Хабаршы вестник «Педагогика ғылымдары»



Pdf көрінісі
бет20/46
Дата15.02.2017
өлшемі4,25 Mb.
#4163
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   46

 
1.  Т. Тәжібаев «Жалпы психология» Алматы 1993 
2.  Бапаева М., Әбеуова И., Бапаева С., «Тұлға психологиясы», Алматы-2010 
3. Г.У.Тұрарова, Ерік сапаларын зерттеудің ерекшеліктері, Қазақстан кәсіпкері  №10, 2009, 14 бет 
4. Қ. Жарықбаев «Психология» Алматы 1970. 
5. Б.Б.Атабекова, Жасөспірімдердің ерік сапаларының психологиялық ерекшеліктеріне шолу, ҚазҰПУ Хабаршы, 
№2, 2010, 55-59 бет 
 
ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАС МӘДЕНИЕТІН АРТТЫРУ АРҚЫЛЫ БОЛАШАҚ 
ПЕДАГОГ МАМАНДАРЫНЫҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ДАЯРЛЫҒЫ 
 
А.Аяпбергенова – Абай атындағы ҚазҰПУ Магистратура және PhD докторантура 
институтының 2-курс докторанты 
 
Резюме 
В статье говорится о психологической подготовке будущих специалистов-педагогов к педагогическому общению 
через  развитие  культуры  общения.  Культура  общения  в  поведении  педагога  одно  из  главных  качеств 
компетентности. Педагог соблюдая культуру в общении с обучающимися, развивает  между ними это качество. Так 
же,  в  статье  педагог  определяется  как  субъект,  и  это  берется  в  основу  качественной  деятельности  будущих 
специалистов.Приводятся требования к личности педагога. 
 
Resume 
In the article talked about psychological preparation of future specialists-teachers to pedagogical communication through 
development of culture of communication. 
Culture  of  communication  in  behavior  of  teacher  one  of  main  qualities  of  competence.Teacher  observing  a  culture  in 
intermingling with student, develops  this quality between them.Similarly, in the article a teacher is determined as a subject, 
and it undertakes in basis of quality activity of future specialists.Requirements over are brought to personality of teacher. 
 
Елбасымыз  Н.Ә.  Назарбаев  2012  жылғы  Қазақстан  халқына  арналған  Жолдауында:  «Кез-келген 
қоғамда  білім  беру  саясаты  өмірлік  ұстанымдарды,  сұраныстарды,  қажеттіліктерді  ескеріп,  білім  беру 
мазмұны  соған  сәйкес  құрылғанда  ғана  ұтымды,  тиімді,  өнімді  болады.  Қазіргі  адамзат  баласы  бастан 
кешіріп  отырған  тез  арадағы  өзгермелілік,  ғаламдану,  коммуникациялық  құралдардың  қарқынды  даму 
дәуірі өмір салтын, қарым-қатынас пен ойлауды өзгертуге әкелді. Ал мұның өзі игіліктерге қол жеткізудің 
жаңаша  әдіс-тәсілдерін  ашуға  мүмкіндіктер  береді.  Мұндай  жағдай  адам  интеллектісін,  оның  қабілетін 
қайта  жасаушы,  жасампаздық  әрекеттерге  бағыттайды.  Ендеше  жеке  тұлға  өзгермелі  әлеуметтік  және 
экономикалық  жағдайларда  өмір  сүруге  бейімделіп  қана  қоймай,  шынайы  өмірге  белсенді  ықпал  ете 
алатын,  өмірді  жақсартуға,  кемелдендіруге  атсалысатын  тұлға  болуы  тиіс.  Қазірде  біздің  қоғам  үшін 
көкейкесті мәселе – бәсекеге қабілетті жеке тұлға қалыптастыру» - деп көрсеткен/1/. 
Заман  талабына  сай  болашақ  мамандардың  кәсіби  даярлығын  жетілдіру  мақсатында  жоғары  оқу 

Вестник КазНПУ им. Абая, серия «Педагогические науки», №3(39), 2013 г. 
130 
орындарының  оқу-тәрбие  үрдісінің  мазмұнын  жаңғырту  қажеттілігі  нақтылана  түсуде.  Осыған 
байланысты  қазіргі  кездегі  оқытушылар  мен  студенттердің,  магистранттардың  педагогикалық  қарым-
қатынасын  қалыптастыру,  олардың  педагогикалық  қарым-қатынасқа  психологиялық  даярлығы 
мәселелерін  зерттеу  –  әлеуметтік-психологиялық  және  мәдени  дағдарыспен  қатар  көтерілген  өзекті 
мәселелердің бірі болып табылады. 
 Педагогикалық  қарым-қатынасты  білім  мен  біліктілік,  дағды  және  адамның  ішкі  құндылықтарына 
негізделген  ұстаздар  қауымының  мәдени  сауаттылығы  ретінде  қарастыруға  болады.  Қарым-қатынас  – 
білім  мен  мәдениеттің  бір  бөлігі,  оның  бөлінбейтін  бөлшегі  іспетті  адамзаттың  дүниетанымы  мен  сана-
сезімін  жетілдірудің  ерекше  жолы.  Ұлттық  құндылықтарға  негізделген  педагогикалық  қарым-қатынас 
мәдениеті  магистранттардың  саналы  көзқарасын,  ізгілікті  қарым-қатынас  орнатуына,  рухани-
адамгершілік құндылықтарының қалыптасуына, жүйелі іс-әрекет жасауына мүмкіндік береді. 
Қазақ  жазушылары  М.Жұмабаев,  Ж.Аймауытов,  М.Дулатов  және  т.б.  еңбектерінде  педагогикалық 
қарым-қатынас  мәдениеті  жөніндегі  маңызды  пікірлері  көрініc  тапқан.  Ал  қарым-қатынастың 
психологиялық мүмкіншілігі жайлы пікірлерді Қ.Б. Жарықбаев, Ә.Алдамұратов және т.б. зерттеген /2/.  
Білім  беру  субъектілері,  оның  ішінде  педагогикалық  мамандыққа  болашақ  мамандардың 
психологиялық  даярлығы  мәдениеттану,  философия,  педагогика  ғылымдарында  және  әcipece  қазіргі 
кездегі психология ғылымында да өзіне үлкен назар аудартуда. Білім беру ic-әрекетінің, яғни, өзінеоның 
екіжақты  өзара  байланысын  -  педагогикалық  және  оқуформаларын  қамтитын  педагогикалық  ic-әрекет 
субъектілерінің,  әсіресе  магистранттардың  педагогикалық  қарым-қатынас  орнатуға  психологиялық 
даярлығын  психологиялық  тұрғыда  талдау  -  психологиялық  және  нақты  педагогикалық  міндеттер 
арнасында жатыр. 
Жалпы  педагогикалық  сөздік  бойынша  субъект  –  басқа  адамдарда  және  өзінде  өзгеруді  қамтамасыз 
ететін, заттық-тәжірибелік белсенділік пен танымды тасымалдаушы. Адамның субъектілігі оның өмір іс-
әрекетінде, қарым-қатынасында, өзіндік санасында көрінеді. 
Бұл  жерде  сөз  болып  отырған  дәстүрлі  «оқытушы-студент»,  «студент-мұғалім»  және  қазіргі  кезде 
«магистрант-оқытушы»  субъектілер  қарым-қатынасы  өзгеше  сипатқа  ие  болып  отыр.  Оқытушы  мен 
магистранттың  педагогикалық  қарым-қатынас  мәселесі  дәл  қазіргі  уақытта  психологиялық-
педагогикалық  зерттеу  нысанына  айналуда.  Бұл  мәселені  шешудің  басты  жолы  психологиялық 
кадрларды  даярлайтын  жоғары  оқу  орындарының  қабырғасында  ескерілуі  тиіс.  Сондықтан  студенттер 
мен  магистранттардың  педагогикалық  қарым-қатынас  дағдылары  мен  икемділігін  қалыптастыру,  яғни, 
магистранттардың  педагогикалық  қарым-қатынас  кезіндегі әртүрлі  жағдайларға  бейімделуі,  тез  меңгеру 
қабілеттеріне  ие  болуы,  магистранттармен  жағымды  қарым-қатынас  позициясын  құруға  ұмтылу, 
мотивациясы  мен  білімін  заманның  талабына  сай  жетілдіру  аса  маңызды  болып  табылады.  Білім  беру 
үрдісіне  қатысатын  субъектілердің  әрқайсысының  өзіндік  міндеттері  мен құқықтары  бар.  Оқытушының 
міндеті – оқыту технологиясын іріктей отырып, студенттердің, магистранттардың  білімге құштарлығын 
ояту,  өзіндік  икемділіктерін  ашу,  шығармашылықпен  айналысуын  ұйымдастыру  негізінде  білім  беру 
сапасын  көтеру.  Студенттер  мен  магистранттардың  міндеті  –  оқуға,  сабаққа  кешікпей  келу,  тәртіп 
ережелерін  сақтау,  білім  беру  үрдісі  мен  білім  мазмұнына  қойылатын  талаптарды  орындау  және  т.б. 
құқықтары бар. 
Оқытушының  әлеуметтік  тұлға  бейнесінің  қалыптасуы  педагогикалық  қарым-қатынас  мәселесіне 
келіп  тіреледі.  Жеке  адамның  әлеуметтенуі  өзінің  қоғамына  тиесілі  өзара  қатынастар,  кәсіби  әлеуметтік 
талаптарға байланысты болады. Демек, педагогикалық қарым-қатынас – студенттің, магистранттың тұлға 
ретінде  жетілуіне  пайдасын  тигізетін  құбылыстардың  бірі,  яғни,  қарым-қатынас  барысында  өзге 
тұлғаларды қабылдап, олардың сөйлеу мәдениетіне бейімделеді /3/.  
Педагогикалық  қарым-қатынас  орнату  барысында  магистранттардың  қоғамдық  рухани  және 
материалдық  құндылығы  қалыптасады,  жеке  тұлғалық  ерекшелігін  көрсетеді,  өзі  үздіксіз  қарым-
қатынаста  болатын  қоғамға  енеді.  Коммуникация  әрбір  адамның  әрекет  барысындағы  субъектісіне 
айналады, табиғат пен дүниені таниды, олармен қарым-қатынасын дамытады. 
Қазіргі қоғам өмірінің өзгерістеріне орай педагогикалық қарым-қатынас механизмдері, оны жетілдіру 
амалдары  қызығушылық  туғызып,  зерттеудің  қарқынды  саласына  айналуда.  Болашақ  педагог 
мамандардың барлық қадір-қасиеті білім беру үрдісіндегі басқа да субъектілермен қалай қарым-қатынас 
жасағанынан байқалып тұрады. Оның ой-өрісі, бағыт-бағдары, білімді меңгеруі, есте сақтауы, эмоциясы 
мен  қызуқандылығы  қарым-қатынас  жасау  барысында  көрініс  береді.  Адамның  қарым-қатынасына 
ұлттық  ерекшеліктерінің  әсері  де  зор.  Олардың  психологиялық,  педагогикалық  алғышарттарын  ашу 
педагогикалық қарым-қатынасты қалыптастыруға ықпал етеді.  

Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Хабаршысы, «Педагогика ғылымдары» сериясы, №3(39), 2013 г. 
131 
Педагогикалық қарым-қатынастың кәсіби маңызды қасиеттері болып, төмендегілер саналады: 
1)  адамдарға  және  олармен  жұмыс  жасауға  ықыласпен  қарау,  қарым-қатынас  жасай  алу  және  оны 
қажет ету, көпшілдік, коммуникативтік қасиеттер; 
2)  эмоционалдық эмпатия және адамдарды түсіне алу қабілеті; 
3)  қарым-қатынастың  ауыспалы  жағдайларында  шапшаң  және  дұрыс  бейімделуді,  қарым-қатынас 
жағдайына,  магистранттардың  жеке  ерекшеліктеріне  байланысты  сөзбен  әсер  етуді  жылдам  өзгерте 
алуын, қамтамасыз ететін оперативтік-шығармашылық ойлау, икемділік; 
4)  қарым-қатынаста кері байланысты сақтай алу және сезіне білу; 
5)  өзін-өзі  қолда  ұстай  алу,  өзінің  психикалық  жағдайын,  өз  тәнін,  даусын,  мимикасын  басқара  алу, 
өзінің көңіл-күйіне, ойларына, сезімдеріне ие болу, бұлшықет қысымдарын түсіре алу;  
6)  аяқасты (дайындықсыз) коммуникацияға қабілеттілік; 
7) болуы мүмкін педагогикалық жағдайларды, өз ықпалының нәтижелерін болжай білу; 
8)  жағымды  вербалды  қабілеттер:  мәдениет,  тілдің  дамығандығы,  лексикалық  қоры  мол,  тіл 
құралдарын дұрыс таңдау;  
9)    педагогтың  өмірлік,  табиғи  күйзелістер  жиынтығын  білдіретін  және  талап  етілетін  бағытта 
магистранттарға әсер ете алатын тиісті педагогикалық күйзелістердің өнерін меңгеру; 
10)  педагогикалық  тапқырлыққа  деген  қабілеті,  әсер  етудің  алуан  түрлі        құралдарын  қолдана  білу 
(әсер  етудің  түрлі  тәсілдерін,  «тетіктерін»  және  «құрылғыларын»    қолдану  арқылы  сендіру,  иландыру, 
еліктіру).  
Педагогикалық  қызметте  осы  аталған  педагогикалық  қарым-қатынастың  кәсіби  маңызды  қасиеттері 
магистранттармен  жақсы  меңгерілген  жағдайда,  қазіргі  заман  талаптарына  сәйкес  білім  беру  үрдісіне 
жүктелген  көптеген  міндеттер  шешімін  табатыны  сөзсіз,  ең  алдымен  білікті  педагог  мамандар  саны 
көбейетін еді.    
Қазіргі жоғары оқу орындарында оқытушылардың рөлі артып және де студенттерге, магистранттарға 
психологиялық,  педагогикалық  әсер  ету  арқылы  кеңейіп  келеді.  Оқытушы  білім  мен  ақпараттың 
бағыттаушысы  болып  қана  қоймай,  сонымен  қатар  ол  педагог,  психолог,  психотерапевт  болуы  керек. 
Бұған оның педагогикалық қызметінің жетістігі мен беделі тәуелді. Оқытушының беделі – оқу-тәрбиелеу 
үрдісінің жетістігіне  әсер  ететін ұжымдастар, магистранттар, студенттер және өзара қатынас барысында 
білінетін,  ұйымдағы  оның  кәсіби,  психологиялық,  тұлғалық  сипаттамасы.  Оқытушының  беделі  -  оның 
білімділігіне,  адамгершілігіне  байланысты  болып  келеді.  Қазіргі  таңда  болашақ  педагог  мамандарға 
оқытушының  жеке  тұлғасы,  оның  ашық,  қайталанбас  дербестігі  тәрбиеленуші  және  психотерапевт 
ретіндегі беделі әсер етеді /4,5/. 
Сонымен, білім алуға деген қызығушылық пен жаңаны білуге деген талпыныс адамға ғана тән. Оны 
байқау және дамыту  оңай жұмыс емес. Егер  оқытушы студентпен, магистрантпен дұрыс педагогикалық 
қарым-қатынас  орната  алмаса,  қызықтыра  алмаса,  оның  болашақ  мамандығына  деген  қызығушылығы 
төмендей береді. Ал егер жоғары оқу орындарының педагог мамандары өз жұмыстарын қазіргі білім беру 
жүйесіне  қойылатын  талаптарға  сәйкес  құрып,  болашақ  педагог  мамандарын  яғни  магистранттарды 
педагогикалық  қарым-қатынасқа  психологиялық  даярлауға  барынша  көңіл  бөліп,  психология 
ғылымының  педагогикалық  қарым-қатынасқа  қатысты  мәселелерін  толық  қамтып,  оның  қыр-сырын 
меңгертетін болса, білім беру субъектілерінің жұмыс нәтижелері сапалы болуы әбден мүмкін.  
Педагог  мамандар  тек  өзінің  коммуникативтік  шеберлігін  дамытып  қана  қоймай,  студенттер  мен 
магистранттарға  педагогикалық  қарым-қатынас  мәдениетін  үйретулері  қажет.  Оқытушыға  олардың 
психологиялық  ерекшеліктерін білгенімен қатар, қазіргі жастардың құндылық бағдары мен әлеуметтену 
ерекшеліктеріне  байланысты  мәліметтерді  үнемі  есепке  алып  отырғандары  жөн.  Әлеуметтанушылар  да 
буын  ауысуының  өсу  қарқынына  назар  аудартады.  Бүгін  буын  ауысуы  (әлеуметтену,  құндылық  бағдар) 
әрбір  бес  жылда  жүріп  отырады.  Осы  орайда  бірінші  курс  студенттері  және  бітіруші  курс  студенттері 
әртүрлі буындарды құрайды. Біздің еліміздегі әлеуметтік және экономикалық өзгерістер динамикасымен 
және  жалпы  әлемдік  қоғамдастықтың  даму  қарқынымен  байланысты  олардың  көзқарастары  бір-бірінен 
айтарлықтай ерекшеленеді.  
Жоғарыда  айтылғандармен  байланысты  қазіргі  кезде  педагогикалық  қарым-қатынастың  жетістікке 
жетуі немесе, керісінше, сәтсіздікке ұшырауы педагогтың жеке тұлғасына байланысты болып келеді.  
Педагогтың  жеке  тұлғасына  қойылатын  ең  басты  міндеттердің  бірі  балаларға,  білім  алушыларға, 
педагогикалық  іс-әрекетке  деген  сүйіспеншілік  және  білім  беретін  саласы  бойынша  арнайы  білімінің 
болуы. Кең білімді, педагогикалық сезгіштік, жоғары жетілген интеллект, мәдениет мен адамгершіліктің 
жоғары  деңгейі,  білім  беру  мен  тәрбие  берудің  түрлі  әдістерін  меңгеру  –  осы  аталған  қасиеттердің 

Вестник КазНПУ им. Абая, серия «Педагогические науки», №3(39), 2013 г. 
132 
барлығы  педагогтың  бойына  туа  бітпейді,  ол  педагогтың  өз-өзімен  талмай  еңбек  етуінің  нәтижесінде 
пайда болатын қасиеттер. Тағы да қосымша, алайда тұрақты талаптар ретінде коммуникативтілік, әртістік 
қабілеттері, жағымды талғампаздық, тартымды сырт келбеті және т.б. саналады. Педагогтың осы аталған 
негізгі  және  қосалқы  қасиеттері  бірігіп  келіп,  оның  дара  тұлғасын  құрайды.  Соның  нәтижесінде  әрбір 
жеке мұғалім теңдессіз тұлғаға айналады.  
Педагогикалық мамандықтағы магистранттардың психологиялық даярлығына байланысты қойылатын 
талаптар: 
1.  мұғалімге  оқу  материалын  түсінікті  жеткізуге,  оқытудың  әдіс-тәсілдері  мен  мазмұнын  табысты 
түрде іріктеуге мүмкіндік беретін, дидактикалық қабілеттер
2.   материалды  білім  алушыларға  тиімді  жеткізудің  ең  жақсы  эмоционалдық  формасын  табуға 
мүмкіндік беретін экспрессивтік қабілеттер
3.  педагогтың  психологиялық  байқампаздығын,  оның  оқушылардың  ішкі    жан  дүниесіне  ене  білу 
қасиетін білдіретін перцептивтік қабілеттер
4.  ұйымдастырушылық  қабілеттер  –  сыныптағы  немесе  аудиториядағы  тәртіпті  қамтамасыз  етуге 
және сабақтағы әрбір сәтті тиімді пайдалануға мүмкіндік береді;  
5.  өктемшілдік  қабілеттер  –  қатты  эмоционалдық  әсер  беру  мен  иландыру  арқылы  білім 
алушылардың арасында беделге ие болуды білдіреді; 
6.  академиялық қабілеттер – тиісті бір ғылым саласы бойынша білім, білік, дағдыларды меңгеру.  
Сонымен  қатар,  педагогикалық  мамандықты  меңгерудің  арнайы  педагогикалық  қабілеттеріне 
педагогикалық әдеп те жатады.  
Педагогикалық әдеп – кез келген жағдайларда балалармен жұмыс iстеудiң мейлiнше дұрыс тәсiлдерiн 
таба бiлу болғандықтан, ол «тактика» деген сөзбен бiлдiрiлетiн ұғымға жақындайды. Педагогикалық әдеп, 
егер  оның  мәнiне  қысқаша  анықтама  беруге  тырысып  көрсек,  үш  нәрсенi  қамтиді:  мұғалiмнiң  терең 
түсiнiгiн,  сезiмтал  қарым-қатынас  орната  бiлу,  iлтипаттылық,  сыпайылылық  көрсету,  оқушыларға  тiл 
қатқанда  дұрыс  дауыс  ырғағын  таба  бiлу,  оларға  ақылға  сиымды  талаптар  қоя  бiлу,  балалардың 
бойындағы адамдық қадiр-қасиеттердi құрметтей бiлу. Мiнез-құлықтың икемдiлiгi, жұмыс жағдайларына 
бейiмделе  бiлу  қабiлетi,  дұрыс  педагогикалық  қарым-қатынас  орната  білу  –  педагогикалық  әдептiң  бар 
екендiгiнiң көрсеткiшi болып табылады /6/. 
Осыған  орай  қалың  жұртшылықтың  мұғалiмнiң  жеке  басына,  оның  тек  кәсiби  сапасына  ғана  емес, 
сонымен  бiрге  адамгершiлiк  қасиетiне,  дайындығына,  оның  моральдық  бет-бейнесiне  ден  қойып,  көңiл 
аударуы тiптi де тегiн емес. 
Түптеп  келгенде,  қоғам  мұғалiмге  ерекше  жауапкершiлiк  жүктейдi.  Мұғалiмге  үйретуге  адам  ең 
көнгiш кезiнде сенiп тапсырылады. Мұғалiм баланың, бiлiмiн, икемдiлiгiн, әдетiн, мұратын және өмiрлiк 
тағдыры тұр. 
Себебі,  ең  бастысы,  мұғалімнің  әдептілігі  білім  алушылармен  дұрыс  педагогикалық  қарым-қатынас 
орнату  арқылы  өскелең  ұрпақты  заман  талабына  сай  тәрбиелеуге  және  білім  беруге  мүмкіндік  береді. 
Педагогтың әдептілігі  оның педагогикалық  мамандыққа жоғары моральдық тұрғысынан психологиялық 
даярлығының көрсеткіші болып табылады.        
 
1.  Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы. 2012. 
2.  Мәмбетов М. Педагогикалық қарым-қатынас мәдениеті //Қазақстан мектебі. 2008, №12. 
3.  Рубинштейн С.А. Проблемы общей психологии. Москва: Педагогика.1976. -140б. 
4.  Kelman H.C., Hamilton V.L. Grimes of obedience: Toward a social psychology of authority and responsibility– N.Y., 
2000. 
5.  Мұхамеджанова Ә. Оқытушы  мен  студенттің  өзара  қарым-қатынасын басқару //Білім. №10 - 2006. 18 б. 
6.  Жігітбекова Б.Д. Психологиялық жаттығулар жинағы. Алматы, 2007 
 
СТУДЕНТТЕРДІҢ ЛИДЕРЛІК ҚАБІЛЕТІН ДАМЫТУ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕ РЕТІНДЕ 
 
А.А. Багыбаева – Магистратура және PhD докторантура институтының 1 курс магистранты, 
Абай атындағы ҚазҰПУ 
 
Түйін 
Бұл мақала студенттердің лидерлік қабілетін дамыту мәселесіне арналған. Мақалада автор ғылыми педагогика-
лық  –  психологиялық  әдебиет  көздерінқолдана  отырып    қабілет,  лидерлік  қабілет  ұғымдарын  қарастырады    және  
студенттердің  лидерлік  қабілетін  дамытудың  педагогикалық  –  психологиялық    ерекшеліктерін    көрсетеді.  Автор  
Жоғары оқу орындарында оқу – тәрбие үрдісін  студенттердің лидерлік қабілетін дамыту ерекшеліктеріне сай  тиімді 
ұйымдастыруды ұсынады. 

Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Хабаршысы, «Педагогика ғылымдары» сериясы, №3(39), 2013 г. 
133 
Резюмe 
Эта статья  посвящена для развития лидерских качеств студентов. В  данной статье автор рассматривая  понятия 
как навык, лидерское качество, yказывает педагогическую - психологическую важность развитию этих качеств. Так 
же автор предлагает в ВУЗах велась такого рода обучения. 
 
Resume 
This article is dedicated to the development of leadership skills of students. In this atricle the author considering the idea as 
a  skill,  leadership  qualities  and  points  pedagogical  -  psychological  importance  of  the  development  of  these  qualities.  The 
author also offers universities conducted this type of training. 
 
Қазақстан  Республикасының  Білім  беруді  дамытудың  2011-2020  жылдарға  арналған  мемлекеттік  
бағдарламасы  нәтижесінде  бірнеше  әлеуметтік  -экономикалық  тиімділіктер  қамтамасыз  етіледі  деп 
күтілуде. Соның бірі: «Жаңа формация мұғалімдерін қажетті санда және тиісті біліктілікте қалыптастыру. 
Еңбек  нарығының  сұраныстарына  сәйкес  келетін,  азаматтардың  кәсіби,  қызмет  жолдында  және  жеке 
өсуіне ықпал ететін адами сапаларын дамыту қажет» делінген. Яғни, оқытушылар алдына қоғам талабына 
сай  қабілеттерге ие   азаматтар  тәрбиелеу міндетін қойып отыр. Сондықтан аталған міндетке қол жеткізу 
үшін бүгінгі  таңда болашақ маман, бүгінгі   студенттердің  бойындағы  лидерлік  қабілеттерін  дамыту 
маңызды болып табылады [1].  
Педагогикалық  -  психологиялық  әдебиеттерге  жасалған  талдаулар  негізінде  лидер  болуға    деген 
қызығушылық  ерте заманнан бастау  алған ұғым екендігін анықтадық. Дегенмен қазіргі қоғам жағдайына 
дейін лидерлік  мәселесі  аз зерттелгендіктен  лидерлік мәселесі жайындағы  көптеген  еңбектер, ғылыми 
жұмыстар  батыс  ғалымдарына тән. Алдымен қабілет  ұғымының мәніне тоқталар болсақ, ол жеке адам 
туралы ілімнің құрамды  бір бөлігі  болып табылады. Адам әрекеті неғұрлым  белсенді болса, соғұрлым 
шыңдала түседі. Іс-әрекетсіз, белсенділіксіз, еңбексіз, ізденіссіз  адам  қабілетінің  жетілуі мүмкін емес. 
Қоғам өмірінің  негізі –материалдық өндіріс. Оның даму дәрежесі белгілі бір  тарихи кезеңге қатысты 
анықталады.  Ендеше  біздің      бүгінгі  экономикаға  негізделген  дәуіріміз  жаһандану,  адам  ресурстарын 
арттыру  және  шығармашылық  әрекет  тұрғысынан      талдану  керек.  Олай  болса,  еңбек  құралдарының  
жетілуіне  байланысты    адам  қабілеттері  де    кемелденіп,  оның  іс-әрекеті  белсенді  әрі  жасампаздық  
сипатқа    ие  болып  келеді.  Қaзіргі  әлемдік  бәсекеге    қабілетті  экономиканы  дамыту,  өркениетке  өрлеу 
кезінде  адамның  сапалық қасиеттері,оның бәсекеге қабілеттілігіне  қатысты бағаланбақ. 
Қоғамның дамуы прогрестің жоғарлауына байланысты,ал прогpесті жаңа  сатыға  көтеруде бұқараның 
әлеуметтік    белсенділігі  мен  жеке  адамдардың  жоғары  саналылығы,    дарындылығы  ерекше    роль 
атқарады.    Психoлогиялық  теория  тұрғысынан  адам  тұлға  болып  туылмaйды,  оның  тұлғалық    қасиеті 
әрекет  негізінде  дамытылады.  Адамның тұлғaлық қасиеттері  оның  шығармашылық  қабілетімен, яғни 
әлеуеттік 
 
мүмкіндігімен 
aнықталады. 
Сондықтан 
да, 
лидерлікқабілетұғымы 
экономика, 
гуманитарғылымсалаларында да қарастырылып келеді. 
Б.М. Тепловтың анықтамасы бойынша,  қабілет дегеніміз -  қандай да біріс –әрекетті жақсы, нәтижелі 
орындауында  бір  адамды  екіншісінен  ерекшелендіретін  жеке  дара  психологиялық  ерекшеліктер  болып 
табылады  [2].  М.  Мұқанов:  «Қабілеттілік,    шынмағынасында,  әркімнің  қолынан  бірдеңе  келуінің 
мүмкіншілігі,  оның  белгілі  істерді  орындап  үлгеруге  бейімделген  психикалық  қасиетінің  ерекшелігі»  - 
дей келе мынадай мысалдар келтіреді,  суреталу, домбыра тартып үйрену қабілеттіліктің жекетүрі. Бірақ 
суретші  немесе  музыкант    дегенатқаие  болу  үшін  сурет  салып,    домбыра  тартып  үйрену  жеткіліксіз. 
Себебі  оған  осыдан  басқа  білім  мен  икемділік  те  керек  делінген  [3].  Білім,  ептілік  және  дағдылардың  
игерілуінен  олардың    қабілетпен    тікелей    байланысы  көріне    бастайды,    яғни    іс  –  әрекетті    игеру 
барысына қатыса отырып, қабілет одан әрі дамиды, іс –әрекетке  жаңа мазмұн мен  сипат береді. Мысалы, 
математиканы  оқымаған  адамның  математикалық  қабілеті  ешқашан  жарыққа  шықпайды:  оны  тек 
сандарды  танып,  олармен  есеп  құрып,  мәселе  шешу  барысында    ғана  қалыптастыру  мүмкін.  Бұл  
келтірілген  мысал    қабілет  жүре  қалыптасып,  дамитын  адами  қасиет  екендігін  айқындайды.  Сонымен, 
қабілет дегеніміз  – белгілі бір әрекетті  нәтижелі орындайтындай тұлғаның жеке дара ерекшелігі. Қабілет 
қарекеті жылдам, тұрақты, сапалы орындаудың  әдіс –тәсілдерімен сипатталады [4]. 
 Сондықтан қабілет жайлы сөз қозғағанда   төмендегі жағдайларды ескерген жөн:  
-  қабілеттер  адамды    бір  –  бірінен  еркешелейді.  Б.М.Тепловтың  пікірінше    қабілеттің  маңыздысы 
белгісі өнімді   әрекеттің  өзіне тән жеке даралығынан, тәсілдердің  айқын  болуынан көрінеді.  
- қабілеттер   әрекетті сәтті  орындауға ықпал  етеді. Кейбір  ғалымдар  қабілетті   оқыту туралы білім, 
білік,  дағдыны меңгерудің  нәтижесіндегі  жетістік деп  қарастырады.  
- қабілеттің көмегімен қалыптасқан білік пен дағдыны жаңа  жағдайға ауыстыруға болады. Сондықтан 
жаңа міндет адамның психикалық қасиеттерінің талабына сай, іс-әрекеттің тәсілдерін ұқсас  болуы керек.  

Вестник КазНПУ им. Абая, серия «Педагогические науки», №3(39), 2013 г. 
134 
Жалпы  қабілеттерге:  
-құзырлылық- адамның лидер ретінде көрінетін саласына  байланысты меңгерген білімі. 
-белсенділік - адамның қажымай   қарқынды әрекет ете білуі. 
-бастама  жасау  (инциатива)  -    адамның  шығармашылық  белсенділік  көрсетуі,идея  (жаңа  ой)  және 
ұсыныстар  жасауға дайындығы; 
-жатырқамау – адамның  басқа адамдармен ашық қарым- қатынас жасауға бейімділігі; 
-табандылық – адамның еркіндік күшінің айқындығы, бастаған істі соңына дейін жеткізе білуі; 
-өзін ұстай білуі- адамның қиын жағдайларда сезімі мен әрекетін басқара білуі; 
-жұмысқа қабілеттілігі – адамның  шиеленіскен істерді алып жүруде шыдамды болуы; 
-байқампаздық - адамның бөлшектерді байқау, көре білуі; 
-дербестікадамның өзіне жауапкершілік ала білуі,пікірлерге тәуелсіздігі; 
-ұйымдастырушылық – адамның өз әрекетін жоспарлап, адамдарды жанына жинай білуі,жинақылығы 
жатады. 
Арнайы қабілеттерге:  

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   46




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет