Хабаршы вестник «Педагогика ғылымдары»



Pdf көрінісі
бет23/46
Дата15.02.2017
өлшемі4,25 Mb.
#4163
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   46

I. Толеранттылықты оқыту.  
 
Студентте, оқытушыда басқа этностардың мәдени ерекшеліктеріне төзімділікті дамыту.  
 
Оларды  бағалауда  қоғамда  қабылданған  стандарттардан  ауытқушылық  жіберуге  дайындықты 
қалыптастыру.  
II. Басқа мәдениетті зерттеу және құптау.  
 
Мәдени плюрализмді түсіну және қабылдау жолымен, басқа этникалық топтардың мәдениеті туралы 
көбірек  білу,  оны  жақсырақ  түсіну,  яғни  оқытушы    және  студент  көп  мәдениеттіліктің  келесі  деңгейіне 
өтеді. 
 
III. Мәдени айырмашылықты құрметтеу.  
 
Басқа мәдениетті жоғары бағалауды болжайтын тұлғаны қалыптастыру.  
IV. Мәдени айырмашылықты бекіту. 
Көпмәдени  білім  беру  және  мәдени  қалыптасудың  деңгейі.  Бұл  оқытушы  мен  студенттің  іс-әрекет 
үрдісіндегі  бекітілуі.  Бұдан  толеранттылықты  қалыптастырудың  өте  тиімді  тәсілі,  яғни    студенттерде 
сыни пікірлер дағдысы және толғамдарды жасауды, тәуелсіз ойлауды қалыптастыруға мүмкіндік беретін 
тәрбие  (егер  оны  толерантты  тәрбие  деп  атасақ)  деген  қорытынды  жасауға  болады[4].  Студенттер 
төзімділік  көрсетуге  үйренеді  –  онда  адамдар  қызығушылықтары,  жағдайы  бойынша,  сыртқы  түрлері 
бойынша ажыратылады және өзінің даралығын сақтай отырып, әлемде өмір сүруге құқығын алады. Бұл 
жерде  толеранттылық  және  интолеранттылық  тұлға  туралы  айтуға  болады.  Заманауи  психологиялық 
әдебиеттерде    бұл  салмақты  мәнді,  өйткені  әрбір  адам  өзінің  өмірінде  толерантты  және  интолерантты 
қылықтар  жасайды.  Бірақ  өзін  солай  ұстауға  бейімділік  немесе  басқаша  берік  тұлғалық  нышан  болуы 
мүмкін. Психологияда негізгі нышандар және айырмашылықтар қарастырылды: 
1. Өз-өзін тану.  
 
Толерантты адамдар  
Өзіне  сыни  қарайды,  өздерінің  мәселелерін, 
өздерінің  жетістіктерін  және  кемшіліктерін 
өздері шешуге ұмтылады. 
Интолерантты адамдар  
Өзінде  тек  қана  абыройды  көреді,  басқаларды 
кінәлайды. 
2. Қорғалғаны. 
 
Толерантты  адам  өз-өзіне  сенімді;  барлығын 
шеше  алатынына  сенімді.  Бұл  толерантты 
тұлғаны қалыптастыру үшін маңызды шарт. 
Өзінің  әлеуметтік  ортасынан  және  өз-өзінен  қорқады; 
барлық нәрседен қауіпті күтеді. 
3. Жауапкершілігі. 
 
Толерантты  адам  жауапкершілікті  басқаға 
аудармайды,  өзінікіне  өзінің  қылықтарына  өзі 
жауап береді. 
Интолерантты  адам  болып  жатқан  оқиғалар  оған 
байланысты емес деп есептейді, осыған сай айналадағы 
болып  жатқандардан  өзінің  жауапкершілігін  алып 
тастайды.  

Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Хабаршысы, «Педагогика ғылымдары» сериясы, №3(39), 2013 г. 
145 
4. Анықтамаға қажеттілік. 
 
Толерантты 
адамдар 
жұмысқа, 
шығармашылыққа  өздері  ұмтылады;  өзінің 
мәселесін өзі шешуге ұмтылады. 
Интолерантты  адамдар  өздерін  екінші  жоспарға  қояды 
(тек мен емес).  
5. Эмпатияға қабілеттілік (басқа адамдар туралы 
дұрыс пікір қалыптастыруға қабілеттілік). 
 
Толерантты  адам  өзін  және  интолерантты 
адамды дұрыс бағалауы мүмкін. 
Интолерантты адам қоршағандарды өз бейнесінде және 
сол сияқты бағалайды. 
6. Қалжың сезімі 
 
Толерантты адам өзіне-өзі күле алуға қабілетті. 
Интолерантты  адамның  қалжың  сезімі  жоқ,  күңгірт 
және қатулы. 
7. Авторитаризм 
 
Толерантты 
адам 
демократиялық, 
еркін 
қоғамды қалайды.  
Интолерантты адам авторитарлы қоғамда қатаң билікте 
өмір сүргенді қалайды. 
Осыған сай, мынадай қорытынды жасауға болады: толерантты жол – бұл өзін жақсы білетін, қоршаған 
ортада  өзін  керемет  сезінетін,  басқа  адамдарды  түсінетін,  көмек  беруге  әрқашан  дайын,    басқа 
мәдениеттерге,  көзқарастарға  және  дәстүрлерге  достық  қарым-қатынас  жасайтын  адамның  жолы.  Ал 
инвариантты  жол  –  бұл  өзінің  шектеулігі  туралы  ойлайтын,  тәрбиенің  төмен  деңгейімен,  әлеуметтік 
ортада  өмір  сүруде  өзін  қолайсыз  сезінетін,  билікті  қалайтын,  басқа  мәдениеттерді  көзқаратар  және 
дәстүрлерді қабылдамайтын адамдар жолы.  
Бұл жерде оқытушының рөлі өте жоғары. Оқытушы жасай алады және міндетті: 
 
бейбітшілік рухында тәрбиелеуге;  
 
әркімнің қабілетін мойындау және әркімнің сезімі мен ұстанымын құрметтеуге;  
 
балаларға үлгі болу;  
 
тыңдай алу шеберлігі;  
 
эмоциялық байланысты құптауға;  
 
студенттерде  өзара түсінушілік сезімін дамытуға;  
 
студенттердің мәселелерді өзбетімен шеше алуға мүмкіндік беруге;  
 
қатаң иерархиялық қарым-қатынастан қашуға;  
 
авторитаризмнің пайда болуына жол бермеу;  
 
біріккен іс-әрекетті мадақтау.  
Толеранттылық  нышандар  туралы  алған  білімді  бекіту  мақсатында  толеранттылық  бойынша 
сыныптық сабақ өткізуде, жастарға толеранттылық деңгейін бағалау мүмкіндігін беру үшін біз оларды екі 
топқа бөлдік. Балалар мынадай нышанарды айта отырып, толерантты және интолерантты адамды дұрыс 
бағалады:  
 
қалжың сезімі, түсіне алмаушылық;  
 
достастық, немқұрайдылық;  
 
гуманизм; агрессивтілік;  
 
басқа адамдарға жақсы қарым-қатынас, тәкаппарлық;  
 
өзін игере алу, немқұрайдылық;  
 
басқалардың пікірін құрметтеу, тітіркенушілік;  
 
төзімділік; қарам-қайшылықты түсінбеушілік; 
 
сенім; көзқарастар, ғұрыптар; 
 
бірге бірнәрсе істеуге тілек.  
Тәжірибеде  әртүрлі  әдістерді  қолдану  оқытушының  ізгілікті  ұстанымының  бар  екенін,  балаларға 
қарым-қатынас  бойынша:  қарым-қатынаста  үлкен  дәрежедегі  сенімділік,  оларды  қабылдау  және  құптау 
бар  екенін  болжайды.  Кез-келген  педагогикалық  жағдай  жаңа  тәсілдерді  туғызады,  ал  оқытушы  өзінің 
дара стиліне сай келетін тәсілдерді қолданады. 
Келесі  бағыттар  бойынша  этникалық  толеранттылықтың  дамуы  бойынша  жұмыстар  жүргізу 
ұсынылады  : 
Сабақтық  жұмыстар  –  этникалық  толеранттылықтың  дамуын  қамтамасыз  ететін  іс-әрекет  және 
құндылықтар тәсілін, білімдер жүйесін ұсынатын білім беру мазмұнының ұлттық-діни компоненттері; 

Вестник КазНПУ им. Абая, серия «Педагогические науки», №3(39), 2013 г. 
146 
Сабақтан  тыс  жұмыстар  –  мамандар  сабақтық  жұмыстар  міндеттерін,  ,  ұзақтау  уақыт  алатын,  бірақ 
одан көлемдірек орындайтын арнайы курстар енгізуді ұсынады. 
Осы екі бағытты жүзеге асыруды олар танымал педагогикалық технологиялардың көмегімен жасауды 
ұсынады: 
Қарым-қатынас  тренингі.  Бұл  өмірлік  іс-әрекеттің  әртүрлі  саласында,  соның  ішінде  этникааралық 
өзара  әрекеттегі  жемісті  қарым-қатынас  үшін  білім,  білік  және  дағдыны  қалыптастыруға  бағытталған 
топтық психологиялық жұмыс түрлері. Топта еске түсірілетін қарым-қатынас жағдайындағы тәжірибелік 
тренинге қатыса отырып, студент өзінің қаьелерін жақсы көреді. Ол студентке көмектеседі:  
а)  ұлтаралық  қарым-қатынас  мәдениеті  бойынша  әлеуметтік-психологиялық  білімдерді  игеру;  ә) 
әртүрлі ұлттағы адамдардың өзара әрекетінің дара тәсілімен оқыту; б) өзін және қоршағандарды, сондай 
ақ  басқа  ұлт  өкілдерін  дұрыс  бағалауға  қабілеттілік;  в)  студенттердің  тұлғалық  қасиеттері  және 
шеберліктерін  түзету  және  диагностикалау  арқылы    шынайы  этникааралық  қарым-қатынасқа  кедергі 
келтіретін тосқауылдарды жою. 
Толеранттылықты  дамытуға  бағытталуды  мазмұнды  іріктеу  есебінен  жүзеге  асады.  «Көп  мәдениетті 
білім  беру»  теориясын  жасаған  профессор  Г.Д.  Дмитриев  рөлдік  ойындарды  ұсынады.  Студенттер  екі 
топқа  бөлінеді,  қатысушылар  тек  қана  әртүрлі  тілдерде  сөйлеп  қоймай,  мінез-құлықта,  жесттерде, 
дәстүрлерде,  бір-бірімен  қарым-қатынасты  қиындататын  отырыстардың  көптеген  әртүрлілігі  бар.  Ойын 
қатысушыларға:  
 
басқа этно топқа келгендегі тәжірибелік амал жинақтауға;  
 
өздерінің сереотиптерін талдауға;  
 
өзінің толеранттылық деңгейін сыни бағалауға мүмкіндік береді. 
Қорытынды  жасай  келе  біз,  жоғарғы  мектептегі,  біздің  қоғамымыздағы  толеранттылықты  дамыту 
жөнінде бірнеше сөз айта кеткіміз келеді. Толеранттылық – бұл біздің күнделікті өмірімізде айналысатын; 
оқушыларды  әлем  рухында,  адам  құқығы  және  демократияда  тәрбиелеуде  бай  көп  бейнелі  әлемдік 
мәдениетті құрметтеу, қабылдау және түсіну. 
 
1. Декларация принципов толерантности. Утверждена резолюцией 5.61 Генеральной конференции ЮНЕСКО от 
16 ноября 1995 // Век толерантности: Научно-публицистический вестник. М.: МГУ, 2001 
2. Гершунский  Б.С. Философия образования для XXI века. М., 1998. 
3. Тишков В.А. Культуры мира. - Москва: Наука, 1993. - 314 с 
4. Дмитриев Т.Д. Многокультурное образование М. Народное образование 1999 г. 
 
УДК: 378.015.31. 
 
ТҰЛҒАНЫҢ ИНТЕЛЛЕКТУАЛДЫҚ ДАМУЫНЫҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ 
 
А.И. Еслакова – Абай атындағы ҚазҰПУ-нің 1-курс магистранты 
 
Түйін 
Мақалада студенттердің интеллектуалдық дамуының өзекті мәселелері қарастырылған. Студенттің интеллектуал-
ды  қабілетінің  ғылыми  әдебиеттерде  зерттелуі,  интеллектіні  дамытуда  инновациялық  технологияларды  қолдану 
жолдары қарастырылған. Тиімді инновациялық педагогикалық технологиялар сарапталып, интерактивті оқыту әдісі 
негізінде студенттердің зияткерлігін дамыту жолдары көрсетіледі. 
 
Резюме 
В этой статье рассматриваются интеллектаульное развитие студентов  с  помошью  инновационных  технологии. 
Во-первых,  рассматриваются  нормативно-правовые  акты  Республики  Казахстан  и  на  их  основе  определяется 
актуальность  темы.  Во-вторых,  производится  анализ  на  основные  научно-теоретические    исследование  по  этой 
проблеме  и  рассматриваются  психологические    особенности    студенческого  возраста,  определяется  уровень 
интеллектуального  развития  студентов.  В  третьих,  основываясь  на  научных  исследованиях,  выбраны  наиболее  
подходящая инновационно-педагогическая  технология для интеллектуального развития студента. 
 
Resume 
Summary this article discusses intellektaul  development of students by innovative technology. Firstly, we  consider the 
normative-legal  acts  of  the  Republic  of  Kazakhstan  and  on  that  basis  determine  the  relevance  of  the  topic.  Secondly  do 
analysis on basic theoretical and practical study on this issue and consider the psychological features of college-age, determine 
the level of intellectual development of students. Thirdly, based on studies we select the most suitable innovative pedagogical 
technology for the intellectual development of the student. 

Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Хабаршысы, «Педагогика ғылымдары» сериясы, №3(39), 2013 г. 
147 
Бүгінгі  таңда  әлемде  зияткерлік  факторының  маңыздылығы  арта  түсуде.  Қазақстан  білім  қоғамына 
қарай жолда тұлғаның элиталану деңгейін зият (интеллект) анықтайтын даму кезеңіне аяқ басты. 
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев: «Адамның ақыл-ойы дамуы үшін оның басы үнемі жұмыс істеп тұруы 
қажет. Бас жұмыс істемесе, басқа органдар да істен шығады», - деп айтуы бекер емес [1]. Демек, жоғары 
оқу  орнында  оқу  үдерісінің  басты  мақсаты  студент  жастардың  ақыл-ой  мүмкіндіктерін  дамыту  болады. 
Ал  осы  идеяның  ілгері  нақтылы  таратылуы  қай  бағытта  өрбімек?  Біздіңше,  бәсекеге  қабілетті 
интеллектуалды  ұлт  келешегін  баулуда  бүгінгі  студенттердің  интеллектісін  дамыту    қоғамның  тағы  бір 
өзекті мәселесіне айналып отыр. 
Қазақстан  Республикасының  «Білім  туралы»  заңында  «Білім  беру  жүйесінің  басты  міндеті  –  ұлттық 
және  жалпы  адамзаттық  құндылықтар,  ғылымның,  практиканың  жетістіктері  негізінде  жеке  адамды 
қалыптастыруға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау; ...оқытудың 
жаңа  технологияларын  енгізу,  білім  беруді  ақпараттандыру,  халықаралық  ғаламдық  коммуникациялық 
желілерге шығу» деп, білім беру жүйесін одан әрі дамыту міндеттері көзделеді [2].  Бұл міндеттерді шешу 
үшін  педагогикалық  ұжымның  ізденісі  арқылы  барлық  жаңалықтар  мен  қайта  құру,  өзгерістерге  батыл 
жол  ашарлық  жаңа  тәжірибеге,  жаңа  қарым-қатынасқа  өту  қажеттігі  туындайды.  Сол  себепті  келер 
ұрпаққа қоғам талабына сай тәрбие мен білім беруде ұстаздардың инновациялық іс-әрекетінің ғылыми - 
педагогикалық негіздерін меңгеруі – маңызды мәселелердің бірі. 
Осыдан жоғары оқу орындарының мынандай негізгі мақсаты туындайды: студенттердің тұлға ретінде 
қалыптасуына  жол  ашу,  бүгінгі  заман  талабына  сай  эрудициясы  мен  интеллектісі  жоғары  азамат  пен 
азаматшаларды тәрбиелеуде жас мамандардың инновациялық технологияны қолдануына жол ашу. 
Жалпы алғанда, интеллект тұлғаның өмір сүруінде маңызды құрылым бола отырып, мақсатқа бағытты 
әрекет  ету,  рационалды  ойлау  және  қарқынды  түрде  айналасындағалармен  өзара  әрекеттесу  қабілетін 
білдіреді. Осыған қарағанда, интеллектіні индивидтің қоршаған ортамен өзара әрекеттестігінің көп түрлі 
формаларынан тыс анықтау мүмкін емес. Бұл өзара әрекеттестік жай икемделу, бейімділік емес, белсенді 
әрекет ретінде қарастырылады. 
Таным  –  іс-әрекетінің    адам  мақсаттары    мен  ұмтылыстарының  негізі      болатын  білімін 
қалыптастырушы,  шығармашылық    қызметінің  қоғамдық-тарихи  процесі.  Ой  еңбегі  мен  дене  еңбегі 
арасында  қарама-қарсылық  бар  жерде,  шығармашылық,  жаңалық  ашушы  және  тудырушы  іс-әрекет 
орындаушылық пен жаттандылыққа әлеуметтік тұрғыдан қарама-қарсы қойылған жерде таным көбінесе, 
рухани өндірістің түрлі салаларындағы кәсіби мамандардың ерекше функциясы ретінде көрінеді. Таным 
адамның  табиғатқа  белсенді  түрде  әсер  етуінен,  табиғат  заттарын  өңдеуден,  зат  қасиетін  өндірісте 
пайдаланудан бастау алады [7]. 
Осыған  орай  қазіргі  таңда  интеллектуалдық  даму  мәселесі  әлемдік  мәдениеттің  барлық  дәуіріндегі 
ойшылдардың  назарында  болғандықтан  «интеллектуалдық  дамуға»  деген  көптеген  ізденістерден 
байқауға  болады.  Бүгінгі  заман  талаптарынан  туындаған,  бәсекеге  қабілетті,  озық  ойлы,  рухани  бай 
азамат  тәррбиелеуде  интеллектінің  орны  ерекше.  Сондықтан  интеллектуалдылықты    дамыту  қазіргі 
қоғамда  психология- педагогиканың негізгі мақсаты болып отыр. 
Қоғамда  орындаушы  адамнан  гөрі  «интеллектуалды»  адамға  сұраныстың  көп  екендігін  қазіргі  өмір 
талабы дәлелдеп отыр. Қазіргі жоғары оқу орнында интеллект табиғаты арқылы студент қоршаған ортаны 
динамикалық тұрғыда өзгерте  отырып, соған қарай емес, керісінше, қоршаған  ортаны  өзіне  қарай  қайта 
құрады. Дәл осы интеллект деңгейі және оның даму типі тұлғаның болашағын анықтайды [8]. 
Студенттердің  ақыл-ойына келсек, мұның өзі жасөспірімдік кезеңге қарағанда сапа жағынан да, көлем 
жағынан  да  біршама  қалыптасып  қалған.  Қалыптасуда  мынадай  екі  тетік  бар:  біріншіден,  бұлар  өзі 
қоршаған  әлеумет  ортасынан  соның  ішінде  жеке  адамдар  арасында  кездесетін  неше  түрлі  қатынастың 
мәнісіне  түсініп,  әр  нәрсенің  себебіне  және  одан  шығатын  нәтиженің  мәнісіне  түсініп,  әр  нәрсенің 
дүниеде себепсіз нәтиже болмайтынын ұғына бастайды.; екіншіден, егер бұл кезеңде  ересек уақытының 
көбін  мұң,  фантазия  сияқты  нәтижесіз  объектілерге  жіберетін  болса,  енді  сол  фантазиядан  нәтиже 
шықпайтынын  біліп,  күші  мен  жігерін  шындық  нәрсені  меңгеруге  жұмсайды.  Осының  өзі  ақыл-ойдың 
дамуындағы үлкен жетістіктің бірі . 
Студенттердің  үлгерімді  оқуы  көптеген  факторларға  тәуелді.  Олардың  ішінде  ең  бір  маңыздысы 
болып  табылатын  –  ақыл-ой  әрекетінің  көрсеткіші  ретіндегі  интеллектуалдық  дамуы  мен  таным 
процесстерін реттеуші қызмет атқаратын – зейін. 
Алғашқы  курстарда  студенттік  ұғым  пайда  болады,  ақыл-ой  әрекетінің  ұжымдастырудың  дағды-
үйреністері  қалыптасады,  таңдалған  кәсіпке  сәйкестік  сезіледі,  тұрмыстың  бос  уақыттың  және  еңбектің 
оптималды  тәртібі  жасалынады,  жеке  адамның  кәсіби  мәнді  қасиеттеріне  өзіндік  тәрбиелеу  мен  өзіндік 
жасалулар бойынша жұмыс жүйелі түрде орнығады. 

Вестник КазНПУ им. Абая, серия «Педагогические науки», №3(39), 2013 г. 
148 
Студенттердің  үлгерімі  тек  арнайы  қабілеттер  мен  жалпы  интеллект  дамуына  ғана  емес,  сонымен 
бірге,  қызығушылықтар  мен  мотивтер,  мінез  қырлары,  темперамент,  жеке  адам  бағыттылығы,  оның 
өзіндік санасына да тәуелді. 
Студенттік кезеңдегі интеллектуалдық және физикалық күш дамуының оптимумының көпшілігіне қол 
жеткізілуімен  ерекшеленеді.  Бірақ  та,  осы  мүмкіндіктерімен  олардың  жүзеге  асырылуының  арасында 
қайшылықтар кезедсіп жататыны да рас. Осы қайшылықтарды жеңу мақсатында, яғни студенттердің оқу 
барысында интеллектуалдық қабілеттерін дамытуда инновация жетістіктерін қолданудың маңызы зор [7]. 
Инновациялық  технологиялардың  уақыт  ағымына  байланысты  пайда  болып,  бүгінгі  күннің 
сұраныстарына жауап беретінін, сондықтан оларды оқу үрдісінде пайдалану қажеттілігін көрсетеді. 
Инновациялық педагогикалық технологиялар негізінде  болашақ мамандар,яғни қазіргі студенттердің 
интеллектуалдық қабілеттерін, ой - өрісін кеңейту заманның тағы бір талабы болып отыр [10]. 
Инновациялық педагогикалық технологиялар кез келген пәнді оқу барысында студенттердің ой-өрісін 
кеңейтіп,  шығармашылықпен  жұмыс  істеуге,  жаңашыл  тәжірибелер  мен  әдістемелерді  кеңінен 
пайдалануға  мүмкіндік  береді.  Сондықтан  студенттердің  интеллектісін  дамытуда  инновациялық 
педагогикалық технологиялардың орны зор. Осыған сәйкес алдымен студенттің жоғары оқу орнының оқу 
процесіне  сәйкес  келетін  интеллектуалдық  қабілетін  дамытуда  тиімді  инновациялық  педагогикалық 
технологияларды таңдап алуда мына төменгі талаптар ескерілді: 
Технологияның білім беру мақсатына қол жеткізу үшін атқаратын қызметін анықтау; 
Студенттердің  қабылдау  және  жете  түсіну  сияқты  оқытудың  когнитивтік  аспектілерін  ынталандыуға 
бағыттылығы; 
Студенттің  таным  процесін  ұйымдастыруды  оны  жүйелі  ойлау  жағына  жылжыту  жолында 
пайдалынлатын технологиялар; 
Оқу  процесінде  студенттердің  танымдық  іс-әрекетін  қолайлы  ұйымдастыруға  мүмкіндік  туғызатын 
педагогикалық технологияларды таңдап алдық. 
Осы  талаптарды  негізге  ала  отырып,  біз  өз  зерттеуімізде  студенттердің  интеллектісін  дамытуда 
қолданылатын инновациялық технология ретінде интерактивті оқытуды таңдадық.  
«Интерактив»  сөзі  ағылшынның  «interact»  сөзінен  шыққан.  «Inter»-бұл  өзара,  «act»-әрекеттесу  деген 
мағынаны  білдіреді.  Интерактивті  сөзі  бұл  бір  нәрсемен  (  мысалы,  компьютермен  немесе  біреумен, 
адаммен  әңгімелесу)  диолог  түрінде  өзара  әрекет  етуге  қабілеттілік  дегенді  білдіреді.  Сонымен, 
интерактивтік  оқыту–бұл  ең  алдымен  оқытушы  мен  студенттердің  өзара  әрекеті  жүзеге  асырылатын 
диалогтық  оқыту,  танымдық  іс-әрекетті  ұйымдастырудың  арнайы  формасы.  Оның  өзінің  нақты  және 
болжаған  мақсаттары  болады.  Оның  мақсаттарының  бірі  –  оқыту  үрдісін  жемісті  ететін  студенттердің 
өзінің интеллектуалдық деңгейін, табыстылығын сезінуге және оқытуда жағымды жағдай жасау. 
Оқу  процесіндегі  өзара  әсердің  жаңа  мазмұнын  бере  алатын  анықтаманы  іздестіру  барысында 
интерактивті  оқыту  термині  пайда  болды.  Бұл  шын  мәнінде  педагогикалық  қарым  –  қатынастың  мәнін, 
мазмұны  мен  құрылымын,  оңтайландыруға  қабілетті  екендігін  көрсетті.  Интерактивтілік  ұғымы 
«символикалық интеракционизм» (Г.Блоуберг, Дж.Г.Мид, Р.Сирс, т.б.), яғни адамдар арасындағы қарым 
–  қатынасты  үздіксіз  сұхбат  (диалог)  ретінде  қарастыру  деген  сөз.  Мұндай  тікелей  диалог  бүгінгі  күні 
ерекше мәнге ие болып отыр. 
«Интерактивтің» негізгі  ерекшеліктері мен мақсаттары қандай? Мысалы, сондай мақсаттардың бірі  – 
студент өзінің жетістігін, интеллектуалдық қабілетін көрсете алатындай жағдай тудыру және бұл  оқыту 
процесінің  нәтижелі  болуына  әсер  ету.  Оқу  процесіндегі  интерактивтік  әрекет  диалогтық  қарым-
қатынасты  ұйымдастыруды  және  дамытуды  көздейді.  Өзара  түсінісу,  өзара  әсерге  бірлесіп  шешім 
қабылдауға  мүмкіндік  береді.  Диалогтық  оқыту  нәтижесінде  сыни  ойлауға,  күрделі  мәселелерді  талдау 
негізінде  шешуге,  балама  пікірлер  айтуға,  дискуссияға  қатынасуға,  басқа  адамдармен  қарым-қатынас 
жасауға  үйренеді.  Бұл  үшін  сабақ  кезінде  жеке,  жұптық  және  топтық  жұмыстар  ұйымдастырылады, 
зерттеу  жобалары,  рольдік  ойындар  қолданылады,  әртүрлі  құжаттар  мен  ақпарат  көздері  мен 
шығармашылық жұмыстар жүргізіледі. 
Интерактивті  оқытудың  мәні  -  оқыту  үрдісін  барлық  студенттер  таным  үрдісіне  тартылып,  өздері 
білетін және ойлайтын нәрселерін қайта қарауға, түсінуге мүмкіндік беретіндей етіп ұйымдастыру. 
Интерактивті  әдісте,  жоғарыда  айтқанымыздай,  оқытушы  ұйымдастырушы,  бақылаушы  деңгейінде 
ғана  көрінеді  де,  студент  белсенділігі  арта  түседі.  Интеракция  кезінде  оқытушы  жұмысқа  тікелей 
қатысқанымен,  ол  өз  мүмкіндігін  шектеп,  онда  студенттің  белсенді  болуына  жағдай  туғызуы  қажет. 
Дәлірек  айтқанда,  өзге  тілді  үйренуде  маңызды  болып  табылатын  студент  пен  студенттің  арасында 
болатын  интеракция  кезіндегі  әрекет  жүйесін  бес  сатыға  бөлуге  болады:  мақсат  қою,  жұмысты 
жоспарлау, тапсырманы бөлу, студенттер әрекетін бақылау, бағалау. 

Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Хабаршысы, «Педагогика ғылымдары» сериясы, №3(39), 2013 г. 
149 
Ал  интерактивті  оқытудың  мақсаты  –  оқу  процесінің  барлық  сатысында  бірлескен  әрекетке  жағдай 
жасау, әр студентті жеке  тапсырмамен жұмыс істете отырып, топ мүддесін ойлауға үйрету, әрқайсысын 
өз міндетін жауапкершілікпен атқаруға жетелеп, ортақ нәтежеге қол жеткізуге ұмтылдыру. 
Интерактивті  оқыту  әдістеріне  студенттерді  білім  алу  және  оны  өңдеуге  жағдай  жасайтын  әдістер 
жатады. Олардың ішінде белгілілері – «Үлкен шеңбер», «Өзара», «Аквариум», «Ми шабуылы», «Дебат», 
«Мозаика»,  «Пікірталас  жургізу  әдістемесі»,  «Рольдік  пікірталас»,  «Психологиялық-  педогогикалық 
консилиум» және т.б. [11]. 
Үлкен  шеңбер  әдісін  сұрақтың  шешімін  тез  табу  керек  болған  жағдайда  қолдануға  болады.  Осы 
форманың  көмегімен  мысалы,  заң  жобаларын  немесе  нұсқауларды,  нормативті-құқықтық  актілерді 
жасауға болады. Жұмыс үш кезеңнен тұрады.  
Бірінші кезең. Топ үлкен шеңбер болып отырғыштарға отырады. Мұғалім мәселені ұсынады. 
Екінші  кезең. Белгілі  уақыт  ішінде  (10  минут)  әрбір  оқушы  жеке  осы  мәселені  шешудің  жолдарын 
қағаздарына жазады.  
Үшінші кезең. Шеңбер бойынша әрбір оқушы өз ұсыныстарын ұсынады, топ бұл ұсынстарды сынамай 
тыңдайды,  және  әңгіме  бойынша  тақтаға  жазылып  тұратын  ортақ  шешімге  қосу,  қоспауға  дауысқа 
салады.  
Аквариум  әдісі:  “Аквариум”–  балаларға  мәселені  “қоғам  алдында”  талқылауға  ұсынғандағы  диалог 
формасы. Шағын топ белгілі бір мәселе  бойынша диалогты жүргізуге кімге  сеніп тапсыруға болатынын 
таңдайды.  Кейде  тілек  білдірушілер  бірнеше  болуы  мүмкін.  Қалған  барлық  оқушылар  көрермен  ролін 
атқарады. Соныдықтан да мұны аквариум деп атайды.  
Сократтық әдіс. Тұлғаның интеллектуалдық әлеуетін дамытуға бағытталған оқытудың белсенді және 
өнімді  формасы.  Негізі  –  баланың  өзі  араласатын  оқыту  процесіне  белсенді  қатыстыруда  ақыл-ойдың 
қозғалысы  жайындағы  Сократтың  ілімі.  «Сократтық  сұрақтар»  көмегімен  оқушының  іс-әрекетін 
ұйымдастыру  -  баланың  санасында  «шындықтың  өз  бетімен  туындауының»  факторы  болып  табылады. 
Сократтық  әдістің  дидактикалық  құрылымы  білім  беру  мазмұнының  өткеннен  келесіге,  жақыннан 
қашықтағыға  өту  қағидасына  негізделеді  және  «белгілі  білім  емес»  принципі  бойынша  құрылады. 
Ерекшелігі  –  әдіс  қарапайым  өмірілік  ситуациялар  негізінде  құрылады.  Шындықты  бірлесе  іздеу  – 
оқытудағы ең басты тәсіл [12]. 
Дебат.  Оқушылардың  сыни  ойлауын,  талдау,  маңыздысын  ажырату  іскерліктерін  қалыптастыруға 
бағытталған.  Элементтері:  дәйектерді  құру;  проблемаға  байланысты  түрлі  көзқарастарды  ашу; 
проблеманың фактілерін және идеясын көрсету. 
Миға  шабуыл.  Шығармашылық  белсенділікті  және  жаңа  идеяларды  тез  жасау  іскерлігін  дамытудың 
әдісі. Қолданылу уақыты: проблеманың шешімін табу үшін; жаңа тақырыпты ұсыну және оқушылардың 
іс-әрекетін  өзектілеу,  берілген  проблемаға  оқушылардың  зейінін  шоғырландыру  үшін.  Әдістің  басты 
міндеті  –  танымдық  іс-әрекетті  белсендендіру  және  оқушыларды  өнімді  оқыту  процесіне  қатыстыру. 
Технологиясы: сипаты бойынша әртүрлі сұрақтарды пайдалана отырып берілген сұрақ немесе зерттелетін 
проблема бойынша көп идеялар жинақтау. Идеялар сыналмайды және комментарий берілмейді.  
Миға шабуылды ұйымдастыру ережелері: 
Миға шабуыл уақытында сыныптың барлық оқушылары қатысады. 
Ұсынылған идеяларларға комментарий берілмейді және сынға алынбайды. 
Идеяны нақтылау және дамыту мақсатында сұрақ қоюға болады. 
Миға шабуыл барысында аралық бағалар қойылмайды. 
Проблеманы талқылау деңгейінде ұсынылатын барлық идеялар қабылданады. 
Ойлар нақты және қысқа болуы керек [13]. 
Инновациялық  технолгияларды  оқу  процесінде  қолдану  негізінде  қазіргі  таңда  студенттің  өз  бетімен 
еңбек  етуіне,  зияткерлік  және  шығармашылық  еркін  ой  мен  іскерлік  қабілеттілігін  дамытуларына 
қолайлы жағдай туындайды. 
Жоғары  білімді  дамытудың  негізгі  үрдісі  мамандар  даярлау  сапасын  арттыру,  қарқынды  ғылыми  – 
зерттеу  қызметімен  ықпалдастырылған  инновациялық  білімді  дамыту,  жоғары  оқу  орындары  – 
зерттеулерінің әлеуметтік  саласы және экономикалық қажеттіліктерімен тығыз  байланысты. Яғни, білім 
беру жүйесінде инновациялық технологияларды қолдану, жетілдіру болып табылады. 
Мектепте  білім  беру  сапасын  қамтамасыз  етіп,  оны  жүзеге  асыратын  басты  тұлға  –    мұғалім  болса,  
оқыту теориясы мен тәжірибесінің көрсетіп тұрғанындай болашақ мұғалімдер яғни казіргі студенттердің 
кәсіптік  және  тұлғалық  өсуінің  едәуір  әлеуеті  –  жоғары  мектептің  білім  беру  мазмұнын  инновациялық 
технологиялар арқылы меңгеру нәтижесі. Нәтиже студенттердің белгілі кәсіптік салаға бағытталған білім, 

Вестник КазНПУ им. Абая, серия «Педагогические науки», №3(39), 2013 г. 
150 
іскерлік  пен  дағдысының  инновациялық  мүмкіндіктерін  қамтамасыз  ететін  жетекші  фактор  болып 
табылады.  Бұл,  әрине,  оқытушының  студенттермен  суьект  аралық    өзара  әрекетін  қарасытратын  оқыту 
үрдісінде инновациялық технологияларды тиімді пайдалануына  да байланысты. 
Қорыта  келсек,  қазіргі  таңда    тәуелсіз  еліміздің  ертеңі  жастардың  білімінің  тереңдігімен  өлшенеді. 
Білімді,  жан-жақты  қабілетті  ұрпақ  –  ұлтымыздың  баға  жетпес  қазынасы.  Бүгінгі  күні  педагогика 
ғылымының  өзекті  мәселелерінің  бірі  –  жеке  тұлғаны  жетілдіруде,  жан-жақты  дамытуда,  білім  беруде 
ғылымның  соңғы  жетістіктерін  қолданып,  шығармашылық  жұмыстарды  жасауға  қабілетті, 
дүниетанымдық  көзқарасы  кең,  рухани  бай  азамат  дайындау,  сол  себепті инновациялық  технологиялар-
дың тиімді пайдалануы білім мазмұнына әсерін тигізетіні сөзсіз. Себебі оқыту үрдісі білім беру мазмұны 
арқылы көрініс табады. 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   46




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет