СТУДЕНТТІК КЕЗЕҢДЕГІ ӨЗІН-ӨЗІ ТАНУҒА ОРТАНЫҢ ӘСЕРІ ЖӘНЕ ОНЫҢ
ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ.
Ұ.Б. Ағыбаева – Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің
психология кафедрасының п.ғ. к., доценті,
Қ.Б. Қойшыбаева – Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті
психология кафедрасының п.ғ. магистрі,
Л.Б. Қожахметова – Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті
психология кафедрасының магистранты
Резюме
В статье рассматриваются некоторые психологические особенности влияния окружающей среды на самопозна-
ния и развития личности студенческого возраста.
Summary
The article discusses some of the psychological characteristics of environmental influences on self-knowledge and
personal development of college-age
Студенттік кезең тұлғаның қалыптасуындағы күрделі және маңызды кезеңдердің бірі, себебі осы
кезеңде адам балалық шақтан ересектік тәуелсіз өмірге қадам жасайды.
Белгілі бір жастық кезеңнің даму ерекшеліктерін кеңестік психологияда дамудың әлеуметтік жағдайы
түсінігімен байланысты талдайды. Л.С.Выготскийдің пікірінше, әрбір жас кезеңнің басына қарай бала мен
орта арасында сол жасқа тән жалғыз және қайталанбас қарым –қатынас орнайды. Бұны ол «берілген
жастағы дамудың әлеуметтік жағдайы» деп атады. Осы терминмен Л.С.Выготский дамудың ішкі
процестері мен сыртқы орта жағдайларының ерекше үйлесімін белгіледі. /1/
Ол әрбір жастық кезеңге тән және осы жастық кезеңде психикалық дамудың динамикасы мен жастық
кезеңнің аяғына қарай пайда болатын жаңадан пайда психологиялық түрді қамтамасыз етеді. Осылайша,
тұлға дамуының бір кезеңі ретіндегі студенттік шақтың нақты мазмұны, бірінші кезекте, әлеуметтік
жағдаймен анықталады. Жастардың қоғамдағы орны мен басқа да көптеген факторлар әлеуметтік
жағдайға тәуелді.
Студенттердің өзін-өзі тануға қабілеттері де түрлі болып келеді. Өзін-өзі тануға қабілет – бұл адамның
өзін-өзі тез, сапалы, жан-жақты, адекватты тануына мүмкіндік беретін тұлғалық сапалар. Осындай
қабілеттердің түрлі даму деңгейлеріне байланысты студенттер бір-бірінен ерекшелінеді: кейбіреулер
үнемі өзін-өзі танумен айланысады, өздерін жақсы, жан-жақты біледі және осы білімдерін өмірі мен іс-
әрекет барысында пайдалана алады; өзгелері өзін-өзі танумен сирек айналысады, олардың өзі туралы
үзілді-кесілді және ең маңыздысы олардың өзі туралы түсінігі адекватты емес, яғни шындыққа сәйкес
келмейді. Біз өзін-өзі бағалауы төмен немесе жоғары адамдармен жиі ұшырасамыз, олар осы себептерге
байланысты әлуметтік орта мен, әлеммен қарым қатынас орната алмайды.
Алайда, кез-келген қабілет секілді өзін-өзі тану қабілетінде дамытуға болады. Ол үшін өзін-өзі
танудың жағымды мотивациясын қалыптастыру қажет; индентификация және рефлексия өзін-өзі
танудың негізгі механизмдерінің потенциялын толығымен пайдалану қажет; өзін-өзі бақылау, өзін-өзі
талдау, өзін-өзі моделдеу және т.б. сияқты өзін-өзі танудың спецификалық тәсілдерін үйрену қажет;
көркем әдебиеттерді оқу, психологияны оқу, күнделік жүргізу сияқты өзін-өзі танудың түрлі құралдарын
пайдалану қажет.
Өзін-өзі танудың ең кең таралған тәсілдеріне өзін-өзі бақылау, өзін-өзі талдау, өзін қандайда бір
«өлшеммен» салыстыру жатады.
Өзін-өзі бақылау. Бұл өзін-өзі, өз жүріс-тұрысын, әрекеттерін, ішкі әлемінің оқиғаларын бақылау
арқылы өзін-өзі тану тәсілі. Бір кездері психологияның негізгі әдісі ретінде болған және «интероспекция»
Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Хабаршысы, «Педагогика ғылымдары» сериясы, №3(39), 2013 г.
125
деп аталған өзін-өзі бақылаумен адамзат бұрынан таныс. Кейінен бұл әдістен негізгі әдіс ретінде бас
тартты, себебі ол өте субъективті және адам психикасының нақты бейнесін бере алмады, алайда өзін-өзі
танудың тәсілі ретінде үлкен мәнге ие.
Өзін-өзі бақылау мақсатқа бағытталған және мақсатқа бағытталмаған болып бөлінеді. Мақсатқа
бағытталмаған ретінде өзін-өзі бақылау үнемі жүзеге асып отырады және сананың қызмет атқаруына
ұқсас. Біз қандайда бір әрекет үстінде өзімізді-өзіміз бақылап отырамыз, өзін-өзі бақылауды жүзеге
асырамыз. Жүріс-тұрысымыз өзгелер немесе өзіміз белгелеген нормативтен ауытқып кеткен сайын біз
оған түзетулер енгізіп отрамыз. Мақсатқа бағытталмаған өзін-өзі бақылаудың барысында фактілер
жинақталады, олардың кейбіреулері маңыздылығына немесе қайталануына қарай біздің санамыздың
объектісіне айналады, яғни анықталады, белгіленеді, талданады.
Мақсатқа бағытталған өзін-өзі бақылау біз өзімізден қандайда бір тұлғалық қасиетті немесе сапаны
анықтау және көздеген кезде орын табады. Ол үшін адам өзін жиі сәйкес жағдайға қояды немесе сол
жағдайды өзі жасайды, яғни өзін-өзі өзіндік эксперимент жүргізеді. Адамның өзіндегі белгілі бір қасиетті
немесе сапаны анықтауға және белгілеуге мүмкіндік беретін арнайы ұйымдастырылған психологиялық
тренингтер жүргізілетін мұндай экепериментке жақсы мүмкіндік туғызады.
В.Г.Мараловтың пікірінше, мақсатқа бағытталған және бағытталмаған өзін-өзі бақылау да тұлғаның
қасиетін, мінез-құлық ерекшеліктерін, қарым-қатынас ерекшеліктерін және т.б. анықтап белгілеуге
мүмкіндік береді.
Өзін-өзі талдау. Өзін-өзі бақылау арқылы анықталған қасиеттер талдауға ұшырайды, яғни талдаудың
барысында анықталған тұлғаның қасиеті немесе мінез-құлық сипатының себеп-салдар байланыстары
анықталады, адамның өзі туралы, берілген нақты қасиеті туралы ойлану процесі жүреді. /2/
Өзіндік сана мәселесімен айналысатын барлық зерттеушілер оның құрылымының күрделі екендігін
айтады және оны көптеген компонеттерден тұратын жаратылыс ретінде қарастырады. Әдетте, өзіндік
сананы екі құрылымдық компонентін бөледі: өзін-өзі білу және өзіне қатынасы (М.И.Лисина).
И.И.Чеснокова өзіндік сана құрылымының үш компонентін бөледі: танымдық (өзін-өзі тану),
эмоционалды (өзіне қатынасы), еріктік (өзін-өзі реттеу).
Л.Д.Олейник өзіндік сананың құрылымының алты компонентті үлгісін ұсынады: өзін-өзі сезіну, өзін-
өзі тану, өзін-өзі бағалау, өзін-өзі сынау, өзін-өзі бақылау, өзін-өзі реттеу.
Өзін-өзі танудың дамуымен, оның ерекшеліктерімен байланысты мәселелер өте аз зерттелген. Осы
бағытта А.Г.Спиркиннің, М.И.Лисинаның, И.И.Чеснокованың жұмыстарын атап өту қажет.
И.И.Чеснокова өзін-өзі тануды процесс ретінде қарастыра отырып, оның когнитивті, эмоционалды-
бағалау және жүріс-тұрыс сияқты үш құрамдас компоненттерінің өзінің ішкі процестерінің бірлігі
арқылы өмір сүретіндігін бөліп көрсетеді. Автордың пікірінше, өзін-өзі тану өзіндік сананың тіршілік
етуі мен көрінуінің негізі. Адамның өзін-өзі тануы арқылы алған білімі өзіндік сананың орталық ядросы
болып табылады./3,4/
Кеңес психологиясында тұлғаның өзін-өзі анықтауы адамның қоғамдық қатынастар жүйесіндегі өз
орнын белсенді түрде анықтауы ретінде түсіндіріледі.Л.И.Божович, И.С.Кон осы құбылыстың негізгі
белгісі ретінде жасөспірімдердің ересек адымның ішкі позициясын ұстануға, өзін қоғамның мүшесі
ретінде сезінуге, өзінің өмірдегі орнын анықтауға, яғни өзін және өзінің мүмкіндіктерін тануға
қажеттілігін көрсетеді. Субъектінің тұлғалық өзін-өзі реттеуі өзін-өзі анықтауының механизмі және
оның процессуалды жағы болып табылады.
Өзін-өзі тануға өзіндік сананы талдау контекстінде де, өзін-өзі бақылау, өзін-өзі бағалау, өзін-өзі
тәрбиелеу мәселелерін өңдеу кезінде де «философиялық әдебиеттерден де лайықты орын берілмесе де,
дегенмен бізге белгілі барлық еңбектерде тұлғаның өзіндік санасының жетекші қызметі ретінде
мойындалады. Және ол кездейсоқ емес, себебі кез-келген құбылыс санада ол білетіндіктен пайда болады.
Білім сананың жалғыз заттық қатынасы».
Ал өзін- өзі тануды процесс ретінде адамның өзі туралы бір білімінен екінші біліміне, оны
анықтауға, тереңдетуге, кеңейтуге және т.б үздіксіз қозғалуынан көруге болады.
Өзін-өзі тану тек өзі туралы білім жинақтау ғана емес. А. Н. Леонтьевтің айтуынша, өзіндік сананың
негізі ретінде, білім « индивидтегі негізі қаланған әлемді, «өзін-өзі өзекті етуге» қажеттілігін түсінуге
ұмтылысы түрінде мәлімделуі қажет.
Бір жағынан, «... өзін-өзі бақылау, өзін-өзі тану- бұл шынайы индивидтің өзіндік санасы» болса, екінші
жағынан,өзін-өзі тану мәселесі өзіндік санаға келмейді, себебі, өзіндік сана тұлғанның бір қалыптылығын
сақтап қалуға жалпы ұмтылысынан көрінеді, сондықтан қоршаған шындықтың тұрақсыз жағдайларына
бейімделуіне жауап беретін салыстырмалы түрдегі тәуелсіз құрауыштарына үнемі қажеттілік туып
отырады. Осындай өзіндік сананы құрайтындардың болып өзін-өзі тану процесі табылады.
Вестник КазНПУ им. Абая, серия «Педагогические науки», №3(39), 2013 г.
126
Өзін-өзі тануды қоршаған орта туралы ақпарат өзін-өзі қабылдаудың пәндік аймағы және адамның іс-
әрекеті субьектісі ретіндегі өзі туралы ақпараты спецификалық түрде араласып жатады. Екінші типтегі
ақпараттандыру когитация процесінде жүзеге асады. Когитацияның мәні- индивид өзін белгілі бір нақты
жағдайдан және оның қызметінің өрістеуіне себеп болатын қатынастар жүйесінен тыс сезіне алмайды.
Алайда, сонымен қатар әр сәтте оның зейіні не өзіне, не өз қызметінің мазмұны мен жағдайына
бағытталып отырады. Бірінші жағдайда–ол когитация, екіншісінде-рефлекция. Яғни, бұл жерде
рефлекцияның мәні менің өзіме және қызметіме қатысты не сезінетінімде, когитация – менің жалпы не
сезінетінім. Осы екі процесс өзін-өзі танудың екі жақты мәнін құрайды, яғни менің өзім туралы қандай
да бір мәліметім бар.
Өзін-өзі танудың жалпы екі түрін бөледі; еріксіз өзін-өзі тану және мақсатқа бағытталған өзін-өзі тану
немесе өзін-өзі талдау.
Өзін-өзі танудың құрылымы адамның өзін-өзі таныуының элементтері немесе тәсілдерінен тұрады
деуге болады,яғни өзін-өзі қабылдаудан, өзін-өзі бақылаудан, өзін-өзі талдаудан, өзін-өзі бағалау мен
оның даму деңгейінен тұрады.
П.Р. Чаматаның айтуынша, адам өзі туралы негізгі білімді өз мінез- құлқына өзгелердің берген
бағаларын саналауы нәтижесінде алады.
Өзіндік сана мен өзін-өзі танудың қалыптасуы – интерактивті процестер екенін ескере отырып, біз В.
С. Мерлиннің пікірімен келісеміз. Оның пайымдауынша, тек іс - әрекеттің жемісті болуына септігін
тигізетін психикалық қасиеттерді ғана емес, сонымен бірге әлеуметтік бағалауға жиі ұшырайтын
психикалық қасиеттерді де жақсы саналауға болады.
Кеңестік психологияда өзін-өзі бағалауды тұлғаның өзіндік сана формаларының бірі ретінде ( Б. Г.
Ананьев, М. И. Лисина, И. С. Кон, В. В. Сталин, И. И. Чеснокова және т.б.), тұлға ядросы ретінде ( А. В.
Захарова, А. И. Липкина) қарастырған.
Сонымен, өзін-өзі тану процесс ретінде адамның өзі туралы бір білімінен екінші білімге үздіксіз
жылжып отыруынан, жеке ситуативті бейнелерден адамның өзі туралы тұрақты түсінігінің
қалыптасуынан көрінеді. «Мұндай білімдер өзіндік сананың мазмұнына оның өзегі ретінде кіреді».В. В.
Столиннің айтуынша, өзін-өзі танудың, соңғы нәтижесі болып мен бейнесі табылады. Демек, өзін-өзі
тану іс-әрекет пен қарым-қатынас процесінде адамның өзі туралы обьективті білімге қажеттілігінен
пайда болатын өзін-өзі бағалауға қатысты да осындай қызмет атқарады.
1. Выготский Л.С. Собрание сочинений в 6-ти томах. М.: Педагогика, т.3, 1983, 368 б., т.4, 1984 - 432 б., т.6
1984 - 400 б.
2. Маралов В.Г. Основы самопознания и саморазвития. М.: 2002, 189 б.
3. Чеснокова И.И. Проблема самосознания в психологии. М., 1977,
144 б.
4.Олейник Л.Д. Индивидуальное самосознание и пути его формирования. Автореф. дис. канд. психол. наук. Л.,
1975, 16 б.
УДК: 159.9
СТУДЕНТТЕРДІҢ ЕРІК-ЖІГЕР САПАЛАРЫН ДАМЫТУДЫҢ ӨЗЕКТІЛІГІ
Ж.Қ. Адасқанова – Абай атындағы ҚазҰПУ магистранты
Резюме
В статье рассматривается проблема формирования волевых качеств студента в процессе учебно – позновательной
деятельности, характерезуется понятие «волевые качества студента», выявляются ее основные компоненты и
делается анализ научно – теоритическим исследованиям. На основе анализа литературных источников определяются
пути развития волевых качеств в оброзавательном процессе, а также перечисляются виды учебного труда,
затрудняющие развитие волевых качеств студента, перечисляется мотивы, которые являются побудителями волевой
активности студента в учебно – позновательном процесе.
Summary
In this article is described the problems of the student's will-power features which are formed during the study process,
characterized the definition of students will-power features, described its main components and it was done the analysis of the
scientific and theoretical research. On basic of analys of bibliographical sources it as determined the ways of will-power
features in educational system, as considered the types of education work, which are detained developing of student’s will-
power features.
Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Хабаршысы, «Педагогика ғылымдары» сериясы, №3(39), 2013 г.
127
Елбасы, Н.Назарбаев, жолдауында: «Мен сіздер, бүгінгі жастар, ерекше ұрпақ екендеріңізді
қайталаудан жалықпаймын. Сіздер тәуелсіз Қазақстанда өмірге келдіңіздер және сонда ержетіп
келесіздер. Сіздердің жастық шақтарыңыздың уақыты – біздің еліміздің көтерілу және гүлдену уақыты.
Сіздер осы жетістіктер рухын және табысқа деген ұмтылушылықты бойларыңызға сіңірдіңіздер», - деп
пайымдаған. Сондықтан, Қазақстанның жаңа даму кезеңі – тікелей жастардың қолында. Демек, қазiргi
адам жауапкершiлiгінің жоғары болуы, шешім қабылдауға икемi болуы, белсендiлiкке, нысаналыққа
икемді болуы, мақсатқа жетуде адамның ерік сапаларын қалыптастыру және ішкі сыртқы кедергілерді
жеңе білуі қажет. Сондықтан, студент қандай болу керек? Оларды болашақтың ісіне, еңбегіне тиімді
дайындау үшін не істеу керек? Қандай жекелік қасиеттерді біршама маңызды деп санауға болады?
Оларды анықтау және оқып білу үшін қандай әдіс қолдану керек? Міне, бұл психологтар мен педагогтар
үшін шешімін таппай келген күрделі, көкейтесті мәселенің бір бөлігін құрайды. Әр студенттің бойында
сыры ашылған-ашылмаған көптеген қабілеттері, шамасы келетін, я келмейтін тұстары, яғни белгілі бір
потенциал күші болады. Бұл күш қаншалықты пайдаланылса, адам соншалықты жетістіктерге жетеді. Тек
соның көзін таба білу керек. Сократ: «Өзіңді өзің таны, сол арқылы әлемді танисың», десе, Қожа Ахмет
Яссауи: «Өзіңді танығаның - Алланы танығаның»,- депті.
Жаңа ғасыр толқыны әкелген жаңалықтарға сәйкес қазіргі заманда адамның тұлғалық дамуына баса
назар аударылып, жас жеткіншектерге берілетін білім негіздері олардың жеке даралық қабілеттерін
жетілдіруге қызмет етеді. Әр баланың ішкі мүмкіндігі мен өзіндік қарымын дамытуға әсер ететін рухани
адамгершілік қағидалары жеке тұлғаның өзін-өзі дамытуының, өзін-өзі жүзеге асыруының аса қажетті
шарты болып табылады.
Сол себепті мектепке дейінгі білім беру ұйымдарынан бастау алып, үздіксіз білім беру жүйесін тұтас
қамтитын және болашақ 12 жылдық білім беру жүйесі тиімді деп санауға болады.
Қазақстан қоғамындағы мұндай жағдайда өзекті мәселелердің бірі — өзгермелі әлеуметтік және
экономикалық жағдайда өмір сүруге дайын ғана емес, айналасындағы шынайы өмірге белсенді
қатынасын байқатып, оны жақсартуға ықпал ете алатын, бәсекеге қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру
болып табылады.Осыған байланысты жеке тұлғаға қойылатын мынадай талаптар алдыңғы орынға
шығады: креативтілік, белсенділік, әлеуметтілік жауапкершілік, ерік-жігер, ой-өрісінің кеңдігі, жоғары
кәсіби деңгейлі сауаттылык, танымдық әрекетке қызығушылығының басымдығы.
Қабілеттер, мүмкіншіліктер, күш-жігер пайдаланылмай құр іште қалып кетсе немесе аз мөлшерде
қолданылса, ол қазынаны таппағандығы, өз-өзін тізгіндегені, тұншықтырғаны болып табылады.
Түрлі тәсілдер арқылы студенттердің танымдық үрдісінің даму деңгейін анықтауды барша психолог-
педагогтардың - негізгі міндеті деп есептейміз.
Студенттік жастық кезең еріктік сапаларды қалыптастыруда және кәсіптік - тұлғалық қалыптасуында
ерекше орын алатын кезең. Студенттердiң жеке дамуын көптеген зерттеушілер атап айтсақ ,
М.Г.Дзутгоев,
А.И.Дмитриева,
В.Т.Лисовский,
А.А.Еромасов,
И.А.Монахова,
Н.И.Протасова,
Б.В.Кайгородов сынды ғалымдар зерттеді. [1]
Жалпы ерік-жігерге тоқталып өтетін болсақ, ерік-жігер - адамның өз мінез-құлқын саналы түрде
меңгере алу қабілеті, оның белгілі бір мақсатқа жету, іс-әрекетті орындап шығу жолында
қиыншылықтарды белсенділікпен жеңе білуінен байқалатын ішкі қуаты. Адам өзінің ерікті әрекетінің
алдымен мақсатын белгілейді, бұл тілек немесе ниет түрінде болады. Тілек — келешекте істейтін істің
ойға бекуі. Алдындағы мақсаты айқындалған соң, ол әрекеттің орындалу жолын қарастырады, жоспарын
сызады. Жоспар жасау — белгілі білімді, өмір тәжірибесін, ой орамдылығын қажет ететін күрделі
процесс. Адамның тілегі кейіннен қалауға ауысады. Тілек пен қалау ерік-жігерді толық көрсете алмайды,
өйткені бұлар бір-бірімен үйлеспеуі де мүмкін. Осындай жағдайда түрткілер күресі туындайды да,
бұлардың нақты жағдайға сәйкес келетін біреуі жеңіп шығады. Содан кейін ғана адам белгілі бір тоқтамға
(шешімге) келе алады. Сөйтіп, алға мақсат қою, тілек пен қалау, осы екі түрткінің өзара күресі, тоқтамға
келу — бәрі-бәрі жиналып келіп, еріктік амалдың бірінші басқышы — “даярлық кезеңін” құрайды. Ерік
әрекетінің негізгі кезеңі — қабылдаған шешімді орындау, жүзеге асыру. Өз шешімін қайткенде де іске
асыратын, оны орындамай қоймайтын адамды ерікі жетілген адам деп айтуға болады. Кейбіреулер
алдына бұлдыр, көмескі мақсаттар қояды да, оларды орындай алмайды. Ерік сапалары мен қасиеттері
адамның іс-әрекетінде қалыптасады. Әрбір адамның өзіне тән ұнамды және ұнамсыз ерік сапалары бар.
Еріктің ұнамды қасиеттері: дербестік, батылдық, табандылық, өзін-өзі меңгере алуы мен ұстамдылық.
Мысалы, дербестік — адамның алға қойған мақсатын орындау жолында ешкімнің жетегінде кетпей, өз
ойымен, сенім-қабілетімен әрекет етуі. Оның қарама-қарсы ұнамсыз түрі — өзгенің сөзіне еріп,
иланғыштығы.
Вестник КазНПУ им. Абая, серия «Педагогические науки», №3(39), 2013 г.
128
Батылдық — өз шешімін именбестен ашық білдіруден байқалады.
Қорқақтық — батылдыққа қарама-қарсы ұнамсыз сапа.
Табандылық — қабылдаған шешімді жүзеге асыру үшін ұзақ уақыт бойы қажымай, талмай әрекет
етуден көрінетін қасиет. [2]
Еріктік әрекеттер табиғатын түсіну үшін бұл жөніндегі ғылыми көзқарастар өрісіне зер салған жөн.
Ерік ұғым ретінде де, нақты болмыстық құбылыс ретінде де тарихи сипатқа ие. Ежелгі және орта
ғасырлық дүние ерік құбылысын бүгінгі біздің түсінігіміздей танып білмеген. Мысалы, ежелгі қоғамда
адам еркі жөнінде тіпті сөз болмаған, оның орнына «даналық мұраты» ұғымын қолданған. Адамның
қылық әрекеттері табиғат пен өмірдің ақыл бастауларына және логика қағидаларына бағынады деп
түсінген. Осыдан Аристотельдің пайымдауынша, әрқандай әрекет логикалық қортындылардан
туындайды. Ал өзінің «Никомахов этикасы» еңбегінде «дәмдінің бәрін жеу керек» және «бұл алма дәмді»
деген пікірлер санада «бұл алманы жеу керек» деген қорытынды ой пайда етпейді, адамды бірден сол
алманы жеп қою әрекетіне келтіреді деп жазған. Ерік табиғатына болған мұндай көзқарас қазіргі күнде де
жоқ емес.
Ш.Н Чхарташвили мақсат пен саналы тану интеллектуалды әрекеттер категориясынан туындаған
деумен, еріктің өзіндік сипаты барлығына шек қояды, сондықтан ғылымға жаңа бір «ерік» терминін
ендірудің қажеті жоқ екенін дәлелдеуге тырысады. . [3]
Жеке адам қасиеті сипатында ерік ортағасырлықтарға да таныс таныс болған. Мұны сол уақытта
қоғамда орын алған экзорис – жын-шайтан қуу үрдісінен көруге болады. Бұл үрдісте адам ылғи
да енжар астама күйінде танылып, сыртқы әсерлер жинайтын, «ұя» ретінде бағаланған. Ол заманда ерік
дербес жасайтын, нақты қайырымды не жауыз құбыжық күштер түріне енген құбылыс деп есептелген.
Бұл тылсым күштер қандай да мақсаттар белгілеуші ақылға ие деп түсінілген. Ол күштерді танудан
адамның «шын» қылық-әрекетінің мәнін түсінуге болады.
Ерік табиғатын бұлай түсіндірудің себебі сол заманда қалыптасқан қоғамның адам әрекет-қылығының
негізі оның өзінде екенін мойындамаудан. Әр адам бабалардан жеткен нәсілдіктің ізі ғана деп қабылдаған.
Мұндай сипаттан қауымның кейбір мүшелерінің ғана ажыратылуға құқы болған, мысалы, бабалар әруағы
және ол дүниемен тілдесетін бақсы-балгер, от пен металды бағындарған темірші, өзін қоғамға қарсы
қойған қарақшы–қанішер т.б.
Мүмкін, ерік түсінігінің жаңа «Қайта тіктелу» заманында жеке адам проблемасымен бірге ғылым
аренасына келуі осы адамның қалыпты жағдайдан ауытқуларын мойындаудан болар. Осыдан
адам шығармашылыққа қабілетті, «тіпті қателер жіберуге де бейім» дегендей тұжырымдар жоққа
шығарылмады. Қалыптан шығып, тек ортасымен бөлінуімен адам жеке адамдық кемелденуге жетіседі.
Мұндай тұлға үшін ең мәнді нәрсе - ерік бостандығы.
Ерік бостандығын бір жақты асыра дәріптеу нәтижесінде экзистенциализм немесе «тіршілік
философиясы» пайда болды. Экзистенцализм ерікті тәуелсіз, тысқы әлеуметтік әсерлерге қатысы жоқ
құбылыс деп таниды. Мұндай пайымның негізі қоғамдық байланыстар мен қатынастардан, әлеуметтік
мәдеи ортадан бөлек, дерексізденген адам. «Дүниеге қандай да бір күшпен келіп қалған» бұл адамның
өмірі мағынасыз «қым қиғаш оқиғалар» жиынтығы да, адамның өзі – «пайдасыз құмарлық». Мұндай
адамның қоғам алдында ешқандай инабаттылық міндеттері мен жауапкершілігі жоқ. Осыдан да
ол адамгершіліктен жұрдай, намыссыз, өз бетімен кеткен, тартыну дегенді білмейді. Қандай да қалып
тәртіп ол үшін жойылу, басыбайлыққа түсу көзі. Ж.П.Сартр пікірінше, нағыз адамгершілік – бір ғана рет
көрінетін, реттестірілмеген, қандай да қоғамдық мекемелер талаптарының шеңберімен оқшауланбаған,
өздігінен туындайтын, себепсіз «әлеуметтенуге» қарсылық әрекеті.[4] Ерік бостандығын асыра мақтаудан
экзистенциалистер адам болмысының жалпы негіздері жөніндегі ойларына дәлел айта алмай, адамды өз
өмірінің мәні, мақсаты және жауапкершілігінен айыратын, қоғам, тарих, мәдениетке қайшы келетін
кездейсоқ, жауыздық, ақылдан аулақ бастаулар тұңғиғына бір-ақ түсіреді.
Қылық иесі – адам қалыптасқан тағылым - талаптарды жоққа шығара отырып, міндетті түрде қандай
да басқа, өзіне ұнаған құндылықтарға ауысады. Егер адам бір мәдени қалыпты мойындағысы келмесе,
онда оның бұл әректі екінші бір, қыр-сырлары танылып болмаған қажеттікті көздегені. Осыдан ежелден
бүгінге дейін баршамыз қоғамға жат деп есептейтін парақорлық пен нашақорлықтың бір жағы
мәдениеттіліктен шыққандығы ғажап нәрсе. Бұл қоғамға ерсі болып көрінген қылықтардың өздері де
қандай да ұйымдасу негізіне ие, өздеріне сай талап, ережелері, мақтан тұтатын қырлары мен ғұрыптары
баршылық. [5]
Бұл тұрғыдан Е.Л.Тульчинскийдің пікірінше, жеке адамның психологиялық болмысының барша
деңгейлерінде көрінеді, бір қажеттіліктерді басып, екіншісіне ынталандырады, өз міндетін танытып, жеке
адамдық қадірін қорғау мен өз мұраты үшін жан пидалыққа дейін апарады. [6]
Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Хабаршысы, «Педагогика ғылымдары» сериясы, №3(39), 2013 г.
129
Біз жоғырыда айтып кеткендей ерік әрекеті сонымен қатар түрлі амал кезеңдерден тұратынын білдік.
Ерік пайда болу үшін, ең алдымен, оны тудыратын себеп, түрткілер болу керек. Бұлар адамның
мұқтаждықтарынан туындайды. Кісінің күн көруі, тіршілік ету үшін оған өзінің табиғи және рухани
мұқтаждықтарын қанағаттандыру керек. Ол мақсат қоюдан басталады. Ал мақсат адам мұқтаждықтарын
өтеу үшін пайда болып отырады. Қорыта айтқанда амал кезеңдері мынадай сатылардан өтіп отырады.
Алдымен адам мақсат қойып соған жетуге ұмтылады. Мақсатқа жету барысында түрлі мүмкіншіліктерді
түсіну қажет. Осыдан келіп түрлі ниет-тілектер пайда болады. Ниет-тілектер арасында өзара тартыс
болып, қалау туындайды. Қалау мүмкіншіліктерін пайдалана отырып адам бір тоқтамға келіп, ақыр
соңында шешім қабылдайды. Міне, сонда ғана адамның қалауы толығымен орындалып, мақсаты жүзеге
асады.
Оқыту процесі екі жақты процесс болғандықтан, тек мұғалім өзінің ғана іс-әрекетінің дұрыс болуына
қанағаттанып қоймай, студенттердің де танымдық әрекеті мен ерік-жігер сапаларын дамытуға ерекше
назар аударуы тиіс. Мұның өзі оқыту ісі мен бала дамуының заңдылықтары туралы өте күрделі
психологиялық және педагогикалық мәселе. Сондықтан, студенттердің оқу танымдық іс - әрекетіндегі
ерік-жігер сапаларын қалыптастыру мәселесі толықтай зерттелмегені зерттеу тақырыбымыздың
өзектілігін айқындайды.
«Тартыспен түскен, бейнетпен келген жақсылық – шын мәнінде қымбат табыс», - деп, қазақ
жазушысы М.Әуезов айтқандай, жетістікке жету жолы психолог мұғалімдерден көп ізденуді талап етеді.
Достарыңызбен бөлісу: |