Хабаршы вестник



Pdf көрінісі
бет43/56
Дата12.02.2017
өлшемі4,46 Mb.
#3969
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   56

Құндылықтар  дегеніміз  –  ұнатқан  игіліктер  мен  оларға  қол  жеткізу  тәсілдері  туралы 
қорытындылаған, белгілі көзқарастар, орнықты ойлар, үлгі аларлық объектінің озық тәжірибелері, сыннан 
өткен пікірлер арқылы өзінің мінез-құлқын анықтайды.  
Бастауыш сынып оқушы бойындағы этномәдени құндылықтарының мәні мен мазмұнына тоқталайық: 
оқушы  жалпы  адамзатқа  тән  құндылықтар  мен  жеке  қазақ  халқына  тән  құндылықтарды  анықтап 
тануға,  одан  қажеттісін  ала  білуге  бағдарланған,  ғалымның  қол  жеткен  ғылыми  жетістіктерді  өздігінен 
білім  алу  дербісінде  қолдануға,  жаңашыл,  қайырымды,  туған  елін,  жерін  отбасын,  Отанын,  мектебін 
сүйетін  және  олардың  алдында  парызын  түсініп,  бар  құндылықтарды  толықтыра  түсетін,  табиғатты, 
өсімдіктер мен жан-жануарларға қамқор болуы керек. 
бүгінгі күнгі жеткіншек еңбек етуге қабілетті, жинақты, ұқыпты, іскер, өз қажеттілігіне орай болашақ 
мамандығын  таңдаған,  жауапкершілігін  түсінетін,  өзін-өзі  қызмет  етуге  дағдыланған,  уақытты  тиімді 
пайдаланатын,  қоғам  –  адам  өміріндегі  еңбектің  орнын  түсінген,  жауапсыздықты,  еріншектікті,  табиғат 
байлықтарын рәсуә етушілерді жаны сүймейтін, оқу-тәрбие үрдісінде білім мен ғылым негіздерін сапалы 
игеріп, болашақ кәсіпкерлікті шығармашылық деңгейде көрсете білуі керек, 
оқушы  –  дені  сау,  төзімді,  шымыр,  ширақ,  қайратты,  сымбатты,  талғампаз,  батыл,  өжет,  салауатты, 
жүйкесі  мықты,  Отанын  қорғауға  даяр,  жеке  бас  гигиенасын  сақтайтын,  жұмыс  орнын  жинақты 
ұстайтын,  зиянды  әдеттерден  аулақ,  салауатты  өмір  салтын  қалыптастыруға  ұмтылатын,  адамға  тән 
қасиеттерді бойына сіңірген әлеуметтік белсенді жеткіншек болып өсуіне қол жеткізу.  
 
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ : 
 
1. 
Қазақстан  Республикасы  мәдени-этникалық  білім  беру  тұжырымдамасы.  Егеменді  Қазақстан,  7 
тамыз 1996 ж.  
2. 
Қазақстан  Республикасында  2015  жылға  дейiнгi  бiлiм  берудi  дамыту  тұжырымдамасының 
жобасы, А, Білім әлемі газеті, 2004 
3. 
Наурызбай 
Ж. 
Научно-педагогические 
основы 
этнокультурного 
образования 
школьников,А,1997,с. 320 
4. 
Қазақ  тілі  терминдерінің  салалық  ғылыми  түсіндірме  сөздігі:  Педагогика  және  психология.  – 
Алматы: “мектеп”, ЖАҰ,2002. -56 б.  
 
 
 
МЕКТЕП  ЖАСЫНДАҒЫ  БАЛАЛАРДЫҢ  МАЗАСЫЗДАНУЫНЫҢ  ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ 
ЕРЕКШЕЛІГІ 
 
Джаксынкаева Ж.Т. - 

Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Хабаршысы, «Педагогика ғылымдары» сериясы, №4(40), 2013 г. 
279 
Абай  атындағы  ҚазҰПУ-ң  Педагогика  және  психология  институтының  жалпы  педагогика  және 
психология кафедрасының оқытушысы, педагогика және психология магистрі- 
 
Резюме 
 
 В данной статье рассматривается проявление тревожность школьного возраста и их психологическое 
особенности.  Причина  возникновение  тревожности  это  внутренни  конфликт  школьника.  Внутренни 
противоречие ребенка возникает из адекватнных требовнии которые пренуждают родители. 
Внутрении  конфликт  у  школьнного  ребенка  связанно  с  внешним  конфликтом  (например,  семья, 
школа, родители ). 
 
Summary 
 
 This article examines the manifestation of anxiety school age and their psychological features. The reason for 
the  occurrence  of  anxiety  is  internal  conflict  schoolboy.  Internal  contradiction  arises  from  the  child  adequately 
trebovniya 
that 
prenuzhdayut 
parents. 
Internal  conflicts  at  the  school  the  child  is  related  to  external  conflict  (egg,  family,  school,  parents).  ӘӨЖ: 
370.114 
 
 Психологиялық  әдебиеттерде,  мазасыздану  түсінігінің  түрлі  анықтамаларын  кездестіруге  болады, 
бірақ  зерттеушілердің  көпшілігі  оны  ситуативтік  құбылыс  және  өтпелі  күй  мен  оның  динамикасын 
білдіретін жекелік мінез ретінде қарастыруды жөн көреді.  
Сонымен,  А.М.Прихожан:  «Мазасыздану  –  бұл  төніп  келе  жатқан  қауіпті  алдын  ала  сезінумен, 
сәтсіздікті күтумен байланысты, эмоционалдық дискомфортты уайымдау» - дейді[1] . 
 Мазасыздануды  эмоционалдық  күй  ретінде  және  жекелік  кескін  немесе  темпераменттің  тұрақты 
қасиеті ретінде де айырып көрсетеді. 
Р.С. Немовтың анықтамасы бойынша: «Мазасыздану - әлеуметтік құрылымдағы жағдайда қорқыныш 
пен  үрейді  сезіну,  жоғарғы  алаңдаушылық  күйіне  әкелетін  адамның  тұрақты  немесе  ситуативті  көрініс 
табатын қасиеті».  
Л.А. Китаев-Смык, өз кезегінде мынаны белгілейді, «психологиялық зерттеулерде мазасызданудың екі 
түрінің  анықтамасы  соңғы  жылдары  кеңінен  тарала  бастады».  «Мінездің  мазасыздануы»  және 
ситуативтік мазасыздану, Спилбергтің ұсынуымен.  
А.В.Петровскийдің  анықтамасы  бойынша:  «Мазасыздану  –  үрейдің  реакциясының  туындауының 
төменгі  сатысын  сипаттайтын  индивидтін  қатерді  уайымдауға  бейім  болуы  жекелік  ерекшеліктердің 
негізгі параметрінің бірі. Мазасыздану, әдетте, жүйкелік психикалық және ауыр соматикалық ауруларда 
жоғары  болады,  сонымен  қатар  психотравма  салдарын  өткізіп  жатқан  сау  адамдарда  көптеген  топ 
мүшелерінде жекелік сәтсіздіктің субъективті көрінісінің бұзылуы». Мазасызданудың қазіргі зерттеулері 
жеке тұлғаның тұрақты қасиеті болып табылатын, жекелік мазасыздану және нақты сыртқы ситуациямен 
байланысқан  ситуативтік  мазасызданудың  айырмашылықтарына  бағытталған  және  де  жеке  тұлға  және 
оны қоршаған ортаның өзара әрекеті ретіндегі мазасыздану анализінің әдістерін өңдеуге[2]. 
Үрейдің туындау себебі ішкі конфликт, баланың бір қалауы екіншісіне, бір қажеттігі екіншісіне қарама 
– қарсы болғандағы пайда болатын қайшылықтар. Баланың ішкі қайшылық күйі: түрі бастаудан келетін 
балаға деген қайшылық (мысалы ата – ана біресе рұқсат беріп біресе қатаң түрде тиым салады); баланың 
мүмкіндігі  мен  ұмтылысына  сай  келмейтін  адекватты  емес  талаптар;  баланы  пәс,  тәуелді  жағдайда 
болатын жағымсыз талаптардан келіп шығады. Үш жағдайда да «сүйенішті жоғалту» сезімі өмірдің бекем 
бағытын жоғалту, айналадағы ортаға сенімсіздік туады.  
Ішкі  конфликт  негізінен  балада  сыртқы  конфликт  жатады  –  ата  –  анамен,  отбасы  және  мектеппен, 
құрдастарымен  үлкендермен.  Барлық  уақытта  қоршаған  орта  жағдайы  басының  ішкі  қайшылықтарына 
айналмайды. Егер де әжесі мен анасы бір – бірін ұнатпай оны әртүрлі етіп тәрбиелесе, әрбір бала мазасыз 
келмейді.  ол,  тек,  бала  конфликтегі  екі  жақты  да  жүрегіне  жақын  қабылдаса  ғана  –  үрейленудің 
жасалуына бүкіл жағдай жасалады.  
Бала жанында тәрбиелену жүйесі емес, өзіндік қалауы – анасын ренжітпеу, әжесіне ұнау қайшылыққа 
түседі. Осылайша отбасының ажырасуы да балаға әсерін тигізеді. Неге осы сияқты сыртқы конфликттер 
бір  балаларға тереңінен батып, ал кейбір балаларға онша әсер  етпейді. Себеп көп, бірақ бастысы – бала 
үшін  қандай  қатынастың  мәнді  болуы.  Егер  оқушыға  мұғалім  пікірі  қымбат  болмаса,  ол  конфликттен 

Вестник КазНПУ им. Абая, серия «Педагогические науки», №4(40), 2013 г. 
280 
құтылуға тырысады, бірақ жаны күйзелмейді.  
Қатынас  шеңбері  кең  болған  сайын,  үрейленудің  қалыптасуына  негіз  болатын  ситуациялар  да  көп 
болады.  Бірақ  баланың  әлеммен  қатынасы  тар  болса  да,  бала  толығымен  өсіп  дами  алмайды.  Егер  де, 
мысалыға  алатын  болсақ,  бала  үшін  мәнді  тұлға  тек  анасы  ғана  болса,  онда  олардың  арасындағы 
қатынастың  мәнді  емес  жақтары  да  жан  күйзелісіне  айналады.  Сүйеніштің  көптеген  бастауы  болса 
конфликт үрейленуге алып келмейді. 
Ешкім де конфликттен қаша алмайды; сонда бала өмір бойы осылай өтеді ма? Олай емес. Кенеттен ит 
үргенінен, айқайлаған мұғалімнен, жанұядағы ұрыстан, неврозбен ауырып қалатын балалар онша немесе 
тіптен  болмайды.  Мұндай  бірегей  стрестерге  бала  біз  ойлағаннан  әлдеқайда  мықты  табиғат  адамды 
жағымсыз ситуациялардан құтқаратын, мықты ұмыту механизмімен қаруландырды.  
Үрей бала жанына егер оның маңызды қажеттілігі қалыптасуы кедергі болатын конфликт кезінде ғана 
енеді. 
Бұл маңызды қажеттіліктерге жатады: физикалық өмір сүруге қажеттілік (қорек, су, физикалық қауіп-
қатерден  босану);  адамға,  топқа  деген  жылуарлық,  жақындық  қажеттігі;  тәуелсіздікке,  өз  «меніне» 
құқығының  тануына  қажеттілік;  қабілеттерін  алуға,  өзінің  жасырын  күштерін,  өмірлік  мән  және 
құндылыққа деген қажеттілік. 
Мазасызданудың  жиі  себептері  блалаға  деген  жоғары  талап,  тәрбиелеудің  догматикалық  жүйесі, 
баланың белсенділігін қызығушылықтарын, икемділігі мен қабілеттілігі ескермеу. Кең тараған тәрбиелеу 
жүйесі  –  «сен  өте  жақсы  болу  міндеттісің».  Ұят  сезімі  балаға  келгенде  өзіне  тым  қатал  болу,  ал  тану 
процесін емес, міне осындай үлгерімді балаларда үрей көріністері байқалады. Болады, кейбір ата – аналар 
балаларына  өнерде,  спортта  олардың  мүмкіндіктері  жетпейтін  үлкен  жоғары  жетістікке  жетуге  бағдар 
береді (ал бұл шартқа сәйкестелу мүмкін емес). Осы сияқты балаға бейтанысты (бірақ ата – анасы жоғары 
бағалайтын) жабыстырады. Мысалы туризм. Бұл жаттығулардың бәрі де жақсы, таңдауды бірақ, бала өзі 
жасауы қажет. Оқушыға қызық емес жұмысты қынап бергенен ол сәтсіздікке ұшырайды [3].  
Баланың  адалдық,  тіл  алу,  тиянақтылық  сапаларын шынықтыруды  тырысуда  мұғалім  баланың  күйін 
одан  әрі  қиындатады.  Жауапкершілікті  көп  артады  сөзсіз  жұмысқа  адал  қарауы  қажет  бірақ  оқушы 
жұмсы  (оқу)  –  ерекше  онда  нәтижеден  гөрі  процесс  маңызды.  Егер  жұмысшы  мысалыға  өндірістегі 
қандай болмасын бөлшек үшін яғни нәтижесі үшін еңбектенсе онда бала есепті шығару үшін оқымайды: 
ол есеп баяғыда шығарылып жауабы оқулық соңында енгізілген. Оқудың мән даму процесінде нәтижеге 
бағытталуда  алатын  бағада.  Бала  онымен  қатынас  жасаушылар  үлгеріміне  байланысты  екенін  сезінеді. 
Сөйтіп баға оқушы үшін ата – ана мен сенімінен шығу құралы болады.  
Мазасыздану  деңгейі  ұл  бала  мен  қыз  балада  әртүрлі.  Мектепке  дейінгі  және  бастауыш  мектеп 
жасындағы  ұл  балаларда  қыздарға  қарағанда  мазасыздануы  көп  болып  келеді.  9-11  жаста  ұл  және  қыз 
балада  мазасыздану  бірдей  болып  12  жастан  ары  қарай  ұл  балаларда  қиын  бұзылыстар  кездескенімен 
жалпы үрей деңгейі қыздарда өсіп ұл балада азаяды [4].  
Балалар  мен  қыздар  мынамен  ерекшеленеді,  олар  үрейді  қандай  ситуациямен  байланыстырады,  оны 
қалай  түсіндіреді,  неден  сескенеді.  Адам  жасын  физикалық  деңгейі  ғана  емес  оның  қоршаған  әлемге 
байланысты  мінездемесі  уайымдау  ерекшелігі  де  бейімделеді.  Мектептік  кез  –  адамның  маңызыды 
өмірлік сатысы ол кезде оның психологиялық бейнесі уайым –қайғы сипаты өзгереді.  
Бұл  жастағы  қорқыныш  деңгейіміз  дегеніміз  «ондай  болмау»  яғни  нақтыласақ  «ондай  болмау»  ол 
үлгермеу  оны  емес  және  олай  емес  істеу,  жазаға  тартылу.  Бұл  қорқыныштың  барлығы  әлеуметтікке 
белсенділіктің  жоғарылауын  жауапкершілік  міндеттілік  нығаюын  білдіреді.  Балалар  селк  етеді 
жүздерінен қорқыныш байқалып өзін-өзі басқаруды ойлауға сөйлеуге қабілеттілікті жоғалтады.  
Қорытындылай  келе  мектеп  жастағы  балалардың  мазасыздануын  жеңу  және  психопрофилактика 
бойынша жұмыстар функциональды емес, ол жалпы, әр жас кезеңінде мазасыздану себебі болуы мүмкін 
сипаттағы даму және орта факторларына бағытталған, жеке тұлғалық бағдарланған сипатта болуы керек. 
Жұмысты,  әр  баланың  жекелік  «әлсіз  аймағына»  және  жасына  бағыттап,  мазасызданудың  барлық 
құрылымдық  компоненттер  жасау  керек.  Бастауыш  сынып  жаста  жұмыстың  орталық  орны  –  баланы 
қоршаған адамдармен қарым-қатынасқа орнату.  
  
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ : 
 
1. 
Қолданылған әдебиеттер тізімі. 
2. 
Овчарова Р.В. Практическая психология образования. М., «Академия». 2003.  
3. 
Нетреба С. Влияние коррекции тревожности на формирование адекватной самооценки младшем 

Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Хабаршысы, «Педагогика ғылымдары» сериясы, №4(40), 2013 г. 
281 
школьном возрасте с учетом этническо 
й  принадлежности  детей.  //Ұлт  тағылымы.  2004.  №3,  122-
126б.  
4. 
Жуманкулова  Е.  Тревожность  как  предпосылка  девиантного  поведения  подростка.  //Бастауыш 
мектеп. 2005. №2. 47-50б.  
5. 
Битякова М.Р. “Организация психологической работы в школе” – М.: Совершенство, 1997 – 298 с. 
 
 
МЕКТЕП  ЖАСЫНА  ДЕЙІНГІ  БАЛАЛАРДА  МӘДЕНИ-ГИГИЕНАЛЫҚ  ДАҒДЫЛАРДЫ 
ҚАЛЫПТАСТЫРУ 
  
Эльмира Жаханқызы Халилаева 
Аға оқытушы Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ 
 
 
Түйіндеме 
 
 Тәрбие  жұмыстары  мектепке  дейінгі  мекемелерде  тек  оқу-танымдық  әрекеті  барысында  ғана  емес, 
басқа  да  іс-әрекеттер  барысында  көп  мәнге  ие  екендігі  және  бұл  бағытта  білім  берудің  алғашқы 
баспалдағы  болып  саналатын  балабақшалардың  топтарындағы  жұмыстарды  ұйымдастырудың  өзектілігі 
ерекше.  Балаларды  қоғамдық  мәдени  және  жеке  гигиеналық  дағдыларға  тәрбиелеу  -  олардың 
денсаулықтарын қорғауда тұрмыстық, қоғамдық мінез-құлықтарының дұрыс қалыптасуына ықпал етеді. 
Бұл  өз  кезегінде  балалардың  гигиеналық  ережелері  және  мінез-құлық  нормаларына  қажетті  білім  мен 
дағдыларын үйреніп  орындауларынан олардың денсаулықтары ғана емес сонымен қатар салауатты өмір 
сүруге қызығушылығының артуына да байланысты болады. 
КІЛТТІ  СӨЗДЕР:  балалар  денсаулығы,  мәдениет,  гигиена,  дағды,  мәдени-гигигеналық  дағдылар, 
тәрбие, қалыптастыру, гигена ережелері, денсаулық сақтау технологиясы, салауатты өмір. 
 
Резюме 
 
 Воспитательная  работа  в  дошкольных  учреждениях  ведется  не  только  в  учебно-познавательном 
процессе,  но  также  имеет  очень  большое  значение  в  организации  других  видов  деятельности  и 
актуальность  работы  организуемая  в  детских  садах,  как  начальной  ступени  образования,  по  данному 
направлению  очень  важна.  Воспитание  детей  к  общей  культуре  и  личной  гигиене  –  воздейстует 
правильному формированию общественных и бытовых норм поведения в охране их здоровья. Это в свою 
очередь связано с с овладением и выполнением необходимых для правил гигиенических и поведенческих 
норм знаний, умений и навыков детей. А также с повышением интереса к здоровому образу жизни. 
КЛЮЧЕВЫЕ СЛОВА: Здоровье детей, культура, гигиена, навык, культурно-гигиенические навыки, 
воспитание, формирование, правила гигиены, здоровьесберегающие технологии, здоровый образ жизни. 
 
 
 
 
 
Қазақстан  Республикасында  ел  басшылығының  адами  капиталды  дамытудың  қажеттілігі  мен 
маңыздылығын  түсініп,  білім  беру  жүйесін  реформалауды  бастауға  және  жүргізуге  жан-жақты  қолдау 
көрсетуінің нәтижесінде білім беруді қарқынды дамыту мен жаңғырту мүмкін болып отыр. 
Қазақстан  Республикасының  Президенті  Н.Назарбаев  «Қазақстан  білім  қоғамы  жолында»  атты 
«Назарбаев Университетінде» оқыған лекциясында: «Мектеп жасына дейінгі білім беруді жаңғырту одан 
әрі жалғасуы тиіс, болашақта көп қырлы тұлға қалыптастыру үшін негіз де дәл сонда қаланады. 
Бірінші.  Озық  халықаралық  тәжірибе  негізінде  мектеп  жасына  дейінгі  тәрбие  мен  білім  беруге 
оқытудың  қазіргі  заманғы  әдістемелерін  енгізу  қажет.  Олар  инновациялық,  ал  білім  беру  технологиясы 
креативті болуы тиіс. 
Екінші.  Балаларды  мектепке  дейінгі  білім  берумен  қамту  мәселесіне  қатысып  жүйелі  ұсыныстарды 
әзірлеу қажет. 
Үшінші. Мектеп жасына дейінгі білім беру деңгейінде үш тілді оқытуды жаппай енгізуді қамтамасыз 

Вестник КазНПУ им. Абая, серия «Педагогические науки», №4(40), 2013 г. 
282 
ету қажет» – деп мектепке дейінгі білім беру жүйесін жетілдіру қажеттілігіне тоқталды [1].  
Осы  тұрғыда  аталған  проблемаларды  шешуде  мектепке  дейінгі  денсаулығы  мықты  баланы 
қалыптастыру  мәселесі  маңызды  орын  алады.  Балалардың  денсаулығы  –  қоғамның  экономикалық, 
әлеуметтік және саналы жетістіктерін сипаттайтын маңызды көрсеткіштер қатарына жатады.  
Тәрбиенің негізгі бағыттары халқымыздың ғасырлар бойына жинақталған құнды қасиеттерін өскелең 
ұрпақ  бойына  сіңіруді  және  мәдениетіне,  мәдени  іс-әрекетіне  баулуды  жүзеге  асырып  келген.  Тәрбие 
жұмыстары  мектепке  дейінгі  мекемелерде  тек  оқу-танымдық  әрекеті  барысында  ғана  емес,  басқа  да  іс-
әрекеттер  барысында  көп  мәнге  ие  екендігі  және  бұл  бағытта  білім  берудің  алғашқы  баспалдағы  болып 
саналатын балабақшалардың топтарындағы жұмыстарды ұйымдастырудың өзектілігі ерекше.  
Ұрпақ тәрбиесін жаңа құндылықтар негізінде жетілдіру қоғам алдында тұрған ауқымды  істердің бірі 
сол себепті де мектепке дейінгі мекемелерде балаларға мәдени-гигиеналық дағдыларды жаңа көзқарастар 
негізінде талдау - кезек күттірмейтін іс [2].  
Балалар  ер  жетіп  өскен  сайын  ұқыптылыққа,  тазалыққа,  еңбексүйгіштікке  бар  ынта-  жігерімен  бой 
алдырады.  Әрине,  егер  оны  әрбір  кездей  кезеңдегі  тәрбиенің  ықпалы  осындай  тағылымдарға  үйреткен 
жағжайда  ғана  жоғарыда  айтылған  тәлімнің  түрлері  орнықты  блары  анық.  Төрт-бес  жастағы  балалар 
өздерінің  ойнайтын  орындары  мен  сабақ  өткізетін  бөлмелерінің  барынша  таза  да  тәртіпті  ұстауға 
тырысады.  Мәселен,  балабақшаның  түлектері  үшін  ойыншықтарын  жинау,  ас  алдындағы  жуынып 
сүртінумен қоса ретімен ауысып кезекшілікпен тамақтандыруға көмектесу де әдеттегі істеріне айналады. 
 Балаларды  жеке  және  қоғамдық  гигиеналық  дағдыларына  тәрбиелеу  -  олардың  денсаулықтарын 
қорғауда тұрмыстық, қоғамдық мінез-құлықтарының дұрыс қалыптасуында маңызды орын алады. Ақыр 
түбінде балалардың гигиеналық ережелері және мінез-құлық нормаларына қажетті білім мен дағдыларын 
үйреніп  орындауларынан,  олардың  ғана  денсаулықтары  ғана  емес,  сонымен  бірге  басқа  балалардың, 
ересектердің денсаулықтары да тәуелді,байланысты болады. 
Балалармен күнделікті жұмыс барысында олардың жеке гигиена ережелерін орындаулары үйреншікті 
әдетке айналып, ал есейген сайын гигиеналық дағдылар үнемі жетілдіріліп отыруы керек. 
 Әуелі  балалар  қарапайым  ережелерді  орындауға  үйрену  керек:  тамақ  алдында,  дәретханадан, 
ойыннан, серуеннен, т.б. іс-әрекеттен кейін қолдарын жуу. 2 жасар бала тамақтан соң аузын ауыз сумен 
шаю әдеттеріне дағдыландырылады, әрине балаларды осыған алдын-ала үйреткеннен кейін ғана. Ортаңғы 
және  ересек топ жасындағы балалар жеке гигиена  ережелерін  орындауға жетік түсіне  қарауы  қажет. Өз 
беттерімен  қолдарын  жуу,  көбік  шыққанша  сабындау  және  құрғата  сүрту,  жеке  орамал,  тарақ,  ауыз 
шаятын стақанды қолдану және барлық заттарды таза болуын қадағалауы керек. 
 Жеке гигиеналық дағдыларын қалыптастыру – баланың үнемі ұқыпты болуын, киіміндегі ақаулықты 
өздігінен немесе ересектің көмегімен жою икемдігілігін жорамалдайды. Гигиеналық тәрбие және үйрету 
мен  мәдени  мінез-құлық  тәрбиесі  тығыз  байланысты.  Сондықтан  сәбилер  тобынан  бастап  балалар 
тамақтану  кезінде  үстел  басында  дұрыс  отыруға,  тамақты  мұқият  және  баяу  шайнап,  асхана  аспаптары 
мен  сүлгілерді  қолдана  алулары  үйретіледі.Ал  асханадағы  кезекшіліктер,  тек  қана  үстелді  дұрыс 
жабдықтап қана емес, сонымен бірге кезекшілікке кіріспес бұрын міндетті түрде қолдарын тазалап жуу, 
өзін тәртіпке келтіру, шашын тарауы [3]. 
 Мәдени-гигиеналық  дағдыларына  тәрбиелеу  міндеттерін  шешуге  көптеген  педагогикалық  тәсілдерді 
баланың  жас  шамалық  ерекшеліктеріне  қарай  қолданылады.  (Тура  үйрету,  көрсету,  іс-әрекеттерді 
орындау жаттығулары, дидактикалық ойындар, т.б.) 
Ең бастысы балаға мәдени-гигиеналық немесе жеке-гигиеналық дағдыларды бойына сіңдіру үшін оған 
гигиена ережелерін жүйелілігін сақтау керектігін үнемі естеріне салып отыру және қойылған талаптарды 
біртіндер күрделендіру және әрекеттерді нақты да дәл орындауына бірізділікпен жету қажет.   
Мәдени-гигиеналық  дағдыларды  сәбилер  тобының  балалары  арнайы  бағытталған  ойын  әрекеттері 
арқылы оңай меңгереді, ал ересек тобында сөздік және көрнекілік тәсілдер арқылы, алуан түрлі мазмұнды 
суреттер,  белгілер  арқылы  үйретіледі.  Мәдени-гигиеналық  тәрбие  дене  тәрбиесі,  айналамен  таныстыру 
және экология сабақтары арқылы өткізіледі, онда көбінесе  дидактикалық, сюжетті-рөлдік  ойындар және 
кішкене қойылым, рөлдерді бөлісіп ойнау әдіс-тәсілдері қолданылады. 
 Қазіргі  балабақша  бүлдіршінде  мәдени-гигиеналық  дағдыларды  тәрбиелеудің  басты  міндеттеріне 
мына төмендегілер жатады: 
халық педагогикасы элементтерін қолдану (халық ауыз әдебиетінің шығармашылары, салт-дәстүрлер, 
әдет-ғұрыптар, ұлттық ойындар т.б.); 
баланың  бойында  салауатты  өмір  салтын,  мәдени-гигиеналық  дағдыларды  қалыптастыруда  тиімді 
психологиялық-педагогикалық шарттарды негізге алу; 

Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Хабаршысы, «Педагогика ғылымдары» сериясы, №4(40), 2013 г. 
283 
«мәдени-гигиеналық дағды» - ұғымын қалыптастыру; 
салауатты өмір сүруге балаларды ынталандыру; 
балалардың өзін-өзі тәрбиелеуіне көмек көрсету; 
өз  денсаулықтарын  сақтауда,  мәдени-гигиеналық  дағдыларды  орындауда  жауапкершіліктерін 
қалыптастыру; 
арнайы денсаулық сақтау технологиясы арқылы мәдени-гигиеналық дағдыларын қалыптастыру[4]. 
 Баланың жан-жақты дамуына бағыт-бағдар берушi- тәрбиеші. Мектепке дейінгі бiлiмнiң мемлекеттiк 
стандартында  балаларды  ғылымдар  негiзiмен  таныстырып  қою  емес,  баланың  жалпы  ойын  дамыту, 
қажеттi  тәрбие  берiп,  оны  тәжiрибеде  қолдана  бiлу  үшiн  өздiгiнен  жұмыс  iстеуге,  мәдени-гигиеналық 
дағдыларды қалыптастыру талап етiледi. Бүгiнгi заманның педагогикалық, психологиялық зерттеулерiнiң 
анықтауы бойынша мектепке дейінгі кезең баланың қай жағынан болсын ең қарқынды дамитын кезеңi. 
Тәрбиешінің 
мәдени-гигиеналық 
дағдыларды 
қалыптастыру 
жұмыстарының 
ең 
бастапқы 
ұйымдастыру  формалары  педагогтың  балалармен  мазмұнды  қатынасында,  жан-жақты іс-әрекетінде, 
қоғамдық  өмірдің  құбылыстарымен  танысу  кезінде,  балаларға  арналған  шығармалары  мен  суретшілер 
туындыларымен танысу негізінде іске асады.  
 
 Ата-бабаларымыз өздерiнiң сан ғасырлар бойғы ұлы тарихында жас ұрпаққа тәрбие берудiң бай 
тәжiрибесiн  жинақтап,  өзiндiк  салт-сана,  әдет-ғұрып,  дәстүр  рәсiмдерiн  қалыптастырған,  мысалы:  тиым 
сөздер, мақал-мәтелдер, ертегiлер және т.б.  
Әдеттер  физиологиялық  тұрғыдан  ми  қабатындағы  динамикалық  стереотиптiң  бiр  көрiнiсi.  Бұлар  ми 
сыңарларының  тек  оптимальдық  қозуы  бар  алаптарында  ғана  емес,  сонымен  бiрге  тежелуге  ұшыраған 
алаптарында  да пайда  болады.  Сондықтан  да адамның  жеке  басында  жағымды  қасиеттердi  тәрбиелеуде 
әдеттiң ерекше маңызы зор. Ежелгi үндi мақалында былай деген: “Қылық ексең - әдет орасың, әдет ексең 
–  мiнез  орасың,  мiнез  ексең  –  тағдыр  орасың”.  Әдет  адамның  мiнез–құлқының  фундаментi  болып 
табылады.  Әдет  негiзiнде  мiнез  қалыптасатынын  А.С.  Макаренко  мiнез-құлықта  дұрыс  әдет 
қалыптастыру қажет екенiн атап көрсеткен [5]. 
Әдет адамның ешбiр күш салуынсыз пайда бола бередi. Әдеттердi белгiлi бiр мағынада бiрнеше топқа 
бөлуге болады. Олар:  
адамгершiлiк немесе моральдық (әрқашан шын сөйлеу, достарына адал болу, үлкендер тiлiн алу, т.б.). 
мәдени мiнез-құлықтары (сыпайы болу, үлкендерi-кiшiнi сыйлап- құрметтеу, дұрыс сөйлеу, т.б). 
-гигиеналық әдеттер: (таза жүру, қол жуу т.б) еңбек, ақыл- ой әдеттерi. 
Бұл  проблема  жан-жақты  қарастырылып,  үнемi  iзденiстер  жүргiзiлсе  де,  қаншама  концепциялар 
ұсынылса  да  бүгiнгi  күнге  дейiн  нақты  жауап  таба  алмай  келедi.  Бұның  шындыққа  сай  ең  негiзгi 
қиыншылығы, бiздiң, яғни адамдардың арасындағы үлкен айырмашылықтардың болуында.  
Мектепке  дейінгі  мекемедегі  ересектер  тобында  балаларда  мәдени-гигиеналық  дағдылар  шеңбері 
кеңейе түседі және тұрмыстық әрекеттердің амал-тәсілдері жетілдіріліп, құрылымы өзгеріске түседі.  
Кез келген іс-әрекет түрлерін ұйымдастыру барысында балалардың алдына мінез-құлық мәдениетінің 
негізін құрайтын моральдық сана, адамгершілік сезімдер және әдеттерді қалыптастыру міндеттерін қойып 
отыру  керек.  Бұл  үшін  балаларға  ыңғайлы  жағдайлар  жасалынуы  қажет:  жабдықталған  топ  бөлмесі, 
балалардың  жас  ерекшеліктеріне  сай  жиһаздар.  Бұл  балалардың  тек  қызығушылығын  оятуы  мүмкін,  ал 
біз 
баланы 
осы 
жағдайда 
іс-әрекет 
жасауына 
қол 
жеткізуіміз 
қажет.  
Балалардың  жеке  және  қоғамдық  мәдени-гигиеналық  дағдыларын  қалыптастыру  олардың  тұрмыстағы 
мінез-құлқы мен қоғамдық орындардағы моральдық нормаларды орындауда және олардың денсаулығын 
қорғауда ерекше маңызға ие. 
 Балалардың  күнделікті  қажетті  гигиеналық  ережелер  мен  мінез-құлық  нормаларын  біліп, 
орындауларынан тек өздерінің ғана емес, басқа да балалар мен үлкендердің денсаулығын қорғап қалуға 
болады.  Тәрбиешіге  балалармен  күнделікті  іс-әрекеттерді  ұйымдастыру  барысында  әрбір  баланың  жеке 
гигиенасының  ережелерін  орындап  қана  қоймай,  сол  ережелерді  күнделікті  үйреншікті  гигиеналық 
дағдыларға айналдыру қажет және оларды үнемі жетілдіріп отыру керек.  
Бастапқы  кезде  балаға  элементарлық  ережелерді  орындауды  үйретеді:  тамақтану  алдында,  ойнап 
болғаннан  соң,  серуеннен  кейін  әжетханадан  шыққанда  қолын  жууды.  Екі  жасар  балаға  ауыз  қуысын 
сумен  шаюды  әдетке  айналдыру  қажет.  Енді  біз  мектеп  жасына  дейінгі  балаларда  мәдени-гигиеналық 
дағдыларды қалыптастырудың мазмұнына назар аударайық.  
 Мәдени-гигиеналық  дағдыларды  қалыптастыру  мінез-құлық  мәдениетімен  тығыз  байланыста 
қарастырылады.  Сәби  шағынан  бастап  балаға  тамақтану  барысында  үстел  үстінде  дұрыс  отыруды, 
тамақты  асықпай  ұқыпты  және  әбден  шайнап  жеуді,  тамақтануға  қажетті  құрал-саймандарды,  қағаз 

Вестник КазНПУ им. Абая, серия «Педагогические науки», №4(40), 2013 г. 
284 
орамалдарды  дұрыс  пайдалануға  үйретеді.  Ал  кезекші  балаларға  тек  үстел  үстін  дұрыс  сервировкалау 
ғана  емес,  олардың  жеке  тазалығына  да  назар  аудару  қажет:  кезекшілік  алдында  сабындап  қол  жуу, 
шашын жинау және өзінің үстіндегі киімдерін реттеу қажеттілігі талап етіледі [6]. 
Еңбек  және  мінез-құлық  мәдениеті  –  адамдардың  өз  ісіне,  адамдарға,  қоғамға  қатынасын  білдіретін 
қасиеттері  және  оның  әлеуметтенуінің  көрсеткіші.  Оның  негізі  сәби  шақтан  қаланып,  ержеткенде 
әрдайым  жетілдіріліп  отырады.  Бала  мектепке  дейінгі  шақта  ойын  ,  оқу-танымдық  іс-әрекет  барысында 
заттармен  орындайтын  дағдыларды  игереді.Ойын,  әртүрлі  іс-әрекеттер,  балабақша  және  үйде  еңбек 
тапсырмаларын  орындау  барысында  бала  адамдарға,  қоғамға,  заттарға  деген  оң  қатынас  тәжірибесін 
игереді. Балаларға ойыншықтарды, кітаптарды, құрал-жабдықтарды, жеке заттарды, қоғамдық мүліктерді 
ұқыпты  ұстауға  үйрету;  іс-әрекетті  ұйымдастыруға  қажет  дағдыларды  қалыптастыру.  Баланы  өзінің 
жұмыс  орнын  дайындауға  және  оған  қажет  материалдар  мен  заттарды  әзірлеуге,  іс-әрекет  барысында 
орындайтын  жұмыстарды  міндетті  жоспарлауға,  бастаған  істі  соңына  дейін  жеткізуге  және  жұмыс 
аяқталғаннан  кейін  өз  жұмыс  орнын  ұқыптылықпен  жинастырып  пайдаланған  заттарды  орын  орынына 
қойып реттеуді үйрету қажет (1-кесте).  
Кесте-1. «Денсаулық» білім беру саласында педагогикалық процестің мазмұны. 
Кіші сала 
1  жастан  3  жасқа 
дейін 
3  жастан  5  жасқа 
дейін 
5  жастан  6  жасқа 
дейін 
 
Мәдени 
гигиеналық дағдылар 
Жеке 
бас 
гигиенасының  алғашқы 
дағдыларын меңгереді. 
Гигиеналық 
шараларды 
орындау 
ретін біледі. 
Гигиеналық 
шараларды  өздігінен 
орындауға 
ынта 
білдіреді. 
 
 
Дене шынықтыру 
Жүгіру, 
өрмелеу 
және  секіруде  алғашқы 
дағдыларды меңгереді. 
Өмірлік 
маңызды 
қимылдарды  өздігінен 
орындайды. 
Негізгі 
қимылдарды 
орындауда 
шығармашылық  тәсіл 
білдіреді. 
 
Өздігінен  қозғалу 
белсенділігі 
Кейбір  қимылдарды 
ересектердің 
көрсетуімен 
орындайды. 
Саптық 
және 
спорттық 
жаттығуларды 
меңгереді. 
Топтағы 
балалармен 
бірге 
қимыл- қозғалыс ойын 
іс- 
әрекеттерін 
ұйымдастырады. 
Салауатты 
өмір 
салты 
Қауіпті 
жағдайда 
сақтық, 
шынықтыру 
шараларын  өткізуде  оң 
эмоция білдіреді. 
Салауатты 
өмір 
салы 
ережелерін 
біледі.Ересектердің 
көрсетуімен 
шынықтыру 
элементтерін 
орындайды. 
Қауіпсіздік 
ережелерін 
саналы 
түрде 
орындайдышынықтыр
у 
шараларының 
маңыздылығы 
мен 
қажеттілігін түсінеді. 
 Мектеп  жасына  дейінгі  балаларда  мәдени-гигиеналық  дағдыларды  қалыптастыру  мәселесі  бірнеше 
ауқымды  міндеттерді  шешуді  көздейді.  Гигиеналық  дағдыларды  тәрбиелеу  үшін  балалардың  жас 
ерекшеліктерін  ескере  отырып  педагогикалық  тәсілдердің  біршамасын  толық  пайдаланған  жөн:  тікелей 
оқыту,  көрсету,  дидактикалық  ойындарды  ойнау  барысында  жаттығулар  жасау,  гигиеналық  ережелерді 
сақтау  туралы  естеріне  үнемі  салып  отыру,  оларға  талаптардың  үнемі  есіне  салып  отыру.  Балалардың 
денсаулығын  қорғау,  толыққанды  дене  тәрбиесі  және  жетекші  гигиеналық  даму  үшін  арнайы  жағдай 
қажет.  Гигиеналық  тәрбие  берудің  маңызды  шарты  –  үлкендер  талабының  бірізділігі.  Бала  гигиеналық 
дағдыларды тәрбиешімен, медбикемен, күтуші мен отбасында ата-аналарымен қарым-қатынас барысында 
қалыптастыра алады. Ата-ана міндеті – балабақшада үйреткен гигиеналық дағдыларды үнемі  отбасында 
бекітіп отыруы керек. Тағы бір айта кетеін жәйт. Ол үлкендер балаларға үнемі үлгі бола білуі керек. 
 Жаңа туған балада біраздан кейін шартты рефлекстер қалыптаса бастайды. Мысалы, белгілі  уақытта 
тамақтануға  үйренген  бала  (әрбір  үш  сағат  сайын  емізу)  екі-үш  жетіден  соң  осы  мезгіл  болғанда  ғана 
реакция беретін болады. Бұл жағдай балада қалыптаса бастаған қарапайым дағдының көрінісі. Кейін бұл 
қарапайым дағдылардың көпшілігі автоматтандырылып оның әдетіне ауысатын болады.  
 Жас баланың дағдылары мен әдеттері үлкендердің қылығына еліктеу негізінде қалыптасады. Еліктеу 
арқылы  бала  түрлі  тұрмыстық  дағдыларға  (бетті,  қолды  жуу,  мезгілімен  ұйықтау,  ояну,  тамағын  ішу, 
ойнау т.с.с.) машықтанады. 

Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Хабаршысы, «Педагогика ғылымдары» сериясы, №4(40), 2013 г. 
285 
Қорыта  келе  айтарымыз,  бала  дағдыларының  дамуын  үлкендер  қадағаламаса,  кейде  олар  ұнамсыз 
әдеттерге  айналып  кетуі  мүмкін.  Баланың  дағдыларын  оған  әуелі  жақсы  үлгілер  көрсетіп,  сонан  кейін 
ғана оны жаттықтыра бастаған дұрыс нәтижені береді.  
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   56




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет