Резюме
В статье рассматривается проблемы формирование духовно-нравственной культуры студентов в полиэтнической
среде вуза, а также особенности социального взаимодействие с представителями различных культур и конфессий.
Определяется роль национального воспитания в формирование духовно-нравственной культуры студентов в вузе.
Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Хабаршысы, «Педагогика ғылымдары» сериясы, №2(42), 2014 ж.
178
Summary
The article deals with the problem of forming moral and spiritual culture of students in a multi-ethnic environment of the
university, as well as features of the social interaction with representatives of different cultures and faiths. Defines the role of
education in the formation of national spiritual culture of students in high school.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
1. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев Бүкіләлемдік Рухани мәдениет форумы.
– 2011 ж. –
17 қазан.
2. Большая советская энциклопедия [Электронный ресурс]. – Режим доступа:
http://bse.sci-lib.com/article
091960.html
3. Лиханов А.А. Собрание сочинений в 6-ти томах. – М.: Терра, 2000.
4. Цицерон. Полное собрание речей в русском переводе. / Под ред. Ф. Ф. Зелинского. В 2 т. Т. 1. [Речи 1-24].
–
81-63 гг. до Р. Х. – СПб., 1901
5. Элиот Т. Избранное. Том I-II. Религия, культура, литература. 2004 г.
6. Философский энциклопедический словарь /Редкол.: С.С. Аверенцев, Э.А. Араб - Оглы, Л.Ф. Ильичев и др. -2-е
изд. – М.: Сов.энциклопедия, 1989. – 815 с.
7. Философский словарь. Изд. 4-е. –М.: Политиздат., 1980. -445с.
8. Ожегов С. И., Шведова Н. Ю. Толковый словарь русского языка. – М.: Азбуковник, 2004. – 944 с.
9. Сластенин, В.А. Методологическая культура учителя. - М.: Сов. педагогика, 2000. -397 с.
10. Құнанбаев А. Шығармалары. Екі томдық. 1 том. – Алматы: Жазушы, 1968. -320б.
11. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың халқына Жолдауы: «Қазақстан жолы – 2050:
Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ». Астана, 2014. 17 қаңтар. http://kaztrk.kz/kaz/news/joldau-2014
УДК 37.018.46
ПЕДАГОГ-ЖАТТЫҚТЫРУШЫЛАРДЫ ҚҰЗЫРЛЫЛЫҚ БАҒЫТТА ДАЯРЛАУДЫҢ
КЕЙБІР ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Б.Қ. Мухамеджанов – п.ғ.д., профессор,
Б.С. Омаров – PhD докторант, Б.З. Абусейтов – п.ғ.к., доцент,
Б.Б. Кенджаева – п.ғ.к., доц.м.а., Е.М. Абуов – магистрант
Аңдатпа: Осы мақалада спортшыларды тәрбиелеуде тиімді жағдайлар жасау көбіне педагог-жаттықтырушыға
тікелей байланысты. Сондықтан жаңашыл педагог-жаттықтырушы даярлауға қойылатын талаптар студенттерді –
ертеңгі педагог-жаттықтырушыларды оқытудың жаңа түрлерімен қаруландыра отырып, қазіргі уақыттағы кәсіптік
дағдыларды игеруге бағытталған оқытудың жаңа жолдарын енгізуді көздейді. Қорыта келгенде, болашақ педагог-
жаттықтырушыларды кәсіби әрекетке даярлау аса көкейкесті, кезек күттірмейтін өткір мәселе екендігін айғақтайды.
Қазіргі өмір талабына сай педагогикалық жоғары оқу орындары білімді ғана емес, әрі тәрбиеші, әрі қоғамшыл, әрі
зерттеуші, әрі ұйымдастырушы педагог-жаттықтырушы даярлау керек екені бәрімізге белгілі. Әр қырлы тәрбиеші,
жаттықтырушы даярлау күрделі үрдіс. Ал оған бағыт беруші, жол сілтеуші – білікті, шебер, парасатты ұстаздар.
Тірек сөздер: құзырлық, ақпараттық, модельдеуші, жию, коммуникативтік.
Қазақстан Республикасында Білім беру жүйесін жетілдіру оқытушы-профессор құрамынан үлкен жан-
жақтылықты талап етеді. Сондықтан, оқытушы-профессорлардың тұлғалық қасиеттері мен кәсіби құзырлық-
тарына үлкен талап қойылады. Қазіргі кезде, оқытушы-профессор құрамы білім беру жүйесін жетілдірудегі кез
келген өзгерістердің, педагогикалық үдерістің негізгі субъектісіне айналып отыр.
Қазіргі оқыту жүйесіне шығармашылық ізденіс қабілеті дамыған, жаңа педагогикалық технологияларды
жете меңгерген кәсіби шеберлігі қалыптасқан білікті маман қажет. Бір уақытта педагог, психолог және оқу
үдерісін ұйымдастырушы инженер бола білуі керек. Сонымен қатар, студенттің шектеусіз қабілетін дамыта
алатындай білім берудің әлемдік кеңістігін құруға қабілетті бола білуі шарт. Бұдан болашақ маманның
мамандық шеберлігі анықталады.
Мамандық иесінің ұрпақ тәрбиесіндегі алар орны ерекше. Яғни, білім сапасын көтерудің негізгі тетігі –
болашақ педагог, сондай-ақ оның теориялық білімі мен кәсіби шеберлігі, шығармашылық қызметі.
Кәсіптік құзырлылық үш бөлікті негізгі, базалық және арнайы құзырлылықты біріктіреді.
Негізгі құзырлылықтар терминіндегі жоғары білім беру стандартындағы бітірушілерді дайындау деңгейінің
талаптарын нақтылау бүгінгі күннің өзекті мәселесі кәсіби білімдердің, іс-әрекеттердің және адам практика-
сындағы кәсіби құзырларды іске асыру потенциалдары арасындағы қарым-қатынасты анықтау болып отыр.
Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Хабаршысы, «Педагогика ғылымдары» сериясы, №2(42), 2014 ж.
179
М.В. Рыжаков “Білімдер мен дағдылар формальды білім берудің, бүтіндей стандарт аясына сиыспайтын кілттік
құзырлар – кәсіби білім берудің атрибуттары болып табылады” [1, ст.3-13.]
Жаңа қоғам айналасында жас ұрпаққа жаңаша білім беру жолында жан-жақты өзгерістер жүріп жатыр. XXI
ғасыр ғылым мен білімнің қарыштап дамыған ғасыры деп аталатыны белгілі. Сондықтан қазіргі ұстаз шәкір-
тіне білім негіздерінен мәліметтер беріп қана қоймай, оны дүние жүзілік білім, ақпарат, қатаң бәсеке жағ-
дайында өмір сүріп, жаңа дәуір жаңалықтарымен суарылып отыруға тиісті. Бұл істе белгілі бір нәтежиеге қол
жеткізу үшін, педагог-жаттықтырушы – қоғамдағы болып жатқан тез өзгеріп тұратын әлеуметтік–экономика-
лық, педагогикалық өзгерістерге тез бейімделгіш, жаңаша ойлау жүйесін меңгерген, жан-жақты білімдарлығы,
тұтас дүниетанымы болуы қажет. Өз мамандығының шеңберінде қалып қойған педагог-жаттықтырушы
білімгерге білім, тәрбие берудегі биік мақсаттарға жете алмайтыны анық. Қазақстанның бүгіні мен ертеңі жас
ұрпақтың еншісінде. Ал жас ұрпақты жан-жақты, терең білімді, интеллектуалдық деңгейі жоғары етіп қалып-
тастырудың бірден-бір жолы – білімгерді білімді терең игертудің тиімді әдіс-тәсілдерін іздестіру, шығармашы-
лыққа жетелеу. Мұндай жағдайларда болашақ педагог-жаттықтырушынің үлкен біліктілігі қажет. Қазіргі
заман талабына сай спортшы мамандар дайындау үшін ойы терең, ғылыми-әдістемелік біліммен терең
сусындаған, педагогика мен психологияны жетік меңгерген шебер педагог-жаттықтырушы қажет. [2]
Педагогтардың келесі инвариантты құзырлылықтарын бөліп көрсетуге болады:
- ақпараттық (оған біздің пікірімізше бағдарламалық және трансляциялық құзырлар енеді,
Т.В. Добудькода бұл жеке құзырлылықтар, сондай-ақ, оған ақпаратты білімге айналдыру, ақпаратты талдауға
және жалпылауға, жүйелеуге байланысты аналитикалық іс-әрекетті сиыстыруға болады);
- модельдеуші (әмбебап зерттеушілік, түсіну мен логикалық ойлауды дамытушы ретінде);
- бақылау-бағалаушылық, гностикалық (сапалық және сандық бағалар, өзін-өзі бағалау);
- жию (басқарушылық, ұйымдастырушылық, құрастырушылық интеграциясы ретінде);
- мәдени-бағалаушылық (білім берудегі азаматтық принципті іске асыруға бағытталған мәдениет үлгілерін
меңгеру ретіндегі көзқарас);
- коммуникативтік (ашық білім беру кеңістігінде, саяси-мәдени қоғам өмірінде, толеранттықта өзін-өзі
оқыту, әлеуметтендіру қабілеті); [3].
Педагогтарды ақпараттандыру жағдайында құзырлылық тәсілге бағытталған дайындау тұрғысынан оның
кәсіптік іс-әрекетінің коммуникативтік, ұйымдастырушылық, жобалаушылық, гностикалық және құрастыру-
шылық құрамдарының талдануы айтарлықтай мәнге ие.
Қазіргі заманның білім сапасы - педагог-жаттықтырушы қауымының қызметінің сапасы. Ал, педагог-
жаттықтырушыға бағаны тек оның кәсіби даярлығынан, өз ісін жоспарлай, өзінің нақты мақсаттарын болжап,
көре алуынан, спортшының әрекетін ұйымдастыра алатын шеберлігінен байқап, беруге болады. Қазіргі
заманда, әлемдік оқу үрдісінің өзегі инновациялық технологиялар екені мәлім. Ақпараттық және оқытудың
инновациялық технологиялары арқылы барлық білімгерлерге бірдей білім беруге және ол әрбір жеке тұлғаның
ерекшеліктерін, өзін-өзі дамытуға қабілеттілігін ескеруге мүмкіндіктерін береді. [4]
Педагогикалық әрекеттің шыңына апаратын баспалдақ – кәсіби шеберлік. Қоғамның жаңаруы мен дамуы
барлық саладағы оның азаматтарының кәсіптік шеберлігіне байланысты. Осы жайында зерттеген А.К.Маркова
педагогтың кәсіби деңгейге көтерілуінің мына төмендегі психологиялық критерийлерін анықтаған:
1. Объективті критерийлерге: педагог өз мамандығына сәйкестігі, сан және сападағы жоғарғы еңбек
көрсеткіші
2. Субъективті критерийлерге: адамның мамандығы қаншалықты оның табиғатына, қабілеттері мен
қызығушылықтарына сәйкес
3. Нәтижелі критерийлер: педагог өз ісінде қоғам талап етіп отырған нәтижелерге қол жеткізіп отыр ма
деген мәселе тұрғысынан қарастырылады.
4.Шығармашылықтың критерийлеріне: педагог өз кәсібінің шекарасынан шыға алу, сол арқылы өз
тәжірбиесін, еңбегіне өзгерте алуы жатады.
Біліктілікті арттыру – өз қызметін нәтижелі атқару үшін және кәсібилік пен құзырлылық деңгейін көтеру
мақсатында арнайы бағдармалар арқылы оқыту, кәсіби дамыту, іс-шараларына қатыстыру және оның өз
білімін көтеруі болып табылады.
Педагог мамандықты биікке көтеретін күш – оның кәсіби құзырлылығы. «Құзырлылық» ұғымы соңғы
жылдары педагогика саласында тұлға субьектілік тәжірбиесіне ерекше көңіл аудару нәтижесінде ендіріліп
Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Хабаршысы, «Педагогика ғылымдары» сериясы, №2(42), 2014 ж.
180
отырған ұғым. «Құзырлылық» – белгілі сала бойынша жан-жақты хабардар, білгір деген мағынаны қарастыра
отырып, қандай да бір сұрақтар төңірегінде беделді түрде үкім шығара алу дегенді білдіреді.
Педагог-жаттықтырушынің педагогикалық құзырлығы деп, педагогикалық қызметті жүзеге асырудағы
теориялық және практикалық дайындықтың бірлігін айтады.
М.А. Чошанов құзырлылықты маманның төмендегі белгілерін ажыратып көрсетеді:
тұлғаралық және еңбектегі байланыс мәдениеті;
қызметтің экономикалық, әлеуметтік, құқықтық, адамгершілік, психологиялық аспектілерін меңгеруі;
қызметті жаңа жағдайға бейімдеудегі, басқару шешімін қабылдаудағы дайындығы;
практикалық кәсіби тапсырмаларды орындаудағы дайындық әлеуеті;
нақты жағдайларға байланысты қандай да бір әдістерді пайдалану біліктілігі;
тиімді шешім кабылдау қабілеті. [5. ст.36]
Педагогика ғылымында профессионалдық құзырлылық еңбегінің жемістілігін анықтайтын білімі мен
біліктілігінің жиынтығы, тапсырмасы орындаудағы дағды көлемі, білім кешені мен профессионалдық
тұлғалық сапасы, теориялық, білімдік және профессионалдық дайындығының бірлігі, жоғары мәдениеттілікті
талап ететін қызметтің күрделі түрлерін орындаудағы қабілеті деген мағынада ашылған.
Соңғы жылдары ғылыми–педагогикалық еңбектерде кәсіби құзырлылық дайындық сапасына қойылатын
талап немесе кәсіби теориялық білімдері мен практикалық біліктілігі, тәжірбиеден өткізілген кәсіби маңызды
сапасы ретінде қарастырылады. Біздің ойымызша, құзырлылықты білімін, біліктілігін, дағдысын, тұлға мінез-
құлқын, ең бастысы - тұлға мүмкіндігін бағалаудың критериі мақсатында қарастыру құзырлылық маңызын
толық аша бастады. Олай болса, құзырлылық – нәтижеге бағдарланған жаңа білім беру жүйесінің сапалық
критериі ретінде әлеуметтік және өмірлік көзқарастарды қамтитын құндылықтарды есепке алуы қажет.
Құзырлылық тәсілдері:
нақты болып жатқан құбылыстарды түсіндірудегі;
танып білудегі, жаңа техника мен технологияларды меңгерудегі;
адамдар арасындағы байланыста өз қылықтарын бағалау;
өмірдегі отбасы мүшесі, қоғам мүшесі;
құқықтық нормадағы және әкімшілік құрылымдағы жағдаяттарды шешудегі біліктілік .
Құзырлылықтың негізгі қасиеттері: әлеуметтік көзқарасы тәжірбиесі, интеллектісі, тектілігі. [6. ст.208]
Құзырлылықтың сапа белгілері: дүниетанымы, адамгершілігі, еңбекқорлығы, көлемі, жаңалылығы,
қабылдауы, есте сақтауы, дарыны.
Белгілі ғалымдар С.Е. Шишов пен В.А. Кальнейдің өскелең ұрпақтың бойына білім мекемелері мынадай
құзырлылықты қалыптастыруы тиіс деп есептейді:
1. Саяси және әлеуметтік құзырлықтар. Олар адамның өзіне жауапкершілік ала алуында.
2. Көп мәдениетті қоғамда өмір сүре алуға байланысты құзырлықтар. Ұлтаралық келісім, басқа мәдениет,
дін өкілдерін құрметтеу.
3. Жазбаша және ауызша қарым-қатынас жасай алу құзырлылығы. Бұл әрбір адам үшін аса маңызды
мәселе, бұған сонымен қатар бірнеше тілді білу де жатқызылады
4. Ақпараттық қоғамда өмір сүре алуға байланысты құзырлықтар. Бұл жаңа технологияларды білу,
ақпараттар ағынынан қажеттісін таба білу, оған сыни баға беру білу деген мағынаны береді.
5. Тұлғаның жеке және қоғамдық өмірінің негізі болып табылатын - өмір бойы білім алуға қабілеттілік.
Болашақ педагог-жаттықтырушы:
ол өзінің пәнін біліп қана қоймай, сонымен қатар педагогикалық үдерістегі әр қатысушының орнын көре
біліп, оның нәтежиелерін алдын ала байқап, мүмкін болатын жағдайда артта қалушылықты реттеу.
білімгерлердің негізгі құзырлылығын қалыптастыруға дайындығы: құндылық-бағдар, жалпы мәдениет, оқу-
танымдық, ақпараттық, әлеуметтік-тұлғалық.
Білімге ерекше қажеттілігі бар балалармен жұмыс істеуді жүзеге асыру [7]
XXI ғасыр – бәсеке ғасыры, олай болса, ұлттық тарихымызды, мәдениетімізді қастерлейтін, ертеңгі
Қазақстанның тізгінін ұстайтын, өмірдің әр түрлі мәселелерінен хабардар, кез келген тапсырманы орындауға
қабілетті, қолынан іс келетін құзырлы азаматтарды осы бастан тәрбиелеуіміз керек. Қазіргі өмір талабына сай
педагогикалық жоғары оқу орындары білімді ғана емес, әрі тәрбиеші, әрі қоғамшыл, әрі зерттеуші, әрі ұйым-
дастырушы педагог-жаттықтырушы даярлау керек екені бәрімізге белгілі. Әр қырлы тәрбиеші, жаттықтырушы
даярлау күрделі үрдіс. Ал оған бағыт беруші, жол сілтеуші – білікті, шебер, парасатты ұстаздар.
Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Хабаршысы, «Педагогика ғылымдары» сериясы, №2(42), 2014 ж.
181
Педагог-жаттықтырушы – спортшылар бойына білім нәрін себетін басты тұлға. Яғни, спортшыларды
тәрбиелеуде тиімді жағдайлар жасау көбіне педагог-жаттықтырушыға тікелей байланысты. Сондықтан
жаңашыл педагог-жаттықтырушы даярлауға қойылатын талаптар студенттерді – ертеңгі педагог-жаттықтыру-
шыларды оқытудың жаңа түрлерімен қаруландыра отырып, қазіргі уақыттағы кәсіптік дағдыларды игеруге
бағытталған оқытудың жаңа жолдарын енгізуді көздейді. Қорыта келгенде, болашақ педагог-жаттықтыру-
шыларды кәсіби әрекетке даярлау аса көкейкесті, кезек күттірмейтін өткір мәселе екендігін айғақтайды.
Резюме
В этой статье рассматриваются педагогические основы профессиональной компетентности будущих педагогов-
тренеров, раскрыто понятие компетентности и описаны критерии профессиональной компетентности. Все большее
внедрение новых образовательных технологий и применение компетентно-стного подхода в учебном процессе
способствует повышению эффективности процесса формирования профессиональной компетенции будущих
педагогов-тренеров. Одной из актуальных проблем подготовки специалистов международного уровня является
разработка методов и подходов формирования профессиональной компетенции будущих педагогов-тренеров.
Современные тенденции модернизации образовательных программ требуют внедрения современных методов
формирования профессиональной компетенции будущих педагогов-тренеров.
Summary
This article deals with the pedagogical basis of future teacher-trainers’ professional competence, also it is said about
conceptions of competence and its criterions. More introduction of new educational programs and application of competence
approach in the educational process promotes increasing of effectiveness of forming process of professional competences of
future teacher-trainers. One of the actual problems of training of specialists of international level is development of methods
and approaches of professional competence forming of future teacher-trainers. The modern tendencies of modernization of
educational program demands introduction of contemporary methods of forming of professional competences of future
teacher-trainers.
.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
1. Рыжаков М.В. Российская система образования состояние и перспективы / М.В. Рыжаков, А.А.Кузнецов
//Стандарты и мониторинг в образовании. - 2006. - № 5. - С. 3-13.
2. Mukhamedzhanov B.K., Berkimbaev K.M., Omarov B.S., Abusseitov B.Z., Seidakhmetov E.E., Khudiyarov G.B and
Kendzhaeva B.B. Forming of professional competences of future teacher-trainers. 3rd World Conference on Innovation and
Computer Science, Antalya, Turkey. 2013. p. 207.
3. Добудько Т.В. Проект образовательного стандарта подготовки учителей информатики. – Самара: Изд-во
Самарского государственного педагогического университета, 1999. – 36 с.
4. Zh.K. Onalbek, B.S. Omarov, K.M. Berkimbayev, B.K. Mukhamedzhanov, R.R. Usenbek, B.B. Kendzhaeva and
M.Zh.Mukhamedzhanova. Forming of Professional Competence of Future Tyeacher-Trainers as a Factor of Increasing the
Quality. Middle-East Journal of Scientific Research 15 (9): 1272-1276, 2013
5. Чошанов, М.А. Гибкая технология проблемно-модульного обучения. – М., 1996.
6. Тұрғынбаева Б.А. Мұғалімдердің шығармашылық әлеуетін біліктілікті арттыру жағдайында дамыту
Алматы – 2005, 208 бет
7. Оналбек Ж.К., Мухамеджанов Б.Қ., Омаров Б.С. Педагог-жаттықтырушылардың кәсіби құзырлығын
қалыптастыру мәселелері. «Бейіндік мектеп» жоғары мектептері үшін кадрларды даярлау және 12 жылдық
білімберу үлесіне көшу мәселелері. 2012. - 379-381 б.
Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Хабаршысы, «Педагогика ғылымдары» сериясы, №2(42), 2014 ж.
182
УДК37.018.46
САБАҚТАҒЫ ЗЕРТТЕУ НЕМЕСЕ LESSON STUDY – ПЕДАГОГТАРДЫҢ БІЛІКТІГІН
АРТТЫРУДЫҢ БІР ТӘСІЛІ
Ж.Т. Қайыңбаев –
«Өрлеу» АҚ филиалы ББЖ ҚБАРИ профессоры, жаттықтырушы,
Аңдатпа:
Мақалада Lesson study педагогтардың біліктілігін арттырудың тәсілдерін қарастырдық. Lesson study ұғымын
қазақшаға сабақты зерттеу деп аударып жүр. Менің ойымша сабақты зерттеу дегенге қарағанда сабақтағы зерттеу
дегеніміз мәселенің мағынасын толық ашатын сияқты. Себебі, бұл мәселе жалпы сабақты зерттеу емес. Ол бірнеше
мұғалімнің сабақтағы қандай-да мәселені (оқушыларға қойылатын сұрақтардың түрлері мен формалары, кері
байланыс, топпен жұмыстың оқушы белсенділігіне әсері, деңгейлік тапсырмалар және тағы басқалар) зерттеуі,
байқап көруі, сараптауы. Демек, ол жалпы сабақты емес, оның белгілі бір элементін зерттеу. Біз көп мәселенің
шешімін сырттан емес, өзімізден іздегеніміз абзал. Әрине, ол үшін біріншіден, ата жолына деген адалдық, екіншіден,
ұлтыма азда болса пайда келтірсем деген ниет, үшіншіден, көп адам байқай бермейтінді байқайтын шынайы
кәсібилік («Мен мықтымын» деген бос мақтан, құры бөсу емес) пен ақылды бас керек.
Тірек сөздер: Lesson study, сабақтағы зерттеу, бақылаушы, болашақ.
Ғасырдан ғасырға мәнін жоймай, ұмытылмай келе жатқан төменгі ұлағатты тұжырымдарға көңіл
аударайықшы ....
Төртеу түгел болса, төбедегі келеді, алтау ала болса, ауыздағы кетеді.
Келісіп пішкен тон келте болмас.
Жалғыздың шаңы шықпас. (Қазақ нақылдары)
Ата-бабаларымыздан қалған осындай ұлы тұжырымдарды әр кезде белгілі бір жағдайларға сәйкес айтуын
айтамыз-ау, алайда біз оларды өміріміздің әр саласында өмірлік қағидаға айналдырдық па? Біз, қазақтар бұл
мәселені қаншалықты қатырғанымызды білмеймін, ал дүние жүзінің көптеген елдерінің «өз бидайын өзіне
қуырып беретін» жапондар, мұмкін біздің шалдарың тұжырымдары құлақтарына тиді ма, әлде өздерінің де бір
ақылды адамдары тапты ма білмеймін, бұл тұжырымдарды педагогика саласына қолдануды 1870 жылдары-ақ
бастаған .....
Атап айтқанда, бұдан бір жарым ғасырға жуық уақыт бұрын, үлкен өлшеммен алғанда оқушылардың білім
сапасын жақсарту үшін, жапон мұғалімдері сабақ барысында қолданылатын әр түрлі тәсілдерді, іс-әрекет
түрлерін бірлесіп талқылауды, жүйелеуді, зерделеуді, зерттеуді қолға алған. Бірте-бірте бұл тәсіл әлемнің басқа
елдеріне жапон тіліндегі атауымен емес, ағылшын тіліндегі Lesson study атауымен кең таралды.
Жалпы, Lesson study ұғымын қазақшаға сабақты зерттеу деп аударып жүр. Менің ойымша сабақты зерттеу
дегенге қарағанда сабақтағы зерттеу дегеніміз мәселенің мағынасын толық ашатын сияқты. Себебі, бұл
мәселе жалпы сабақты зерттеу емес. Ол бірнеше мұғалімнің сабақтағы қандай-да мәселені (оқушыларға
қойылатын сұрақтардың түрлері мен формалары, кері байланыс, топпен жұмыстың оқушы белсенділігіне
әсері, деңгейлік тапсырмалар және тағы басқалар) зерттеуі, байқап көруі, сараптауы. Демек, ол жалпы сабақты
емес, оның белгілі бір элементін зерттеу. Осы тұрғыдан қарағанда, Lesson study ұғымын сабақты зерттеу емес,
сабақтағы зерттеу дегеніміз дұрыс деп ойлаймын. Сол сияқты, Lesson study, Action research (іс әрекеттегі
зерттеу) ұғымдарын қазақ тіліне аудармау керек деген де түсінік бар. Бұл да келісуге болмайтын тұжырым.
Егер қазақ тілінде ұғымның мән мағынасын ашатын дұрыс балама табылып жатса онда неге ұғымды қазақша-
ламасқа. Тіліміздің орыс тілімен шұбарланғаны аздай енді оны ағылшын тілімен тағы да шұбарламақпыз ба?
Сабақтағы зерттеу ұғымның көптеген анықтамасы бар. Мұғалімге арналған нұсқаулық, бағдарлама атты
оқу құралдарында бұл мәселе былай анықталған:
Достарыңызбен бөлісу: |