Хабаршы вестник bulletin «Филология ғылымдары» сериясы Серия «Филологические науки»



Pdf көрінісі
бет4/43
Дата27.03.2017
өлшемі3,14 Mb.
#10486
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   43

ӘОЖ 81:001.4 
 
ҒЫЛЫМИ ДИСКУРСТАҒЫ КӘСІБИ ТІЛДІК ТҰЛҒАНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫ ЖАЙЫНДА 
 
Қ.Ж.Айдарбек - А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының бас ғылыми қызметкері, 
ф.ғ.д., доцент, e-mail: 
aidarkar_10@mail.ru
 
Б.М.Сүйерқұл - А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының бас ғылыми қызметкері, 
ф.ғ.д., доцент, e-mail

akbotakoz@mail.ru
 
 
Мақалада  когнитивтік  терминтаным  саласы  үшін  өте  өзекті  болып  табылатын  мәселе  таңбалық  қызмет 
ретіндегі  ғылыми  дискурс  барысындағы  кәсіби  тілдік  тұлға  қалыптасуы  қарастырылып,  терминденудің 
когнитивтік  тетігі  талданады.  Сондай-ақ,  мақалада  дискурста  тілдік  таңба  мағына  мен  мән-мазмұнның, 
сөйлеудің  жасалуы  мен  қабылдануының,  мәтін  (жүйелі  таңба)  мен  мәнмәтіннің  (жеке  таңба)  тұтастығында 
көрініс  беретіні,  сол  себепті  де  таңбаның  ең  қарапайым  құрылымы  дискурс  құрылымымен  сәйкес  келуі 
қажеттілігі дәлелденеді. Сонымен, жұмыста дискурс тілдік таңба дамуының когнитивтік механизмі ретінде де, 
когнитивтік-коммуникативтік  процес  ретінде  де  түсінілетіні,  яғни  процес  өнімі  мен  социумың 
металингвистикалық  қызметінің  (лингвистер  мен  терминологтар  қызметінің)  нәтижесі  де  болып  табылатыны 
айқындалады.  
Түйін  сөздер:  дискурс,  ғылыми  дискурс,  сөйлеу  жағдаяты,  кәсіби  тілдік  тұлға,  когнитивтік-
коммуникативтік процес, терминдену, когнитивтік тетік. 
 
Қазіргі  кезде  тіл  жүйесін  зерттеуде  адресант  пен  адресат,  сөйлеу  актілері,  коммуникация 
теориясы, прагматика т.б. өзекті мәселелер қатарына жатқызылуда. Осыған орай тілдік бірліктерді, 
мәнмәтін  мен  мәтінді,  дискурсты    когнитивтік  және  прагматикалық  аспектілерде  зерттеу  маңызды 
болып келеді. Н.Д.Арутюнова, Е.С.Кубрякова, Г.Г.Бүркітбаева, З.Ш.Ерназарова, Н.Уали, К.Садирова 
т.б  тілші-ғалымдардың  еңбектеріне  сүйене  отырып,  дискурс  ұлттық  танымның  айқын  көрінісі, 
функционалдық  ерекшеліктерге  толы  сөйлеу  қызметінің  нәтижесі  деген  пайымдау  жасаймыз. 
Сонымен  бірге  дискурс  -  сөйлеу  жағдаяты  барысындағы  адресат  пен  адресанттың  танымдық 
көзқарасы,  білімі,  әдет-ғұрпы,  сөйлеу  тактикасы,  сөйлеу  жанры  мен  сөйлеу  стратегиясымен 
сәйкестігін  айқындайды.    Е.С.Кубрякованың  анықтауынша,  «дискурс  сөйлеу  қызметінің  ақырғы 
нәтижесі  ретінде  белгілі  бір  аяқталған  формаға  ие  болады  ...  мәтін  тек  оны  қабылдаушы  адамның 
ағымдағы  санасына  енгенде  ғана  дискурс  деп  аталуға  ие  бола  алады»  [1,  б.137].  Дегенмен  тіл 
білімінде дискурс анықтамасының мәселесіне  қатысты бірыңғай қалыптасқан көзқарас жоқ. 
Мәселен,  прагмалингвистикада    дискурс  қарым-қатынасқа  қатысушылардың  бір-біріне  әсер 
етудегі  интерактивті  әрекеті  мен  қарым-қатынастың  вербалды  емес  түрлерінің  коммуникативтік 
түрлерін  пайдалану  деп  түсінілсе,  лингвостилистикада  дискурс  арқылы  қарым-қатынас  регистрі 
анықталып,  функционалды  стильдер  сипаты  зерттеледі,  ауызша  және  жазбаша  сөйлеудің,  оның 
жанрларының аражігі қарастырылады. Ғалым Н.Уәлидің зерттеуі бойынша, «автор интенциясының 
тілдегі  коммуникативтік сапасы қаншалықты, айтылған//жазылған сөз қабылдаушының көкейіндегі 
сол  жағдаят  туғызатын  эмоциялық  әсерді  қозғай  алды  ма,  реципент  ақпаратты  дұрыс 
интерпретациялап, қабылдаушымен арадағы екі жақтық интеракция, жанды байланыс орнай алды ма, 
міне,  осыны  анықтауға  болады.  Психологиялық  тұшымды  байланыс  болған  жерде  қашықтыққа 
қарамастан диалог күшейеді» [2, б.260].  
«Әр  ұлттың  дискурсқа  түсу  әрекетіндегі  айырмашылық  өздеріне  ғана  тән  өмір  тәжірибесі  мен 
білім дағдысы, олардың сөйлеу жанрларына, сөйлеу тактикасы мен сөйлеу стратегиясына сәйкестігі, 
өзі таңдаған коммуникативтік рөлді қалай атқарғанына байланысты болады», - деп санайды зерттеуші 
Қ.Садирова  [3,  б.178].    Т.М.Николаева  дискурстың  анықтамасын  былайша  келтіреді:    “1)  өзара 
байланысты  мәтін;  2)  мәтіннің  ауызекі  сөйлеу  формасы;  3)  диалог;  4)  жазбаша  не  ауызша  сөйлеу 
қалпы» [4, б.117]. Дискурс пен мәтін арақатысы мәселесіне қатысты белгілі ғалым Н.Уәлидің пікірі 
төмендегідей:  «Субъектінің  сөз  әрекетінің,  яғни  тілді  қарым-қатынас  үшін  қолдану  әрекетінің 
нәтижесінде  дискурс/мәтін  құрастырылады.  Басқаша  айтқанда,  сөйлеуші/жазушы  сөз  бірліктері 
арқылы айтылым (высказывние), дискурс/мәтін жанр түрінде белгілі бір мағынаны тілдік бірліктер 
арқылы кодқа салынады, ал тыңдаушы/оқырман сол аталым, дискурс, мәтін түрінде тілдік бірліктер 
арқылы  кодқа  салынған  мағыналарды  (ой  мен  сезімді)  ашады,  тіпті  тілдік  кодты  ашып  қана 
қоймайды, сөз әрекетінің нәтижесі болып табылатын коммуникативтік бірліктердің мән-мағынасын 
интерпретациялайды» [2, б.260]. 
12 

Вестник КазНПУ им.Абая, серия «Филологические науки», № 2(56), 2016 г. 
Осымен байланысты дискурс ұғымының коммуникациямен тығыз байланысты екендігін аңғаруга 
болады. Бұл мәселе жөнінде дискурстың тілдік табиғатын арнайы зерттеген ғалым Қ.Садирова былай 
деп  жазады:  «Дискурстың  өзі  коммуникациядан  пайда  болады.  Мәтін  сол    коммуникацияның 
нәтижесі.  Коммуникативтік  жағдай  болу  үшін  тіл  мен  сөз  (сөйлеу)  әрекетке  енеді.  Тілде  тұрғанда 
мәтін  ешкімге  арналмаған,  ал  ол  дискурсқа  түскенде  авторға  ие  болады  және  қабылдаушыға,  яғни 
қалайда  біреуге  бағытталады.  Дискурсты  тіл  мен  сөз/сөйлеу  қатар  өрілген  тұста  коммуниканттар 
арасында  диалогтық  сипатта  пайда  болатын  айтылымдар  тізбегі  немесе  сөйлеу  тізбегінің  кесіндісі 
десек,  мәтін  сол  тілдік  әрекет  нәтижесінде  туындаған  өнім,  туынды.    Бірақ  ол  келесі  бір  сөйлеу 
актісінде басқаша сипатта жандану (қолдану) қабілетіне ие, сол сәттің өзінде оның бойында бастапқы 
пайда  болған  коммуникативтік  жағдай  ұшқындары  сақталады,  дегенмен  оның  өзі  қайта 
туғызушының  мақсатына,  ниетіне  байланысты  өзгеріске  ұшырайды»  [3,  б.180].    Яғни  дискурс 
дегеніміз  –  коммуникативтік  оқиға  және  онда  тек  тіл  ғана  емес,  сонымен  бірге  коммуникация 
процесінде  орын  алатын  ментальды  құбылыстарда  көрініс  береді.  Мәселен,  белгілі  орыс  ғалымы 
Н.Д.Арутюнова:  «Дискурс  эктралингвистикалық,  прагматикалық,  әлеуметтік-мәдени  және  т.б. 
факторлар  жиынтығынан  тұратын  байланысты  мәтін;  оқиғалы  аспектіде  алынған  мәтін»,  -  деп 
көрсетеді [5, б.17].   
Біздің  зерттеуіміз  үшін  жалпы  дискурс  ұғымының  емес,  «ғылыми  дискурс»  құбылысының 
анықтамасы  маңызды.  Алғаш  рет  бұл  терминнің  анықтамасы  ғалым  Н.Уәлидің  монографиясында 
беріледі:  «Ғылыми  дискурста  бағалауыштық  мағына  публицистика,  көркем  әдебиет,  сөйлеу  тілі 
дискурстарынан  өзгеше  болады.  Автор  белгілі  бір  құбылысқа  объективті  баға  беруге  тырысып, 
ғылыми көзқарасын білдіреді. Мұндай баға рационалды, ал сөйлеу тілі публицистика, көркем әдебиет 
дискурстарында бағалауыштық мағына эмоционалды-экспрессивті сипатта болады. Ғылыми мәтінде 
сөз  желісі  логикалық  жүйеге  бағынады,  өзара  бірімен-бірі  байланысты  ақпараттар  баяндалады,  сөз 
саптау, баяндау түрінде болып, дәлдікке ерекше мән беріледі» [2, б.265].  Ғалым ғылыми дискурстың 
басқа  дискурстарға  қарағанда  тілдік  сипаты  өзгеше  болатынын  айта  келіп,  онда  төмендегідей 
ерекшеліктер  барын  атап  көрсетеді:  «Бірінші  жақтық  тұлға  бейтараптанады,  баяндауыш  көбіне 
ырықсыз  етіс  тұлғасында  болады:  жасалды,  көрсетілді,  анықталды,  айқындалды  т.б.  Бұлай  болу 
себебі  ғылыми  мәтіндегі  сөз  нақты  ситуациядағы  сөзден,  я  болмаса  жалпы  тілдік  мағынасынан 
дерексіздену  арқылы  өзгешеленуге  тырысады.  Құбылыстың,  заңдылықтың  объективтілігін көрсету, 
өзінің  ой-пікірін  субъективті  етіп  көрсетпеу  үшін  автор  ғылыми  мәтінде  өзін-өзі  шеттету  тәсілін 
жоғарыда айтылған прагматикалық құралдардың көмегімен жүзеге асырады. Сондай-ақ, деп айтуға 
болады,  деп  бағаланады,  осылай  деуге  негіз  бар  т.б.  тәрізді  тілдік  құралдар  авторды  «тасалаудың» 
ғылыми  дискурс  прагматикасына  тән  тәсілдердің  бірі.  Осындай  тілдік  тәсілдер  арқылы  автор  өзін  
салғырт  субъекті  ретінде  көрсетуі  мәдени  этикалық  мәнділік  болып  табылады.  Әсіресе  ғылыми-
техникалық  коммуникацияда  тілдік  емес  (бейвербалды)  семиотикалық  жүйенің  элементтері,  атап 
айтқанда, әртүрлі формулалар, символдар, кестелер, схемалар, сызбалар т.б. жиі кездеседі. Мұндай 
субкодтар ғылыми ақпарат алмасудың қосымша графикалық тәсілдеріне жатады» [2, Б.265-266].    
Сонымен  дискурсты  тілдік  тұлғаны  қалыптастыратын  таңбалық  қызмет  ретінде  қарастыру 
когнитивтік  терминтаным  үшін  аса  маңызды,  өйткені  бұл  процесте  зерттеушілердің  назарында 
терминденудің  когнитивтік  механизмдері  болады.  Жалпы  алғанда  дискурс  моделі  тілдік  таңбаның 
дамуы  жеке  тұлғаның  қызметі  барысында  жүзеге  астынын  көрсетеді,  яғни  жеке  тұлғаның  өз 
дамумымен  баланыстырылады.  Дискурста  тілдік  таңба  мағына  мен  мән-мазмұнның,  сөйлеудің 
жасалуы  мен  қабылдануының,  мәтін  (жүйелі  таңба)  мен  мәнмәтіннің  (жеке  таңба)  тұтастығында 
көрініс береді, сол себепті де таңбаның ең қарапайым құрылымы дискурс құрылымымен сәйкес келуі 
қажет.  Дискурс  тілдік  таңба  дамуының  когнитивтік  механизмі  ретінде  де,  когнитивтік-
коммуникативтік процес ретінде де түсініледі, яғни процес өнімі мен социумың металингвистикалық 
қызметінің (лингвистер мен терминологтар қызметінің) нәтижесі де болып табылады.  
Кез  келген  арнаулы  қызметтің  даму  үрдісі  оның  теориялық  пайымдауларында  айқын  көрініп, 
белгілі бір ғылым мен білім саласының қалыптасуымен байланыстырылады. Сондықтан да таңбаның 
дискурстағы  дамуы  терминдену  құбылысымен  теңестіріледі.  Басқаша  айтқанда,  когнитивтік 
терминтанымның пәні терминдену құбылысы болып табылады. Осы тұрғыдан келгенде, терминолог-
ғалым  В.М.Лейчиктің  терминнің  кешенді  моделіне  ерекше  назар  аудару  қажет.  В.М.Лейчик  өзінің 
зерттеулерінде:  «терминнің  тілдік  табиғаты  туралы  емес,  табиғи-тілдік  субстраты  жөнінде  сөз  ету 
13
 

Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Хабаршысы, «Филология ғылымдары» сериясы, № 2 (56), 2016 ж. 
керек, себебі термин аса маңызды белгілерге термин болғаннан кейін ғана ие болып, өзінің табиғи-
тілдік  субстратына қарама-қарсы  қойылады»,  -  деп  көрсетеді  [6,  б.89].  Ғалымның  пайымдауынша, 
«лингвистика  үшін  термин  тек  функционалдық бірлік,  егер  терминнің  анықтамасына  терминтаным 
тұрғысынан  келетін  болсақ,  онда  мүлдем  басқаша  болады:  себебі  термин  лексикалық  бірлік,  тіл 
бірлігі ретінде беріледі, сондықтан біз термин белгілі бір табиғи тілдің лексикалық бірлігі негізінде 
жасалады  деген  тұжырым  жасауымызға  толық  негіз  бар,  яғни  тілдің  лексикалық  бірлігі  терминнің 
табиғи-тілдік субстраты болып табылады деуімізге әбден болады»  [6, б.90]. Ал терминнің арнаулы 
ұғымдарды белгілеуге мүмкіндік беретін белгілері оның логикалық суперстратын құрайды.  
Қазіргі  ғылыми  парадигмаларда  таным  процесіндегі  субъектінің  белсенділігіне  ерекше  назар 
аударылады.  Яғни  концептілеу  ойлауға  тән  категориялар  негізінде  емес,  адам  жасаған  теориялық 
ұғымдар мен схемалар негізінде жүзеге асырылады. Сондықтан да ғалымдар сөз ететін теорияланаған 
әлем ақиқат болмыс туралы білім мен сол кезеңге сәйкес білім деңгейіне байланысты. Осыған орай 
теорияланған әлем элементтері логикалық ұғымдардан емес, теориялық нысандардан тұрады. 
Терминологиялық  зерттеулерде  термин    «терминдер  арнаулы  ұғымдарды    белгілейтін  құралдар 
ретінде    өздерінің  мазмұндық  құралымдарында    қисынды  да,  арнаулы  да  ұғымдардың  белгілерін 
көрсетеді.  Бұл  қисынды    ұғым  белгілері  терминнің  мазмұндық  құрылымында  орын  алады  дегенді 
білдіреді.  Сонымен  термин  дегеніміз  –  күрделі    көп  қабатты  құрылым,  оның  астыңғы  қабаты 
қисынды суперстраттан құралады. Ал бұл құрылымның өзегін ерекше концептуалды, функционалды 
және  формалды  құрылымдардан  тұратын  терминологиялық  маңыз  құрайды»  [7,  б.71].  Осымен 
байланысты қазіргі таңда терминологиялық зерттеулерде әлеуметтік критерийлерге, арнаулы ойлау, 
ғылыми концепциялармен терминнің сәйкестігі сияқты концептілеуге басты назар аудару қажеттілігі 
аса маңызды болып саналады. 
Антропоценртизмге  (  жеке  қызметтік  бағыт)  негізделген  когнитивтік  терминтанымда  терминнің 
жоғарыда  келтірілген  моделі  дискурс  моделі  ретінде  қарастырылады,  ал  оның  компоненттері  жеке 
тұлғаның таңбалық қызметінің кезеңдері ретінде сипатталады: 
 
Терминнің моделі                                                                        Дискурс моделі 
                                                  
                                                                               
                                                                                             
Когнитивтік фаза   Коммуникативтік фаза 
 
Тілдік субстрат                                                         ТІЛ – жүйе       Арнаулы мақсаттағы тіл 
 
 
Форма                                                                                                                         Аталым         
 
 
Қызмет                                                                                                      Мәтін жасалымы 
 
 
Концепция                                                                                                          Концептілеу 
 
 
Логикалық суперстрат                                                         Ұғым 
 
  
Бұл  кестеден  байқағанымыз,  тілдік  субстрат  ғаламның  концептуалдық  бейнесіне  жол  ашады. 
Яғни  мән-мағына  мен  ұғымның  қалыптасуына  алып  келеді.  Олар  өз  кезегінде  білімнің  мәтін 
жасалымында  объективтенуін  қамтамасыз  етеді.  Мәтін  ықшамдалуы  екінші  тілдік  таңба  (екінші 
аталым)  жасалуын  жүзеге  асырып,  терминологиялардың  толығуын  қаматамасыз  етеді.  Ал 
терминолог-маманның  кейінгі  металингвистикалық  қызметі  терминологияны  реттеуге  бағытталып, 
терминді терминологиялық жүйеге, арнаулы мақсаттағы тілге енгізу болып табылады. 
14 

Вестник КазНПУ им.Абая, серия «Филологические науки», № 2(56), 2016 г. 
Терминологиялық  маңыз  ғаламның  концептуалдық  бейнесіне  жол  ашатын  когнитивтік-
коммуникативтік  процес  ретінде  анықталуы  мүмкін.  Бұл  ретте  логикалық  суперстрат  когнитивтік 
аспектіде  концепция  жасалымынан  бұрын  болатын  предикатпен,  коммуникативтік  аспектіде 
мәтамәтінмен (репрезентативтік қызмет), аталымдық аспектіде екінші таңбамен сәйкес келеді. Келесі 
металингвистикалық  кезең  (терминологияның  реттелуі)  дискурстың  нормативтік  аспектілерімен 
айқындалады.  
Соңғы  кездері  терминологиялық  зерттеулерде  терминология  «ғылыми  шығармашылық  процес» 
ретінде анықталып жүр (Л.М.Алексеева). Терминологияның кешенді жүйе ретінде анықталуы, оның 
екі  құрамын  ажыратып  беруге  негіз  болады:  терминжасам  және  терминнің  тіркелуі.  Терминнің 
тіркелуі білім қалыптасуының соңғы кезеңі болып саналады. Ал бұған дейінгі когнитивтік процестің 
кезеңдері,  яғни  ғылыми  концептілердің  пайда  болуы  мен  қалыптасуы  міндетті  түрде  терминжасам 
процестерінде  өтеді.  Сондықтан  да  терминжасам  терминологиялық  бірлік  жасалымының  ең  бір 
динамикалық  кезеңі  болып  саналады.  Өз  кезегінде  терминжасам  екі  сапектіде  қарастырылады: 
концептуалдық  және  функционалдық.  Концептуалдық  аспектіде  терминжасамның  мазмұны 
айқындалады,  яғни  мәтін  сипатындағы  терминологиялық  бірліктің  құрастырылу  процесі  (ғылыми 
білімнің вербалдануы). Бұл процес тілде бар, дайын тілдік бірліктер негізінде жүзеге асады.  
Функционалдық  аспектіде  терминжасам  терминденудің  амал-тәсілі  ретінде  сипатталады.  Бұл 
ретте  терминдену  таза  механикалық  процес  ретінде  емес,  табиғи  тіл  сөзінің  терең  концептуалдық 
өңдеуден  өткізетін  кешенді  процес  секілді  анықталады.  Осы  тұрғыдан  келгенде,  термин  ғылым 
тілінің  негізгі  қызмет  етуші  бірлігі  ретінде  анықталып,  тек  дайын  тілдік  бірлік  емес,  жеке 
шығармашылық  акт  барысында  жасалған  сөз,  яғни  таным  процесінің  нәтижесі  де,  амал-тәсілі  де 
болып  табылады.  Дискурстың  ішкі  тетігі  ассоциативтік  тетікке  негізделеді.  Осымен  байланысты, 
К.Қ.Садирова:  «...айтылымның  түзілу  негізінде жатқан  түпкі  ой,  ойлау  әрекеті  мен  ойлау  үрдісінің 
өнімі  саналатын  семантикалық  түсінік  -  жалпы  ойдың  пайда  болуы  мен  оның  өзара  түзіліп  тілдік 
бірліктерге  еншіленіп,  дискурста  көрініс  табуының  және  қабылдаушыда  дұрыс  қабылдануының 
негізі», - деп көрсетеді [8,б.55].  
Яғни  қызмет  барысындағы  әрбір субъект,  қызмет процесіндегі  әрбір жеке тұлға екі  бірдей  роль 
атқарады:  «өзге»  нысанда  «өзіне»  тиістісін  танып,  басқаша  айтқанда  жекелік  дүние  арқылы 
әлеуметтікті  игереді  және  сол  жекелік  дүниені  әлеуметтік  арқылы  дамыта  түседі.  Сондықтан  да 
адамның  қызметтік  табиғаты  мен  әлеуметтік  маңызы  (жеке  тұлға)  семиотикалық  қызмет 
қалыптасуына негіз болады.  
Сонымен ғылыми дискурс дегеніміз – кәсіби тілдік тұлғаны қалыптастыратын арнаулы саладағы 
вербалды  қызмет.  Яғни  таңбаның  коммуникативтік  даму  процесінің  когнитивтік  тетігі  (бұған 
терминденудің де тікелей қатысы бар).  Сондықтан да дискурс терминжасам мен терминнің тіркелуі 
сияқты  процестерден  тұратын  тілдік  таңба  дамуының  (терминденуінің)  көпкомпонентті,  күрделі 
процесі болып саналады. Сонымен бірге терминжасам когнитивтік және коммуникативтік фазалары, 
ішкі және сыртқы жақтары бар күрделі процес. Бұл процес барысында кәсіби жеке тұлғаның дамуы 
мен оның әлеуметтік-мәдени өзара әрекеттестікте жүзеге асуы қамтамасыз етіледі. 
 
1 Кубрякова Е.С. Части речи с когнитивной точки зрения. – М., 1997. – 327 с. 
2 Уәли Н. Қазақ сөз мәдениетінің теориялық негіздері: фил. ғыл. д-ры дис.: 10.02.02. – Алматы, 
2007. – 330. 

Садирова К.Е. Көп пропозициялы дискурс. Ақтөбе, 2008. 
4 Николаева Т.М. От звука к тексту. – М.: «Языки русской культуры», 2000. – 680 с. 
5 Арутюнова Н.Д. Наивные размышления о наивной картине мира // Язык о языке / Под общ. рук. 
И под ред. Н.Д.Арутюновой. – М.: «Языки русской культуры», 2000. – С.7-19. 
6  
Лейчик В.М. О языковом субстрате термина // Вопросы языкознания. – 1986. – №5. – С. 87-97. 
7  Лейчик  В.М.  О  некоторых  современных  способах  словообразования  //  Особенности 
словообразования в терминосистемах и литературной норме. – Владивосток, 1983. – С. 70-87. 

Садирова  К.Қ.  Дискурстың  семантикалық  құрылымының  семантикалық  түсінік 
компоненттеріне  байланысы//Абай  атындағы  ҚазҰПУ-нің  Хабаршысы,  «Филология  ғылымдары» 
сериясы, №1(47), 2014. – Б.55-58. 
 
15
 

Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Хабаршысы, «Филология ғылымдары» сериясы, № 2 (56), 2016 ж. 
Резюме 
К.Ж.Айдарбек – Главный научный сотрудник Института языкознания имени А.Байтурсынова, 
д.ф.н., доцент, e-mail: 
aidarkar_10@mail.ru

Б.М.Суйеркул - Главный научный сотрудник 
Института языкознания имени А.Байтурсынова, д.ф.н., доцент, e-mail

akbotakoz@mail.ru
 
О формировании профессиональной языковой личности в научном дискурсе 
В  данной  статье  рассматривается  научный  дискурс  как  знаковая  деятельность,  в  которой 
происходит  формирование  профессиональной  языковой  личности,  что  особо  актуально  для 
когнитивного  терминоведения,  а  также  анализируется  когнитивный  механизм  терминологизации. 
Вместе с тем, в статье утверждается, что в дискурсе языковой знак определяется в единстве значения 
и  содержания,  в  порождение  речи  и  восприятии,  текста  (системный  знак)  и  контекста  (отдельный 
знак), поэтому доказывается, что самая простая структура знака должна соответствовать структуре 
дискурса. Таким образом, в статье обосновывается вывод о том, что дискурс нами определяется и, 
как когнитивный механизм развития языкового знака и, как когнитивно-коммуникативный процесс, 
т.е.  и  как  продукт  процесса  и  как  результат  металингвистической  деятельности  социума 
(деятельности лингвистов и терминологов).  
Ключевые  слова:  дискурс,  научный  дискурс,  речевая  ситуация,  профессиональная  языковая 
личность, когнитивно-коммуникативный процесс, терминологизацмя, когнитивный механизм. 
 
Summary 
Aydarbek K.Zh.- Chief Researcher of the Institute of Linguistics named after A.Baitursynov, Ph.D., 
Associate Professor, e-mail: 
aidarkar_10@mail.ru
Suerkul B.M.- Chief Researcher of the Institute of 
Linguistics named after A.Baitursynov, Ph.D., Associate Professor, e-mail: 
akbotakoz@mail.ru
 
About the formation of a professional linguistic personality in scientific discourse 
The article reveals the problem of formation of the professional linguistic personality which is especially 
actual  for a cognitive terminology in  the scientific discourse as a sign activity, and also the cognitive 
mechanism of a terminologization is analyzed. However, the article states that in the discourse the linguistic 
sign is determined by the unity of meaning and content, in the generation of speech and perception of the text 
( systemic character) and context ( a single character), so it is proved that the simplest sign structure must 
conform to the discourse structure. Thus, the article substantiates the conclusion that we define discourse as 
the cognitive mechanism for the development of language sign and as a cognitive-communicative process, 
ie, and as the product of a process and as a result of the society metalinguistic activity (activity of linguists 
and terminologists). 
Keywords: discourse, scientific discourse, speech situation, professional linguistic personality, cognitive 
and communicative process, terminologization, cognitive mechanism. 
 
 
ӘОЖ 894.342 
 
ТІЛДЕГІ СЕМАНТИКАЛЫҚ ҮДЕРІСТЕРДІҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ 
 
Б.Қ. Ақбердыева - Ш.Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг 
университеті қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының доценті, ф.ғ.к. 
bakberdieva@bk.ru
 
 
Мақалада сөздердің арасындағы ассоциациялық байланыстар психолингвистика тұрғысынан қарастырылып, 
аталған  семантикалық құбылыстың зерттелуіне шолу жасалып, тіл біліміндегі орны дәйектеледі. 
Психолингвистика  негізінен  мағынаның  ассоциацияларын  эксперимент  арқылы  зерттеумен  айналысып, 
сөздің  мағыналық  құрылымын  айқындауды  мақсат  етеді.  Ассоциациялар  туралы  жаңа  көзқарастар 
экспериментальды  зерттеулердің  пайда  болуына  жол  ашты.  Мұнда  адамның  лексиконының  ішкі  құрылымын 
тексеру, айқындау қолға алынады. Еркін ассоциацияларды пайдалана отырып жүзеге асырылатын эксперимент 
сөздердің бір-бірімен байланысын, адам санасында орналасу тәртібін зерттейді. Оның мәні: адам оған берілген 
стимул сөзге есіне  бірінші  түскен сөзбен  немесе сөз тіркесімен, нақты айтқанда,  реакция сөзбен жауап беруі 
керек.  Сол  мезеттегі  адам  санасында  болып  жатқан  байланыстар,  құбылыстар  ассоциациялық  сипатқа  ие 
болады.  
Түйін  сөздер:  психолингвистика,  ассоциациялық  байланыс,  семантикалық    өріс,  ассоциациялық  өріс,  сөз-
стимул, сөз-ассоциат. 
 
16 

Вестник КазНПУ им.Абая, серия «Филологические науки», № 2(56), 2016 г. 
Ғасырымыздың  50-ші  жылдары  лингвистика  мен  психологияның  түйісінде  жаңа  ғылым  – 
психолингвистика пайда болды. Бұл бағыт сөз мағынасының психологиялық жағымен шұғылданды. 
Яғни қабылдау, әңгімелесу, индвидтің жеке қасиеттері т.б. толып жатқан психологиялық мәселелер 
мен  семантикалық  ара  қатынасын  анықтаумен  айналысты.  Ауызекі  сөйлеу  актісіндегі  мағынаның 
құрылымдық  сипаты,  психологиядағы  мағына  рөлі  т.б.  мәселелер  бұл  ғылымның  маңызы  жоғары 
екенін  көрсетті.  Көбіне,  психолингвистика  жеке  адамдар  мен  әр  түрлі  деңгейдегі  адамдарға 
психолингвистикалық эксперименттер жасау арқылы мағына табиғатын анықтауға тырысты. Шетел 
писхолингвистикасының  негізін  салушы  ғалымдар  Т.Слама-Казаку,  Г.Хауэс,  И.Осгуд, 
М.Миллер,Р.Кейсли, Дж.Диз, У.Ламберт, Н.Моор, С.Ервин, Х.Поллио және  т.б. Психолингвистика 
негізінен  мағынаның  ассоциацияларын  эксперимент  арқылы  зерттеумен  айналысқандағы  мақсаты, 
сөздің  мағыналық  құрылымын  айқындау.  Бұл  саладағы  жұмыстар  тілдерді,  сол  тілдердің 
диалектілерін  өзара  салыстыру,  сұрақ-жауап  түрінде  анкета  жүргізу  т.б.  психологиялық 
эксперименттер арқылы жүзеге асты. Бұл бағытта мына екі аспектідн қаралды: мағына – объективті, 
психикалық  факт  ретінде  не  мағына  сөлеушінің  санасына  байланысты  субъективті  факт  ретінде. 
Сөздердің  мағыналық  құрылымының  компоненттеріне  жекелей  эксперименттер  жүргізе  отырып, 
олардың  психологиялық  ерекшеліктерін  ашты.  Адамның  психо-физиологиялық  сөйлеу  тіліндегі 
өзгерістерін  айқындады.  Бұл  бағыттың  негізгі  жұмысы  синтагматикада  жүзеге  асуда,  сол  себепті 
оның шұғылданатын мәселесінің ауқымы қазіргі таңда өте кең көлемде екенін айтқан жөн.  
Психолингвистика  –  бұл  экспериментальды  ғылым,  дәстүрлі  лингвистика  байқау  әдісі  арқылы 
дайын  мәтінді  тексерсе,  психолингвистика  сол  мәтіндердің  құрылымдық  жағынан  түзілу  үдерісін 
тәжірибе жүргізу арқылы анықтайды. Мұнда ең бастысы, тілді адамнан бөліп қарау емес, керісінше, 
тілдің адамның сөйлеу қызметінде қолданылуы [1,441б.].  
Психолингвистика  дәстүрлі  тілтанымда  жинақталған  теориялық  материалдарды  жоққа 
шығармайды,  керісінше,  оны  өз  тәжірибесінде  пайдаланады.  Ол  қарастыратын  басты,  маңызды 
мәселелердің  бірі  -  адамның  сөздік  қорының  түзілуі.  Ең  алдымен,  адамның  тілді  қолданудағы 
психологиялық іс-әрекеттердің жұмысын қарастыру, яғни адам не себепті сөзді түсінеді, неліктен кез 
келген сөзді айту арқылы оған сол мезетте жауап бере алады -  міне, осы сұрақтардың жауабын сөздік 
қордың реттелуі, тәртібі, жүйесінен іздеу керек [2,8б.].  
Сөздік қор (лексикон)  белгілі  бір  тәртіпке  келтірілген жүйе,  онда  алынған  ақпарат  сұрыпталып, 
екшеліп,  орын-орнымен  орналасқан.  Сондықтан  қажетті  ақпарат  өте  оңай  алынады.  Тілші-ғалым 
Е.С.Кубрякованың  айтуына  қарағанда  бұл  жүйенің  негізінде  ассоциациялар  жатыр.  Бірақ  
ассоциациялар бір сөзде әртүрлі болуы мүмкін [3,99б.].  
Тілдегі  семантикалық  үдерістерді  психологиялық  жағынан  түсіндірудің  қажеттілігіне 
алғашқылардың  бірі  болып  ХІХ  ғасырда  көңіл  аударған  неміс  ғалымы  –  В.Вундт  болды.  Оның 
негіздемесінде  сөздердің  мағыналарының  ауысуының  төрт  түрлі:  тарихи,  логикалық,  этикалық, 
теологиялық  көзқараста  қарастыру  керек  дейді.  Ол  тілдегі  семантикалық  құбылыстарға 
психологиялық тұрғыдан қарау ең дұрыс сенімді, тексерілген түрі деп есептейді [4, 78б.].  
Сөздердің  мағыналарының  өзгеру  заңдарын  В.Вундт  жалпы  ассоциативті  байланыстар  заңы  деп 
есептейді.  Оның  үш  түрі  бар.  Біріншіден,  бұл  байланыс  ұқсастығына,  іргелестігіне  (кеңістік  пен 
уақыт)  және  қарама-қайшылықтығына  қарай  болып  бөлінеді.  В.Вундт  семантикалық  өзгерістерді 
регулярлық,  сингулярлық  (жеке)  деп  жіктейді.  Біріншісі  –  жалпыпсихологиялық  уәждермен 
шектеседі, бұған ассимилятивті өзгеру (ауысулар) жатады. Мысалы: дене мүшелерінің атауын басқа 
заттарға теліп айту – үстелдің аяғы, домбыраның құлағы, терезенің көзі т.б. компликативті (белгілі 
бір сезім органдары немесе сезімдермен байланысты сөздердің басқа сезімдік қабылдау аумағында 
қолданылуы)  жарқын  дауыстар,  суық  түсті  бояулар  т.б.  яғни  адам  ыстық  оттың  жалыны  қызыл, 
қызғылт екенін, суық мұздың түсі көкшіл, жасыл, қара көк екенін бала күнінен біледі, тіліміздегі түсі 
суық,  өңі  жылы  деген  тіркестердің  төркіні  осыған  барып  саяды;  эмоционалды  (сөз  ұқсас  эмоция 
шақыратын затқа таңылады, сондай-ақ мағынаның ассоциациялық қоюлануы) – анықтағыш өзіне өзі 
бірге  жиі  қолданылатын  анықталғыш  мүшенің  мағынасын  таңдап  алады.  Екінші  типтегі  ауысулар 
жеке,  өзіндік  себептері  бар  семантикалық  үдерістерді  қамтиды.  Мысалы:  белгілі  бір  заттардың 
жасалған, шыққан жерінің атауымен аталуы және т.б.    
Дж.Диз, ассоциациялық байланыстарды лексиконның қалыптасуының негізі ретінде түсініп, жеке 
тұлғаның жеке сөйлеу тәжірибесіне сүйене отырып қарастыруды ұсынады. Ғалым ассоциациялардың 
пайда болу үдерісі адамның когнитивтік қызметін қамтамасыз етеді дейді [5,53б.].  Ассоциациялар 
туралы  жаңа  көзқарастар  экспериментальды  зерттеулердің  пайда  болуына  әкелді.  Мұнда  адамның 
17
 

Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Хабаршысы, «Филология ғылымдары» сериясы, № 2 (56), 2016 ж. 
лексиконының  ішкі  құрылымын  тексеру,  айқындау  қолға  алынады.  Еркін  ассоциацияларды 
пайдалана  отырып  жүзеге  асырылатын  эксперимент  сөздердің  бір-бірімен  байланысын,  адам 
санасында  орналасу  тәртібін  зерттейді.  Оның  мәні:  адам  оған  берілген  стимул  сөзге  есіне  бірінші 
түскен сөзбен немесе сөз тіркесімен, нақты айтқанда, реакция сөзбен жауап беру керек. Сол мезеттегі 
адам санасында болып жатқан байланыстар, құбылыстар ассоциациялық сипатқа ие болады.  
Тілдік  жүйедегі  сөз  өзінен  басқа  сөздермен  ассоциативтік  байланыста  болады.  Олар  тілді 
қолданушылардың  санасында  бір-бірімен  тығыз  байланысты  элементтердің  бірлігі  немесе  қарама-
қарсы мағынадағы қатынастар түрінде сақталады. Бұл бірлікке немесе тұтастыққа бір грамматикалық 
класқа кіретін сөздер жатады. Сөйлеушінің санасындағы сөздердің бір-бірімен қарым-қатынасының 
сипаты парадигматикалық ассоциациялардан анық байқалады.  
Парадигматикалық қатынастарға: синонимия, антиномия, гипперонимия, гипонимия жатады. Ф.де 
Соссюрдің айтуынша ассоциациялық байланыс тек қана бір-бірімен парадигматикалық байланыстағы 
сөздердің  қатарында  туады  [6,43б.].  Келтірілген  сөздің  семантикасы  –  оның  синтагмалық, 
парадигматикалық байланыстарының бірлігімен анықталатындығы белгілі болды.  
Парадигматикалық  байланыс  –  тілде,  ал  синтагматикалық  болса  сөйленімде  өмір  сүреді. 
Синтагматикалық байланысқа – сөйлеу қызметінің синтаксистік заңдылықтары жатады. Сөз-стимул 
сөз-реакциямен синтаксистік қатынасқа түсіп, сөз тіркесін немесе сөйленімнің негізін құрайды.  
Синтагматикалық  ассоциацияны сөз табының категориялары бойынша бөлуге болады. Мысалы: 
зат есім-сын есім, зат есім-етістік т.б. дос-кездесу, дос-үш, дос-жақсы және т.б. 
Сөз-ассоциат  –  бұл  тек  қана  заттардың,  құбылыстардың  атауы  ғана  емес,  сонымен  қатар  олар 
адамды қоршаған әлемнің бір бөлігі, адам санасында сәулеленуі арқылы олар сол халыққа ғана тән, 
сол халықтың мәдениетімен шектелген ерекше қасиеттерге ие бола бастайды [7,64б.].    
Сонымен ассоциация белгілі бір тілде сөйлеушінің рухани-танымдық игілігі болып саналады. Ол 
адамның сөйлеу қабілетін көрсететін тіл жүйесінің тереңінде жатқан мағыналардың байланыстарын 
бере  алады.    Сөзде екі  мағына бар:  біріншісі,  объективті-этимологиялық  жақын  мағына,  ол  заттың 
белгісін  көрсетеді,  екіншісі,  субъективті  алас  мағына  мұнда  заттың  белгілері  көп  болады.  Сөздің 
бірінші мағынасы ойдың біздің санамыздағы мазмұны. Егер біз субъективті мағынаны алып тастасақ, 
сөзде дыбысталу, сыртқы форма және этимологиялық мағына қалады, ол да форма, яғни сөздің «ішкі 
формасы»  [8,45б.].    Ол  ойдың  мазмұнының  санаға  қарым-қатынасын  білдіреді,  нақтырақ  айтсақ, 
адамның өз ойының өзіне қалай елестеуін көрсетеді.       
Ассоциациялық  қатарлар  әрбір  адамда  әр  түрлі,  яғни  адамның  дүниетанымы,  оның  тіл 
қолданысындағы  атаулар    құрылымы  мен  олардың  арасындағы  қарым-қатынастарға  байланысты 
жеке,  ерекше  болады.  Ассоциация  сипатына  сол  адамның  жасы,  жеке  басындағы  ерекшеліктері, 
географиялық  жағдайлары,  мамандығы,  және  т.б.  әсер  етеді.  Ал  ұлттық  ұжымдық  сана  немесе 
этностық  санада  ассоциация  тұрақты  болады,  өйткені  сөздер  арасындағы  байланыс  ұдайы 
қайталанып отырады.  
Тіл  біліміндегі  концептілік  мәнге  ие доминанттар  ұлттық  танымдық  қорда  орын  алатын  мәдени 
ақпараттық мазмұнға ие тілдік таңбалар жүйесі болып табылады. Олар ақиқат дүние мен бейақиқат 
дүние  фрагменттерін  адам  санасында  ұялатушы  объективті  басты  тілдік  құрал.  Поэтикалық 
контекстегі  концептілердің  көркем  бейнеленуі  ұлт  дүниетанымында  клгнитвтік  модель 
қалыптастыратын символдық, когнитологиялық, ассоциациялық ерекшеліктерді көрсетеді [9]. 
Қорыта айтқанда, сөйлеуші мен тыңдаушының ойлары тек сөзде ғана тоғысады. Белгілі бір сөзді 
айту үстінде сөйлеушілердің ойлары бірдей болмайды, себебі олар көз алдында тұрған бір затты өз 
таным-түсініктерінің деңгейінде ғана қабылдайды. Адамдар бір-бірімен заттардың белгілерін жеткізу 
арқылы  емес,  бір-біріндегі  түйсік,  елестерді,  ұғымдарды  қозғау  арқылы,  рухани  аспаптарының 
пернелерін дөп басу арқылы түсініседі. Соның өзінде бір нәрсе туралы әр адам әр түрлі ойлайды. Сөз 
тек ойлау құралы емес, адамның өзін-өзі тануының бірлігі, сондықтан ол адамдар арасында саналы 
байланыс орнатады.  
Адам  ойының  құдіретті  күші  сөздің  адам  санасындағы  бейнелерді  қозғауында  емес, 
жандандыруында, адамның өз тарихи жадысының бай қорын пайдалануына жағдай жасауында деп 
есептеу  керек.  Осы  тұрғыдан  алғанда,  тілдің  терең  құрылымдарында  жатқан  ассоциациялық 
байланыстардың негіздерін анықтап, зерделеу жұмыстарын одан әрі жалғастырып, тереңдету қажет. 
 
18 

Вестник КазНПУ им.Абая, серия «Филологические науки», № 2(56), 2016 г. 
1
 
Лингвистический  энциклопедический  словарь.  Языкознание  //Под  ред.  В.  Н.  Ярцевой.  -  М.: 
Советская энциклопедия, 1990.-683с. 
2
 
Сахарный Л.В. Введение в психолингвистику. Л.: Изд-во Ленинградского университета,1989.-
181с. 
3
 
Кубрякова E.С. Человеческий фактор в языке. Язык и порождение речи.-М.:Наука,1991.-240с. 
4
 
Вундт В. Проблемы психологии народов. - М.: 
Академический проект
, 2010. - 136 
с.  
5
 
Залевская  А.  А.  Вопросы  организации  лексикона  человека  в  лингвистических  и 
психолингвистических исследованиях. - Калинин: Калинин. гос. ун-т, 1978.-88с. 
6
 
 
Соссюр Фердинанд де. Курс общей лингвистики. Пер. с французского. М.: Едиториал УРСС, 
2004. 
(Лингвистическое наследие XX века).  - 256 с.  
7
 
Залевская А.А. Проблемы организации внутреннего лексикона человека. – Калинин: Калинин. 
гос. ун-т.  1977. - 83 с. 
8
 
Ғиздатов Ғ.Г. Тілдік және когнитивтік үлгілердің арақатынасы. ҚР ҒМ-ҒА Хабарлары. Тіл, 
әдебиет сериясы. 1996. №4.   
9
 
Жиренов,  С.А.  Тілдегі  эпитеттердің  лингвокогнитивтік  табиғаты  //  Абай  атындағы 
ҚазҰПУ-нің хабаршысы. Филология сериясы = Вестник КазНПУ им. Абая. Серия филологическая. – 
Алматы, 2011. – № 2 (36). – 16-18 б. 
 
Резюме 
Б.К.Акбердыева – доцент кафедры казахского языка и литературы КГТУИ имени Ш.Есенова, 
к.ф.н., ассоц. профессор bakberdieva@bk.ru 
Психологические основы семантических процессов в языке 
В  статье  рассматриваются  ассоциативные  связи  между  словами  с  пихолингвистической  точки 
зрения,  дается  обзор  исследований  названного  семантического  явления,  указывается  его  место  в 
языкознании. 
Цель  статьи  заключается  в  исследовании  при  помощи  эксперимента  ассоциаций  значений  на 
основе  психолингвистики,  в  определении  семантической  структуры  слова.  Новые  взгляды  на 
ассоциации открыли путь к образованию экспериментальных исследований. Здесь в качестве объекта 
исследования  взяты  проверка,  определение  внутренней  структуры  лексикона  человека.  Путем 
использования свободных ассоциаций и осуществления связи между собой экспериментальных слов, 
исследуется порядок и расположения в сознании человека. Смысл этого: человек должен ответить на 
данное  ему  слово-стимул  первым  пришедшим  ему  на  ум  словом  или  словосочетанием,  а  точнее, 
словом-реакцией.  Связи,  явления,  которые  происходят  в  тот  момент  в  сознании  человека,  носят 
ассоциативный характер 
Ключевые  слова:  психолингвистика,  ассоциативная  связь,  семантическое  поле,  ассоциативное 
поле, слово-стимул, слово-ассоциат. 
 
Summary 
Psycological base of semantic process in language 
B.K.Akberdiyeva - Caspian State University of Technologies and Engineering named after Sh. Yessenov 
Candidate of philological siences, associate professor, bakberdieva@bk.ru 
Abstract:  The article concerns the problem of  associon of words according to psycholinguistics.  
Psycholinguisticsis the exsperimental way of reseach of semantic and its aim is to clearyfy semantic structure 
of words.  
New view of  association opensthe to reseach. The aim of researches is to clear the internal structure of  
human lexics. It investigates connection  of exsperiment words and situation of  it in human mind. It means 
that one must answer which he thinks first. At that moment every events, changings in one
′s mind is 
assocional form.  
Key words:   psycholinguistics, assosocial connection, semantic area, words-stimule, words-assousation 
 
 
 
 
 
 
19
 

Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Хабаршысы, «Филология ғылымдары» сериясы, № 2 (56), 2016 ж. 
ӘОЖ 81'374 
 
КОММУНИКАЦИЯЛЫҚ БІРЛІКТЕРДІҢ СӨЙЛЕУ АКТІЛЕР  
ТЕОРИЯСЫНДАҒЫ КӨРІНІСІ 
 
Аккузова А.А. – әл-Фараби атындағы ҚазҰУ 6D021300 – Лингвистика мамандығының 1курс PhD 
докторанты, 
a.a.a.___1990@mail.ru

Қайырбекова Ұ.С. – Қазақстан инженерлі-педагогикалық 
Халықтар достығы университеті ф. ғ. к., доцент 
Ғылыми жетекші: Манкеева Ж.А. ф.ғ.д., профессор, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ 
 
Мақалада коммуникациялық бірліктердің сөйлеу актілер теориясындағы көрінісі жайлы сөз қарастырылады. 
Сөз – сөйлеу кезінде жасалмайды, даяр тұрған тұтас бірлік ретінде жұмсалады. Ол даяр күйінде сөз тіркесінің 
немесе сөйлемнің құрамында қолданылады. Еркін сөз тіркесі мен сөйлем – сөйлеу кезінде құрастырылса, сөз – 
өзінен  күрделі  бірліктер:  сөз  тіркесі  мен  сөйлемнің  құрамына  бұрыннан  бар  даяр  қалпында  енеді.  Қазіргі 
лингвистиканың  маңызды  ерекшелігі  ойлау,  тіл  және  танымның  біртұтас  когнитивтік  тілдік  кешен  ретінде 
қарастырылуымен айқындалады. Коммуникативтік бірліктердің бұл түрінде қазақ ділінің дүниетанымы, өмірлік 
көзқарасы,  тыныс-тіршілігі  көрініс  тауып,  ғасырлар  бойы  ұрпақтан-ұрпаққа  жалғасып  отырады.  Шындық 
өмірдің көрінісін саналы түрде танудан сөз құдіретіне сену қалыптасып, сенім мен шынайы ойлаудың бірлігін 
анықтайтын коммуникативтік бірліктер дүниеге келген. 
Түйін сөздер:  коммуникация, коммуникативтік, мәтін, семантика, антпропоөзектік сипат, коммуникативтік 
бірліктер, ақпарат. 
 
Контаминациялық қатынас сөйлеу кезіндегі сөйлемдердің семантикалық, логикалық байланысын 
анықтап,  дикурстық  ақпараттың  мәнін  ашуға  мүмкіндік  жасайды.  Дискурстық  ақпарат  баяншының 
санасында  кодталып,  бір  автордан  шығады.  Т.Ермекова  өзара  субъект  предикаттық  қатынасқа 
негізделген, белгілі бір дәрежеде дербестігі бар, бірақ өзінің алдындағы не өзінен кейінгі сөйлеммен 
мағыналық  әрі  интонациялық  тұтастықтағы  шындық  болмыстың  өзі  не  оның  бір  сапасы  туралы 
сөйлеуші  ойының  тілдік  бейнесі  үйлесімділік,  ортақсастық,  паралельдік,  жүйелілік  қағидаттарына 
сүйенетінін  айта  келе,  тілдік  компоненттердің  басты  ерекшелігін  «бір  автордан  шығатындығында» 
деп  көрсетсе  [1,  13  б.],  В.Дресслер  бір  автордан  шығатын  сөйлемдердің  байланысы  туралы  «мәтін 
ішіндегі сөйлемдер ортақ элементтердің негізінде байланысады. Мұндай байланыстың екі түрі бар: 
когезия және когеренттілік» деп атайды [2, 111-137 б.]. Ғалымдардың тұжырымы коммуникативтік 
мақсаты  ортақ  сөйлемдердің  байланысу  жолдарын  көрсетеді.  Бұл  семантикалық,  қисындық  жақтан 
үйлесім  тауып,  семантикалық  тұтастықта  жұмсалатын  сөйлемдерге  тән  қасиет  болып  табылады. 
Бірінші сөйлемдегі ақпараттың мазмұны екінші сөйлемде жалғасын тауып, олардың коммуникативтік 
мақсаты  дискурстық  ақпарат  беруге  негізделеді.  Сондықтан    мәтін  ішіндегі  сөйлемдер  дискурстық 
ақпарат  беретін  коммуникативтік  бірліктер  қатарын  түзеп,  коммуникативтік  сыңарлар  ретінде 
жұмсалады.  Дискурстық  ақпарат  сөйлемдегі  ой  тиянақсыздығының  ашылуына  басқа  сөйлемнің 
ықпалын, сөйлемнің мәнмәтінге тәуелділігін көрсетіп, ой сабақтастығы мен мағыналық байланыстың 
арақатынасын  саралайды.  Коммуникативтік  сыңарлар  мәтін  бөліктерін  байланыстыру,  мәтіннің 
ақпараттық,  көркемдік  деңгейін  арттыру  қызметтерін  атқарып,  мәтіннің  бірбүтінділігін, 
байланыстылығын,  қамтамасыз  етеді.  Тілдегі  жекелеген  дыбыстардың,  сөздердің,  морфемалардың, 
синонимдердің  немесе  синтаксистік  конструкциялардың  қатар  тұрып,  яки  арасына  бірді-екілі  өзге 
сөздерді ғана кірістіре отырып қайталана жұмсалуын танытатын реприза тәсілі және қызметтері өзара 
ұқсас  келетін,  басыңқы  сөйлемге  немесе  негізгі  сөзге  синтаксистік  қатынасы  жөнінен  бірден 
бағынышты, тәуелді болатын элементтер тобын анықтайтын синтаксистік конвергенция тәсілі, мәтін 
құрамындағы синонимдер, бірыңғай мүшелердің қабаттаса жұмсалуы, параллель конструкциялардың 
қолданысы,  анафоралық  қатынастағы  есімдікті  субституция,  көбінесе  ғылыми  мәтіндерде 
қолданылатын  жалғаулықтар,  катафоралық  қатынастағы  дейскистік  есімдіктер,  қыстырма, 
жалғаулық,  тәуелдік  жалғаулы  сөздер  мәтін  құрамындағы  коммуникативтік  сыңарлардың 
байланысуын, дискурстық ақпараттың берілу жолдарын саралайды. 
Дискурстық ақпарат когеренттілік байланыс негізінде де анықталады. Ол мәтінге тән тұтастылық 
категориясының  мәнін  анықтайды.  Тұтастылық  –  сыртқы  байланыстың  ішкі  байланысқа  кірігуі. 
Сыртқы  байланыс  мәтінге  қойылған  тақырыптан  басталып,  тақырыптың  қабылдаушының 
дүниетанымына,  психологиясына  әсер  етуі.  Ішкі  байланыс  –  тақырып  мазмұнын  ашатын 
коммуникативтік бірліктердің семантикалық тұтастықта жұмсалуы. 
20 

Вестник КазНПУ им.Абая, серия «Филологические науки», № 2(56), 2016 г. 
Мәтін тақырыбын еркін, дербес, тұрақты қатынастағы тақырыптар түрінде топтастыруға болады. 
Еркін  қатынастағы  тақырыптар  көркем  мәтін  мен  ғылыми  мәтіндерге  тән.  Дербес  қатынастағы 
тақырыптарға  библиографиялық  көрсеткіштерде,  кітапхана  катологтарында  болатын,  белгілі  бір 
автордың  шығармасы  туралы  хабар  беретін  тақырыптар  жатады.  Олардың  әрқайсысы  оқырман 
қолына  жеке-жеке  түскенде,  мәтіннің  тақырыбы  еркін  қатынастағы  тақырыпқа  ауысады.  Тұрақты 
қатынастағы тақырыптар бата, жар-жар, сыңсу, айтыс, бесік жыры т.б сияқты этномәдени сипаттағы 
мәтіндерге  тән.  Еркін қатынастағы  тақырыптарда  мәтіннің  идеясы,  мазмұны  әр  түрлі  болып,  соған 
қарай  тақырып  таңдалса,  тұрақты  тақырыптағы  мәтіндердің  идеясы,  мазмұны,  коммуникативтік 
мақсаты біреу болады. Соған байланысты бірнеше мәтіндер бір ғана тақырыптың мәнін анықтайды. 
Тілдің  қисынмен,  психологиямен,  таныммен,  коммуникациямен,  мәдениетпен  байланысы  оның 
белгілі  бір  жүйесі  бар  жүйелік  құрылым  екенін  дәлелдейді.  Тіл  жүйесіндегі  қисын-грамматикалық 
(логика-грамматикалық)  категория  (И.И.Мещанинов),  сезімдік  таным  (Ф.Н.Шемякин),  ұлт  тілі 
(Н.Г.Комлев)  сияқты  тіл  мен  ойлаудың  бірлігін  құрайтын  категориялар  тілдің  құрылымдық 
жүйесімен байланысты айқындалды. Сол сияқты коммуникативтік бірліктер тілдің коммуникативтік 
қызметін  анықтайтын  тіл  бірліктері  ретінде  тілдік  қатынас  пен  құрылымдық  тіл  білімін  өзара 
байланыстырады.  Олардың  байланысын  сөйлем  ішіндегі  сөздердің  жұмсалымы  тұрғысында 
айқындау қажет. В.С.Юрченко: «Чтобы состоялся акт речевого общения, грамматическая структура 
(модель) предложения должна наполниться конкретным лексическим (вещественным) содержанием. 
Такое  наполнение  происходит  в  речи;  оно  приводит  к  образованию  реальной  коммуникативной 
единицы»  дей  келе,  сөйлем  мен  оның  құрамында  жұмсалатын  сөздердің  ерекшеліктерін  атап 
көрсетеді.  Сөйлем  инвариантты,  құрылымдық,  грамматикалық,  ауани  (виртуалды)  болса,  сөйлем 
құрамында  сөздер  нұсқалы  (вариантты),  глобальды,  лексикалық,  өзектендірілген  түрде 
жұмсалатынын айтады [3, 144 б.]. Адамдар айтар ойын өзінің санасы жауап бере алатын нормаға сай 
жүйелейді.  Бұл  норманың  тілдегі  көрінісі  сөйлемнің  синтаксистік  құрылымынан  және  сөйлем 
құрамындағы сөздердің байланысынан анықталады.  
Сөйлем  құрылымынан  туындайтын  коммуникативтік-грамматикалық  категориялар  біріншіден, 
қисындық  бастауышқа  негізделген  сөйлемдердің  арқылы  сараланады.  Ғалым  Ж.Сәдуақасұлы: 
«Жақтық  мәні  құрылымындағы  ілік,  барыс  септікті  сөздерден  байқалатын  не  мүлде  көрінбейтін 
грамматикалық бастауышы жоқ, оны енгізуге де болмайтын бір құрамды сөйлем түрі» [4, 246 б.] деп 
атаған  жақсыз  сөйлемдердегі  семантикалық  инварианттар  қисын-грамматикалық  (логика-
грамматикалық)  жақтан  ерекшеленіп,  коммуникативтік  бірліктердің  коммуникативтік-
грамматикалық  сипатын  айқындайды;  екіншіден,  сөйлемдегі  ақпарат  мазмұнының  күрделенуі 
грамматикалық  тәсілдер  арқылы  анықталады.  Олардың  екі  түрлі  жолы  бар:  1)  жай  сөйлемдердің 
мағыналық  жақтан  өзара  іліктес  болуы;  интонациялық  тұтастыққа  ие  болуы;  сыңарлардың  бәріне 
қатысты  ортақ  мүшенің  болуы;  белгілі  бір  сөздің  сыңар  сайын  қайталанып  айтылуы;  бірінші 
компонентте айтылған сөздің екіншіде есімдікпен қайталануы; сыңар баяндауыштарының бірыңғай 
жақтық,  шақтық  тұлғада  айтылу  арқылы  коммуникативтік  компоненттер  іргелесе  байланысу 
қабілетіне  ие  болып,  олар  мезгілдік,  қарсылықты,  себептік,  шарттық,  теңдік,  айқындауышты, 
объектілік,  телінбе,  ауыспалы  мәндегі  коммуникативтік  мағынаның  мәнін  анықтайды;                        
2) коммуникациялық компоненттер да, дежәне, сондай-ақ, сонымен қатар, әрі, ал жалғаулықтары 
арқылы  байланысып,  мезгілдес  мәнді  білдіреді.  Сондықтан  (сол  үшін,  сонан  соң)  сол  себепті, 
өйткені  (себебі,  неге  десең,  ендеше)  жалғаулықтарымен  байланысқанда  себептестік  мәнде 
жұмсалады.  Да,  бірақ,  дегенмен,  алайда,    әйтсе  де,  әйткенмен,  сонда  да  жалғаулықтары  арқылы 
қарсылықты мәнді білдіреді. Әйтпесе, болмаса жалғаулықтарының қызметінен шартты мәнді, да, де, 
ал жалғаулықтары арқылы салыстырмалы мәнді анықтайды. Я, мейлі, не, немесе, яки, я болмаса, не 
болмаса,  әлде,  мейлі  жалғаулықтары    талғаулықты  мәнді,  біресе,  бірде,  кейде  жалғаулықтары 
кезектестік мәнді білдіріп, коммуникативтік қажеттілікті өтейді. Шартты райдың - са,- се; -са,-се + да 
/де;  - ма + й; - ма + й + ынша/ ме+ й+ інше: - а, -е; -а,- е,- ма + й;  -ғалы/ -гелі, -қалы/ келі; -ғанша /- 
генше ,- қанша/ кенше; -ысымен,- ісімен; - п: - - ма + й, - а,- е;  - ғандай, - де  + п, - ма, ме + ған/ ген + 
да, де (болымсыздық жұрнақ + есімше + жатыс септік); - ған+ мен (есімше+көмектес септік); -ған/ 
ген + на/не  қарамастан (есімше + барыс септігі); - ған/ген + да, де (есімше+ жатыс септігі);  - ған/ ген, 
қан/кен +  кезде, шақта, соң, сайын; -ар/ ер + да/ де; -  ған / ген, қан / кен+ ға/ге, қа/ке дейін, шейін; - 
ған/ген, қан/ кен +  нан/нен, дан/ден кейін, бері былай; -ған + дықтан; - ған + соң  - ға/ ген + да/де  
формасы  негізінде  шарттылық,  қарсылықты,  мезгіл,  түсіндірмелі,  салыстырмалы,  үлестес,  себеп, 
амал, үлестестік мақсат мәнді [5] коммуникативтік мағынаның мәні анықталады. 
21
 

Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Хабаршысы, «Филология ғылымдары» сериясы, № 2 (56), 2016 ж. 
Сөйлем  құрамындағы  сөздердің  байланысуынан  қалыптасатын  коммуникативтік-грамматикалық 
категориялар  жеке  сөздер  мен  сөз  тіркестерінің  құрылымы  тұрғысында  анықталды.  Ж.А.Жакупов 
синтаксистік  бірліктердің  көп  қырлы  сипатын  логикалық,  құрылымдық,  семантикалық, 
коммуникативтік  аспект  тұрғысында  анықтады  [6]  Осыған  орай  коммуникативтік-грамматикалық 
категория сөз тіркестерінің коммуникативтік аспектісі тұрғысында екі түрлі құрылымға жіктеледі: 1) 
грамматикалық  байланыстың  семантикалық  үйлесімділікке  тәуелді  екенін  қамтамасыз  ететін 
сөздердің байланысуы; мысалы, жоғары – төмен, алды – арты, оң – сол сөздері кеңістік пен жанды 
заттың  арасындағы  ассиметриялық  байланысты  білдіретіндіктен  жоғары,  төмен  сөздері  сөздің 
қарады,  ұшты,  қойды  т.б  етістіктерін  өзінен-өзі  қажет  етеді.  Алды,  арты  сөздері  қарады,  жүрді 
етістіктерін, оң, сол сөздері бұрылды, қарады етістіктерін талап етіп, барыс септік жалғауы арқылы 
байланысады. Олар іс-әрекеттің алты түрлі бағытын білдіретін коммуникативтік семантиканың мәнін 
анықтайды;  2)  арнайы  морфологиялық  көрсеткіштердің  сөз  бен  сөзді  байланыстыру  қызметі.  Атау 
септігі  мен  жіктік  жалғаулар  арқылы  байланысқан  сөздердің  үдерістік  мағынада  жұмсалуы,  ілік 
септік пен тәуелдік жалғаулар арқылы байланысқан сөздердің иелік мәнді мағынада жұмсалуы, барыс 
септік жалғауы арқылы байланысқан сөздердің бару бағытындағы мағынада, табыс септік жалғауы 
арқылы  байланысқан  сөздердің  тура  объектілік  мағынада,  жатыс  септік  жалғауы  арқылы 
байланысқан  сөздердің  заттың  орнын  білдіру  мағынасында,  шығыс  септік  жалғауы  арқылы 
байланысқан  сөздердің  шығу  бағыты  мағынасында,  көмектес  септік  жалғауы  арқылы  байланысқан 
сөздердің  ортақ  іске  жұмылдыру  мағынасында  жұмсалуынан  әр  түрлі  коммуникативтік 
семантиканың мәні анықталады.  
Қарым-қатынастың  түрлері  көп.  Тілдік  қатынас  –  тіл  арқылы  байланыс,  сөйлеу  тілі  арқылы 
адамдардың бір-бірімен қарым-қатынас жасауы. Ең алдымен, ерекше орын алатын тілдік қатынастың 
негізгі мазмұны, мәні, мағынасы болып табылатын – хабарды іс жүзінде асырушылар, хабарға тікелей 
қатысушылар. Олар мынадай құрамнан тұрады:  
1.
 
Белгілі бір ақпаратты, деректі хабарлайтын – баяншы.  
2.
 
Ақпаратты жеткізетін – тұлғалар.  
3.
 
Ақпаратты, не деректі – қабылдаушы [7]. 
Тілдік  коммуникация  ақпаратты  игерушілердің  сыртқы  болмыспен  тікелей  қарым-қатынасынан 
туындайтын  деректер  негізінде  адам  танымымен  байланысты  болып,  адамдар  арасындағы  ақпарат 
алысудың үдерісін анықтайды. Профессор Б.Хасанұлы атаған «жалпы қатынас атаулының тіл арқылы 
жүзеге  асатын  түрі»  [8,  4  б.]  тілдік  коммуникация  болып  табылады.  Сөйлеу  актісінде  бұл  үдеріс 
дыбыстық  тіл  және  тілдік  емес  амал-тәсілдердерді  қолдану  арқылы  жүзеге  асады.  Дыбыстық  тіл 
вербалды  және  суггестиялық  коммуникацияның  түрлерін,  тілдік  емес  амалдар  бейвербалды  және 
тактикалық коммуникация түрлерін саралайды.     
Қазіргі тілтанымның маңызды ерекшелігі ойлау, тіл және танымның біртұтас когнитивтік тілдік 
кешен  ретінде  қарастырылуымен  айқындалады.  Тіл  мен  ойлаудың  байланысы  тілтанымдық 
философияның негізін құрайды. Объективтік шындық, яғни табиғи құбылыстар туралы ұғымның сөз 
арқылы,  ал  пайымдаудың  сөйлем  арқылы  тілмен  жеткізілуі  тіл  мен  ойлаудың  бір  қырын  танытса, 
ойлау  үдерісінің  іштей  сөйлеумен  байланысы  екінші  қырын  айқындайды.  Ал,  ойлаудың  сеніммен 
байланысы  оның  үшінші  ерекшелігі  болып  табылады.  Сенім  мен  ойлаудың  байланысы  шындық 
өмірдің адам санасында ұзақ сақталған тілдік көрсеткіштерін айқындайды. Сенім ойлаудың ерекше 
типі  ретінде  тілдегі  ділділіктің  (ментальділіктің)  маңызды  көріністерін  ашуға  қызмет  атқарып, 
суггестиялық  коммуникацияның  қалыптасуына  ықпал  етеді.  Суггестиялық  коммуникация  сенім 
туралы  түсінікті  үлгілейтін  коммуникативтік  бірліктердің  тілтанымды-когнитивтік  ерекшеліктерін 
қарастырады. Шындық өмірдің көріністерін саналы түрде тану және ғаламды мифологиялық түрде 
тану мен түйсіну барысында суггестиялық коммуникацияға негіз болатын коммуникативтік бірліктер 
қалыптасты.    Коммуникативтік  бірліктердің  бұл  түрінде  қазақ  ділінің  дүниетанымы,  өмірлік 
көзқарасы,  тыныс-тіршілігі  көрініс  тауып,  ғасырлар  бойы  ұрпақтан-ұрпаққа  жалғасып  отырады. 
Шындық өмірдің көрінісін саналы түрде танудан сөз құдіретіне сену қалыптасып, сенім мен шынайы 
ойлаудың бірлігін анықтайтын коммуникативтік бірліктер дүниеге келген. Олардың тілдегі көрінісі 
бата-тілектерде  айқын  орын  алады.  Ғаламды  мифологиялық  тұрғыда  танудан  сөз  киесіне  табыну 
қалыптасып,  сенім  мен  мифологиялық  ойлаудың  нәтижесін  көрсететін  коммуникативтік  бірліктер 
қалыптасқан.  Олардың  тілдегі  көрінісі  дүниенің  мифологиялық  бейнесін  айқындайтын  аңыз 
әңгімелерден, діни наным-сенімнен қалыптасқан тілектерден айқындалады.  
22 

Вестник КазНПУ им.Абая, серия «Филологические науки», № 2(56), 2016 г. 
Коммуникативтік бірліктердің когнитивтік сипаты және олардың танымдық үлгісі тіл – ой – қоғам 
үштігіне негізделіп, тілтаным мен когнитологияның бірлігінен туындайды. Мұнда коммуникативтік 
бірліктер  жалпы  тіл  табиғатын,  қызметін,  өзге  құбылыстармен  байланысу  ұстанымдарын 
айғақтайтын деректер ретінде тұтас бір халықтың ойлау-пайымдау қабілетін айқындап, пәлсапалық 
таным ұғымдарымен тығыз байланыста зерделенеді. Олар нормативті грамматикалармен қатар тілдің 
жаңа қырына зер салып, оның ішкі идеялық философиясын тануға қажетті байланыстың уәжділігін 
анықтайды.  
Коммуникативтік  бірліктер  тілдің  анропоөзектік  сипатын  талдап  қарастыруға,  коммуникация 
тілтанымындағы  тың  мәселелердің  өзектелуіне  әсер  етеді.  Алуан  түрлі  ұғымдардың  тілтаным 
шеңберінде  қолданыс  табуын  айқындайтындықтан,  пәлсапалық,  қоғамдық,  психологиялық 
ізденістерге арқау болады. Олар қазіргі тілтанымдағы пәнаралық шекаралардың ғылыми тұтастығын 
қамтамасыз  етіп,  адамзат  болмысын  ерекше  қабылдауға,  қоғамдық  қатынастарды  жан-жақты 
түсінуге, ғылыми зерттеудің мүмкіндіктерін жаңа бағытқа жұмылдыруға ықпал етеді.  
Коммуникативтік  бірліктер  адам  болмысын,  оның  физиологиялық,  психологиялық  табиғатын 
пайымдап  түсіндіруге  мүмкіндік  беретін  тілдік  қолданыстар  ретінде  адамзат  атаулыға  тән  тіл  мен 
ойлау арақатынасын байланыстырады. Кез келген ой түйінінің астарында адамның табиғи қабілеті, 
жан-жақты тану әрекеті жатады. Адам заттар мен құбылыстарды көзбен көру және вербалды амалдар 
арқылы санасында бекітіп, кез келген нәрсенің жақсы келгені, ненің келгені, қандай жағдаят болғаны 
айқын  көрінбей  тұрады. Оның  мәні  мәтін  құрамында  келіп,  коммуникативтік  қызметке  айналғанда 
толық айқындалады. 
 
1 Ермекова Т. Құрмалас сөйлемдер жүйесі. – Алматы: «Полиграфия-сервис и К», 2008. – 330 б.
 
2 Дресслер В. Мәтін синтаксисі. – Шетел тілтанымындағы жаңа. – Бас. ҮІІІ. Мәтін тілтанымы. 
– 
М.: Прогресс, 1978. – 111-137 бб. 
 
3
 
Юрченко В.С. Коммуникативтік деңгейдегі ойлау, тіл және сөйленім байланыстары жайында. 
// Тіл және ойлау. − М.: Наука, 1967. − 136-152 бб.  

Садуақасұлы Ж. Қазақ тіліндегі бір құрамды сөйлемдердің құрылымдық типтері (етістік бас 
мүшелі сөйлемдер): Филол.ғыл док-ры дис.: 10.02.02. − Алматы, 1997.− 305 б.  

Қазақ  грамматикасы.  Фонетика,  сөзжасам,  морфология,  синтаксис.  Жауапты  ред. 
Е.Жанпейісов. – Астана, 2002. – 784 б.  

Жакупов  Ж.А.  Қазақ  тілінің  функционалдық  синтаксисі  (контекст  проблемасы):  Филол.ғыл. 
док-ры дис.: 10.02.02. − Алматы, 1999. − 225 б.  
7 Айтенова Д.О. Диалог – этикетінің қатысымдық қызметі// Хабаршы. Абай атындағы ҚазҰПУ 
филология ғылымдар сериясы, 2007. т. №3 (21). – 64-66 бб. 

Хасанұлы  Б.  Тілдік  қатынас  негіздері.  –  Алматы:  Қазақ  мемлекеттік  қыздар  педагогика 
институты, 2006. – 86 б.  
 
Резюме 
Аккузова А.А. – КазНУ им. аль-Фараби, PhD докторант 1 курса по специальности 6D021300 – 
Лиггвистика, 
a.a.a.___1990@mail.ru

Кайырбекова У.С. – Казахстанский инженерно-
педагогический университет дружбы Народов к.ф.н., доцент 
Научный руководитель: Манкеева Ж.А. – КазНУ им.аль-Фараби д.ф.н., профессор 
Явления коммуникативных единиц в теории речевых актов 
В статье рассматриваются вопрос о представлении в теории актов речи коммуникативных единиц.  
Слово – не образуется во время речи, а используется как готовая целая единица. Оно используется в 
готовом  виде  в  составе  словосочетания  или  предложения.  Если  свободное  сочетание  слов  и 
предложение образуются во время речи, то слово – входит в состав словосочетания и  предложения в 
готовом  виде.  Значимая  особенность  современной  лингвистики  определяется  рассмотрением 
мышления,  языка  и  познания  как  целого  когнитивного  речевого  комплекса.  В  этих  видах 
коммуникативных  единицах  отражается  передаваемая  из  покаления  в  поколение  на  протяжении 
веков  мировоззрение,  жизненные  взгляды,  жизнедеятельность  казахов.  Из  осознанного  познания 
настоящей жизни формировалась вера в силу слова, появились на свет коммуникативные единицы, 
опеределяющие веру и объективное мышление. 
Ключевые  слова:  коммуникация,  коммуникативный,  текст,  семантика,  антропоцентрическое 
описание, коммуникативные единицы, информация. 
23
 

Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Хабаршысы, «Филология ғылымдары» сериясы, № 2 (56), 2016 ж. 
Summary 
Akkuzova Ainur – 1
th
 
PhD students

a.a.a.1990@mail.ru
Kaiyrbekova U.S. – 
candidate of Philology, 
assistant professor 
Scientific supervisor: Mankeeva Zh.A. – 
doctor of Philology, Professor
, al-Farabi KazNU
 
Communicative unity of theory voice units 
In article the question of representation of communicative units in the theory of the speech acts is brought 
up. A word  is not formed during the speech, but used as ready whole unit. It is used in finished form as a 
part of a phrase or  sentence. If a free combination of words and  sentence are formed during the speech, then 
the word – is a part of the phrase and sentence in finished form. Significant feature of modern linguistics is 
defined by consideration of thinking, language and knowledge as whole cognitive speech complex. The 
outlook, vital views, the activity of Kazakhs transferred from generation to generation throughout centuries 
is reflected in these types communicative units. The belief in word force was formed of conscious knowledge 
of the real life, appeared communicative units, defining belief and objective thinking. 
Keywords: communication, communicative, text, semantics, anthropocentric description, communication 
unit, information. 
 
 
УДК 81.367.7 
 
ПОТЕНЦИАЛ ЧИСЛИТЕЛЬНЫХ ПО СОЗДАНИЮ СЛОВОСОЧЕТАНИЙ И ИХ 
ДИСТРИБУТИВНЫЕ ВОЗМОЖНОСТИ 
 
Алиев Ильхам Бахыш оглы – Бакинский Государственный Университет, 
dilchilik2001@gmail.com
 
 
В  статье  исследуются  возможности  числительных  создавать  словосочетания  со  словами,  относящимися  к 
другим частям речи. Исследование проведено на основе различных видов числительных. Установлено создание 
словосочетаний и составных слов с участием числительных, а также схожие особенности подобных соединений 
в  принадлежащих  к  различным  системам  языках.  Подтверждена  разность  частоты  использования  в  тексте 
свободных  словосочетаний  числительного  состава.  Изучаются  многогранные  особенности  применения 
определенных  количественных  числительных  в  составе  словосочетаний.  Приводятся  образцы  нумеративов  в 
азербайджанском  языке,  которые  используются  при  образовании  количественными  числительными 
словосочетаний  с  существительными.  Они  служат  уточнению  смысла.    На  основе  статистического  анализа 
выясняется,  что  наиболее  часто  употребляются  свободные  словосочетания  с  участием  числительных  первой 
десятки и числительных  on (десять), on beş (пятнадцать), iyirmi (двадцать), qırx (сорок), yüz (сто), min (тысяча). 
В  результате  научного  анализа  автор  выявляет  идентичность  возможности  числительных  создавать 
словосочетания в азербайджанском, русском, английском и других языках.  
Ключевые слова: числительное, словосочетание, составные числительные, словосочетания числительного 
состава, дистрибутивность.  
 
Классификация частей речи осуществляется на основе деления входящих в словарный фонд языка 
слов  по  определенным  принципам.  Части  речи  классифицируются  как  структурно-семантические 
группы слов, отличающиеся друг от друга по смыслу, морфологическим признакам и синтаксической 
роли, комплекту морфологических и фонетических признаков, а иногда, типам словообразования и 
формообразования,  синтаксическим  функциям  в  составе  словосочетаний  и  предложений  [1;  2;  3]. 
Среди исследователей имеет место единство мнений в отношении предназначения числительного в 
качестве части речи. Эта особенность проявляется и в разделении числительных по смыслу. В языках 
мира,  в  том  числе  ив  азербайджанском  языке,  числительные  делятся  по  смыслу  на  две  группы:  1) 
количественные  и  2)  порядковые.  Возможно  также  и  внутреннее  деление  количественных 
числительных: 1) определенные количественные числительные; 2) неопределенные количественные 
числительные; 3) приблизительные количественные числительные; 4) дробные числительные.  
Применение  определенных  количественных  числительных  в  составе  словосочетаний  имеет 
следующие  особенности:  1)  количественные  числительные  используются  в  качестве  первого 
компонента определительных словосочетаний первого типа. Например: on bir futbolçu (одиннадцать 
футболистов),qırx  fәnd  (сорок  приемов),  yeddi  min  yeddi  yüz  yetmiş  yeddi  dәli  (семь  тысяч  семьсот 
семь    удальцов),  qırx  gün  (сорок  дней), yeddi gün  (семь  дней),  yeddi  möcüzә  (семь  чудес)  и  пр.;  2) 
24 

Вестник КазНПУ им.Абая, серия «Филологические науки», № 2(56), 2016 г. 
количественные  числительные  используются  в  качестве  второго  компонента  определительных 
словосочетаний  третьего  типа,  принимают  аффиксы  принадлежности  и  склоняются.  Например:  
oxuyanların ikisi (двое из певцов), quldurların onu (десять из бандитов), işçilәrin iyirmisi (двадцать из 
сотрудников)и пр. 
При образовании количественными числительными словосочетаний с существительными, между 
ними  используются  определенные  слова.  Такие  слова  служат  уточнению  смысла  и  называются 
нумеративами. В азербайджанском языке к нумеративам относятся слова nәfәr, baş, әdәd, dәnә, cüt, 
dәst, parça, tikә, qurtum, nüsxә, qәlib, gilә, cild, qatar, salxım, qaşıq, top, göz, şüşә, sәtir, sәhifә, vaqon, 
sәbәt, şiş, çuval, şәlә, damcı, ovuc, kәlmә, sürü, bölük, kisә, sәnәk, litr, metr, santimetr, kiloqram, kilometr, 
hektar,  kubmetr,  dәfә,  kәrә,  yol,  ağız,  qat  и  пр.  надо  отметить,  что  в  отличии  от  соединений 
числительного  состава,  нумеративные  соединения  более  продуктивны  в  плане  применения. 
Некоторые из нумеративов (әdәd, dәnә, cüt, cild, nüsxә и др.) являются истинными. А некоторые из 
них, являясь существительными (çanaq, kisә, çuval, sәbәt, ovuc, qarış, şiş и др.), выполняют функцию 
нумератива  при  образовании  соединения  вместе  с  числительным.  В  современных  языках 
такиенумеративы  используются  и  в  качестве  независимых  слов,  и  как  нумеративы.  Некоторые 
нумеративные слова (например, cüt), при использовании между числительными и словами, к которым 
они относятся, привносят иной смысловой нюанс. Например, bir dәnә öküz-bir cüt öküz (один бык – 
пара быков). 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   43




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет