Хабаршы вестник «Педагогика ғылымдары» сериясы



Pdf көрінісі
бет26/50
Дата28.01.2017
өлшемі4,2 Mb.
#2933
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   50

 
Резюме 
В  статье  представлен  механизм  формирования  интереса  у  студентов  к  труду.  Разработана  структура  процесса 
изготовления национальной одежды. Выявлены особенности формирования интереса у студентов к труду в процессе 
изготовления национальной одежды. 
 
Summary 
 The mechanism of formation of interest is presented in article at students to work. The structure of process of production 
of national clothes is developed. Features of formation of interest at students to work in the course of production of national 
clothes are revealed. 
            
Ұлттық киімді әзірлеу 
Танымдық 
Мазмұндық 
Зерттеу 
Көркем-
шығармашылықты 
Өндірістік 
Композициялық 
Техникалық 
Конструкциялық 
Көркем кестелеу 
Технологиялық 
Экономикалық 
ЕҢБЕК 

Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Хабаршысы, «Педагогика ғылымдары» сериясы, №2(42), 2014 ж. 
 
167 
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі: 
1. Рубинштейн С.Л.Основы общей психологии. В 2-х.т. – М.: Педагогика, 1989. – Т.1 – 485 с.; Т.2. –322 с. 
2.  Ананьев  Б.Г.  Психологическая  структура  личности  и  ее  становление  а  процессе  индивидуального  развития 
человека. // Ананьев Б.Г.мО проблемах современного человеказнания. – М.: Наука, 1977. – С. 187-274. 
3. Chávez M., Roberts A., Pérez M. Chapter 6 – Cultural patterns in children's learning through keen observation and 
participation in their communities [Электронный ресурс] // Advances in Child Development and Behavior. 2011. Vol. 40. P. 
209–241. URL:  
http://www.sciencedirect.com/science/article/pii/B9780123864918000062.  
4.  Tüysüz  M.,  Yıldıran  D.,  Demirci  N.  What  is  the  motivation  difference  between  university  students  and  high  school 
students? [Электронный ресурс] // Procedia – Social and Behavioral Sciences. 2010. Vol. 2. Iss. 2. P. 1543–1548. URL: 
http://www.sciencedire
 
5. Әбдіғапбарова Ұ.М. 
Қазақтың сәндік-қолданбалы өнері. Монография. 
– 
Алматы, 2011. – 270 бет.
 
6. Сманова А.С. Коллеция жобалаудағы қайнар көздер мен көркем жүйе мүмкіндіктері. – Алматы, // Вестник. 
Серия: «Педагогические науки» №1-2 (33-34), 2012. 
7. Выготский Л.С. Педагогическая психология. – М.: Педагогика, 1991. – 479 с.  
8. Шаров Ю.В. О сущности, специфике и классификации духовных потребностей. // Сов.педагогика. – 1970. – 
№10, – С. 60-71. 
9. Матушкин С.Е. Трудолюбие: содержание и воспитание. 
– 
Челябинск: Челяб. гос. ун-т., 2002. - 115 с. 
10. Сейтешев А.П. Пути профессионального становления учащейся молодежи. – М.:Высшая школа,1988. 
240 с.
 
 
 
УДК 37.035.6  
 
ҚАЗАҚ КИНОФИЛЬМДЕРІНІҢ ЖАСТАРҒА ПАТРИОТТЫҚ ТӘРБИЕ БЕРУДЕГІ РӨЛІ 
 
К.Ж. Қожахметова – п.ғ.д. профессор, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ.,  
А.К. Джамбозова – 4-ші курс студенті 
 
Аңдатпа: 
Қазіргі  таңда  кино  өнерінің  қоғамымыздағы  рөлі  артып  отыр.  Кинофильмдердегі  көрсетілетін  патриоттық 
тәрбиені, еңбек тәрбиесін, ұжымдық  тәрбиесін, адамгершілік тәрбиесін негізге ала отырып, оларды  педагогикалық 
құралдар ретінде колданудың маңызыдлығы өте зор. Сондықтан, жұмыста кинофильмдердің қоғам мен адамға әсері, 
кино мен педагогиканың тығыз байланыстылығы қарастырылған.  Кинофильмдердің жас ұрпаққа патроттық тәрбие 
берудегі рөлі "Көшпенділер", "Жаужүрек мың бала", "Біржан сал", "Гауһартас", "Бауыржан  Момышұлы", "Қасым", 
"Сұңқар" сияқты отандық фильмдердің жас ұрпаққа беретін әсері көресетілген. Аталған кинофильмдер талданып, әр 
түрлі  қырынан  талданып,    патриоттық  тәрбие  берудегі  мәні  тереңде  екенін  аңғартады.  Сондықтан.  педагогтар 
кинофильмдердің тәрбиелік әлеуетіне мән бере отырып оқушыларға, студенттерге сабақ барысында тиімді қолдана 
білулері  қажет.  Қорытынды  ретінде,  жұмыста  кинофильмдерді  көрнекілік  құрал  ретінде  пайдаланып,  оқушыларға 
патриоттық  тәрбие  беруде  педагогикалық  құрал  ретінде  қолдану  ұсыныс  жасалған.  Себебі,  ғылыми  зерттеулерге 
сүйенсек,  көптеген  адамдардың  көбі  көру  сезімталдығына  ие  және  рецепторлардан  орталық  жүйке  жүйесіне 
бағытталған байланыс оптикалық каналының өткізгіштік қабілеті өте жоғары; көру органдарынан (оптикалық канал 
бойынша)  миға  келіп  түсетін  ақпарат  қайта  таңбаланбайды,  ол  оқушы  есінде  жеңіл,  тез  және  берік  бейнеленетіні 
анықталған. Сондықтан кинофильмдерді тәрбие құралы ретінде қолдану ұтымды тәсілдің бірі. 
Тірек  сөздер:  кино,  кинофильмдер,  тәрбие,  педагогика,  патриоттық  тәрбие,  тәрбие  құралы,  педагогикалық 
құралы, көрнекілік құралы, Отан. 
 
Кино  әдебиет пен театрдың, бейнелеу өнері мен музыканың көркемдік сапасын және қазіргі аудиовизуал-
ды  мәдениеттің  техникалық  мүмкіндіктерін  пайдаланатын  синтезді  өнер.  Қазіргі  кино  мәдениетпен  қатар, 
экономика  мен  өнеркәсіптің  де  маңызды  саласы  болып  танылады.  [1]  Кино  негізінен  төрт  салаға  бөлінеді: 
көркем, деректі, мультипликациялық және ғылыми-көпшілік кино. Көркем фильм  кино өнерінің негізгі және 
кең таралған түрі. Көркем фильм әдеби шығармалар желісімен түсіріледі. Кино әлемі  өте қызықты әлем, кино 
өнерінде  ең  алғашқы  кинофильмді  ағайынды  Луи  және  Огюст  Люмьерлер  1895  жылы  ойлап  тапқан.  Кино 
тарихы осы кезеңнен бастау алып, қазіргі таңда танымастай өзгеріп, сан қырлы кино өнеріне айналды. Ал қазақ 
кино өнерінің тарихы Қазан төңкерісінен кейін пайда бола бастады. Біздің кино өнеріміздің  тарихы алғашқы 
көркем  фильм  "Амангелді"  фильмімен  байланысты.  [2]  Бұл  кинофильм  қазақ  кино  өнерінің  бастауы  болды. 
Егеменді ел болып еңсе көтергелі тәуелсіз мемлекетіміздегі ұлттық киномыз да кең өріс жайып келеді.  
Қазіргі  таңда  кинофильмдердің  қоғам  мен  адамға  әсер  етерлік  әлеуеті  зор.  Белгілі  бір  жағдайда  ол  жас 
адамның өмірдегі бағытын таңдауына әсер етіп, сана-сезімінің өзгеруіне жол ашады. Киноны педагогика деп 

Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Хабаршысы, «Педагогика ғылымдары» сериясы, №2(42), 2014 ж. 
 
168 
алуға болады, себебі педагогика адамды сәби кезінен бастап өмір бойы үздіксіз тәрбиелейді, кинофильм де дәл 
солай.  Бірақ  қанша  дегенмен  педагогиканың  ауқымы  киноға  қарағанда  әлдеқайда  ауқымды.  Кино  тек  педа-
гогиканың бір бөлшегін ғана құрайды. Киноны педагогикадағы тәрбие  құралының бірі   ретінде қарастыруға 
болады. Адам дүниеге келісімен, анасының құрсағында жатқан кезден тәрбие үдерісі жүреді. Шыр етіп жаңа 
әлем  есігін  ашқан  сәби  тұлға  болып  қалыптасу  үшін  үлкен  тәрбие  керек.  Тәрбие  адамды  ізгі  қасиеттерге 
баулиды,  өмірлік  бағыт-бағдарын  қалыптастырады.  «Тәрбие  -  адамды  қалыптастыратын  және  жетілдіретін 
үйлесімді  процесс»  деген  Коменскийдің  сөзі  кинофильмнің  тәрбиелік  мәнін  аша  түскендей.  [3]  Кинофильм-
дердің  тәрбиелік  мәнін  біз  бірден  байқамауымыз  мүмкін,  бірақ  көргендеріміз  бейсаналы  түрде  санамызда 
сақталады.  Өмір  ағысында  көргенімізді  қолданамыз,  өз  өмірімізге  сәйкестендіреміз.  Педагогика  адамзатты 
жан-жақты  үздіксіз  тәрбиелейді.  Ол  тәрбиенің  ішіне  бәрі  кіреді:  адамгершілік  тәрбиесі,  патриоттық  тәрбие, 
имандылық тәрбиесі, еңбек тәрбиесі т.б. Кинофильмдер де жанрлық бөлінулеріне қарай әртүрлі мән-мақсатқа 
ие.  Қазақтың  төл  туындысы  «Гауһартасты»  алайық,  тұнып  тұрған  тәрбие  кені  емес  пе?  Бұл  фильмде  қазақ 
отбасының өмірі, қазақ келінінің келбеті, азаматтық қасиеттер, Отанға деген махаббат суреттелген. Үлкеннің 
кішіге  қамқорлығы  мен  келіннің  ата-енесіне  ілтипаты,  әйелдің  еріне  адалдығы,  қайнының  жеңгеге  ықыласы 
сияқты қарапайым қатынастар талай нәрседен хабар береді. Тастанның бойындағы ер-азаматқа тән қасиеттер, 
Салтанаттың  еріне  кіршіксіз  сезімі  мен  асқан  ақылдылығы  «Гауһартасты»  әр  көрген  сайын  ынтықтырып, 
жағымды әсер  қалдырады.  [4]  Бұл  кинофильмде  отбасылық қарым-қатынастар  көрініс табады,  қазақ  қызына 
сай  мінез-құлық,  нағыз  қазақ  келінінің  бейнесі  сомдалады,  Отанға  деген  патриоттық  сезім,  табиғатты  аялау, 
қадірлеу мәселелері сөз болады. Сценарий авторы «Салт-дәстүрлеріміз бен нағыз қазақ отбасы қандай болуы 
керек?» деген сауалға жауап іздегендей көрінеді. Осындай кинофильмдермен қазақ елінің қоржыны толыққан, 
әлі де толығуда. Мысалы, "Қыз Жібек", "Менің атым Қожа", "Көшпенділер", "Біржан сал", "Балалық шағым-
ның аспаны", "Жаужүрек мың бала" т.б. кинофильмдерімізбен мақтана аламыз.  
Кино  -  тәрбие  құралы.  Олай  болса,  кинофильмдерді  сабақта  көрнекілік  құрал  ретінде  қолдануымызға 
болады.  Көрнекілікпен  оқыту  принципі  негізінде  келесідей  ғылыми  заңдылықтар  жатыр:  адамның  сезім 
мүшелері сырттай тітіркендіргіштерді әртүрлі қабылдайды, адамдардың көбі көру  органдарының аса жоғары 
сезімталдығына  ие;  рецепторлардан  орталық  жүйке  жүйесіне  бағытталған  байланыс  оптикалық  каналының 
өткізгіштік  қабілеті  өте  жоғары;  көру  органдарынан  (оптикалық  канал  бойынша)  миға  келіп  түсетін  ақпарат 
қайта  таңбаланбайды,  ол  оқушы  есінде  жеңіл,  тез  және  берік  бейнеленіп  қалады.  [5]  Оқыту  жүйесінде                  
Я.А.  Коменский  көрнекілік  принципін  оқу  материалын  меңгеру  құралы  ретінде  қарастырып,  дидактиканың 
алтын ережесі деп атаған. Яғни Коменский ақпаратты жақсы қабылдап, ұзақ есте сақтауда көрнекілік құралы 
үлкен рөл атқаратынынтынын айтады. Көрнекілік принципін жүзеге асырып, оқушылардың білімін тереңдетіп, 
қызығушылығын  арттырып  және  есте  сақтау  қабілетін  шыңдайды.  [6]  Көрнекілікті  қолданудың  артықшы-
лықтарын айтып өттік. Осы айтылған критерийлерге кинофильмдер де сай келеді. Кинофильм арқылы алған 
теориялық білімімізді шыңдай түсеміз және келер ұрпақты тәрбиелейміз. Тәрбие әрқашан білім беру саласы-
мен қатар жүреді. Ұлттық кино арқылы тәрбиелеу көп нәрсеге қол жеткізуге мүмкіндік береді. Көркем фильм-
дер  әдеби  шығармалар  негізінде  түсіріледі.  Қаламгер  қолынан  шыққан  туындыны  оқу  қаншалықты  қызық 
болса,  кинофильмнен  де  сондай  әсер  алуға  болады.  Әрине,  көп  нәрсе  режиссердің  шеберлігіне  байланысты. 
Кинофильмдер патриоттық тәрбиеге, еңбек тәрбиесіне, ұжымдық тәрбиеге, адамгершілік тәрбиесіне үлкен мән 
береді. Оларды тәрбие құралы ретінде қолдану, сабақ үстінде пайдалану және ұлттық кино өнімдерін насихат-
тайтын қосымша үйірмелер ашу өз нәтижесін көп күттірмей береді деген үміттеміз.  
Қазақ  киносы  жастарымыздың  дүниетанымын  кеңейтіп,  олардың  Отанына  деген  махаббатын  арттыруға 
септеспек. Ұлттық фильмдерде патриоттық рух даланың салқын самалындай еркін есіп тұрады. Келер ұрпақты 
патриот етіп тәрбиелеу үшін, сол желдің бағытын, ағысын анықтап, берік ұстануымыз керек. Қазақ халқының 
қай киносын алсаңыз да, Отанға деген махаббат, туған жерге деген ыстық сезім, сағыныш басым. Тарих пәні 
мен қазақ әдебиеті сабақтарында кино өнімдерін патриоттық шығармалармен байланыстырып, экраннан ескен 
ұлттық  рухты  оқушылардың  жүрегіне  жеткізе  білуіміз  керек.  "Біржан  сал"  кинофильмінде  отаршыл  Ресей 
патшалығының үстемдігі, қарапайым халықты ауыр халі суреттеледі. Серілікпен күн кешкен ақын бай-болысқа 
бағынбай, қайта олардың кемшілігін өлең өрнегіне көшіріп, айыбын бетіне айта алатын батыл жан. Ер азамат-
тың отбасындағы орны, өз ошағы, азаматтық намысының биіктігі тамаша сомдалған. Елі үшін таяққа жығыл-
ған Біржанға ауырып жатқан жары: "ер азаматтың намысы тапталып жатқанда бір қатынның өмірі садаға" деп 
дем береді. Құдай қосқан қосағын кек алуға жібереді. Біржан өзінің өлеңдері арқылы болыстарға шындықты 
жеткізіп,  елінің  елеулісі,  халқының  қалаулысы  бола  алған.  Бұл  фильмді  сабақтарда,  қосымша  үйірмелерде 
қолдану,  біріншіден,  патриоттық  тәрбие  беруге,  екіншіден,  намысшыл  болуға,  үшіншіден,  шындықты  бетке 
айтуға,  өлең  жазу  қабілетін  ашып,  талантын  арттыруға  үлкен  септігін  тигізбек.  Айта  берсек,  еліміздің  кино 

Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Хабаршысы, «Педагогика ғылымдары» сериясы, №2(42), 2014 ж. 
 
169 
өнімдері тәрбие мен патриотизмге толы. Оған мысал ретінде тағы да "Жаужүрек мың бала", "Сардар", "Сұлтан 
Бейбарыс", "Көшпенділер" т.б. фильмдерімізді айтуға болады.  
Көптеген  ғылыми  еңбектерде  "патриотизм"  ұғымына  бірнеше  анықтамалар  берілген.  Ұлттық  энцикло-
педиялық  сөздікте  "Патриотизм  (грекше  patris    Отан)    адамның  Отанына,  туған  еліне,  оның  тіліне,  салт-
дәстүрі мен мәдениетіне деген сүйіспеншілік сезімі", - деп көрсетілген. [7] Г.Н. Волковтың сөзіне құлақ түрер 
болсақ: "Патриотизм дегеніміз  бұл туған жер табиғатына деген сүйіспеншілік. Оған айқай-шудың қажеті жоқ. 
Тек қана шынайы қарым-қатынас негізінде дамиды", ал А.С. Қалмырзаев: "Өз Отанына деген сүйіспеншілік, өз 
халқына берілгендік, өз Отанының мүддесі үшін кез келген құрбандық пен ерлік жасауға дайын тұру" дейді. [8] 
Міне, осындай анықтамаларға көз жүгірте отырып, Отанға деген сезімнің қаншалықты қымбат, шексіз екеніне 
көз жеткіземіз.  
Патриотизм  сөзінің  мазмұнына  мыналарды  жатқызуға  болады:  адамның  өзі  туып-өскен  жеріне  сүйіспен-
шілік  сезімі; ана тіліне құрметпен  қарау; Отан мүдделеріне қамқорлық жасау; азаматтық сезімдердің  көрініс 
беруі  және  Отанға  адалдықты  сақтау,  оның  бостандығы  мен  тәуелсіздігін  қорғау;  әлеуметтік  және  мәдени 
жетістіктерге деген мақтаныш; Отанның тарихи өткеніне және одан қалған мұраларға, дәстүрлерге құрметпен 
қарау; өз еңбегін, күш-жігері  мен қабілеттерін Отанның гүлденуіне арнауға ұмтылу.[9] Бір ғана сөз қаншама 
терең әрі мағыналы сөздерге тұнып тұр. Біз осы сезімдердің бәрін жас ұрпақтың бойына сіңіре білуіміз керек. 
Елбасы  Н.Ә.  Назарбаев:  "Отанды  сүю    біздің  перзенттік  парызымыз,  қарыс  қадам  үшін  жанын  қиған 
бабалардың  асыл  аманатына  адалдығымыз",    деп  тамаша  айтқан.[10]  Яғни  жас  ұрпақты  тәрбиелеу    бізге 
берілген парыз әрі аманат. Аманатқа қиянат жасауға біздің хақымыз жоқ.  
Отан дегеніміз  халық. "Өз халқын сүйген адам ғана оның тағдыры үшін күйе алады", "Халықтың сенімін 
ақтаудан артық абырой жоқ, болуы да мүмкін емес",  деп Елбасымыз Отанды сүю, халықты сүю дегеннің не 
екенін  анық  көрсетіп  берді.[11]  Сол  халықтың  сенімін  ақтайтын  болашақ  жас  ұрпақты  отансүйгіштікке, 
патриотизмге  тәрбиелеудің  бірден-бір  жолы    кинофильмдерді  қолдану.  Оның  ішінде  соңғы  шыққан  төл 
туындымыз  "Жаужүрек  мың  бала"  секілді  қазақ  киносының  рөлі  зор.  Осы  фильмге  толық  тоқтала  кетсек. 
Тыныш  жатқан  қазақ  жұртына  жоңғар  әскерлері  келіп,  балаларды,  аналар  мен  қыздарды  аяусыз  өлтіреді. 
Осындай  аяусыз  көріністің  куәсі  болған  және  ана-атасының  өліміне  куә  болған  жеті  жасар  бала  батылдық 
танытады.  Жаудың  қолында  қалған  Қорланды  қолына  қару  алып  құтқарады.  Кішкене  нәрестені  құтқаруға 
ұмтылады.  Бала  жүрек  анасын  қимай  отырып  қалғанда,  Қорлан  да,  Таймас  та  батылдық  танытып,  бала 
Сартайды өздерімен бірге алып, Назар бидің соңынан ереді. Алатаудың асқар биіктерінде қоныс тепкен Назар 
бидің  ауылында  тұрақтайды.  Яғни  осы  көріністің  өзі  бала  бойында  туғаннан  патриоттық  сезім  қалыпта-
сатынын көрсетеді. Жоғарыда айтқандай, бала ана құрсағында пайда болысымен тәрбие үдерісі жүретінін осы 
көрініс дәлелдей түскендей.  
Кеудесін  кек  оты  кернеген  Сартай  батыр  жасынан  соғыс  өнеріне  үйренеді.  Көзінен  еркіндік  рухы 
жалындаған  жас  ата-анасы  мен  халқының  кегін  алуға  асығады.  Жаттығулардан  шаршамай,  әртүрлі  әскери 
айлаларға  үйренеді.  Бұл  әдістердің  бәрін  Назар  ақсақал  үйретеді.  Таймас,  Сартай,  Қорланды  өз  қанатының 
астына алады. Осылай дайындықпен уақыт  жылжи береді. Бір күні көрші ауылға Наурыз тойына барады. Сол 
уақытта  жоңғарлардан  елші  келіп,  Рахымжан  бай  оларды  қадірлі  қонағындай  қарсы  алады.  Осы  көріністі 
көрген  Сартайды  намыс  оты  өртейді.  Рахымжан  байға  «еркіндікте  болсаң  да,  құлдықта  жүр  екенсің»  деп 
тістенеді.  Сартайдың  тек  батыр  емес,  батыл,  сөзге  шешен  екенін  көреміз.  Фильм  барысында  Сартай  осы 
шешендігімен  қасына  қол  жинап,  сөзін  әрбір  қазақ  жүрегіне  жеткізе  алғанына  куә  боламыз.  Қандай  жағдай 
болмасын, сабыр сақтап, орынды сөз таба алған. 
Ата-бабаларымыз, ұлы батырларымыз Отан дегенде, ел дегенде алдына жан салмай күрескен. Жекпе-жекте 
қарсыласын  бір  ұрып  құлатып,  еш  шегінуді  білмеген.  Сартай  досқа  адал,  кешірімді,  жауға  қатал.  Фильмнің 
соңында оқ құшқан кеудесімен жаудың туын жығып, дұшпанынан кегін алады. Алаш жұртын азат етеді. 
Қорлан  нәзік  жанды  болса  да  ер  мінезді.  Сартай  мен  Таймастан  қалмай  соғыс  өнеріне  жаттыққан.  Туған 
жердің қамы мен жауға деген кек жанын өртеген қазақтың батыр қызы достыққа адал, сондай-ақ ат құлағында 
ойнайтын, жаудың көзіне қорықпай қарай алатын батыл. Сартайға деген сезімі болса да оны жасырып, әпке-
сіндей қамқор болады. Ар-намысты ту еткен осындай батыр, батыл қыздарымыз аз болмаған. Біз патриот етіп 
тек ұлдарымызды емес, қыздарымызды да тәрбиелеуіміз керек. Олар  Отанның жас ұрпағы, елінің болашағы. 
Таймастың Сартай мен Қорланнан мінез-құлқы өзгеше. Таймас ар-намысты, туған жерге деген сезімді биік 
қойған, кері шегінуді білмейтін қас батыр. Алға қойған арман, мақсаттары бір болса да, Сартайдың көш-бас-
шылығын  көре  алмай,  қызғанышқа  бой  алдырады.  Сөйтіп,  Таймас  досына  қастандық  жасайды.  Қорланды 
Сартайдан қызғанып жүргенде, ол жау қолынан қаза табады. Сүйгенінен айырылу Таймасқа қатты батып, жал-
ғыз қалады. Сартайдың сарбаздарының қолына түседі, бірақ Сартай кешірім жасайды. Соңғы шешуші шайқас-

Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Хабаршысы, «Педагогика ғылымдары» сериясы, №2(42), 2014 ж. 
 
170 
та ерлік танытып, істеген ісіне өкініп, жауынан кегін алып, нағыз батырлық танытып, шайқас алаңында қаза 
болады. 
Осындай  батырларымызды    соғыс  өнеріне  үйреткен  Назар  ақсақал    ақылды,  көреген  адам.  Жастар  кек 
қайтару  жолында  жалындап  тұрса  да,  уақыты  келмегенін  түсіндірді.  Күшті  ақылға  жеңдіруге  баулыды.  Ар-
намысты биік қоюға, кішіге ізет, үлкенге құрмет көрсетуге тәрбиеледі. Назар ақсақал ұстаз іспетті. Кинофильм-
нің басынан аяғына дейін жастарды тәрбиелеп, адамгершілікке баулиды.  
Қорыта  айтқанда,  кинофильмдердің  жас  ұрпаққа  патриоттық  тәрбие  берудегі  рөлі  зор.  Біз  қарастырған 
кинофильмдердің патриоттық әлеуеті кең ауқымды. Педагогтар патриоттық тәрбие беру жүйесіндегі осындай 
кинофильмдердің мән-маңызын дұрыс жеткізе білуі керек. Кино өнімдері ойын-сауық пен көңіл көтеру үшін 
туындап, артынша оны ұмытып кетуге арналған дүние емес. Фильмдерді көріп, оны талдап, негізгі мақсатын 
түсіне  біліп,  өзімізге  керектісін  алуымыз  керек.  Әр  киноның  астарында  шындық  жатады.  Яғни  көркем 
фильмдер өмірде болған, шынайы оқиғалар желісімен  түсіріледі. Сондықтан кинофильмдерді  тәрбие құралы 
ретінде қолдану -  ұтымды тәсілдің бірі. Педагогтар  сабақта кино өнімдерін көрсете  отырып, біріншіден, оны 
көрнекілік құралы ретінде қолданса, екіншіден, тәрбие құралы ретінде қарастырады. 
Кинофильмдердің  тәрбиелік әлеуетіне мән бере  отырып, ұстаздар кинодан алған әсерімен  бөлісіп  отырса 
ғанибет  болар  еді.  Яғни  өздері  көрген  қазақ  кинофильмдерін  тақырыптарға  кірістіре  отырып,  оқушыларға, 
студенттерге сабақ барысында тиімді қолдана білгені жөн. Кино өнімдерін оқушылармен бірге талдап, оларды 
қызықтыра отырып, көркем туындыға деген ынтасын арттырады.  
Кинофильмдердің тәрбиелік мәні зор, өмірдегі шынайы көріністерді ашатын фильмдер қоғам және ондағы 
адамдар тіршілігімен тығыз байланысты. Осы арқылы адамдар өзіне қажетін алып отырады. Қазақ киносы ата-
бабамыздың өмірін бейнелей отырып, бізді өткенді құрметтеуге шақырады. Ата-бабаларымыз бала тәрбиесіне, 
салт-дәстүрлерімізге,  отбасы  жағдайына,  туған  жерге,  қарым-қатынасқа  аса  мән  берген.  Бізге  қазіргі  қоғам 
ағысын  байланыстырып,  дәстүрімізді  жалғастырып,  ұл-қыздарымызды    инабатты,  патриот,  иманды  етіп 
тәрбиелеуге  ешқандай  кедергі  жоқ.  Педагогтар  қазіргі  қоғам  талабын  ескере  отырып,  кино  өнімдері  арқылы 
жастарды тәрбиелеуге мән береді. Болашақ педагогтар жас мамандар тәрбиелеуде, оларға патриоттық тәрбие 
беруде тәрбие көзін алыстан іздемей, кинофильмдерді көріп, соларды сабақ барысында қолдана білгені құба-
құп.  Бала  тәрбиесі  қашанда  бірінші  орында  тұруы  керек.  Себебі  қоғамда  бала  жанын  азғындыққа  ұшыратар 
дүниелер аз емес.  
Жас  маман  педагогтарымыз  осыны  түсінуі  керек.  Кино  өнімдерін  экономикалық  жағынан  ғана  бағалай 
бермейік. Оларды жан азығы мен рухымызды көтерер құралға айналдыруымыз керек.  
Осындай фильмдердің бірі  жоғарыда талданған "Жаужүрек мың бала". Қай қырынан қарасаңыз да өзіне 
еріксіз  елітіп  алып  кетеді.  Айтарымыз,  болашақ  педагогтарымыз  қазақ  кинофильмдерінің  қадіріне  жетіп, 
педагогикада тәрбие құралы ретінде қолданып, патриот ұлдарымызды, ибалы қыздарымызды тәрбиелеп, ата-
баба салт-дәстүрлерін жаңғыртып, туымызды биік көтеріп жүруге атсалысса жақсы болар еді. 
Осындай  кинолар  арқылы  жастарымыздың  бойында  ұлтжандылық  пен  еркіндік  рухын  қалыптастыра 
аламыз.  Сартай,  Таймас  сияқты  ұлдарымыз,  Қорлан  секілді  ержүрек  қыздарымыз  қашанда  болған.  Бола  да 
бермек.  Тәуелсіздік  бізге  оңайлықпен  келген  жоқ,  соны  ескере  отырып,  қадіріне  жетейік.  Көк  туымыз  көк 
аспанда мәңгі желбіресін. 
 
Резюме 
В  настоящее  время  киноиндустрия  имеет  огромное  влияние  на  общество.  Потому  что,  все  действия,  такие как 
патриотическое  воспитание,  трудовое  воспитание  и  т.д.  показываемые  в  кинофильмах,  можно  расценивать  как 
педагогические  средства  воспитания.  И  применение  их  в  своей  практической  деятельности  педагогами,  имеют 
большой потенциал воспитания подрастающего поколения.  
 
Summary 
Currently, the  film industry has a huge impact  on the society. Because , all actions ,  such as patriotic  education, labor 
training , etc. displayed in movies , can be regarded as pedagogical tools of education. And using them in the  practice teachers 
have the potential of educating the young generation. In this regard , we note the close relationship between the influence of 
films on human rights and pedagogy.  
Пайдаланған әдебиеттер тізімі: 
1.  Қазақстан. Ұлттық энциклопедия. Т.4. /Бас ред. Ә.Нысанбаев. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясының» Бас 
редакциясы, 2002. – 720 б. 
2.  Балалар энциклопедиясы. Т.2. /Бас ред. Б.Ө.Жақып. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясы» ЖШС, 2009. – 312 б. 
3.  Тәрбие теориясы., http://www.kitaphana.kz/ru/downloads/referatu-na-kazakskom/236-pedagogika/3261-tarbie.html 
4.  Әбділда Ж. Қазақ киносы: кеше мен бүгін //Түркістан, 2000, №51, 15-21 желтоқсан. 

Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Хабаршысы, «Педагогика ғылымдары» сериясы, №2(42), 2014 ж. 
 
171 
5.  Бабаев С.Б., Оңалбек Ж.К. /Б 12 Жалпы педагогика: Оқулық – Алматы: «Нұр-пресс», 2005. – 228 б. 
6.  Оқыту  заңдылықтары  және  принциптері  туралы  жалпы  түсінік., 
http://tanim.ucoz.com/load/bilim
 
_zh_ne_ylym/psikhologija_pedagogika/o_ytu_za_dyly_tary_zh_ne_principteri_turaly_zhalpy_t_sinik 
7.  Қазақстан.  Ұлттық  энциклопедия.  Т.7.  /Бас  ред.  Б.Аяған.  –  Алматы:  «Қазақ  энциклопедиясының»  Бас 
редакциясы, 2005. – 728 б. 
8.  Дүйсенбаев  А.Қ.  Ерлік  дәстүрлері  арқылы  оқушыларды  отансүйгіштікке  тәрбиелеудің  педагогикалық 
негіздері. – Ақтөбе: 2008. 
9.  Джанабаева Р.А. Қазақ халық педагогикасындағы патриоттық-ерлік тәрбиесінің ғылыми негіздері: пед. ғыл. 
докт. ... автореф.:13.00.01. – Алматы, 2006. –  43 б. 
10. Нұрсұлтан  Назарбаев:  Отанды  сүю  -  суығына  шыдап,  ыстығына  күю  //Егемен  Қазақстан,  2013, №204,  5 
қыркүйек 
11. Нұрсұлтан Назарбаев: Садағаң кетейін, айналайын халқым //Егемен Қазақстан, 2013, №210, 12 қыркүйек 
 
 
УДК 37.0.12        
  

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   50




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет