№
Аты-жөні
Туылған
жылдары
ҚКСО төреғалығы
қызметін атқарған
жылдар
1
Исмаилов Əбубəкір
1913-1988
1933
2
Болкоев Федор Иванович
1905-1965
1933-1936
3
Джанкин М.М
1936-1937
4
Мартынов Григорий Семенович
1893-
1937-1938
5
Сладков Владимир Николаевич
1939
1938-1940
6
Брылов Георгий Александрович
1898-1945
1940-1943
7
Левин М.З.
1895-1946
1943-1945
8
Белов Михаил Александрович
1900-
1945-1948
9
Баранов Константин Яковлевич
1910-1985
1949-1951
10
Наурзбаев Хакімжан Исмаханұлы
1925
1951-1954
11
Қастеев Əбілхан
1904-1973
1954-1956
Абай атындағы аз ПУ-ні Хабаршысы, «Тарих жəне саяси-əлеуметтік ғылымдар» сериясы, №3 (50), 2016 ж.
305
12
Мамбеев Сабыр Абдурасулұлы
1928
1956-1959, 1959-
1962, 1968-1982
13
Гаев Николай Степанович
1921-2001
1962-1965
14
Телжанов Қанапия Темирболатович
1927
1965-1968
15
Ниязбеков Шəкен Онласынұлы
1938
1982-1986
16
Хайдаров Амен Абжанұлы
1923
1986-1987
17
Мергенов Еркін Тілекұлы
1940
1987-1993,
1998-2009
18
Өмірбеков Байтұрсын Есжанұлы
1946
2009-2016
19
Жұбаниязов Өмірбек Орынбасарұлы
1964
2016
Қазақстан Суретшілер одағының алғашқы мүшелері: Əбілхан Қастеев Николай Крутильников,
Алексей Бортников, Александр Пономарев, Əубəкір Ысмайылов, Валентин Антощенко-Оленов жəне
басқалар болды.
Қазақстан Суретшілер Одағының ұйымдастыруымен суретшілердің алғашқы көрмесі 1933 жылы
өткізілді. «Казахстанская правда» газетінің «Хабарландыру» айдарында «Қазақстан суретшілерінің
социалистік құрылыс үшін күресі» атты көрмеге кəсіби суретшілер, сурет салу сабағының мұғалім-
дері, өздігінен сурет салушылар шақырылды. Бұл хабарландырудың астына алғаш рет Қазақстан
Кеңес Суретшілер Одағының ұйымдастырушылық комитеті деген қол қойылған [7 ].
Көрмеге жаңа туындылармен қатар түрлі мұражайлар мен кеңселердегі туындылар қойылған.
Семей облысынан 130-дан аса экспоноттар алып келінген. Оның көпшілігі өз бетінше салынған
туындылар. Алғашқы көрмені ұйымдастыру барысында қиыншылықтар көп болғаны байқалады.
Көрмеге бастапқыда берілген қалалық кітапхананың ахуалы тым нашар, жарық аз түсетін, орындары
жетіспейтін, бөлмелері тар болды. Кейіннен көрме өткізуге кітапхана директоры қарсы болып, көрме
мұражай залында өткізілетін болған. Көрменің өтуіне белсене қатысқан суретшілер: А.Исмаилов,
Ф.И.Болкоев, А.М.Зотиков, Н.И. Крутильников, Н.Никешин, В.И.Оленев-Антощенко, А.А.Риттих,
Н.Д.Тимофеев, Ф.А.Чернышев, т.б. [10].
1934 жылы Мəскеудегі Шығыс мəдениетінің мемлекеттік мұражайында қазақ суретшілерінің
тұңғыш көрмесі ұйымдастырылып, бір жыл өткен соң Алматыда Қазақ мемлекеттік көркемсурет
галереясы ашылады. Бұл суретшілердің шығармашылығын шыңдауға үлкен жол ашты. Кəсіби
суретшілердің тың тақырыптарда салған туындылары пайда болды.
Қазақ халқының атақты суретшісі Ə.Қастеев шығармаларының өзіндік ұлттық бояуы осы кезде
жарқырап көрінді. Əбілхан Қастеевтің ғажайып туындыларына қарап отырған кезде, олардың авторы-
ның жиырма жасқа дейін хат танымағанына, өз ауылынан алысқа ұзап шықпағанына, тіпті қарындаш
пен қағаздың өзін алғаш рет 1922 жылы ауылда тұңғыш мектеп ашылғанда ғана он сегіз жасында,
барып ұстағанына сене қоюыңыз қиын [10].
Қылқалам шеберлерінің тағдырыда күрделі де, қызықты болды. Олардың бірі қазақ бейнелеу
өнеріне зор үлесін қосқан суретші Валентин Антощенко Оленов болды. Суретшінің өмір бойы
тынымсыз жұмыс істегеніне «Еңбексіз күн қараң», «Еңбек сүреді екенсің қоғамға пайдалы еңбек
етуге тиссің» деген өмірлік қағидалары дəлел бола алады. Қазақстан Суретшілер одағы құрылғанда
құрамында небəрі жиырма суретші болған. Жиырманың бірі Валентин Антощенко-Оленов еді. Анто-
щенко-Оленов бұл кезде еліміздің астанасы Алматыда қызмет істеді. Амиров Рашид Александрович-
тің пікірінше Республикалық Суретшілер бірлестігінің шеңберінде көрме ұйымдастырылып жүйелі
түрде жүргізіліп жолға қойылғандығы туралы айтылады. Суретшілер арасында нағыз творчествалық
ынтымақтастық қалыптасады, тұрақты түрде студиялық жұмыстардың жүргізілуі, Қазақстан суретші-
лерінің кəсіби шеберлігін арттыруға игілікті əсер еткендігі туралы мəліметтер бар. Қазақстан Сурет-
шілер одағы қалыптасу кезінде еліміздің бейнелеу өнерінің алғашқы жастары өсіп-өніп, күш ала
бастады. Антощенко-Оленов одақтың құрамындағы Ə.Қастеевпен, Ə.Ысмайыловпен, Қ.Ходжиков-
пен, Л.Гербановский, К.Барановтармен достасады. Өз əріптестерімен іс-тəжірибе алмасуға дайын
тұратын [11].
Қазіргі таңда одақтың еліміздің басқа өңірлерінде 11 филиалы бар. Қоғамдық шығармашылық
одақтың құрамында 700 ге тарта кəсіби суретшілер бар. Олардың құрамына суретшілер, графикалық
суретшілер, мүсіншілер, суретшілер мен монументалды-сəндік өнер, халық суретшілері мен өнерта-
нушылар кіреді.
Вестник КазНПУ имени Абая, серия «Исторические и социально-политические науки», №3 (50), 2016 г.
306
Қазақ халқы ұлттық жəне көркем өнерге бай халық. Осы өнерімізді жандандырып, ұрпақтан
ұрпаққа сол қалпында жеткізуде сонымен қатар кең насихаттауда Қазақстан Суретшілер Одағының
алатын орны ерекше. Суретшілердің басын біріктірген алғашқы одақ, даму жолына түсті. Қазақ
көркемөнер мектебін қалыптастырды. Құрамына тек қана суретшілерді емес, кескіндемешілерді,
мүсіншілерді, өнертанушыларды біріктірген одақтың қызметі жыл өткен сайын жандана түсті. Жас
талантты суретшілер қатары көбейіп, кəсіби суретшілердің шығармашылығының жандана түсуіне
жүйелі түрде ұйымдастырылған көрмелер көп септігін тигізді. Дегенменде, қиыншылықтар көп
болды. Қаражаттың жетіспеуі, көрме ұйымдастыратын ғимараттың болмауы жəне т.б. Бұл қиыншы-
лықтарға қарамастан Қазақстан Суретшілер одағының беделі мен мəртебесі көтеріліп, қазақ бейнелеу
өнерінің дамуына көп үлесін қосты.
1 аза< Aнеріні тарихы. - 3 томды< (ХІХ ғасыр жəне ХХ ғасырды бірінші жартысы, ІІІ- том, 1-кітап). -
Алматы: "=нер", 2008. - 607 б
2 www.abai.kz
3 Домбровский Ю. Н.Хлудов учител рисования // Факел. Рассказы. Алма Ата. Жазушы, 1974. 36-43 б.б
4 Р.ТAлен<ызы. Ш.Пірімбаев суретші, суретшілер кCш <уатты табиғаттан алады. //Астана а<шамы 2010.
- 23 <ыркCйек (№104). 6-7 б
5 www.shrk.kz
6 аза<стан Республикасыны Орталы< Мемлекеттік М @рағаты А. І736-<ор, І-тізбе, 13-іс, 227 п.
7
аза<стан Республикасы Суретшілер одағы Союз художников Республики Казахстан 1933-1991.
Алматы, Интерпринт 2009.
8 Р ОММ. І736-<ор, І-тізбе, 58-іс, 36 п.
9 Р ОММ. І736-<ор, І-тізбе, 13-іс, 201 п.
10 Н@рғалиев Р. Тума талант.//Алматы: «Жалын» 1984.- № 1-161 б
11 Антощенко-Оленов Валентин. Мастера изобразительного искусства Казахстана: Альбом. - Алма-Ата:
=нер, 1983. - 128 с
Резюме
Из истории образования Союза художников Казахстана
Жолдасбекова К.Е. – магистрантка 2 курса по специальности 6МО11400 История, karakoz_91.j@mail.ru
В данной статье дается о некоторых проблемах истории формирования изобразительного искусство в
Казахстане, и о первых произведениях хужожников в Казахстане, в том числе о творчествах известных
Казахских художниках оставившие свой неповторимый след в истории искусства. И о деятельности в Союзе
Художников Казахстана. Приведен конкретные примеры из исторических источниках о сформировании СХК,
о работе, о цели и задачах Союза. И о работе выставок и сьездов проходявщие периодически в стенах Союза.
Несмотря на трудности при становлении СХК, как профессиональная организация смог объединят
художников и добиться ярких успехов в истории Казахского изобразительного искусство.
Ключевые слова: рисовать, казахское изкусство, союз художников, художники, скульпторы
Summary
The history of the formation of the Union of Artists Kazakhstan
Karakoz Joldasbekova - 2
th
course master specialty of History , karakoz_91.j@mail.ru
This article presents some issues in the history of the formation of the art drawing in Kazakhstan. In the article said
about how was formed the first art drawing, also says about the artists who have invested their contribution and their
activities as part of the Artist’s Union of Kazakhstan. There are given specific examples of the historical sources of the
constitution SCC, the work on the goals and objectives of the Union. And about the exhibitions and congress which is
passed periodically within the walls of the Union. Despite the difficulties in the formation of SCC, as a professional
organization was able to unite artists and achieve brilliant successes in the history of Kazakh fine arts.
Keywords: draw, Kazakh art, Union of artists, artists, sculptors
Абай атындағы аз ПУ-ні Хабаршысы, «Тарих жəне саяси-əлеуметтік ғылымдар» сериясы, №3 (50), 2016 ж.
307
ƏӨЖ 94 (574)
ҚЫЗЫЛОРДА ҚАЛАСЫ ТҰРҒЫНДАРЫНЫҢ ТАБЫСЫ ЖƏНЕ ЕҢБЕКПЕН ҚАМТЫЛУЫ
Жалмагамбетов Е.А. – Абай атындағы аза< @лтты< педагогикалы< университеті
Yerlan_bek@mail.ru
Мақалада Қызылорда қаласының астаналық кезеңіндегі қала тұрғындарының əлеуметтік жағдайы,
жұмыспен қамтылуы мəселесі зерттеледі. Астаналық қаладағы өмірдің қымбатшылығы, жаңадан көшіп келген
тұрғындарды жұмыспен қамту қала басшылығы мен мемлекеттік мекемелердің басты түйінді мəселелердің
қатарына кірді.
Түйін сөздер: жұмыссыздық, Қызылорда, астана, Ақмешіт, Перовск, жұмыс биржасы, əлеуметтік қамту,
қала тұрғындары.
Қызылорда қаласы (бұрынғы атауы Ақмешіт, Перовск) Қазақстанның жаңа орталығы мəртебесін
алғаннан кейін келбеті мүлдем өзгерді. Бұрынғы Ақмешіт уездік шағын қала болатын жəне жергілікті
халықтың өмірі бір қалыпты өтетін. Қала халқының күнделікті тыныс–тіршілігі өзгерістерге ұшырап,
қаланың өмірі жаңа тұрмысқа бейімделе бастады. Көшіп келген мемлекеттік жəне шаруашылық
мекемелердің қызметкерлерін орналастыру мақсатында жаңадан құрылыс жұмыстары басталды.
Басқа жерлерден адамдар келіп, қала халқының саны күрт өсті. Мəселен, 1 кестеге қарасақ 1925
жылы қала мен уезде 9000 жуық адам тұрған, 1926 жылдың соңына таман қалада 20 мыңнан астам
тұрғындар өмір сүрген.
Кесте
1 – ызылорда *аласыны- *ала хал*ыны- саны [1]
№
Жылдары
Ерлер
Əйелдер
Тұрақты
халық
Отбасылық карталар
саны
1
1925
4452
4548
9000
1835
2
1926
11692
10932
22041
5282
3
1927
12954
11532
24486
5901
4
1928
13524
14957
28481
6108
Жоғары берілген кестеде көрсетілгендей қала халқы санының өсімі байқалады жəне бұл көрсеткіш
демографиялық өсіп болжамы тұрғысынан жасалынған. Мəселен 1925 жылдың басында қала тұрғын-
дары 9000 мыңдай болды. 1926 жылы қала халқы ішкі миграция жəне Орынбордан көшіп келген
мемлекеттік жəне шаруашылық мекемелері қызметкерлерінің есебінен өскен. Астаналық қалаға жаңа
тұрмыс, оқу іздеп келген жастар мен жас отбасылар есебінен қала тұрғындарының саны да арта түсті.
Бірақ 1928 жылдың соңына таман орталықты Алматы қаласына көшіру туралы шешім белгілі болған-
нан кейін Қызылорда қаласының халық саны азая түсті. Ресми деректердегі қала тұрғындарының
саны тек қана тұрғылықты орны бар, арнайы орындарда тіркелген адамдар саны ғана есептелінген.
Сондықтан біздің ойымызша Қызылорда қаласы астана болған кезеңінде тұрғындардың саны 30
мыңға дейін жеткен [4].
Қала халқы санының өсуі тауарлар мен азық-түліктің қымбаттауына, пəтерлердің жетіспеушілігіне
жəне басқа да əлеуметтік қиыншылықтарға алып келді. Жергілікті халықтың басты табыс көздері
біркелкі болмаған. Қала бойынша айлық мөлшері де біркелкі төленбеді. Дəрігерлер мен мектептің
мұғалімдері айына 100-250 сомға дейін жалақы алып отырды. Тұрғындардың ішінде жалақысы аз,
мамандығы жоқ, қаражұмыс істейтін адамдардың жағдайы нашар болды. Жалақының аз болуы
себебінен тұрғындар арасында əлеуметтік ауруларға шалдыққандардың саны өсті. Қалада орналасқан
туберкулездік диспансерде тіркелген аурулардың тұрмыстық жағдайы нашар болған. Қала тұрғын-
дары арасында бұл дертке шалдыққан адамдар тіркеле бастады.
Қызылорда қаласының жергілікті тұрғындарын жұмыспен қамту мəселесі бірінші кезекте тұрған
еді. Қала тұрғындары санының күрт өсуі, пəтерлердің тапшылығы жергілікті халықтың əл–ауқатына
да əсер етті. Құрылыс комитеті салған ғимараттардың тапшылығы, бір маусымдық жоспарланған
құрылыс жұмыстардың аяқсыз қалуы тұрғылықты пəтерлердің жетіспеушілігіне алып келді. Жеке
меншіктегі үйлер мен пəтерлерді тəркілеген Аспандияр Кенжиннің комиссиясы қалаға көшіп келген
Вестник КазНПУ имени Абая, серия «Исторические и социально-политические науки», №3 (50), 2016 г.
308
қызметкерлерге, жұмысшыларға жалға беріп отырды. Арнайы қабылданған қаулы бойынша жалға
берілетін пəтерлерді бірнеше типтерге бөліп, оның жалға беру бағасының мөлшерін бекітті. Мəселен,
күйдірілген кірпіштен тұрғызылған үйлердің шатырлары темірден салынған жағдайда, пəтерақы
құны бес пайыз кем болуы тиіс еді. Үшінші типтегі үйлер қам кірпіштен қаланған, едендері ағаштан,
қабырғалары тұрпайы түрде сыланған ғимараттар еді. Төртінші типтегі ғимараттар қам кірпіштен
салынған, қарапайым сылақ арқылы қабырғалары жасалынған, шатырлары жоқ немесе сапасы төмен
теміртен тұрғызылған ғимараттар кірді. Негізінен 1 шаршы метр пəтердің бір айдағы жалдау ақысы
26-дан 36-ты тиынға дейін болған. Мемлекет тарапынан тұрғындардың айлық табысы 125 сомнан кем
болған жағдайында жеңілдіктер қарастырылып отырған. Егер қызметкердің бір айлық табысы 125
сомнан көп болған жағдайда жеңілдіктер берілмеген. Өйткені олардың отбасындағы жан басына
шаққандағы табысы күнелту деңгейінен асып кететін. Бірақ соған қарамастан пəтер жалдап тұру
қарапайым қала тұрғындары үшін қиынға соқты. Сол себепті Қызылорда қаласының жергілікті атқа-
ру комитеті мен қала кеңесі тарапынан жалға берілетін пəтерлердегі тұрмысқа қажетті жағдайлармен
толық қамтылмаған жағдайда пəтерақы мөлшерін азайтып тұрған еді. Мысалы, егер жалға берілетін
пəтерде су құбырлары болмаған жағдайда 10 пайыз мөлшерінде, электр жарығымен қамтылмағанда 5
пайыз мөлшерінде жеңілдік берді. Бұл жағдайда пəтерақының бір шаршы метрі 19 жəне 23 тиын
аралығында болды. Егер пəтерді жалға алатын адамның айлық мөлшері 145 сомнан көп болса,
төленетін айлық пəтерақының үстіне 2 сом 50 тиын қосылып отырған. Айлық мөлшері 275 сомнан
көп болса жалға берілетін əр шаршы метрге 5 сом 5 тиын қосылған. Жалға берілетін пəтерлердің
ауданы біркелкі болмаған. Мəселен, пəтерді жалға алатын отбасы құрамында 4 адамнан көп болған
жағдайда жеңілдіктер қарастырылды. Сонымен қатар жалға берілетін пəтердің бөлмелер саныда
көптеу болатын. Қабылданған ереже бойынша əр адамға 5–6 шаршы метрден келіп тұрды.
Көрсетілетін жеңілдіктерді төмендегі 2 кестеде көресетілген.
Кесте
2 – Айлы* табысы 125 сомнан кем алатын *ала т)рғындарына арналған же-ілдіктер
Айлық (табыс) мөлшері
Көрсетілетін жеңілдік түрі
20 сомнан төмен алатын адамдар үшін
85 пайыз жеңілдік
20-30 сом айлық аралығы
75 пайыз жеңілдік
30-40 сом айлық аралығы
65 пайыз жеңілдік
40-50 сом айлық аралығы
55 пайыз жеңілдік
50-60 сом айлық аралығы
45 пайыз жеңілдік
60-75 сом айлық аралығы
35 пайыз жеңілдік
75-85 сом айлық аралығы
25 пайыз жеңілдік
85-95 сом айлық аралығы
20 пайыз жеңілдік
95-105 сом айлық аралығы
15 пайыз жеңілдік
105-115 сом айлық аралығы
10 пайыз жеңілдік
1115-125 сом айлық аралығы
5 пайыз жеңілдік
125-145 сом айлық аралығы
жеңілдік қарастырылмаған
Жергілікті халықты жұмыспен қамту мақсатында еңбек биржалары құрылған еді. Биржаға келген
тұрғындар арнайы жолдама алатын. Бұл жолдамамен үміткер жұмыс орнына барып, тапсыратын. Ең
бірінші тапсырманың номеры, содан кейін жұмысқа тұрушы үміткердің қай жерге бара жатқандығы
жайлы ақпарат жазылатын. Содан кейін мекеменің толық мекен – жайы, мекеменің атынан түскен
тапсырыстың номеры, бара жатқан адамның аты – жөні, жұмысқа қабылдану мерзімі, қандай
лауазымға жəне жауапты адамның қолы көрсетілді.
1926 жылы қала бойынша 1 сəуір айында 542 адам, ал 1 қазан айында 854 жұмыссыздар тіркелген.
1927 жылдың 1 қазан күнінде жұмыссыздар саны 1124 адамға дейін көбейіп, яғни кəсіподақтарға
тіркелген адамдардың 16 пайызын құрады. Жұмыссыздар санының өсуі Түркістан – Сібір темір
жолын салуымен жəне басқа облыстардан адамдардың қоныс аударуы себеп болды. Себебі Қазақ-
станның өңірлерінен адамдар Қызылорда қаласына жұмыс іздеп келе бастады. Қала бойынша сұра-
нысқа ие болған мамандықтарға кəсіби даярлығы бар, солардың ішінде алғашқы кезде құрылысқа
қажетті мамандар кірді. Кейіннен қаланың табиғи өсіміне байланысты орта немесе жоғарғы білімі бар
мамандар сұранысқа ие бола бастады. Қызылорда қаласында ресми еңбек биржамен қатар бейресми
Абай атындағы аз ПУ-ні Хабаршысы, «Тарих жəне саяси-əлеуметтік ғылымдар» сериясы, №3 (50), 2016 ж.
309
еңбек биржалары болған. Бұл көп жағдайда əртүрлі кəсіптегі адамдардың биржасы еді. Мысалы
қаражұмысқа қажетті жұмысщыларды осы жерден табуға мүмкін еді. К.Маркс пен В.И. Ленин
көшелерінде орналасқан бұл биржа стихиялық тұрғыда пайда болған. Жұмыссыз адамдар арасында
жұмысқа тапсырыс үшін жанжалдар тіркеліп тұратын. Стихиялық тұрғыдан пайда болған еңбек
биржаларын жабу көзделді. Себебі бұл жерде жұмыссыздармен қатар қауіпті элементтер (қылмыс-
керлер, бұзақылар) жүретін. Бұл стихиялық биржалардағы адамдар 1990 жылдары Алматы қаласында
С.Сейфуллин көшесінде жұмыс іздеп тұрған жұмысшылар секілді болған.
Қала тұрғындарына қосымша табыс көзін беру үшін мемлекет жинақтаушы салымдар жүйесін
енгізген еді. Қазіргі кезде банкілердегі депозит секілді салымшыға өсімақысы бар жинақтаушы серти-
фикаттар беріп тұрды. Республика тұрғындары мен жергілікті қала халқы өздері жинақтаған артық
ақшалары болған жағдайда мемлекет тарапынан шығаратын сертификаттарды сатып алуға мүмкіндік
алды. Мəселен, бұл мемлекеттік жұмысшыларды сақтандыру кассасының сертификаттары 5 жəне 10
сомнан сатылды. Жылына салымшыға 12 пайыздық мөлшерде өсімақы алып келіп отырды. Алты
жылдан кейін бұл сертификаттардың бағалары екі есе өсіп, 10 жəне 20 сом құрады. Салымшының
қанша ақшасы бар екендігіне жəне оның келген жолдары туралы ақпарат құпия түрде болады деп
уəде берді. Жинақтаушы сертификаттар мемлекеттің кез-келген сақтандыру кассасында қабылданды
[
3
]
.
Сонымен қатар Қызылорда қаласында өз-өзін жұмыспен қамтыған тұрғындар болды. Мəселен
бұндай категорияға жеке саудагерлер, етікшілер, киім тігетін адамдар, жеке кəсібі бар тұрғындар
кіретін. Қызылорда қаласы орталық қала болғанымен, мал шаруашылығымен қала тұрғындары
айналасып тұрған. Мал шаруашылығы өнімдерін базарларға немесе мемлекеттік кооперативтерге
өткізіп отырған. Қызылорда қаласындағы қала халқының негізгі табыс көзі мемлекеттік қызмет пен
сауда арқылы құралған еді. Қарапайым жұмысшылардың əлеуметтік жағдайы өте ауыр болған,
мəселен, күніне елу немесе алпыс тиын айлық алып отырған адамның быр айлық табысы жиырма
немесе отыз сомнан асып отырмаған.
«Советская степь» газетінің тілшісі қаладағы қаражұмысшылар жəне қарапайым қызметкерлердің
үйлеріне барып, олардың тұрмыстық жағдайымен танысқан еді. Бірінші ол қазақ қара жұмысшысы-
ның үйіне барғанда жер төледе тұратын қазақ отбасында күйеуі, əйелі жəне кішкентай баласын көрді.
Жас отбасы тұрған бөлмесі өте қараңғы, еденде жыртық жəне шаң басып кеткен киіз жатқан. Бөл-
менің бұрышында сандықтар орналасқан еді. Қабырғалар өте кір, барлық жерде өрмекшінің ұясын,
жан-жақта топтаған шаңды көрді. Азық-түліктен ешнарсе жоқ, əйелі ауру болсада баласын емізіп
отырған. Күйеуі қазақтың қара жұмысшысы, тұрақты жұмысы жоқ, жұмыс табылғанымен де күніне
отбасының бюджетіне 50-60 тиын кіріс кіріп отырған. Бұл қаражат үш адамнан тұратын отбасыға
жетпеді. Үйдегі жас келіншек газет тілшісіне жақсы өмір сүргісі келетінің айтты. Куйеуі көз жасымен
бұдан жақсы өмір қалай сүруге болатының сұрады. Газет тілшісі: «Қарапайым қазаққа қазіргі кезде
өте қиын, күніне табатын жалақысы пəтер төлеу мен азық-түлікке əрен жетеді, киімді сатып алуға
ақша қалмайды, қалсада жиналған ақшаға бір метр мата алуға да жетпейді» - деп өз ойын қорытын-
дылайды. Екінші пəтерде 8 адам жəне отбасының негізгі күнкөрісінің табыс көзі сегіз иттерімен бірге
бір бөлмеде тұрды. Көрші бөлмеде екі ересек адам жəне екі бала тұрды. Екі отбасы да мемлекеттік
цирктің қызметкерлері. Тұрмыс жағдайы қазақ отбасына қарағанда жақсылау, бірақ мемлекеттік
театрдің қызметкерлеріне қарағанда əлеуметтік жағдайы төмен болды
[
2
]
. Барлық отбасы Кеңес
үкіметінде өмір сүрді. Бір заңға бағынды, бір социалистік құрылыста жəне пролетариат диктатура-
сының билігінде тіршілік құрып жүрді. Қазақстанда жəне оның орталық қаласы Қызылордада тұрмыс
жағдайы төмен қазақ халқы көп кездесіп тұрған, ал қалған халықтардың жағдайы оларға қарағанда
жақсы болған. Ауылдық жерлерде тұрмыс деңгейі қалаға қарағанда анағұрлым жоғары болған.
Қаладағы өмір жəне тіршілік ету ауылдық жерлермен салыстырғанда өте қиын жағдайда өтті.
Қызылорда қаласындағы құрылыс жұмыстарында басқа ұлттар қара жұмыспен емес, кəсіби жұмыс-
пен айналасып, қара жұмысшыларға қарағанда айлықтары да жоғары еді. Ал жергілікті халықтың
өкілдері ауыр қара жұмыс істеп, күндерін əрен көріп жүрді. Бұл социалистік шындық, лозунгтер мен
күнде өтетін конференция жиындарында мұндай жағдай туралы айтылмайды, жалған ұрандар
дүркіреді.
1
Всесоюзная перепись населения 1926 года. Центральное статистическое управления СССР. Отдел
переписи. Том 8. Казахская АССР. Народность. –М.: Издание ЦСУ Союза ССР, 1928. – 193 с.
2
Норман А. Как они живут// Советская степь. – 1926, январь – 13.
3
Облигации для народа//Советская степь. – 1928, январь – 1.
4
Материалы Всероссийских переписей 1920 года. Перепись населения в Туркестанской Республике. – Ч.1,
вып. 111. Поселение итоги Сыр-дарьинской области. –Ташкент: Изд. ЦСУ Туркреспублики, 1923. – 68 с.
Вестник КазНПУ имени Абая, серия «Исторические и социально-политические науки», №3 (50), 2016 г.
310
Достарыңызбен бөлісу: |