КОЛЛЕДЖ СТУДЕНТТЕРІН ОТАНСҮЙГІШТІККЕ ТӘРБИЕЛЕУ
Г.С. Саудабаева – п.ғ.д., Абай атындағы ҚазҰПУ,
М.А. Айтбаева – п.ғ.к., доцент, Ж.Смагулова – магистрант
Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті
Аңдатпа:
Мақалада кәсіптік білім беру жүйесіндегі студенттерді өз еліміздің азаматы әрі патриоты етіп тәрбиелеу,
колледждерде оқитын жастардағы патриоттық сезімді тәрбиелеу, әлеуметтік белсенді студенттерді – Қазақстан
азаматтарын қалыптастыру сұрақтары қарастырылады.
Отансүйгіштікке тәрбиелеу жайлы әдебиеттер мен өзіміздің практикалық тәжірибемізді саралап, талдау
барысында студенттерді отансүйгіштікке тәрбиелеудің критерийлері анықталды. Колледжге оқуға түскен
жастардың Отансүйгіштік тәрбиесінің деңгейіне, белсенділігіне және критерийлеріне сипаттама берілген. Студенттік
кезеңде тұлғаны тәрбиелеу – барлық оқу-тәрбие процесінде: оқу кезеңінде де (пәндерді игеру кезінде) және
сыныптан тыс жұмыстарда да жүзеге асырылады. Мақалада отансүйгіштікті қалыптастыру бағытында жүргізілетін
әдістемелік жұмыстардың тиімді формалары: конкурстар, ашық сыныптан тыс іс-шаралар, Отан қорғаушылар күніне
арналған жобалар, зерттеу шығармашылық рефераттар, щығармашылық жұмыстар, презентациялар ұсынылған.
Тәрбие жұмыстарын өткізген кезде ерекше атап өтетін басты элемент – шығармашылық жобалар болып табылады.
Жобаларды дайындау әдісінің негізінде студенттердің танымдық дағдыларын дамыту, білімдерін өз бетінше құра
алу, ақпараттық кеңістікте бағыт-бағдар ала алу, сыни ойлау жатыр.
Тірек сөздер: отансүйгіштік, отансүйгіштікке тәрбиелеу, отансүйгіштікке тәрбиелеудің әдістері және
формалары.
Колледждегі тәрбие жұмысының басты мақсаты – студенттерді өз еліміздің азаматы әрі патриоты етіп
тәрбиелеу. Кәсіптік білім беру жүйесіндегі әлеуметтік белсенді студенттерді – Қазақстан азаматтарын
қалыптастыру, білімгерлердің бойында азаматтылықты, адамның құқықтары мен бостандықтарына, айнала
қоршаған ортаға, Отанына, отбасына деген сүйіспеншілікті, патриоттық және ұлттық танымды қалыптастыру -
тәрбиелеу мен дамытудың маңызды бағыты болып табылады. Осыған орай арнаулы кәсіптік білім беру мен
еліміздегі және әлемдегі әлеуметтік-экономикалық және рухани қайта құрылымдау арасында тығыз қарым-
қатынас қамтамасыз етіледі.
Жастарға патриоттық тәрбие берудің түйінді жақтарын талқылау өте өзекті болып табылады.
Жастардың патриоттық тәрбиесі хақында әңгіме қозғау – қазіргі таңдағы өзекті мәселелердің бірі. Қазақ
халқы мен Қазақстанда тұратын өзге ұлт өкілдерінің отансүйгіштік тәлімін алып өскен, өмірге жаңа қадам
басқан жастарсыз ұлы держава ретіндегі отанымыздың ары қарай толыққанды дамып жетілуін көз алдымызға
елестету мүмкін емес екендігі әрқайсысымызға белгілі.
Елбасы Н.Назарбаев өзінің Қазақстан халқына арнаған «Қазақстан-2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір
болашақ» Жолдауында өзіңді және біздің балаларымызды жаңа қазақстандық отансүйгіштікке тәрбиелеуге
шақырып былай деді: «бұл біздің еліміз бен оның жеткен жетістіктері үшін мақтаныш болу керек. Жаңа
қазақстандық отансүйгіштік – біздің көпұлтты және көпконфессиялы қоғамымыз жетістігінің негізі. Бұл
бағыттағы біздің басты мақсатымыз қарапайым және түсінікті: біз қоғамдық келісімді сақтауға және
Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Хабаршысы, «Педагогика ғылымдары» сериясы, №2(42), 2014 ж.
172
нығайтуға міндеттіміз. Бұл – біздің мемлекет, қоғам, ұлт ретінде өмір сүруіміздің бұлжымас шарты. Қазақ-
стандық Отансүйгіштіктің іргетасы бұл – Отанымыздың ар-намысы үшін ортақ жауапкершілік және барлық
азаматтардың тең құқылығы».
«Отансүйгіштік» түсінігіне біз тек қана өз халқың мен Отаныңа деген адалдық пен махаббатты кіргізе
алмаймыз. Қазіргі дәуірдегі күрделі қоғам жағдайында жастар жай ғана өсіп қоймай, рухани өсу керек. Өз
денсаулықтарын нығайтып, ұлттық салт-дәстүр негізінде өзіндік болмысын, адамгершілігін сақтап, сапалы
кәсіптік білім алып, біліктілін дамытып, мамандығы бойынша жұмысты адал атқарып, сонымен қатар салауат-
ты отбасын құрып және толыққанды балаларды дүниеге әкелуі керек. Біздің түлектер арасында кең тараған
мынандай зиянды құмарлықтардан аулақ болып, оларға қарсы тұра алу керек: нашақорлық, алкогольды ішім-
діктер ішу, оның ішінде сыра да бар, темекі шегу, сонымен қатар кез-келген құқық бұзушылыққа қарсы болу.
Мұның барлығы, біздің ойымызша, отансүйгіштіктің ажырамас бөлігі, онсыз Отанға және халыққа қызмет
ету деген қасиетті ұғымды елестету мүмкін емес .
Отансүйгіштікке тәрбиелеу жайлы әдебиеттер мен өзіміздің практикалық тәжірибемізді саралап, талдау
барысында біз студенттерді отансүйгіштікке тәрбиелеудің мынандай критерийлерін анықтадық:
1. Мақсаттылық (жастардың өмірдегі мақсаты бар,білім алуға жауапкершілікпен қарайды, мамандық
таңдауды анықтап алған)
2. Тәртіптілік (тәртіп бұзуға болмайды)
3. Ұжымшылдық (ұжым қызметі жеке тұлғаның өмір сүру қалпының ажырамас бөлігі )
4. Салауатты өмір салты (темекі шегуден аулақ болу, алкогольді ішімдіктер ішпеу және нашамен
айналыспау, дене тәрбиесі және спортпен айналысу)
5. Патриоттық іс (отансүйгіштік мақсаттағы іс-шараларға белсенді қатысу, сезіну)
Колледжге түскен студенттердің отансүйгіштік тәрбиелерінің деңгейі әдетте әртүрлі болады: кейде жастар-
дың өмірдегі мақсатылығы анықталмаған болады (жастар әскери қызметке немқұрайлы немесе теріс қарайды,
әртүрлі моральды және дене күшін қажет ететін қиыншылықтармен бетпе-бет келген кезде мақсатына жетуден
кері шегінетіндер де болады), кейде жастардың алдына қойған нақты мақсаты болады (Отан алдындағы мінде-
тін орындауға жауапкершілікпен қарайды; отансүйгіштік түсінігі болады, бірақ қоғамдық тапсырмаларды
орындауда жоғары белсенділік танытпайды; ұжым пікірін терістеуге бейім тұрады), кей жастар үшін
патриотизм мен интернационализм өз өміріндегі басты айқындауыштар болып табылады (қоғамдағы өз орын-
дарын нақты біліп, белсенді өмірлік ұстанымдары болады; жастар Отан алдындағы өз міндеттерін орындаудың
керек екенін нақты сезінеді; ұжым пікірі маңызды рөл атқарады; істері мен әрекеттерінде салауатты өмір
салтын ұстанады)
Осылардан келіп, біздің колледжімізде студенттерге патриоттық тәрбие беру жүйесін жетілдіру жолдары
анықталған.
Тәрбиелеудің міндеті – адамды өмірдегі ең басты рөлі – азамат етіп, азамат болғанда да елі, қоғамы, ата-
анасы алдындағы азаматтық міндеттерін орындауды сезінуге, ұлттық мақтаныш пен патриоттықты сезінуге,
мемлекеттің Ата Заңын, рәміздерін құрметтеуге, ел тағдыры үшін жауапкершілікке, мемлекеттің ұлттық және
табиғи құндылықтарын қызғыштай қоруға үйрету болу керек. Дәл қазіргі уақытта заманауи қоғамның даму
жағдайлары белсенді азаматтық көзқарастағы жас толқынды қалыптастыруға жақсы мүмкіндіктер береді.
Отансүйгіштік – әрбір саналы адамға тән түсінікті сезім. Біздің студенттердің отансүйгіштігі ұжым
ортасында (топтағы сабақтарда, тәрбиелік іс-шараларда, колледждің қоғамдық және спорттық өмірінде), өз
отбасына: анасы, әкесі, әжесі, атасы, жақын және алыс ағаыйндарына деген туыстық сезімдерде, олардың
өмірдегі бейнелерін бағалауда, тарихқа, мәдениетке, мемлекетке, негізгі құндылықтар жүйесінде анықталады.
Колледждегі барлық білім беру кезеңінде патриоттық тәрбие беру процесіне қатыстыру үшін әртүрлі
байқаулар мен іс-шараларға студенттер қызықтырылып, тартылады. Сөз жоқ, студенттік кезеңде тұлғаны
тәрбиелеу – барлық оқу-тәрбие процесінде: оқу кезеңінде де (пәндерді игеру кезінде) және сыныптан тыс
жұмыстарда да жүзеге асырылады.
Патриоттық тәрбие беру жұмыстарын жоспарлауда қиыншылықтардың туындайтыны сөзсіз. Атап айтсақ,
әлі күнге дейін білім беру ұйымдарында танымдылық мәдениеті мен төзімділік сипатындағы сапалы, тиімді
материалдар жетіспейді, жасөспірімдерге олардың жадында патриоттық сезімді оятуға, Отанын сүюге
үйрететін, Отанына пайда әкелетін істерді жасауға шақыратындай кітаптар жоқтың қасы,
Патриотизмді қалыптастыру бағытында жүргізілетін әдістемелік жұмыстардың тиімді формаларының бірі –
ізденуді іске асыруға мүмкіндік беретін, тәрбие жұмыстарында жаңа формаларды тәжірибеде қолданатын
ашық сыныптан тыс іс-шаралар. Отан қорғаушылар күніне арналған жобалар, зерттеу рефераттары, шығарма-
шылық жұмыстар, презентациялар, міне, бұл студенттерге қолданылатын патриоттық жұмыстар форма-
ларының толық емес тізімі.
Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Хабаршысы, «Педагогика ғылымдары» сериясы, №2(42), 2014 ж.
173
Шығармашылық жобалар – бұл тәрбие жұмыстарын өткізген кезде ерекше атап өтетін басты элемент
болып табылады. Жобаларды дайындау әдісінің негізінде студенттердің танымдық дағдыларын дамыту,
білімдерін өз бетінше құра алу, ақпараттық кеңістікте бағыт-бағдар ала алу, сыни ойлау жатыр. Тарих, әдебиет,
қоғамтану, экология, биология пәнінің оқытушыларымен, студенттердің таңдаған мамандығына баулитын
арнаулы пән оқытушыларымен тығыз байланыста жұмыс істей отырып, біз бірлескен жобалар құру идеясына
келеміз. Пәндерден беретіндер құрылып жатқан жобалардың мазмұнына жауап берсе, информатиктер
ақпаратты іздеу мен өңдеуді және жұмыс нәтижесінің рәсімделу деңгейіне жауап береді. Осылайша біздің
еліміз бен туған қаламыз тарихының әртүрлі беттеріне арналған интерактивті жобалар пайда болады.
Колледж студенттерін отансүйгіштік рухта тәрбиелеу мәдени және тарихи құндылықтармен, табиғатты
қорғау үдерістерімен, тарихи ескерткіштерді қорғау, ұлттық қолөнерді, фолклорды таныстыру барысында,
студент жастарды түрлі шығармашылық жұмыстарға: ғылыми зерттеулерге, көркемөнерпаздар үйірмесіне, әр
түрлі мерекелік шараларға, спорттық жарыстарға, фестивальдар мен конкурстарға қатыстыру арқылы жүзеге
асады.
Әлеуметтік салада жасалып жатқан ерекше жағдайлар кәсіби білім берудің барлық сатыларында мамандар
даярлау ісіне қосымша талаптар қойып отыр. Білім болашақ жеткіншектер үшін байлық, алға қояр мақсат,
өмір сүрудің құралы және қол жеткізген нәтижесі, олардың ең негізгі артықшылығы болып табылады. Өрке-
ниеттің болашағы адам баласының ішкі жан-дүниесінің дамуымен көбірек байланыстырылады. Болашақ
маман бойында отансүйгіштік сезімінің қалыптасуы мәселесін шешкенде білім беру мекемесіндегі орта рөлі
ерекше, онда отансүйгіштік тәрбиесіне көбірек мән берілгені жөн.
Қорыта келгенде, патриотизм адамгершілік және саяси қағида, әлеуметтік сана сипатында қала бермек,
оның негізінде өз Отанына деген сүйіспеншілік, отан үшін жанын беру, отанының өткені мен болашағын
мақтан ету, оны қорғауға үнемі даяр болу сезімдері жатса керек. Патриотизм – өз Отанының бостандығы мен
тәуелсіздігі үшін күресте ғасырлар бойы бекіген аса қасиеттті ұғымдардың асқағы, сондықтан шәкіртінің
бойында осы сезім қаншалықты дамыса, қоғам іргетасы да соғұрлым берік, қоғам мүшелерінің бір-біріне
деген төзімділігі мығым болмақ, ұстаз еңбегінің нәтижесі де осы арқылы көрініс табады. Студенттік кезде
қалыптасқан көзқарас, дүниетаным, негіздер мен идеалдар жаңа заман адамы бойындағы патриоттық
бағыттағы тұлғалық бірегейлікті нығайтып, оны қоғамдық өзгерістердің белсенді қатысушысына айналды-
рады. Патриоттық тәрбие мәселелері, сонымен қатар, оқытушының педагогикалық шеберлік тұрғысынан
дамуы үшін де маңызды, бұл жерде педагогтардың Отанға және оның құндылықтарына париоттық көзқарасы
тұрғысындағы жеке үлгі көрсету әдісі маңызды рөл атқарады.
Резюме
В статье рассматриваются вопросы воспитательной работы в системе среднего профессионального образования,
в частности, воспитания патриотизма у молодежи, обучаемой в колледже, формирования социально-активных
студентов – граждан Казахстана.
Summary
The problems of educational work in the system of vocational secondary training, in particular, bringing up of the college
students to be the patriots of their country and forming of socially active students, the citizens of Kazakhstan are considered in
the article.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
1. Назарбаев Н.А. «Қазақстан жолы-2050»: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ. /Республикалық қоғамдық-саяси
газет «Айқын» №7 (2041). – 18 қантар, 2014.
2. Прохорова О. Выявление, обобщение и распространение опыта реализации проектов гражданского
становления и патриотического воспитания молодёжи. Воспитание школьников. – №3. 2006 г.
3. Микрюков В. Патриотизм: к определению понятия. Воспитание школьников. – № 5. 2007 г.
Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Хабаршысы, «Педагогика ғылымдары» сериясы, №2(42), 2014 ж.
174
УДК37.046.16
ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРНЫНДА СТУДЕНТТЕРДІҢ РУХАНИ-АДАМГЕРШІЛІК МӘДЕНИЕТІН
ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Г.К. Шолпанқұлова – Ұлттық тәрбие және өзін-өзі тану
кафедрасының профессоры, педагогика ғылымдарының кандидаты,
Абай атындағы ҚазҰПУ
Аңдатпа:
Бұл мақалада жоғары оқу орнында студенттердің рухани-адамгершілік мәдениетін қалыптастыру мәселесі,
сонымен бірге әр түрлі мәдениет пен конфессия өкілдерімен өзара қатынас және әрекеттестік ерекшеліктері
қарастырылады. Ұлттық тәрбиенің ЖОО-да студенттердің рухани-адамгершілік мәдениетін қалыптастырудағы рөлі
анықталады. Студент жастардың рухани-адамгершілік мәдениеті – халық, оның тарихы, құндылығы, мәдениеті,
этникалық ерекшектері туралы ықпалдастырылған гуманитарлық білімнің, тұлғалық маңызды қасиеттердің
жиынтығы, өзінің және басқа халықтың өкілдерімен тұлғараалық қатынасы, оларға тән сезімі мен эмоциясы,
шығармашылық іс-әрекеті, құзыреттілігі, тұтас алғанда, ол студенттің әрекеті мен іс-қылықтарын реттеуге, басқаруға
мүмкіндік береді.
Тірек сөздер: мәдениет, руханилық, адамгершілік, рухани-адамгершілік мәдениет, орта, көпэтникалық орта,
көпмәдени орта, ұлттық тәрбие.
Қоғамның руханилық өмірі жастардың өткен ұрпақ пен нақты өмірдің тәжірибесін сын тұрғысынан
қабылдап, түсінуімен сипатталады. Қазақстандық қоғамның қайтадан құрылуы рухани-адамгершілік мәде-
ниеттің сабақтастығының үзілуімен байланысты. Заманауи жаһандық әлеуметтік-экномикалық қайта құрулар,
қоғамдық қатынастардың жаңаруы қоғамдық сананың барлық формалары мен адамгершілік бағдардың
өзгерісіне де алып келгені мәлім.
Қазіргі кезеңде өркениетті елдерде мәдени тұтастанудың төмендегідей жүйесі қалыптасқан: « адам –
отбасы – мәдени шағын топ – этномәдениет – үлкен өркениет – адамзат». Бұл жерде ең маңыздысы мәдени
тұлға адам болып табылады. Тұлғаның адамгершілік қасиеттерінің көріну деңгейі оның рухани деңгейін
көрсетеді. Ұлттық мәдениет халықтың ежелден келе жатқан өзіне тән өнері, әдет-ғұрпы, салт-дәстүрі есебінде
жетіледі, ол әлемдік мәдениеттің гуманистік үдеріс үлгілерімен ұштасады.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев Бүкіләлемдік Рухани мәдениет форумында: «Кез
келген халықтың рухани мәдениетінің негізін бейбітшілікке, келісімге, әділдікке ұмтылу құрайды. Көп ұлтты
қазақстандық мәдениетке тән рухани бастамаларды нығайту мемлекеттік саясаттың маңызды бөлігі. Қазіргі
таңда түрлі этностар мен әр түрлі дінге жататын адамдарды біріктіруге қабілетті рухани құндылықтарды бекіту
тұрақты күш-жігерді, әрі түрлі елдердің діни көшбасшылары, ғалымдары, мәдениет және өнер қайраткерлері
тарапынан үнемі назарды қажет етеді. Бүкіләлемдік рухани мәдениет форумын өткізу қазіргі әлемнің рухани-
лығын нығайтуға, мәдениеттер мен өркениеттер үн қатысуларын кеңейтуге маңызды қадам болатындығына
сенімдімін», - деп атап көрсетті [1].
Рухани-адамгершілік мәдениет белгілі бір бағыттағы мақсатты, жүйелі, ұлттық көзқарасты, мінез-құлық-
тағы адалдық тәртіп пен рухани дағдыны қалыптастыратын жүйе. Сондықтан заманауи жоғары оқу орнының
басты міндеттерінің бірі көпмәдени ортада интеллектуалды ұлттың белсенді өкілі ретінде студент жастардың
рухани-адамгершілік мәдениетін қалыптастыру болып табылады.
Мәдениет әр түрлі құндылықтардың жиынтығы мен бірлігі ретінде адамды рухани еркіндікке алып келеді.
Адамның рухани мәдениеті басқа адаммен қатынасынан, тәрбиесінен, мінез-құлқынан, іс-әрекетінен көрінеді.
Адамның жоғары адамгершілік сапасы – руханилықтың негізі.
Педагогикалық әдебиеттерде « руханилық - адамның ойынан, сөзінен, әрекетінен көрініс табатын оның
санасының күйі», – деп түсіндіріледі. Ол адамның рухани мәдениеттің сан алуан түрлерін: философия, дін,
пәндер циклдерінен алған білімдерін меңгеру деңгейін анықтайды [2].
А.Лихановтың пікірінше, «…халықтың рухани бірлігі мен оларды біріктіретін құндылықтар – бұл саяси
және экономикалық тұрақтылық сияқты дамудың маңызды факторы. Қоғам адамгершілік бағдарлар жүйесі бар
болғанда ғана ұлттық міндеттерді шеше алады» [3].
Демек адамның жоғары тұлғалық мәдениеті халық алдындағы жауапкершілігін, азаматтық парыз бен
азаматтық бедел туралы санасының жоғарылығын ажыратады. Осы тұрғыдан алғанда руханилық – тұлғаны
Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Хабаршысы, «Педагогика ғылымдары» сериясы, №2(42), 2014 ж.
175
қалыптастыру факторы, адамның өзін және өзінің мінез-құлқы мен іс-қылықтарын саналы басқаруы, өзінің іс-
әрекеттерін саналы реттеуі.
Адамзат баласының сан ғасырлық даму тарихына жүгінетін болсақ, руханилықтың мәні зор болған.
Руханилық адамзат өмірінің адамгершілік құндылықтар басымдығына негізделген рухтық-сезімдік жақтары,
адамның өзгеше ойлау бейнесі мен тіршілік әрекеті болып табылды. Ол адамның шынайы келбетін, болмы-
сын, ішкі жан дүниесін білдіретін асыл қасиеттерде көрініс табады. Руханилық мәселесі антикалық дәуірден
бері (Платон, Аристотель, Демокрит, Диоген, Гераклит, т.б.) философиялық ойлардың объектісі ретінде қарас-
тырылып келеді. Философтар руханилықты екі тұрғыдан, атап атйқанда, ғылыми және діни деп анықтады.
Ғылыми және діни руханилық бір-біріне ұқсас, мұнда адамның ішкі әлемінің қасиеттеріне байланысты
ерекшеліктеріне назар аударылады. Ал айырмашылықтары руханилықтың алғашқы көзі деген мәселеге келіп
тіреледі (Адам немесе Алла). Ғылыми тұрғы руханилықты адамның ішкі әлемімен байланысты қарастырады,
оның таным қабілетіне және адамгершілік өзін-өзі бағалауына көңіл бөледі. Тұлға білім арқылы сыртқы
әлемді, адамның басқалармен қарым-қатынасын, сезімді, эмоцияны таниды.
Мәдениет – адамдардың өмірі мен іс-әрекетін ұйымдастыру тәсілінен, сондай-ақ олардың материалдық
және рухани байлықты жасауынан көрінетін қоғам мен адамның белгілі тарихи даму дәрежесі. Қазақ ұлтының
болмысы өмір сүру салтымен және онымен кіндіктес төлтума мәдениетімен де дараланады.
Ғылыми әдебиеттерде мәдениетке әр түрлі бағытта анықтамалар берілген. « Мәдениет» - cultura латын
тілінен аударғанда өсіру, өңдеу деген мағынаны білдіреді. Бұл сөзді ең алғаш рет теориялық термин ретінде
рим философы М.Цицерон «Тускулан пікір сайыстары» ( б.ғ.д. 45 ж.) еңбегінде адамның ақыл-ойына әсер
ететін ауыспалы мағынада “жанның жетілуі” деп қолданып, ғылыми айналымға енгізген [4].
Т.Элиот этнографиялық тұрғыдан, мәдениет - белгілі бір халықтың өмір сүру мәдениеті..., оның әлеуметтік
жүйеде көрініс табуы» - деп сипаттайды [5].
С.С. Аверенцев мәдениетті «материалдық және рухани еңбек өнімдерінде, әлеуметтік ережелер мен
мекемелер жүйесінде, рухани құндылықтарда, адамдардың табиғатқа, өзара және өз-өзіне қарым-қатынасының
жиынтығында көрінетін адамның тіршілік әрекетін ұйымдастыру мен дамытудың арнайы тәсілі», - деп
көрсетеді [6].
Философиялық сөздікте «мәдениет – адамзаттың болмыс пен сананың барлық салаларындағы әлеуметтік-
прогрестік шығармашылық қызметі; адамзат тарихының байлығын жеке адамның ішкі байлығына айналды-
руға бағытталған; адамның барлық іс-әрекетін біріктіретін әлеуметтік өмір тәсілі; әлеуметтік болмысты сақтау
мен жаңарту үшін адам қолданатын формалардың эволюциясын дәлейдейді; адамның тіршілік әрекетінің
тәсілі; дәстүрлер мен инновацияның жиынтығы» - деп анықталады [7].
Этикалық сөздікте мәдениет ұғымына төмендегідей сипаттамалар беріледі: «мәдениет адамның рухани
өмірінің барлық формаларын ойлауды, дін мен этиканы біріктіреді; адамның ішкі болмысының мәнін бекітеді;
адамды жоғары дәрежеде ойлауға ұмтылдырады» [8].
Педагогикалық тұрғыдан, «мәдениет – адамдардың ғылыми, моральдық - әлеуметтік, көркем және
техникалық құндылықтар жасаудағы бірлескен қарым-қатынастарының жиынтығы. Оның мәнін адамның
өзіндік адамдық еңбегімен байланысты туындайтын өнім деуге болады. Өз тарихын, оның ішінде этникалық
мәдени тарихы мен әдебиетін, өнерін түп негізден зерттеп білу, тарих пен мәдениеттің ортақ бастау көздерін
табу, өздерінің төл мәдениетінің көне дәуірден бастап бүгінгі күнге жалғасып жатқан біртұтас ортақ тарихын
жасау барлық мәдениетті халықтарға тән дәстүр.
Ғалымдар пікірінше, мәдениет руханилыққа өзгергіштік қабілет береді, басқа адамдармен өзара әрекеттес-
тіреді (Р.И. Лазовская); рухани мәдениет тұлғалық өзін-өзі дамуда, тұлғаралық өзара әректтестікте ішкі бағдар
болады (Т.А. Бреусова); руханилық адамгершілікпен, ал мәдениет тұлғамен тығыз байланысты (Н.Бердяев,
Т.Г. Искакова); мәдениет адамның қоршаған орта адамдарына құндылық қатынасының көзі
(Г.М. Коджапсирова).
В.А. Сластенин «адамгершілік - адамның мінез-құлқын реттейтін қасиеттердің жиынтығы. Тұлғаның
рухани-адамгершілік мәдениеті жалпы мәдениеттің компоненті, құрамды бөлігі, интегративті қасиеті» - деп
тұжырымдайды [9].
Заманауи қоғамда «рухани-адамгершілік тәрбие» деген ұғым алдымен руханилықты анықтаудың әр түрлі
тәсілдеріне байланысты біржақты тақыланбайды. Руханилыққа берілген көптеген анықтамаларға ортақтық
адамның материалдық және материалдық емес қажеттіліктерін, талаптарын шектеу болып табылады. Демек
руханилық адамның екі, атап айтқанда, идеалды (өмірдің мәнін тануы) және әлеуметтік (адамға қызмет етуі)
қажеттіліктерінің жиынтығы ретінде жан-жақты қарастырылады. Рухани-адамгершілік тәрбие адамның
рухани-адамгершілік мәдениетінің қалыптасуына ықпал ету, оларда: адамгершілік сезімді (ар-ұждан, парыз,
Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Хабаршысы, «Педагогика ғылымдары» сериясы, №2(42), 2014 ж.
176
сенім, жауапкершілік, азаматтық, патриотизм); адамгершілік болмысты (сабырлылық, мейірімділік, т.б.);
адамгершілік ұстанымды (қайырымдылық пен зұлымдықты ажырату қабілеті, өмірлік сынақты (кедергілерді)
жеңуге дайындық, т.б.; адамгершілік мінез-құлықты (Отанға және адамзатқа қызмет етуге, қайырымды іс
жасауға деген ерік-жігердің болуы, т.б.) қалыптастыратын үдеріс. Рухани-адамгершілік тәрбиеге осы тұрғыдан
қарауда ұрпақтан - ұрпаққа берілетін дәстүр, әсіресе, өзіне, айнала қоршаған адамдарға, олардың жасампаз-
дығына, табиғатқа, тұтас әлемге қатынасы айқын қадағаланады.
Тұрғы (тәсіл, тәсілдеме) педагогикалық іс-әрекет тәсілдерін және өзара байланысты идеялар мен ұғымдар-
дың сапалық жиынтығын пайдалануға мүмкіндік тудыратын әдіснамалық бағдар деп мазмұндалады. Мәде-
ниетті іс-әрекет тәсіл тұрғысынан қарастыру маңызды, бұл мәдениеттің индивидтің маңызды қасиеттерді
меңгеруіне мүмкіндік беретін әлеуметтендіру қызметін ашып көрсетеді.
Студент жастардың рухани-адамгершілік мәдениеті – халық, оның тарихы, құндылығы, мәдениеті, этника-
лық ерекшектері туралы ықпалдастырылған гуманитарлық білімнің, тұлғалық маңызды қасиеттердің жиын-
тығы, өзінің және басқа халықтың өкілдерімен тұлғараалық қатынасы, оларға тән сезімі мен эмоциясы, шығар-
машылық іс-әрекеті, құзыреттілігі, тұтас алғанда, ол студенттің әрекеті мен іс-қылықтарын реттеуге, басқаруға
мүмкіндік береді. Көпэтникалық білім беру ортасы – кез келген оқу мекемесінің этникааралық тиімді өзара
әрекетке дайын, өзінің этникалық ұсқастығын (идентичность) сақтайтын және басқа этномәдениетті түсінуге
талапты, иноэтникалық қауымдастықты сыйлайтын, әр түрлі ұлт өкілдерімен бірге бейбіт және келісіммен
өмір сүре алатын тұлғаның қалыптасуына әсер ететін жағдайлардың жиынтығын көрсететін орта. Қоғамның
көпмәдениеттілігі, көпэтникалығы, көптілділігі, көпөркениеттігі тәрбие мен білім теориясының күрделі
гаммасы мәселесін туғызды. Тәрбие саласындағы жаһандану негізгі әлемдік өркениет Батыс, Еуроазия және
Шығыс ықпалынан белгілі бір сипаттарға ие. Көпұлтты қоғам үшін ғаламдану мәдениет пен тәрбиеге тікелей
әсер етіп, әр түрлі өркениеттік үлгіде бәселекелестік жағдайында өтіп жатыр. Мұның тәрбиедегі ұлттық құнды-
лықтардың жойылып кетуіне қауіп төндіріп отырғаны белгілі. Әлемдік білім мен тәрбиедегі жаһан-данудың
салдарынан көпмәдениеттілік тәрбиенің детерминанты ретінде жаңа сапаларға ие болуда. Олар алдымен
мәдениеттің өзара сіңісуі мен тұлғаның сәйкестілігі, бірегейлігі (идентичность), этникалық, діни полифония-
лық және дифференциациялық сипатқа иеленуде. Мәдени адамның руханилығы өмір сүру салтын таңдауы
мәдени идентификацияға қабілеттілігінен байқалады. Мәдени саналуандық білім беру (мультиұқсастық,
мультисәйкестілік- мультиидентичность) әрбір адамның көптеген мәдениеттің тоғысуында болатынын, яғни
тұлғаның жеке өзіндік сипатымен қатар басқа адамдармен де ұқсастығы бар екендігін есепке алуын қарас-
тырады. Сонымен бірге тәрбиенің мәдениеттің жалпыадамзаттық құндылықтарына негізделуі және этникалық
әрі ұлттық мәдениеттің ерекшеліктерін ескере отырып құрылуын көрсетеді. Мәдени саналуандық адамдарды
бөлмейтін, керісінше біріктіретін құндылық. Этникалық әр түрлілікке негізделген қазақстандық дүниетаным
әлемдік мәдениет ағымына батып жоғалып кетпеуі тиіс, оны жас ұрпақ бірегей ұлттық игілік ретінде сақ-
тауы керек.
Студент жастардың рухани-адамгершілік мәдениетін қалыптастыру мақсатты даму үдерісі және оның
нәтижесі, тұлғалық маңызды қасиеттердің жиынтығы: өзін-өзі дамытуға талпыну, өзінің және басқа халықтың
өкілдерін құндылық ретінде қабылдау, эмоционалдық бауырмалдық, қайырымдылық, ақ пейілділік, ізгі
ниетшілік, жауапкершілік, ар-ұяттылық, инабаттылық,өзінің және басқа халық өкілдерімен бірлескен
шығармашылық әрекетке ұмтылу, талаптану.
Мәдени сәйкестілік, тарихи, герменевтикалық, аксилогиялық тұрғылар (тәсіл, амал, тәсілдеме) жоғары оқу
орнындағы гуманитарлық пәндер мүмкіндіктерін қолдану арқылы студенттің рухани-адамгершілік мәдениетін
қалыптастыру үдерісін жобалауға мүмкіндік туғызады, олар: мәтіндер жүйесіндегі этникалық ерекшеліктерге
бағдарлау; мәтіндердің құндылық мазмұны; мәдениет диалогын қамтамасыз ететін тарихи ретроспективтік
тәсіл; т.б. М.М. Бахтин, В.С. Библер ұсынған мәдениет диалогы ережелеріне сүйене отырып, диалогты тіл
құралдарында және мәтіндер жүйесінде мәдениеттің әр түрлі дәуірдегі көрінісі; тақырыпқа, мәселеге бірнеше
көзқарас тұрғысынан қарау; тұлғаның ішкі мәні; әр түрлі халықтың мәдени әрекеттестігі ретінде қарастыруға
болады.
Руханилық, адамгершілік тұлғаның іс-әрекеті мен мінез-құлқында көрініс беретін базалық қасиеті, адамның
тұлғалық қалыптасуына негіз болып отырған тәрбиенің, білімнің, өнер мен діннің негізі. Абай «Адамның жақ-
сысы адамға жақсылық жасаған адам, ол рухани жетілген толық адам қоғамына, ортасына, ұлтына, адамзатқа
пайдалы болуы керек» - деп тұжырымдайды [10].
Тұлғалықтың түп тамыры адамның рухани әлемінен екендігін қазақтың дара биі Әйтеке би «Жақсының
серігі – әмәнда ақыл, қанағат, әдеп, төзім, сабыр, үміт, татулық, бірлік. Ер жігітке төзім – тірек, сабыр - қамал,
ақыл – әл-ауқат, ар-абырой – қазына, қанағат – асыл тас, бата - мұра, әдеп – сән, жалған сөз – дерт, ақиқат – ем,
Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Хабаршысы, «Педагогика ғылымдары» сериясы, №2(42), 2014 ж.
177
үміт – көңіл азығы, сезім – бұлақ, қиял –шырын, тілі – жүрегінің елшісі. Көңіл әрдайым обыр, кіршең.
Сондықтан оны үнемі аққа ұйытып отыру – ақылдының еншісі» - деп сипаттайды. Бұл оның мәні қайырым-
дылық, ал қайырымдылық адамның жан дүниесінің өнімі деп тұжырымдауға мүмкіндік береді.
Демек адамның өзін қоршаған орта мен әлемге қатынасының негізгі жолын, жоғарғы деңгейін руханилық
деп санайтын болсақ, оның тарихи кеңістіктегі дербестік, даралығына тән тұлғалық рухы да осы рухани-
лықтың көрінісі.
Студентті болашақ маман ретінде көпмәдени ортада кәсіптік іс-әрекетке дайындау жолдарының бірі –
жоғары оқу орнының оқу үдерісіне сай келетін пәнді енгізу болып саналады. Оған Абай атындағы ҚазҰПУ-нің
ректоры С.Ж. Піралиевтің жаңашылдық бастамасымен 2009-2010 оқу жылынан барлық мамандықтың 1 курс
студенттеріне «Ұлттық тәрбие» курсының енгізілу тәжірибесі дәлел бола алады.
«Ұлттық тәрбие» пәнінің типтік оқу бағдарламасына сай «Ұлттық мәдениет – ұлттық тәрбиенің негізі»
тақырыбында: Ұлттық мәдениеттің мәні. Мәдени мұра – рухани, мәдени, экономикалық және әлеуметтік
капитал. Ұлттық тәрбиенің көздері: халық ауыз шығармашылығы, қолданбалы өнер, салт-дәстүр, әдет-ғұрып,
ұлттық ойындар және т.б. сұрақтар қарастырылады. Бұл тақырыптар бойынша студенттердің өзіндік
жұмыстарының тапсырмалары көпэтникалық ортада студенттің рухани-адамгершілік мәдениетін (оның негізгі
компоненттері: ақпараттық - когнитивті, тұлғалық - құндылық, іс-әрекеттік – шығармашылық, сезімдік -
эмоционалдық) қалыптастыруға мүмкіндік береді.
Сондықтан студенттермен жүргізілетін жұмыстарда «Біз бір елдің баласымыз», «Біз әр түрліміз, бірақ
теңбіз» тақырыбына дөңгелек үстел ұйымдастыру, «Біз «Мәңгілік елдің баласымыз» деген эссе жаздыру
студенттердің рухани-адамгершілік мәдениетін қалыптастыруға оң ықпал етеді. «Әлем өзіңнен басталады»
тақырыбындағы «Менің қызығушылықтарым» пікірлесу сағаты; «Менің есімімнің (атымның) тарихы»
презентация, шағын шығарма байқауы; рухани-адамгершілік мазмұндағы фильмдерді талдау; «Өмір жақсылық
жасау үшін беріледі» тақырыбына дөңгелек үстел өткізу және т.б. тапсырмалар студенттің өзіне жағымды,
дұрыс, позитивтік қатынасын қалыптастыруға және өзін-өзі дамытуға талаптануына мүмкіндік туғызады,
сонымен бірге студенттердің мәдениеттің көптүрлілігі туралы түсініктерін кеңейтуге және студенттің өзіндік
шығармашылық іс-әрекетіне бағдар болады.
Тарихи тұрғыдан алғанда қазақ халқының материалдық мәдениеті осы аймақты мекендеген ертедегі
көшпелі тайпалар мәдениеті мен орта ғасырларда өркендеген отырықшы және қалалық мәдениеттің
дәстүрлерін жалғастырды. Әрбір көшпелі қазақ туыстық-қандастық жүйені тарата білуді өмір сүрудің
нормасы, моральдық-этикалық өлшемдері деп білген. Мұндай дәстүрдің бұлжымай сақталуына жеті аталық
үрдіс ұйтқы болып отырған. Бұл орайда жеті аталық үрдіске ұлттың этнобиологиялық және этномәдени
тұтастығын қамтамасыз ететін ғажайып тетік ретінде ден қоюға тура келеді. Тектілік адамды алдымен, өз тегі
мен өз елінің рухын бағалауға, түсінуге, болмысын терең зерттеуге жетелейтін қасиет болғандықтан, оның
тұлғалық көрінісі руханилық әрі зиялылық екендігін айғақтайды, сонымен бірге тұлғаның қалыптасу
ерекшеліктерін, тұлғалық табиғатын айқындайды. Тектілікті түсіне білген адам жеке басының ғана емес, елінің
қамы үшін азаматтық жолды таңдайды. Сабақ барысындағы «Менің шыққан тегім» тақырыбы бойынша
шығармашылық тапсырмалар (байқау, шығарма, т.б) әр студенттің өзінің тегіне, оның тарихына құрмет
көрсетуін, сыйластық қарым-қатынасын қалыптастырады. «Шежіре кітап» бойынша өзінің тегін, рулық,
отбасылық дәстүрін тереңірек білуіне мүмкіндік береді.
«Сенің және менің халқымның мәдениеті» тақырыбы аясындағы этнографиялық музейге экскурсия;
«Халықтың қуаты мен күші тілінде», «Туған өлкенің мәдени мұрасы» тақырыптарын өту барысында ұлы
тұлғалардың шығармаларын талдау; «Ана жүрегі», «Ана туралы сөз» тақырыптарына шығармалар байқауын
ұйымдастыру тапсырмалары әр түрлі халықтың мәдениетін қабылдауға және басқаны шындық ретінде тануға
мүмкіндік береді.
Сонымен Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстан жолы -2050: Бір мақсат, бір
мүдде, бір болашақ» Жолдауындағы саясатының жүзеге асырылуында бұл пәннің алатын орны ерекше [11].
Қорыта келгенде, студент тұлғасының мәдени ізденісінің тарихи ішкі көрінісі – руханилық, ал әлеуметтік
іс-әрекеттері – оның сыртқы бейнесі болып табылады. Демек студенттің рухани-адамгершілік мәдениеті кәсіп-
тік іс-әрекеттегі этикалық нормалар мен ережелерді, өзара қарым-қатынас мәдениетін меңгеруін сипаттайды.
Достарыңызбен бөлісу: |