Хабаршы вестник


ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ



Pdf көрінісі
бет42/56
Дата12.02.2017
өлшемі4,46 Mb.
#3969
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   56

 
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ : 
 

Вестник КазНПУ им. Абая, серия «Педагогические науки», №4(40), 2013 г. 
272 
1.  ҚР  Президентінің  «Қазақстан-2050»  стратегиясы  -  қалыптасқан  мемлекеттің  жаңа  саяси  бағыты» 
атты қазақстан халқына жолдауы. 14 желтоқсан. Астана, 2012. 
2.Қалиев С. Қазақ халқының салт-дәстүрлері және демократ ағартушылары. -Алматы: РБК, 1993. 
3.Байтұрсынов  А.  Ақ  жол.  Өлеңдер  мен  тәржімелер,  мақалалар  және  әдеби  зерттеулер.  –Алматы: 
«Жалын», -1991. 
4.Жұмабаев М. Педагогика. –Алматы: «Ана тілі». -1992. 
5.Қалиұлы С. Қазақ этнопедагогикасының теориялық негіздері мен тарихы. -Алматы: «Білім», -2003.  
 
 
ӘӨЖ: 370.7122 
 
МЕКТЕП 
ЖАСЫНА 
ДЕЙІНГІ 
КЕЗЕҢДЕГІ 
БАЛАЛАР 
ЕҢБЕГІНІҢ 
ӨЗІНДІК 
ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ 
 
SPECIFIC FEATURES OF HURSERY SCHOOL CHILDREN’S 
 
СПЕЦЕФИЧЕСКИЕ ОСОБЕННОСТИ ТРУДА ДЕТЕЙ ДОШКОЛЬНОГО ПЕРИОДА 
  
А.Рысбекова п.ғ.к., доцент м.а. 
ИсаховаШ.И. аға оқытушысы 
  
  
Түйіндеме 
 
 Бұл  мақалада  мектеп  жасына  дейінгі  кезеңдегі  балалар  еңбегінің  өзіндік  ерекшеліктері  жөнінде 
баяндалады.  Еңбек  тәрбиесі  балалардың  эстетикалық  талғамын  дамытып,  сұлулыққа,  әдемілікке 
әуестендіреді, адамгершілік қасиеттерін қалыптастырады. Дұрыс ұйымдастырылған ұжымдық және жеке 
еңбектің барлық түрі, олардың нәтижесі балаларда қанағаттану сезімін, еңбекке жақсы қарым-қатынасын 
тудырады.  Бұл  жұмыс  баланың  ақыл-ойын,  қиялын,  шығармашылығын  дамытады.  Дағдыларын 
қалыптастырып, ересектердің еңбегін бағаларға үйретеді. Оларды мектептегі еңбекке даярлайды. 
КІЛТ  СӨЗДЕР:  бала,  еңбек,  ұжым,  дағды,  эстетика,  тәрбие,  адамгершілік,  тәрбиеші,  әдемілік, 
ерекшелік. 
 
Резюме 
 
 В  статье  рассматриваются  особенности  труда  детей  дошкольного  возраста.  Трудовое  воспитание 
развивает эстетический вкус детей, прививает интерес к прекрасному, формирует нравственные качества. 
Правильно организованные коллективные и индивидуальные виды труда, способствуют появлению у 
детей чувства удовлетворенности, положительное отношение к труду. 
Данная  работа  способствует  развитию  ума,  вображения,  творчества  детей,  учит  их  эстетике, 
воспитанию и как оценивать труд взрослых.  
КЛЮЧЕВИЕ  СЛОВА:  ребенок,  труд,  коллектив,  навык,  эстетика,  воспитание,  нравственны, 
воспитатель, прекрасное, особенность. 
 
Summary 
 
 This article deals with some features of work of children at preschool age. Labour education develops taste of 
children, imparts interest to fine, and forms moral qualities. 
Correctly  organized  collectively  also  are  individual  kinds  of  work,  their  results  children  have  feelings  of 
satisfaction, the positive relation to work. 
The given work develops mind, imagination, creativity of children, and helps learner to learn, the education to 
estimate adults work. 
Key words: the child, work, collective, skill, an aesthetics, education, moral, fine, feature. 
 
 Бала  тәрбиесі  әрқашан  да  күнделікті  өмірдің  ең  басты  да  жауапты  мәселесі  ретінде  қарастырылып 

Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Хабаршысы, «Педагогика ғылымдары» сериясы, №4(40), 2013 г. 
273 
келген. Ал қазіргі қоғамда, оның ішінде әр ұлт республикаларында жас ұрпақты жан-жақты дамыту, оны 
жеке тұлға ретінде жетілдіру ісіне айрықша көңіл бөлініп, бүкіл тәрбие мен білім беру мазмұнын жаңарту 
көзделуде.  Елбасы  Н.Ә.Назарбаевтың  халыққа  жолдаған  үндеуінде:  «2020  жылға  қарай  қалалық,  сол 
секілді  ауылдық  жерлердегі  барлық  балалар  мектеп  жасына  дейінгі  тәрбие  беру  және  оқытылумен 
қамтылатын  болады.  ...Үкіметке  әкімдермен  бірлесіп  үстіміздегі  жылдың  бірінші  жартысында-ақ 
балаларды  мектеп  жасына  дейінгі  оқытумен  және  тәрбиемен  қамтамасыз  етуді  арттыруға  бағытталған 
«Балапан» арнайы бағдарламасын әзірлеп, іске асыруға кірісуді тапсырамын» – деп атап көрсетті [1]. 
 Мектепке  дейінгі  балалардың  еңбек  тәрбиесінің  негізгі  міндеті  –  сәбилік  шақтан  бастап  оларды 
қарапайым  еңбек  дағдыларына  баулу  және  балалардың  еңбекке  дұрыс  қатынасын  қалыптастыру.  Еңбек 
тәрбиесі  қоғам  мүддесі  үшін  еңбек  ететін  жан-жақты  дамыған  адам  даярлау  сияқты  тәрбиенің  жалпы 
мақсатына бағытталады.  
 Мектепке  дейінгі  шақ  –  негізінен  ойын  кезеңі  болғандықтан  еңбек  бала  өмірінен  аздап  қана  орын 
алады. Әуелі  еңбек әрекетінің қарапайым элементтері көрініс тауып, бірте-бірте  еңбек  ойыннан бөлініп, 
айрықша сипатқа ие болады. 
 Еңбек  балалардың  жауапкершілік  сезімін  тәрбиелеумен  қатар  анализаторларын  (көру,  есту,  түйсіну, 
сезіну, иіс, дәм) дамытуға мәнді ықпал етеді. 
 Еңбек  бұлшық  ет  пен  барлық  ішкі  мүшелердің  қызметін  күшейтеді,  бүкіл  дененің  еңбекке  қабілетін 
арттырады,  нерв  жүйесін  дамытады.  Еңбек  процесі  баланың  анализаторларын  жаттықтырып  қана 
қоймайды, сонымен қатар ми қызметінің дамуына үлкен роль атқарып, «бұлшық ет сезімін» де дамытады. 
 Дене  мен  ақыл-ой  жұмсауды  қажет  ететін  кез  келген  еңбек  процесі  баланың  ырғақты  зейінін, 
бақылампаздығын,  тапқырлығын  дамытады.  Бала  үш  жасқа  дейінгі  шақта  еңбекке  физиологиялық, 
психологиялық  жағынан  дайындалады.  Ал  мектепке  дейінгі  баланың  еңбегі  таным  процесімен 
байланысады, оның білімге ынталануына ақыл-ойының, тілінің дамуына мүмкіндік тудырады.  
 Отбасында, балабақшада дұрыс ұйымдастырылған еңбек мінез-құл-қының моральдық жағымен қатар 
ерік-қайрат, мақсаттылық, табандылық сияқты адамгершілік қасиеттерін тәрбиелеп, еңбекке күш жұмсау 
дағдысын қалыптастырады. 
 Бұл кезеңдегі бала еңбегінің өзіндік ерекшелігі – ойынмен тығыз байланыстылығы. Бұлардың ойыны 
мен  еңбегінің  арасын  ажырату  қиын.  Өйткені  алғашқы  еңбек  әрекетінің  қарапайым  элементі  ойыннан 
басталады. Еңбекте жаңа заттармен, құбылыстармен  кездеседі, оларды танып біледі, соның нәтижесінде 
ең алғашқы қанағаттану сезімі пайда болады. 
 Бұл  кезеңде  балалар  еңбек  құралын  меңгеріп,  бір  іс-әрекетті  бірнеше  рет  қайталаудан  ләззат  алады. 
Бұларда мақсатқа жетуде  қызығудан гөрі бір процесті қайталау басым келеді, нәтижеге жетуден гөрі іс-
әрекетке  талпыну  күшті  болады.  Сондықтан  бұл  кезеңдегі  бала  іс-әрекетінің  ерекшелігі:  мақсатының 
тұрақсыздығы, басқа нәрсеге көңілінің тез ауытқып кететіндігі. 
 Тәрбиеші көптеген  еңбек дағдыларын үйрету, бекіту, дамыту үшін  ойынды  еңбекпен жалғастырады, 
үйлестіреді.  Мысалы,  балалар  қуыршақпен  ойнауда  бірқатар  еңбек  процесін  орындайды:  қуыршақты 
киіндіру  және  шешіндіру,  қуыршақ  бұрышын  жинау,  оның  киімдерін  жуу,  тігу,  ыдыстарын  жинау,  жуу 
т.б.  жұмыстардың  ретін  үйретеді.  Әсіресе  ересек  топтағы  балаларға  ойын  барысында  керекті  заттарды 
жасау қажеттігі туады. 
 Балабақшадағы еңбек тәрбиесінің міндеттері: 
1) балаларды үлкендердің еңбегімен таныстыру және оған құрмет сезімін тәрбиелеу; 
2) қарапайым еңбек дағдыларын үйрету; 
3) еңбекке қызығушылығын, сүйіспеншілігін, дербестігін тәрбиелеу; 
4)  ұжымда  және  ұжым  үшін  еңбек  ете  білуге  баулу,  қоғамдық  бағытта  еңбек  ету  мотивін 
қалыптастыру [2]. 
 Балабақшадағы  еңбек  тәрбиесінің  міндеті  мен  талабына  сәйкес  келетін  еңбектің  төмендегі  түрлері 
ұйымдастырылады: 
 Тұрмыстық-шаруашылық  еңбек  (өзіне-өзі  қызмет  ету,  кезекшілік,  топ  бөлмесін,  участкені  тазарту). 
Бұл баланы еңбекке дайындайтын ерекше іс-әрекет. 
 Еңбектің  бұл  түрі  сәбилер,  кішкентайлар,  естиярлар,  ересектер,  мектепке  даярланатын  топтарда 
жүргізіледі. 
 Балаларды ересектердің үй шаруашылығы еңбегіне, тұрмыстық еңбекке қатыстыру.  
 Үй шаруашылығындағы еңбек бірден-бір өмірлік қажеттілік және оның мақсатын баланың санасына 
оңай жеткізуге болады. 
 Балабақшадағы балалардың тұрмыстық-шаруашылық еңбегін ұйымдастыру белгілі бір формада өтеді. 

Вестник КазНПУ им. Абая, серия «Педагогические науки», №4(40), 2013 г. 
274 
Ол әр түрлі жас шамасындағы топтағы балалардың еңбегінің мазмұны мен мөлшерін анықтайды. Әуелі 
жеке тапсырмалар орындаудан басталып, кейіннен шағын топтармен орындалатын міндеттер жүктеледі.  
Табиғат  аясындағы  еңбек  –  бақшада,  бақта,  гүлзарда  еңбек  ету,  табиғат  мүйісіндегі  өсімдіктер  мен 
жануарларды  күту.  Гүлдерді,  жемістерді,  көкөністерді  күту,  мал  өсіру  –  нәтижесі  көрінетін  еңбек.  Бұл 
сәбилер тобынан басталады. Көбіне таза ауада өтеді де, баланың денсаулығын нығайтады. 
 Табиғаттағы  күнделікті  жүйелі  еңбек  балалар  ұжымын  біріктіреді,  жалпы  қызығушылығын, 
жауапкершілік сезімін дамытады, белгілі бір дағды қалыптастырады, нақты білім алады, бақылампаздығы 
артады, жалпы ақыл-ой аясы кеңиді. 
 Қол  еңбегі  (құрастыру,  қағазбен,  ағашпен,  матамен,  табиғи  т.б.  материалдармен  жұмыс  істеу) 
балалардың  қажеттілігі  мен  қызығушылығына  байланысты,  сондықтан  да  бағалы.  Ойынға  қажетті  зат 
жасау,  бізді  қоршаған  жақын  адамдарға  сыйлық  дайындау  сияқты  мақсаттар  қояды.  Мақсаттың 
айқындылығы  бала  еңбегін  мәнді  де  мазмұнды,  қуанышты  етіп,  балаға  эмоциялы  толқу  тудырады. 
Еңбектің  бұл  түрі  енжар  балалардың  белсенділігін  тудыруға  мүмкіндік  береді,  балалардың  тату,  дос 
ұжымын  ұйымдастырады.  Сонымен,  құрылыс,  құрастыру,  іс-әрекеттері  жоспар  жасаудың  алғашқы 
элементін тудырып, алдына мақсат қоюға, мақсатқа жетудің құралын, жолын іздестіруге, қиыншылықты 
жеңуге  үйретеді,  ой  тапқырлығын  ұштайды,  техникалық,  творчестволық  өнертапқыштығын  дамытады, 
әдет пен дағдыны жүйелі түрде үйренуді талап етеді. Бұл процесс материалдың сапасын тануға, онымен 
жұмыс  істеуге,  еңбекті  ұйымдасты-руға,  тазалықты  қатаң  сақтауға,  қарапайым  еңбек  құралдарын 
пайдалана  білуге  үйретіп,  практикалық  іскерлікті  игеруге  мүмкіндік  жасайды.  Сөйтіп,  балаларды 
психологиялық жағынан мектептегі еңбекке дайындайды.[3]. 
 Балалардың  жасы  өскен  сайын  еңбек  процесін  ұйымдастыруда  тәрбиешінің  әдісі  мен  тәсілі  де 
өзгереді.  Балаларға  тапсырманы  орындату  процесінде  тікелей  бұйрық,  нақты  көмек  берудің  орнына 
тәрбиеші  жанама  еске  түсіру,  ақыл-кеңес  беру  әдістерін  қолданады,  сөйтіп,  жеңіл  міндеттерді  дербес 
шешуге  бағыттайды.  Ересек  балаларда  «үйренсем»  деген  ішкі  ниет  пайда  болады.  Ол  еңбек  әрекетінің 
негізгі мотиві болып есептеледі, тәрбиеші осыған сүйеніп жүйелі, бір қалыпты, белгілі мөлшерде тәрбие 
жұмысын жургізеді. 
 Тәрбиешінің  негізгі  методикалық  тәсілі  –  жұмысты  тусіндіру  көрсету,  үйрету.  Жаңа  дағдыны  игеру 
балаға  қиыншылықты  жеңу  қуанышын  әкеліп,  еңбекке,  қоршаған  ортаға,  үлкендер  мен  балаларға  деген 
дұрыс қарым-қатынасын қалыптастырады. 
 Балалардың  еңбегі  дербестігімен  ерекшеленеді  және  сөзсіз  тексеріліп  отырады.  Кезекшінің  жақсы 
жұмысы  мадақталады,  кемшіліктері  мен  қателіктері  көрсетіледі,  оны  түзеудің  жолдары  айтылады.  Әр 
кезеңде  тексеру  формасы  өзгеріп  отырады:  мысалы,  кезекшінің  жұмысына  әңгіме-талдау,  өз  жұмысы, 
өзгелердің жұмысы жайында қорытынды жасау, кезекшілікті балалардың алдында тапсыру. Кезекшілікті 
қабылдап алатындарға не нәрсеге көңіл бөлулері қажет екені де ұғындырылады. Тәрбиеші балаларды бір-
бірінің  жұмысын  тексеруге,  бағалауға,  өзіне  және  жолдастарына  талап  қоюға,  бір-біріне  көмектесу, 
қолғабыс тигізу сияқты адемгершілік қасиеттерге баулиды. 
 Тәрбиеші  жұмысының  тағы  бір  тәсілі  кезекшімен  қысқа  әңгіме  жүргізіп,  жұмысына  бағыт  береді, 
тапсырылған  жұмысқа  байланысты  білімді  хабарлайды,  міндетін  анықтайды,  орындау  тәсілін  үйретеді, 
жолдасының жұмысына көңіл бөлу, қамқоршы болу, өзін-өзі бақылау, саналы қарау сезімін оятады. 
 Бұл  кезеңдегі  балалар  техникаға  құштар  келеді.  Қөп  нәрсенің:  самолеттің,  паровоздың  т.б.  тетігін 
жасай  алады,  сондықтан  тәрбиеші  оларға  әр  түрлі  ойыншық:  телефон,  диірмен,  светофор, 
радиоқабылдағыш,  телевизор  және  т.б.  жасауды  үйретеді.  Құрастыру  ойыны  топ-пен  және  жеке 
ұйымдастырылады.  Тәрбиеші  балаларға  көмектеседі,  көрсетеді,  бірақ  бала  үшін  өзі  істемейді.  Бала  бір 
затты  жасау  үшін  ойланады,  салыстырады,  талдайды,  пікір  таластырады.  Балаларды  дербес  шешім 
жасауға, бастамашылдыққа, ойлауға баулиды. 
 Балалардың желімдеу, жапсыру, бояу, құрастыру, сурет салу және т.б. дағдыларын ойын процесінде 
меңгертудің  маңызы  мол.  Мектепке  даярлайтын  топтағы  балалар  тігу,  кестелеумен  де  шұғылданады. 
Олар ине сабақтауды, жіп түюді, шетін қиюды, түймені қадауды, қарапайым тігіспен кестелеуді өздігінен 
істей алуы  керек. Дұрыс ұйымдастырылған  еңбек тәрбиесінің нәтижесінде  «тәрбиеші шәкірттің  еңбекке 
деген сүйіспеншілігін ғана емес, сонымен қатар едбек ету әдетін де оның бойына сіңіреді»
1

 Еңбек  тәрбиесі  балалардың  эстетикалық  талғамын  дамытып,  сұлулыққа,  әдемілікке  әуестендіреді, 
адамгершілік қасиеттерін қалыптастырады. 
 Дұрыс  ұйымдастырылған  ұжымдық  және  жеке  еңбектің  барлық  түрі,  олардың  нәтижесі  балаларда 
қанағаттану  сезімін,  еңбекке  жақсы  қарым-қатынасын  тудырып,  ақыл-ойын,  қиялын,  творчествосын 
дамытады,  дағдыларын  қалыптастырып,  ересектердің  еңбегін  бағаларға  үйретеді,  сөйтіп  оларды 

Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Хабаршысы, «Педагогика ғылымдары» сериясы, №4(40), 2013 г. 
275 
мектептегі еңбекке даярлайды. 
 Балабақша  мен  семьяның  бірлесе  жүргізген  тәжірибе  жұмысы  ғана  еңбек  тәрбиесінің  дұрыс  іске 
асуын қамтамасыз етеді. Педагогтар ата-аналар жиналысында, олармен әңгімеде «Балалар бақшасындағы 
тәрбие бағдарламасының» талап-тілегімен таныстырады, үйде балалармен еңбек тәрбиесін ұйымдастыру 
жайлы  ақыл-кеңес  береді.  Балалардың  жас  ерекшелігіне  байланысты  отбасында  ұйымдастыратын 
еңбектің  түрлері  жайлы  ата-аналарға  нақты  тапсырмалар  беріп,  балаға  үйде  де  балабақшада  да  бірдей 
талап қою қажеттігі ұғындырылады. 
 Тәрбиеші  ата-аналармен  балалар  жұмыстары  көрмесін,  фотокөрме  (балабақшадағы  балалардың 
еңбегін  сәулелендіретін)  ұйымдастыру,  ата-аналарға  қажетті  педагогикалық  әдебиеттерді,  мақалаларды 
ұсыну, стенділерді жасақтап, көрсетіп отырады.  
  
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ : 
 
1. 
Назарбаев  Н.Ә.  «Жаңа  он  жылдық  –  жаңа  экономикалық  өрлеу  –  Қазақстанның  жаңа 
мүмкіндіктері» Жолдауы. –Астана, 29 қаңтар 2010 жыл 
2. 
Ә.Меңжанова, Г.Исмағұлова, Е.Дайрабаев Мектепке дейінгі педагогика. –Алматы,1982 
3. 
Маркова Т.А. Воспитание и трудолюбие у дошкольников. - Москва: Просвещение, 1991. 
 
 
 
БАСТАУЫШ 
СЫНЫП 
ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ 
ЭТНОМӘДЕНИ 
ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫН 
ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
  
Жұбандықова А.М. азақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің п.ғ.к., аға оқытушысы 
 
 
Түйіндеме 
 
 Мақалада  бастауыш  сынып  оқушыларының  этномәдени  құндылықтарын  қалыптастырудың 
ерекшеліктері жайында жазылған. Оқушылардың этномәдени құндылықтарын қалыптастыру этномәдени 
құндылық мәселесін шешуде маңызды болып табылатыны анық. Осы орайда құндылықты қабылдаудың 
негізі  бастауыш  мектептен  қаланатынына  байланысты  этномәдени  үдерісті  жан-жақты  зерттеу  мәселесі 
туындайды.  
Этномәдени  құндылық  өз  Отанына,  туған  жеріне,  ана  тілі,  салт-дәстүрі  арқылы 
қалыптасады.  
  
Резюме 
 В  статье  рассматривается  вопрос  об  этнокультурном  воспитании  учащихся  начальной  школы. 
Этнокультурное  воспитание  учащихся  имеет  большое  значение  в  решении  этнокультурных  проблем.  В 
связи  с  этим  возникает  необходимость  всестороннего  изучения  этнокультурных  процессов  особенно  в 
начальной школе, так как именно здесь закладывается основа ценностного восприятия. Этнокультурные 
ценности  формируются  через  уважение  к  своему  краю,  Родине,  через  знания  родного  языка,  традиции, 
обычаев. 
 
Summary 
 
 
The  article  discusses  the  ethnic  and  cultural  education  of  elementary  school  pupils.  Ethno-cultural 
education  of pupils  is of  great importance  in solving the  problems  of  ethnic and cultural. In this regard, there is 
need  for a comprehensive study  of  ethnocultural processes particularly  in primary schools, as it  is  here  laid the 
foundation  of  value  perception.  Ethno-cultural  values  are  formed  through  respect  for  their  land,  homeland, 
through the knowledge of the native language, traditions and customs 
 
 
 
 
 Қазіргі  заман  талабының  бірі  –  жан-жақты  мәдениетті  тұлға  тәрбиелеу.  “Өз  мәдениеті  арқылы  өзге 

Вестник КазНПУ им. Абая, серия «Педагогические науки», №4(40), 2013 г. 
276 
мәдениеттерге бағыт ұстанған адам жан-жақты мәдениетті тұлға болып ұғынылады” [1] – деп Қазақстан 
Республикасының этникалық-мәдени білім тұжырымдамасында атап көрсетілген.  
Ғаламдық  жаһандану  жағдайындағы  жаңа  қоғамда  орын  алған  iрi  экономикалық  өзгерiстер  мен 
технологиялық  жетiстiктер  –  қоғам  дамуының  қозғаушы  күшi  болып  табылатын  бiлiм  жүйесiне  орасан 
ықпалын  тигiзiп  отыр.  Әлемдiк  қауымдастықтың  бiртұтас  бiлiм  кеңiстiгiн  қалыптастыруға  бағытталған 
ортақ  мүддеге  барынша  әрекеттенуi  –  жалпыадамзаттық  және  ұлттық  құндылықтарды  бойына 
сiңiрген саналы да парасатты тұлғаны тәрбиелеу қажеттiгiн де алға тартып отырғаны шындық. 
Болашақта  гүлденген  Қазақстанның  одан  ары  қарыштап  өркендеуiнiң  негiзгi  тұтқасы  болатын 
демократиялық қоғамды құратын парасатты және бiлiмдi тұлғаларды дайындауда ұлттық тәлiм-тәрбиенiң 
атқаратын жұмысы зор екенi даусыз. Озық жетiстiктерге негiзделген бiлiм нәрiмен қатар, ұлттық тәрбие 
құндылықтарын бойына сiңiрген ұрпақтар ғана ұлт тағдырын тереңiнен таразылап, болашағын барынша 
болжайтын қоғам сұраныстарына жауап беретін және барынша әлеуметтенген тұлға ретiнде танылатыны 
анық. 
 Демек, педагогика ғылымының осы кезге дейiн қалыптасқан озық тәжiрибелерiне сүйене отырып, оны 
бастауыш сынып оқушыларына оқу-тәрбие процесінде этномәдени құндылықтарды барынша пайдалану – 
басты талаптардың негiзi болуы шарт. 
 Бұл  жөнiнде  Қазақстан  Республикасында  бiлiм  берудi  дамыту  тұжырымдамасында:  “...тәрбие  мен 
оқыту мазмұны бiрiншi деңгейде қызметтiң өзiндiк түрлерiн және баланың даму бағытын, оның кейiнгi 
мектеп жағдайына бейiмделуiн қамтамасыз етуге тиiстi...” , [2] - делiнген. 
 
Өскелең ұрпақтың бойында этномәдени құндылықтарды қалыптастыру тарихын сөз етпес бұрын, 
алдымен осы түсініктердің пайда болуы мен құрылымдарына тоқталайық. Этномәдени құндылық сөзінің 
мағынасы: этнос, мәдениет, құндылық сияқты бөліктерден тұрады. 
«Этнос»  терминін  қарастырғанда  көпшілік  авторлар  Ю.В.Бромлейдің  анықтамасын  негізге  алады. 
Оның айтуынша «этнос» –  бұл  белгілі территорияда тарихи қалыптасқан, салыстырмалы түрде  тұрақты 
тіл, мәдениет және психикалық ерекшеліктерге, сол сияқты өзіндік атауында көрінетін өзінің бірлігі мен 
өзгелерден  ерекшелігін  (өзіндік  сана)  түйсінетін  адамдардың  тұрақты  жиынтығы».  Этнос  табиғатын 
түсіндіруге арналған басқа да тұжырымдар көптеп жасалды. Оның түсінігінде этнос – «бұл өзін басқа өзі 
сияқты ұжымдарға қарсы қоятын (біз – біз емес), ерекше ішкі құрылымға және мінез-құлық стереотипіне 
ие  адамдар  ұжымы  (динамикалық  жүйе)»  [3].  Этномәдени  білім  беру  мәселесін  зерттеу  барысында 
Ж.Ж.Наурызбай «этнос» ұғымын тайпадан жоғары қауым, ұлт (национальность) және нация ұғымдарын 
жалпылаушы термин ретінде қолданады.  
Демек,  ұлт—ортақ  тілі,  қалыптасқан  мәдениеті,  біріктіруші  салт-  дәстүрі  мен  ділі  бар  адамдардың 
әлеуметтік  қауымдастығы.  Сонымен  бірге  көптеген  ұлттардың  ортақ  территориясы,  ортақ  экономикасы 
сол  ұлт  өкілдерін  біріктіретін  мемлекеті  болады.  Ұлт  қалыптасуында  адамдардың  бірлігінің  бастауы 
болатын  ортақ  этногенетикалық  тек  те  маңызды  рөл  атқарады.  Осындай  талаптар  тұрғысынан 
қарастырғанда  ұлт  және  этнос  ұғымдары  біріне  —  бірі  өте  жақын;  екіншісінен  біріншісі  туып, 
қалыптасады.  Ұлт  этникалық  қасиеттердің  және  сапалардың  толысқан,  піскен  кезеңі  деп  бағалауға 
болады. Ұлттар этникалық белгілерге қоса саяси, экономикалық және әлеуметтік белгілерге ие болады.  
 
Қазіргі  кезде  “мәдениет”  терминіне  байланысты  жаңа  сөз  тіркестері  педагогикалық  үдерісте 
кеңінен  қолданысқа  еніп  отыр.  Олардың  бізге  қажеттісі:  “ұлттық  мәдениет”,  “этностық  мәдениет” 
ұғымдары. 
 “Этно” (“этни”) … ұғымы ұлтқа, халыққа қатысты мәнді күрделі сөздің алғашқы бөлігін білдіреді. 
Педагогикалық  еңбектерде  “ұлттық  мәдениет”  және  “этностық  мәдениет”  сөз  тіркестері  кездеседі. 
“Ұлттық мәдениет” Қ.Жарықбаев пен Ә.Табылдиевтің “Әдеп және жантану”  еңбегінде: “... әр халықтың 
ғасырлар  бойына  жинақталып,  белгілі  жүйеге  түскен  рухани  өмірінің  жиынтығы”  ретінде  анықталады. 
Ж.Наурызбай  жан-жақты  талдап  мәдениетті  тұлға  жайында:  «  …  өз  мәдениетіне  де  тәнтті  адам  деп 
танимыз.  Төл  мәдениетті  терең  бәлу  оған  басқа  мәдениеттерге  қызығушылыққа  іргетас  қаласа,  көп 
мәдениетті білу өз мәдениетін мақтан тұтуға негіз салады» [4], - деп сипаттама береді. Ал В.Г.Бабаковтың 
зерттеу  еңбегіне  сәйкес  этностық  мәдениет  –  халықтардың  тұрмыстық  өмір  тіршілігі  мәдениетіне 
қатысты элементтердің жиынтығы. 
Мәдениет  -  адамның  қалыптасуының  және  шығармашылығының  жетілу  шыңы.  Мәдениеті  жоғары 
болмаса  адамның  адамзат  құндылығын  иеленуіне  мүмкіндігі  жоқ.  Еңбек,  тұрмыс,  сондай-ақ,  берік 
сақталған  адамдардың  арасындағы  дәстүрлі  қарым-қатынастар  жоғары  мәдениетке  және  адамзат 
құндылықтарынан тыс қалмауға бейімдейді және оларды жан-жақты меңгеруге жеткізеді.  
Адамзат  баласы  жасаған  мәдениет  екі  түрге  бөлінетінін  білесіздер.  Біріншісі  –  рухани  мәдениет, 

Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Хабаршысы, «Педагогика ғылымдары» сериясы, №4(40), 2013 г. 
277 
екіншісі – материалдық мәдениет. Рухани мәдениетке музыка, әдебиет, сәулет өнері, сурет өнері, кескін 
өнері  жатса,  адам  баласының  шаруашылыққа  байланысты  күнкөрісінен  туған  дүниелері  материалдық 
мәдениетті құрайды. 
Мәдениет арқылы этностың тарихи, мекендік, мемлекеттік, экономикалық, әлеуметтік, этнографиялық 
болмыс  бейнесі  көрініс табады жєне кез-келген мєдениетті қоғам осы талаптардың мүлтіксіз жүзеге асу 
тетіктерін заң жүзінде қамтамасыз етуі керек; 
Мәдениет өндіріс пен қоғамдық сананың, білім мен тәєрбиенің, ғылым мен өнердің белгілі сатыдағы 
даму дәрежесін бейнелейді;  
Педагогикалық мәдениет адам қызметінің тәсілі мен нәтижесі арқылы көрініс табады.  
Этникалық  мәдениет  –  халықтар  мәдениетінің  жиынтығы,  күнделікті  өмірлік  іс-әрекетіне 
қатыстылығын  (Қазақ  елінің  табиғатқа  ыңғайланып, онымен  үйлесімдікті  өмір  сүруі,  оны  қорғауы)  іске 
асыратын нысан.  
Әр ұлттың мәдениеті оның жеріне, географиясына, ортасына, әлеуметіне, дәстүріне, қоғамына, өзіндік 
сана-сезім  өрістеріне  қатысты  дамиды.  Қазақ  халқының  мәдениеті  өзінің  кәсібі  мен  шаруашылығының 
заңдылықтарына қарай өркендеп келеді.  
Бірақ, ол өзінің барлық көлемі мен ауқымын өзгертіп, қоғам өзгерістеріне қарай бейімделіп, екшеліп, 
сұрыпталып отырады.  
Мәдениеттердің  өзара  ұштастығы,  әсері  жағдайында  ғана  әрбір  жекеленген  мәдениеттердің 
принциптері  мен  ерекшеліктері  айқын  толыға  береді.  Этномәдени  тәрбие  оқыту  мен  тәрбие  жүйесінің 
жай ғана бөлшегі емес, мәдени және тілдік саналуандық идеяға негізделген техникалық және ақпараттық 
жарақтанудың  әлемдік  деңгейін  дәстүрлі  мәдени  құндылықтармен  үйлестіретін  оқыту  мен  тәрбиенің 
ұлттық жүйесін құру дегенді білдіреді.  
Қазақ  тіліндегі  мәдениет  сөзінің  этимологиясы  ортағасырлық  ислам  мәдениетінің  өркендеуімен 
тікелей байланысты. Арабтың «медине» қала, «маданият» қалалық сөзінен енген. 
Уақыт  өткен  сайын  еуропалық  елдерде  мәдениет  сөзі  «білім  беру»,  «даму»,  «қабілеттілік», 
«құрметтеу»  деген  мағыналарға  ие  бола  бастады.  Оның  нақты  мысалдары  да  көрініс  табуда. 
Мәдениеттану  ғылымындағы  кең  мағынада  ашылған  анықтамамен  қорытындылар  болсақ,  «Мәдениет» 
термині  «ұрпақтан  ұрпаққа  беріліп  отыратын  белгілі  бір  затқа,  материалдық  құралдарға  (еңбек 
құралдары,  белгілер),  ал  нақтырақ  алғанда  «ағартушылық»,  «білімділік»,  «қалыптасушылық», 
«гуманизм»  сияқты  адам  әрекетіндегі  әдіс-тәсілдердің  (материалдық  сияқты,  руханилықта  да  сондай) 
жиынтығы» деп берілген. 
 
Құндылық  –  ол  адамның  жүріс-тұрысы,  іс-әрекеті,  сөйлеу  мәдениеті,  қызығушылығы,  еңбек 
сүйгіштігі,  қоршаған  қоғамдық  ортада  алатын  орны  екені  тарихи-педагогикалық  әдебиеттерде 
айқындалған.  Құндылықтар  нормалардан  кейін  жүрсе  де,  олардан  бір  айырмашылығы  жоғары  деңгейде 
нысандардың  хал  –  жағдайын,  қажеттілікті,  мақсатты  таңдауды  түсіндіреді.  Құндылықтарды  шартты 
түрде:  Витальдық  құндылықтар;  Әлеуметтік  құндылықтар;  Саяси  құндылықтар;  Моральдық 
құндылықтар; Діни құндылықтар; Эстетикалық құндылықтар болып бөлінеді. 
ХХІ ғасырдағы қазіргі философияда құндылықтарға қандай түсініктеме береді? 
Монографиялық  зерттеулерде,  философиялық,  психологиялық,  ғылыми-педагогикалық  әдебиеттерде 
«құндылық»,  «адамгершілік  құндылық»,  «жалпы  адамзаттық  құндылық»  ұғымдарының  мәні  жайлы 
оларға  әртүрлі  анықтамалар  берілген.  Бірақ,  құндылық  ұғымының  мәні,  мағынасы  әртүрлі  болуынан 
ойлар, пікірлер де әртүрлі болған.  
Бұл  сұраққа  құндылықтар  теориясы,  басқаша  айтқанда  аксиология  жауап  беруге  ұмтылыс  жасайды, 
грек  тілінен  «ахіс»  -  құндылық  және  «logos»  -  «ілім»  деген  мағынаны  береді.  Аксиология  ғылымы 
құндылықтардың табиғатынан, орны мен мәнін, олардың байланыстар жайлы мәселелерге жауап береді.  
Қай заманда да адам баласы үшін құнды да бағалы, мәнді де маңызды дүниелер болған. Оның заттың 
немес  рухани  бейнелі  екендігі  адамның  ішкі  қажеттілігіне,  түсінігіне  қатысты  болмақ.  Құндылықтың 
адамзат үшін маңыздылығы мен қажеттілігіне бойлау үшін жан-жақты мәнін ашқан жөн. 
Педагогикадағы  құндылық  тақырыбына  бойлаған  ғалымдар  Б.  Құдышева,  Г.Нұрғалиева,  К. 
Қожахметова, М. Жадрина, Р.Төлеубекова, т.б. өз ғылыми-зерттеу еңбектерінде тұжырымдап зерделеді. 
Қазақ  тілінің  түсіндірме  сөздігінде  «құндылық  –  нарқы  жоғарылық,  қымбаттылық,  бағалылық. 
Құндылық арқылы сол заттың маңызын, мәнділігін, пайдалылығын, қажеттілігін білуге болады» делінген. 
Философиялық  сөздіктен  «құндылық»  ұғымының  ғылыми  негізделген  бірнеше  анықтамаларына 
талдау  жасалды.  Адам  құндылығының  өзегін  құрайтын  және  оны  зерттейтін  саланы  аксиология  деп 
атайды.  Аксиология  («axia»  –  грек  тілінде  «құндылық»,  логос  –  ілім,  ғылым)  ғылымының  ең  басты 

Вестник КазНПУ им. Абая, серия «Педагогические науки», №4(40), 2013 г. 
278 
ерекшелігі, оның философиялық сипаты басым келеді, өйткені философия ақиқат, шындықты іздейді. 
Философ-ғалым  С.  Нұрмұратовтың  кітабында  Э.Кассирердің  «құндылық  –  бұл  адамның  ішкі 
дүниесінен тыс, мәңгі идеалды әлем» – деп түсіндіруі берілген. Кезінде орыс ғалымы С.И. Гессен (1887-
1950) мұғалім жұмысын өлшеп бағалауда мәдениетті рухани және материалдық құндылықтың жиынтығы 
деп  қарады.  Сонда  мұғалімнің  іс-әрекеті  пәндік  емес,  тәрбиеленуші  мен  тәрбиешінің  рухани  қарым-
қатынастарына  «заттануына»  қатысты  қатынас  құндылықтары  мен  өмір  құндылықтарынан  тұратын  – 
құндылық. 
Осындай ұғымдардың нақтылануының нәтижесінде, қазақ халқының этномәдени құндылықтар жүйесі 
төмендегіше түзілді. Этномәдениетке негіз болар халықтың тілі, діні, ділі, тарихы мен құқығы және өнері 
– ұлттығымыздың басты сипаттары. Жалпы, құндылықтар бастауында Өмір, Отан, Отбасы, Ата-Ана, Ел, 
Жер,  Білім,  Тәрбие  сынды  тағы  да  басқа  жалпы  адамзаттық  құндылықтар  тұруға  тиісті.  Этномәдени 
құндылықтар жалпы адамзаттық құндылықтардан кейін тұратынын ескеруіміз керек. 
Ұлттың  мәдени  құндылықтарын  екіге  бөліп  қарасақ,  рухани:  тіл,  діл  (әдет-ғұрып,  салт-дәстүр),  дін, 
өнер, тарих, тәрбие, рух (психология), ұлттық мейрамдар т.б. материалдық: жері, үй-жайы, малы, тұрмыс-
мүлкі,  киімі,  т.б.  Бұл  –  қазақ  халқының  ұрпағын  отбасылық  өмірге  даярлауға  өзек  болар  этномәдени 
құндылықтар 
Құндылық  мазмұнын  талдай  келе  төмендегідей  қорытынды  жасауға  болады:  құндылық  зат  та,  нәрсе 
де,  мәселе  де  емес,  олардың  қасиеттері  де  емес,  ол  адам  ойының  қандай  да  бір  жоғары  түрі  екендігі 
анықталады.  

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   56




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет