Хабаршы вестник


Пайдаланылған әдебиеттер тізімі



Pdf көрінісі
бет32/56
Дата12.02.2017
өлшемі4,46 Mb.
#3969
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   56

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі: 
 
1. 
Орысша-қазақша  түсіндірме  сөздік: Педагогика /  О  74  Жалпы  редакциясын  басқарған  э.ғ.д., 
профессор Е. Арын - Павлодар: "ЭКО" ҒӨФ. 2006. - 482 б.  
2.  Аристотель.  О  душе  [Текст]  /Предисловие  В.К.  Сережникова.  Ред.  и  примечание  П.С.  Попова  / 
Аристотель. - М.: Соцэгис, 1939.-179 с. 
3. 
Макиавелли, Н. Государь [Текст] /Н.Макиавелли.- М.:ACT, 2002.-704 с. 
4. 
Ашин,  Г.К.  Критика  современных  буржуазных  концепций  лидерства  [Текст]  /  Г.К.  Ашин.  -  М.: 
Мысль, 1978. - 135 с. 
5. 
Ницше, Ф. Стихотворение. Философская проза [Текст]/Ф.Ницше. - СПб., 1993.-670 с. 
6.  Асмолов,  А.Г.  Культурно-историческая  психология  и  конструирование  миров  [Текст]  /А.Г. 
Асмолов. - М.: Изд-во «Институт практической психологии»; Воронеж: НПО «МОДЭК», 1996. - 768с. 
7. 
Bennis W. Where Have All the Leaders Gone // Contemporary Issues in Leadership.Boulder, Colo, 1984. 
8. 
Bass B. Stogdill’s Handbook of Leadership. N.Y., 1981. 
9. 
Covey S. Principle-Centered Leadership. N.Y.: Summit, 1991. 
10.  Nanus В. The Leader’s Edge: The Seven Keys to Leadership in a Turbulent World. N. Y.:Contemporary 
Books, 1989. 
11.  Gardner J. On Leadership. N.Y.: Free Press, 1990. 
 
 
 
 
 
УНИВЕРСИТЕТ 
СТУДЕНТТЕРІНІҢ 
ПЕДАГОГИКАЛЫҚ 
КРЕАТИВТІГІН 
ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ӘДІСНАМАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ  

Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Хабаршысы, «Педагогика ғылымдары» сериясы, №4(40), 2013 г. 
205 
 
НАҒЫМЖАНОВА ҚАРАҚАТ МҰҚАШОВНА –  
педагогика  ғылымдарының  докторы,  доцент  С.Аманжолов  атындағы  Шығыс  Қазақстан 
мемлекеттік  университетінің  бастауыш  білім  берудің  теориясы  мен  әдістемесі  кафедрасының 
меңгерушісі 
 
Резюме 
 МЕТОДОЛОГИЧЕСКИЕ 
ОСНОВЫ 
ФОРМИРОВАНИЯ 
ПЕДАГОГИЧЕСКОЙ 
КРЕАТИВНОСТИ В УСЛОВИЯХ УНИВЕРСИТЕТА 
В  данной  статье  рассматриваются  методологические  подходы  к  формированию  педагогической 
креативности  студентов.  Выделены  главные  детерминанты  педагогической  креативности  как: 
инновационная  и  социальная  среда,  изменения  в  реформе  в  подготовки  специалистов.  Анализируется 
понятие  «методология»,  сделан  отбор  методологических  подходов  формирования  креативности.  Дается 
сравнительный  анализ  личностно-  ориентированного  и  компетентностного  подходов  подготовки 
специалиста,  определены  методологические  подходы  формирования  педагогической  креативности  в 
инновационной  среде:  как  системный,  деятельностный,  компетентносный,  средовой,  субъектный.  И 
определена их значимость и роль при формировании педагогической креативности.  
Summary 
 
METHODOLOGICAL  BASES  OF  FORMATION  OF  PEDAGOGICAL  CREATIVITY  IN  THE 
CONDITIONS OF UNIVERSITY 
In  this  article  methodological  approaches  to  formation  of  pedagogical  creativity  of  students  are  considered. 
The main determinants of pedagogical creativity as are allocated: the innovative and social environment, changes 
in  reform  in  training  of  specialists.  The  concept  "Methodology"  is  analyzed,  selection  of  methodological 
approaches  of  formation  of creativity  is  made. The  comparative analysis personal the focused and competence-
based approaches  of preparation  of the  expert  is  given,  methodological approaches  of  formation  of pedagogical 
creativity  in  the  innovative  environment  are  defined:  as  system,  activity,  competence-based,  environmental, 
subject. Also their importance and a role is defined when forming pedagogical creativity. 
 
  
Кілтті сөздер: инновациялық білім беру ортасы, педагогикалық креативтік, әдіснамалық тұғыр.  
 
XX  ғасырдың  екінші  жартысындағы  білім  беру  жүйесін  реформалаудың  алдындағы  білім  берудің 
ғаламдық  дағдарысы  және  ізгілендіру  мегатенденцияларын  жүзеге  асыру  болып  табылады.  Ф.Клумбс 
өзінің  «Білім  берудегі  дағдарыс»  атты  еңбегінде  білім  берудегі  дағдарыстың  басты  себептері  келесілер 
екенін атап көрсетеді: 
1. Адамдардың білімге деген өткір дамыған әлеуметтік сұранысы. 
2. Құралдардың жетіспеуі, соған сәйкес жүйелердің жаңа талаптарға жауап бере алмауы. 
3. Білім беру жүйесінің инерттілігі (енжарлығы). 
4. Қоғамның инерттілігі.  
Әрбір ғылым саласы мен оған қатысты практиканың нақты ғылыми әдіснамасы салыстырмалы түрде 
дербес болатын өзгеше бір тұрғылар немесе қағидалар арқылы айқындалады. Жоғары оқу орындарының 
студенттерінің  креативтігін  қалыптастыру  үдерісі  әдіснамалық  тұрғыдан  негіздеуді қажет  етеді.  Дәлірек 
айтсақ, 
- педагогикалық креативтік детерминаттарын; 
-инновациялық  білім  беру  ортасында  студенттердің  педагогикалық  креативтігін  қалыптастыру 
негізінде болған өзгерістердің әлеуметтік орта, қоғам талаптарына сәйкестігін; 
-  инновациялық  білім  беру  ортасында  студенттердің  педагогикалық  креативтігін  қалыптастыру 
нәтижесінің басқа да кәсіби педагогикалық қасиеттер жүйесіне ықпалын; 
-  инновациялық  білім  беру  ортасында  студенттердің  педагогикалық  креативтікті  қалыптастыру 
үдерісінің жетілу бағытын айқындауға, сипаттауға әдіснама негіз болуы керек. 
А.В.Морозов,  Д.В.Чернилевскийлердің  пікірлері  бойынша  креативтік  адамзаттың  руханилылығының 
бөлінбес бөлшегі бола отырып, құнды тұлғалық жасаушы категория ретінде оның өзін-өзі өзекті етуі және 
жетілдіру  қоры  болып  табылады  тұлғада  бар  алуан  түрлі  біліммен  емес,  мәселеге  деген  қабылдай 
алушылық,  сезімталдық,  жаңа  идеяларға  ашықтық  және  жаңаны  құру,  өмірлік  мәселелерді  ерекше 

Вестник КазНПУ им. Абая, серия «Педагогические науки», №4(40), 2013 г. 
206 
күтпеген,  тың  шешімдер  алу  мақсатында  қалыптасқан  стереотиптерді  бұзу  немесе  өзгерту  тәжірибені 
түрлендіруге қабілеттілік деген негіздемені басшылыққа алу орынды [2]. 
Ғылымның  жалпы  әдіснамасы  кең  мағынасында  қолданылады,  тар  мағынада  «әдіснама»  нақты 
ғылыми  пәнде  ғылыми  тану  теориясын  білдіреді.  В.А.Штоффтың  айтуынша,  «кең  философиялық 
мағынадағы  әдіснамадан  айырмашылығы  басты  назар  әдіснамалық  рөлді  талдау  мен  эвристикалық 
мәндегі, негізінен, онтологиялық қағидалар, заңдар және категориялар құрайтын тар мағынадағы ғылым 
әдіснамасы  гносеологиясының  бөлігі  болып  табылады.  Ол  ғылыми  тану  теориясын  құрайды  және 
ғылымға  тән  алуан  түрлі  және  өзара  байланысқан  форма  мен  көріністердегі  танудың  күрделі  үдерісі 
заңдылықтарын зерттеуге бағытталған» [3] 
Әдіснамалық негіз – бұл сәйкес теорияның басты ережелеріне негізделген және зерттеу пәнін іздеуде 
қолданылатын анықтаушы бағыт стратегиясы деп есептейміз. Қазіргі тұрғылардың көптігі кәсіби даярлық 
мәселесіне қызығушылық танытатын ғалымдарға қандай да бір тұрғыны таңдауға мүмкіндік береді.  
Қазіргі кезде білім беру әлемдік беталыстарға сәйкес реформаланып, ары қарай дамуы жүзеге асады: 
басқа  мазмұн,  жаңа  құқық,  жаңа  қатынастар,  жаңа  мінез-құлық  және  жаңа  тұрғылар  ұсынылады. 
Психологиялық-педагогикалық  дамытушы  және  тұлғалық-бағдарланған  білім  беру  контекстінде 
құрылған  жалпы  және  тұлғалық  даму  идеялары  қазіргі  құзыреттілік  тұрғысының  бейнесі  болады.  Бұл 
бағытқа  бірқатар  ғалымдар:  А.Андреев  [8],  В.Байденко  [9],  А.Вербицкий  [10],  И.А.Зимняя  [11], 
И.Н.Розина [12] және т.б. зерттеулері арналған.  
Сонымен,  жасалған  талдау  екі  тұрғының  өзара  байланысын  көрсетеді,  тұлғаға-бағдарланған  тұрғы 
құзыреттік  тұрғысы  шеңберінде  көрініс  беріп,  оны  нақтылап,  тереңдетіп  және  толықтырады.  Сонымен 
бірге, тұрғылар біршама жалпы сипаттамаларға ие, яғни олардың негізінде қандай да бір мөлшерде ұқсас 
ұғымдар түсіндіріледі13]. Тұлғаға-бағдарланған тұрғы біздің зерттеуіміздің міндеттерін шешуде біршама 
шектеулерге ие, соған байланысты құзыреттік тұрғыны тұлғаға-бағдарланған тұрғыға арақатынастылықта 
қолданамыз  және  олардың  басқарудағы  бірліктегі  формасы  мүмкіндігінде  диалектикалық  байланысын 
есепке  аламыз.  Құзыреттік-іс-әрекеттік  тұрғыдағы  іс-әрекеттік  компонент  тұлғаның  дамуының  негізі, 
құралы және шешуші жағдайы, адамның сыртқы ортамен белсенді мақсатқа бағытталған өзара әрекетінің 
формасы ретінде түсіндірілуімен байланысты.  
Технологиялық  тұрғыны  білім  беру  үдерісінде  белсенділікпен  (В.П.  Беспалько,  М.В.Кларин, 
Ж.Қараев,  В.М.Монахов,  М.В. Кларин,  Г.К.Селевко,  Е.С.  Полатт.б.)  және  өз  еңбектерінде  қарастырады. 
Бұл зерттеулер педагогикалық креативтікті қалыптастырудың білім беру жүйесіндегі мүмкіндіктерін жан-
жақты қарастырады, педагогикалық  шарттарын жетілдіреді..Білім беру аймағында технологиялық тұрғы 
–  бұл  кейбір  білім  беру  үдерістерінің  технология  ретіндегі  көріністері.  Қазіргі  білім  беру  жүйесінде  біз 
өңдеген технология және оны педагогикалық үдеріске енгізу, келесі мүмкіндіктерді ашады: 

педагогикалық үдерісті басқаруға және жоғары анықтылықпен нәтижесін болжамдауға; 

ең  жағымды  жағдайды  қамтамасыз  ете  отырып,  құзыретті  тұлғаның  қалыптасуы  мен  дамуын 
жүзеге асыру;  

жоғары оқу орнындағы білім беруді модернизациялау үдерісіне мүмкіндік жасау;  

маман тұлғасына жағымсыз психологиялық-педагогикалық жағдайлардың әсер етуін азайту. 
 
Кесте  2  –  Инновациялық  білім  беру  ортасында  студенттердің  педагогикалық  креативтігін 
қалыптастырудың әдіснамалық тұғырлары 
 
Тұрғының 
атауы 
Мазмұны 
Педагогика ғылымында 
Креативтікті қалыптастыру аясында 
Жүйелілік 
тұғыр 
Шамамен 
өз 
бетіндік 
компоненттерді 
өзара 
байланыста 
және жүйеде басқалармен байланысын 
қарастыруға, 
жалпы 
жүйелік 
қасиеттері  мен  жүйенің  құрамдас 
бөліктерінің 
ерекшелік 
сипатын 
анықтауға мүмкіндік береді. 
Сананың 
объективті 
логикалық 
сұранысының 
бейнесі 
ретінде 
субъектіні 
ұйымдастыру мәнін ашады және  креативтіктің 
бүкіл  әрекеттік  кешенін  қарастыруды  талап 
етеді. 

Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Хабаршысы, «Педагогика ғылымдары» сериясы, №4(40), 2013 г. 
207 
Әрекеттік 
тұғыр 
Адамның  дамуының  негізі  іс-
қимыл 
бірлігі, 
саналы 
түрдегі, 
мақсатқа  жетуге  бағытталған  тікелей 
жасалатын белсенділік. 
Адам  субъект  ретінде  танылып,  оның 
жасампаздығы, 
іскерлігі, 
қайраткерлігі 
қалыптасады. 
Субъекті- 
лік тұғыр 
Субъект  функциясы  -  тұлғаның 
мақсаттарын, 
мүмкіндіктерін 
іс-
әрекеттің объективті жағдайына сәйкес 
жүзеге асыру. 
Ойлау  тәжірибесін  саналы  түрде  түсіну, 
әдістер 
мен 
тәсілдерді 
ғылымның 
бір 
аумағынан 
екіншісіне 
көшіру, 
осындай 
көшірудің  ережесі  мен  шекарасын  анықтауға 
ықпал етеді. 
Құзыретті-
лік тұғыр 
Білім  беру  үдерісін  кәсіби  білім, 
білік,  сонымен  қатар  кәсіби  әрекетті 
орындау  тәсілдерінің  жиынтығының 
қалыптасуы 
мен 
дамуына 
бағдарлайды. 
Субъектілік  қабілеттердің  өзін-өзі  анықтау 
мен өзін-өзі жетілдіруге, өмір әрекетінің басты 
аумағында  білім  беру  технологиясын  жүзеге 
асыруда  тұлғалық  біліктерді  дамытуға  ықпал 
етеді. 
Орта тұғыр 
Адамның 
тіршілік 
етуінің, 
қалыптасуының  және  әрекет  етуінің 
қоғамдық, 
материалдық, 
рухани 
шарттары. 
Инновациялық 
үдерістер 
өтетін 
креативтікті қалыптастырушы орта құру. 
 
Сонымен  қатар,  инновациялық  білім  беру  ортасында  педагогикалық  креативтікті  қалыптастырудың 
келтірілген  тұрғылары  оның  психология  және  педагогика  ғылымдарымен  тығыз  байланысты  өзіндік 
дербес теориясы болатынын көрсетеді. Инновациялық білім беру  ортасында педагогикалық креативтікті 
қалыптастырудың  бір  жағынан,  студенттің  субъект  ретінде  оқу-кәсіби  іс-әрекетке,  қарым-қатынасқа, 
өзіндік  дамуға  даяр  болуын  қамтамасыз  ететін  болса,  екіншіден,  жоғары  оқу  орнында  өзіне  және 
басқаларға рухани-адамгершілік қатынас жобаланған субъектілік ұстанымның дамуына ахуал болады. 
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 
1. Пахомова Н.Н. Кризис образования в контексте глобальных проблем // Философия образования для 
XXI века. -М.: Логос, 1992. –С. 23-30. 
2. Морозов А.В. Формирование креативности преподавателя высшей школы в системе непрерывного 
образования: дис. ... доктора пед. наук. – М., 2004. − 256 с. 
3. Штофф В.А. Введение в методологию научного познания.- Л., 1972.- 215 с. 
4. Платонов К.К. О системе психологии. – М.: Мысль, 1972.- 236 с. 
5.  Татур  Ю.Г.  Высшее  образование:  методология  и  опыт  проектирования.  –  М.:  Университетская 
книга; Логос. – 256 с. 
6. Скалкова Я. и др. Методология методы педагогического исследования. - М., 1989. -186 с.  
7.  Новиков  А.Н.  Модульная  технология  как  средство  повышения  качества  обучения  в  ВУЗе  // 
Стандарты и мониторинг. - 2001. - № 2. −С.39-42. 
8. Андреев В.И. Диалектика воспитания и самовоспитания творческой личности. Основы педагогики 
творчества. – Казань, 1988. – 238 с. 
9.  Байденко  В.  Компетенции  в  профессиональном  образовании  //  Высшее  образование  в  России.  − 
2004. − № 11. -С. 35.  
10. Вербицкий А.А. Активное обучение в высшей школе: контекстный подход. – М.: Высшая школа, 
1991. – 148 с. 
11. Зимняя И.А. Педагогическая психология. - М.: Логос, 2000. – 583 с. 
12. Розина И.Н. Педагогическая компьютерно-опосредованная коммуникация: теория и практика. −М.: 
Логос, 2005. −437 с.  
 
 
 
 
 
  
 
ПЕДАГОГИКА ТАРИХЫ 
 

Вестник КазНПУ им. Абая, серия «Педагогические науки», №4(40), 2013 г. 
208 
ЖЕКЕ 
ТҰЛҒАНЫ 
ПАТРИОТТЫҚА 
ТӘРБИЕЛЕУДЕГІ 
ТАРИХИ 
САНАНЫҢ 
ТАҒЫЛЫМДЫҚ РОЛІ 
 
 
Дүйсенбаев Абай Қабақбайұлы
п.ғ.к., доцент«Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы акционерлік қоғамының филиалы, Ақтөбе 
облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты 
 
Кілт  сөздер:  тарихи  сана,  ұлттық  сана,  патриоттық  рух,  ұлттық  мінез,  ұлттық  сезім,  ұлттық  намыс, 
ұлттық мүдде. 
 
Резюме 
Аталған  мақалада  жеке  тұлғаны  патриоттықа  тәрбиелеудегі  тарихи  сананың  маңызы  туралы 
проблемалар  қарастырылады.  Патриоттық  тәрбие  берудің  мазмұны  қашанда  стратегиялы,  сондықтан 
қоғамдық  жағдайындағы  Қазақстан  азаматын  қалыптастыру  –  оның  перспективалық  позициясын 
нығайтады,  еліміздің  әлемдік  өркениеттілік  белесіне  оңай  өрлеуіне  септігін  тигізеді.  Автор  тұлғаның 
бойында  патриоттық  тәрбие  беруде  ұлттық  рух,  ұлттық  сананы  қалыптастыру  мәселелеріне  талдау 
жасайды. 
 
Резюме 
В данной статье рассматриваются проблемы значения исторического сознания в воспитании личности 
патриотизму. Содержание патриотического воспитания стратегично, поэтому формирование гражданина 
Казахстана в общестенной ситуации укрепляет его перспективную позицию, способствует продвижению 
нашей  страны  в  высоты  мировой  цивилизации.  Автор  анализирует  вопросы  формирования 
национального духа и национального сознания в воспитании личности патриотизму.  
 
Summary 
In given clause the problems  of historical consciousness’ in patriotic  education of the person are considered. 
The importance contents of patriotic education is strategyly, therefore formation of the Kazakhstan’s citizen in a 
public  situation  strengthens  his  perspective  position,  promotes  progress  of  our  country  in  heights  of  a  global 
civilization.  The  author  analyzes  questions  about  formation  of  national  spirit  and  national  consciousness  in 
patriotic education of the person. 
 
Жеке  тұлғаны  патриоттыққа  тәрбиелеудегі  ұлттық  рухтың  маңызы  тарихи  сана  тағылымына  сәйкес, 
еліміз  тәуелсіздік  алған  жылдардан  бастап,  ұлттық  болмысымызды  қайта  тану,  ұлттық  санамызды 
қайтадан көтеруің маңызы зор. Олай болса, ұлттық рух пен ұлттық сана – сол ұлтты құрайтын халықтың 
әр  адамының  өз  ұлтының  мүддесін,  халқының  тағдырын,  ұрпағының  болашағын  ойлау  қабілетінің 
ұлттық  деңгейге  көтеріліп,  жалпы  қоғамға  тән  ортақ  сипатқа  ие  болған  ұжымдық  түрі,  яғни  ұжымдық 
сана.  Ұлттық  сана  абстракты  ұғым  емес,  ол  –  ұлт  бірлігінің  жоғары  көрінісі,  яғни  ұлтты  құрайтын 
халықтың  бүкіл  ғұмырнамасының,  салт-дәстүрінің,  мәдениетінің,  өнерінің  тарихын  білу  дәрежесі,  яғни 
халықтың  өзін-өзі  жете  танып,  түсінуі.  Ұлттық  сана  ұлттық  дүниетанымға  негізделеді.  Ал  ұлттық 
дүниетаным  дұрыс  таным-түсінік  арқылы  өріс  жайып,  ұлттық  дәстүр  арқылы  өз  болмысын  танытады. 
Ресей  отаршылдары  қазақ  жерiн  бiр  жарым  ғасыр  бойы  жаулағанда,  олар  отты  қарумен,  тұрақты 
армиямен  қаруланса  да  әр  жердегi  қазақ  батырларының  қол  бастаған  жанкештi  қарсылығына  ұшырап, 
алға  жылжи  алмай  келдi.  Мұның  басты  себебi,  қазақ  сияқты  ұлттық  санасы  күштi  асау  халықты 
келешекте  қолда  ұстап  тұрудың  қиындығын  Ресей  отаршылдары  терең  сезiндi.  Жылқы  мiнездi 
кеңiстiктегi  еркiндiктi аңсайтын тарпаң мiнез қазақтарды тұқыртып ұстаудың бiрден бiр кiлтi – олардың 
ұлттық  санасын  өшiрiп,  халықтық  тарихи  жадынан  жаңылдырып,  табиғи  болмысының  өзегi  болған 
ауылдық  қауымдық  ұясын  (ядросын)  бiртiндеп  жою  мақсатын  шешушi  орынға  қойды.  Дала 
қазақтарының  бәрiн  де  саналы  түрде  мәңгүрттендiрудi  саяси  мақсат  ретiнде  ұстанғындығын  енді  ғана 
тарихи тұрғыдан сараптауға көзіміз жетті. Осындай тұжырымдамалар мен анықтамаларды зерделей келе, 
біз  өз  ұстанымымызды  ұсына  аламыз:  «Ұлттық  сана  дегеніміз  –  жеке  индивидтердің  әрбіреуінің  сол 
ұлттың  өкілі  екендігін  байыпты  сезіну  түйсіктерінің  тұтастануынан  құралып,  ұлттық  рухқа  жалғасатын 
тұжырымдамалы  ұғым  және  этноболмыстың  өміршеңдік  тарихи  тәжірибесінің  жиынтығы»,  -  деп 
айтамыз. Сондықтан қазіргі қоғамдық жағдайында ұлттық сананы қалыптастыру мен тұтастандыру және 

Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Хабаршысы, «Педагогика ғылымдары» сериясы, №4(40), 2013 г. 
209 
өркендету  –  маңызды  іс.  Мәселен,  қазіргі  қоғамымыздағы  орыстілді  қазақтар  мен  ұлттық  рухы  төмен 
топтардың  ұлттық  санасын  оятып,  оларды  тұтас  этникалық  рухқа  біріктіру  –  патриоттық  тәрбиені 
қалыптастырудың басты шарты болып табылады. Бүгінгі таңда тәрбие мен білім беру үдерісінде ұлттық 
дүниетанымды  үйретуге  көп  көңіл  бөлініп  отыр.  Дегенмен,  оны  да  тереңдету  мәселесі  қазіргі 
өркениеттілікке ұмтылған тұлғаны қалыптастырудың негізі болмақ. Демек, ұлттық дүниетанымды дұрыс 
түйсінген ұрпақ өздігінен биопсихологиялық-мәдени-әлеуметтік түрде патриот болып қалыптасады. 
 
Осы  ұлттық  санадан  ұлттық  рух  түсінігі  туындайды.  Ұлттық  дүниетаным  негізінде  өз 
анықтамамызды ұсынамыз: «Патриоттық рух – қазақ елiнiң әлемдiк өркениеттi елдер көшiне қосылып, 
дүниежүзiлiк қауымдастықтан лайықты орын алуына мүмкiндiк беретiн бiрден-бiр күш». 
Ұлттық рух әлемдік ғылымда көбінесе халықтық рух түрінде сипатталады: «Народный дух в качестве 
настоящего  содержит  и  свое  прошлое;  наличествующая  настоящая  форма  духа  заключает  в  себе  все 
прежние  ступени»  [1,  с.147-168].  Ал  Ф.Г.Гегельде  ұлттық  рух  «тұлғаның  құндылығы»,  ол  қандай 
дәрежеде  халықтық  рухты  бейнелейтіндігіне  байланысты  [2,  51-б.].  «Каждый  народ  имеет  свой 
особенный  дух,  но  не  каждый  его  осознает.  Народы  себя  осознают  если  имеются  соответствующие 
условия.  Народный  дух  осознает  себя  в  религии,  искусстве,  системе  права,  политике,  философии»  [3, 
с.87] деген түсініктер де  осының айғағы. Яғни мұндай идеяның ұлттық рух түрінде айшықталып,  ресми 
емес  түрде  қойылуы  –  стихиялы  идея,  яғни  ғылыми-теориялық  жүйеленбегенімен,  бастапқы  ұлттық 
қағидалар  мен  болашақ  даму  стратегиясын  құрайды.  Ол  әсіресе  жаугершілік  заманда  анық  байқалады. 
Сол  дәуірдегі  өмір  сүрудің  шарттарында:  елдікті  сақтап  қалу,  өз  кеңістігі  мен  аймағын  кеңейту,  өзге 
этностар  мен  ұлттарды  өзіне  қарай  ассимиляциялау  т.б.  сол  ұлттың  өзіндік  бағдарларын  айқындауға 
септігін тигізді. Қазақ халқында да әрбір кезең сайын, әрбір дәуірдің табиғи обьективті қажеттіліктеріне 
сәйкес  құрылған  ұлттың  қорғаныштық  қызметі  өзіндік  бастапқы  ұлт  мүддесі  үшін  жасалған 
тұғырнамасынан  айнымаған.  Сондықтан  түркілік  мәдениет  пен  ұлттық  мәдениеттің  роліне  тоқталар 
болсақ:«әрбір  руханият  құбылыстары  арқылы,  дүниетаным,  салт-дәстүрімен  де  өзінің  түпкілікті  ұлттық 
негіздерін  сақтап  отырады.  Сол  рухани  негіздері  арқылы  әлем  мәдениетінің  кеңістігінде  өз  жолын 
қалыптастырады», - деп келтіреді [4, 8-б.].  
Қазақ халқының сан ғасырлардан бері дамып келе жатқан тарихында өз ұрпағына патриоттық тәрбие 
беруде  баға жетпес тәрбиелік  мүмкіндігі зор рухани, мәдени мұраның мол тәжірибесін жинақтаған. Бұл 
мақсатты  жүзеге  асыру  үшін  патриоттық  тәрбие  жөніндегі  халықтық  қағидалар,  талаптар  және  әдіс-
тәсілдер  қолданылған.  Қазақ  халқының  патриоттық  тәрбиесінің  негізгі  талаптары  еліміздің  тарихи 
дамуына,  әлеуметтік-экономикалық  жағдайына,  өмір  салтына,  түрлі  тарихи  уақиғаларға  байланысты 
қалыптасқан.  Осы  ұлттық  рух  түркілер  дәуірінде  де  заңды  жалғасын  таба  түсті,  өздерін  Көк  Тәңірінің 
ұлдарымыз  деп  санап,  діни-мистикалық  негіздерін  құра  білді.  Мәселен,  көне  түркі  жазба 
ескерткіштерінде:  «ел»,  «халық»,  «жұрт»  «жер-су»  ұғымдары  рухани-әлеуметтік  құндылықтар  ретінде 
қастерленген.  Күлтегіннің  үлкен  жазуында:  «...Көкте  Түрік  тәңірісі,  Түріктің  қасиетті  жері,  суы  былай 
депті:  Түркі  халқы  жойылмасын  дейді,  Ел  болсын  дейді»,  -  деп  келтіреді.  Мәселен,  ғұндар  дәуіріндегі 
ерлік дәстүрлері ұлттық рух түріндегі көріністерін атап өтуімізге болады, мысалы, Аттиланың «құдайдың 
қамшысы» деп аталуы осының дәлелі болып отыр [5, 9-б.].  
Сонымен  еліміздегі  ұлттық  болмыс  пен  ұлттық  рухтың  бүгінгі  көрінісіне  тоқталар  болсақ,  қазіргі 
Қазақстанның  жетістіктерімен  қатар  «сан  мыңдаған  жылдар  бойы  әлемдік  деңгейде  саяси-әлеуметтік 
беделі  мен  мәдени-рухани  мәртебесі  биік  дәрежеде  болған  түркілер  бізге  қалдырған  мұралары  не  үшін 
жалғасын  таппай  отыр,  неге  қазақ  халқы  отаршылдық  сана  мен  рухсыздық  күйін  кешіп  келеді»  деген 
деректерді  негізге  алуға  болады.  Шындығында  үш  жүз  жылдай  отаршылдық  дәуірін  бастан  өткізген 
халқымыздың  этнорухани  құлдырауларын  пессимистік-эмоционалдық  тұрғыдан  бағалап,  халқымыздың 
өткені мен отаршыл саясатқа жағымсыз көзқарас қалыптасыру біздің негізгі мақсатымыз емес, керісінше 
тарихты  толықтай  игеріп,  өткенімізді  шынайы  ашып  көрсету  арқылы  ұлттық  сезімді  жандандыру, 
халқымыздың  басынан  өткізген  қайғылы  оқиғаларына  қайғыра  білуді,  жетістіктеріне  шаттануды 
ұрпақтарымыздың  бойына  сіңіре  отырып,  өткен  дәуір  кемшіліктерін  қайталамау  болып  отыр.  Себебі 
ретроспекция  қашанда  тарихи  субьектілердің  кінәлі  және  кінәлі  еместерін  ажырататын,  жаза  мен 
жауапкершілік жүктейтін құқықтық-заңнамалық жүйе емес, керісінше танымдық тәжірибелік сабақ алаңы 
болып табылады.  
Жоғарыда  атап  өткеніміздей,  түркілік  этноцентризм  кезеңінің  неліктен  мыңдаған  жылдар  бойына 
созылып, олардың әлемдік саяси-рухани өркениетке қалай үстемдік еткені осы ұлттық рухқа байланысты 
болып отыр. Тарихты таразыласақ, жоғарғы беделден айрылу ХҮІІІ ғасырлардан басталатын тәрізді. Осы 
деградацияны үш ғасыр бұрын ескерткен көріпкел данамыз Асан Қайғы ой-толғамдарының пессимистік 

Вестник КазНПУ им. Абая, серия «Педагогические науки», №4(40), 2013 г. 
210 
қыры ақырзаман жөніндегі толғаудан бастау алады:  
«Әй, Жәнібек хан ойласаң,  
Қилы-қилы заман болар,  
Суда жүрген ақ шортан,  
Қарағай басын шалар, 
Балшықтан үй болар,  
Сиыр малы пұл болар».  
Мұндай  «заман  ақыр»  толғанысы  кейіннен  ХІХ  ғасырларда  Шортанбай,  Дулат,  Мұрат  ақындар 
шығармаларында жалғасын табады [6, 24-б.].  
Яғни  ауызбіршіліктің  жоқтығы,  ұлттық  рухани  құндылықтардың  бағаланбай,  еуропалық-ресейлік 
дәстүрлерге  еліктеуі,  өркениеттік  ғылым  мен  техника  дамуының  өлшемдерін  қабылдамау  т.б.  қазақ 
халқының  әлемдік  саяси  аренадағы  беделін  төмендете  бастады.  Мәселен,  ауызбіршіліктің  жоқтығы 
туралы Абай ақын: «Заман ақыр жастары, қосылмас ешбір бастары», - деп жырлағандай, үш жүздің соңғы 
рет  бірігіп  күш  көрсетуі  Аңырақай  шайқасындағы  жоңғарлармен  соғыс  болатын.  Осы  тенденцияның 
қалдықтары  бүгінгі  таңда  халқымызда  «күндестік»  психологиясына  трансформацияланған.  Күндестік 
психологиясын  зерделеуде  қоғамдық  пікірде  қалыптасқан  әр  түрлі  көзқарастарды  ғылыми-теориялық 
түрде  ұсынуға  болады;  ол  генетикалық  жалғасқан  табиғи-әлеуметтік  этнофеномен  деп  пайымдау, 
рушылдық  максимализмі  пен  өзімшілдік  менталитеттің  бейсаналық  көріністері  ретінде  бағамдау, 
отаршылдық  пен  тоталитарлық  жүйеде  көп  жылдар  бойы  қыспақта  болған  психологияның  бүлік 
шығаруына байланыстыру болып табылады.  
Психологиялық-әлеуметтік  тұрғыдан  бұл  құбылысты:  саяси  күншілдік  немесе  күншілдік  саясаты  – 
билікке ұмтылыстың нәтижесі өзгені басты бәсекелес обьект ретінде таңдап алып, оған қарсы айла-әрекет 
ұйымдастыру  бойынша;  психологиялық  күншілдік  –  адамның  ішкі  қызғаншақтық  сезімінен  туындау 
арқылы;  әлеуметтік  –  қоғамдағы  қайшылықтардан  туындаған  реванштық  (кек  алу)  сананың,  намысты-
кекшіл рухтың бейбіт формаға көшірілуі негізінде құрылған деп ажыратып көрсетуімізге де болады. 
Яғни  тарихи  сана  тағылымын  бүгінгі  қоғамдық  пікір  мен  ұрпақтарымыз  үшін  мынадай  маңызды 
болып саналатын түйіндер ретінде ұсынуға болады: 
шынайы  тарихты  аша  отырып,  өткеніміз  бойынша  танылатын  халқымыздың  ерекшеліктері  мен 
жетістіктері  арқылы  ұрпақтарымыздың  санасында  өз  халқына  деген  мақтаныш  және  сүйіспеншілік 
сезімді ояту; 
түркілік кезеңнің асқақ этнорухы арқылы отаршылдық сана сарқыншағынан қалған «өзін төмен санау 
кемістік  кешенін»  жоюдың  механизмдерін  қалыптастыру  және  сол  рухтың  биогенетикалық 
трансформацияланатын  қағидасы  бойынша  оның  мәңгі  сақталатын  және  қайта  орала  алатын  қуат 
екендігін рационалды бағамдау; 
тарихымыз бастан өткергендей, қиыншылықтарға төзімділікті қалыптастыру мен кез-келген жағдайда 
одан шығудың тарихи тәжірибелерін пайдалану; 
ұлттық  мінез  психологиясындағы  жағымсыз  сапалар  мен  қасиеттерді  жете  зерделеп,  одан  біртіндеп 
құтылудың психологиялық механизмдерін жасау; 
халқымыздың  тарихын  саралап,  тарихи  айшықталған  патриоттық  тәрбие  қағидаларын  сабақтастыру 
болып табылады. 
Сондықтан  ұрпақтарымыздың  бойында  қоғамдық  сананы  қалыптастыру  үшін  бүгінгі  таңдағы 
Қазақстанның  рухани-мәдени  дискурстық  кеңістігіндегі  ұлттық  рух,  ұлттық  сана,  ұлттық  намыс 
түсініктерінің  теориялық-әдіснамалық  негіздерін  зерделеуіміз  қажет.  Бұл  генетикалық  түсініктерді 
саралауда  түркілік  тәлім-тәжірибенің  негізіндегі  патриоттық  тәрбиені  алғашқы,  бастапқы  негіз  ретінде 
пайымдап, оның заманауи қажеттіліктерден жетілідіруіміз керек.  
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   56




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет