Summary
In the article to examine using knowledge about nature on the lessons the cognition of world in the primary
school. The knowledge about nature assisting to form world-outlook for the pupil the primary school.
Дүниетану бойынша бағдарламаға жасалған қосымшада көрсетілген кейбір тақырыптардың мазмұны
бірнеше пәннің мазмұнымен кірігіп кететін жағдай туады. Мысалы, 1 сыныпта “Өсімдіктер тобы”,
“Өсімдік мүшелері”, “Жеміс”, “Тұқым”, “Көкөніс”, “Біздің қала немесе ауыл” [1], 2 сыныпта “Топырақ”,
“Адамның айналасымен қарым-қатынасы”, “Алматы”, “Егістікте”, “Мал шаруашылығы”, “Адам және
өсімдіктер мен жануарлар” [2], 3 сыныпта “Пайдалы қазбалар”, “Біздің Отанымыз - Қазақстан” т.б. [3], 4
сыныпта “Еліміздің географиялық картадағы орны”, “Жер беті”, “Ауа райы. Климат”, “Біздің ауыл” т.б.
[4] (сурет, еңбек, тіл дамыту, ана тілі, қазақ тілі) сабақтары әдістемелік тұрғыдан да мазмұн жағынан да
бірлесіп, жымдасып, кірігіп кетеді. Бұл бастауыш сынып оқушыларырының дүниетанымын
қалыптасуына, ой-өрісінің, ойлау операцияларының дамуына мүмкіндік береді. Дүниетану сабақтарында
өлкетану материалдарын қолдану мен өлкетану жұмыстарын ұйымдастыру және де олардың табысты
болуы белгілі бір жағдайларға байланысты болмақ. Олардың ішінен аса маңыздысы мұғалімнің
теориялық және әдістемелік жұмысы, өлкетану жұмыстарын оның практикалық дайындығының болуы.
Ең алдымен мұғалім оқушылардың дүниеге көзқарасын, ғылыми білім жүйесін, ұғымдарды, сенімдерді,
ойлау әрекетінің белсенділігін туған өлке туралы білімсіз қалыптастыру мүмкін еместігін түсіне білуі
қажет. Өлкетану материалдарын пайдалану арқылы біз қоғамның, табиғат өмірінен қоршаған
шындықтың фактілері арқылы құбылыстарды, ғылыми ұғымдар мен процестерді нақтылап, түсінеміз.
Қосымшада көрсетілген өлкетану материалдары мен өлкетану жұмыстары мұғалімнен үлкен
педагогикалық шеберлікті, терең тиянақты білімді, оқу процесін дұрыс ұйымдастыруды талап етеді.
Мұғалім өлкетану жұмыстарына дайындала отырып, өлкетану туралы түрлі әдебиеттермен танысып,
туған өлкенің табиғи жағдайларын жетік зерттеуі қажет, жергілікті жер туралы мәліметтер мен фактілерді
жинастыруы керек. Сонымен бірге бастауыш сынып оқушыларымен топсаяхаттарды, түрлі
бақылауларды жүргізіп отыруы шарт. Өйткені оқушылардың жас ерекшелігі мен қызығушылығына сай
түрлі белсенді әдістер мен оларды ұйымдастыруды талап етеді. Дүниетануды оқытуда өлкетану
жұмыстарын дұрыс ұйымдастыру үшін мұғалімнің өз өлкесі туралы білімі жетік болуы керек.
Бастауыш сынып мұғалімі алдына өлкетану жұмыстарын ұйымдастыруда екі міндет тұрады: 1) өз
өлкесінің табиғи ерекшіліктерін білу, оны жан-жақты зерттеп, өлкетану материалдарын жинау; 2)
жиналған өлкетану материалдарын дүниетану сабақтарында пайдалану.
Өлкетану жұмыстарын ұйымдастырып, өз дәрежесінде өткізу үшін мұғалім оқу жылының басында
дүниетану пәнінің мазмұнына енген мәтіндер мен әңгімелерді талдап, жағдайлар мен фактілерді белгілеп,
жергілікті жердің материалымен байланысатын объектілерді анықтап алуы қажет. Бұл жұмыстың
нәтижесінде мұғалім өлкетану материалдарын пайдаланудың мерзімін анықтайды. Содан кейін өлкетану
жұмыстарының күнтізбелік жоспарын құрады. Мұндағы басты мақсаты өткізетін өлкетану жұмыстары
оқу бағдарламасының тиісті тақырыптарын оқытудың алдында жүруі керек. Жоспарды құру барысында
туған өлкенің мәліметтерін қолдануға болатын тараулар мен тақырыптарды ғана енгізу қажет. Жоспарды
былайша құруға болады:
Кесте 1.
Тақырыптық жоспардың үлгі формасы
Оқу мате
риалының
Мақса
т
Әдіс-
тәсілдері
Тірек
білімдері
мен
Қолданылаты
н
білімдер,
Оқу
көрнекі
Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Хабаршысы, «Педагогика ғылымдары» сериясы, №4(40), 2013 г.
335
мазмұны
тары
мен
міндеттер
і
ұғымдарды
қалыптастыру
мағлуматтар мен
материал
дар
лік
өлкетану
құралдары
Жоспарды құрғаннан соң, мұғалім өлкетану жұмысының формаларын жақсы ойластыру керек. Жалпы
өлкетану жұмыстарын жоспарлауда оқу жұмыстарында өлкетану материалдарын қолдану мақсатында
оларды іріктеп, саралап, таңдап, жүйеге келтіру аса маңызды болып табылады. Жақсы ойластырылған
жұмыс жоспары мұғалім өз өлкесін зеттеуде табысты болуына ықпалын тигізеді. Мұғалім жұмыстарды
дұрыс ұйымдастыру арқылы қойған мақсатына аз уақыт пен күш жұмсап жетеді және де сонымен қоса
жергілікті жердің табиғат ерекшеліктері туралы дұрыс, аяқталған түсінік алады. Өз өлкесін жетік білу
үшін мұғалім ең алдымен өз жерінің табиғатын сипаттауға арналған баспа жұмыстарын оқып білгені жөн.
Өйткені әдебиетпен танысу мұғалімге көптеген сұрақтарды шешуге көмектеседі.
Сабақта қолданылатын өлкетану материалын іріктеуге мынадай талаптар қойылады:
бастауыш сынып оқушыларының дүниетанымын қалыптастыруға септігін тигізетін материалдарды
іріктеу;
өлкетану материалдары негізгі өтілетін тақырыптың мазмұнын терең меңгеруге көмектесуі керек;
туған өлкенің табиғи ерекшеліктерін сипаттайтын мәліметтер дүниетану бойынша бағдарлама
талаптарына сай келуі қажет;
өлкетану материалдарының мазмұны оқушылардың жас ерекшелігі мен олардың жалпы деңгейлеріне
сәйкес келіп, оқушылардың танымдық қызығушыларын ояту мен дамытуға ықпалын тигізуі тиіс.
өлкетану
материалдарын
оқушылардың
табиғатқа
деген
диалектикалық
дүниетанымын
қалыптастыруға көмектесуі керек.
Дүниетануды оқытуда өлкетану жұмыстары сабақтың мақсатына, құрылымына, мазмұнына
байланысты түрлі әдістермен оқу жұмысының тәсілдері арқылы жүзеге асады.
Жалпы өлкетану материалдарын сабақтың бір кезеңінде (білімді тексеру, жаңа сабақты түсіндіру,
қорытындылау, өткенді қайталау, өзіндік жұмысты орындау барысында) қолдануы мүмкін. Туған өлке
туралы мәліметтерді, әсіресе, жаңа материалдарды өту барысында қарастыру, оқушылардың пәнге деген
қызығушылығы мен ынтасы арта түсіреді.
А.З.Сафиуллин маңызды әдістер мен әдістемелік тәсілдері деп мыналарды көрсетеді: 1) түсіндірмелі –
иллюстративті, сөздік әдістері (әңгімелесу, түсіндіру) өлкетану материалдарының мазмұны бойынша
(карта, схема, гербарий, коллекциялар) иллюстрациямен байланысатынын; 2) оқушылардың өмірлік,
танымдық тәжірибесі және де өлкетану білімдерін пайдалануға негізделген, ішін-ара іздеу (қайталау,
оқыту, эврестикалық, әңгіме); 3) өлкетану әдебиетімен жұмыс (оқулықтар, құралдар, анықтамалар,
мерзімді баспасөздер; 4) табиғат құбылыстары мен объектілерін тікелей зерттеуді көздейтін зерттеу әдісі
(табиғатты бақылау, материалды өңдеу) [5].
Көпшілік жағдайда өлкетану материалдары оқытылатын бағдарлама материалдарын туған өлке
материалымен салыстыру мақсатында пайдаланылады. Мысалы еліміздің белгілі бір аймағының
климатын жергілікті жердің климатымен салыстырады. Оқушылардың оның жергілікті жердің
климатынан ерекшелігі туралы қорытынды жасайды.
Өлкетану материалдарын оқытылатын материалдарды терең меңгеру үшін “проблемалық” сипаттағы
сұрақ қою мақсатында қолданудың маңызы зор. Проблемалық жағдайаттар өтілетін тақырып
мазмұнының шешілуін құрайды немесе бүкіл сабақ өлкетану материалына негізделген проблеманы
шешумен байланысады. Сонымен қоса табиғатқа шыққан топсаяхатар проблемалық сипат алып жүруі
тиіс.
Өлкетану материалдары жағдайлар мен айтылған ойларды анықтауға, дәлелдеуге арналуы мүмкін.
Бұдан басқа оқылған материалды қаншалықты түсінгенін анықтау үшін, мұғалім туған өлке өмірінің
мысалдарына сүйенсе болады.
Бейне, ұғым, түсініктерді, қалыптастыру мақсатында сабақтарда жергілікті жердің табиғи объектілері,
модельдері, макеттері, суреттері, фото, таблицалар, диаграммалар т.б. көрсетіледі.
Оқушылардың ойлау әрекетін арттыруда тәсілі табиғат объектілерінің, құбылыстарының сипаттамасы
бойынша өлкетану мазмұнының жазбаша өзіндік жұмыстарды орындаудың маңызы зор болып табылады.
Өлкетану тақырыбы бойынша ұзақ және қысқа мерзімге арналған үй тапсырамаларын беруге болады:
жыл мезгілдерін сипаттау, топырақ қабатын, өсімдік пен жануарлар әлемін сипаттау.
Оқу процесінің өлкетанумен тікелей байланысы тақырыпты меңгерудің түрлі кезеңдерінде жүзеге
Вестник КазНПУ им. Абая, серия «Педагогические науки», №4(40), 2013 г.
336
асырылады. Мысалы: 1) өлкетану жұмыстарын оқу материалының алдында өтеді. Мысалы, 4 сыныпта
“Ауа райы. Климат” тақырыбын өтпестен бұрын мұғалім ауа райын бақылауды ұйымдастырады. Бұл
тақырыпты өтерде оқушылар өздерінің өлкетану бақылауларының нәтижелерін баяндаумен бастаса
болады. Мұғалім өлкетану жұмыстарын өтілетін тақырыптың теориялық қорытындылары мен жеткілікті
мысалдарды қамтамасыз ететіндей етіп арнайы жоспарлау қажет;
2) өлкетану материалдары тақырып мазмұнына толық енеді. Өлкетану жұмыстары бағдарламадағы
мәселелерді оқумен қатар жүргізіледі. Мысалы: 1 сыныпта “Шөп текті өсімдіктердің мүшелері”
тақырыбын өту барысында мұғалім сабақты түсіндіруде жусан, селеу, желайдар немесе сол жергілікті
жерде өсетін шөптекті өсімдіктерді көрсетіп, олардың мүшелерімен таныстырады;
3) өлкетану жұмыстары тақырыптың соңына ауыстырылады. Мысалы, 2 сыныпта “Кітапханада”
тақырыбын сабақта өтіп, қорытынды ретінде мектеп кітапханасына бару.
Аталған барлық жағдайларда өлкетану материалдары өтілетін тақырыптар талап ететін қорытындылар
мен байланыстарға оқушыларды жетелейтін болуы керек.
Өлкетану материалдарын тақырыпты қайталауда қолданудың маңызы зор. Қайталау - оқушылардың
дүниетану сабақтарында алған білім-білік, дағдыларды жүйеге келтірудің, тереңдетудің амалы. Бірақ ол
алғашқы оқудан басқаша формада жаңа материалдар негізінде өтуі керек. Бұл оқудың жаңа аспектілері
өтілетін фактілерді тексеру мен дәлелдеуге көмектесетін материалдарды жергілікті жерден алуға болады.
Жалпы өлкетану материалдарын зерттеу мен жинау барысында түрлі әдістер қолданылады:
бақылаулар, табиғат объектілерін суретке түсіру, жазу, жергілікті жердің білгірлерімен әңгімелесу;
зерттеу пәні бойынша арнайы әдебиетті оқу, өлкетану әдебиеттерімен танысу, мерзімді баспасөз
жұмыстарымен танысу; қысқа мерзімді топсаяхаттарды жүргізу.
Бастауыш сынып мұғалімдері зерттеудің тақырыбын жоспарлау барысында мынадай жағдайларды
басшылыққа алуы қажет. Тақырыптар: 1) дүниетану бойынша оқу материалдарымен тығыз байланысқан,
білімдік, тәрбиелік, дамытушылық маңызының болуы; 2) қоршаған дүниеге диалектикалық көзқарас
қалыптастыруға ықпалын тигізу; 3) оқушылардың жас ерекшелігін, деңгейлері мен қызығушылықтарын
есепке алу; 4) мұғалімнің берілген сұрақ бойынша дайындығы мен олардың мүдделерін ескеру керек.
Кез-келген табиғат объектілері белгілі бір жүйелікте зерттелген жөн:
1. Тақырыпты таңдау, зерттеудің мақсаты мен міндетін анықтау.
2. Зерттеудің жоспарын жасау.
3. Зерттеудің әдістемесін құру.
4. Тақырыпшаларға бөлу, жұмыс түрлерін бөлу, оларды өткізудің мерзімін анықтау.
5. Әдебиет материалдарды, статистикалық материалдарды оқып білу.
6. Жұмыс формасын, әдісін, тәсілін анықтау.
7. Материалдарды дайындау.
8. Мұғалімнің оқушылар жұмысын бақылап, қадағалауы, кеңесі, келісімділігі.
9. Жиналған материалдардың дұрыстығын тексеру.
10. Жиналған материалдарды өңдеп жүйелеу.
11. Жиналған материалдарды оқу-тәрбие процесінде пайдалану.
4 сыныпта берілген “Біздің ауыл” тарауы, әсіресе ауыл жерлерінде толық өлкетану негізінде
оқытылуы керек. Оқушылар өзінің ауылын, ауданын мысалға ала отырып, тақырып мазмұнын терең және
берік түсінуге мүмкіндік алады. Немесе ”Қаладағы және ауылдағы көлік түрлері” тақырыбын оқу
барысында оқушылар өз өлкесіндегі негізгі көлік түрлерімен танысып, ауылдың, қаланың экономикалық,
мәдени дамуындағы рөлімен танысады.
Жоғарыда атап кеткендей өлкетану материалдарын зерттеп, оларды жинауға түрлі әдістер қолданады
дедік. Соның бірі -бақылау.
Бақылау - арнайы мұғалімнің басшылығымен ұйымдасқан, мақсатты түрдегі оқушылардың табиғат
құбылыстары мен объектілерін белсенді қабылдауы. Яғни объектілер мен құбылыстарды табиғи
жағдайда қабылдау. Бақылай білу процестері мен объектілердің және құбылыстардың сантүрлілігін терең
түсініп білуге, олардың арасындағы саналуан байланыстар мен өзара қатынастарды түсінуге, табиғат
біртұтас екенін білуге мүмкіндік береді.
Бақылаулар - білімнің қайнар көзінің бірі болып табылады. Бақылау - мақсатқа бағытталған қабылдау,
сезім мен тиімділіктің бірлігі көрінетін танымдық күрделі процесс. Бақылау барысында оқушыларда
нақтылы білімдер пайда болады, ой операциясы, тілі жетіледі, ынта-ықыласқа, сүйіспеншілікке,
әділеттілікті сезінуге тәрбиеленеді.
Мұғалімнің табиғи объектілер мен табиғат құбылыстарын бақылауды ұйымдасытыруы бастауыш
Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Хабаршысы, «Педагогика ғылымдары» сериясы, №4(40), 2013 г.
337
сынып оқушыларды табиғатпен таныстырудың бірден-бір жолы болып табылады. Объектілерге және
оқушылардың жас ерекшеліктеріне байланысты бақылаулар бірнеше минутқа созылатын мезгілдік және
бірнеше күнге созылатын ұзақ болуы мүмкін.
Мерзімдік бақылауларға ауа райын, үй жануарларын, құстарды бақылау т.б. жатады. Мысалы: 1
сыныпта “Ауа райы”, “Өсімдіктер тобы”, “Тұқым” немесе 2 сыныпта “Жапырақ” тақырыптарында қысқа
мерзімді бақылаулар жүргізсе болады. Бұл бақылаулар аз уақыт алады, бірақ жиі қайталанады. Ұзақ
бақылаулар – оқушылар өсімдіктерінің тұқымынан өсуін, бунақденелілердің пайда болуын табиғаттағы
маусымдық өзгерістерді т.б. қадағалайды. Мысалы: 2 сыныпта ”Өсімдіктердің өніп өсуі”, “Өсімдіктердің
көбеюі”, “Өсімдіктер қалай дүниеге келеді?” тақырыптарын өткенде ұзақ бақылау жүргізсе болады.
Ұзақ бақылаулар табиғаттағы құбылыстардың болуының жүйелілігін, олардың арасында көзге
көрінерлік байланысты сезінуге мүмкіндік берумен құнды. Бақылаулар бастауыш сынып оқушыларының
білімін жетілдіру, оқу материалын терең түсіну үшін, мұғалім оған басшылық жасауға тиіс. Ол
бақылаудың мақсаттарын түсіндіреді, олардың назарын заттарға немесе құбылыстарға тән
ерекшеліктерге бағыттайтын сұрақтар қояды. Бақылауларды сабақ үстінде, топсаяхат кезінде, мектеп
үлескісіндегі жұмыстар барысында, табиғат мүйісінде өткізуге болады. Топсаяхатта балалар мұғалімнің
басшылығымен белгілі бір объектілерді зерттеп, өсімдіктердің ерекшелігін, табиғаттағы маусымдық
өзгерістерді бақылап, олардың арасындағы кейбір байланыстарды анықтай алады. Осының бәрі бастауыш
сынып оқушыларының нақтылы білімін кеңейтеді, білуге құмарлығын арттырады, дүниені ғылыми
тұрғыдан түсінуіне негіз салады.
Бақылау барысында оқушыларда сұрақтар жиі туып отырады. Жауапты тек тікелей қабылдағандарға
байланыстырып қана берген жөн. Мысалы, тоқылдақты бақылау үшін оқушыларды ағаш жанына алып
барады. Олар бірден сұрақ қояды: “Тоқылдақ не істеп жатыр? Ол ағашты бүлдіріп жатыр ма? Ол зиянды
ма? Оның балалары қайда? Оның ұясы қайда?” Мұғалім: “Тоқылдақ өз тұмсығымен ағаштан қоңыздарды
іздеп жүр, олармен ол қоректенеді; қоңыздар ағаштың қабығын бүлдіреді. Сондықтан тоқылдақ пайдалы
құс, оны халықта “Орман емшісі” дейді деп түсіндіреді. Содан кейін тоқылдақтың тұмсығы қандай,
ағашты онымен қалай тоқылдатады, ағашқа құйрығын тіреп қалай отырады, басының, құйрығының және
арқасының түсі қандай екендігін көруге ұсынуға болады. Тоқылдақтың ұясы және оның балапандары
жөнінде айтып беруге болады.
Бақылауды сабақта, топсаяхатта, күнделікті серуенде, жер үлескісіндегі жұмыстар кезінде, табиғат
мүйісінде өткізуге болады. Сабақтағы бақылаулар оқу мазмұнына байланысты белгілі бір объектілерді
бақылап, өсімдіктер мен жануарлардың бөліктерін жақсылап көріп, дұрыс айтуға үйретеді. Топсаяхаттағы
бақылау оқушылар мұғалімнің басшылығымен өсімдіктердің ерекшелігін, жануарлардың сыртқы түрі
мен қылықтарын, табиғаттағы маусымдық өзгерістерді бақылап, олардың арасындағы кейбір себеп-
салдар байланыстарды анықтайды. Бұл бастауыш сынып оқушыларының нақтылы білімін кеңейтеді,
қызығушылығының артуына ықпал етеді, дүниені ғылыми тұрғыдан түсінуге негіз болады. Жер
үлескісіндегі бақылауларды ұйымдастыру барысында жерді суарған, қопсытқан кезде балалар
топырақтың әртүрлі қасиеттерімен (құрғақ, ылғалды) танысады, өсімдіктің суарғанда; қопсытқанға
дейінгі және одан кейінгі сыртқы түріндегі өзгерістерді қадағалайды, көктей бастайды, жапырақтың,
гүлдердің, ұрықтардың жетілулерін бақылайды. Бастауыш сынып оқушыларымен жүргізілетін
бақылауларды жалғастыру, дамыту өте маңызды.
Оқушылардың өмірлік тәжірибелері мен бақылаулар нәтижесін пайдаланып, мұғалім оларды табиғат
ұғымдарын меңгеруге, түсінуге жетелеп, дүниетанымды қалыптастыруға көмектеседі. Табиғатты,
адамның еңбек әрекеттерін ұзақ бақылау үлкен құндылық болып табылады.
Дүниетанудың білімдік мақсаттарының бірі- бақылап білуді қалыптастыру. Оған тек оқушылармен
бірігіп жүйелі жұмыс нәтижесінде ғана жетуге болады. Ол үшін мынадай жағдайларды сақтау қажет:
бақылаулардың мақсаты мен мазмұнын ашу және оларды өткізудің әдістемесін құру, оның
практикалық және ғылыми құндылығын дәлелдеу;
бақылаулардың
барлық
түрлері
бойынша
нақты
объектілер
іріктеп
алу,
бағдарлама
құру;материалдарды өңдеу мен бақылаулар процесінде табиғат құбылыстары мен объектілерінің
арасындағы байланыстарды белгілеп ашу.
Табиғатта бақылаулар ішінен фенологиялық бақылау ерекше орын алады. Жыл мезгілдеріне
байланысты табиғатта өзгерістер болып отырады: қар жауып, оның еруі, құстардың жылы жаққа ұшып
кетуі мен келуі, жапырақтардың сарғайып түсуі, ағаштар мен бұталар бүршік атуы т.б. Барлық
құбылыстар кезегімен қайталанады, жеке құбылыстардың арақашықтығы жылдан-жылға тұрақты болып
қала береді.
Вестник КазНПУ им. Абая, серия «Педагогические науки», №4(40), 2013 г.
338
Фенологиялық бақылау ауыл шаруашылығы үшін практикалық маңызы зор. Белгілі бір
ауылшаруашылық жұмысын (көкөніс жинау т.б.) тірі табиғат дамуындағы сәйкес фенофаздық түсінуімен
байланысу керек.
Табиғат құбылыстарын жыл мезгілдері туралы материалдарды білу ауыл шаруашылығының барлық
салаларында еңбек әрекетін ғылыми-негізделіп ұйымдастыру үшін теориялық базасын құрады.
Бақылау объектісіне байланысты тірі және өлі табиғат фенологиясын белгілейді.
Фенологиялық бақылаулар кез-келген оқушы үшін қиын емес, өйткені олар арнайы аппаратураны
талап етпейді.
Бақылауға бір немесе бірнеше әдеттегі үлескілер таңдалады. Сол жер туралы қысқаша сипаттама
беріледі. Жеке ағаш, бұталарды емес жалпы тұтас популяцияны бақылайды. Ағаш пен бұталар түрлері
орта жас шамасында, сау болуы керек. Ал шөптекті өсімдіктерді жолдан алыс, адам аз болатын жерлерде
бақылау қажет. Табиғатты жыл бойы бақылаған дұрыс. Көктемде табиғат дамуы жылдам болғандықтан
бақылауды күнделікті түске дейін өткізудің маңызы зор. Ал құстардың ұшып кетуі мен келуі
кезеңдерінде кешкі уақытта бақылаған жөн. (қаз түнде де ұшып келуі де мүмкін).
Біздің зерттеу жұмысымыз дүниетану сабақтарында өлкетану материалдарын қолдану бойынша
төмендегідей қорытынды жасауға мүмкіндік берді.
Дүниетану сабақтарында өлкетану материалдары нәтижелі болады егер:
өлкетану материалдары дүниетану курсының әдіснамалық мақсаттарына сай болса;
2) ғылыми анық және терең болса;
3) дүниетану материалы жергілікті жердің материалымен өзара байланысты болса;
өлкетану материалын қолдануда жүйелілік пен жоспарлық болса;
оқушылар мұғалімнің басшылығымен өлкетану материалдарын жинауға және зерттеуге тікелей
белсенді қатысса;
оқу және сыныптан тыс өлкетану жұмыстарының байланысы болса;
мұғалім дүниетану сабақтарында және сыныптан тыс жұмыстарда өлкетану материалдарын
пайдалануда түрлі әді-тәсілдерді қолдана білсе.
Оқу-тәрбие процесінде өлкетану матриалдары нәтижелі болады, егер:
оқушыларға жаңа білім алуға, дүниеге ғылыми көзқарасын кеңейтуге септігін тигізсе;
салыстыруға ыңғайлы болса;
өлке дамуының спецификалық ерекшелігін білсе.
Өлкетану материалдары түсіндіруде индукция және дедукция әдістемесімен құруға мүмкіндік береді.
Яғни жекеден жалпыға, жергілікті метериалдар негізінде жалпы, ғылыми жағдайлар ашылып және
керісінше жалпыдан жекеге өту.
Оқушылардың дүниетанымын қалыптастыруға табиғатта өтілген сабақтардың маңызы зор.
Табиғаттағы сабақтар бағдарлама материалдарын терең меңгеруге, оқулықта жазылғандарды тереңірек
түсінуге көмектеседі. Табиғаттағы сабақтар өз өлкесін детальді білуге ынтасын оятып, мұғалімдерге
оқушылардың ғылыми дүниетанымын қалыптастыруға олардың теориялық білімдерін тереңдетуге,
оқытудағы формальды жоюға мүмкіндік береді.
Бастауыш сынып оқушылары туған өлкесі туралы мағлуматты топсаяхат барысында алады. Өкінішке
орай бағдарламада көрсетілген міндетті топсаяхаттарын көпшілік мектептерде жүзеге асырылмайды.
Топсаяхат барысында өлкетану материалдары жинақталып, оларды дүниетану сабағында табысты
пайдалануға болады. Өлкетану топсаяхаттары барысында оқушылар туған өлке туралы нақты, айқын
мәліметтер алады. Әр өлкетану топсаяхаттары жақсы ғылыми ұйымдастырылған дайындықты талап
етеді.
Бағдарламада көрсетілген топсаяхаттарды бастауыш сынып мұғалімі былай жеке жоспарласа болады:
Кесте 2.
Р
е-
ті
Сынып
оқушы-ң
саны
Топсаях
ат орны
Топсаяха
т мақсаты
Топсаяхатты
өткізу
мерзімі
Топсаяхатқа
жабдықтау
Ескертул
ер
Дүниетануды оқытуда әрбір бастауыш сынып мұғалімі мынадай әдістемелік принциптерді білуі шарт:
- дүниетану сабақтарын құруда өлкетану жұмысы қажет, өйткені негізгі ұғым тікелей табиғатта
бақылау кезінде қалыптасады;
- дүниетану бойынша әрбір жаңа тақырып жергілікті жердің материалдарын мазмұндаудан басталуы
Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Хабаршысы, «Педагогика ғылымдары» сериясы, №4(40), 2013 г.
339
керек. Бұл материалдар жергілікті жерге байланысты емес, тақырыптарды салыстыру немесе тікелей
сабақ тақырыбы бойынша қолданады;
- әрбір тақырыптың бір сабағы топсаяхат түрінде өтуі тиіс, ондағы материалдар тақырыпты меңгеру
барысында пайдаланылады.
Оқу процесінде өлкетану материалдарын жүйелі енгізудің нәтижесінде бастауыш сынып
оқушыларында туған өлкесі туралы нақты білім жүйесі мен олардың дүниетанымы қалыптасады.
Достарыңызбен бөлісу: |