Хабаршы тарих жəне саяси-əлеуметтік



Pdf көрінісі
бет47/50
Дата06.03.2017
өлшемі3,91 Mb.
#8501
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   50

 
Резюме 
особенности система образовании в империи Карла Великого 
Бултынбаева А.К–магистрант 2 курса 
(г. Алматы. Казахский государственный женский педагогический университет) 
Один  из  самых  могучих  королей  средневековья Карл  Великий правил  Франкским  королевством  в  768-814 
гг.  Прозвище«Великий»  Карл  заслужил  у  историков  прежде  всего  за  то  что  возглавил  53  крупных  военных 
похода, в которых почти не знал поражений. Его заслуга заключается в том, что он создал могучую империю, 
принимал новые, сравнительно прогрессивные законы. О нем сложены легенды, сказания и песни. Даже слово 
«король»  происходит  от  его  имени.Карл  Великий  ввел  новую  систему  образование.    789  г.  он  издал  закон  об 
открытии  публичных  школ.  По  этому  закону  школы  создавались  при  церкви,  и  священники  обязаны  были 
бесплатно обучать грамоте детей простонародья. Школа была и при дворе Карла.   
Ключевые словаВеликий, король, академия, философия, монах, школа, каролинг, граматика, империя. 
 
Summary 
Features of the education system the empire of Charlemagne 
Bultyngbaeva А.К– 2
nd 
year Master 
(Kazakh State Women`s Teacher Training University) 
One  of  the  most  powerful  kings  of  the  Middle  Ages  Charlemagne  rules  Frankish  kingdom  in  768-814  years. 
Nicknamed «The Great» Karl earned historians primarily what led the 53 large-scale military campaign in which almost 
did not know defeat. Its merit lies in the fact that he created a mighty empire, took a new, relatively progressive laws. 
On  it  are  legends,  stories  and  songs.  Even  the  word  "king"  comes  from  his  name.  Charlemagne  introduced  a  new 
education system. 789, he issued a law on the opening of public schools. Under this law, the school set up by the church 
and the priests had to learn to read free of the common children. The school was at the court of Charlemagne. 
KeywordsGreat, King, academy, philosophy, monk, school, Carolingian, grammar, empire. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Абай атындағы  аз ПУ-ні  Хабаршысы, «Тарих жəне саяси-əлеуметтік ғылымдар» сериясы, №3 (50), 2016 ж. 
299 
УДК: 930 (81'36) 
 
 
НЫҒМЕТ САУРАНБАЕВ ЖАЙЫНДАҒЫ ОТАНДЫҚ  
ҒАЛЫМДАРДЫҢ ЗЕРТТЕУЛЕРІ 
 
Данабаева А. Абай атындағы  аз ПУ 6М011400-тарих мамандығыны  1 курс магистранты 
erasyl_ainura@mail.ru  
Ғылыми жетекші: Далаева Тенлик Т. – т.ғ.к., доцент, ак.Т.С.Сады<ов ат.  аза<стан тарихы 
кафедрасыны  доценты, tenliktd@mail.ru  
 
Мақалада қазақ  тіл  білімінің дамуына орасан зор үлес қосқан Нығмет Тінəліұлы  Сауранбаевтың өмірі мен 
еңбектері жайында қалам тартқан зерттеушілердің жұмыстары сараланады. Отандық ғалымдардың еңбектеріне 
жасалған тарихнамалық шолу екі кезеңге бөліп қарастырылған. Кеңестік кезеңде жəне еліміз тəуелсіз алғаннан 
кейінгі  тұста  жазылған  жұмыстар  хронологиялық  тұрғыда  жүйеленіп,  əр  еңбек  жекеше  қарастырылады.  Өзге 
ғалымдардың  академик  Нығмет  Сауранбаевтың  еңбектеріне  берген  бағасынның  жүйелілігі  талданған. 
Жұмыстың  қорытындысы  ретінде  Н.Сауранбаевтың  ғылымға  қосқан  үлесі  мен  ғылыми  мұрасы  талдауға 
алынады. 
Түйін  сөздер:  академик,  қазақ  тіл  білім  институты,  Ғылым  Академиясы,  филология,  түркология,  ұстаз-
ғалым, зерттеу еңбектері, қазақ тілі. 
 
Еліміздің  азаматтарын  рухтандырып,  тіл  мəселесін  алға  қойып,  оны  дамыту  үшін  сүбелі  үлес 
қосқан  ғұламаларымыз  аз  болмады.  Тіл  мəселесін  өзінің  материалдық-моральдық  қажеттілігінен 
жоғары қойған тарланбоздарымызды əрдайым жоғары бағалауымыз қажет. Осы орайда, ұлт жанашы-
ры ретінде Қазақстандағы тіл білімінің негізін қалаушылардың бірі Нығмет Тінəліұлы Сауранбаевты 
өмірі мен ғылыми мұрасын тарихи тұрғыдан зерттеуде өзекті деп білеміз.   
 
 
Қазіргі  таңда,  елімізде  Нығмет  Сауранбаевтың  өмірі,  қызметі  жəне  ғылыми  шығармашылығына 
байланысты жазылған бірқатар еңбектер кездеседі. Оларды кеңестік кезеңде жəне тəуелсіздік алған-
нан кейінгі кезеңде даярланған жазбалар деп бөліп қарастыруға болады. Бұл ретте, оқырманға акаде-
мик  Н.Сауранбаевтың  шығармашылық  өрлеу  кезінде  жазған  еңбектерінің  ғылым  саласында  өз 
алдына  қымбат  қазына  болып  табылатынын  ескерте  кеткен  жөн.  Ұстаз  ғалымның  туындыларының 
көп бөлігі, көзі тірі кезінде, яғни 1930-50 жылдары жарық көрген. Алайда, кейбір еңбектері жария-
ланбай, қолжазба күйінде сақталып қалған мұралары жинақталып, кейінгі кезеңдерде оқулық немесе 
жинақ ретінде қолданысқа енген [1,186]. 
 
 
 
 
Академик  Сауранбаевтың  тұлға  ретіндегі  зерттелу  деңгейіне келер  болсақ,  бұл  мəселе  жоғарыда 
атап өтілгендей екі кезеңге бөліп қарастырылады. Бұлай бөлудің негізгі себебі, екі кезеңдегі зерттелу 
деңгейлерінің  əртүрлілігі.  Яғни,  заман  талабына  сай  ғалым  еңбегіне  деген  көзқарастардың  өзгеруі 
мен қажеттіліктің артуы үлкен рөл атқарады, сондықтан зерттеу жұмыстарын кезеңдеу тарихнамалық 
шолуға жүйелілік береді. Мəселен, кеңестік кезеңде жазылған еңбектерде гуманитарлық ғылымдар-
дың дамуы аясында Нығмет Сауранбаевтың еңбектері қарастырылады. Демек, басымдылық ғылым-
ның  жалпы  дамуына  беріледі.  Мысал  келтірер  болсақ,  қазақ  тіл  білімінің  1950  жылдығына  орай 
жазылған еңбектерде Н.Сауранбаевтың есімі алғаш қазақ елінде тіл білімі ғылымының негізін салу-
шы ғалым ретінде атап өтіледі [3]. Осы еңбектерде Нығмет Тінəліұлының Тіл білімі институтының 
дамуына қосқан үлесі мен өмірі жайлы анықтамалық типтегі ақпараттар беріледі.   
 
Онда ғалымның еңбектеріне қатысты кеңестік кезеңде жазылған əдебиеттер қоғамның-ғылымның 
дамуы арқылы тұлғаға сипаттама береді. Ал, тəуелсіздік алғаннан бергі уақытта жазылған еңбектерде 
қарама-қайшылықтарда да кездеседі. Яғни, тұлға арқылы қоғамды зерттейді, мұндағы қолданылатын 
əдістерде  екі  түрлі  болады.  Əрине,  зерттеулерді  жүргізу  əдістерінің  түрлі  болуына  үкіметтің 
ұстанатын саясаты да өз əсерін бермей қоймады. 
Нығмет  Сауранбаев  жайында  алғаш  қалам  тартушылар  ретінде  Е.Жұбанов  [2],  С.Омарбеков  [3], 
А.Қайдаров  [5],  І.Кеңесбаев  [4]  жəне  Ə.Құрышжанов  [5]  сынды  ғалымдарды  атап  өтуге  болады.  
Мұнда, академиктің 60 жəне 70 жылдық мерейтойларына арналған мақалалар мен қатар көлемді кітап 
жарық көрген.  Одан  кейінгі  зерттеулерді  талдауға  алар  болсақ,  алғашқы  көлемді  еңбектердің  бірі 
Құрышжановтың  1974 жылы  жарияланған  «Академик  Н.Т.Сауранбаев»  атты  кітабының  орны  ерек-
ше. Мəселен, мұнда ғалым ұстаздың өмірі мен ғылыми, педагогикалық жəне қоғамдық қызметі тура-
лы  жазылған.  Жеке  тұлға  жайлы  жазылған  шығарма  болғандықтан, еңбекте  тың  мəліметтер көптеп 

Вестник КазНПУ имени Абая, серия «Исторические и социально-политические науки», №3 (50), 2016 г. 
300 
кездеседі.  Автор  /з  е-бегінде  ғалымның  өмірі  мен  қызметіне  қысқаша  тоқталып  өтіп,  ғылыми 
мұраларын талдауға алады. Сонымен қатар, қосымша библиографиялық көрсеткіштер мен əдебиеттер 
тізімі  жинақталған.  Мұнда  ғалымның  еңбектері  зерттеліп,  берілген  əдебиетте  көрінісін  тапқан.  Сол 
себепті,  филология  саласында  мол  ақпараттармен  қамтамасыз  ететін, құнды  дерек болып  табылады 
[1, 1-202]. 
 
)рышжановты-
 шығармасынан Нығмет Сауранбаевтың қоғамдық қызметте болсын, ғылымда 
болсын  орны  ерекше  тұлға  болғандығын  байқаймыз.  Ғалымның  ұстанған  этикалық  нормалары 
əрдайым  биік  тұратын,  үлкен  мəдениеттің  иесі  еді.  Жоғары  дəрежелі  эрудициялық  біліміне  ол 
жарасып  тұратын  деседі.  Орыстың  атақты  ғалымдары  И.И.Мещанинов,  Н.К.Дмитриев,  С.Е.Малов, 
Н.В.Юшманов  сияқты  дүниежүзілік  беделге  ие  болған  ғалымдармен  қоян-қолтық  араласып  бірге 
қызмет атқарады. Қатарына қадірлі, жүрген ортасында беделді, өзгелер сөзін құптайтын құрметті кісі 
еді [1,18]. – деп еңбекте сипаттайды.   
 
 
 
 
 
Нығмет  Сауранбаевтың  қазақ  тіл  біліміндегі  қалам  тартпаған  саласы  кемде-кем.  Соның  ішінде, 
ғалымның  тереңірек  зерттеп,  баса  назар  аударған  бөлімі  –  қазақ  тілінің  синтаксисі,  оның  ішінде 
құрмалас  сөйлемдер  жүйесі  болды.  Сонымен  қатар,  өзге  салаларда  да  қалам  тартып,  күні  бүгінге 
дейін  құнын  жоғалтпаған  еңбектерді  мұра  етіп  қалдырды.  Сондай-ақ,  ғалым  жас  буынға  арнап  əр 
алуан  оқулықтар  мен  сөздіктер  даярлаған.  Ұстаздың  мұндағы  мақсаты  –  қалың  жұртшылыққа  ана 
тілімізді  оқыту,  оқу-білімге  үйрету  арқылы  халықты  ағарту  ісі  болды  [1,190-191].  Кеңестік  кезеңде 
жазылған  бұл  кітаптың  негізіне  1960-70  жылдары  жазылған  мақалалар  мен  хаттар  пайдаланылған. 
Атап айтар болсақ, Қуандықов А., Жұбанов Е., Мырзабеков С., Омарбеков С., Кеңесбаев І. жəне өзге 
де  ғалымдардың  мақалалары  негіз  болды.  Мəселен,  Жұбановтың  «Нықаң  ауылына»  атты  өлеңі 
Н.Т.Сауранбаевтың 60 жылдық мерей тойына арнап салтанатты мəжілісте оқылған. Сол секілді, басқа 
да  жазбалар  академиктің  60  жыл  толуына  немесе  қазақ  тіл  білімінің  50  жылдығына  арнайы 
даярланған болатын.   
 
 
 
 
 
 
 
 
Əрине, кеңестік кезеңде жазылған еңбектердің басты құндылығы мен өзіне тəн ерекшелігі бар. Ол 
сол  кездегі  қазақ  тіл  білімінің  негізін  қаласқан,  Н.Сауранбаевпен  бірге  қызмет  атқарған 
замандастарының  немесе  шəкірті  атанған  ғалымдардың  жазбаларымен  өзгешеленеді.  Мəселен,  бұл 
тарихи шындыққа жəне академиктің өзіне бір табан жақындылықты білдіреді.  
 
 
 
Ал, тəуелсіздік алғаннан кейін, Н. Сауранбаев туралы жарық көрген еңбектер саны көбейе түскені 
байқалады.  Мұнда,  көлемді  мақалалар,  кітаптар  жəне  Нығмет  Сауранбаевтың  еңбектерінің  жинақ-
тамалары  мен  редакцияланған  оқулықтары  жариялана  бастайды.  Сонымен  қатар,  2010  жылы  фило-
лог-ғалымның 100 жылдық мерейтойына байланысты көптеген іс-шаралар өткізіледі. Олардың қата-
рына – Қордай аудан орталығына академиктің есімін беру, əр түрлі деңгейдегі конференциялар мен 
сынып  сағаттарын  өткізу  секілді  жұмыстар  жатқызылады  [10].  Сондай  іс-шаралардың  қатарында 
ретінде халықаралық ғылыми-теориялық конференцияны ерекше атап өткен жөн болар. Себебі, онда 
академик Сауранбаевтың жан-жақты қыры ашылып, еңбектері талдауға алынады. Осы конференция 
материалдары  негізінде  құралған  «Түркі  тілдерінің  грамматикасы:  қазіргі  ахуалы  мен  болашағы» 
атты  кітап  жарияланды.  Ал  2014  жылы  жарық  көрген  Ұлы  дала  тұлғалары:  «Нығмет  Тінəлұлы 
Сауранбаев» атты кітап жарық көрген [7]. 
Еліміздің тəуелсіздігін алуы көптеген тың мағлұматтардың ашылуымен қатар заман талабына сай, 
мəселенің  жан-жақты  қырынан  зерттелуіне  ықпал  етті.  Демек,  бұл  кезең  туындыларын  да  өзіндік 
құны  бар  еңбектер  ретінде  қарастырамыз.  Ендеше,  сондай  мақалалардың  бірін  талдауға  алсақ.  Ол 
Қ.И.Сəтбаевтың  немересі  Нұрлан  Жармағамбетовтың  «Сəтбаев  кезіндегі  ең  жас  академик»  атты 
мақаласы.  Тағы  бір  айта  кететін  жайт:  Н.Жармағамбетов  тілші-академик  Н.Сауранбаев  жайында 
деректі  фильмдер  даярлауға  өз  үлесін  қосқан.  Ғалым  өзінің  керемет  еңбексүйгіштігінің  арқасында, 
небəрі 31 жасында Кеңестер Одағы Ғылым Академиясының Қазақ филиалындағы – Тіл, əдебиет жəне 
тарих  иснтитутының  тұңғыш  директоры  болып  бекітілді.  Яғни,  республикадағы  гуманитарлық 
ғылымдардың  қалыптасып,  дамуының  негізін  салушы.  Ал,  1943  жылы  Мəскеуде  диссертациясын 
қорғап,  қазақ  тілі  мамандарының  арасынан  алғашқы  болып,  филология  ғылымдарының  докторы 
атағын алды. 1946 жылдың 1 маусымы Қазақ КСР Ғылым Академиясына мүшелікке сайланып, ең жас 
академик атанды [8].   
 
 
Нығмет  Сауранбаев  тек  ғылым  саласында  ғана  емес,  сонымен  қатар  ұстаздық  қызметпен  де 
айналысқан.  Ұстаз-ғалым  үшін  жастарға  білім  үйрету  құштарлықтарының  бірі  болған.  Ол  1938 
жылдан  бастап  өмірінің  соңына  дейін  КазГУ  (қазіргі  ҚазҰУ),  КазПИ  (қазіргі  ҚазҰПУ),  ЖенПИ 
(қазіргі  Қазақ  Мемлекеттік  Қыздар  Педагогикалық  Университеті)  секілді  оқу  орындарында  дəріс 
оқыған.  Ғалымнан  білім  алған  шəкірттерінің  бірі  –  Əбдуали  Қайдаров:  «Нығмет  Тінəліұлы  өте 

Абай атындағы  аз ПУ-ні  Хабаршысы, «Тарих жəне саяси-əлеуметтік ғылымдар» сериясы, №3 (50), 2016 ж. 
301 
байсалды  жəне  зиялы  ұстаз.  Өз  мамандығының  шебері,  сонымен  қатар  қарапайым,  мейрімді,  əрі 
ашық адам болатын. Жастығына қарамастан өмірлік тəжірибесі мол, көреген кісі еді» [8] – деп еске 
алады.  Сауранбаев  ұстаздық  қызметіне  көп  күш-жігер  жұмсайды.  Еңбегінің  жемісі  –  ғалымның 
жазған оқулықтары, жүргізілген зерттеу жұмыстары болады. Бүгінде, сол жасалған еңбек зая болмас-
тан,  томдық  жинақтар  болып  басылуда.  Мəселен,  осы  ретте  2000  жылы  жарық  көрген  Академик 
Н.Т.Сауранбаевтың  III-томдық  жинақ  кітабын  айтуға  болады.  Жинаққа  ғалымның  1938  жылдан 
бастап  жарияланған  ғылыми  зерттеу  еңбектері  мен  оқулық  кітаптарының  хронологиялық  тұрғыда 
реттелген нұсқасы енгізілген [9, 3].  Бұл  ретте,  ғалым  еңбегінің  кейінгі  ұрпаққа  жол  нұсқаушы, 
тұғыры  биік  туынды  екенін  байқаймыз.  Жалпы, Н.Сауранбаев  қазақ  халқының  мəдениетінің дамуы 
үшін  талмай  еңбек  еткен.  Оны  туркология  мен  қазақ  тіл  біліміне  ғылыми-теориялық  мəні  жағынан 
бағалы  үлес  қосқан  құнды  зерттеулері,  қазақтың  ұлы  ақын,  жыршыларына  арнаған  шығармалары, 
өскелең  ұрпаққа  қалдырған  оқулық-сөздіктері  куəландырады.  Осы  тұста,  Абай  Құнанбаевтың  100 
жылдық мерейтойына даярлап жазған шығармасы, Кенен мен Жамбыл аталарымызға арналған өлең 
жолдары  дəлел  бола  алады  [9,  384].  «Ғалымның  қазақ  тілі  дамуының  өзекті  мəселелерін  шешуде 
байқалатын  ғылыми-теориялық  өресі  -  күні  бүгінде  де,  жолбасшылық  бағытынан  төмендемей  келе 
жатқанын көреміз.  Өрбітілген  ой-пікірінің өміршеңдігі  мен  құндылығын  тіл  білімпаздары  əлі  күнге 
сезінуде» [6].    
 
Түйіндей  келгенде,  ғалымның  қазақ  тіл  білім  саласындағы  өшпес  ізі,  қалдырған  мұралары  əлі 
күнге  дейін  өз  құндылығын  жоймаған  мол  қазына  болып  табылады.  Ана  тілімізді  өркендетуде 
Нығмет Сауранбаев сыңды саңлақтарымыздың ғылымға қосқан үлесін ерекше айтқанымыз жөн. Ұлы 
дала  тұлғаларының  ұмытылмауы  үшін,  зор  еңбек  атқарып  жүрген  азамат  ғалымдарымызда  баршы-
лық. Оған дəліл ретінде, жоғарыда көрсетілген еңбектер мен авторларды келтіре аламыз. Осы жұмыс-
тардың  арқасында  ұлттық  құндылығымызды  арттыру  үшін  сүбелі  үлес  қосқан  бабаларымызды біле 
аламыз.  Əлбетте,  бұл  жас  буын  үшін  үлкен  мақтаныш  болып  табылады.  Сол  себепті,  бізге  мазұны 
терең мағлұматтарды жинақтап берген ғалымдарымызға алғысымызды білдіреміз.  
 
1  @рышжанов ?. Н.Т.Сауранбаев (Aмірі, <ызметі жəне   ғылыми м@расы    жайында)    /?.  @рышжанов. 
– Алматы: Ғылым, 1974. - 202б. 
2  Ж@банов  Е.  Ны<а   ауылына  /Е.Ж@банов  // ордай  шамшырағы  (Курдайский  маяк).  -1970.  -6  маусым.  -
№68(3351). -4 б. 
3 Омарбеков С. Майталман ғалым, мейірбан аға /С.Омарбеков //Е бек туы. -1970. -6 маусым. -№112(8045). 
-3б. 
4  Ке есбаев  І.К., 
@рышжанов  ?.  Азамат  ғалым  /І.К.Ке есбаев,  ?. @рышжанов  // азССР  Ғылым 
академиясыны  Хабаршысы. -1970. - №12 (308). -51-53 б. 
5  айдаров А. Нигмат Тналич Сауранбаев /А. айдаров //Советская тюркология. -1980. - № 4. -105-107 б. 
6  Айтбай@лы  =.  аза<  тіл  біліміні   тарланбозы  /=.Айтбай@лы  //Ана  тілі.  -2011.  -20-26  <а тар.  -  №  3 
(1048). 5 б. 
7  Нығмет  Тінəл@лы  Сауранбаев  /Жалпы  ред.  бас<.  филол.  ғыл.  докт.  проф.  М.Малба<ов.  –Алматы: 
Елтаным баспасы, 2014. -384 б. +4 жапсырма б. –( лы дала т@лғалары). 
8  Жармагамбетов  Н.  При  Сатпаеве  он  был  самым  молодым  академиком  /Н.Жармагамбетов 
//Казахстанская правда. -2000. -28 окт. – 6 б. 
9 Академик Нығмет Сауранбаевты  е бектері: III томды< /жауапты ред. Г.Смағ@лова. –Алматы: Кенже 
пресс, 2000. -400б. I том. 
10 ?лімжан  .  ордайдан шы<<ан а<иы< / .?лімжан //А< жол. -2010. -2 <араша. -4 б. 
 
Резюме 
Исследования отечественных ученых о Ныгмет Сауранбаеве 
Данабаева А. - магистрантка 1 курса по специальности 6МО11400 история, erasyl_ainura@mail.ru
 
 
Научный руководитель: Далаева Т. – к.и.н. доцент tenliktd@mail.ru  
В  данной  статье  рассматриваются  труды  о  жизни  и  творчестве  Ныгмет  Тналича  Сауранбаева,  который 
сделал  большой  вклад  в  исследование  грамматики  казахского  языка.  Историографический  обзор  трудов 
отечественных  ученых  представлен  в  двух  периодах.  Работы,  написанные  в  советский  период  и  после 
получения  независимости,  были  систематизированы  в  хронологическом  порядке,  каждый  труд  из  представ-
ленных  в  статье  был  рассмотрен  отдельно.  Представлена  характеристика  исследований  о  творчестве  Ныгмет 
Сауранбаева.  В  заключении  был  представлен  вклад  Ныгмета  Сауранбаева  в  науку  и  наследие,  оставленное 
будущему поколению. 
Ключевые  слова:  академик,  институт  языкознания,  Академия  Наук,  филология,  туркология,  учитель, 
исследовательские работы, казахский язык. 

Вестник КазНПУ имени Абая, серия «Исторические и социально-политические науки», №3 (50), 2016 г. 
302 
Summary 
Researches of local  scientists about Nygmet Sauranbayev 
Danabayeva A- 1th course master specialty of 6m011400 historyerasyl_ainura@mail.ru 
Scientific supervisor: Dalayeva T.T. – candidate of History science, ass. professor  tenliktd@mail.ru 
This  article  discusses  the  works  about  the  life  and  work  of  Nygmet  Tnalich  Sauranbaev,  who  made  a  great 
contribution to the research of grammar of the Kazakh language. Historical review works of local scientists represented 
in the two periods. Works written in the Soviet period and after independence were divided in chronological order, and 
each  work  has  been  reviewed  separately.  The  analysis  of  the  works  was  made  of  scientists  about  the  work  Nygmet 
Sauranbayev.  In  conclusion  it  was  presented  contributions  to  science  and  the  legacy  left  to  future  generations  of 
Nygmet Sauranbayev. 
Keywords:  academician,  Institute  of  linguistics,  Academy  of  Sciences,  philology,  turkology,  professor,  research 
works, kazakh language. 
 
 
УДК  74 (574) (09)  
 
ҚАЗАҚСТАНДА БЕЙНЕЛЕУ ӨНЕРІНІҢ ҚАЛЫПТАСУ ТАРИХЫНЫҢ 
КЕЙБІР МƏСЕЛЕЛЕРІ 
 
Жолдасбекова Қ.Е. – Абай атындағы  аз ПУ 6МО11400 - тарих мамандығыны   
2 курс магистранты, karakoz_91j@mail.ru 
 
Бұл  мақалада  Қазақстанда  сурет  салу  өнерінің  қалыптасу  тарихының  кейбір  мəселелері  баяндалады.  
Қазақстандағы сурет салу өнері қалай қалыптасқандығы мен алғашқы суреттер қалай пайда болғандығы жайлы, 
сонымен  қатар    қазақ  бейнелеу  өнеріне  үлесін  қосқан  суретшілердің  шығармашылығы,  олардың  Қазақстан 
Суретшілер  Одағының  құрамындағы  қызметі  туралы  айтылады.  Одақтың  нақты  құрылған  уақыты  туралы 
деректер келтіріледі. Суретшілер одағын құруға байланысты атқарылған жұмыстар, оны құрудағы мақсат, Одақ 
құрылғаннан  кейінгі  суретшілердің  жүйелі  түрде  өтетін  көрмелері  мен  съездернде  қарастырған  мəселелер 
баяндалды. Қиындықтарға қарамастан Қазақстан Суретшілер Одағының  суретшілердің басын біріктіріп, қазақ 
бейнелеу өнерінің дамуына зор үлес қосқандығы баяндалады. 
Түйін сөздер: сурет салу, қазақ бейнелеу өнері, суретшілер одағы, суретшілер, мүсіншілер. 
 
Қазіргі таңда Қазақстан тəуелсіз ел ретінде дамудың жаңа жолына түскені белгілі. Биыл еліміздің 
тəуелсіздігінң 25 жылдығы аталып өтуде. Осы өткен уақыт аралығында халқымыздың рухани сала-
сында  да  көптеген  шаралар  атқарылды.  Тарихымыздың  талай  ақтаңдақ  беттері  анықталып,  бүгінгі 
күнгі  қоғамдық  сұраныстарға  лайық  қайта  жазылуда.  Сонымен  қатар,  ұлттық  мəдениетіміздің  де 
көптеген  мəселелері,  оның  ішінде  бейнелеу  өнері  қатысты  кейбір  мəселелер  де  қайта  қорытылып 
жатқаны белгілі. Осы тұрғыдан алғанда елімізде бейнелеу өнерінің қалыптасуы, осы саланың кəсіби 
мамандарын  біріктіретін  шығармашылық  ұйымның  тарихын  бүгінгі  таңдағы  сұраныстарға  сай 
зерделеу өзекті деп ойлаймыз.  
Қазақстан суретшілер одағының қалыптасу тарихы туралы мəселені қарастыруда қазақ бейнелеу 
өнерімен  сабақтастыра  қарастырғанымыз  жөн.  Қазақстан  суретшілер  одағының  құрылу  тарихына 
тоқтамас  бұрын  қазақ  жеріне  алғаш  суретшілердің  келуі  туралы  айтып  кетуді  жөн  көріп  отырмын.  
Қазақ даласында бейнелеу, сурет өнерінің пайда болуы патшалық Ресейден түрлі мақсаттарда келген 
орыс суретшілерімен байланысты. Бұл жағдай əрине Қазақстан Ресейге қосылған тұста орын алды.  
Еліміздің табиғи қазба байлықтары, жер суы қашанда патшалық Ресейді қызықтырып келді. І Петр 
патша  Қазақстанды  оңтүстік,  Оңтүстік  Азияға  кіретін  "қақпа  мен  кілт"  [1]  деп  айтты.  Міне  осы 
мақсатта табиғи байлықтарымызбен қоса халқымыздың салт дəстүрі мен тұрмыс тіршілігін зерттеуге 
арнайы  экспедициялар  ұйымдастырылып    1664  суретші  қазақ  жеріне  аяқ  басты.  Олар  Еуропа  мен 
Ресейде арнайы білім алғандар болатын. 
Суретшілер өз қызығушылығымен келді десекте, басым көпшілігі арнайы тапсырмамен келгенде-
рі де болған. Мысалға алатын болсақ, ағылшын суретшісі Джонь Кестельмен академиялық суреттер 
салушы  Петр  Григорьев  ғылыми  экспедициялармен,  Андрей  Горонович  мемлекеттік  қызметке, 
Асилий  Штернберг  қонаққа  келді,  Тарасс  Шевченко  мен  Бронислав  Залесский  айдауда  болды, 
Василий Веращагин əскери жорыққа қатысты, В. Белослюдов пен Г.Гуркиндер қазақ өнеріне қатысты 
қызықты этнографиялық  материалдар жинады. 
 

Абай атындағы  аз ПУ-ні  Хабаршысы, «Тарих жəне саяси-əлеуметтік ғылымдар» сериясы, №3 (50), 2016 ж. 
303 
Мемлекеттік  кеңесші  И.К.Кирилловтың  1734  жылғы  Орынбор  экспедициясына  қатысқан  ағыл-
шын суретшісі Джон Кестельдің жұмыстарын бізге жеткен алғашқы суреттер қатарына жатқызамыз. 
Оның  суреттерінде  далалықтардың  кимдерінің  ерекшеліктерін,  əскери  қару  жарақтарын,  дала 
табиғатын  бүгінгі күнге дейін жеткізген.  Олардың  ішінде  құмалақ  ашу,  қонақ күту  сахналары,  көш 
көріністері, көлден өту эпизодтары  бар. 
Жоғарыда  айтып  өткеніміздей  суретшілер  əр  түрлі  мақсатта  келді.  Олардың  шығармаларынан 
қазақ халқының əлеуметтік өмірімен қазақ даласының табиғатына деген қызығушылықтарын байқа-
уымызға болады. Əскери қызметпен келген суретшілердің бірі В.И.Штеренберг Қазақстанда алты ай 
болып  шығармашылығында  үлкен  той  томалақ,  күнделікті  тіршілік  кездеріндегі  халық  өмірін 
сипаттаған. Оның  қазақ даласынан алған əсерін В.И.Вороновичке жазған хатында:  "Это было самая 
приятная, самая интересная поездка в моей жизни", - деп ерекше əсермен баяндайды [1,38б]. Штерен-
бергтің жұмыстарынан халықтың көшпелі өмір салтының ерекшеліктері, тұрмыс көріністері, күнде-
лікті өмірін мұқият бақылағаны байқалады. 
Қазақ  халқының  тұрмыс  тіршілігін,  қоғамдық  өмірін  бейнелейтін    суретшілер  қатарында 
П.Кузнецов, В.Верщагин, Т.Г. Шевченко, А.Н. Горонович жəне Н.Хлудов болды.   
Қазақстан  əр  түрлі  ұлттардан  шыққан    суретшілердің  екінші  отаны    тəрізді  болды.  Дегенменде, 
қазақ бейнелеу өнері үшін орны ерекше суретшілерде болды. Н.Хлудов шығармашылығынан қазаққа 
берілгендігі, нəзіктігімен тұрақтылығы, ақкөңіл тазалығы, адами жанашырлығы байқалып тұрады [1]. 
Қазақ  бейнелеу  өнерінің  қалыптасып  дамуы  өте  күрделі  болды.  Осы  өнердің  дамуына  қазақтан 
шыққан  тұңғыш  суретші  этногроф-ғалым  Ш.Уəлиханов  үлкен  үлес  қосты.  Оның  сурет  өнерінен 
арнайы білімі болмасада, оның шығармалары кəсіби суретшілердің суреттерінен кем емес. Ол негізі-
нен  портрет,  пейзаж  жəне  халықтың  тұрмыс-салтын  бейнелеу  жанрымен  айналысқан.  Адамның 
мінез-құлқын  дөп  басып  береалатын  психолог  болған.    Шоқаннан  бізге  мұра  болып  қалған  150-ге 
жуық  суреті  бар.  Шоқанның  суреттерінің  көпшілігі  ХІХ  ғасырдың  60-шы  жылдары  «Всемирная 
иллюстрация»,  «Искра»,  «Русский  художественный  лист»  сияқты  беделді  басылымдарда  жариялан-
ған. Шоқанның «Тезек төре»,  «Потанин», “Қазақтың бейнесі”, “Қырғыздардың ат баптауы”, “Ұйғыр-
лардың  киім  киісі”  т.б.  жұмыстарынан  кəсіби  суретші  екенін  байқалады.    Шоқанның  шығармала-
рынан əлемге əйгілі суретшілер Леонардо да Винчи, Рафаэль Сантидің туындыларындағы əдіс тəсіл-
дер байқалады. Əсіресе, оның долбар суреттері Леонардо да Винчидің эскиз суреттеріне өте ұқсай-
тындығы  айтылып  жүр.  Шоқанның  шоқтығы  биік  жұмыстарының  бірі  –   осы  долбар  суреттері. 
Соның  бірі  –  «1856  жылы  Құлжада  қытай  жайсаңдарын  қабылдауымыз»  атты  топтама  портреттік 
шығарма. 
Ш.Уəлиханов  талғамы  биік,  сезімтал,  шебер  суретші  болған.  Қазақ  бейнелеу  өнерінің  графика, 
кескіндеме саласында да Ш.Уəлиханов жоғары шеберлікке жеткеніне оның шығармалары дəлел бола 
алады. Сонымен қатар, ол өз шеберілігімен орыстың атақты суретшілерінің қатарынан орын алды [2]. 
Хлудов  1850  жылы  Орлов  губерниясында  туылып,  ал  1879  жылы  Жетісу  облысының  орталығы 
Верный қаласына келіп, өмірі мен шығармашылығын осы өлкемен байланыстырады. Оның жергілікті 
халықтың  өміріне  арнаған  жұмыстары:"Өгізге  мінген  бала",  "Даладағы  малшы  бала",  "Жасауыл", 
"Киіз үйде", "Түнгі барымта", "Қыста қалаға бару", "Қаралы көш", "Бие сауу", "Қой сауу", "Түйемен 
жер жырту", "Бəйге" суреттері халқымыздың  қоғамдық-əлеуметтік өмірінің əр қырларын бейнелейді 
[1,51б]. 
Алматыдағы  орталық  музейде  жұмыс  істеген  Домбровский  Хлудов  жайлы:  "...он  рисовал  не 
только степи и горы, но и ту степень изумления и восторга, которые ощущает каждый, кто первый 
раз  попадает  в  этот  необычный  край  ....именно  поэтому  каждое  его  полотно  ликует  и  смеется  от 
радости... ", "Я люблю Хлудова за свежость, за радость, за полноту жизни, за красоту событий, кото-
рые  он  увидел  и  перенес  на  холст.  Я  люблю  его за  солнце, каторое  так  и бьет  на  меня  со  всех  его 
картин.  Или  яснее  и  проще:  я  люблю  и  понимаю  его  так,  как  дети  любят  и  помимают  огромные 
литографии на стене, чудесные поздравительные открытки, блестящие переводные картинки, детские 
книги с яркими лакированными обложками..."  - деп жазды [3, 36-43б.б]. 
Хлудов  қазақ  кəсіби  бейнелеу  өнерінің  дамуына  үлкен  үлес  қосып,  1920  жылы    жеке  бейнелеу 
студиясын  ашты.  Осы  студияда  сабақ  бергенде  арнайы  сурет  мектебінде  оқымаған  Ə.Қастеевке 
қамқорлық жасап, Əбілханға сурет салу əліппесін үйретті  [4]. ХХ ғасырда Хлудовтың қазақ өнеріне 
қосқан шығармашылығының маңызы өте зор болды.  
Қазақстан Суретшілер Одағының құрылуына ең алғаш жасалған қадам 1920 жылы ашылған қазақ 
бейнелеу өнерінің кəсіпқой суретшілерін даярлайтын студия. Онда Н.Г. Хлудов, Н.Антонов, А.С.По-
номарев сабақ берді. Суретшілер кескіндеме мен графиканың кəсіптік шеберлігін меңгерді. Сонымен 

Вестник КазНПУ имени Абая, серия «Исторические и социально-политические науки», №3 (50), 2016 г. 
304 
қатар, кəсіби суретшілердің қалыптасуына сол кездегі одақтас республикалардағы танымал шеберлер  
Б.В.Иогансон, А.А.Дейнека, С.В. Герасимов, А.А.Пластовтың сіңірген еңбектері мол  [5]. 
Қазақстан суретшілер одағы алғашқы кəсіби өнертанушылар мен суретшілердің басын біріктірген 
одақтың  бірі  болды.  Алматыда  тұратын  суретшілер  1929  жылы  суретшілердің  басын  біріктіріп, 
Революциялық  Ресей  Суретшілерінің  Ассоцациясы  филияалын  «бұқара  қауымға  көркем  қызмет 
көрсету  жəне  тəлім-тəрбие  беру»  мақсатында  құруды  ұсынды.  Осыдан  кейін  қазақстан  Суретшілер 
одағын құруға даярлық жұмыстары басталды. 1933 жылы Одақтың ұйымдастыру комитеті құрылды. 
Бұл  одақ  Қазақстанда  жұмыс  істейтін  суретшілерді  тіркеу,  суретшілердің  шығармашылығын  бір 
ортаға шоғырландыру мен жүйелеу, көрмелер ұйымдастыру жəне т.б. жұмыстар атқарды. Сонымен 
қатар, тапсырыстар бойынша өнер туындыларын орындайтын кооператив «Қазақ суретшісі»  жұмыс 
істеді. Ұйымдастыру комитетінің бастамасымен Қазақстанда алғаш рет 1930 жылдың соңында өнер 
мектебі мен өнер галереясы ашылды. Ал Қазақ Суретшілер Одағының негізі 1933 жылы қаланды.  
Ұйымдастыру  Комитеті  Төрағасының  міндеттерін  уақытша  атқарушы  В.Сладков  Қазақ  Кеңес 
Социалистік Республикасы Халық Комиссарлары Кеңесінің өнер ісі жөніндегі басқармасы бастығына 
1938 жылы жазған: «... оның туылу тарихына тоқталып кету қажет: нақты белгілеп беру мүмкін емес, 
бірақ, Қазақ Кеңес Суретшілер Одағы Ұйымдастырушылық Комитетінің алғашқы ұйымы 1932 жылға 
жатады,  1933 жылдан  еш  кеш  емес.  Себебі,  ҚКСО  мұрағатында  осы  жылмен  белгіленген  құжаттар 
ұшырасады (егер сол кезден сақталып қалған қағаз тіліктерін мұрағат құжаттары деп айтуға болатын 
болса)» [6] деп көрсетеді. 
Одақтың  құрылған  жылы  туралы  суретші  И.И.Савельев:  «1933  жылы  Қазақ  Өлке  Комитетінің 
бірінші хатшысы Мирзоян жолдастың бастамасымен Қазақстан Кеңес Суретшілері Одағының ұйым-
дастыру  бюросы  құрылды,  оның  артынша  «Қазақ  суретшісі»  кооперативі  пайда  болды»  [7]  деп 
жазады.  
1940  жылы  26  маусымда  Мəскеуде    Қазақстан  суретшілер  одағының  ең  алғашқы  республикалық 
съезі    өтеді.  Съезде  Суретшілер  одағының  Жарғысы  талқыланып  бекітіледі.  В.Сладков  өзінің  есеп 
беру баяндамасында 1940 жылы ҚКСО Бірінші съездінде жаңа ұйымның құрылған жылын ғана емес, 
айын  да  көрсетіп:  «Қазақ  Кеңес  Социалистік  Республикасы  Үкіметі  мен  Партиясының  шешімімен 
1933 жылғы шілдеде ҚКСО Ұйымдастырушылық комитеті құрылды. Оның қызметіне Қазақстанның 
суретшілерінің  барлығын  анықтап,  бастарын  біріктіру,  Одақты  ресми  бекіту  мақсатында  суретші-
лердің Бірінші съездін өткізу» [8] туралы шешім қабылданғанын атап айтады. 
ҚКСО-ның мүшесі суретші Ф.Болкоев, өзінің түрлі баяндамалары мен есеп берулерінде аталмыш 
одақтың құрылған уақытын екі рет нақты 1933 жылғы шілде деп көрсетеді. Ол 1933 жылғы қараша 
жəне  1936  жылғы  желтоқсан  айлары  арасындағы  атқарған  жұмысы  жайлы  өзінің  баяндамасында: 
«ҚКСО  Ұйымдастыру  комитеті  1933  жылғы  шілдеде  партияның  өлкелік  комитетінің  нұсқаулық-
тарымен құрылған еді» [9] дейді. Ал Қазақстан Кеңестік Суретшілер Одағының V съезінде сөйлеген 
сөзінің  стенограммасында  А.Исмаилов  1933  жылғы  11  шілдеден  қыркүйекке  дейін  Ұйымдастыру 
комитетінің  Төрағасы  болғанын,  сосын  қыркүйекте  оның  орнына  Ф.Болкоевтың  келгенін  айтады. 
Соған  қарағанда  Қазақстан  Суретшілер  одағының  алғашқы  төрағасы  А.Исмаилов  болған  сияқты. 
Одан кейінгі  Суретшілер одағының Төрағалығы қызметін кімдер қай жылдары атқарғанын төмендегі 
кестеден көруге болады:  
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   50




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет