Хабаршы вестник «Педагогика ғылымдары» сериясы



Pdf көрінісі
бет30/50
Дата28.01.2017
өлшемі4,2 Mb.
#2933
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   50

Түйіндеме 
Қазақстан Республикасының жоғары білім берудегі реформасының басты бағыты – 2010 жылы Қазақстан Болон 
декларациясы  арқылы  әлемдік  білім  беру  кеңістігіне  енуі  болып  табылады.  Мақалада  Қазақстандағы  Болон 
процесінің негізгі мәселелері толық баяндалады. Мақаланың авторы Қазақстан мен Германия жоғары оқуларындағы 
Болон процесін салыстырмалы түрде қарастырады. 
 
Summary 
Entrance of Kazakhstan in to the world educational space through signing the Bologna declaration in 2010 is the main 
direction of higher education reform in the RK. In the article problems  of realization on of principle positions  of  Bologna 
process  in  Kazakhstan  are  reproduced  in  details.  The  author  of  the  article  also  compares  high  school  of  Kazakhstan  and 
Germany as participant-countries of Bologna processwith equal rights. 
 
Список использованной литературы: 
1.  Болонский  процесс:  середина  пути.  М.:  ИЦПКПС,  20072Модернизация  и  реформирование  национальных 
систем образования. Болонский процесс // Академические чтения “Образование и наука: проблемы и перспективы 
развития”: тез.докл. - Новочеркасск, 20113  Тенденции обновления систем и образовательных стандартов высшего 
образования  государств-участников  СНГ  в  Болонского  процесса. 
  М.:  20134    Туймебаев  Ж.К.  «О  состоянии 
высшего  и  послевузовского  образования  в  Казахстане  и  его  приоритетах»,  Международная  конференция, 
посвященная 20-ой годовщине Великой Хартии Университетов, университет Болонья, Италия, 2008 г. 5  Основные 
проблемы  и  пути  совершенствования  системы  ВО  в  Казахстане.Сулима  С.В.Web-sites  казахстанских 
университетов2012 г. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Хабаршысы, «Педагогика ғылымдары» сериясы, №2(42), 2014 ж. 
 
189 
УДК ӘОЖ 76.03 (574)  
 
ГРАФИКА ӨНЕРІНІҢ АЛҒАШҚЫ НЫШАНДАРЫН ЗЕРТТЕУДІҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ 
 
Р.Р. Берікбол – магистратура PhD докторантура институтының  
6M010700 «Бейнелеу өнері және сызу» мамандығының  
2 курс магистранты, Абай атындағы ҚазҰПУ, 
Ғылыми жетекші: А.С. Сманова – п.ғ.к., аға оқытушы, Абай атындағы ҚазҰПУ  
 
Аңдатпа:  Бұл  мақалада  графика  өнерінің  алғашқы  нышандарын  зерттеудің  маңыздылығын  атап  өттік.    Біздің 
халқымыздың тұрмыс тіршілігінен сыр шертетін графикалық туындылар оданда ерте замандарда пайда болған деп, 
айтуымызға  негіз  бар.    Қазақстан  территориясындағы  алғашқы  графикалық  нышандар  өз  бастауын    ежелгі  тас 
бетіндегі  таңба  суреттерден  алады.  Адам  баласы  есін  білгелі  бері  өнермен  бірге  өзін-өзі  жетілдіріп,  мәдени 
игіліктерін жасап келеді. Бізге  белгісіз, бұлыңғыр  ондаған мың жыл  бұрын да өнердің бастапқы белгілері байқала 
бастаған. Атап айтсақ, тас дәуірінің алғашқы кезеңдерінің өзінде-ақ адамдар графика өнерінің алғашқы нышандарын 
тудырып, ары қарай жетілдіріп, одан әрі дамытып отырғандығын анықтадық. 
Тірек сөздер: графика, графитти, өнер, экзоген, эндоген.  
           
Қазақстанның  өркениет  әлемінен  орын  алып,  дамыған елдер  қатарына  қосылуға  ықпал  ететін,  бірден  бір 
шарт – білмді ұрпақ өсіру мен тәрбилеу болмақ. Сондықтан қазіргі еліміздің алдында біртұтас білім кеңістігін 
қалыптастыру  міндетімен  қатар,  студентердің  санасында  туған  халқының  мәдениетіне  деген  құрмет  пен 
мақтаныш сезімін ұялатып, ұлттық рухты сіңіру, тарихы мен өнерін қастерлеуге тәрбилеу қажеттігі көрінуде. 
Осы орайда этнопедогогика ғылымының негізін салушылардың бірі Г.Волков адамзаттың алтын формуласын 
шығарды, ол келесідей айтылды: «мұрасыз – дәстүр жоқ, дәстүрсіз – мәдениет жоқ, мәдениетсіз – тәрбие жоқ, 
тәрбиесіз –  рух жоқ, рухсыз – тұлға жоқ, тұлғасыз – халық жоқ» [1]. Осы айтылған негізінде графика өнерін 
болашақта жастардың меңгеріп қана қоймай, ол өнерде тек қана бейнелеу ғана емес, көптеген мүмкіндіктер бар 
екені  жайлы  хабардар  еткіміз  келеді.  Графика  өнері  бейнелеу  өнерінің  бір  саласы,  яғни  болашақ  суретші-
педагог  үшін  өнерді  үйретудің  ең  алғашқы  бастамасы  оның  тарихы  мен  қыр-сырларын  тереңінен  түсініп, 
меңгертуде  толыққанды  білім  арқылы  танымдылық  артып,  өнерді  меңгеруге  белсенділіктері  артады.  Тарихи 
қызықты  естеліктер  мен  ата  баба  дәстүрлерінен  сыр  беретін  графика  өнерін  үйретудің  ұлттық  тәрбиелік  те 
маңызы ерекше. Мұнда ұлттық рухани игіліктер мен мәдени құндылықтар туралы мәліметтер жайлы көптеген 
ақпараттар алу мүмкіндігі де орасан. Бүгінгі бейнелеу өнерінен білім берудегі «Графика» мамандарына қатыс-
ты  жаңа  бағыттар  мен  талаптар  қойылуда.  Яғни,  ұлттық  негізде,  өз  тарихы  мен  рухани  мәдениетін  ұғынып, 
түсіне алатын өнер маманын дайындау мәселелері басқада сала бойынша қазіргі күні өзекті болып отыр.  
Қазақстан  Республикасының  «Білім  туралы»  заңында  білім  беру  жүйесінің  басты  міндеті  ғылым  мен 
тәжірибе жетістіктерімен қатар ұлттық рух пен жалпы адамзаттық құндылықтар негізінде жеке адамды қалып-
тастырып  дамытуға  жағдай  жасау  қажеттігі  айтылған  [2].  Сонымен  қатар  мәдени  инфрақұрлым  кеңейтіліп, 
тарихи  құндылықтарды  насихаттау  мен  оларды  жас  ұрпаққа  таныстыру,  бағдарламаның  жұмыс  нәтижесі 
ретінде айқындалған.  
М. Әуезов «Мәдениет һәм ұлт» деген мақаласында, «сымбатты өнер болмаған елде мағыналы тіршілік жоқ. 
Қандай  қауым,  қандай  тапты  алсақ  та  қаны  мен  жанының  суретін  өнер  айнасына  түсірмей  отыра  алмайды. 
Өнерден қуат алмаса, тіршілік шырағы өшеді» [3, 332 – 334 бб.], – деп өнердің адамзат өмір жолындағы маңыз-
дылығын  атап  көрсетеді.  Ғалымдар  Қазақ  мәдениетінен  сыр  шертетін  графикалық  алғашқы  суреттердің 
бастауын XIX ғасырдың екінші жартысында Шоқан Уәлихановтың саяхатқа шығуымен тұспа-тұс келетіндігін 
айтады.  Оның саяхат кезіндегі долбарлары, қысқа мерзімді суреттері, портреттері, табиғат және ежелгі ескерт-
кіштер  суреттері,  осы  күні  бізге  жеткен  туындылар  қатарында.  Шоқан  Уәлихановтың  жұмыстары  жанрлық 
жағынан әр түрлі: олар портреттер, жердің көріністері, зерттеушілер оның 150-ге тарта шығармаларын есепке 
алды. Ш.Уалиханов  кескіндеме мен графиканың  әр түрлі техникаларын жете меңгерген: ол тушьпен, сепия-
мен,  акварельмен,  пастельмен,  май  бояумен  жұмыс  істей  білген.  Сан  қырлы  дарыны  бар  Шоқан  –  бейнелеу 
өнеріне қазақ тақырыбын  қалыптастыруда үлкен үлес қосты [4].   
Қазақ тақырыбына өз графиклық жұмыстарын арнаған суретші графиктердің  Қазақ даласына келуі XVIII 
ғасырдың  30-шы  жылдарында  Экономикалық    және  саяси  себептермен  терең  шиеленіскен  Қазақстанның 
Ресейге  қосылу  процесімен  байланысты.  Осы  жылдары  ғылыми  және  елшілік  сипаттағы  керуендер  қазақ 
даласын кезіп кетті. Көптеген экспедициялар құрамында мекен-жайлардың топографиялық бейнесін түсіретін, 

Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Хабаршысы, «Педагогика ғылымдары» сериясы, №2(42), 2014 ж. 
 
190 
картографиялық  басқа  да  жұмыстарды  орындайтын  суретшілер  болды.  Суретші  графиктер  Қазақ  халқының 
мәдениетінен  мағұлмат  беретін  көптеген  графикалық  суреттер  қалдырды.  Қазақстанда  болған  алғашқы 
графиктердің бірі ағылшын Джон Кэстль еді. Ол 1736 жылы Орынбордан Әбілхайыр ханның ордасына сапар 
шекті.  1784  жылы  неміс  тілінде  оның  күнделіктері  басылып  шықты.  Онда  13  бет  графикалық  иллюстрация 
желімделген.  Қазақстанның  XVIII  ғасырдың  бірінші  жартысындағы  шынайы  көрінісін  белгілі  дәрежеде 
бейнелейтін бұл иллюстрациялар ерекше қызығушылық туғызды [5. 5 б.].   
Біздің  халқымыздың  тұрмыс  тіршілігінен  сыр  шертетін  графикалық  туындылар  оданда  ерте  замандарда 
пайда  болған  деп,  айтуымызға  негіз  бар.    Қазақстан  территориясындағы  алғашқы  графикалық  нышандар  өз 
бастауын  ежелгі тас бетіндегі таңба суреттерден алады. Адам баласы есін білгелі бері өнермен бірге өзін-өзі 
жетілдіріп,  мәдени  игіліктерін  жасап  келеді.  Бізге  белгісіз,  бұлыңғыр  ондаған  мың  жыл  бұрын  да  өнердің 
бастапқы  белгілері  байқала  бастаған.  Атап  айтсақ,  тас  дәуірінің  алғашқы  кезеңдерінің  өзінде-ақ  адамдар 
графика өнерінің алғашқы нышандарын тудырып, ары қарай жетілдіріп, одан әрі дамытып отырған. Графика 
өнерінің әлемдік-тарихи практикасының негізінде, адамдардың графикалық еңбек әрекеті үдерісінде адамзат 
рухының байлығы қалыптасты, адамның эстетикалық сезімдері, оның әуезді құлағы, форма сұлулығын көретін 
көзі,  сұлулықпен  шабыттану  қабілеттері  дамыды.  Оған  куә  бізге  жеткен  ата  бабаларымыздың  мәдениетінен 
сыр  шертетін  тас  бетіндегі  алғашқы  қауым  өнері,  сақ  дәуірінің  әсем  бұйымдары,  қазақ  ою-өрнектері.  Осы 
халқымыздың ғұмыр жолының куәларын графика өнерінің алғашқы нышандары деп айтуымызға негіз бар. Тас 
бетіндегі  суреттерге  қатысты  кезінде  академик  Ә.Марғұлан  мыс,  темір  дәуіріндегі  құйма  өнерінің  түрлерін 
терең  археологиялық  зерттеулерден  өткізіп,  «ғұн  дәуірінде  тасқа  салынған  суреттер  көшпелілердің  графика-
сы», – деген пікір айтты [6, 23 б.].  
Тас бетіндегі суреттерді графика өнерінің алғашқы нышандары деп қарастыруымызға қазіргі таңда ғалым-
дардың қолданып жүрген термин сөздеріде негіз бола алады. Осы ойымыз дәлелді болу үшін термин сөздерге 
талдау жасайық. Ғалымдар мен өнертанушылар жиі қолданатын петроглиф термині (petros – тас, glifos – жазу) 
жалпы түсінік бойынша тасқа ойылған, сызылған, қашаған деген мағынаны білдіреді. Ал тас бетіндегі қызыл 
оқырамен  салынған  суреттерге  тастағы  жазбалар  терминін  қолданады.  Тас  бетіндегі  суреттерге  қатысты: 
«жартастағы  өнер»,  «жартастағы  бейнелеу  өнері»  және  қазіргі  замандағы  өнер  тану  терминдерінен  – 
«гравюра», «графика», «граффити», «бейнелеу дәстүрі», «бейнелеу тізбегі», «композиция», «көрініс», «мотив», 
«элемент»   терминдері  жиі қолданылады  [7, 3 –  9  бб.], –  деп   бейнелеу өнерінің терминдерінің қолданыста 
жүргендігін  жазды.  Осы  терминдердің  ішінде  «графика»  термині,  бейнелу  өнерінің  түрлерінің  бірінің  атауы 
болып  келеді.  Графика  өнері,  ондағы  «графика»  сөзіне  берілген  анықтамаларға  тоқталсақ,  өнер  тану 
сөздіктерінде
 
“Графика” сөзі Гректердің «графо» – «жазамын, сызамын, саламын» деген мағанасын білдіреді. 
Графика  түрлі  сызықтардың  қиылысуын,  көлеңке  мен  жарықтың  астасуынан  құралады  [8,  23  б.]  –  деп  
анықтама  береді.  Графика  өнері  туындыларында  сызықтардың  үйлесімді  орындалуы,  жарықпен  көлеңкенің 
шебер астасуы оның талаптарының бірі бола тұрып ол белгілі бір ойды  білдіруге негізделеді. Осындай көрініс-
термен графикаға тән қасиеттер  ерте дүние суретшілерінің  туындыларынан көруге болады. Осы қасиеттер де 
тас  бетіндегі  суреттерді  графика  өнерінің  алғашқы  нышандры  және  Қазақстан  графикасының  келбетінің 
қалыптасуына ықпал ететін фактор ретінде қарастыруға негіз болып отыр. 
Қазіргі  таңдағы  Қазақстан    графикасының  өткен  тарихы  мен  бүгінгі  келбетін  талдау  бізге  Қазақстан 
графикасының даму динамикасының 1-суретте көрсетілген жіктемесін жасауға негіз болып отыр.  
 
 
                     
Сурет-1. Қазақстан графикасының даму динамикасының жіктемесі 
 
Қазақстанның  гафика  өнеріне  және  оның  туындыларныдағы  мәдени  құндылықтардың    қалыптасуы  мен 
дамуына  ықпал  еткен  басты  екі  факторды  былайша  ажыратып  алуға  болады:  1.  Экзогенді  –  сыртқы:  орыс 
реалистік  мектебінің  тікелей  әсері,  әлемдік  бейнелеу  өнерінің  жанама  ықпалы  т.б.  Мұнда  әлеуметтік,  саяси, 

Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Хабаршысы, «Педагогика ғылымдары» сериясы, №2(42), 2014 ж. 
 
191 
идеологиялық, тарихи факторлар да басты рөл атқарады. 2. Эндогенді –  ішкі: тарихи қалыптасқан дағдылар, 
байырғы  нышандар,  ұлттық  бейімделушілік  пен  талант  т.б.  Бұл  психологиялық,  діндік,  ішкі  сана-сезімнің 
қуаты арқылы жүзеге асып отырады [9, 21б.]. 
Қай заманда болмасын халықтардың бір-бірінің мәдениетіне, өнеріне ықпалы 
болғандығын  жоққа  шығара  алмаймыз.  Адамзат  ғылымның,  мәдениеттің, 
өнердің жетістіктері арқылы дамып көркейіп отырған.  
 2-сурет  бойынша  белгіге  қатысты  көпшілікте  сұрақ  туындайды,  мұны            
3- суретте көрсетілген Қытайдың Янь және Инь белгісіне ұқсатады. Осы белгіге 
қатысты Алибек Қожағалиұлы өзінің «Казахские пиктограммы» және «Ою и ой» атты 
еңбектерінде  Янь  және  Инь  шығу  тарихы  туралы  болжамын  жасайды    4-суретте 
көрсетілген графикалық қалыптасу динамикасын жасап ұсынған, Алибек Қожағалиұлы 
Янь  және  Инь  белгісінің  түп  тамыры  Қазақтың  сыңар  мүйіз  оюынан  бастау  алатын-
дығын  айта  отырып,  белгінің  көшпенділерден  шыққаны  туралы  сұрақты  ашық 
қалдыратындығын айтады [10,8б.].  
Біздің ұсынған жіктеме бойынша қолданып отырған  белгі қарама-қарсы екі түстен   
тұратын формалары бір бірімен үйлесімді құрастырылған. Үйлесім тауып тұрған екі 
            4 сурет             форманы бөліп қарасақ Қазақтың сыңармүйіз өрнегін көреміз оны 4-суретте анық 
көруге болады. Бұл формаларда және оның түстік шешімдерінде көп мағына жатыр. Біздің халқымымыздың 
наным  сенімдеріне  қатысты  екі  түстің  үйлесуі  екі  әлемнің  байланысының  және  ондағы  тепе-теңдіктің 
маңыздылығын білдіреді.  Қарама-қарсы  түстерді біздің халқымыз қол өнер бұйымдарында асқан шеберлікпен 
үйлестіріп  және  ондағы  түстердің  тепетеңдігін  сақтай  білген.  Бейненің  формасына  қатысты  халқымыздың 
өмірі малмен байланысты болғандықтан және түркі халықтарының наным сенімдерінде мүйіз биліктің белгісі 
білдіргендіктен  екі  өмірдің  билеушілерінің  тепе-теңдікте  үйлесімде  болғанын  қалағандары  оған  сенгендері 
туралы  ой  туындайды.  Бізді  белгінің  мағынасымен  ойы  қызықтырып,  сол  арқылы  модельде:  біріншіден 
экзогенді – сыртқы және  эндогенді – ішкі факторлардың ықпалы арқылы Қазақстан графикасының қалыпта-
сып  дамитындығын  көрсету.  Екіншіден,  екі  фактордың  бір-бірімен  үйлесімділік  тапқан  жағдайда,  Қазақстан 
графика  туындыларының  әлемдік  көрмеде  өзіндік  келбетінің    нығайуына  ықпал  ететіндігін.  Үшіншіден, 
жіктемедегі  негізгі  ойды  графикалық  визуальді  түрде  ақпарат  беру  арқылы  жетілдіріп  бірден  есте  сақтауға 
мүмкіндік береді. 
Қазақстан  графикасының  келбеті  екі  фактордың  қаншалықты  деңгейде  ықпал  етуіне  байланысты.  Егер 
экзогенді  –  сыртқы  фактордың  ықпалы  басым  болған  жағдайда  онда  Қазақстан  графикасы  өзіндік  ұлттық 
келбетінен  айырылатындығы  сөзсіз.  Қазақстан  кәсіби  бейнелеу  өнерінің  қалыптасуына    экзогенді  –  сыртқы 
фактордың жағымды жақтарын жоққа шығаруға болмайды. ХХ ғасырдың 20-60 жылдары қазақстан бейнелеу 
өнері экзогенді – сыртқы факторлардың ықпалымен біртіндеп дамып қалыптасты.  
Бейнелеу  өнерінің  қалыптаса  бастауы,  зерттеушілердің  пікірінше  Қазақстанда  XX  ғасырдың  20-шы 
жылдарынан басталады. Бұл Қазақстанның Ресей мен мәдени қатынасымен тығыз байланысты. «Қазақстанда 
станокты  бейнелеу  өнерінің  қалыптасуы  мен  дамуы  қиын  және  баяу  жүрді.  Көп  уақытқа  дейін  Қазақстанда 
кәсіби  суретші    ұлттық  мамандар  болмады,  бірақ  алғашқы  көрмелерге  қатысушылардың  ішінде  өнерпаз 
қазақтар  есімдері  кездеседі.  Елімізде  кәсіби  суретшілер  ұжымдарының  өсіп  қалыптасуына  дейін  бірнеше 
жылдар өтті» [11, 16 б.] – деп жазды.   
Қазақстанның  графика өнеріне   және оның туындыларындағы мәдени құндылықтардың  қалыптасуы мен 
дамуына  ықпал  еткен  басты  екі  факторды  атай  отырып,  Эндогенді  –  ішкі  фактордың  Қазақ  графикасының 
келбетін  айқындауда  маңызы  зор.  Графика  өнерінің  алғашқы  нышандарын  дәлелдеп  отырған,  тас  бетіндегі 
ерте  дүние  суретшілерінің  туындыларының  Қазақстан  графикасына  ықпал  ететін    эндогенді  –  ішкі  фактор 
ретінде  маңыздылығы  бүгінгі  таңда  қарастырылмаған.  Сондықтан  тас  бетіндегі  графикалық  нышандардын 
бейнелеу  өнері  тұрғысынан  зерттелуді  қажет  етеді.  Осы  тас  бетіндегі  графика  өнерінің  нышандары  туралы 
археолог, тарихшы ғалымдардың бейнелеу өнеріне қатысты көптеген ойлары бар. З.Самашев «Жартас бетін-
дегі  бейнелер,    адамның  бейнелеу  шығармашылық  әрекетінің  бір  бөлшегі,  сондықтан  бұл  феноменді  түсіну 
және мінездеме беру «Бейнелеу ескерткіштері» контексінде қарастыру керек» [12, 210 б.] – деп өзінің ғылыми 
еңбегінде  тас  бетіндегі  суреттерді,  өрнектермен  таңбаларды  бейнелеу  өнері  тұрғысынан  қарастыру  керектігі 
туралы ойын білдіреді.  А.Медоев «Тасқа бедерленген суреттердің мағынасын ашу әлі де болса ғылымнан гөрі 
өнерге жақын. Мұнда интуиция және сондай-ақ ассоциялар жүйесі басты рөл атқарады...» [13], – деп  жазуы   
жартас  бетіндегі  суреттерді  бейнелеу  өнері  туындысы  ретінде    маңыздылығын  және  сол  тұрғыда  зерттеудің 
қажеттігін  білдіреді.  Ғалымдар  З.Самашев,  А.Медоев  тас  бетіндегі  ерте  дүние  суретшілері  туындыларын 
 2-сурет 
 3-сурет 

Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Хабаршысы, «Педагогика ғылымдары» сериясы, №2(42), 2014 ж. 
 
192 
жасауда белгілі бір ойға, сол замандағы наным сенімінен және суретшінің айналадағы қоршаған әлемді көру, 
сезіну қасиетінен туындаған болғандықтан, олардың туындыларын тек суретші ғана көре, сезіне алатындығын 
өз зерттеулері нәтижесінде көз жеткізгендей. Осы айтылған ғалымдардың ойларымен бүгінгі  күндегі мәдени 
құндылықтарға  деген  сұраныс  графика  өнерінің  туындыларын    бейнелеу  өнері  тұрғысынан  суретші  ғалым-
дардың зерттеуін қажет  ететіндігін көреміз. Графика өнерінің туындыларын, ондағы мәдени құндылықтарды 
оқыту студенттердің бойында төмендегідей   қасиеттерді қалыптастырып дамытуға жағдай жасайды: 
 Мәнді деп табылатын шығармалар мен кейбір авторлардың аттарын білу жасөспірімдердің визуальді және 
вербальді мәдениетін қалыптастырып, көркемдік сезімдік тәжірибесін молайтады. 
 Студенттердің кейбір өнертану терминдері мен ұғымдарын түсіне білуі, өнердің образды мәнін тереңірек 
пайымдауға жағдай жасайды. 
 Бейнелеу  өнері  шығармасына  деген  өзінің  қатынасын айналасындағыларға  түсінікті  етіп  жеткізе  білуге 
үйретеді. 
 Көркем шығарманың мазмұны тереңдігі мен форма үйлесімділігін сәйкес неғұрлым толқынды қабылдай 
білуге қолайлы жағдай тудырады. 
Студенттерге  өнер  туындыларын  оқыту    барысында  ұлттық  мәдени  мол  қазынаны,  рухани  тәжірибені 
тануға  үйретеді,  студенттердің  ұлтжандық  қасиетін  қалыптастырып  қоймай,  оның  сезімін  тәрбиелеп,  көркем 
талғамын жетілдіруде игі әсер етеді. 
Адамзат  мәдениетінде  халық  өнерімен  тұтас  сабақтастықтан  пайда  болған  көркем  шығармалар  ерекше 
құндылықтар қатарында тұрады және әрдайым зерттеуді, оқытуды қажет етеді. 
                                                     
Резюме 
В  данной  статье  рассматривается  история  зарождения  и  развития    искусства  графики  в  Казахстане,  охвачены 
значительные  исторические  периоды  становление  этого  вида  изобразительного  искусства  республики  и  анализ 
творчества  художников-графиков,  их  произведений.  Автор  рассматривает  наскальные  рисунки  как  перевые 
графические  изображения  Казахстане.  В  статье  определяются  факторы    влияния    на  становление  графики  в 
Казахстане. На основании сделанных анализов предложено модель развития графики в Казахстане. 
 
Summary 
In  this  article  the  history  of  origin  and  development  of  art  of  graphics  in  Kazakhstan  is  considered,  the  considerable 
historical periods formation of this type of the fine arts of the republic and the analysis of creativity of graphic artists, their 
proyzvedeniye are captured. The author considers rock paintings as perevy graphics Kazakhstan. In article factors of influence 
on graphics formation in Kazakhstan are defined. On the basis of the made analyses it is offered model of development of 
graphics in Kazakhstan. 
 
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі: 
1. Волков Г. Этнопедагогизация современного васпитания // Мир и образование, 1997-№2, 66 – 71б 
2.  Білім туралы Қазақстан Республикасының заңы. – Алматы: Қазақстан, 1992. -52б. 
 3. Әуезов М. Мәдениет һам ұлт //Әуезов М. Таңдамалы. – Алматы:Қазақэнцик., 1997. – 332-334 бб. 
4.   С. Мұхтарұлы  Шоқан және өнер. – Алматы: Өнер, 1985. 
5. В.З. Ғалиев Қазақстан XIX ғасыр суретшілерінің шығармаларында. – Алматы: Өнер, 2005. 280 б. 
6.  Марғұлан Ә.Х. Ежелгі жыр, аңыздар. – Алматы: Жазушы, 1985. – 295 б.  
7.  Шер Я.Н. Стиль в первобытном искусстве // Изобразительные паммятники стил, эпоха , композиции. – СПб, 
204. – 9 – 13. 
8. Байжігітов Б. Көркемөнер терминдерінің қысқаша түсіндірме сөздігі. – Алматы: Экономика, 2009. – 82б. 
9.  Қорғабекова Р., Жұбаниязова Г. Бейнелеу өнері тарихы. 
 Алматы: МерСал ЖШС, 2004. – 160 б. 
10. Кажагалиұлы А. ОЮ И ОЙ, - Алматы, 2004, 
 444 с. 
11. Сарыкулова  Г. Графика Казахстана. 
 Алма-Ата: Наука, 1967. 166 с.  
12. Самашов З. Наскалные изображение Казахстана как исторический источник . Диссертация на сооискание 
ученой степени доктора исторических наук  1 том   2010.  210-215 бб. 
13. Медоев А.Г. Гравюра на скалақ Сары Арки, Мангышлак. – Алма-Ата: Жалын, 1979. 
 175 с. 
 
 
 
 
 
 
 

Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Хабаршысы, «Педагогика ғылымдары» сериясы, №2(42), 2014 ж. 
 
193 
УДК 37.036  
 
К ВОПРОСУ О СТРУКТУРООБРАЗУЮЩИХ ЭЛЕМЕНТАХ  
ПЕДАГОГИЧЕСКОЙ ТЕХНИКИ УЧИТЕЛЯ МУЗЫКИ 
 
А.К. Ахметова – к.п.н., доцент 
Казахский национальный педагогический университет имени Абая 
 
Аннотация:  В данной статье речь  идет  о структурообразующих элементах педагогической техники, имеющих 
универсальный  характер,  несмотря  на  индивидуализированные  формы  их  проявлений,  куда,  наряду  с  элементами 
физического  воздействия  на  обучаемых,  или  так  называемыми  элементами  внушения,  активно  подключаются  и 
сугубо  личностные  реакции  в  поведении  учителя,  производные  от  свойственных  ему  профессиональных  качеств, 
таких,  как  душевная  чуткость    и  педагогический  такт,  дар  воображения  и  наблюдательность,  внимание  ко  всему 
происходящему  в  классе  и  внутренний    ситуативный  самоконтроль,  развитая  интуиция  и  навыки  педагогической 
импровизации. многосоставной характер педагогической техники, включает в себя структурообразующие элементы, 
как  речевые,  мимические,  пластические  и  пантомимические,  соединяющие  воедино  пластику  и  мимику  учителя 
музыки.  Умелое  оперирование  техническими  средствами  в  практике  преподавания  благоприятно  сказывается  на 
создании  идеального  фона  музыкального  занятия,  отражаемого  как  во  внешне-поведенческих  действиях 
специалиста, так и во внутренних эмоциональных состояниях. 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   50




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет