Хабаршы вестник


БАЛАЛАР ПОЭЗИЯСЫНДАҒЫ САНАМАҚ ЖАНРЫНЫҢ ФУНКЦИОНАЛДЫҚ ҚЫЗМЕТІ



Pdf көрінісі
бет25/34
Дата14.02.2017
өлшемі3,15 Mb.
#4088
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   34

 
БАЛАЛАР ПОЭЗИЯСЫНДАҒЫ САНАМАҚ ЖАНРЫНЫҢ ФУНКЦИОНАЛДЫҚ ҚЫЗМЕТІ 
 
Д.Қ. Сартбаева 
– 
Қ.А. Ясауи атындағы ХҚТУ, ф.ғ.к., доцент 
А.Б. Мұхамеджанова 
– 
Қ.А. Ясауи атындағы ХҚТУ 
Қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша Ph докторанты 
 
Түйін 
Мақалада  санамақ  жанрының  балалар  әдебиетіне  ғана  емес,  бала  педагогикасы  мен  тәрбиесіне,  психологиясы 
мен  ой  өрісінің  дамуына  кең  ықпал  ететінін  және  функционалдық  қызметінің  ерекше  екенін  нақтылау.  Авторлар 
бала психологиясын жақсы біліп, санамақта бала тәрбиесіне қажетті сәттерді тап басып, тапқырлықпен суреттейді. 
Санамақтардың  түпкі  негізі  халықтық  педагогикамен  байланысып  жататындығын,  санамақтардың  да  өзіндік  туу 
заңдылықтары  бар  екенін,  бала  өмірінің  қажетін  өтеу  үшін  туады  да,  баланың  әр  кездегі  жас  мөлшеріне, 
психологиясына  лайықталып  айтыладығы  суреттеледі,  алынған  үзінділердегі  санамақ  бала  санасына  сіңіп,  оның 
ұғымын, түсінігін де кеңейтетіндігі, санамақ жыры балаға сан үйретуден басталатындығы сипатталады. 
Кілтті сөздер: балалар әдебиеті, бала тәрбиесі, бала санасы, балалар фольклоры 
Резюме 
В статье говорится о том, что жанр считалки оказывает большое влияние не только на детскую литературу, но и 
на  детскую  педагогику  и  воспитание,  психологию  и  развитие  детского  мировоззрения,  а  также  указывает  на 
особенности  функционального  значения  этого  жанра.  Хорошо  зная  детскую  психологию,  авторы,  отмечая  такую 
черту, как находчивость, указывают на необходимость считалок в процессе детского воспитания. Фундаментальная 
основа  считалок  лежит  на  единой  плоскости  с  народной  педагогикой.  Помимо  того,  чтосчиталки  обучают  детей 
счету,  начиная  с  ранних  лет  и,  принимая  во  внимание  психологию  ребенка,  соответствующей  каждому  возрасту, 
считалки играют огромную роль в развитии памяти, умственных способностей, и мировосприятия.  
Ключевые слова: детская литература, детская воспитание, детский фольклор, детское сознание.  
Summary 
The  article  deals  with  the  genre  of  counting  rhyme’s  influence  not  only  on  children's  literature,  but  also  on  children's 
pedagogics  and  education,  psychology  and  development  of  children's  outlook,  and  as  well  as  states  features  of  functional 
value  of this genre. Well knowing children's psychology, authors, noting such line as resourcefulness, indicate the need  of 
counting rhymes in the course of children's education. The fundamental basis of counting rhymes lies on the one plane with 
national pedagogics. Besides that counting rhymes train children in arithmetics, since early years and, in view of psychology 
of the child, corresponding to each age, counting rhymes play a huge role in development of memory, mental capacities, and 
perception of the world.  
Key words: children’s literature, children’s education, children’s folklore, children’s consciousness. 
 
Қазақ халқының ұлттық болмысында бала тәрбиесінің рөлі ерекше екені әлмисақтан белгілі. Туылған-
нан  бастап  бала  санасының  өсіп-жетілуіне  жете  мән  берген  ата-бабаларымыз  балалар  әдебиетінің 
фольклорлық  үлгілерін  қалыптастырған.  Уақыт  өте  келе  балалар  әдебиетінің  мәселелері  сөз  етіліп, 
зерттеудің арқасында балалар әдебиетіндегі жанрлар мен жанрлық түрлері анықтала бастады. Олар кейде 
балалар  фольклоры  деп  те  зерттеліп  жүр.  Қазақ  балалар  фольклоры  шығу  тегі  мен  орындаушыларына 
қарай  –  үлкендер  тарапынан  балаларға  арналып  айтылатын  және  балалардың  өздері  орындайтын 
шығармалар болып екі топқа бөлінеді. Алғашқысының қатарына бесік жыры, маусымдық жырлар, жұм-
бақ, жаңылтпаш шығармалар жатса, соңғысы  санамақ, сұрамақ, тақпақ балалар өлеңдерін қамтиды.  Бұл 
жанрлар  зерттелу  формасына  орай  үлкен  салаларға  бөлініп  те  қарастырылады.  Мәселен,  әлпештеу 
поэзиясы, жеткіншектер жыры, ойындық фольклор, балалар тіршілігінде қара сөзбен айтылатын балалар-
дың прозалық фольклоры, деп зерттеліп жүр.  
Балалар  фольклорында  балалар  ойыны  кезіндегі  ойынға  шақыруға  ойынды  бастауға,  оны  жүргізуге 
қызмет ететін өлеңдерді (қаламақ, санамақ, жаңылтпаш, жұмбақ, балалар айтысы) қосуға болады. Жалпы, 
балалар  фольклорына  тән  шығармалардың  барлығында  ойындық  белгілер  болатыны  сөзсіз,  бірақ 
ойындарға арналған балалар фольклорына жататын туындыларда, бұл сипат ерекше басым көрінеді, олар-
да  ойынға  тән  драматизм  мен  қимыл-әрекет,  динамизм  күшті.  Ойынға  шақыру  өлеңдері,  қаламақ, 

Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Хабаршысы, «Педагогика ғылымдары» сериясы, №1(41), 2014 г. 
157 
санамақ,  ойын  ішіндегі  өлеңдер  тікелей  балалар  ойындарымен  бірге  өмір  сүрсе,  халық  арасында  кең 
тараған жұмбақ, жаңылтпаштар, тәжікелесулер сөз арқылы ойналады. 
Ойындық фольклордың бірі-санамақ жанрын қарастырып көрейік.  
Әдебиеттану терминдер сөздігінде «санамақ-қазақ балалар фольклорындағы жанрлық түр. Санамақ – 
сәбилерге  сан үйрету, санның ретін танытуды көздейтін  ойын өлеңі. Санамақтың құрылымында форма-
лық  шарттар  қатаң  сақталмайды.  Ол  кейде  ұйқасқа  кейде,  тек  қана  ырғаққа  негізделе  береді.  Қайсі  бір 
санамақ  үлгілерінде  сандар  жай  ғана  санамаланып  келіп,  соңғы,  түйіндеуші  жолдар  ғана  ұйқасады. 
Ересектеу  балалар  санамақты  ойын  тәртібін  (жасырынбақ  ойынында,  т.с.с.)  айқындау  үшін  қолданады» 
[1, 294-295] - деп анықтама берген.  
Бала  тәрбиесіндегі  санамақтар  да  үлкен  орын  алады.  Санамақтар  туралы  Ә.Табылдиев  былай  дейді: 
«Санамақтарды халық, негізінен, жас балаға сан үйрету мақсатымен шығарған. Санамақтар әрі сан үйре-
теді,  әрі  дүние  танытады,  әрі  баланың  қисынды  ойлауы  мен  математикалық  ойлау  қабілетін  дамытады. 
Санамақтардың түрлері көп, оның үстіне жаңадан қосыла береді». 
Санамақтар  баланы  әдемі  сөйлеуге  дағдыландырса,  жаттау  қабілеттерін,  танымдық  ой-өрісін  дамы-
тады.  Санамақ  тәртібін  бұзбай  айту  балаларды  аңғарымпаздық  қасиетке  баулиды.  Санамақ  балалардан 
белсенділік пен алғырлықты талап ететін жанр. 
Сен  кір,  сен  шық,  –  дегенде  бала  санамақты  тыңдап  қана  қоймай,  оны  қайталайды,  сол  арқылы 
сандарды таниды, жаңа бір ұғымдармен танысып, дүниетанымын кеңейтеді, есте сақтау қабілеті мен тілін 
жаттықтырады.  Өйткені  санамақ  қарапайым  сандар  мен  сөздердің  жиынтығы  ғана  емес,  ол  –  көркем 
сөзбен кестеленген тәрбиелік, тағылымдық мәні бар шағын поэтикалық шығарма. Санамақтар көп ретте 
реттік сандармен басталады. 
Қазақ  әдебиетінде  санамақтың  сан  түрлі  формасы  бар.  Баланы  ойнатып  отырып  та,  саусақтарын 
санатып санамақты үйретуге болады. Мысалы: 
Бір – білім ал, 
 
 
 
Алты – алғыс ал, 
Екі – ерлік көрсет,   
 
 
Жеті – жеңіс біздікі, 
Үш – үлгі тұт, 
 
 
 
Сегіз – сенім керек. 
Төрт – тәртіп керек,  
 
 
Тоғыз – тоқу керек, 
Бес – бестік баға ал,  
 
 
Он – оқу керек.  
Енді  бірде  балама  сөздерді  сәби  түсінігіне  етене  жақын  заттарға  байланысты  алып,  бала  жадын 
жаттықтыра  түсу  мақсатында  заттық  тиянағы  жоқ  «құпия»  сөздер  деқосылады(Мәселен,  «он  бір  –  қара 
жұмбақ»).  
Бір дегенің – білеу,   
 
 
Алты дегенің – асық, 
Екі дегенің – егеу,   
 
 
Жеті дегенің – желке, 
Үш дегенің – үскі,   
 
 
Сегіз дегенің – серке, 
Төрт дегенің – төсек, 
 
 
Тоғыз дегенің – торқа, 
Бес дегенің – бесік,   
 
 
Он дегенің – оймақ, 
 
 
 
 
 
 
Он бір қара – жұмбақ. [2,135] 
немесе, 
Бір дегенім - белін,   
 
 
Алты дегенім - адам,  
Екі дегенім- егін,    
 
 
Жеті дегенім - жеміс, 
Үш дегенім - үкі,    
 
 
Сегіз дегенім - сең, 
Төрт дегенім - төл,    
 
 
Тоғыз дегенім - тоң, 
Бес дегенім - бекіре,  
 
 
Он дегенім - оң, 
 
 
 
 
 
 
 
Он бір болады одан соң. 
 
Тілі  шығып  сөйлей  бастағаннан,  есейген  шағына  дейін  баланың  жасына  лайықты  сан  түрлі  ойын 
ойналған жән олардың басым көпшілігі өлең-тақпақтармен бірге жасап, бірін-бірі толықтырып  отырған. 
Алғашқыда  балалар  үлкендердің  көмегімен,  кейін  біртіндеп  ойын  тәртібін  игере  келе  сөздерін  өздері 
шығарып  айта  бастаған.Санамақтың  тағы  бір  түрі  математикалық  есептерді,  яки  сандарды  есептеудің 
тиімді тәсілі ретінде қолдануға болатынын да көре аламыз: 
 
Ал санайық, санайық, 
 
 
"Бес болды» - деп ұғайық. 
Сан сырына қанайық! 
 
 
Оң қолдың енді біреуін, 
Бір саусақты жұмайық, 
 
 
Тағы да ептеп жұмайық, 
«Бір саны», - деп ұғайық!   
 
«Алты сан», - деп ұғайық, 

Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Хабаршысы, «Педагогика ғылымдары» сериясы, №1(41), 2014 г. 
158 
Екі саусақ жұмайық,  
 
 
Екіншісін жұмайық, 
«Екі сан» - деп тынайық! 
 
 
«Жеті сан» - деп ұғайық! 
Үшіншісін жұмайық, 
 
 
Үшіншісін жұмайық, 
«Үш саны» - деп шығайық!  
 
«Сегіз ғой» - деп тынайық! 
Тағы бірін жұмайық, 
 
 
Тағы бәрін жұмайық, 
Төрт санына ылайық. 
 
 
Тоғыз санға ылайық. 
Жұдырықты жұмайық, 
 
 
Жұдырықты жұмайық, 
 
 
 
 
 
 
«Он болды» - деп ұғайық. 
 
Қазақ балалар әдебиетінде санамақ лирикалық түр ретінде де айтылып жүр. Бұл туралы Л.Қоныстың 
«Тәуелсіздік кезеңіндегі қазақ балалар лирикасы (1991-2005)»  - деп аталатын кандидаттық диссертация-
сының  авторефератында  «қазақ  балалар  лирикасын  көп  жанрлы,  көп  сипатты  кең  арнаға  балауымыз  – 
әдеби  әлем  мен  педагогикалық  тәрбиенің  ұштасуы,  бала  танымына  қуатты  әсер  ете  алатын  үлкен 
идеологиялық  құрал  ретіндегі  мән-маңызына  байланысты.  Осындай  күрделі  мәселелердің  сабақтастығы 
нәтижесінде бұл сала қоғамдық-тарихи-рухани құбылыс есебінде тарихи-қоғамдық ықпалға орай әр қилы 
дамып келді. Қазақ балалар лирикасының тарихы әдебиетіміздің кеш дамыса да, кеңге қанат жайған сала 
екенін  әйгілейді»  [3,  6]  -  деген  пікірі  балалар  лирикасының  тақырыптық  болмысын  айқындауға  да  жол 
көрсетеді. 
Қазақ балалар лирикасы ұзақ жылдар бойы бала психологиясын, бала пайымын мейлінше дәл көрсетіп 
келді.  Баланың  танымы  мен  түсінігін  ізгі  мақсаттарға  аударып,  осы  желімен  тәрбиелеуге  ұмтылды.  Бұл 
тұста қаламгерлеріміз  кеңестік идеяның бағыт-бағдарына жүгініп, негізгі ұлттық, гендік тамыры болған 
нысанасынан  айырылып  қалғандай  еді.  Ал,  еліміз  тәуелсіздік  алып,  әдебиетімізде  ғасырға  жетеқабыл 
уақыт  жабық  жатқан  ислами  діни  түсініктердің  бой  көтеруі  –  қазақ  мәдени  танымына  келген  үлкен 
рухани  жаңалық  деңгейінде  қабылданды.  Мұндай  түсініктің  қазақ  балалар  лирикасына  да  араласуы 
құптарлық жәйт.  
Қазақ  әдебиетінде  санамақтың  сан  түрлі  формасы  бар.  Ал,  Е.Өтетілеуовтің  санамақты  балаларға 
арналған діни түсінік шеңберінде жеткізуі – өзіндік жаңалық. 
Ақын мұсылман баласының бес парызын санамақтың үлгісіне икемдеп, сәтті үлгі таба білген: 
«Біріншісі – Алланы 
Бар деп, кәміл сенуі. 
Жүрекпен құп алғаны, 
Күдікті ойды жеңуі. 
Екіншісі – тоқуы, 
Көңілге дін діңгегін: 
Бес уақыт оқуы, 
Намазды үзбей, күнбе-күн. 
Үшіншісі – кәмелет. 
Жастан санға кіруі: 
Әр жыл сайын бір мезет 
Пітір-зекет беруі. 
Төртіншісі – бойында, 
Қуат барда, боп риза, 
Рамазан айында 
Бір ай тұту ораза. 
Бесіншісі – құдірет. 
Ғұмырында бір рет. 
Қажылыққа баруы». 
Ақын мұнда үлкен парыздарды баланың оңай түсінуіне, үйлесімділікпен жеткізуге назар аударады.  
Санамақ – арифметиканың төрт амалын меңгеруді үйрететін  әдеби үлгі десек, ақын бұл ретте ислам 
қағидаларын өте орынды пайдалана білген.  
Е.Өтетілеуовтың  бұл  бағыттағы  жырлары  мектеп  жасына  дейінгі  бүлдіршіндеріміз  үшін  жазылса, 
Ө.Ақыпбекұлы  шығармалары  бастауыш  мектеп  балаларының  жас  шамасына  орай  лайықталып,  дін 
қағидаларымен  там-тұмдап  таныстыра  беру,  баланың  көкейіне  көркем  сөзбен  өрнектеп  орнату  секілді 
қағиданы басты назарға алған. Дініміз – ислам дегенмен де, мұны мінберлерде айтып, әр ауылдан мешіт 
салғанымызбен  де,  ертеңгі  азаматты  қалыптастыруда  аса  зор  маңызы  бар  балалар  әдебиетінде  діни 
тақырыпта бірде-бір дүниенің болмағаны рас-ты.  

Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Хабаршысы, «Педагогика ғылымдары» сериясы, №1(41), 2014 г. 
159 
Санамақтың әр саны әр түрлі қастерлі ұғымды білдіреді десек, кеңес уақытындағы балалар лирикасын-
да  адамзат  өмірі  үшін  үлкен  фактор  санатындағы  дін  саласы ауызға  алынбайтын.  Ермек Өтетілеуовтың 
«Он сабақ – Санамақ» деп аталатын санамақтар топтамасында: «Бірінші сабақ – Отан», «Екінші сабақ – 
Достық»,  «Үшінші  сабақ  –  Ұрпақ»,  «Төртінші  сабақ  –  Уақыт»,  Бесінші  сабақ  –  Дін»,  -  дей  келе,  дін 
ұғымдарын кішкентай оқырмандарымыздың пайымына лайықтап көрсетеді[3,7]. 
Еліміз  тәуелсіздік  алған  жылдарда  санамақтың  тақырыптық,  мазмұндық  жағы  да  өзгере  бастағанын 
байқаймыз. Елдің ертеңі, ұлт рухы сияқты ұғымдарды бүлдіршіндердің ұғымына ертерек сіңіруді балалар 
жанашырлары төл туындыларында ұғындыруды мақсат етеді.  
Бір дегенің – бесігінді түзедің, 
 
Алты дегенің – ұраның айбының асырған, 
Екі дегенің – Егеменді ел дедің.                  Жеті дегенің – ту ұстадық жасылдан. 
Үш дегенің – ана тілім асылым,                  Сегізінші салт-дәстүрін оралған. 
Басқа тілден мәртебесін асырдың.              Тоғызыншы атың кетті алысқа, 
Төртіншіңіз төреліктен таймаған,               Тоқтар бастап қазақ ұшты ғарышқа. 
Нұрсұлтанды хан тағына сайлаған.            Он дегенің – орындалып ойдағың 
Бес дегенің – берекелі болғаны.                  Наурызыңды өз мәнінде тойладың. 
 
Санамақтың  айтылуы,  сөз  құрамы,  әдемі  ұйқасы,  құрылысы,  жинақтылығы,  аз  сөзбен  көп  нәрсені 
қамтитыны да балаға эстетикалық әсер береді. Ойын жинақты, ықшам айтуға үйретеді. Сөзуар мылжың 
болудан,  пәтуасыздықтан  аулақтата  береді.  Санамақ  балалардың  ойлау  қабілеттілігін  арттыра  түсумен 
бірге,  олардың  көрген-білген  нәрселерінің  біріне  де  ой  жіберіп,  себептерін,  өзгешеліктерін  айырып, 
ұқсастықтарын  салыстырып,  оны  сондай  бір  екінші  затқа  теңеп  отыратындай  шеберлікке  үйрету  үшін 
қолданылатын халықтың шебер құралы болғанын да байқаймыз: 
Бір үйде он баламыз, 
Бір-бір жастан арамыз. 
Бір жастағы – Біржан 
Екідегіміз – Елжан, 
Үштегіміз — Үсен,  
Төрттегіміз – Төкен, 
Бестегіміз – Бекен, 
Алтыдағымыз – Арқан, 
Жетідегіміз – Жетен, 
Сегіздегіміз - Сөкен, 
Тоғыздағымыз – Тойтан 
Ондағымыз- Ойқан 
Жастарымызды қосыңыз, 
Қосындысы қанша осының? 
 
Автор  бала  психологиясын  жақсы  біледі.  Санамақта  бала  тәрбиесіне  қажетті  сәттерді  тап  басып, 
тапқырлықпен суреттеген.  
Санамақтардың түпкі негізі осылай халықтық педагогикамен байланысып жатады. Санамақтардың да 
өзіндік  туу  заңдылықтары  бар.  Олар  бала  өмірінің  қажетін  өтеу  үшін  туады  да,  баланың  әр  кездегі  жас 
мөлшеріне, психологиясына лайықталып айтылады. Жоғарыда алынған үзінділердегі санамақ бала сана-
сына сіңіп, оның ұғымын, түсінігін де кеңейтеді.  
Санамақ  жыры  балаға  сан  үйретуден  басталады.  Мұнда  сандар  жеке  айтылмай,  кейде  атауы  ұқсас 
екінші бір затпен қосақталып, («Бір дегенім – білеу, Екі дегенім 

 егеу» деген сияқы), кейде сан тәуелдік 
және атау түрінде өзара тіркесіп «Бірім-білім, екім-екі, үшім-үш» түрінде қайталанды.  
Мұның бәрі жас баланыңсанды тез жаттап алуына қолайлы болуын көздейді. Бала ұғымын, түсінігін 
кеңейтуде,  оның  тілін,  ойын  дамытуда,  оларды  үлгілі  істерге  тәрбиелеуде  санамақтар  да  маңызды  рөл 
атқарады.  Санамақтар  құпиясы  баланы  әрқашан  қызықтырып,  ілгері  жетедейді.  Сол  негізде  санауға 
үйретеді. Мұндай санамақтарбала ойын ұштайды.  
Әдебиет  сыншысы  Р.Бердібай  «Әдебиет  сынының  көкжиегі»  атты  еңбегінде  балалар  фольклорының 
қызметі  мен  орны  туралы  ерекше  пікір  айтады:  Осыдан  жиырма  шақты  жыл  бұрын  ауыз  әдебиетінің 
материалдары оқулықтардан елеулі орын алушы еді. Олардың жас оқушыға әсері күшті болатын. Халық 
даналығынан  туған  шығармалар-  оқушының  тіл  ұстартуына,  ана  тілін  сүйіп  өсуіне,  тілдің  неше  алуан 
өзгешеліктерін  үйренуге  мың  да  бір  дауа.  Сөздің  тіке,  астарлы,  әр  түрлі  мағыналарын  білуге,  айтайын 

Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Хабаршысы, «Педагогика ғылымдары» сериясы, №1(41), 2014 г. 
160 
дегеніңді  жамыратпай,  қысқа,  нақ  айтуға  үйрететін  нағыз  таза  тіл  фольклорда.  Ендеше,  тіл  меруертінің 
мөлдір бұлағы болған фольклор мұраларын үздіксіз насихаттап, барынша кең пайдалану қажет. Балаларға 
эстетикалық  адамгершілік,  ақыл-тәрбиесін  беруде  әдебиеттің  қызметі  өзгеше.  Міне,  осы  мақсатқа  сай 
келетін нұсқаны  ескі әдебиеттен  де,  қазіргі жазушылардың шығармаларынан да іріктеп ала білу  міндеті 
тұр [4,55]. 
Бір дегенім - бірқазан, 
Екі дегенім - ементұмсық. 
Үш дегенім - үйрек, 
Төрт дегенім - торғай. 
Бес дегенім - безгелдек, 
Алты дегенім - алабұлдырық, 
Жеті дегенім - жек (дуадақ), 
Сегіз дегенім - сұңқар. 
Тоғыз дегенім - тоқылдақ, 
Он дегенім - оқпақ. 
Осы  тақпақ  өлең  екі  бірдей  қызмет  атқарып  тұр.  Мұны  жаттаған  бала  біріншіден,  сан  үйренсе, 
екіншіден, бірталай заттың атын біліп шығады. Міне, осы секілді тәсілмен қазіргі өмір шындығынан неше 
алуан тақпақ өлеңдер жасауға болады.  
 
1. Күмісбаев Ө. Әдебиеттану терминдер сөздігі. – Алматы: Жазушы, 1998. - 294-295 бб. 
2. Ақ сандық, көк сандық. – Алматы: Жазушы, 1998. – 255 б. 
3. Қоныс Л. Тәуелсіздік кезеңіндегі қазақ балалар лирикасы  (1991-2005). Фил.ғ. кан. дисс. Авторефераты. – А., 
2010. - 36 б. - 17-18 б. 
4. Бердібай Р. Әдебиет сынының көкжиегі. – Түркістан: Тұран, 2006. - 530 б. 
 
ҚАЗАҚСТАН КЕСКІНДЕМЕ ӨНЕРІНДЕГІ НАТЮРМОРТ ЖАНРЫ АРҚЫЛЫ 
ОҚУШЫЛАРҒА ҚӨРКЕМДІК ТӘРБИЕ БЕРУДІҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ 
 
С.М. Крыкбаева 
– 
өнертану ғ.к., Мәдениет саласының үздігі,  
Еуразиялық дизайнерлер Одағының мүшесі, «Кәсіптік білім» кафедрасының аға оқытушысы, 
Қазмемқызпу, Алматы қ. 
 
Резюме 
В  данной  статье  рассматривается  эффективность  обучения  молодого  поколения  изучая  работы  казахстанских 
художников  согласно  требованиям  современного  времени,  а  такженекоторые  важные  проблемы  преподавания 
изобразительного искусства в школе и о его роли в развитии познавательной деятельности учащихся.  
Изобразительное  искусство  формирует  эстетический  вкус,  художественные  произведения  развивают 
художественные  взгляды,  творческие  способности  молодого  поколения.  Преподаватель  ответственен  за 
всестороннее развитие и знания молодежи. 
Summary 
In  article  learning  efficiency  of  young  generation  is  considered  studying  works  of  the  Kazakhstan  artists  according  to 
requirements of modern time, some important problems of teaching of graphic art are examined at school and about his role in 
development of cognitive activity of pupils. 
The  fine  arts  form  esthetic  taste,  works  of  art  develop  art  views,  creative  abilities  of  young  generation.  The  teacher  is 
responsible for a full development and knowledge of youth. 
 
Қазақстан 2050 жылға қарай әлемнің ең дамыған отыз елінің қатарында болуға тиіс. Бәсекеге қабілетті 
дамыған  мемлекет  болу  үшін  біз  салауаттылығы  жоғары  елге  айналуымыз  керек.  Қазіргі  әлемде  жай 
ғанажаппай салауаттылық жеткіліксіз  болып  қалғалы қашан. Біз азаматтарымыз үнемі  ең  озық жабдық-
тармен және  ең  заманауи өндірістерде жұмыс жасау машығын меңгеруге дайын болуға тиіс. Сондай-ақ 
балаларымыздың, жалпы барлық жеткіншек ұрпақтың функционалдық сауаттылығына да зор көңіл бөлу 
қажет. Балаларымыз қазіргі заманға бейімделген болуы үшін бұл аса маңызды [1]. 
Осыған  орай,  тәуелсіз  мемлекетімізде  еңбекқор,  білімді,  парасатты  жастарды  тәрбиелеу  қажеттілігі 
туады. «Адамға ең бірінші білім  емес, тәрбие берілуі керек. Тәрбиесіз берілген білім- адамзаттың жауы, 
ол  келешекте  оның  барлық  өміріне  апат  әкеледі»  -  деп,  ұлы  ғұлама  Әбу  Насыр  Әл-Фараби  бабамыз 
айтқандай,  жастарға  халықтың  өнері  арқылы  тәрбие  беруде,  ұлттық  тәрбиені  үндестіре  білсек,  ұлттық 
санасы,  ізгілік  қасиеттері  қалыптасқан,  жан-жақты  дамыған  ұрпақ  тәрбиелей  аламыз.  Жастарды  жан-

Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Хабаршысы, «Педагогика ғылымдары» сериясы, №1(41), 2014 г. 
161 
жақты  тәрбиелі  азамат  етіп  өсіруде  халықтың  көркем  өнер  туындыларының  тәлім-тәрбиелік,  білім-
танымдық ықпалы зор.  
Бүгінгі таңда кең өріс ала бастаған білім беруді ізгілендіру бағыты, ең алдымен, мәдениеттегі, рухани 
мұрадағы, тарихымыздағы жалпы адамзаттық құндылықты бағалауға баса наза аударуды қажет етеді. Бұл 
тұрғыда  әсіресе,  ұлттық  таным  мен  әлемдік  биік  талғамның  бірлігі  айқын  танылатынбейнелеу  өнерінің 
эстетикалық  тәрбие  берудегі  мәселесі  өзінің  өзектілігімен  және  өткірлігімен  ерекшеленеді.  Заман 
талабына сай жоғары оқу орындарында тәрбиеленіп жатқан жас ұрпақты ұлтымыздың көнеден келе жат-
қан  салт-дәстүрлерін,  еңбекке  деген  шеберлігі  мен  икемділігін,  өнерге  деген  сүйіспеншілігін  қалыптас-
тыру – ұлт мектептерінің басты міндеті. 
Бейнелеу  өнері  пейзаж,  натюрморт,  тұрмыстық,  соғыс  жанры  т.б.  болып  бірнеше  түрге  бөлінеді. 
Солардың ішінде натюрморт (негізінен қондырғылы кескіндеменің) бейнелеу өнерінің бір саласы ретінде 
өзіндік орны бар. 
Натюрморт француз тілінен аударғанда (naturemorte) “өлі табиғат” деген мағынаны білдіреді. Натюр-
мортта бір құрылымға топтастырылған жансыз заттар (гүл, жеміс, ет, балық, күнделікті тұтынатын заттар, 
т.б.)  кейде  тірі  организмдер  де  (аң,  құс,  құрт-құмырсқа,  адам  еңбегі  және  шығармашылық  қызыметінің 
атрибуттары)  бейнеленеді.Натюрморт  –  сюжеті  жағынан  таусылмайтын  жан-жақты  және  таңғажайып 
тақырып. Тұрмыстың кез келген заты: гүл шоғы, теңіз жағалауындатабылған бақалшақ, кітап, піскен алма 
тағы  да  басқа  көптеген  заттар  суретші  ғана  емес,  сонымен  қатар  көрермендердің  бірнеше  ұрпағын  да 
толғандыратын өнер шығармасының  объектісі бола  алады. Негізінде бұл жанр шынайы реализм немесе 
біртума  кубизм,  кенеп  немесе  папирус  беті,  темпера  немесе  пастель  болсын  қай  стильде  салынса  да 
тамаша.  Жаңа  техникалардың  дамуына  байланысты  натюрморттың  өмірді  бейнелеу  тәсілдерінің  дамуы 
да мүмкін. 
Графика  Қазақстанда  кеңінен  тараған  бейнелеу  өнерінің  алғашқы  түрі  болды.  Ал  бейнелеу  өнерінің 
жеке  түрі  ретінде  ол  елімізде  ХХ  ғасырдың  басында  пайда  болып  дами  бастады.  1930  жылдардың 
басында  пайда  болған  кескіндеме  мектебінің  ізденістерінің  бағыты  мен  сипатын  көпке  дейін  анықтап 
берген  кескіндемешілерұжымы  қалыптасты.  Ол  кездегі  график-кескіндемешілердің  жұмысы  кездейсоқ 
сипатта  болып,  олар  газет  бетіндегі  мақалаларға  иллюстрациялар  мен  этюдтермен  бірге  кескіндемелік 
жұмыстарға  қосымша  материал  қызыметін  атқарған  нобайлармен  шектеліп  отырды.  Сол  жылдардағы 
суретшілердің  көптеген  графикалық  жұмыстары  бір-бірінен  текерекше  көркемдік  сипатымен  ғана 
ерекшеленбей, олар жиірек сол кездегі бейнеленетін құжат ретінде тарихи қызығушылықты ұсынады[2]. 
Кескіндеме  өнерінің  көптеген  жанрларында  белсенді  еңбек  еткен,  қазақ  қыздарының  арасынан 
шыққан  тұңғыш  суретшіАйша  Ғалымбаева  болды.  Суретші  өз  шығармашылығында  тұрмыс  заттарын, 
ыдыс-аяқ, гүлдерді  бейнелеуге селсоқ қарамайды, суретшінің өзін қоршаған ортаға деген  сүйіспеншілігі 
әдемі де сұлу натюртортарынан көрінеді. Суретші бұл жанрдан да шабыт көзін тапқан. Оның натюрмор-
тары  табиғаттың  сұлу  көркін  аша  отырып,  суреткердің  де  ой,  сезімдерін  паш  етеді.  Шартты  түрде 
натюрморт жанрына жатқызуға болатын “Шеберхана бұрышы”  шығармасында бүгінгі адамның күрделі 
рухани  ішкі  жан  дүниесі  көрсетіледі.  Бұл  композицияға  өзге  де  өнер  туындылары  (әйелдің  мүсіндік 
портреті),  шеберхана  қабырғасына  ілінген  рамадағы  пейзаж  көрінісіндегі  табиғат  суреттері  енгізілген. 
Кенепке салынған суреттегі әрбір нәрсенің адам, суретші өмірінен алатын рөліне қарай өзіндік символдық 
мәні бар.  
“Дастархан”(1959),  “Ақ  құмыра”  (1968),  “Қарагөз”  (1974)  натюрморттары  да  маңызды  сипатқа  ие. 
Заттардың“жанын”,  “сұлулығын”  түсінетін  дарынды  қылқалам  шеберінің  натюрморттарынан  біз 
айшықты  формада  берілген  қарапайым,  әсерлі  сезім  саздарын  аңғарамыз.  Алма,  анар,  жүзім  салынған 
“Қызыл апорт” (1966), “Айва” деп аталатын бірнеше туындыларынан да суретшінің өмірге, табиғат пен 
адам  еңбегінің  жемістеріне  деген  махаббат  сезіледі.  Мәңгі  жаңғырып,  жасарып  отыратын  табиғат 
тақырыбы  қатты  толғандыратын.  А.Ғалымбаеваның  натюрморт  жанрында  жазған  жұмыстары  шын 
мәнінде  сәнді,  әдемі,  айшықты  дүниелер.  Мысалға  “Көне  керемика”  туындысын  алайық.  Бұл  жерде 
қызыл қоңыр түсті оюлы текемет пен көгілдір сәнді матаның фонында шығыс үлгісінде жасалған бірнеше 
қыш ыдыс тұр. Олардың түрі, түсі, ою-өрнектері  ерекше мұқият салынған. Бұл жерде  суретшінің халық 
өнеріне ұлттық мәдениет пен тарихқа қанық адам екені анық көрінеді. Шебердің қолтаңбасы тым нәзік, 
бояу  түстерінің  үйлесімі  күмістей  сыңғырлайды.  Ал  оған  жақын  қойылған  шар  кесенің  ішіндегі  қып-
қызыл анарлар көзге шоқтай басылады. Мұндай жақындықтан тұрмыста қолданылған ежелгі көне заттар 
қайта жасап, жаңғырып шыға келгендей, халық өнерінің сұлулығы мен қасиетіне қайран қалып, тамаша-
лаған сәтте археологиялық заттардан тұратын бұл композицияның этонграфиялық сипаты мүлде жоғалып 
кетеді.  Онда  шын  мәнінде  көркем  туындының  кемімек  емес  деген  терең  ой  жатыр.  Мәселен  “Қазақтың 

Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Хабаршысы, «Педагогика ғылымдары» сериясы, №1(41), 2014 г. 
162 
ұлттық бас киімдері” атты туынды суретшінің қылқаламының арқасында толыққанды образдарға, біздің 
бүгінгі  тіршілігіміздің  қажетті,  құрамдас  бөлігіне  айналады.  Бұл  туындысы  арқылы  суретші  ата-
бабаларымыздан  мирас  болыпқалған  ұлттық  бұйымдарымызарқылы  келер  ұрпақты  өзінің  салт-дәстүрін 
сүйетін, саналы ұрпақболып өсулеріне азда болсаөзінің үлесін қостыдеп айтала аламыз. 
«Көктем және күз» деп аталатын натюрморты да ерекше. Терезеден көктем, құлпырған өмір көрінеді. 
Кенепті  түгелдей  гүл  ашқан  алма  ағашы  алып  жатыр.  Көктемгі  бақ  көгілдір  ауа  күн  шуағына  малынып 
тұр. Ал терезе алдындағы табақтаүлкен қызыл алмалар жатыр. Оның қызыл түсі бақтың көгілдір реңімен 
әдемі  үйлесім  тапқан.  Бұл  натюрморты  көргенде  көктемгі  табиғатты  тамашалап,  жер  рызығының  дәмін 
татқандай боласың. 
Қазақстанның  сұлу  табиғатын  шабыттана  суреттеген  қылқалам  шеберінің  бірі  –  Үкі  Әжиев  еді. 
Талантты суретшіні қазақтың бірінші акварелист-суретшісі деп атайды. Шебердің өзі ұстазы әрі замандас 
досы Әбілхан Қастеевтің ізін басушымын деп қана дабырайтпай айтады өзін. Әлемді эпикалық, баяндау 
етіп қабылдайтын Ә.Қастеевтен Ү.Әжиевтің ерекшелігі 
– 
әрбір заттың талабына сай, ештеме қоспай және 
қайта жазбай, дәлме-дәл қайталаудан қашқақтап, бірден жазу. 
«Шаммен  натюрморт»  туындысында  акварель  техникасын  шеберлікпен  пайдалана  білген.  Жан-
жағына  сәулесін  төгіп  тұрған  шам,  ваза  салынған  әдемі  сары  гүлдер,  оның  жанында  ыдыстағы  қызыл 
алмалар  мен  лимон  бірін-бірін  толықтырып  тұрады.  Қай  затты  алып  қарасаң  ад  өмірдегідей  анық. 
Суретші қолданған түстер өзінің жылылығымен адамды өзіне бірден баурап алады.  
Гүлфайруз  Исмайлова  Қазақстан  бейнелеу  өнеріне  өзіндік  қолтаңбасымен  із  қалдырып  кеткен 
дарынды суретшілердің бірі. Қылқалам шебері пейзаж бен портрет жанрына қоса натюрморт жанрынада 
қалам  тартты.  Оның  натюрморт  жанрында  жазған  туындыларының  бірі  1967  жылғы  “Бас  киімдер” 
(Халық шеберлері триптихінің бір бөлігі) атты туындысы. Бұл жұмыста суретші қазақ халқының ұлттық 
бұйымдарын насихаттайды. Ата-бабаларымыздан қалған құнды дүниелеріміздің сұлулығын, көркемдігін 
әлемге паш ете білді. 
“Бас киімдер” атты натюрмортында суретші бірінші көріністе үш бірдей қазақ қыздарының ұлттық бас 
киімдерін  бейнелеген.  Туындыны  тамашалап  қарағанда  көзімізге  бірден  ортада  тұрған  қыз  баланы 
ұзатқанда  киетін  сәукеле  түседі.  Қанық  қызыл  түсте  бейнеленген  сәукеле  өзінің  әсем  әшекейлерімін, 
ұлттық оюларымен ерекшеленіп тұрады.  
Бас  киімдерді  олардың  жанында  тұрған  зергерлік  бұйымдардың  толықтырып  тұруы  туындының 
халқымыздыңұлттық құндылықтарға толы екендігін тағы бір мәрте паш ете түседі.  
Бойжеткен  қыз  балалардың  ата-бабаларымыз  үлде  мен  бүлдеге  орап,  оларға  ерекше  ілтипатен 
қарағандары белгілі. Олардың қолға тағатын білезіктері, мойынға тағатын тұмаршалары, қыпша белдері-
не тағатын әсем белдіктері ұлттық ою-өрнектерге толы. Талантты да танымал қылқалам шебері Г.Исмай-
лованың осындай баға жетпес көркем туындыларын қараған кездеқазақ халқының тұтастай бір ғұмырын 
көз алдымызға елестетіп өткендей боламыз. Сабақ барысында суретшінің натюрморт жанрында жазылған 
кез-келген  шығармаларына  талдау  жасай  отырып  студенттердің  ұлттық  құндылықтарымызды  жас 
ұрпақтың бойына сіңіре аламыз. 
 Қазақстан  Республикасы  суретшілер  одағының  мүшесі,  бірнеше  хылықаралық  және  Республикалық 
көрмелерге  қатысқан  дарынды  қылқалам  шеберінің  бірі  Е.А.  Бейсенбина  өзінің  натюрморт  жанрын 
шеберлікпен сала білген [3]. Суретшінің натюрморт жанрында жазылған қай туындысын алып қарасаң да 
жансыз заттардың өзін тамаша көрсетеді. Мысалы 2002 жылы жазылған “Көк күз” атты көркем туынды-
сы  көкөністерден  (пияз,  сарымсақ,  қызылша,  көкшаңбыр  т.б.)  құралған.  Туынды  аты  айтып  тұрғанай 
толығымен суық көк түске бағындырылған. 
“Жүзім мен алмалар” (2005) атты туындысы толығымен жеміс-жидектерден  құралады.Күз мезгілінің 
берекелі  де мерекелі шағын тап басып көрсете білген. Дастархан толы жомарт даланың берген тағамда-
рымен  толып  тұр.  Көздің  жауын  алатын  мөлдіреп  пісіп  тұрған  жүзімдер,  әр  жерде  шалылып  жатқан 
алқызыл  алмалар,  жасыл  жапырақтар  мен  үшып  жүрген  көбелек  те  соншалықты  шынайы  суреттелген. 
Сан алуан түстерге бай натюрморт өзінің шынайылығымен, әдемі орналасуымен ерекшеленіп тұр. Сары, 
қызыл, ақшыл сары, жасыл сияқты бірнеше түстер өзара үйлесім тауып, ортақ бір жылы түске бағынып 
тұр.  Е.А.  Бейсенбинаның  “Жүзім  мен  алмалар”  туындысынан  суретшінің  өзіне  тән  нәзіктігін  байқауға 
болады.  
Натюрморт жанрында жазылған қандай туындыны алып қарасаң да өмірдің шындығын, суретшілердің 
шынайылығын  аңғаруға  болады.  Жоғарыда  аталған талантты  суретші  Е.А.  Бейсенбинаның  туындылары 
арқылы  қазақ  халқының  кең  пейілді  жомарттығын  көрсете  отырып,  жас  жеткіншектердің  бейнелеу 
өнеріне деген сүйіспеншіліктері мен талғамдарын қалыптастыруға болады.  

Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Хабаршысы, «Педагогика ғылымдары» сериясы, №1(41), 2014 г. 
163 
Сыртқы  дүниені  жаңа  ақпараттық  өркениет  жайлап,  зор  ақпараттық  үрдісті  бастан  кешіріп  жатқан 
қазіргі  заманда  таным  және  өзін-өзі  илану  құралы  ретінде,  әлем  жайлы  тұтас  ұғымға  ие  болу,  ондағы 
адамның  өз  орнын  табу  тәсілі  ретінде,  біз  өнерге  қайта-қайта  бет  бұрамыз.  Шығармашыл,  белсенді, 
рухани бай, эстетикалық тұрғыдан дамыған тұлға қалыптастыруда бейнелеу өнерінің атқаратын қызметі 
шексіз. 
Ұлттық  мәдениет  пен  өнер  негізінде  жас  жеткіншектерге  жан-жақты  эстетикалық  тәрбие  беру  сұлу-
лыққа,  тазалыққа  үйрету  адамзат  қоғамында  бұрын  соңды  жасалған  мәдени  мұраны  жүйелі  меңгеруге 
жалпы әлемдік рухани құнды иеліктерді бағалай білуге тәрбиелеу жақтары қарастырылған [4]. 
Еліміздің әлеуметтік-мәдениеті, халықтың эстетикалық талғамы өскен сайын, қоғам дамуының барлық 
саласындағы болып жатқан өзгерістерге  сай білім  беру деңгейі де өзгеріп, әлеуметтік мағынасы жоғары 
жаңа талаптар жүктеледі.  
Рухани  мәдениетті  байытуға,  оның  ішінде,  көркемөнер  мәдениетін  дамытуға,  бейнелеу  шығармашы-
лық  іс-әрекетін  қалыптастыруға  негіз  болатын,  өз  бойында  өткеннің  эстетикалық  тәжірибесін  сақтаған, 
оның  басты  және  мәнді  белгілерін  сіңірген  бейнелеу  өнері  болып  табылады.[5].  Бейнелеу өнерін  оқыта 
отырып  жастардың  шығармашылық  қабілетін  дамытып,  көркемдік  талғамын  қалыптастыру  қай  кезде 
болмасын өзінің өзектілігін жоймайды. 
Қазіргі кезде әр халықтың мақсаты өздері өмір сүретін ортаның рухани, мәдени интеллектуалына және 
әлеуметтік дәрежесіне, білімділік деңгейіне лайық қоғам құру екені мәлім. Сондықтан барынша еліміздің 
жастарға жаңа заман талабына сай толық та сапалы білім беру өрелі өскелең жастарды тәрбиелеу өнерді 
насихаттаудан басталатынына күмән келтірмейді. Ал оқытушының жеке тұлғаның келешектегі білімінің 
сәтті болып, жан-жақты дамуына жауапты екені мәлім.  
Қорыта  айтар  болсақ,  бейнелеу  өнері  арқылы  әсемдік  талғамын  қалыптастыру,  көркем  туындылары-
мызға  суреткердің  көзімен  қарай  білушілікті  дамыту  бүгінгі  жас  ұрпақ  бойына  көркемдік  талғам  мен 
шығармашылық қабілеттерін қалыптастырудыңіргетасы болып табылады.  
Эстетикалық  тәрбиенің  міндеті 

  жас  ұрпақты  өмірдің  барлық  салаларындағы:  адамның  өмірі  мен 
тұрмысындағы,  еңбектегі,  көркем  өнердегі  және  табиғаттағы  сұлулық  пен  әсемдікті  көре  білетін,  ұға 
білетін,  бақылай  алатын  және  өзі  де  жасай  алатын  азамат  етіп  тәрбиелеу.  Ол  үшін  жас  жеткіншектер 
сауатты, терен білімді болуы керек.  
Әдебиетті,  музыканы,  сәулет  өнерін,  кескіндеме,  кино  мен  театрды  түсініп,  олардан  жанға  рухани 
азық, ләззат ала білу үшін де сезім түйсігі үшқыр, ақыл-ойы алғыр, білімді адам болуы тиіс. 
Бұл  тұрғыда  егеменді  елдің  болашағы  оның  ұлттық  болмыс-бітімін  калыптастырумен  байланысты. 
Тылсым  табиғаттың  күшін  іштей  сезіне  де  кабылдай  алмайтын,  тарихын,  мәдениетін,  діні  мен  тілін 
сыйлай  алмайтын  адам 

  ешқашан  да  қоғамды  дамытуға,  мәдениетімізді  өркендетуге  толық  үлес  қоса 
алмайды.  
Сондықтан да жаңа шыққан заң жобаларында мектеп тәрбиесіне арналған арнайы сағат жүктемелерде 
эстетикалық тәлім-тәрбиеге үлкен мән берілген. Ол өнермен тығыз байланысты. Бейнелеу өнері оқушы-
лардың  сана-сезіміне  көркем  құндылыққа,  шығармашылықты  бейнелеу  өнеріне  қызығушылықты, 
әсемдікті таныта білуді өз алдына мақсат етіп қояды. 
 
1.  Мұқашев М., Сейтімов А., Хамзин Н. «Бейнелеу өнерін оқыту әдістемесі». – Астана: «Фолиант» баспасы, 
2008 
2.  Гончаров  И.Ф.  Эстетическое  воспитание  школьников  средствами  искусства  и  действительности.  –  М., 
1986.  
3.  Рыбакова И. Қазақстанның бейнелеу өнері Совет өкіметі жылдарында. – Алматы, 1963.  
4.  Очерки  истории  изобразительного  искусства  Казахстана.  /Отв.  ред.  Г.А.  Сарыкулова/.  –  Алма-Ата: 
«Наука», 1977.  
5.  Қазақстан бейнелеу өнері ХХ ғасыр. – Алматы, 2001.  
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   34




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет