ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ :
1.Краткий педагогический словарь пропагандиста. –М.,1988.- 125с
2.Адбуллина О.А. Общепедагогическая подготовка учителя в системе высшего образовния: «Учебное
пособие для студентов пед.институтов.–М.: Просвещение, 1979.-208с.
3.Рубинштейн С.Л. Основы общей психологии. В 2 т. –М.:АН СССР, 1989. – 485с 4.Ғ.З.Әділғазинов.
Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Хабаршысы, «Педагогика ғылымдары» сериясы, №4(40), 2013 г.
291
Особенности воспитательной работы в малокомплектной школе. // Тезисы докладов Республиканского
семинара «Совершенствование учебно-воспитательного процесса в малокомплектной школе».
Жамбыл,1993С33-34.
5.Р.А.Набуова. Сыныптан тыс тәрбие жұмысын ұйымдастырудың теориялық мәселелері.Халықаралық
ғылыми-практикалық конференция материалдары. //Алматы, 2066.-112-113б.
ПӘНАРАЛЫҚ ИНТЕГРАЦИЯ АРҚЫЛЫ БЕЙНЕЛЕУ ӨНЕРІНДЕ ОҚУШЫЛАРДЫҢ
ДҮНИЕТАНЫМЫН АРТТЫРУ
Ауелбеков Е. Б. Педагогика ғылымдарының кандидаты
Куралбаева А.А. PhD докторант
Резюме
В данной статье рассматриваются вопросы приминения материалов межпредметной интеграции в
преподавании изобразительного искусства для формирования мировозрения школьников младших
классов.
Summary
In this article questions of application of materials of intersubject integration in teaching of the fine arts for
formation of outlook of school students of elementary grades are considered.
Қазіргі таңда егеменді еліміздің саяси-идеологиялық, мәдени тұрғыдан жаңаруына сай жас ұрпақтың
жан-жақты дамуы, оның дүниетанымын қалыптастыру жаңа стратегиялық бағдарламасының күрделі
бағыттарының бірі болып саналады.
Педагогиканың аса маңызды мәселелерінің бірі – пәнаралық интеграция негізінде бейнелеу өнері
арқылы бастауыш сынып оқушыларының дүниетанымын қалыптастыру. Адамның негізгі тұлғалық
қасиеттерінің іргетасы бастауыш сыныптарда қаланатындықтан, бейнелеу өнері арқылы пәнаралық
интеграцияда оқушылардың танымдық аумағын, эстетикалық сезімдері мен қиялдарын, көркемдік
шығармашылық қабілеттерін арттыру қажеттілігі өте басым. Әсіресе бастауыш сыныптардағы оқыту-
тәрбиелеу барысында бейнелеу өнерінің оқу материалдарын пәнаралық интеграция негізінде игерудің
тұлға қалыптастырудағы сұранысының ауқымы кең екендігі айқын.
Бұл зерттеу мәселесінің құндылығы – бейнелеу өнері арқылы бастауыш сынып оқушыларының
пәнаралық интеграцияда дүниетанымын қалыптастыру жөнінде ғылыми-теориялық материалдарға шолу
жасалып, бейнелеу өнерін оқыту үдерісінде пәнаралық интеграция материалдарын, оның әдістемесін
қазіргі бастауыш мектептің оқу-тәрбие үдерісінде пайдаланудың сұранысын ашады.
Қазақстан Республикасындағы жалпы бастауыш білім берудің мемлекеттік стандартында өскелең
ұрпақтың дамуы, ғылыми дүниетаным қалыптастыруының айқын бағыттары көрсетілген. Себебі ғылыми
дүниетаным – қоғамдық сананың ең жалпы және жоғары формасы. Қазақстан Республикасындағы
әлеуметтік-экономикалық даму, күрделі өзгерістер заманындағы қазіргі түбегейлі мәселе - адамды іс
жүзінде қоғамдық дамудың басты тұлғасы дәрежесіне көтеріп, дамыту.
ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан-2050» стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси
бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауының білім және кәсіби машық - заманауи білім беру
жүйесінің, кадр даярлау мен қайта даярлаудың негізгі бағдары атты төртінші бағытында оқыту
әдістемелерін жаңғырту және өңірлік мектеп орталықтарын құра отырып, білім берудің жаңа
жүйелерін белсене дамыту керектігі көрсетілген [1].
Сол сияқты Елбасының 2004 жылғы Қазақстан халқына жолдауында еліміздегі мәдени-тарихи мұраны
сақтауға ерекше мән беру қарастырылып, «Мәдени мұра» атты арнаулы бағдарламада ұлт мәдениеті мен
дүниетанымын зерделеудің біртұтас жүйесін жасау ұсынылған.
Жеке тұлғалар дүниетанымын қалыптастыру туралы ғылыми еңбектерді талдау, сараптау нәтижесінде
бейнелеу өнерінде пәнаралық интеграцияда бастауыш сынып оқушыларының дүниетанымын
қалыптастыру мәселесі ғылыми-теориялық зерттеудің қазіргі нысанына айналып отыр. Бұнда пәнаралық
Вестник КазНПУ им. Абая, серия «Педагогические науки», №4(40), 2013 г.
292
интеграция дамыту қызметін атқарады. Бір пәннің төңірегіндегі білімді екінші пәнге қарай ауыстыруды
қамтамасыз ететін оқыту әдіс-амалдарының логикалық құрылымын қайта құру да тұлғаның жалпы
дамуына әсер етеді. Яғни, бастауыш сынып оқушыларының дүниетанымын қалыптастыру құзыреттілігін
жаңа жағдайда қолдану жүргізіледі. Оқушылар бұл жағдайда білімнің жалпы қажеттілігі мәселесімен
кездеседі, әсіресе жаратылыстану, дүниетану, табиғаттануда анық көрінеді. Оқушылардың алдына
бейнелеу өнерін оқытуда пәнаралық интеграция тұрғысындағы танымдық міндеттерді, тапсырмаларды
қою оқу іс-әрекетін барынша арттырады (көңіл-күй, еріктік үдерістерге, ойлауға, есте сақтауға, қайта
жаңғыртуға екпін беру, қиял мен тілді дамыту т.б.).
Пәнаралық интеграция - оқыту мазмұнындағы білім мен іскерліктің адамның ақыл-ой өрісін
дамытудағы, ақиқат дүниенің біртұтас жүйе екендігі жөніндегі ғылыми көзқарасты, дүниетанымды
қалыптастырудағы, алған білімді өмірмен, қоғамдық тәжірибемен байланыстырудағы маңызды
құралдардың бірі [2].
Бастауыш мектептегі пәнаралық интеграция - бастауыш сынып оқушыларының дүниетанымын
қалыптастырудың аса маңызды шарттарының бірі.
А.А.Бейсенбаева:
«Оқушылардың
танымдық
дүниесінің
қалыптасуы
оқу
үдерісін
ұйымдастырудағы пәнаралық интеграцияның нәтижелілігіне тікелей сүйенеді, әрбір пәнді оқытуда басқа
пәндер, ғылымдардың қажетті элементтері, материалдары бірлесе игеріледі. Пәнаралық интеграция
ұғымы өз ішінде пәнаралық интеграция құрамы; пәнаралық интеграция амалы; пәнаралық интеграцияның
бағыттылығы болып бөлініп қарастырылады», - деп тұжырымдаған [3].
Пәнаралық интеграция негізінде ғылыми танымын арттыру әдісі ретінде оқушылардың жүйелі
ойлау ептіліктерін дамытудың маңызы зор. Оқушыларда жалпылама пәнаралық түсініктерін
қалыптастыру пәнаралық интеграцияны құрудың соңғы кезеңін қамтиды. Пәнаралық интеграцияға
сүйене отырып, оқушыларда ойлаудың жаңа тәсілі пайда болып, жалпылық негізінде жекені талдау,
жекелерден жалпыны көре білу қабілеттері қалыптасады. Күрделі мәселелерді шешудің жаңа жолдарын
табу, білімді кешенді түрде пайдалану біліктерінің қалыптасуы да пәнаралық интеграция арқылы жүзеге
асырылады. Оның негізінде оқытудың нәтижелілігі оқушылардағы пәнаралық мәселелерді өзбетінше
шешу, әртүрлі оқу пәндерінде пәнаралық интеграцияны қолдануды сапалы түрде жүргізу кезінде
көрінеді. Оқушылардың пәнаралық мәселелерді шешудегі танымдық өзбеттілік көрсеткіші – бұл ойлау іс-
әрекетінде білімдер жүйесін біле отырып, оны қажетінше пайдалана білу тәсілдерін меңгеру болып
табылады.
Кіріктіру - педагогикалық тұтастықты қалыптастырып, білімді жүйелеу мен жинақтауда
әртүрлі ғылымдарды біріктіру [4].
Бейнелеу өнерін оқыту барысын пәнаралық интеграция негізінде ұйымдастыруда бастауыш сынып
оқушыларының танып-білуін кеңейіп, ойлауы мен қиялы артып, шығармашылық іс-әрекеті дамиды.
Бұның бәрі олардың жалпы дүниетанымының артуына, шындық дүниені дұрыс, толық қабылдауына
септігін тигізеді.
Бейнелеу өнеріне оқыту - біртұтас педагогикалық үрдістің құрамдас бөлігі. Сол себептен
бейнелеу өнерін оқыту да сол үрдістің негізгі заңдылықтарын, құрылым бөліктерін қамтиды. Оқыту
үдерісі – күрделі, біртұтас белсенді танымдық іс-әрекетке бағытталған үдеріс. Оқыту үдерісінің ғылыми
теориясы оқушылардың танымдық іс-әрекетін ұйымдастыруды, олардың білімнің ғылыми жүйесін тиімді
игеруді қамтамасыз ететін, іскерлік пен дағдыларды, таным, танымдық күштерді дамытуды, ақыл-ой іс-
әрекетінің нақтылы амалдарды пайымдайтын қабілеттілікті, дүние тануды және жеке басты дамытуды
қалыптастыру тәсілдері мен амалдарды зерттеуді қарастырады [3].
Бастауыш мектептегі бейнелеу өнері – бұл дүниені көзбен көріп түйсіну негізіндегі ауқымды өнердің
бір саласы, жалпы орта мектептегі оқу пәні және оқудағы, оқудан тыс жалпы, көркемдік және
эстетикалық тәрбие беру жүйесіндегі маңызды буын ретінде адам, табиғат, қоғам және заттық әлемді
біртұтастықта қарастыруда пәнаралық интеграция қажеттілігі айқын, эстетикалық-тәрбиелік қызметі
жоғары, бастауыш сынып оқушысының көркем, ғылыми дүниетанымын, тұлғалық қасиеттерін
қалыптастыруға бағытталған көркемдік білім берудің бір түрі.
Балалардағы дүниедегі барлық бояулар түстерін, қоршаған заттар мен құбылыстарды көруге деген
құштарлық – табиғи танымдық құбылыс. Көрген-білгендерін қағаз бетіне түсіруге асығулар - осы кезеңде,
яғни бастауыш мектеп кезеңіне тән әрекеттер. 7-8 жасар балада көркем бейнелеу жұмыстарында
шындықты тануға бағытталған сурет салу, бейнені кескіндер арқылы көрсету сияқты табиғи
қажеттіліктер байқалады.
Оқушылардың бастауыш мектеп кезеңінде бейнелеу өнері пәнін оқу арқылы бойында түзген
Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Хабаршысы, «Педагогика ғылымдары» сериясы, №4(40), 2013 г.
293
кеңістікте ойлау қабілетінің ауқымды әрі күшті болуы оның бүкіл ойлау қабілетіне, дүние келбетін
шынайы түсіне білуіне, дүниетанымын кеңейтуіне көмектеседі. Сонымен қатар, келешекте тұлға
қалыптастырудың күрделі сатысына жетелейді, ой операцияларының дамуына ықпал жасай отырып,
математика, дүниетану, ана тілі, еңбекке баулу, музыка сияқты пәндердегі көптеген ұғымдар мен
түсініктерді қиналмай қабылдап, білім деңгейін арттыруға мүмкіндіктер тудырады.
М.Орынбеков: «Дүниетаным жеке адам және оның қоғамдағы орны, сана-сезімдік қалпы жайлы
ұғымдарының жиынтығы, дүниенің біртұтастығын түсіну нәтижесі болып табылады», -дейді [5].
Танып білу - бұл адамның сана-сезіміндегі дүниенің бейнелену үдерісі. Психологиялық тұрғыдан
танымның алғашқы бастамасы ретінде нақты пайымдау танылады. Оның мақсаты - бейнелерді,
түсініктерді, дәлелдерді елестету болып табылады. Нақты пайымдауда таным сезіну мен түйсік арқылы
іске асырылып, сезіну қозғаушы материя бейнесі болады. Бұл бағытта бейнелеу өнерінің алатын орны
бөлек және ерекше.
Дүниетаным – адам санасындағы дүниенің сыртқы бейнесі ғана емес, оның сол дүниеге, қоғамдық
өмірге қарым-қатынасы, адамдардың философиялық, саяси, құқықтық, адамгершілік және эстетикалық
идеалдары мен сенімдерінің жиынтығы деген қорытынды жасауға болады. Сонымен қатар, дүниетаным
адамның мінез-құлқы мен іс-әрекетінің жалпы бағытын анықтайды.
Білімнің алғашқы сатысы, яғни бастауыш мектепте білім беру кезеңі бастауыш сынып оқушыларының
алғашқы дүниетанымдық түсініктері мен көзқарастарын қалыптастыруда қолайлы мерзім болып
табылады, яғни баланың жас ерекшеліктері тікелей дамумен қабаттаса жүріп, оның бүкіл дүниетаным
қалыптастыруымен етене байланыста болады.
Жоғарыда көрсетілген бейнелеу өнерінің оқушылардың дүниетанымын қалыптастыруға тигізер зор
ықпалына, маңыздылығына байланысты қарастырылған теориялық идеялардың, ой-пікірлердің негізінде
зерттеу жұмысымыздың өзегі ретінде мынадай басты-басты тұжырымдарды анықтадық: Дүниедегі заттар
мен құбылыстар әрдайым қозғалыста болып, өзгерістерге түсіп отырады; дүниеде кездесетін барлық
заттар табиғи, яғни табиғаттың күшімен жасалған заттар (өзен, тау, аспан т.б.) және жасанды, яғни
адамның қолымен жасалған заттар (барлық өнер туындылары, сәндік-қолөнер заттары, тұрмыс заттары,
техника құралдары т.б.) болып екіге бөлінеді; барлық заттар міндетті түрде белгілі-бір кеңістікте
орналасады және сол кеңістікте орын ауыстырады; дүниедегі заттар мен құбылыстар тек қана жарық
арқылы көзге көрінеді және жарық арқылы олардың көлемі, пішіні, түсі, табиғаты анықталады; табиғатта
кездесетін барлық заттардың өзіне тән фактурасы, жасалу, шығу тегі болады.
Оқушылардың бастауыш мектеп кезеңінде бейнелеу өнері пәнін игерудегі пәнаралық интеграция
негізінде түзген кеңістіктік ойлау қабілеттері, түстану, жарық пен көлеңке, перспектива, композиция
эаңдылықтарын білу іскерліктері олардың бүкіл ойлау қабілетіне, дүние келбетін шынайы әрі берік
түсінуіне, таным аумағының өсуіне оң ықпалын жасай отырып, дүниетаным қалыптастыруларына
көмектеседі.
Қорыта айтқанда, пәнаралық интеграция білім берудегі, оқытуда және тәрбиелеудегі міндеттерді
шешуде, бастауыш сынып оқушыларының бейнелеу өнері арқылы дүниетанымын қалыптастыруда
маңызды әрі шешуші роль атқарады. Білімдер жүйесінің мәні және білімнің игерілуінің пәнаралық
деңгейде жүзеге асырылуы – бастауыш сынып оқушыларында ақиқат дүниенің біртұтас жүйе екендігі
туралы дұрыс түсінік қалыптастырудың бірден-бір жолы. Бейнелеу өнеріндегі пәнаралық интеграция
оқушылардағы теориялық білімдерді іс жүзінде қолдануға мүмкіндік бере отырып, олардың ғылымның
сан алуан салалары туралы кең, ауқымды ой-өрісі бар адамды тәрбиелеуге жол ашады және бастауыш
сынып оқушыларының толыққанды білім ала отырып, бүкіл танымдық қызметін дамытуға, сөйтіп
дүниетанымын қалыптастыруға тікелей ықпалдар мен жағдайлар жасайтын үдеріс ретінде бастауыш
мектептегі оқу-тәрбие барысында әрдайым әрі ұтымды пайдалануға қажет ететін ауқымды шаралар
жиынтығын құрайд
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ :
1.
Назарбаев Н.А. ҚР Президентінің «Қазақстан-2050» стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа
саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауы. Астана, 2012.
2.
Бейсенбаева А.А. Пәнаралық байланыс негізінде оқу процесін ұйымдастыру. -Алматы.
Республикалық баспа кабинеті. -1995. –117 б.
3.
Петрова И.И. Педагогические основы межпредметных связей. -М., Высшая школа. -1985.
4.
Педагогика және психология. Ғылыми түсіндірме сөздігі. Қ.Б.Жарықбаев, С.Қалиев т.б. -Алматы.
Вестник КазНПУ им. Абая, серия «Педагогические науки», №4(40), 2013 г.
294
Мектеп. -2002. -249 б
5.
Орынбеков М. Ежелгі қазақтардың дүниетанымы. -Алматы. -1996.-264 б.
6.
ӘОК 375 (574): 375.87
ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯЛАР НЕГІЗІНДЕ ОҚУШЫЛАРДЫҢ ТАНЫМДЫҚ БЕЛСЕНДІЛІГІН
ДАМЫТУ НЕГІЗДЕРІ
Мария Ботайқызы Жаздықбаева, ХҚТУ, п.ғ.к., доцент
Жақыпбек Қасымбеков, ХҚТУ, п.ғ.к., доцент
Қ.А. Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті
Түркістан қ., Қазақстан
Резюме
В статье речь идет об основах развития познавательной активности учащихся на основе новых
педагогических технологий. Также рассматриваются вопросы целей системы образования, эффективного
исползования педагогических инноваций в учебном процессе школы.
Summary
The article focuses on the basics of cognitive activity of students on the basis of new educational technologies.
Also addresses the objectives of the education system, effective USABLE FLOOR SPACE pedagogical
innovations in the educational process of the school
Соңғы жылдары қоғамда болып жатқан ғылыми жаңалықтар мен білім беретін мекемелердің
дамуында оң өзгерістердің көбеюі олардың өмірмен байланысының нығаюы сияқты факторлардың
ықпалы зерттеушілер мен әдіскерлердің танымдық белсенділікті дамыту теориясына деген ықыласын
күшейте түсуде.
Философиялық сөздікте: «Таным – іс-әрекетінің адам мақсаттары ұмытылыстарының негізі
болатын білімін қалыптастырушы, шығармашылық қызметінің қоғамдық-тарихи процесі. Ой еңбегі мен
дене еңбегі барысында қарама-қарсылық бар жерде, шығармашылық, жаңалық ашушы және тудырушы
іс-әрекет орындаушылық пен жаттандылыққа әлеуметтік тұрғыдан қарама-қарсы қойылған жерде Таным,
көбінесе, рухани өндірістің (ғылыми, эстетикалық, этикалық, діни-парасаттық қызметтің және т.б.) түрлі
салаларындағы кәсіби мамандардың ерекше функциясы ретінде көрінеді – деген анықтама берілген [1].
Таным процесінің практикалық қызмет барысында іске асатынын ескерсек, студент өз еркімен білімді
игеруге талпынбаса, өз бетінше жұмыс істеуге әрекеттенбесе белсенділіктің болуы мүмкін емес. Егер
студент өзінің оқу-танымдық әрекетінің мақсатын айқындай алса, онда танымдық қызметте ерік күшінің
қалыптасуына ықпалын тигізеді.
А.Н.Леонтьев өз зерттеуінде таным туралы: «Таным – әрекет түрлерінің бірі болғандықтан таным
барысындағы қиындықтарды жеңу жөніндегі ерік күші таным әрекетінің мақсатын кімнің алға
қоятынына елеулі дәрежеде байланысты деп жорамалдауға болады» - деп дәлелдеген.
Білім беру жүйесінің алдына қойылған мақсаты – адамзаттың прогрестік ерекшелігіне, қоғамдық –
тарихи, саяси-әлеуметтік экономикалық жағдайына сай негізделеді. Қоғам ілгері дамыған сайын
адамдардың өмірге деген көзқарастары өзгеруде, білім алуға тілдерді үйренуге деген ынтасы арта түсуде.
Білім беруді ақпараттандыру, пәндерді ғылыми-технологиялық негізде оқыту мақсаты алға қойылуда.
Кез-келген мемлекеттің дамуы ақпараттық мәдениетінің деңгейіне байланысты. Білім беру жүйесін
ақпараттандыру бағыты – жаңа ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы дамыта және
дистанционды (қашықтан) оқыту, жеке тұлғаға бағыттап оқыту мақсаттарын жүзеге асыра отырып, оқу-
тәрбие үрдісінің барлық деңгейлерінің тиімділігі мен сапасын көтеруді көздейді[2].
Интернет желісі мен электронды поштаның кеңеюі, оның күнделікті тұрмыста қолданысқа енуі
оқушылардың ойлау жүйесінің артуына, ақпараттарды мол қабылдауына өз әсерін тигізіп отыр.
Оқытуды компьютерлендіруде компьютердің мүмкіншіліктері өте кең: электронды оқулықтардың
Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Хабаршысы, «Педагогика ғылымдары» сериясы, №4(40), 2013 г.
295
көмегімен білім, жаттықтыру тапсырмаларын беру, оқушылардың білімін тексеру, тестілеу, әр түрлі
ойындар, т.б. Оқыту үрдісінде компьютер оқыту нысаны және құралы болуы мүмкін. Яғни, оқытуда
компьютерді қолданудың екі бағыты бар:
1. Компьютердің мүмкіндіктерін сезініп, оны әр түрлі жағдайда пайдалана білуге қажетті білім,
іскерліктер мен дағдылармен қаруландыру.
2. Компьютер оқытудың тиімділігін жоғарылатып, сапасын көтеретін күшті құрал болып табылады.
Білім беру үрдісінде белгілі бір қатып қалған әдіс-тәсілдермен жұмыс істеу мүмкін емес, білім беру
жүйесі үздіксіз жаңартуларды қажет етеді. Тек соңғы жылдары ғылым саласында білімнің жаңа бағыты
ретінде педагогикалық инновация дамып келеді. Осындай жаңа педагогикалық инновацияларды бірнеше
жыл қолданып келеміз. Толығырық келесі кестеден көруге болады.
Кесте 1 Педагогикалық инновация
Педагогикалық инновация
Модификациялық
инновация
Комбинаторлық инновация
Модульдік инновация
1.Модификациялық инновация – қолда бар мәліметті дамыту, оның түрін өзгертумен айналысу.
Мысалы: «X-XY ғғ. Қазақстандағы ұлттық этносаяси процестері» деген тақырыпты өткен кезде тірек
сызбаларды пайдалану. Адамзаттық қоғам белгілі бір табиғат заңдылығы бойынша. Мысалы: саңырау
құлақ өсу үшін нақтылы факторлар қажет. Қандай? Мына сызбаға назар аударайық.
2. Комбинаторлық инновация – бұрын пайдаланылмаған, белгілі әдістеме элементтерін жаңаша
құрастыру.
3. Модульдік инновация – жеке дара тақырыптарды блок түрінде байланыстыру. Бұл технология жеке
тұлғаның білім алу процесіндегі рөлін басты деп бағалайды және оқушы өзі оқыса ғана, бірнеше мәрте
қайталау арқылы оқу процесіндегі өз мүмкіншіліктерін іске асырады, орын табады және қанағаттанады,
пәнге деген қызығушылығы пайда болады және дамиды деп есептейді. Сол үшін тарих сабақтарында
сөзжұмбақ, тест құрастыру, реферат жазу т.б. тапсырмалар беруге болады. Сондықтан оқушылар
тапсырмаларын толық, қызықты орындау мақсатында көркем әдебиеттерден, газет-журналдардан,
теледидар хабарларынан, Интернеттен жаңа ақпараттар алуға тырысады.
Қазіргі кезде оқытушы сабақ мазмұны қызықты әрі жаңаша өтуі үшін өзінің бағалы уақытын қажетті
материалды іздеу мен жүйелеуге жұмсайды. Ол үшін басты міндет – оқытуды компьютерлендірудің
концептуалды аспектісін жасау. Осыған орай оқытуды ақпараттандыруда төмендегі сәттерді ескеру
қажет.
- Оқыту үрдісін компьютерлендіру кезінде компьютерді белгілі бір үрдістерде, құбылыстарда,
экономикалық жағдайда модельдеуге үйрету.
- Компьютерлендіру оқытушыны оқыту үрдісінен шығарып тастамай, керісінше оқушымен неғұрлым
тиімді жұмыс жасауға жағдай туғызуы керек.
- Компьютерді алға қойылған педагогикалық мәселені сапалы және тез шешуге көмектесетін жағдайда
ғана пайдалану қажет. Сондықтан оқытушы оқытудың жаңа әдіс тәсілдерінің бірі – «компьютер арқылы
пәндік сабақтар» өткізуі қажет.
Мектеп оқушылары Интернет жүйесі және электронды пошта арқылы әлемдегі қоры бай
кітапханалардан қажетті мәліметтерді алады[3].
Электронды оқулықтар – ғылыми негізде дайындалған педагогикалық ақпараттық өнім. Электронды
оқулықты дайындаудың негізі – модульдік оқытудың педагогикалық теориясы болып табылады. Онда
теориялық тақырыптар кеңінен беріліп түсіндіріледі, графикалық иллюстрациялар, әртүрлі суреттер
арқылы теориялық білім толықтырылады.
Бүгінгі күні, әсіресе тарих сабақтарында, теледидар - негізгі бір білім беру жүйесінің ақпараттық
құралы. Теледидар бағдарламаларын келесі мақсаттармен қолданамыз: теледидар бағдарламалары
арқылы оқушыларға суреттелген телелекция тыңдайды; документалды кинолардан оқушылар мол
қосымша мәліметтер алалады; көркем фильмдерден балалар үлкен тәрбиелік мектептен өткен болады;
ақпараттық бағдарламалар оқушыға күнделікті өз мемлекетінде, жер жүзінде болып жатқан көптеген
жаңалықтар беріп отырады.
Қорыта айтқанда, әр бір ұстаз заманға сай кәсібін жетік білетін, өз ісінде жаңа технологияны
пайдаланатын, іс-әрекетінде компьютерлік жүйенің ақпараттық мүмкіндіктерін қолдана алатын біліктілігі
жоғары маман болуы керек. Сонда ғана шағын жинақталған мектеп оқушыларына толық қанды білім
Вестник КазНПУ им. Абая, серия «Педагогические науки», №4(40), 2013 г.
296
беруге, оларды рухани, мәдени, ғылыми құндылықтармен байытуға, жеке тұлға ретінде қалыптастыруға
толық жағдай жасалынады.
Бүкіл дүниежүзілік білім әлеміне кіру мақсатында қазіргі кезде Қазақстанда білімнің жаңа жүйесі
құрылуда. Бұл үрдіс педагогика теориясы мен оқу-тәрбие үрдісіне нақты өзгерістер енгізумен қатар
жүргізіледі. Елімізде болып жатқан түрлі бағыттағы өзгерістер білім беру қызметіне жаңаша қарауды, қол
жеткен табыстарды сын көзбен бағалай отырып саралауды, жастардың шығармашылық әлеуетін
дамытудың, мұғалім іс-әрекетін жаңаша тұрғыда ұйымдастыруды талап етеді. Тәуелсіз ел болып, өз
алдына дербес мемлекет алғанымыз - үлкен жетістік. Ендігі жерде жас мемлекетіміздің әлем кеңістігінде
өркениентті ел ретінде танымал болып, экономиканы өркендетіп, халықтың әлеуметтік жағдайын, білімі
мен ғылымы, өнері мен мәдениеті өркендеп, халықтың әлеуметтік жағдайы дүние жүзі мемлекеттерімен
теңесуі үшін ел мүддесі жолында аянбай тер төгіп, мағыналы да, маңызды жұмыстар атқару –
Республикамыздың әр азаматының парызы. Сондықтан бүгінгі таңда өмірдің жалғастырушысы – ертеңгі
болашағымыз ел мен жердің иесі – жас ұрпақты лайықты тәрбиелеп өсіріп, сапалы білім беру қажеттілігі
туындайды [4].
Қазіргі қоғамымызда әр мұғалім өз іс-әрекетінде қажетті өзгерістерді әр түрлі тәжірибелер жөніндегі
мағлұматтарды жаңа әдіс-тәсілдерді дер кезінде қабылдап, дұрыс пайдалана білуі керек. Сонымен қатар
мектептегі оқу-тәрбие жүйесі, мұғалім–оқушы арасындағы қарым-қатынас жалпы оқытуды ұйымдастыру
талапқа сай елеулі өзгерістерді қажет етіп отыр. Мектеп тәжірибесінде жаңаша жұмыс істеп жаңашыл
технологияларды пайдаланып жүрген мұғалімдер бар. Бірақ олардың пікірінше жаңашыл әдіс-тәсілдерді
іс жүзінде нәтижелі қолдану жолдарын, инновациялық үрдістерді бір жүйеге келтіріп оның
педагогикалық негіздерін анықтау, оларды білім беруді дамытудың негізгі факторларына айналдыру
мәселелерін шешу қиындық тудырады [5].
Сондықтан келер ұрпаққа қоғам талабына сай тәрбие мен білім беруде мұғалімдердің инновациялық
іс-әрекетінің ғылыми-педагогикалық негіздерін меңгеруі - маңызды мәселелердің бірі. Жаңа рухани,
эстетикалық және тәжірибелік құндылықтардың пайда болуын танымдық эволюция анықтайды.
Ақпараттылық әлемді қоғаммен шынайы байланыс сапасын толықтыруды қолдану, әлеуеттіұштастыру
жүйесін кеңейтеді, тұлға – қоғам жүйесінің дамуын көрсетеді. Бұл жоспарда Ю.А.Левада әлеуметтік
ақпаратты көрсету жорығында үлкен құндылық танытқан. Оның анықтауынша, қоғамдағы жеке бастың
қабылдау белгілерін 3 түрге бөлуге болады, құрылымдық ақпаратты, іргелілік ақпараты, амалды ақпарат
болып бөлінеді[6].
Достарыңызбен бөлісу: |