Резюме
В этой статье речь идет о педагогической особенности развития физического воспитания школьников, о
необходимости подготовке в государственном масштабе физически и умственно здорового поколения способных
различные спортивные и умственные задачи.
Summary
This article is about the pedagogical features of the development of physical education of pupils on the need to prepare a
national scale physically and mentally healthy generation capable of performing a variety of sports and mental tasks.
Keywords: physical culture, generation, necessity, mind, thought, pedagogical features, pupil, teacher, out of lesson,
emotional.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
1. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы. «Қазақстан
жолы – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» 17 қаңтар.
– Астана, 2014.
2. Подласый И.П. Педагогика. – М.: ИП, 1996. – 432 с.
УДК 373.3
БАСТАУЫШ МЕКТЕПТЕ ТРИЗ ТЕХНОЛОГИЯСЫН ПАЙДАЛАНУДЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
М.Н. Оспанбекова – Абай атындағы ҚазҰПУ-дың 2-курс магистранты
Аңдатпа: Мақалада бастауыш мектепте ТРИЗ технологиясын пайдаланудың ерекшеліктері қарастырылған.
ТРИЗ технологиясы негізінде бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық қиялын дамытудың тиімді әдіс-
тәсілдерін сабақ барысында қолданудың жолдары мен бастауыш сынып мұғалімдерінің іс-тәжрибесіне енгізу
арқылы педагогикалық міндеттерді шешудің мүмкіндіктері көрсетілген. Бастауыш мектепте оқушылардың
шығармашылық әлеуетін дамыту мақсатында ТРИЗ технологиясындағы шығармашылық елестетуді дамытудың
әдіс-тәсілдерін сабақтарда, сыныптан тыс жұмыстар арқылы және пәндерді интеграциялау негізінде жүйелі түрде
қолданысқа ендіру –оқушылардың шығармашылықпен жұмыс істеулеріне жол ашады. Сондай-ақ бұл әдісті
пайдалану педагогикалық үрдісті тиімді етіп, оқушылардың жүйелік-диалектикалық ойлауын, дербестігін
қалыптастырады және олардың пәнге деген қызығушылығын арттырып, игерген білімдерін тереңдетеді.
Тірек сөздер: ТРИЗ технологиясы, шығармашылық әлеует, жүйелік оператор, қиялдаудың типтік тәсілдері,
Луллий сақиналары, дихотомия, тілдік шығармашылық жұмыстар (лимериктер, жұмбақтар, метафоралар).
Қоғамның өркендеп даму барысында болып жатқан өзгерістерге байланысты мемлекетіміздегі білім беру
мекемелерінің алдында жүйеленіп, дайындалып берген білімді, дағдыларды меңгеретін, қайталайтын емес,
шығармашылық бағытта жұмыс істейтін, тың жаңалықтар ашатын, ойлау қабілетімен ерекшеленетін жеке
тұлға қалыптастыру міндеті тұр.
Әдіскер-ғалым А.Әлімов: «Тұлғаның білімді болуы бүгінде жеткіліксіз. Білім беру, алу жүйесінің басты
мақсаты – өзіне-өзі есеп беріп, ойлары мен әрекеттерін талдай білетін, өзін-өзі бағалай алатын, өзінің мүмкін-
шіліктері мен қабілеттерін жүзеге асырып, өркендей білетін, өз өмірі мен әрекеттерін жоспарлай алатын,
жауапкершілігі жоғары тұлға қалыптастыруға мейлінше тиімді жағдайлар жасау. Мұндай рефлекциялық
қасиеттерді қалыптастырған тұлға ғана жаңа Әлем жағдайында өмірдегі өз орнын тауып, қоғам игілігіне
нәтижелі еңбегімен қызмет жасауы мүмкін» – деп ерекше атап көрсетеді [1].
Осыған орай еліміздегі білім беру салаларында қоғам сұранысын қанағаттандыру мақсатында бәсекеге
қабілетті шығармашыл тұлға дайындау мәселесі көтерілуде. Білім беру жүйесін әлемдік стандарттарға сай
негізде жетілдіру міндеттері жүктелуде. Білім негізі бастауышта қаланатындықтан, осының бәрі – еліміздегі
оқу-тәрбие үрдісінде бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық әлеуетін дамыту мақсатын көздейді.
Сондықтан да бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық әлеуетін дамыту өзекті мәселелердің бірі
екендігі даусыз.
Ғалым, шығармашылық педагогикасын зерттеуші Б.А. Тұрғынбаева өз еңбегінде оқушы шығармашылы-
ғын дамытуға кері әсер ететін кедергілерді төмендегіше топтаған:
Әлеуметтік кедергілер: Баланың сүйікті ісімен айналыса алмауы, оған әлеуметтік жағдайдың болмауы,
араласатын достары арасында, отбасында шығармашылық ахуалдың болмауы жатады.
Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Хабаршысы, «Педагогика ғылымдары» сериясы, №2(42), 2014 ж.
266
Психологиялық кедергілер: Баланың өз күшіне сенбеуі, өз жетістіктеріне немқұрайлы қарауы, басқа біреу-
дің беделіне, іскерлігіне сенушілік, иек артушылық, ойлау, қиялдау төмендігі, жалқаулығы, т.б.жатады.
Физиологиялық кедергілер: Баланың денсаулығының нашарлығы, демалу, тамақтану, ұйқы режимдерінің
сақталмауы, басқа да физиологиялық кедергілердің болуы жатады.
Педагогикалық кедергілер: Оқу бағдарламаларының қазіргі күн талаптарына сай еместігі, мұғалімдердің
шығармашылық жұмыстарға төмен бағытталғандығы, авторитарлы стильмен жұмыс істеуі, баланың белсенді-
лігін, инициативасын қолдамауы, баға қоюдағы әділетсіздік, әдістемелік көмекші құралдардың жетіспеушілігі
т.б. жатады [2].
Оқушылардың шығармашылық әлеуетін дамытуда жоғарыда көрсетілген кедергілерден шығудың тиімді
жолын, әдіс-тәсілдерін табу бастауыш сынып мұғалімдеріне үлкен жауапкершілік жүктейді. Көне қытай
ғұламасы Конфуций (Кун-цзы): «Маған айтып берсең – ұмытып қаламын, көрсетсең – есте сақтаймын, ал өзіме
жасатсаң – үйренемін!» - деген екен.
Қазіргі таңда еліміздегі әлеуметтік-экономикалық өзгерістер жағдайындағы күрделі мәселелерді шешу үшін
жаңа амал-тәсілдерді меңгеру қажеттілігі туындауда. Еліміздегі білім беру мекемелерінде шығармашылық
бағыт-бағдар алған жаңа педагогикалық технологиялар қарқынды енгізілуде. Соның бірі Г.С. Альтшуллер
негізін қалаған өнертапқыштық тапсырмаларды шешу теориясы (ТРИЗ) – білім беру тиімділігін арттыруға
қабілетті инновациялық технологиялардың бірі. ТРИЗ технологиясының ұстанымы - ойлау стилін жетілдіру.
ТРИЗ технологиясының негізіне:
шығармашылық елестетуді дамыту әдістері мен тәсілдері;
жүйелердің даму заңдарына, қарама-қайшылықтарды шешудің жалпы қағидаларына және оларды нақты
шығармашылық міндеттерді шешуге қолдану механизмдеріне негізделген, жүйелі ойлаудың жалпы теориясы,
мәселелерді шешу әдістемесі;
шығармашыл тұлғаны дамыту теориясына құрылған тәрбиелеу жүйесі жатқызылады.
Осы технология негізінде шығармашылық елестетуді дамытудың әдіс-тәсілдерін бастауыш сынып
мұғалімдерінің іс-тәжрибесіне енгізу келесідей педагогикалық міндеттерді шешуге мүмкіндік береді.
Білімділік:оқушылардың жалпы білімділік деңгейін дамыта отырып, оқу үрдісіне деген қызығушылығын
арттырып, өнертапқыштық, іс-тәжірибелік және әлеуметтік тапсырмалар мен міндеттерді талдап, шеше білу
іскерліктерін ұштайды және жүйелік-диалектикалық ойлау қабілеттерін мақсатты түрде дамытады.
Дамытушылық:шығармашылық қабілеттерді (ойлаудың жатықтығын, икемділігін, бірегейлігін), жадыны,
зейінді, логиканы және жалпы алғанда интеллектіні, кеңістіктік ойлауды, шығармашылықпен елестетуді
жетілдіріп және талдап, жинақтап, құрамдастыра білуді дамыта отырып, тілдік қорларын байытады.
Тәрбиелік: оқушыларға қоршаған әлемге дұрыс көзқараспен қарауды үйретіп, болмысты талдау негіздерін
қалыптастыра отырып, оқушыларда дербестікті, өздерінің кез-келген тапсырманы, міндеттерді шешуге
қабілеті жететіндіктеріне сенімділікті нығайтады.
Бастауыш мектепте негізінен алғанда оқушылардың интеллектуалдық қабілеттерін қарқынды дамытуға
бағытталған, ТРИЗ технологиясының элементтерін пайдалана отырып, шығармашылық елестетуді дамыту
әдістері мен тәсілдері қолданылады. Осы бағытта жұмыс істейтін бастауыш сыныптарда келесі әдіс-тәсілдерді
қолдануға болады. Олар:
Жүйелік оператор;
Қиялдаудың типтік тәсілдері;
Луллий сақиналары;
Дихотомия (Іздестіру алаңын тарылту);
Тілдік шығармашылық жұмыстар (лимериктер, жұмбақтар, метафоралар).
ТРИЗ технологиясының шығармашылық елестетуді дамыту әдіс-тәсілдерін әртүрлі сабақтарда пайдалану
жолдары төмендегідей үлгілерде болады.
Нысандарды жүйелеу жүйелік оператор әдісінің «жүйелік оператор» деген атауға ие кестесінің көмегімен
іске асырылады. Жүйелілік оператор кестесін қолдану негізінде, оқушылар ойын жүйелеп айтуға үйрене
отырып, зерттеу жұмыстарын жүргізуге дағдыланды. Іс-әрекет барысында оқушылардың шығармашылық
әлеуеті дамып, қалыптан тыс ойлауға, ойын шығармашылықпен іске асыруға, ішкі күштерін жылдам
жұмылдыра білуге машықтанады. Жүйелілік операторда орташа үлгі – алты ұяшық болады.
Нысанның өзі және оның қызметі;
Нысанның бөліктері;
Нысанның қоршаған ортасы;
Нысанның адамға пайдасы;
Нысанның тіршілігі, даму болашағы;
Нысанның болашақтағы орны.
Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Хабаршысы, «Педагогика ғылымдары» сериясы, №2(42), 2014 ж.
267
Мысалы: 1-ші сыныпта «Дүниетану» пәнінен «Үй құстары» тақырыбын оқыған кезде, нысан ретінде
тауықтың балапанын алып, балапан бейнесі бар суретті көрсетіп, оқушыларға сұрақтар қоямын: 1. Бұл не?
2. Денесі қандай бөліктерден тұрады? 3. Қайда мекендейді? 4. Оның қандай пайдасы бар? 5. Балапанға өсуі
үшін не керек? Ол енді қандай болды? Бұрынғы нысаннан несімен ерекшеленеді? Енді қандай қызмет
атқарады? 6. Енді негізгі мекендейтін жері қайда? Балапанға өмір сүру үшін не қажет? Қорытынды жасаңдар.
Сұрақтарға толық жауап алу нәтижесінде, оқушылар кестені толтырып шығады.
Қиялдаудың типтік тәсілдері – оқушылардың қиялын дамытып, ойлануына түрткі болады. Тапсырма-
ларды оқушылардың жас ерекшеліктеріне қарай іріктеп алып отыру керек. Оқушыларға берілген тапсырмалар
олардың шығармашылықпен ойлануына, зейінін тұрақтандыруға, шапшаңдыққа, ойланып жауап беруіне
дағдыландырып отырды. Бұл әдісті математика сабақтарында нәтижелі пайдалануға болады. Мысалы,
Уақытты жылжыту сиқыршысы сендерге есеп ұсынады: Ернұрдың жасы 5-те, ол бала бақшаға барады.
Сиқыршы келіп, оны 3 жылға алға көшірді. Ернұр неше жаста болады және ол не істей алатын болады?
Шаршы алынуы үшін, екі үшбұрышты біріктіруге көмектес.
Шығармашылықпен елестетудің дамуына Луллий сақиналары әдісі көмектеседі. Әдісінің мақсаты – екі
түрлі нысанды сипаттап, олардың арасындағы өзара ортақ байланысты тауып, дәлелдей отырып түсіндіру.
Мысалға: 1-ші сыныптағы математика сабағы. Мақсаты: геометриялық пішіндерді білуді бекіту, қоршаған
дүние нысандарында олардың бар екендігін табу, шығармашылықпен елестетуді дамыту. Үлкен шеңбердің
ішіндегі секторларда нақты нысандар бейнелененген суреттер, шағын шеңберде – геометриялық пішіндер
орналастырылған. Көрсеткіш тіл үйді және шеңберді көрсетті – балалар: «Үйде дөңгелек не нәрсе болуы
мүмкін?» немесе «Үй қашан дөңгелек болуы мүмкін?» - деген сұраққа жауап беруге тиіс.
Дихотомия әдісі (Іздестіру алаңын тарылту). Сызықтық «иә-жоқ». Әрбір алынған нысанды қақ ортасынан
бөлу арқылы іздестіру алаңын тарылту. Тәсілдің мақсаты: «дейін», «кейін», «арасында», «алдында» «артында»
түсініктерін бекіту. Мұғалім демонстрациялық лентаға 0-ден бастап 10-ға дейінгі сандарды (10 көлеміндегі)
салады. Сандардың бірін жұмбақтап жасырамыз да, оқушыларға өздері қойған сұрақтарға алған «иә» немесе
«жоқ» жауаптарының көмегімен жасырынған санды дәл табуды ұсынамыз. Мысалы:
Дүкеннен көп сабын алдым,
Оның және қабын алдым
Екі дәптер, бір қарындаш,
Тіс ысқышты тағы да алдым
Есептеші сонда бәрі,
Қанша болды қолда бәрі?
Бұл 5 саны ма? Жоқ. Бұл 1-ден 5-ке дейінгі сан ба? Жоқ. Бұл сан 5-тен көп пе пе? Иә. Бұл 6 саны ма? Жоқ.
Бұл сан 6-дан көп пе? Иә. Бұл сан 7 мен 10 сандарының ортасында ма? Иә. Бұл 8 саны ма? Иә.
Лимериктер құрастыру әдісі. Бұл бес жолдан тұратын қысқа тақпақтар. Олар қисынсыздық жанрында
жазылады және төмендегідей схема түрінде ұйқастырылады: ААВВА, бірінші төрт жол – егіз ұйқаспен
ұйқастырылады, бесінші жол қорытынды болып табылады және ұйқастырылмауы да мүмкін немесе бірінші
жолды қайта қоюға болады. Мысалы:
Сізге шын сөзімді беремін,
Ертең сізді көремін.
Кездестірдім ботаны,
Кезіп жүріп жотаны
Бәтеңкесіз, қалпақсыз.
Жұмбақтар құрастыру әдісі. Жұмбақтар құрастырған кезде белгілі алгоритмге сүйеніп, Қандай? Кім/Не
дәл осындай? үлгісін пайдаланамыз. Жұмбақ құрастыру – нысандардың (объектілердің) белгілерін
салыстырып, ортақ қасиеттерін табуға мүмкіндік береді.
Мысалы, жауабы «Түлкі» болатын жұмбақ құрастыру үшін, оқушылар төмендегі кестемен жұмыс
жүргізеді.
Қандай?
Не істейді?
Осындай тағы не бар?
Көмекші сөздер
Айлакер
Тышқан аулайды
Мысық
емес
Жыртқыш
Тез көреді
Қасқыр
емес
Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Хабаршысы, «Педагогика ғылымдары» сериясы, №2(42), 2014 ж.
268
Айлакер, тышқан аулайды, мысық емес,
Жыртқыш, тез көреді, қасқыр емес.
Бұл не? Бұл – Түлкі.
Метафоралар құрастыру әдісі. Метафора бір нысанның қасиеттерін өзге нысанға көшіру арқылы
жасалады және жасырын салыстыруға негізделген. Мысалға: сәбіз туралы метафора құрастырайық. Алгоритм
бойынша жұмыс істейміз:
1. Не? Сәбіз.
2. Қандай? Әдемі.
3. Кім дәл осындай? Ханшайым.
4. Қайда? Бақшада.
5.Қандай бақшада? Көңілді бақшада.
6.Қандай бақшаның? Көңілді бақ
Не алынды? Көңілді бақшаның ханшайымы. Сөйлем құрастырайық: Көңілді бақшаның сарғыш ханшайымы
күнде құлпырып тұрады.
Осы бағыттағы жұмастарды жүргізу негізінде оқушы шығармашылық туынды жасау жөніндегі негізгі
ойлау операцияларын меңгеріп алып, өзі істей алады және өзі оқып-үйренгісі келеді. Баланың белсенділігі
жоғары танымдық деңгейімен, дербестігімен сипатталады. Себебі, онда анық білінетін шығармашылық пен
ойлау бар.
Бастауыш мектепте оқушылардың шығармашылық әлеуетін дамыту мақсатында ТРИЗ технологиясындағы
шығармашылық елестетуді дамытудың әдіс-тәсілдерін сабақтарда, сыныптан тыс жұмыстар арқылы және
пәндерді интеграциялау негізінде жүйелі түрде қолданысқа ендіру – оқушылардың шығармашылықпен жұмыс
істеулеріне жол ашады. Сондай-ақ бұл әдісті пайдалану педагогикалық үрдісті тиімді етіп, оқушылардың
жүйелік-диалектикалық ойлауын, дербестігін қалыптастырады және олардың пәнге деген қызығушылығын
арттырып, игерген білімдерін тереңдетеді.
Резюме
В статье рассматривается особенности использования технологии ТРИЗ в начальной школе. Показаны пути
использования эффективных методов в развитии творческого мышления на основе технологии ТРИЗ на
уроках и возможности решения педагогических задач через внедрения в практику учителей начальных
классов.
Summary
In this article the peculiarities of using the TRIZ technology at the primary school are given. The ways of using
effective methods in the development of creative thinking based on TRIZ technology at the lessons, the methods of
solving pedagogical problems in teachers’ practice are shown.
Пайдаланған әдебиеттер тізімі:
1. Әлімов А. Интербелсенді әдістерді ЖОО-да қолдану мәселері. Оқу құралы. – Алматы:«Кантана пресс»
ЖСС баспасы, 2013. – 448 бет..
2. Тұрғынбаева Б.А. Оқыту барысында бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық қабілеттерін
дамыту: Пед. ғылымд. канд-ты... дис. 13.00.01 / Тұрғынбаева.Б.А. – Алматы, 1998.
Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Хабаршысы, «Педагогика ғылымдары» сериясы, №2(42), 2014 ж.
269
УДК37.031.2
МЕКТЕПТЕРДЕ ДӘСТҮРЛІ ПӘНДЕРДІ ЭКОЛОГИЯЛАНДЫРУ КЕЙБІР МОДЕЛДЕРІ
Б.К. Капанова –
Өсімдіктер физиологиясы және биохимия кафедрасының аға окытушысы
Аңдатпа: Мақалада мектептерде дәстүрлі пәндерді экологияландырудың моделдерін пайдаланып, оның
тиімділігін өте жоғары екені айтылған. Гуманитарлық пәндер арқылы оқушылар қоғам-биосфера мен ноосфера
арасындағы заңдылықтарымен таныстырады
Биология пәндерінің әрбір тақырыбының мазмұны экологиялық проблемаларды көтеріп онымен астарласып
жатуы сөзсіз. Көркем сурет пәні – оқушыларға экологиялық білім мен тәрбие берудің мөлдір бұлағы дер едік.
Себебі: шебер салған сұлу биосфера көрінісі.
Көгілдір аспан, айдын шалқар көл, ағысы қатты өзен, көлдегі еркін жүзіп жүрген құстар, үйрек пен қаздар. Аққу
көрінісі, өсімдік әлемінің табиғи көрінісі, неше түрлі өсімдік гүлдері, оқушының сана-сезімін арттырып, оларға
аяушылық білдіреді. Арал теңізі маңайында болып жатқан экологиялық апат , құмдарда шіріп жатқан бұрынғы суда
жүзіп жүрген кемелер көрінісі, «құлазыған шөл дала» т.б . көріністер жасөспірімдердің жан-жүйкесін тітіркендіріп,
биосфера тағдырын тәлкек етуден адамзат баласының іс-әрекеттеріне жиренішті сезімін оятары сөзсіз. Сондықтан да
дәстүрлі пәндерді экологияландыру әрбір пән мұғалімдерінің экологиялық білім деңгейіне, парасаттылығына,
адамгершілігіне байланысты екені белгілі .
Тірек сөздер: Ботаника, зоология, анатомия, жалпы биология,
Дәстүрлі пәндерді экологияландыру дегеніміз – мектепке алғаш келген жас сәбилерден бастап, жоғары
сынып оқушыларына берілетін барлық пәндерді экология қағидаларымен байланыстыра отырып жүргізу. Яғни
дәстүрлі пәндерде оқылатын тақырыптардың мазмұнына сәйкес қосымша экологиялық деректер беріледі. Олар
мазмұнына қарай әлеуметтік – гуманитарлық пәндер пәндер, жаратылыстану пәндері, тіл мен әдебиет пәндері
және өнер саласындағы пәндер болып бірнешеге бөлінеді.
Әлеуметтік – гуманитарлық пәндер арқылы оқушылар адамзат баласы – қоғам – биосфера мен ноосфера
арасындағы қарым-қатынастарының жалпы заңдылықтарымен таныса отырып олардың диалектикалық
біртұтастығы туралы экологиялық – биологиялық білім алады. [1]
Жаратылыстану пәндері оқушыларға экологиялық білім мен тәрбие берудің ең алғашқы қайнар көзі.
Биология пәндерінің әрбір тақырыбының мазмұны экологиялық проблемаларды көтеріп онымен астарласып
жатуы сөзсіз. Бұл жүйе арқылы барлық бағытта да экологиялық білім мен тәрбие беру жұмысы біршама қолға
алынды, нәтижесі де жоғары. Өзіміздің зерттеу жұмысымызда теория ретінде бір пәнді жүйені (модельді)
қолдап, сол тұрғыдан ғылыми – зерттеу жұмыстарын жүргіздік. Оның тиімділігі өте жоғары болып
шықты.[1,2]
Оқушыларға экологиялық білім мен тәрбие беру жүйесі
Бұл жүйе Г.М. Сабденалиеваның пайымдауынша, оқушыларға экологиялық білім мен тәрбие беруде мына
төмендегідей міндеттерді шешуге үлес қосады.
Бір пән арқылы
экологиялық білім мен
тәрбие беру жүйесі
(моделі )
Экологиялық білім мен тәрбие беру, тұлғаның адамгершілік қатынасы:
биосфераны қорғау, аялау т.б.
Экологияның
факультативті
курстары
Мектептен және сыныптан тыс
жұмыстар: таным – жорық,
мұсылмандардың мерекелері
(наурыз)
Экологияның
арнайы курсы
Сыныптан тыс
сабақтар, апталық
пәндер, ғылыми
экологиялық үйірме
Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Хабаршысы, «Педагогика ғылымдары» сериясы, №2(42), 2014 ж.
270
Ботаника, зоология, анатомия, жалпы биология пәндердің негізгі идеясымен мазмұнын жастарға үздіксіз
экологиялық білім мен тәрбие берудің біртұтас жүйесін ғылыми тұрғыдан көрсетеді . Олар айналаны қоршаған
табиғи сыртқы орта, табиғи қорлар, атмосфералық ауа, су, жер ресурстары экологиялық жүйе, биогеоценоз,
жасанды және табиғи ландшафтылар, биотоп, популяция, биосферадағы заттардың және энергияның
айналымы (алмасуы) физикалық, химиялық, биологиялық жолдармен ластануы. Айналаны қоршаған табиғи
сыртқы ортаның физикалық, химиялық, биологиялық және эстетикалық жағдайлары, радиация: радиоэколо-
гиялық жағдай, радионуклидтер, радондар, химиялық препараттар (пестицидтер мен гербицидтер, улы химия-
лық минералды тыңайтқыштар), биогенді және биокосты, заттардың және тірі ағзалардың айналымы, кейінгі
кезде пайда болған қышқыл жауындар, стартосферадағы озон тесіктері, кейінгі кезде пайда болған планета-
дағы жылу эффектісі, өндірістерден бөлініп шыққан улы қалдықтар, автомобильдерден тарайтын көміртек
оксиды (СО), диоксиды (CО2), экологиялық таза өнім, қалдықсыз жаңа технология, биосфера және ноосфера
тұрақтылығы, адам экологиясы т.б. көптеген экологиялық ұғымдардың жиынтығы негізінде оқушылардың
дүниетанымында көзқарасының экологиялық тұрғыда қалыптасуына жүйелі түрде берілуі керек.[5]
Адам экологиясы - өте күрделі ұғым. Ол биосфераның жалпы заңдарының өзара қатынасын, антропогенді
жүйені (экологиялық құрылымдық деңгейлері, адамзат баласы, оның топтарын, жеке адам популяциясы),
айналаны қоршаған табиғи сыртқы ортаның тобына тигізетін әсерін зерттейді. Сондықтан да оның:
адам экологиясы;
адам популяциясының экологиясы деп аталатын ғылыми салалары бар.
Адам экологиясы – адамзат баласының арасындағы әлеуметтік – психологиясының және экологиялық-био-
логиялық қарым-қатынастарды, сондай-ақ адамзат баласының табиғатқа (биосфераға) қарым-қатынасын зерт-
тейді. Ол адамзат баласының қажеттілігін өтеу үшін әлеуметтік-экономикалық, саяси – нарықтық және био-
сфералық жағдайлардың бәрі бірдей деп есептейтін әлеуметтік экологияның зерттеулерімен ұштасып жатыр. [3]
Әлеуметтік экология « биосфера – қоғам » жүйесіндегі өзара қатынастарды зерттейді. Айналаны қоршаған
табиғи сыртқы ортаның мөлшерден тыс ластанбауын бақылап, оны қорғаудың адамзат баоасының тіршілік ету
ортасын тиімді пайдалануды, негізгі міндеті – адамзат баласы мен қоғамның және оның жеке аймақтардағы
топтарының биосферамен өзара қатынасының заңдылықтарын үйлестіру, соларды пайдаланып жаңа табиғи –
мәдени орта жасау. Басқа планеталарға қоныс аудару проблемаларын зерттеу, Адамзат баласының экологиясы
жоғарыдан көрсетілген проблемалармен бірге адамзат баласының популяцияларына және биосфераға тигізетін
әсерін, өзгеріске ұшыраған үрдістерді зерттейді. Дәрігерлік мамандықты игерушілер осы күрделі қатынастар
жөнінде толық деректер алып шығуы тиіс. [3,4]
Филологиялық пәндер саласында көркем әдебиет, шығармашылық туындылар оқушыларға экологиялық білім
мен тәрбие беруде үлкен рөл атқарады. Бұл тұрғыда Ыбырай Алтынсарин, Абай Құнанбаев, Мұхтар Әуезов,
Ілияс Жансүгіров, Олжас Сүлейменов, Мұқағали Мақатаев, Қадыр Мырзалиев, Мұхтар Шаханов, т.б. Педагог,
ақын-жазушылардың еңбектерін талдап, ондағы экологиялық идеяны аша отырып, оқушылардың экологиялық
сана-сезіміне туған жерінің сұлулығын ұялату арқылы білім мен тәрбие беру өте ұтымды болар еді. [2]
Көркем сурет пәні – оқушыларға экологиялық білім мен тәрбие берудің мөлдір бұлағы дер едік. Себебі:
шебер салған сұлу биосфера көрінісі.
Көгілдір аспан, айдын шалқар көл, ағысы қатты өзен, көлдегі еркін жүзіп жүрген құстар, үйрек пен қаздар.
Аққу көрінісі, өсімдік әлемінің табиғи көрінісі, неше түрлі өсімдік гүлдері, оқушының сана-сезімін арттырып,
оларға аяушылық білдіреді. Арал теңізі маңайында болып жатқан экологиялық апат, құмдарда шіріп жатқан
бұрынғы суда жүзіп жүрген кемелер көрінісі, «құлазыған шөл дала» т.б. көріністер жасөспірімдердің жан-
жүйкесін тітіркендіріп, биосфера тағдырын тәлкек етуден адамзат баласының іс-әрекеттеріне жиренішті
сезімін оятары сөзсіз. Сондықтан да дәстүрлі пәндерді экологияландыру әрбір пән мұғалімдерінің экологиялық
білім деңгейіне, парасаттылығына, адамгершілігіне байланысты екені белгілі. [4]
1) экологиялық идеяларды экология терминдерінің түсіндірме сөздігі, экологиялық заңдарын саралап
түсіндіру, олрды пайдаланудың ғылыми- теориялық жорамалдарды түсіндіру бұл сала бойынша оқушылардың
білім деңгейін арттыру;
2) биосфераның биологиялық ресурстары адамзат баласының дамуында айрықша рөл атқаратынын
түсіндіру, сондықтан да оларды жүйелі түрде ғылыми негізде пайдалану, қорғау қоры азайғандарын көбейту;
3) биологиялық ресурстарды жүйелі түрде пайдалануда қолданбалы білімдер, практикалық іскерліктер мен
дағдыларды іске асыру;
4) айналаны қоршаған сыртқы табиғи ортаны адамгершілік тұрғысынан қарап, оның бүгінгісін және
болашағына болжау (мониторинг) жасау антропогендік фактордың зиянын азайту. [5]
Достарыңызбен бөлісу: |