Хабаршы вестник «Педагогика ғылымдары»


Профессиональная компетентность учителя музыки



Pdf көрінісі
бет6/46
Дата15.02.2017
өлшемі4,25 Mb.
#4163
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   46

Профессиональная компетентность учителя музыки 
Общественно- 
политическая 
подготовка 
Психолого- 
педагогическая 
подготовка 
Общекультурная 
подготовка 
Специальная 
подготовка 
Методическая 
подготовка 
Музыкально-
теоретическая  
подготовка 
Дирижерско-
хоровая 
подготовка 
Вокальная 
подготовка 
Инструментальная 
подготовка 

Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Хабаршысы, «Педагогика ғылымдары» сериясы, №3(39), 2013 г. 
37 
системы обучения. Необходимо более тесное  сотрудничество между вузами Казахстана для скорейшего 
решения указанных проблем и  подготовки к международной аккредитации. 
 
1.  Проблемы и перспективы подготовки педагогических кадров в свете реализации государственной программы 
развития образования на 2011-2020 гг. / по редакцией Д.Ж. Нукентаевой – Алматы: «Кыздар университеті», 2013. – 
164 с. 
2.  Варданян Ю.В. Строение и развитие профессиональной компетентности специалиста с высшим образова-
нием (на материале подготовки педагога и психолога): дисс. … д-ра пед. наук. 13.00.01, 19.00.07. – М., 1998. – 353 с. 
 
ШЕТЕЛ ТІЛІН ОҚЫТУДА ЖОБА ӘДІСІН ҚОЛДАНУ ТЕXНОЛОГИЯСЫНЫҢ 
ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ НЕГІЗІ 
 
Ы.Н. Бердешова – аға оқытушы, ҚазМемҚызПУ, Алматы қаласы 
 
Резюме 
В  статье  рассматриваются  проектной  методики,  также  обратил  внимание  на  огромный  интерес  специалистов  к 
этой  проблеме,  так  как  данный  метод  может  широко  использоваться  на  любой  ступени  обучения  и  при  любой 
модели  обучения.  Кроме  того,  являясь  в  своей  основе  творческим,  он  повышает  интерес  учащихся  к  изучению 
иностранного  языка  путём  развития  внутренней  мотивации  при  помощи  переноса  центра  процесса  обучения  с 
учителя на ученика. 
 
Summary 
The article deals with the project methodology also drew attention to the enormous interest of specialists to this problem, 
because this method can be widely used at any stage of the training and in any model of learning. In addition, as a basis for 
their  creative,  it  increases  students  '  interest  in  learning  a  foreign  language  through  the  development  of  internal motivation 
with the help of moving the center of the learning process from the master to the disciple.  
 
Қазіргі  уақытта  “Педагогикалық  жаңа  технология”  мұғалімдердің  педагогикалық  жұмыстарының 
негізделген  моделі  болды.  Дүние  жүзі  бойынша  оқытудың  пайдалы,  мазмұнды  жолдары  мен  жаңа 
методикалық әдістер іздестірілуде. 
Педагогикалық  технология  дегеніміз  –  педагогтардың  жеке  басының  шығармашылық  күш-қуатын 
өрістетуде  қамтамасыз  етудегі,  адамаралық  және  іс-әркеттегі  қарым-қатынасты  жоғарылатудағы,  кәсіби 
еңбектегі адамгершілік жүйе болып табылады [43]. 
Оқыту үрдісінде жаңа әдістерді қолдану ғылымға және тәжірибеге негізделген түрлі білім салаларын 
кең  түрде  игеруде,  оларды  іс  жүзінде  пайдаланғанда,  аумағы  кең,  жаңа  мәліметтер  мен  күнделікті  іс-
әрекеттегі ұсыныстарды іске асыруда аса пайдалы. Осыдан келе, әр түлі оқыту әдістерін оқу мазмұны мен 
білімгерлердің  жас  және  психологиялық  ерекшеліктеріне  орай  таңдап,  тәжірибеде  сынап  қараудың 
маңызы  зор.  Қазіргі  білім  беру  саласындағы  оқытуды  озық  технологияларын  меңгермейінше,  сауатты, 
жан-жақты маман болу мүмкін емес, жаңа технологияны меңгеру білімгерлердің интеллектуалдық, кәсіп-
тік, адамгершілік, рухани, өзін-өзі дамытып, оқу-тәрбие үрдісін тиімді ұйымдастыруына көмектеседі. 
Оқытудың  жаңа  технологиясы  мектепте  оқу  үрдісіне  қажетті  әдіс,  тәсіл,  амал,  дидактикалық  талап 
секілді  психологиялық  және  педагогикалық  іс-әрекеттердің  жүйелі  кешені  ретінде  пайдаланылады.  Ол 
білімгерлердің  тәртібіне,  пәнге  деген  ынтасын,  оқу  іс-әрекетіне  игі  әсер  етумен  қатар,  педагогиканы 
нақты ғылымға жақындатып, мұғалімдердің интеллектуалды шығармашылық қызметі болып табылатын 
педагогикалық  іс  тәжірибесі  нәтижелілігіне,  жинақтылығына  жақсы  әсер  ететіндей  оқу  тәрбие  үрдісінің 
басты рөлін атқарады. 
Былайша айтқанда, педагогикалық технология – оқу-тәрбие үрдісінің шығармашылықпен терең ойлас-
тырылған  көптеген  әдістердің  үйлесімділігі  арқылы  оқыту  мен  тәрбиелеу  тиімділігін  қамтамасыз  ететін 
білімнің құрамдас бөлігі болып табылады. 
Шетел тілдерін арнайы пән ретінде білім беру және дамыту, жетілдіру потенциалын толық түрде жүзе-
ге асыру арқылы білімгерлердің тек өзін қоршаған әлемге деген көзқарасын байытып қана қоймай, олар-
дың жалпы білім деңгейін арттырып, дүние жүзі мәдениетіне есік ашып, өз мәдениетін терең түсіне оты-
рып, оның азаматтық, рухани және материалдық дамуына ықпал ететініне көз жеткізу болып табылады. 
Басқа халықтың ойлау, түйсіну және тұрмыс тіршіліктерінің ерекшеліктерімен танысу білімгерлердің 
өзін  қоршаған  әлемнің  көпжақты,  сан-салалы  екені  жайында  ұғымдары  қалыптасуына  септесе  отырып, 
басқа  әлеуметтік-мәдени  бірлестік  өкілдерімен  сөйлесуге  дайын,  ашық-жарқын  әрі  шыдамдылықпен, 
байыппен  қарым-қатынас  жасай  алатындай  жеке  бас қасиеттерін  тәрбиелеуді,  сонымен қатар  мәдениет-
аралық қарым-қатынасқа үйретуді де көздейміз. 

Вестник КазНПУ им. Абая, серия «Педагогические науки», №3(39), 2013 г. 
38 
Шетел  тілі  пәні  білімгерлердің  тұлғалық,  мәдени,  кәсіби  қалыптасуына  үлкен  мүмкіндіктер  беретін 
пән. Шетел тілін меңгеру тұрғысынан жақсы оқып білуді талап етеді. Сабақты ұйымдастыру проблемасы 
отандық  сонымен  қатар,  шетелдік  әдебиетерде  аз  жазылмаған.  Ғалымдардың  пайымдауынша,  сабақтың 
нәтижелі болуы үшін қойылған оқу мақсатын шешуші білімгерлер тобын құру керек.  
Сыныптық сабақ түрлеріне: фронталдық, топтық, жұптық, жеке жұмыстар жатады. 
Топтық  және  жұптық  бұл  білімгерлердің  коллективті  оқу  қызметі.  Отандық  педагогикалық  ғылымда 
коллективтік оқу қызметіне толықтай анықтама берген Т.Е. Конникованың: 
1. Ортақ мақсатқа жету үшін бірге әрекет жасау іскерлігі; 
2. Өзара қойылатын талаптардың болуы; 
3. Әр білімгердің өз жұмысына ортақ топтың жұмысы ретінде қарауы; 
4. Өзінің жетістіктерін және кемшіліктерін ортақ жұмыс нәтижесінен бағалау, сонымен қатар нәтиже-
сіне қызығушылық білдіру; 
5. Өзіне сын көзбен қарау іскерлігі [44]. 
Үш  немесе  оданда  көп  адамнан  тұратын  топта  коллективті  оқыту  іс-әрекетінде  шетел  тілін  оқытуда 
білімгерлер  әртүрлі  қарым-қатынас  жағдаяттарында  бұрын  соңды  меңгерген  білімдерін  тасымалдап,  өз 
сөзіне  жаңа  тілдік  материалды  белсенді  түрде  қосуға  мүмкіндік  алады.  Оқыту  егер  коллективті  оқу 
қызметінде білімгердің қызығушылығы, қажеттіліктері және жеке психологиялық ерекшеліктері ескеріл-
ген жағдайда ғана тиімді болмақ. Осы жерде, әдіскер-психолог У.Литлвуд коммуникативтік сабақтардың 
психологиялық факторларына жататын: білімгерлерге жеке тұлға ретінде құрметпен қарау, әр қатысушы-
ның жұмысының қайталанбауын қарау, әр білімгердің жеке тұлғалық автономиясын сақтау, тұлға аралық 
қарым-қатынасты жетілдіру деген болатын [45]. 
Дәстүрлі оқыту моделі бойынша, спонтанды, белсенді, аутентті құрылған жаңа оқу моделімен алмас-
тырылады.  Оқу  процесінің  тиімділігі  жобаға  қатысушылардың  барлығының  тілдік  қарым-қатынасқа 
белсенді  түрде  қатысуына.  Білімгерлер  қатарларымен  бірігіп  жұмыс  істеуге  деген  қызығушылықтары 
артып, тиімді және нәтижелі қарым-қатынасқа деген талпыныстар пайда болады. 
Ресей психологы, А.А. Леонтьевтің айтуынша:  
Білімгерлердің әлеуметтік тәжірибені, яғни білім, дағды және іскерлікті қалыптастыруға ат салысуы; 
Білімгерлерді еркін және креативті ойлауға қабілеттендіруі; 
Білімгердің дүниеге көзқарасын қалыптастыру; 
Білімгердің бойына тұлғалық қабілет пен сапалық жүйесін жетілдіретін: мотивация, рефлекция, жүйелі 
білімдер қалыптастыру қажет деген пікірмен толық келісеміз. Яғни жоба технологиясымен жұмыс жасау-
да  жан-жақты  білімдер  алады,  еркін  және  сын  тұрғысынан  ойлайды,  берілген  тапсырманы  орындауға 
деген ішкі құлшыныс (мотивация) пайда болады және тұлғалық қабілеттері жетіледі [46]. 
Психологиялық көзқарас бойынша, жеке тұлғаға бағытатып оқытуда, «өз бетінше» танып білуі дайын-
дығын ескеруіміз керек. 
Жоба технологиясы бойынша өз бетінше танып білуге деген дайындығы екі аспектіде қаралады: 
a)  мотивациялық  және  интеллектуалды  дайындық  компоненттерінен  тұратын  психологиялық 
дайындық;  
б) методикалық және лингвистикалық компоненттерінен тұратын қарым-қатынас дайындықтары. 
Мотивациялық  дайындық  бұл  білімгердің  сабақта  шетел  тілінде  сөйлеу  қызметіне  талпынысы. 
Мотивация проблемасымен айналысқан, зерттеп, оны қалыптастырудың жолдарын іздестірген психолог-
тар  мен  педагогтардың  пікірінше:  «жұмыс  барысында  өзара  түсініспеушіліктің  болмауын  алдын  алу 
қажет», – деген [46].  
Мотивацияны  қалыптастыру  –  оқуға  деген  ішкі  құлшыныстың  пайда  болуы.  Сондықтан  да  тілмен 
жұмыс  жасағанда,  яғни,  қарым-қатынасқа  түскенде  білімгерлердің  коммуникативті  жағдаятты  жасап 
шығару, интеллектуалды белсенділіктерін қалыптастыру өте маңызды [47]. 
Қазіргі  психологияда  шетел  тілін  меңгеру  процесінде  мотивация  қажетті  компонент  ретінде  оқу 
қызметінің ішкі құрылымына кіреді яғни, мотивация үйренудің қозғалыс күші болып табылады. 
Шетел тілінде қарым-қатынас жасау процесінде салыстыру-болжау, жүйелендіру-нақтылау, дәлелдеу-
қорытынды жасау білімгердің интеллектуалды дайындығы болып табылады. 
Лингвистикалық  дайындық  бұл  тілдік  құралдармен  қамтамасыз  етілген  деген  мағынада  болса,  ал 
методикалық дайындық меңгерген тілде қарым-қатынас жасау барысында тәсілдерді қолдана білу [48]. 
Педагогика  білімгердің  өзіндік  жұмысы  және  қызметі  деп  ажыратылады.  Педагогикалық  көзқарас 
бойынша  бұл  түсініктер.  Өзіндік  жұмыс  білімгердің  шығармашылық  қабілетін  жетілдіруде  үлкен  үлес 
қосады. Осы орайда білімгерлердің шығармашылық өзбеттілігі көрінісі ретінде қаралады. 

Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Хабаршысы, «Педагогика ғылымдары» сериясы, №3(39), 2013 г. 
39 
Ғалым М.Уэста «тіл үйренуге болатын пән емес, үйренуге қажетті пән» деген болатын [49].  
Білімгердің танымдық белсенділіктері үш негізгі компонентті қосатын жүйелі білім болып табылады: 
Мазмұнды жағы; 
Оперативті жағы (түрлі іс-әрекеттер, дағды, іскерлік); 
Нәтижелі жағы (білім, идея, көзқарастар мен өмірлік тәжірибелер, жаңа тұлғалық сапалар, танымдық 
белсенділікті жүзеге асыратын бірден бір шарт). Білімгердің қызметін белсенді етудің мақсаты тілдік ма-
териалды меңгеру тиімділігін жоғарылату және олардың шығармашылық ойлауын жетілдіруге ат салысу. 
Қарым-қатынасты психологиялық тұрғыдан алып қарасақ бұл коммуникативті тапсырмаларды шешу 
процесі.  Бұл  процесс  өз  кезегінде  бірнеше  кезеңге  бөлінеді.  Ол  коммуникативті  тапсырма  негізінде 
бағытталады. 
Психолог  А.А. Леонтьев  [45]  өзінің кітабында шетел психологтарының  еңбектерін зерделей  отырып, 
топтық қарым-қатынастағы әрбір қатысушының қызметін кең түсіндіреді. Топтық сөз қарым-қатынасын-
да әрбір қатысушы  әлеуметтік роль атқарады. Бұл рөлдерді  ойнау үшін үш  шарттың орындалуын талап 
етеді. Біріншіден, берілген рөлді жетік білу керек, екіншіден, сол рөлге сәйкес мотивацияны көрсете білу 
керек, үшіншіден, рөлді орындауға қажетті дағды мен іскерліктерді көрсете білу керек. 
Топтың  құрамында  топқа  әсері  бар  екендігін  автор  бөліп  айтады.  4-6  адамнан  құралған  топ  аралас 
болса, дау болуы ықтимал, бірақ аралас топ мүшелерінің әректі кері әсер бере отырып, қарым-қатынастың 
тиімділігін арттырады.        
Ресей психологы И.А. Зимняя топтық қарым-қатынас мұғаліммен бірге тең серіктес қарым-қатынасты 
жүргізе алатын ұжымның тұтас субъект ретіндегі топты қалыптастырады деп ұйғарады. Осындай қарым-
қатынас  ұжымның  коммуникативтілігін  дамытады.  Ұжымның  коммуникативтік  әректінің  ұстанымы 
ұжымның  шығармашылығын  басты  мақсат  ретінде  қолға  алса,  әркім  өзінің  белсенділігін  көрсете  және 
өзіне маңызды деп санайтын пәнді дұрыс таңдаса ғана жүзеге асады дейді автор [51].  
Бүкіл топтың оқу әрекетінің ұжымдық жұмысына қатысуы әр адамның рахат сезіміне бөленуіне, өзінің 
сөз әрекеті қажетті, пайдалы, дұрыс екендігін сездіруге, шетел тілінде сөйлеуде сенімділікке ие болуына 
жалпы  алғанда  әркімнің  бойында  кісілік  қасиеттерінің  қалыптасуына  ықпал  етеді.  Сонымен  бірге        
И.А. Зимняя шетел тілінде топтық жұмысты табысты өткізу үшін біріншіден әр қатысушының теориялық 
білімі терең болуы,  екіншіден, шетел тілін жеткілікті меңгеру деңгейі, үшіншіден, тілдік сананың толық 
қалыптасқан деңгейі болуы керек деп шешеді. 
Психолог  А.В. Петровскийдің пікірі  бойынша қарым-қатынас деп бірлескен  іс-әрекеттің қажеттілігін 
білдіретін адамдар арасындағы байланысты көп жоспарлы түрдегі даму процесін атайды. Ғалым қарым-
қатынастың  үш  жағын  көрсетеді.  Қарым-қатынастың  бірінші  коммуникативті  жағы  адамдардың  хабар 
алмасуы  арқылы  жүзеге  асады.  Қарым-қатынастың  екінші  интерактивті  жағы  адамдардың  сөзбен  ғана 
емес іс-қылықтары арқылы өзара әрекеттесуін  көрсетеді. Қарым-қатынастың үшінші перцептивтік жағы 
қарым-қатынасқа қатысушы адамдар арасындағы өзара түсіністікті қамтиды [52]. 
Бірнеше психологиялық еңбектердің авторы, психолог А.А. Леонтьевтің пайымдауы бойынша қарым-
қатынас  деп  бір  бірімен  психологиялық  қарым-қатынаста  қосылған  адамдар  арасындағы  бағытталған 
тікелей  немесе  жанама  байланысты  орнату  және  оны  белгілі  бір  құралдар  арқылы  қолдап  отыратын 
процесті айтады. Автордың тұжырымы бойынша, қарым-қатынас адамдар тобының ішінде болады және 
сол адамдар өздеріне тән белгілері арқылы сөз қарым-қатынасына түседі. Бұл белгілер  қатысушылардың 
ортақ мақсаты, мотивтері, бірдей қызығушылығы, әлеуметтік білімдері арқылы көрінуі мүмкін [53]. 
Жоғарыда аталған психологтардың топқа берген анықтамаларын жүйелесек, білімгерлер тобында алға 
қойған мақсатқа жететін жолдары мен құралдарын жоспарлайтын, топ мүшелері арсындағы атқарылатын 
іске жауапты қарайтын, қоғамдық белсенділікті дамытатын, топтың ішінде психологиялық үйлесімділікті 
қамтамасыз ететін лидер болуы қажет деп табамыз. Оған қоса пікірталасты өткізу барысында топтың әр 
мүшесі берілген рөлді жетік білуі, сол рөлге сәйкес мотивацияны білдіруі, рөлді орындауда қажетті іскер-
ліктерді,  шетел  тілінде  жеткілікті  меңгерген  білім  деңгейін,  өзіндік  шығармашылығын,  тілдік  сананың 
толық қалыптасқан деңгейін белгілі дәрежеде көрсетуі пікірталас үшін маңызды екендігін атап өтеміз. 
Аталған  авторлардың  пікірлерін  жинақтасақ,  қарым-қатынасты  анықтайтын  сипаттар  пәні,  мақсаты, 
мотивтері, әрекеттері, тәсілдері және нәтижесі дұрыс айқындалып іске асқанда, қарым-қатынас жасаушы-
лар хабар алмасады, өзара әрекеттесе отырып, өзара түсіністікке ие болады деп қорытынды жасай аламыз. 
Қазіргі  кезде  коммуникативті  компетенция  немесе  қарым-қатынас  жасау  қабілетін  қалыптастыру 
шетел тілін меңгертуде негізгі мақсат болып отыр. 
Қазіргі  мүмкіндіктердің  арқасында  білім  беру  коммуникативті  тұрғыда  қарастырылуда.  Егер  біз 
дәстүрлі оқытуды қажетсіз санап ысырып тастасақ өте қатты қателескен болар едік. Яғни, дәстүрлі оқыту-

Вестник КазНПУ им. Абая, серия «Педагогические науки», №3(39), 2013 г. 
40 
дың мазмұнға ғана құрылып, ал нәтижеге жету мақсатын нақты қоя алмайтын кемшілігін жоюға бағытта-
луында.  Яғни,  ағылшынша:  Communication,  Cultural,  Connection,  Comparison,  Communities;  Қарым-
қатынас,  Мәдениет,  Байланыс,  Салыстыру, Қоршаған  орта  дегенді  білдіреді  [57].  Бұл  элементтер  шетел 
тілін  оқытудағы  жоба  технологиясында өз  орнын  табуда.  Осыған  орай  қарым-қатынас  жобаның  барлық 
кезеңінде жүзеге асырылады: бірінші кезеңде тақырып талқыланады, мақсаттары мен тапсырмалар және 
жоспар бойынша білімгерлер өзара шетел тілінде қарым-қатынас жасайды. Өз елінің мәдениетін басқа ел 
мәдениетімен салыстыра отырып, білімгерлердің көзқарастары кеңейеді. 
Қазіргі  кезде  жоба  технологиясы  шетелдік  сонымен  қатар  отандық  ғалымдар  мен  толық  зерттелуде: 
И.Л. Бим, И.А. Зимняя, Т.Е. Сахарова, О.М. Моисеев, Е.С. Полат, Hutchinson, L.Fried booth, P.Philips. 
Соңғы уақытта пайда болған «жоба технологиясына» Дж.К.Джос мынадай анықтамалр береді: 
Толық соңғы нәтижесі шыққанға дейінгі іс-әрекетті модельдеу; 
Интуицияның ең қиын актісінің жүзеге  асырылуы; 
Фактіден болашаққа нақты мүмкіндіктерге қадам [59]. 
Е.С.  Полат  технологияның  анықтамасына  сүйене  отырып  жоба  технологиясын  былай  қарастырады: 
«Проектная технология как совокупность поисковых, проблемных методов, творческий по самой своей 
сути,  представляющих  с  собой  дидактическое  средство  активизации  познавательной  деятельности, 
развития  креативности  и  одновременно  формирование  определенных  личностных  качеств  учащихся  в 
процессе создания конкретного продукта» [56].  
Бұл жоба технологиясы – алынған білімнің интеграциясына бағытталған емес, білімгерлердің өз бетін-
ше алған жаңа білімдерін қолдану қызметі. 
Жоба  технологиясының  бір  тиімділігі  тұлғалық  маңызды  проблеманың  қойылуында  және  оның 
шешімінің  табылуында.  Егер  ол  теориялық  проблема  болса,  жоба  технологиясы  процесі  нақты  шешімі 
болып  табылады.  Проблеманың  шешімін  шешуде  зерттеушілік  әдістер,  іздеу  және  оқыту  құралдары 
қолдануды  қажет  етеді.  Жоба  технолониясы  шетел  тілдік  коммуникативті  біліктілігінің  барлық  компо-
ненттерін  тиімді  қалыптастыратын,  соның  ішінде  екінші  тілдік  тұлға  дамытатын  жаңа  тәсіл.  Жобалау 
тәсілі  дәстүрлі  оқыту  әдісіндегі  қолданылатын  түрлі  жаттығуларды  орындаудың  білімгердің  белсенді 
коммуникативті ойлау қызметімен ауыстырылады. Яғни, оқулықта берілген жаттығуларды орындап қана 
қоймай білімгер өз бетінше шығармашылықпен ойланып, бір проблеманың шешімін шешетіндей қабілет-
ке ие болады.  
Әр  кезеңде  мұғалімнің  қызметі  өзгеріп  отырады.  Дайындық  кезеңінде  мұғалім  жобалық  идея  табуға 
жағдай жасайды, бастапқы кезде жоспарлауға көмектеседі. Бұл кезеңде жобаны жасауда мұғалім көмекші 
ролінде, кеңесші, қосымша ақпарат көзі қызметін атқарады. Яғни, бұл кезеңде мұғалім кеңесші-координа-
тор қызметін атқарады. Қорытындалау кезеңінде нәтижесін шығаруда мұғалім тәуелсіз сарапшы ретінде 
қатысатын болғандықтан бағалаушы қызметін атқарады. 
Жоба – бұл шешім, белгілі проблеманы зерттеу, оның практикалық жүзеге асуы. Жобалау технология-
сы қиын және бірнеше шығармашылық  кезеңдерден және  зерттеу жұмыстарынан тұрады. Осынысымен 
жоба  технологиясы  рольдік  ойындардан,  дискуссиядан  басқаша,  жұмыс  барысында  топтық  жұмысқа 
білімгерлерді бөлуде келесі әдістемелік мақсаттар жүзеге асады: 
a) материалдарды жақсы меңгеру қажеттілігі; 
б) қызығушылықты стимулдау; 
в) білімгерлердің танымдық  іс-әрекетін ынталандыру. Яғни, егер  білімгер  тақырып бойынша қажетті 
материалдарды  жетік  меңгермесе,  ол  атқарылатын  жұмысқа  қызығушылық  танытпаса,  ынталанбаса  ол 
жақсы, жемісті нәтижеге жетуі екі талай. Жоба білімгерлердің өз бетінше жасалатын жұмысы болғандық-
тан, білімгер өзі ізденіп, қажетті ақпараттар жинап, топпен бірлікте жұмыс атқара білуі қажет. Яғни, осы 
көрсетілген әдістемелік мақсаттар жоба әдісінде кездеседі [62]. 
Дегенмен  жоба  жұмысы  барысында  белгілі  қиындықтар  кездеседі.  Барлық  кезде  білімгерлер  жоба 
дайындауға  және  шетел  тілінде  сөйлеп,  жобаны  іс  жүзіне  асыруға  қабілетті  емес:  талқылау,  дискуссия 
жүргізу,  ұйымдастыру  жұмысын  талқылау,  ойларын  құрастыру  және  т.б.  Басты  қиындықтың  бірі  тілдік 
қателер, ақпараттың белгілі көлемі таныс болмауына байланысты тілдік қиындықтар кездеседі. Жобалық 
тапсырмаларды орындау кезінде білімгерлер шетел тілін меңгерудің, оқудың практикалық пайдасын көре 
алады.  Пәнге  деген  қызығушылық  артады,  білімгерлердің  коммуникативті  біліктілігі  дамиды,  олардың 
тілдік тұлғалары қалыптасады. 
Қорыта келе әр сабақты түрлендіріп өткізу студенттердің білім деңгейін көтереді, қажетті білім алуға, 
біліктерді қалыптастыруға жағдай жасалынады. Шетел тілін оқытуда міндетті түрде әр білімгердің қажет-
тілігін  ескере  отырып,  шетел  тілін  үйрету  процесін  міндеті  түрде  жеке  тұлғаға  бағыттап  оқыту  керек. 

Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Хабаршысы, «Педагогика ғылымдары» сериясы, №3(39), 2013 г. 
41 
Шетел тілін оқыту процесінде маңызды шарттардың бірі ретінде білімгерлердің мотивациясын (ынтасын) 
жоғарылататын  материалдарды  қолдану  қажет.  Сапалы  білім  беру  шарты  бойынша  шетел  тілін  оқыту 
интеллектуалды,  шығармашылық  және  коммуникативті  іскерліктерін  меңгеруді  ұйымдастыруы  тиіс. 
Жоба жұмысы барысында кезеңдер саты бойынша жүзеге асуы тиіс. Шетел тілін оқытуда білімгерлерге 
шетел тілін сабақта және сабақтан тыс уақыттарда меңгеруге болатындай жағдай жасауымыз керек.  
 
1.  Гальскова Н.Д. Современная методика обучения иностранным языкам. Пособие для учителя. – М.: АРКТИ, 
2000. - 165 с. 
2.  Әлсейіт Д.А. Жоба технологиясы Маг. Дис. 2005. 
3.  Щукин А.Н. Обучение ИЯ. Теория и практика. - М., 2004 г. - 416 с. 
4.  Тер-Минасова С.Г. Язык и межкультурная коммуникация. - М.: Слово/Slovo, 2000. - 624 c. 
5.  Полат Е.С. Метод проектов на уроках ИЯ // ИЯШ-2001. - №1. 
6.  Леонтьев А.А. Основы теории речевой деятельности. - М.: “Наука” 1974. 
7.  Alan Maley, Diana L.F.B. Projekt work. // Resource book for teacher -Oxford. Oxford University Press. 1993, 85-89 с. 
8. Зимняя И.А. Психология обучения ИЯ в школе. - М.: Просвещение, 1991. 
9. Полат Е.С. Метод проектов на уроках ИЯ//ИЯШ-2000 - №3.  
 
ШЕТЕЛ ТІЛІН ОҚЫТУДА СТУДЕНТТЕРДІҢ КОММУНИКАТИВТІК 
БІЛІКТІЛІГІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ 
 
Л.Ә. Бөлекбаева – оқытушы, ҚазХҚжәнеӘТУ, Алматы қ. 
 
Резюме 
В  данной  статье  рассматриваются  вопросы  формирования  коммуникативной  деятельности  студентов  на  уроке 
иностранного языка.  
Также данная статья рассматривает формирования диалогической речи в коммуникативном плане.  
 
Summary 
The article deals with the forming of students’ communicative competence in teaching foreign language. This article also 
deals with the interrelation between the components of dialogue and  the functional-communicative skills. 

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   46




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет