  саясаты” 
байлар  үшін  жасалып  отырған  жоқ.  Бейнетқорлар  мемлекеті  үшін  жасалып  отыр,  халық  шаруасын 
түзеу үшін жасалып отыр.  
Мінеки, осы реттермен Ресейде Өктəбір төңкерісінен бері шаруа түзеліп келеді. Бұл жұмысты біз 
жоқтан бар етіп, жаңадан халық шаруасын жасап келе жатқан дейміз: бұрын халық шаруасы болған 
емес.  Өктəбір  төңкерісінің  міне  5  жылдық  тойын  жасап  отырмыз.  Өткен  5  жылға  қарасақ,  Ресейде 
халық шаруасының  негізі салынып,  біраз жұмыс жасалулы.  
Ағымнан  қала  алмайды,  қазақ  шаруасы  да  оңдалмақ.  Бірақ  қазақ  елі  өзімшілдігін,  кертартар 
мінезін жоймай,  бұл қалыпта  тұра берсе,  халық шаруасының  түзу болғаны ауыр болмақ.  
Сондықтан, қазақ бейнетқоры, сілкінуің керек. Төңкерістің негізіне түсіп, халық шаруасын тірілту 
жұмысына  сыбанып  кірісуің  жөн  қадамың  құтты  болсын!”,  [11.164,175-176]-  деп  көрсетіп,  жаңа 
экономикалық саясаттың халық мүддесіне арналып отырғанына тоқтады, оны қолдауға шақырды. 
Əлихан Бөкейханов бұл уақытта республикадағы жоғары кеңестік қызметтер атқара отыра Қазақ-
стандағы ұлттық салт-дəстүрлерді жандандыру, одан ары дамыту ісінің басында болды. Халқымыз-
дың  игілікті  бағыттағы    қалыптасқан  сенім-нанымын  жаңғыртуға  үлкен  үлес  қосты.  Мысалы  оның 
ҚазОАК  Төрағасы  міндетін  атқаруы  кезінде  Қырғыз  Халком  Кеңесі  төрағасы  Зенкевичпен  бірге 
қабылдап, қол қойған 1921 жылғы 29 наурыздағы:   
“Кеңестердің  Орталық  Атқару  Комитеті  жəне  БОКҰО  (ВЦСПС)  жəне  ҚКСР  өлкелік  бюролары-
ның “Мұсылман мейрамдары жəне демалыс күндері туралы” міндетті  қаулысы қабылданып, онда: 
“1.ҚОАК  жəне  Қырғыз  кəсіподақ  бюросы  қаулысы  негізінде  Қырғыз  республикасы  территория-
сындағы мұсылман дінін ұстайтын қырғыздар жəне басқа халықтар молынан қоныстанған  өңірлерде 
Губерниялық кəсіподақ кеңесі мен Губерниялық еңбек бөлімі қаулысымен апталық міндетті демалыс 
күні   жексенбінің орнына  жұма күні болып белгіленсін. 
2.  Мұнымен  бірге  ҚКСР-ғы  міндетті  мейрамдарға    РКФСР  Халкомыкеңесінің  1920  жылдың  17 
маусымындағы республикалық Декретіне қосымша келесі діни мейрамдар енгізіледі: 
1. Гайд-Фитир (Ораза-айт)- үш күн, 
2. Гайд-Курван  (Құрбан-айт)-үш күн, 
3. Нау-руз-бір күн жаңа санаумен 22 наурыз 
3.  Аталған  қаулы жарияланған күннен күшіне  енеді”,-  [12] делініп,  бұл  діни-бұқаралық,  сенімдік 
мейрамдардың маңызы айқындалды. 
Алайда  сталиндік  кеңестік  билік  1920  жылдың  ортасынан  Қазақстандағы  саяси  топтар,  олардың 
қалыптасу тарихы, қызметтері туралы бақылауды күшейте түсті. Əсіресе Алаш қозғалысы жетекші-
леріне ерекше назар аударылды. Мысалы, 1922 жылдың қыркүйегіндегі ҚКСР ГПУ Саяси ұйымының 
(ППГПУ по КССР) Қазақстандағы топтар туралы хабарламалық баяндамасында: “Биылғы жылдың 15 
қыркүйегіне  біз  Қырғыз  республикасында  3  нағыз  негізгі  бағыттары  нақты  айқындалған  үш  топты 
білеміз. 1- Алашорданы  негіздеуші жəне құрушы бұрынғы белсенді алашордашылардан тұратын топ, 
бұлар    Кеңес  үкіметі  мен    РКП-на  қатынасында  нағыз  қарсылар  жəне    Əлихан  Бөкейханов  арқылы  
Унгернмен байланыс орнатады жəне Ұлттар Лигасында өздерінің Мұстафа Шоқай міндетін атқара-
тын өкілі бар. Бұл топтың негізі Семей губерниясында, анығын айтқанда  құрамында  Əлихан Бөкей-
ханов, Райымжан Мəрсеков, Халел Ғаббасов, Міржақып Дулатов, Жақып Ақпаев жəне Қозыбағаров 
бар басқару орталығы  жұмыс атқаратын Қарқаралы уезінде орналасқан. 
Бұл  топтың  басты  қызметі  негізінен  алғанда  Алаштың  бағдарламасынын  іске  асыру  мақсатында 
РКП –ны қаралау мен оның қатарын ыдырату,т.б. мүмкіндіктерді пайдалану, осы мақсатпен негізінен 
алғанда  Аштыққа  күрес  ұйымдары  құрамына  (Помгол)  ену,  осындай  өздерінің  ұрандарын  орындау 
үшін    топ  үздіксіз  қырғыз  тұрғындары  арасында болуда  жəне  болашақтарын  айқындамаған  қырғыз 

Вестник КазНПУ имени Абая, серия «Исторические и социально-политические науки», №3 (50), 2016 г. 
284 
зиялылары  мен  байларымен  байланыс  орнатқан,  осы  арқылы  олардың  қызметкерлер  арасындағы 
ықпалдары аса үлкен жəне де Семей губерниясының бұратаналарының барлығына жуығын, сонымен 
бірге Түркістанның бір бөлегін қамтиды ...  Барлық жұмыстарын  халыққа білім беру орындарына ену  
жəне, əсіресе  тіпті олардың ықпалы анық сезілетін, соның ішінде соңғы уақытта Ташкентте  Жетісу 
мен  Сырдария  облыстарын  Қырғыз  республикасына  қосу  қосу  мəселесінде  айқындала  түсетін 
Семейдегі  жəне  Ташкенттегі  (АҚЖОЛ)  газеттермен  ынтымақтастық  арқылы  жүзеге  асыруға 
ұмтылады”,- [13] деген талдау жасалынды. 
Ал, ГПУ Шығыс бөлімінің 1923 жылдың басындағы “Алашорда, қырғыз ұлтшылдық топтарының  
1922 жылдың 1 қаңтарына дейінгі уақыттағы қызметтерінің барысы туралы мəлімдемесінде: “Есепті 
кезеңдегі ұлтшыл топтардың қызметтерінің  белсенді түрлерінің біріне ең алдымен Бүкілқырғыздық 
Кеңестердің 3 сьезін атап өтуге болады. 
Кеңес өкіметімен келіспес қарсылықтағы Ə.Бөкейханов ... бастаған бірінші топ сайлау алды науқа-
нына  неғұрлым белсенді тұрғыда қатысты.  
Өздерінің  ұлтшылдық  мақсаттарын  іске  асыруда  ойдағыдай  табыстарға  жету  жолында  бұл  топ 
барынша  өздерінің  барлық  ықпалдарын  пайдалануға  тырысты.  Осындай  ұмтылыстың  нəтижесінде 
Семей облысы Қарқаралы уезіндегі Ақаев (Бошан) жəне  Ақпаев (Қарасор) рулары арасындағы өзара 
жауласушылыққы тоқтату іске асырылды.Соңғы жағдайдың орын алуы  Қарқаралы уезінде неғұрлым 
белсенді  топтарының  болуына  орай  болыстық  жəне  уездік  атқару  комитеттері  мүшелерін  түгелге 
жуық  ауқатты  байлардан  тұратын  өз  адамдарынан  немес  оларды  жақтаушылардан  таңдаулары 
нəтижесінде болды.   
...  Ақмола  губерниясы  бойынша  Қарқаралы  уезіне  тікелей  жақын  орналасқан  жəне  соңғысымен 
үздіксіз жанды байланыс орнатқан Ақмола уезіндегі сайлау алды науқанына бірінші топтың ықпалы  
ерекше əсер етті.Осының нəтижесінде Ақмола уезіндегі сайлау алды науқаны барлық билікті өздері-
нің қолдарына алу мақсатындағы “қырғыз қызметкерлерін  саяси жəне таптық белгілерінсіз біріктіру” 
деген ұранмен өткізілді. Қарқаралы уезіндегі сияқты болыстық атқару комитеттеріне басым көпшілігі  
бірінші  топтағылардың  мақсаттарын  толығымен  қолдайтын    ауқатты  қырғыздар  өтті.  Уездік  сьезге 
келгендердің  3\2-сі  осындай  өкілдер  болды”,-  [14]  делініп,  сталиндік  биліктің  алаштықтардың 
болашағына деген  бітіспес нақты шешімін айқындаған еді.  
Ал осыдан кейін Əлихан Бөкейхановты Кеңес өкіметіне қарсы  деген шешім шығарылып, Мəскеу 
қаласына алдырылды. Осы арқылы оның Қазақстандағы  жағдайлардан  аластатылуы іске асырылды.    
Негізсіз  жаладан  соңғы  рет  тұтқындалып,  атылғанына  дейін  Əлихан  Бөкейханов  өзінің  қазақ 
халқының  тарихына,  болашағына  арналған  қызметінен  қол  үзбеді.  Мəсекеуге  үнемі  келіп  тұрған 
жақтастары,  пікірлестері  арқылы  Қазақстандағы  сол  мерзімдегі  жағдайға  қанық  болды.  Сталиндік 
тоталитарлық жүйенің  түп мəнін ұғына білді.   
“...  1932-1937  жылдары,-деп  жазады  Мəмбет  Қойгелдиев,-  Москвада  КСРО  халықтары    орталық 
баспасында  əдеби  қызметкер  болып  жүріп,  өз  елінің  рухани  өсуіне  елеулі  үлес  қоса  білді.  Осы 
жылдары оның қаламынан туған көптеген кітаптар, аудармалар, түрлі тақырыптарға жазылған мақа-
лалар  соның  айғағы.  ...  Əлихан    Нұрмұхамедұлына    берілген  мінездемеде  былай  деп  жазылды: 
“Орталық  баспада  жүргізілгенөзінің  ғылыми  жəне  əдеби    қызметі  кезінде  азамат  Ə.Н.Бөкейханов 
қазақтардың  тілін,  шаруашылығын жəне  тұрмысын  өте  терең  білетіндігімен  қатар    өзіне жүктелген  
міндеттерге үлкен адамгершілікпен қарайтындығын танытты.” ... Əлихан  Нұрмұхамедұлы  мен оның 
серіктестері    өмір  сүрген    дəуірде    қазақ  қоғамы  алдында  тұрған  ең  өзекті  мəселе-  ұлттық  теңдік, 
саяси бостандық еді”[4.36, 40]. 
Қазақ  халқының  азаттығы  жолындағы  табанды  күрескер  1937  жылы  ешқандай  жазықсыз  халық 
жауы  деген  айып  тағылып,  атылды.  Алайда  өмірінің  соңына  дейін  Əлихан  Бөкейхановтың    барлық 
ойы,  арманы  мен  мақсаты  туған  халқын  еркіндікке,  бостандыққа  жеткізу,  тарихи  қазақ  жерінде 
халқының Тəуелсіз, Мəңгілік Елін  орнату болғандығы айғақ. Қорыта айтқанда: 
-  Əлихан  Бөкейханов  өзінің  барша  ғұмыры  мен  атқарған  саяси,  ұйымдастырушылық  жұмысы  
арқылы  туған  халқының  еркіндігі,  болашағын  арналған  күресті  іске  асырудың,  дербес  мемлекетін 
құрудың  жолын дұрыс көрсете білген алғашқы  ұлттық қайраткер болды; 
-  Бұл  мақсатты  жүзеге  асыру  жолындағы  халқымыздың  тарихындағы  тұңғыш  бұқаралық  саяси 
партия құрып, оның демократиялық тұрғыдағы іс-қимыл бағдарламасын жасады; 
-  Алаш  партиясының  алға  қойған  жоспары  мен  оны  шындыққа  айналдырудағы  қызметі  сол 
мерзімдегі  халқының  болашағы  ойландырған  жаңашыл,  оқыған  ұлттық  зиялы  тобынан,  бүкіл  қазақ 
қоғамынан қолдау тапты; 

Абай атындағы  аз ПУ-ні  Хабаршысы, «Тарих жəне саяси-əлеуметтік ғылымдар» сериясы, №3 (50), 2016 ж. 
285 
-  Əлихан  Бөкейхановтың  жəне  Алаш  партиясының  жұртына  азаттық  əперуге  арналған  қызметі 
Ресейдегі,  тіпті  шет  елдердегі  саяси  ұйымдарға,  қозғалыстарға  белгілі  болды,  онымен  санасулары,  
белгілі кезеңдерде қолдаулары іске асырылды (атап айтқанда лениндік большевиктер партиясы); 
- сталиндік биліктің Алаш жетекшілерін, əсіресе Ə.Бөкейхановты үнемі бақылауда ұстап, соңында 
жазалауға  ұшыратуы  олардың  тоталитарлық,  жеке  басқа  табыну  саясатына  нақты  тоқсауыл  қоятын 
күш екендігін мойындауынан болды; 
-  Өміріне  төнген  қатерлерге,  кездескен  қиындықтарға  қарамастан  алдына  қойған  мақсатына 
жетудегі  табандылығы,  қайраты,  қажырлылығы,  талабы  мен  сенімі,  іскерлігі  оны  бір  сəтте  алға 
қойған мұратынан бас тарттыра алмады; 
Осылар  арқылы  ол  халқының  ХХ  ғасырдың  басындағы  азаттық  қозғалысының  ұлы  күрескері, 
бағыттаушысы  дəрежесіне  көтерілді.  Бүгінгі  күні  оның  есімі  мен  ісін  ата-жұртында  тұрақты  да 
қуатты  мемлекет,  жасампаз  ұл  болуға  ниет  еткен  халқымызға,  келешек  ұрпағымызға  насихаттау, 
өмірінен өнеге алу ісін ұйымдастыру аса қажеттілікке айналып отыр. Сондықтан да Елбасы Н.Ə.На-
зарбаевтың:  “Бабалардың  ерлігі,  бүгінгі  буынның  ерен  істері  жəне  жас  ұрпақтың  жасампаздығы 
арасында сабақтастық болса ғана біз “Мəңгілік Ел боламыз”[15]- деген сөзі Əлихан Бөкейхановтың 
ұлы тұлғасын уақыт өткен сайын сомдай түсудің келелігін көрсетеді демекпіз. 
 
1  Р Президенті м@рағаты, <ор 718, тіркеме 1, іс 114а пп.2 сырты 3, 3 сырты 
2 Назарбаев Н.?. Тарих тол<ынында.-Алматы: Атам@ра, 2003, 156-157 бб 
3 “Алаш Орда:  аза< мемлекеттігіні  <алыптасуы жəне <азіргі заман” Халы<аралы< ғылыми-тəжірибелік  
конференция материалдары.12-13 жэелто<сан 2013 жыл, 242 б.. 
4 БAкейханов ?.  Шығармалар.-Алматы:  аза<стан, 1994, 384 б.  

аза<  газеті.  1913  жыл/Редакциясын  бас<арған  Ғ.  Халидуллин,  @раст.:  С.О.Смағ@лова,  Ғ. .?нес, 
Т.А.Замзаева.-Алматы: “Арыс” баспасы, 2009.-480 бет.     
6 15 лет Казахской АССР 1920-1935 гг. .-Алма-Ата-М.Казахское краевое издательство. 1935, с.15  
7 ?лихан БAкейхан. Та дамалы, избранное.  аза< энциклопедиясы Бас редакциясы., Алматы, 1995, 414 б   
8 ООТМ.  ор 1617, тір1,  іс 30. п.2 
9 М@стафа Шо<ай. Та дамалы шығармалар: Cш томды<. 2-т.-Алматы: “ айнар” баспасы.-2007, 90 б  
10  Р Президенті м@рағаты, <ор 718, тіркеме 1, іс 114а, п.6 сырты 
11 ?лихан БAкейхан. Шығармаларыны  9 томды<  толы< жинағы. MІІ том (1917-1924), Астана, 2013,520 б. 
12  ТОМ (ГАОР), <ор 5, тіркеме 1,  байлама 1, іс 36 п. 10 
13  Р Президенті м@рағаты, <ор 718, тіркеме 1, іс 114а, пп. 1, 1 арты 
14  Р Президенті м@рағаты, <ор 139, тіркеме 1, іс 550, пп.28,29 
15  аза<стан Республикасыны  Президенті Н.?. Назарбаевты    аза<стан хал<ына Жолдауы. 2012 
жылғы 14 желто<сан. “ аза<стан 2050”Стратегиясы  <алыптас<ан мемлекетті   жа а саяси бағыты, 55 б.  

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   50




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет