Хабаршы вестник «Педагогика ғылымдары» сериясы



Pdf көрінісі
бет42/50
Дата28.01.2017
өлшемі4,2 Mb.
#2933
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   50

Түйіндеме 
Бұл  мақалада  сабақтан  тыс  уақыта  және  оқу  үрдісінде  оқушылардың  өзара  қарым-қатынас  жүйесін 
қалыптастыру тұралы баяндалады. 
 
Summary 
This  article  refers  to  the  preparation  of  school  students  to  the  communicate  in  the  process  of    learning  and  in 
extracurricular time. 
 
Список использованной литературы: 
1.  Бодалев А.А. Личность и общение. –  М., 1983 г. 
2.  Добрович А.Б. Общение: Наука и искусство. – М.,1990. 
3.  Кан-Калик В.А. Грамматика общения. – Санкт-Петербург, 2000 г. 
4.  Макаренко А.С. Собр. соч. в 2-х томах. – М., 1999 г. 
 
 
УДК 37.032  
 
БҮГІНГІ МАҚСАТ – АДАМНЫҢ ҚАБІЛЕТТІЛІК ДЕҢГЕЙІН АРТТЫРУ 
 
Н.Сайлауова – Х.Досмұхамедов атындағы АМУ-нің доценті, п.ғ.д., 
Д.Стамғали – Х.Досмұхамедов атындағы АМУ-нің магистранты 
 
Аңдатпа:  Мақалада    жеке  тұлғаның  қоғамдағы  орны  мен  тигізер  пайдасын  бастауыш  мектепте  білім  беру 
үдерісінде ұтымды қолдану мәселесін дұрыс шешу мүмкіндіктері  жан-жақты қарасырылады.  
Жүйелі жүргізілген ой операциялары ғылыми ұғымдарды қалыптастыру үшін негіз дайындайды және зияткерлік 
дамуды,  яғни  формалды  операрциялар  кезеңінде  жасөспірім  объектілерге  нақты  байлануынан  босайды  және  сол 
арқылы    үлкен  адам  сияқты  ойлау,  өзін-өзі  басқару    т.б.  қабілеттерін  дамыту  мүмкіндігіне  ие  болатындығын 
пайымдаған. 
Тірек сөздер: талдау, синтездеу, салыстыру, қорыту. 
 
Психологтардың пайымдауынша дені сау кез келген адам қандай да бір қызметке бейім болады, ештеңеге 
ыңғайы не бейімдігі жоқ адам жоқ. Оны күнделікті практика да көрсетіп жүр. Бейімдік дайын күйінде адамға 
берілмейді,  ол  жеке  адамның  өзіндік  ерекшеліктеріне  байланысты  өмір  сүру  кезінде,  оқу  барысында 
қалыптасады.    Мектепте  жеке  тұғаның  неге  бейім  екенін  айқындалып,  оны  дамыту  арқылы  әр  тұлғаның 
қоғамдағы орны мен тигізер пайдасын ұтымды қолдану мәселесін дұрыс шешуге мүмкіндік алады.  
Бастауыш  мектептің  алдында  тұрған  негізгі  мәселе  –  оқушыларға  білім  бере  отырып    оқу  әрекетіне 
қалыптастыру, олардың оқуға ынтасын ояту, қызығушылын, қабілетін жан-жақты дамыту. Бастауыш сынып – 
оқушылардың логикалық ойлау қабілетін дамытудың негізгі кезеңі. Өйткені балалардың ойлары осы кезеңде 
нақты-бейнеліден абстрактылы ойлауға қарай дамиды.  

Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Хабаршысы, «Педагогика ғылымдары» сериясы, №2(42), 2014 ж. 
 
260 
Кіші  мектеп  жасы  барлық  танымдық  процестердің,  соның  ішінде  ақыл-ойдың  дамуында  үлкен  әлеуетті 
иеленеді. Балалардың ақыл-ойының дамуына арналған өзінің соңғы фукцияларының бірінде Л.С.  Выготский 
дәл  кіші  мектеп  жасының  өзі  ойлаудың  белсенді  даму  кезеңі  болып  табылатындығын  көрсетті.  Бұл  даму  ең 
алдымен, сыртқы қызметке тәуелсіз ішкі зияткерлік қызметтің, өзіндік жеке ақыл-ой  әрекеттерінің жүйесінің 
пайда  болатындығына  байланысты.  Қабылдау  мен  есте  сақтаудың  дамуы  қалыптасатын  зияткерлік  процес-
тердің нақты әсерімен өтеді. Өзге сөздермен айтсақ, жастардың жалпы жүйесіндегі кіші мектеп жасының рөлі 
мен мәнін белгілеу маңызды. 
Егер бірінші класта баланың ойлауы әлі де мектеп жасына дейінгі баланың ойлауын  еске салатын болса, 
балалар өз ойларында негізінен сезу тәжірибесіндегі нақты заттарға сүйенеді, оларды ой тұжырымдары көрнекі 
сілтемелерге  негізделген,    үшінші  сыныпқа  қарай  ойлау  операцияларының    абстрактілік-логикалық  жаққа 
қарай  күшті  ілгерілеуі  байқалады.    Байланыстарды  көрсетуді  талап  ететін    сабақтарда  алынатын  білімнің 
көлемі артады. Оқушылар  түрлі заттар мен құбылыстарды жіктеп үйренеді, бұл, өз кезегінде, ақыл-ой қызметі-
нің неғұрлым күрделі нысандарының дамуына алып келеді. Орта буынға көшкен кезде оқушылардың көпші-
лігі қорытынды жасай, талдау және синтез жасай алады, адами сапалар мен қабілеттері де қалыптасады 
З.В. Птицинаның зерттеулерінде адами сапалар мен қабілеттердің дамуы үшін  көбінесе оқушының ғылыми 
зерттеу  әдістемесін  меңгеруіне,  абстрактілеу,  салыстыру,  қорыту,  талдау  және  синтездеу  сияқты  жаңаны 
тануына көмектесетін   жағдайлар  талап етіледі. 
Ойлау тәсілдерін қалыптастыру тәртібі туралы мәселені Н.Ф. Талызина жан-жақты  зерттеді Ол жекелеген 
тәсілдердің қалыптасу тәртібін төмендегіше айқындайды: 
 талдау және синтездеу; 
 салыстыру; 
 абстрактілеу; 
 қорыту; 
 нақтылау. 
Ғылыми зерттеулерді саралай отырып осы аталған тәсілдерді былайша анықтама берген. 
«Талдау» – зерттелетін объектіні  оған тән құрамдағы элементтерге  іс жүзінде немесе ойша бөлу, ондағы 
жеке жақтарды ажырату,  объектінің әрбір элементін немесе жағын  тұтастың бөлшегі ретінде жеке зерделеу. 
«Синтездеу» – зерттелетін объектінің элементтерін (бөліктерін) немесе қасиеттерін біртұтасқа біріктіру  
«Салыстыру»  мақсатын  –  салыстыру  заттары  туралы  теориялық  мәліметтерді  қайталай  отырып,  салыс-
тырудың басты белгілерін ажырату – қандай да бір заттың ерекшеліктерін (ұқсастықтарын)  анықтау – салыс-
тыра отырып  қорытынды жасалады.  
Жасөспірім  оқушылардың логикалық ойлауын дамыту үшін маңызды логикалық операция абстрактілеу  – 
заттар мен құбылыстардың елеулі ерекшеліктерін ойша ажырату және оларды нақты бір тұрғыдан қарағанда 
елеусіз заттардан шеттету болып табылады. 
Біздің зерттеуіміз үшін қажетті келесі операция – қорыту. 
«Қорыту» – бұл  берілген заттар мен құбылыстардағы ортақты табу. Бұл ортақ белгілер немесе бөлшектер, 
элементтер  және  т.с.с.  болуы  мүмкін.  Ортақты  табу  заттарды  салыстыруды,  берілген  заттардың  әрқайсы-
сындағы ортақ белгілерді ажыратуды және соңғысын осы белгілер бойынша біріктіруді қамтиды. 
Осы аталған тәсілдер бойынша бастауыш сынып оқушыларының алған білімі белгілі бір  түрде жүйеленеді. 
Біртіндеп оқушылар жалғыз дара білімнен оларды қорытуға, одан соң жүйелеу мен жіктеуге көшуді өзбетімен 
қамтамасыз ете алады, бұл логикалық ойлау қабілетін қалыптастырады. 
Салыстыру,  талдау  және  синтездеу,  абстрактілеу,  жіктеу  және  қорыту  сияқты  ой  операциялары  негізінен 
кіші  жасөспірімдік  жаста  кешенді  түрде  дамуы  тиіс.  Осы  ойлау  операцияларының  алгоритмдерін  ескере 
отырып,  логикалық ойлауды дамытудың кіші деңгейлерін ажыратамыз. 
Бірінші  деңгейде  оқушылар  қабылдауды,  есте  сақтауды,  қиялды  белсендендірудің  арнайы  әдістемелік 
тәсілдерінің көмегімен қандай да бір  операцияның мұғалімнің басшылығымен нақты мысалмен ара қатысын 
белгілеуі тиіс. Бұл деңгейде кіші жасөспірім оқушылар  салыстырудың басты белгілерін ажыратады. Сонымен 
қатар    жасөспірім  кездегі  талдау-синтетикалық  қызметтің  маңыздылығын  ескере  отырып,  бұл  деңгейге, 
объектіні талдауды  оның тұтас картинасын қалпына келтіруге  жетелейміз. Кіші жасөспірімдердің логикалық 
ойлауын дамытудың екінші деңгейін  жіктеу негіздерін, салыстыру объектілерін, талдау өлшемдерін, қорыту 
объектілерінің    басты  сипаттамаларын  ажырату    қабілетімен  сипаттайтын  боламыз.  Оқушылар  салыстыру 
сияқты ойлау операциясын  аяғына дейін жүргізе білуі тиіс. 
Үшінші  деңгейде  оқушылар  талдау-синтетикалық  қызметті,  абстарктілеуді,  жіктеуді  толықтай  жүзеге 
асырады.  

Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Хабаршысы, «Педагогика ғылымдары» сериясы, №2(42), 2014 ж. 
 
261 
Н.Н.  Поспеловтың  және  Н.И.  Поспеловтың    қорытуды  меңгеру  үшін  оқушы    индукция  мен  дедукцияны 
меңгеруі, яғни  талдау-синтетикалық қызметі жүзеге асыра білуі тиіс екендігі туралы қорытындыларын ескере 
отырып, бұл деңгей үшін  қорытуда объектілердің ортақ қасиеттері мен қатынастарын ажырату міндетті деп 
айқындаймыз.  
Төртінші деңгей – жоғары, оқушылар жоғарыда тізбеленген барлық ой операцияларын жүзеге асыра білуі 
тиіс. 
Кіші  мектеп  жасы  үшін    жетекші  қызмет  оқу  болып  табылады.  Оқу  қызметінің  талаптары  оқушыларды 
міндетті  түрде    олардың  бүкіл  психикалық  процестерінің  сипаттамасы  ретінде  қабілеттер  мен  еріктіліктің 
қалыптасуына алып келеді. Еріктілік  баланың күнде одан оқушы позициясы талап ететін нәрсені орындауы-
ның  нәтижесінде  қалыптасады:  түсіндірулерді  тыңдайды,  есептерді  шешеді  және  т.с.с.,  біртіндеп  келе,  ол  
өзінің  қалағанын  емес,  жасауға  тиісті  нәрсесін  жасауға  үйренеді.  Осылайша,  оқушылар  өзінің  мінез-құлқын 
басқаруды (қандай да бір дәрежеде) үйренеді, өзін-өзі басқару қабілеті жетіледі. 
Сонымен қатар мұғалім баладан тек есепті шешуді ғана емес, оның дұрыстығын негіздеуді талап етеді. Бұл 
біртіндеп баланың сезіну,  өзінің не жасап отырғанына, не жасағанына есеп беру қабілетін қалыптастырады. 
Бала тек мәндік мазмұнды беріп қана қоймайды, нақты мақсатқа бағындыра отырып, оны реттейді. Тағы да бір 
маңызды міндет – оның дұрыс жасағанын және оның неге дұрыс деп санайтынын бағалау. Адамның  өзінің не 
жасап  жатырғанын  сезіну  және  дәлелдеу,  өз  қызметін    негіздеу  қабілеті  рефлексия  деп  аталады.  Сондықтан 
кейбір  зерттеушілер    логикалық  ойлаудың  тиімді  дамуының  «дербестікті  және  ұсынатын  талқылауларының 
негізділігінің дамуы» сияқты шартын ажыратады . 
Оқудың бастапқы кезеңінде бірінші сыныптың оқушылары үшін сыртқы заттарға, модельдерге, суреттерге 
сүйену қажет болады. Біртіндеп олар  заттарды сөздермен алмастыруды (мысалы, ауызша есептеуді), басында 
заттардың  бейнелерін  сақтауды  үйренеді.  Бастауыш  мектепті  аяқтағанда  оқушылар    әрекеттерді  өздігінен,  - 
ақыл-ой тұрғысында –  орындай алады. Бұл, олардың зияткерлік дамуы жаңа сатыға көтерілгендігін, олардың 
ішкі  әрекеттер  жоспарының  қалыптасқандығын  көрсетеді.  Жүйелі  жүргізілген  ой  операциялары  ғылыми 
ұғымдарды қалыптастыру үшін негіз дайындайды және зияткерлік дамудың соңғы кезеңінде, яғни формалды 
операрциялар  кезеңінде  жасөспірім  объектілерге нақты байлануынан босайды және  сол арқылы  үлкен адам 
сияқты ойлау мүмкіндігіне ие болады 
                                                                
Резюме 
В  данной  статье  рассмотрены  вопросы  функциональной  грамотности  учащихся,  внедрение  в  учебно 
воспитательный процесс активных форм обучения. Особенности личностно-ориентированных технологии. 
                                                      
Summary 
The question of individual has been brought into the discussion,   also its place,advantage and right usage for the primary 
school teaching catholically.Systematically used ideas actions of scientific terms are based to  found  intellectual development. 
During the formal actions there have been noted that young generation learn to be independent from the objects around and 
learn to think as adults, self-control and other skills that can be improved.  
 
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі: 
1.  Қазақстан    Республикасының  білім  беруді  дамытудың  2011-2020  жылдарға  арналған  мемлекеттік  
бағдарламасы. «Егеменды Қазақстан» 14.12.2010 ж. №529-532 
2.  Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы. 27.07.2007 ж. 
3.  ПтицынаЗ.В. Формирование мыслительных операций на уроках математики. 
– М.: Просвещение, 1999 г. 
4.  Талызина Н.Ф. Формирование познавательной деятельности учащихся. 
– М.: Знание, 1983г. 
5.  Выготский JI.C. Педагогическая психология. М.: Педагогика, 1996г. 
6.  Поспелов Н.Н., Поспелов И.Н. Формирование мыслительных операций у старшеклассников. 
– М.: Педагогика, 
1989 г. 
 
 
 
 
 
 
 

Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Хабаршысы, «Педагогика ғылымдары» сериясы, №2(42), 2014 ж. 
 
262 
УДК37.037.1  
 
МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ДЕНЕ МӘДЕНИЕТІН ЖЕТІЛДІРУДІҢ 
ПЕДАГОГИКАЛЫҚ СИПАТЫ 
 
Б.З. Абусейтов – п.ғ.к., доцент, 
Т.Ә. Данияров– п.ғ.к., доцентҒ.Б. Худияров– п.ғ.к., доцент м.а, 
Н.Ерімбетов – магистрант, Е.М. Абуов – магистрант 
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті 
 
Аңдатпа:  Бұл  мақалада  оқушылардың  дене  тәрбиесін  жетілдірудің  педагогикалық  сипаты  денсаулығы  мықты, 
денесі жан-жақты дамыған, алуан түрлі дене және ақыл-ой еңбектерін орындауға әбден қабілетті ұрпақты дайындау 
мемлекеттік  қажеттілік  талаптарына  байланысты  жүргізілетіндігі  жөнінде  баяндалады.  Денсаулық,  сымбаттылық, 
көңілдің көтеріңкілігі - адамзаттың бағзы заманнан бергі ең асыл армандарының бірі. Адам баласы әрқашанда өзінің 
денесін  жетілдіруге  және  белсенді  ұзақ  ғұмыр  сүруге,  тұрмыстың  жақсы  болуына,  жас  кездегі  күш-қайратын 
сақтауға  ұмтылады.  Бұған  дене  тәрбиесі  құралдарын  пайдалану  арқылы  педагогикалық  тұрғыда  сипаттама  жасай 
отырып, қол жететіндігі есте болуы керек. 
Тірек сөздер: дене тәрбиесі, ұрпақ, қажеттілік, ақыл, ой, педагогикалық сипаты, оқушы, мұғалім, сабақтан тыс, 
эмоция. 
 
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев  2014 жылдың 17 қаңтары күнгі Қазақстан халқына 
арнаған  дәстүрлі  «Қазақстан  жолы  –  2050:  Бір  мақсат,  бір  мүдде,  бір  болашақ»  атты  жолдауында:  «Басты 
мақсат – Қазақстанның ең дамыған 30 мемлекеттің қатарына қосылуы. Ол – «Мәңгілік Қазақстан» жобасы, ел 
тарихындағы біз аяқ басатын жаңа дәуірдің кемел келбеті. Қазақ елі өткен 22 жылда қыруар іс тындырды. Біз 
үлгілі  дамудың  өзіндік  моделін  қалыптастырдық.  Әрбір  отандасымыздың  жүрегіне  өз  еліне  деген  шексіз 
мақтаныш сезімін орнықтырдық. Қазақстандықтар ертеңіне, елінің болашағына сеніммен қарайды. Халықтың 
97 пайызы әлеуметтік ахуалдың тұрақтылығын және оның жыл өткен сайын жақсара түскенін айтады. Бүгінде 
отанымыздың  жетістіктері  –  әрбір  азаматтың  ұлттық  мақтанышы.  Күшті,  қуатты  мемлекеттер  ғана  ұзақ 
мерзімдік  жоспарлаумен,  тұрақты  экономикалық  өсумен  айналысады.  «Қазақстан  –  2050»  стратегиясы  – 
барлық саланы қамтитын және үздіксіз өсуді қамтамасыз ететін жаңғыру жолы. Ол – елдігіміз бен бірлігіміз, 
ерлігіміз бен еңбегіміз сыналатын, сынала жүріп шыңдалатын үлкен емтихан. Стратегияны мүлтіксіз орындап, 
емтиханнан мүдірмей өту – ортақ парыз, абыройлы міндет», – деп атап көрсетті [1]. 
Бұл – әрбір Қазақ елінің азаматын болашаққа бастар айқын бағдарлама. Яғни, еліміздің 2050 жылға дейінгі 
дамуының  жаңа  саяси  бағдарының    заңды  жалғасы.  Бүгінгі  күні  оқушылардың  дене  тәрбиесін  жетілдірудің 
педагогикалық  сипаты  денсаулығы  мықты,  денесі  жан-жақты  дамыған,  алуан  түрлі  дене  және  ақыл-ой 
еңбектерін  орындауға  әбден  қабілетті  ұрпақты  дайындау  жөніндегі  мемлекеттік  қажеттілік  күн  тәртібінен 
түскен жоқ. 
Оқушылардың күнделікті дене тәрбиесі біріншіден, оқу пәндері мазмұнының ғылыми-теориялық деңгейін 
арттыруды,  оны  үйретудің  белсенді  әдістерінің  кеңінен  өндірілуін;  екіншіден,  балалардың  сабақтан  тыс 
уақытта  қозғалыс әрекеттерімен  көбірек айналысуын, сыныпта тәрбиелік шаралар өткізіліп, тиісті  теледидар 
хабарларын  көруді;  үшіншіден,  тұрмыста  өркениет  жетістіктерін  пайдалануды  көздейді.  Мұндай  жағдайлар 
оқушылар  іс-әрекетінің  негізгі  түрлерінің  сипаты  –  қозғалысқа  деген  табиғи  қажеттілікті  қанағаттандырып, 
дене мүсінін дұрыс қалыпта ұстауды қажет ететін бұлшық ет жиынтығының тұрақты жиырылуын қамтамасыз 
етеді.  Эмоционалды-психологиялық  артық  күш  түсіретін  ақыл-ой  қызметімен  ұзақ  айналысу  дененің 
шаршауына  әкеліп  соқтырады.  Ол  денсаулық  жағдайына,  дененің  шынығуына,  жалпы  оқушының  дене 
тәрбиесіне  жағымсыз  әсер  етеді.  Организмді  психофизилогиялық  жағынан  қайта  қалпына  келтірудің  басты 
құралы  дене  жаттығуларымен  айналысудың  әр  түрлі  формаларын  кеңірек  қолдану  есебінен  оқушылардың 
жалпы және қозғалыс режімін оңтайландыру болып табылады. 
Оқушылар  дене  тәрбиесінің  толық  мәнінде  жүзеге  асырылуы  адамның  денесін  өмір  бойы  жетілдіріп 
отыруына  негіз  жасайды.  Мектептен  тыс  мекемелердің  (ұландар  үйлері,  спорт  мектептері  т.б.)  әр  түрлі 
секцияларында, топтарда дене жаттығуларымен ұйымдасқан түрде айналысу -  балалар мен жасөспірімдердің 

Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Хабаршысы, «Педагогика ғылымдары» сериясы, №2(42), 2014 ж. 
 
263 
бос жүрмеу проблемасын шешудің және қоғамға жат қылықтардың көрінісін болдырмаудың да тиімді жолы. 
Жалпы  білім  беретін  мектептің  оқу-тәрбие  жұмысының  бірыңғай  жүйесіне  дене  тәрбиесін  міндетті  бөлім 
есебінде енгізу тәрбиенің әр алуан (дене, ақыл-ой, адамгершілік, эстетикалық, еңбек тәрбиесі) әдістерін өзара 
ұштастыра жүргізуді қамтамасыз етеді. Тәрбиеде түпкілікті нәтижеге жету -  оның барлық жақтарының өзара 
байланысын қамтамасыз етеді. Сондықтан да дене тәрбиесінің міндеттерін анықтағанда оның ерекшелігі ғана 
емес,  сонымен  бірге  тәрбие  мен  білім  берудің  жалпы  жүйесіндегі  орны  және  атқаратын  рөлі  де  есепке 
алынады.  Осыған  байланысты  дене  тәрбиесінің  ерекше  және  арнайы  емес  екі  категориясын  ажырата  білу 
қажет.  Бірінші  категорияға  сауықтыру  міндеттері:  қозғалыс  біліктілігі  мен  дағдыларын  қалыптастыруға 
әкелетін біліктілік міндетерінің бір бөлігі жатады. Екінші категорияға тәрбиенің өзге түрлерімен байланысын 
көрсететін  тәрбиелік  міндеттер  де,  білім  де,  дағдыларға  байланысты  бейімділіктер  де  жатады.  Осы  айтыл-
ғандар оқушылар дене тәрбиесінің міндеттерін төмендегідей ретте саралауға мүмкіндік береді.  
Сауықтыру міндеттері: денсаулықты жан-жақты нығайтуға және үйлесімді дене дамуына көмектесу, дене 
мүсінін дұрыс қалыптастыру, дене бұлшық еттерінің әр түрлі топтарын дамыту, организмнің барлық жүйесін 
және  олардың  функцияларын  дұрыс  және  өз  уақытында  дамыту,  жүйке  жүйесін  нығайту,  зат  алмасу 
процестерінің белсенділігін арттыру; оқушылардың жас мөлшеріне қарай дененің мүмкіндіктері мен жұмысқа 
қабілеттілігінің  деңгейін  қамту;  организмнің  өзінің  шынығуы  үшін  қолайсыз,  жағымсыз  жағдайларға 
қарсыласу деңгейін арттыру. 
Білімдік міндеттер: тұрмыс жағдайында, еңбек қызметінде (жүру, жүгіру,  секіру, лақтыру, өрмелеу, ауыр 
заттарды  көтеру,  алып  жүру,  т.б.)  және  әскери-қолданбалы  сипаттағы  қимылдарда  (кедергілерден  өту, 
шаңғымен  жүру,  күрес  элементтері,  т.б.),  табиғи  қозғалыстарда  өмірлік  маңызға  ие  қозғалыс  дағдыларын 
қалыптастыру;  қозғалыстың  берілген  өлшемдеріне  сәйкес  күшті  саналы  түрде  реттей  білуді  қажет  ететін 
жаттығу техникаларын меңгеру есебінен қозғалыс тәжірибесін молайту;  күрделілендірілген жағдайда дененің 
қозғалыс-қимылдарын басқару қабілеттілігің оның ішінде қозғалыстың жаңа түрлерін меңгеруді дамыту;  дене 
қызметінің барлық түрлерін меңгерудің саналылық негіздерін қамтамасыз ететін білім жүйесін қалыптастыру. 
Тәрбиелік  міндеттері  –  денені  үйлесімді  қалыптастырумен  оқушыларды  адамгершілік,  ақыл-ой, 
эстетикалық және еңбек тәрбиесіне баулу. 
Нақты оқу-тәрбие жұмысында оқушылар дене тәрбиесінің жалпы міндеттерінің айқындалуы және олардың 
шешілуі  -  үйрету  мен  тәрбиелеу  кезеңдеріне,  оқу  материалы  мазмұнының  ерекшеліктеріне,  жаттығулардың 
жас ерекшелігіне сәйкес келуіне негізделеді. 
Дене тәрбиесін ұйымдастырудың түрлері. 
Оқушылар  дене  тәрбиесінің  жан-жақтылығын  қамтамасыз  етудің  табыстылығы  мектеп  педагогикалық 
ұжымының, мектептен тыс мекемелер мен ата-аналардың күш-жігерін жұмылдыруға байланысты. Сонда ғана 
дене тәрбиесін толық ұйымдастыруға қол жеткізуге болады (1-кесте). 
Бұл  жүйенің  әрбір  буыны  бір  мақсатты  бағыттылыққа  ие.  Үйрету  мен  тәрбиелеудің  айтылған  түрлері 
ұйымдастырылу  белгілеріне  қарай  сабақтық  емес  болуы  мүмкін.  Жаттығуларды  ұйымдастырудың  сабақтық 
түрлеріне мектептегі дене шынықтыру сабақтары және секциялардағы оқу-жаттығу сабақтары жатады. Оларға 
тән  сипаттар:  мамандандырылған  педагогикалық  басшылықтың  болуы;  сабақта  педагогикалық  міндеттер 
жүйесін шешуге бағытталған, оқу бағдарламасы анықтайтын сабақ мазмұны; негізделген құрылым және дәл 
шектелген  уақыт  мөлшері;  жұмыс  нәтижесін  міндетті  түрде  бағалау;  тұрақты  кесте  бойынша  жаттығуды 
жүйелі өткізу; салыстырмалы тұрақты түрдегі және жасқа байланысты бірыңғайлылық пен жаттығушылардың 
дайындық  құрамы,  айтылған  белгілердің  болуы  сабақты  ең  үнемді  және  жаттығуды  жүйелі  ұйымдастыруға 
мүмкіндік береді. 
Жаттығуды ұйымдастырудың сабақтық емес, яғни ерікті түрлері сабақ белгілерінің бәріне ие бола алмайды. 
Мысалы, педагогикалық басшылықпен туристік жорықтар өткізуде уақыт қатаң шектелмейді, жаттығушылар 
қүрамы да тұрақты болмайды. 
 
 
 
 
 

Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Хабаршысы, «Педагогика ғылымдары» сериясы, №2(42), 2014 ж. 
 
264 
Кесте 1– Дене тәрбиесін толық ұйымдастырудың түрлері 
Дене тәрбиесін толық ұйымдастырудың жүйесі 
Мектеп оқушыларының дене 
тәрбиесін ұйымдастыру жүйесінің 
бөліктері 
Бұл жүйе мектептен тыс 
мекемелердегі дене тәрбиесін 
ұйымдастырудың түрлері 
Отбасында балалардың дене тәрбиесін 
ұйымдастыру 
 
- әр сыныпта жетісіне 3 рет өткі-
зілетін  дене  шынықтыру  сабағы 
түріндегі 
сыныптық-сабақтық 
жаттығу жүйесі; 

оқу 
күні 
режиміндегі 
дене 
шынықтыру-сауықтыру 
шаралары 
(сабаққа 
дейінгі 
гимнастика, 
сергектік  минуттары,  дене  шынық-
тыру  үзілістері,  ұзартылған  үзіліс-
тегі дене жаттығулары); 
-  ұзартылған  күн  тобындағы  күн 
сайынғы дене жаттығулары; 
-  дене  шынықтыру  үйірмелерін-
дегі,  жалпы  дайындық  топтарын-
дағы, 
спорт 
түрлері 
бойынша 
секцияларда, 
спорттық 
жарыс-
тарда,  саяхат  жорықтары  мен 
слеттердегі 
жаттығуларды 
қос-
қандағы сыныптан тыс жұмыстар. 
 
-  балалар  мен  жасөспірімдер 
спорт 
мектептерінде, 
тұрғы-
лықты  жерлерде,  жазғы  лагерь-
лердің  әр  түрлі  типтеріндегі 
спорт  секцияларында  өткізілетін 
спорттық  жарыстар  мен  жүйелі 
жүргізілетін 
оқу-жаттығу 
сабақтары; 
- балалардың жазғы және қысқы 
лагерлерінде ұйымдас-тырылатын 
көпшілік  дене  шынықтыру-сауық-
тыру  шаралары  (таңертеңгілік 
бой  жазу  жаттығулары,  күн 
сайын  суға  түсу,  даладағы  ойын-
дар, туристік саяхаттар, т.б.); 
-спорттық,  туристік  база-
ларда,  мәдениет  және  демалыс 
бақтарында  балалар  секторлары 
ұйымдастыратын 
экскурсиялар 
мен 
жорықтар, 
конкурстар, 
көпшілік ойындар. 
-  күн  режіміндегі  дене  шынықтыру-
сауықтыру  шаралары  (таңертеңгілік 
гимнастика, 
дене 
шынықтыру 
минуттары, шынығу процедуралары); 
-  спорттық  жаттығуға  жататын 
дене  жаттығуларымен  жеке  айна-
лысу,  дене  тәрбиесі  бойынша  үй 
тапсырмаларын орындау; 
-  демалыс  және  каникул  күндерін-
дегі  ересектердің  қатысуымен  ұйым-
дастырылатын  ойындар,  серуендер, 
жорықтар, спортық көңіл кетерулер; 
-  отбасының  өздері  тұратын 
жердегі жарыстарға қатынасуы. Дене 
тәрбиесінің  осы  түрлері  міндетті 
және  ерікті  делініп  2  түрге  бөлінеді. 
Біріншісіне, яғни міндеттісіне тек дене 
шынықтыру  сабақтары  ғана  жатады 
(жаттығудың 
сыныптық-сабақтық 
түрі). 
 
Қарастырылған барлық формалардың ішінен негізгісі есебінде «дене тәрбиесі» пәні бойынша жаттығудың 
сыныптық-сабақтық  түрін  айырып  қарау  қажет.  Балалар  дене  тәрбиесін  үйымдастыру  жүйесіндегі  оның 
жетекші жағдайы мыналарға негізделген: әрбір оқушы үшін сабақтың міндеттілігіне; дене тәрбиесінің барлық 
кешенді міндеттерін етене бірлікте шешу мүмкіндігіне; оқушы организмі мен жеке басына педагогикалық әсер 
етудің мақсатты бағыттылығына және жан-жақтылығы мен жоспарлы жүргізілуіне; дене тәрбиесі мүғалімінің 
оның  заңдылықтарын  жүзеге  асыруда  оқу  материалының  мазмұнын  толық  және  ғылыми  негізге 
сәйкестендіруінде.  Дене  тәрбиесін  ұйымдастырудың  өзге  түрлері  тәрбиелеудің  алғышарттарын  жасай  және 
қозғалыс белсенділігінің көлемін ұлғайта отырып, құралдар мен әдістердің түр-түрімен толықтырылады. 
Оқушылардың  дене  тәрбиесі  міндеттерін  шешудің  тиімділігі  дене  тәрбиесін  ұйымдастырудың  әрбір 
түріндегі сауықтыру, тәрбиелік, білімдік мүмкіндіктердің өзара әсерін есептей отырып, осы түрлердің орынын 
анықтауға  және  олардың  мазмұнының  жүйелілігі  мен  тұтастығына  байланысты.  Айтылғандарды  жүзеге 
асырудағы ең маңызды жағдайлардың бірі - белгілі бір, нақты жас мөлшеріндегі жаттығушылардың құрамын 
тәрбиелеу. Үйретудің түпкілікті нәтижелерін болжайтындай оқу-тәрбие жұмысын ұйымдастыру мен әдістеріне 
қойылатын талаптар жүйесін анықтайтын мектеп оқушыларының дене тәрбиесінің мазмұнын ашып көрсететін 
және ұйымдастыратын міндеттер тобын белгілейтін нормативтік құжаттар - оқушылар дене тәрбиесінің тиісті 
бағдарламасын жасау. 
Дене  шынықтыру  сабақтарының,  сыныптан  тыс  жұмыстардың  және  оқу  күні  режиміндегі  дене 
шынықтыру-сауықтыру  шараларының  ауқымында  жүзеге  асырылатын  оқушылар  дене  тәрбиесінің  мазмұны 
мен  міндеттері,  оны  ұйымдастыруға  қойылатын  талаптар  «жалпы  білім  беретін  мектептің  1-11  сынып 
оқушыларының  дене  тәрбиесінің  бағдарламасымен»  анықталады  [2].  Оның  негізінде  дене  тәрбиесін 
ұйымдастырудың  барлық  түрлерін  жүйелі  пайдалану,  оқушылардың  дене  тәрбиесі  міндеттерін  тұтас  шешу 
идеясы  жатыр.  Оқушылардың  дене  шынықтыру-сауықтыру  режімін  бірыңғай  гигиеналық  тұрғыдан  негіздеу 
олардың  жеке  басының  қалыптасуына  жан-жақты  әсер  етеді.  Денені  жетілдіру  және  денсаулықты  нығайту 
дене тәрбиесі бағдарламасын жасаудың негізіне алынады. 
Қорыта  айтқанда,  денсаулық,  сымбаттылық,  көңілдің  көтеріңкілігі  –  адамзаттың  бағзы  заманнан  бергі  ең 
асыл армандарының бірі. Адам баласы әрқашанда өзінің денесін жетілдіруге және белсенді ұзақ ғұмыр сүруге, 
тұрмыстың  жақсы  болуына,  жас  кездегі  күш-қайратын  сақтауға  ұмтылады.  Бұған  дене  тәрбиесі  құралдарын 
пайдалану арқылы педагогикалық тұрғыда сипаттама жасай отырып, қол жететіндігі есте болуы керек. 
  
 
 

Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Хабаршысы, «Педагогика ғылымдары» сериясы, №2(42), 2014 ж. 
 
265 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   50




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет