Хабаршысы №4(5), 2010


ЖЕКЕ ТҦЛҒАНЫ АДАМГЕРШІЛІК ТҦРҒЫДАН ӘЛЕУМЕТТЕНДІРУ



Pdf көрінісі
бет16/19
Дата06.03.2017
өлшемі2,24 Mb.
#8223
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19

ЖЕКЕ ТҦЛҒАНЫ АДАМГЕРШІЛІК ТҦРҒЫДАН ӘЛЕУМЕТТЕНДІРУ 
МӘСЕЛЕСІ 
 
Текесбаева Г. М. - аға оқытушысы (Алматы қ., ҚазмемқызПУ) 
 
Ӛсіп келе жатқан жас ұрпақты әлеуметтендіру талаптарының басты міндеттерінің 
бірі    оларға  адамгершілік  тәрбие  беру  болып  есептеледі.  Адамгершілік  тәрбие 
міндеттеріне,  -  профессор  Н.И.Болдырев  айтқандай,  -  адамгершілік  сананы 
қалыптастыру, моральдық сезімдерді жетілдіру және мінез-құлық дағдылары мен әдет-
қылықтарын  бойға  сіңіру  енеді.  Мұның  бәрі  сайып  келгенде  ӛсіп  келе  жатқан  жас 
ұрпақтың  бойына  қажетті  моральдық  қасиеттерді  сіңіріп,  орнықтырады,  оларды 
қоғамдық және жеке ӛмірге даярлауды қамтамасыз етеді [1]. 
Адамгершілік тәрбиесін әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдардан бӛліп алып, жеке 
сала ретінде қарастыру мүмкін емес. Адамгершілік тәрбиесі әр уақытта да табиғаттың, 
қоғамның  және  жеке  адамның  дамуы  туралы  философияның  методологиялық 
принциптеріне, әлеуметтану, педагогика, психология және физиология ғылымдарының 
озық жетістіктеріне сүйенеді.  
Адамгершiлiк  тәрбиесi    -  жас  ұрпақтың  белгiлi  бiр  мақсатқа  негiзделген 
кӛзқарасын,  сенiмiн,  парасатты  мiнез-құлық  дағдылары  мен  әдеттерiн 
қалыптастыруға  және  адамгершiлiк  сезiмдi,  ұлттық  сананы,  қарым-қатынасты 
дамытуға,  жалпыадамзаттық  құндылықты  тиiмдi  пайдалануға  бағытталған 
жалпыадамзаттық тәрбиенiң құрамдас бӛлiгi. 
Адамгершiлiк 
тәрбие 
мыналарды 
қамтиды: 
адамның 
қоғаммен 
байланыстылығын,  оған  тәуелдi  екенiн,  ӛзiнiң  мiнез-құлқын  қоғамның 
мүдделерiмен  үйлестiрудiң  қажеттiгiн  сезiну,  адамгершiлiк  мұраттарымен 
таныстыру, қоғамның талаптарымен, олардың заңдылықтарымен және адамгершiлiк 
туралы  бiлiмдерiн  адамгершiлiк  сезiмдерге  айналдыруды  кӛздеумен,  адамның 
адамдарға  құрметпен  қарауын  қарастыруды,  сӛйтiп  адамгершiлiк  дағдыларды 
қалыптастыруды кӛздеу.  
Адамгершiлiк  тәрбие  дегенiмiз  –  моральдық  нормаларды  жаттату,  ақыл  айту, 
миына  құюға  тырысу,  мiнез-құлық  дағдыларын  қатаң  талап  қою  арқылы  игерту 
емес,  ол  ӛзара  әрекет,  қарым-қатынас  және  қайшылықтарды  жеңуден  тұратын 
белсендi ӛмiрлiк үрдiс. Бала ӛзiнiң iшкi және сыртқы қайшылықтармен күресте ғана 
ӛзiн адамгершiлiк иесi ретiнде сезiне алады. Ендеше, адамгершiлiк тәрбие дегенiмiз 
–  балаларды  ӛмiрлiк  қайшылықтарды,  қақтығыстарды,  келiспеушiлiктердi  жеңе 
бiлуге үйрету. Оқушылардың адамгершiлiгiн қалыптастыру үшiн олардың ӛмiрдегi 
қайшылықтарды  тәрбие үрдiсiнiң объектiсi ретiнде қарастыру, ол қайшылықтарды 
шешу үшiн шығармашылықпен жүйелi жұмыс iстеу арқылы  олардың адамгершiлiк 
сезiмдерi, санасы, әдеттерiнiң қалыптасуына ерекше кӛңiл бӛлу қажет.  
Мектеп жас ұрпақтың адамгершiлiк тәрбиесiне едәуiр ықпал етедi және белгiлi 
бiр  дәрежеде  жүзеге  асырады.  Мектептi  бiтiргеннен  кейiн  адам  мiнездiң  жаңа 
сапаларын  игермейдi,  қайта  бұрынғыларын  шыңдай  түседi  немесе  түзетедi.  Сол 
себептi  балалардың  мектептегi  адамгершiлiк  тәрбиесi  адамгершiлiктiң  барлық 
салаларын қамтуы тиiс. Мектептегi адамгершiлiк тәрбиесi бiздiң ӛмiрiмiздiң тек осы 
кездегi  талаптарын  ғана  емес,  болашақтағы  талаптарын  да  қанағаттандыруға 
бағытталуы қажет.  
Адамгершiлiк  тәрбиесi  тәрбиеленушiнiң  дамуына  қандай  игi  әсер  ететiндiгiн, 
тәрбие  әсерiмен  оқушы  қалай  ӛзгеретiндiгiн,  адамгершiлiк  кемелiнiң    жаңа 
сатысына  қалай  кӛтерiлетiндiгiн  педагог  жақсы  бiлуi  тиiс.  Ол  үшiн  адамгершiлiк 
тәрбиесiнiң  бүкiл  үрдiсiн  жеке  буындарға  бӛлiп,  әрқайсысын  жекелей  қарастырған 
жӛн. Бұл үрдiстiң аса маңызды буыны – адамгершiлiк сананы қалыптастыру. 

Казахский государственный женский педагогический университет. Вестник № 4(5), 2010             
 
126 
Оқушының  адамгершiлiк  санасын  қалыптастыру  үшiн  оның  сезiмiне  әсер  ету 
керек.  Ал,  баланың  сезiмiне  әсер  ету  –  тәрбие  жұмысының  күрделi  саласы. 
Сондықтан кӛптеген мұғалiмдер баланың санасына әсер етудi жӛн кӛредi, ал тәрбие 
жұмысында оның сезiмiне қалай әсер ету керектiгiн бiле бермейдi. 
Оқушының  сезiмiне  әсер  етудiң  тәсiлдерiн  анықтағанда,  сезiмдi  тәрбиелеу 
негiзiнен баланың бұрынғы ӛз сезiмдерiн ӛзгерту және одан әрi жетiлдiру жолымен 
асырылатындығын  ескерген  жӛн.  Мысалы,  мектеп  қабырғасында  туған  жердiң 
табиғаты туралы қанша айтқанмен,  оның сұлулығы  мен ұлылығы  балаларға онша 
әсер  етпеуi  мүмкiн.  Ал  ендi  табиғатқа  саяхат  жасаса,  суретке  түсiру,  әңгiме 
құрастыру  жайлы  тапсырма  берiлсе,  бұл  оқушылардың  табиғатқа  деген 
сүйiспеншiлiк сезiмдерiн туғызар едi. Бұл жағдайда мұғалiм iзгi сезiмдердi туғызып 
қана қоймай, оның бекуiне де жағдай жасайды. 
Оқушыдағы  жаңа  сезiмдер  қатты  әсерленудiң  ықпалымен  жетiлуi,  ӛзгеруi 
мүмкiн.  Әсерлену,  әсiресе  ӛзгелердiң  iстегенiн  қабылдау  және  санадан  ӛткiзу 
үрдiсiнде  сезiм  пайда  болады.  Мәселен,  тарихымыздағы  ұлы  бабаларымыз  бен 
батырларымыздың,  хандар  мен  билерiмiздiң  халқы  үшiн  кӛрсеткен  теңдесi  жоқ 
ерлiктерi  туралы  әсерлi  әңгiмелеу  бала  сезiмiне  ӛте  қатты  әсер  етiп,  оның 
адамгершiлiк,  елжандылық,  Отансүйгiштiк  сияқты  iзгi  сезiмдерiн  оятады.  Мұғалiм 
ұжым  ӛмiрiн  жарқын  да  сезiмге  бай  етiп  ұйымдастыра  алса,  мұның  ӛзi  Отан  сүю, 
ұжым  алдындағы  жауапкершiлiк  сияқты  жоғары  адамгершiлiк  сезiмдерiн 
қалыптастыруға негiз болмақ.  
Мектеп  оқушыларының  адамгершiлiк  мұраттарының  қалыптасуында  мұғалiм 
маңызды рӛл атқарады, ӛзiнiң барлық жұмысында ол оқушыларды адамдар мiнезiне 
талдау  жасап,  бiлудi,  шынайы  адамгершiлiктi  ӛтiрiк,  жасанды  адамгершiлiктен 
ажыратуды үйретедi. Балалар ӛмiрiн ұйымдастыруды, ӛзiнiң жеке басының тәртiбiн 
оқушылармен 
арақатынасын 
егжей-тегжейлi 
ойластырған 
мұғалiм 
ғана 
оқушылардың саналы тәртiбiн тәрбиелеуде табысқа жете алады. Әр оқушының iшкi-
сыртқы  сырын  әрбiр  деталына  дейiн  екшеп  бiлiп,  соған  сәйкес  тәрбие  жұмысын 
ұйымдастыра  бiлсе,  мұғалiм  әр  оқушының  ерекшелiгi  мен  мүмкiндiгiне  сәйкес 
алдына  нақты  тарсырма  қоя  бiлсе,  онда  оқушының  бойында  адамгершiлiк 
қасиеттердiң қалыптасуы тез әрi табысты жүредi.  
Адамгершiлiкке  тәрбиелеу  оқушының  жеке  басын  қалыптастыру  мен 
дамытудың  аса  маңызды  бiр  саласы  болып  табылады.  Ол  оның  ата-анаға, 
айналадағыларға,  ұжымға,  қоғамға,  Отанға,  еңбекке,  ӛз  мiндетiне  және  ӛз  басына 
қатынасын  қалыптастыруды  кӛздейдi.  Адамгершiлiк  тәрбиесiнiң  негiзгi  мiндетi  – 
қоғамның әлеуметтiк қажеттi талаптарын әр баланың борыш, намыс, ождан, қадiр-
қасиет сияқты биiк адамшылық iшкi стимулдарына айналдыру болып табылады.  
Тәрбие  жүйесiнiң  тиiмдiлiгiнiң  аса  маңызды  кӛрсеткiшi  оқушының 
адамгершiлiк  жағынан  жетiлуi,  оның  рухани  адамгершiлiк  қасиеттерiнiң  елеулi 
ӛзгеруi  болып  табылады.  Жетiлгендiк  оқушылардың  дағдылы  және  күрделi 
жағдайлардағы  адамгершiлiк  мiнез-құлқының  тұрақтылығын,  мiнез-құлқының 
ересектер бақылауынан бiршама тәуелсiздiгiн, ӛз әрекетiнiң адамгершiлiк тұрғыдан 
қалай  болатынын  алдын  ала  болжап  бiлуден,  iштей  бақылауы,  ар-ожданның  пайда 
болуынан,  әрекетiнiң  моральдық  жағын,  ӛзiнiң  адамгершiлiк  қасиет  иесi  екенiн 
түсiне бiлуiнен кӛрiнедi. Адамгершiлiктiң дамуы  – тәрбие жұмысының жемiсi. Бұл 
жүйенiң ӛлшемi – тәрбие жұмысының пәрмендiлiгi. 
Адамдық  сананың  моральдық  үлгісі  -  адамдық    мәдениеттің  бір  бӛлігі. 
Моральдың мәнін, ӛлшемін және ұстанымдарын түсіну тәрбиеленушілерді ӛздерінің 
және  басқа  адамдардың  қылықтарын  бағалай  білуге,  адамгершілік  туралы  ойлауға 
үйретедi.  Мектеп  жасындағы  оқушылардың  бойында  мәдени  қарым-қатынас  пен 
жүріс-тұрысты  қалыптастыру  үшін  мұғалім  тәрбие  жұмысының  мақсаты  мен 

 Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің
 Хабаршысы № 4(5), 2010 
 
127 
мазмұнын дұрыс жоспарлап, әр оқушыға ықпал жасайтындай әдіс-тәсілдерді дұрыс 
таңдай білуі, таңдалған әдіс-тәсілдерді шебер қолдана білуі керек. 
Адамгершілікке  тәрбиелеудің  маңызды  педагогикалық  міндеттері  – 
оқушылардың белсенді ӛмірлік позициясын, қоғамдық борышқа саналы кӛзқарасын, 
сӛз  бен  істің  бірлігін,  адамгершілік  нормаларынан  ауытқушылыққа  жол  бермеуді 
қалыптастыру болып табылады.  
Адамзат  тарихында  адамгершілікке  байланысты  пайда  болған  категориялар: 
жомарттық,  батырлық,  ерлік,  әділдік,  қарапайымдылық,  кішіпейілділік,  адалдық, 
шыншылдық,  ұяттылық,  ар  мен  намыс,  тағы  басқалары.  Бұлар  сонау  кӛне  дәуірден 
бастап,  күні  бүгінге  дейін  ӛз  маңызын  жоғалтпаған.  Сондай-ақ  адамзаттың,  әрбір 
адамның  ішкі  рухани  адамгершілік  дүниесінің  негізгі  формалары  –  үміт,  сенім  және 
махаббат үнемі даму үстінде болады. 
Әрбір  қоғам  ӛзінің  даму  үдерісінде  адамгершілік  категорияларына,  оның 
мазмұнына  кӛптеген  ӛзгерістер  енгізіп  отырған.  Мәселен,  кӛне  грек  дәуірінде 
адамгершілік  категориялары  сол  қоғамдағы  тарихи,  әлеуметтік,  экономикалық 
үдеріске тығыз байланысты болып, сол заманның негізгі қозғаушы күшіне айналды. 
Адамгершілік  қасиеттері  отбасында,  ортада,  балалар  бақшасында,  мектепте, 
адамдардың 
іс-әрекеттерінің 
барысында 
бір-бірімен 
қарым-қатынас 
жасау 
нәтижесінде, қоғамдық тәжірибемен байланыста қалыптасып, дамиды. Халықта «Ұяда 
не  кӛрсең,  ұшқанда  соны  ілерсің»  деген  мақал  бар.  Тәлім-тәрбие  болмаған  жерде 
адамгершілік қалыптаспайды. 
Адамның  асыл  қасиеттерінің  бірі  -  әділдік,  турашылдық,  шыншылдық.  Әділдік, 
шын мәнісінде адамның іс-әрекетінің нормасы болуы керек. Бұл - ӛмірдің  қажеттілігі. 
Бұл қасиеттер - әрбір адамға тән, жақсы ӛмір сүрудің шарты. 
Адамда  асыл  қасиеттермен  қатар,  жағымсыз  қасиеттер  де  болады.  Олар: 
жалқаулық,  ӛзімшілдік,  күншілдік,  сараңдық,  пайдакүнемдік,  қорқақтық,  менмендік, 
мақтаншақтық,  қулық,  екіжүзділік,  жарамсақтық,  қатыгездік,  ашуланшақтық, 
ызақорлық  сияқты  қасиеттер.  Бұл  қасиеттер  –  адамгершілігі  мол  адам  бойында 
болмайтын қасиеттер.  
Адамдық қасиеттер мен адамгершілік жайында туған халық мақалдары халықтың 
бұл  жӛніндегі  ой-тілегін,  арман-мүддесін,  ұлттық  мақтанышының    қандай  екенін 
кӛрсетіп  отырады.  «Адамдық  -  адал  жанның  ісі»,  «Адамгершілік  –  ардың  ісі»  деген 
мақалдар,  ең  алдымен  адамдық  мінез-құлық  пен  адамгершіліктің    жоғары 
бағаланатынын кӛрсетеді.  
Оқу-тәрбие 
үдерісінде 
адамгершілік, 
адалдық, 
адамдық 
қадір-қасиет, 
кішіпейілдік,  кісілік  туралы,  туған  жер,  Отан,  тау,  тас,  табиғат,  жан-жануарлар  т.б. 
туралы ӛлеңдер, әңгімелер мен түрлі мақал-мәтелдер жас ұрпақтың еліне, жеріне деген 
сүйіспеншілігін арттырып, адамдық қасиеттерін дамытады. 
Сонымен,  әрбір  ұстаз  жеке  тұлғаны  әлеуметтендіруде  адамгершілік  тәрбиесіне 
ерекше кӛңіл бӛлуі тиіс.  
 
ӘДЕБИЕТТЕР 
1. Бодырев Н.И. «Мектептегі тәрбие жұмысының методикасы», Алматы, 1987, 18-
бет. 
2. Байтұрсынов А.  Шығармалары. Ӛлеңдер, аудармалар, зерттеулер – Алматы: 
Жазушы,1989; 223-б. 
3. Ананьев Б.Г. Человек как предмет познания. М., 1977. 
4. Выготский Л.С: ―Собрание сочинений М,.4 т 1984 –  с. 243 
 

Казахский государственный женский педагогический университет. Вестник № 4(5), 2010             
 
128 
ТҮЙІНДЕМЕ 
Мақалада  жеке  тұлғаны  адамгершілік  тұрғыдан  әлеуметтендіру  мәселесі 
қарастырылады. 
 
РЕЗЮМЕ 
В  статье  говорится  о  значении  нравственного  воспитания  в  социализации 
личности. 
 
 
 
 
БІЛІМ АЛУШЫЛАРДЫҢ ТІЛДІ ОҚЫТУДАҒЫ ИННОВАЦИЯЛЫҚ 
ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ҚОЛДАНУ ТӘСІЛІ 
 
Хаирлаева Г. Ж. – оқытушы (Алматы қ., ҚазмемқызпПУ) 
 
Әлемдік  білім  бәсекесіне  бейім  ұлт  болуымыз  үшін  ұлттық  білім  беру  жүйесін 
жақсарту  бүгінгі  күннің  ӛзекті  мәселесі  болып  отыр.  Ел  басымыз  Н.Ә.Назарбаев 
«Мемлекеттік  тілді  игеру-  әрбір  азаматтың  ізгілікті  борышы»    деп  бекер  айтпаған. 
Осыған  орай,  ұлттық  білім  беру  жүйесін  ұйымдастыру  мәселелері  тұрғаны  анық.  Біз 
жас  ұрпақ  санасына  ұлттық  құндылықтарды  сіңіре  аламыз.  Сонда  ғана    ӛзіміздің  ана 
тілімізді  заман  талабына  сай  әрбір  әдістерді  жаңа  технологиялармен  басқаруға 
байланысты ағылшын тілі сабағын да инновациялық әдістері арқылы қолдана аламыз. 
Қазіргі  білім  беру  жүйесінде  ақпараттық  технологиялар  мен  компьютерлік 
телебайланыстар  кең  кӛлемде  пайдаланып  жүр.  Бұл  тек  қана  жаңа  техникалық  құрал 
жабдықтар ғана емес, сол сияқты оқытудың жаңа түрлері мен әдістері. Ағылшын тілін 
оқытудың  басты  мақсаты  білім  алушылардың  қарым-қатынасын  қалыптастыру  және 
дамыту болып табылады. Қазіргі заманғы педагогикалық технологиялар, жобалау әдісі
жаңа ақпараттық технологиялар, интернет желісін пайдалану арқылы оқытуды жүзеге 
асыруға кӛмектеседі. 
Ағылшын  тілі  сабақтарында  компьютер  бағдарламалары  арқылы  лексиканы 
үйрене  алады,  екеуара  және  дара  сӛйлеуге  үйрету,  жазуға  үйрету,  грамматикалық 
құбылыстарды  игеруге  бейімдейді.  Мультимедиялық  бағдарламаны  қолдану  әдісінің 
кӛп артықшылықтары бар. Ол әр түрлі сӛйлеу түрлерін жаттықтыруға және оларды әр 
түрлі  түрде  үйлестіруге,  тілдік  құбылыстарды  білуге,  лингвистикалық  қабілеттерін 
қалыптастыруга, тілдік және сӛйлеу әрекеттерін машықтандыруға, сонымен бірге білім 
алушылардың  жеке  ӛзіндік  жұмыс  жүргізілуіне  мүмкіндік  алады.  Ортақ 
қызығушылықты  туғызатын  ең  ӛзекті  мәселені  талқылайды.  Ең  маңыздысы  ізденуші 
кӛрнекілік,  анимация,  дыбыс,  аутентикалық  тірек  қолданады.Оларға:  суреттер, 
хаттамалар,  маңдайша  жазулары,  жарнамалар,карталар,  схемалар,  таблицалар, 
диаграммалар  т.б.  жатады.  Білім  алушылар  ӛздерін  шет  елдік  білім  алушылармен 
салыстыру  арқылы  олар  ұқсастығы  мен  ӛзгешілігін  айырады,  басқа  мемлекеттің 
адамдарымен,салт­дәстүрлерімен  танысып,  жақсы  қарым­қатынас  нығаюына  ат 
салысады.Пән  бойынша  сӛйлеу  проблема  логикалық,  тілдік,  грамматикалық  жағынан 
дұрыс  құруға  ұмтылады.  Қатысушы  аудиторияға  таныс  емес  мәліметтерді  қалай 
түсіндіріп  жеткізуге  керектігін  үйренеді,  сондықтан  оларда  ӛз  ойын  айту  стимулы 
қалыптасады.Оқуға    арналған  мәтіндер  ең  алдымен  тақырып  бойынша  сәйкес  келуі 
керек.Мәтіндер  оқулықтан  немесе  қосымша  мәліметтерден  алынуы  мүмкін.Жұмыс 
кезінде білім алушы анықтамалармен, энциклопедия сӛздігімен жұмыс істейді.Сабақта 
компьютерлік  технологияны  қолдану­оқыту  үрдісінде  сапаны  арттырады,  оны 
пайдалы, қызықты етеді. Білім алушыларда әр түрлі мәліметтерді сараптау, ой елегінен 
ӛткізу қабілеті пайда болады. 

 Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің
 Хабаршысы № 4(5), 2010 
 
129 
Білім беру саласында оқытудың жаңа технологияларын меңгермейінше сауатты, 
жан-жақты және білікті маман болу мүмкін емес. Жаңа педагогикалық технологиялар 
адамгершілік, рухани, азаматтық және кӛптеген адами қабілеттердің қалыптасуына игі 
әсерін  тигізеді,  ӛзін-ӛзі  дамытып,  оқу-тәрбие  үрдісін  тиімді  ұйымдастыруына 
кӛмектеседі.  Ғылымға  және  тәжірибеге  негізделген  жаңа  технологияларды 
меңгермейінше,  оны  ұлттық  менталитетпен  үйлесімді  етіп  ұйымдастыра  білмейінше 
болашақ  үшін  кәсіби  құзырлы,  шебер  маман  даярлау  да  мүмкін  емес.  Жаңа 
технологияны  меңгеру  мұғалімнің  кәсіптік,  рухани,  адамгершілік,  т.б.  кісілік 
қабілетінің  қалыптасуына  мол  септігін  тигізеді,  әрі  тұтас  педагогикалық  үрдістің 
үйлесімді  ұйымдастыруға  қол  жеткізеді.  Осыған  орай  оқу  орындары,  әрбір  оқытушы 
күнделікті  ізденіс  арқылы  барлық  жаңалықтар  мен  ӛзгерістерге  лайық  қарым-
қатынастар жасаулары керек. 
ХХ  ғасырдың  70-80  жылдарында  оқыту  үдерісінде  белсендіруге  бағытталған, 
оның  балаға  арналған,  оқушының  оқытудың  белсенді  субъектісіне  айналуына 
бағытталған  әдістемелік  зерттеудің  кӛлемі  кӛбейді.  Оқыту  үдерісінде  ӛзгерістердің 
қоғамдық және педагогикалық сананың қалыптасуына  атақты психологтар Ж.Пиаже, 
Б.Блюм, Д.Ж.Бруннер,  Ж.Ганье, С.Эриксонның еңбектері  куә. Ж.Пиаженің айтуынша 
мектептер  «жаңаша ойлайтын қабілетті  адамдар дайындау керек;  тек ӛткен ұрпақтың 
істегенін ғана қайталамау керек;  шығармашылық және ойлап тапқыш адамды әзірлеу 
керек».  
Қазіргі кезде де жастарды қабілетті, ӛз бетінше ойлай білетін, шығармашылықпен 
айналысатын  жастарды  тәрбиелеу  қандай  да  оқу  мекемелерінің  басты  мақсаты. 
Ақпараттық  технология  шетел  тілін  игеруге  үлкен  мүмкіншіліктер  алады,  білім 
алушыларға  ағылшын  тілін  игеруге  қосымша  мүмкіндік  береді.  Ағылшын  тілі 
сабағында  интернет  желісін  пайдалана  отырып  бірқатар  дидактикалық  мәселелерді 
шешуге  болады:  оқу  біліктілігін  дамытады,  білім  алушылардың  жазу  қабілетін 
дамытады,  сӛздік  қорын  байытады,  білім  алушылардың  ағылшын  тілін  білуге  деген 
ынтасын  одан  әрі  арттырады.  Мұнан  басқа  интернет  технологияларының 
мүмкіндіктерін  пайдалану  білім  алушылардың  ой­ӛрісін  кеңейтеді,  ағылшын  тілінде 
сӛйлейтін елдердегі құрбыларымен байланыстар орнатып, дамытуға септігін тигізеді. 
Қорытындылай  келе,  оқу  үрдісінде  мультимедиялық  бағдармаларды  ендіру 
оқытудың  дәстүрлі  әдістерін  мүлде  ығыстырып  тастамайды,олармен  бірге  оқытудың 
барлық  кезеңдерінде  үйлесіп,  қатар  қолданылады.  Мультимедияны  пайдалану 
оқытудың тиімділігін бірнеше есе арттырады.  
 
ӘДЕБИЕТТЕР 
1.
 
Қазақстан Республикасының Призиденті Н.Ә.Назарбаевтың Халыққа 
жолдаулары (2004-2008 жж.). 
2.
 
Қазақстан Республикасы « Білім туралы заңы», Астана, 2007. 
3.
 
Қазақстан Республикасының педагогикалық білім беру стандарты. Алматы, 
2001.  
ТҮЙІНДЕМЕ 
 
Мақалада  білім  алушылардың  тілді  оқытудағы  инновациялық  технологияларды 
қолдану тәсілі туралы сӛз етіледі. 
                                              
РЕЗЮМЕ 
 В  статье  рассматриваются  методы  обучения  иностранному  языку  по  новый 
технологии.                                  

Казахский государственный женский педагогический университет. Вестник № 4(5), 2010             
 
130 
 
М А Г И С Т Р А Т У Р А 
 
 
ШЕТЕЛ ТІЛІН ОҚЫТУДА ТӚМЕНГІ СЫНЫПТАРДА КОМПЬЮТЕРЛІК 
ТЕХНОЛОГИЯНЫ ҚОЛДАНУДЫҢ МАҢЫЗЫ 
 
Айтпаева М.Д. – магистрант (Алматы қ-сы, Абылай хан атындағы ҚХҚ және ӘТУ) 
 
Қазақстан  Республикасындағы  Білім  Беруді  дамытудың  2005-2010  жылдарға 
арналған  мемлекеттік  бағдарламасында  жалпы  білім,  білік,  дағдылармен 
кұзырлықтардың  негізінде  еркін  бағдарлай  білетін,  қойылған  мақсатқа  танымдық 
қызмет  жасау  арқылы  жете  алатын,  ӛз  бетінше  дұрыс,  тиімді  шешімдер  қабылдауға 
қабілетті  жеке  тұлғаны  қалыптастыру  екендігі  кӛрсетілген.  Оны  жүзеге  асыру  - 
мектептерде  оқушылардың  танымдық  белсенділігін  арттыруға  септігін  тигізген  оқу 
үрдісін ұйымдастырудың тәсілдерін, әдістері мен нысандарын іздестіруге ӛзекті сипат 
берді. 
Мемлекеттік бағдарлама сондай-ақ оқу үрдісінде педагогиқалық және ақпаратты 
технологияларды  кеңінен  пайдалану  –  жалпы  орта  білім  беруді  дамытудың  басты 
бағыттарының бірі екендігі атап кӛрсетілген. 
Қазіргі 
уақытта 
Қазақстан 
Республикасында 
орта 
білім 
беруді 
ақпараттандырудың екінші кезеңіне оқу үрдісі жүруде, ол мазмұндық тұрғыда болады 
және  компьютерлік  сауаттылықтан  жеке    тұлғаның  ақпараттық    мәдениетін 
қалыптастыруға  кӛшумен  сипатталады.Мұнда  әрбір  оқушының  қазіргі  ақпараттық 
техника  мен  технология  негіздерін  меңгеріп  қана  қоймай,  оны  тиімді  қолдана  білу, 
интернет  яғни  әлемдік  ақпарат  желісін  ӛзінің  белсенді  танымдық  ізденістеріне 
пайдалана  білу  кӛзделген.  Осыған  байланысты  ХХI  ғасырда  ақпараттандырылған 
қоғам  қажеттілігін  қанағаттандыру  үшін  білім  беру  саласында  тӛмендегідей 
міндеттерді  шешу  кӛзделіп  отыр.  Олар:  компьютерлік  техниканы,  интернет, 
компьютерлік  желі,  электрондық  және  телекоммуникациялық  құралдарды, 
электрондық  оқулықтарды  оқу  үрдісіне  тиімді  пайдалану  арқылы  оқушылардың 
тынымдық белсенділігін арттыру және білім сапасын кӛтеру. 
Оқытудың  компьютерлік  технологиясы  педогогикалық  оқыту  технологиясының 
құрамдас бӛлігі болып табылады. Компьютерлік технология белгілі бір педагогикалық 
технологияны оқу үрдісіне енгізілуіне қолайлы жағдай жасайды, оқушылардың оқуға 
деген ынтасын арттыруға, оқу үрдісін тиімді басқаруға мүмкіндік береді. 
Оқуда  компьютерлік  технологияны  қолдану  ӛз  бетімен  іздену  негізінде 
шығармашылық  типтегі  іскерлікті  қалыптастырады.  Болашақта  әр  оқушы 
компьютерлік технология негізінде интернет, қашықтықтан оқыту, электрондық почта 
арқылы  дүниежүзілік  білім  әлеміне  еніп,  онда  ӛзінің қажетін  ӛтейтін  білімді,  қажетті 
ақпараттық мәліметтерді толығымен алуға, танысуға толық мүмкіндік туады. 
Компьютерлік  техниканы  үздіксіз  білім  беру  жүйесінде  пайдалану  оқытудың 
педагогикалық  технологиясы,  оқытудың  ақпараттық  технологиясы  оның  ішінде 
оқытудың  компьютерлік  технологиясының  туындауына  себеп  болады.  Оқытудың 
компьютерлік  технологиясы  ақпараттық  технологияның  құрамды  бӛлігі  болып 
табылады.  Білім  берудегі  жаңа  ақпараттық  технология  деп  оқу  мен  оқу  -  тәрбие 
материалдарының,  үйретуге  арналған  есептегіш  техника  құралдарының  жиынтығын, 
осы  жаңа  технологиялардың  оқу  үрдісіндегі  рӛлі  мен  орнын,  мұғалімдер  мен 
оқушылардың  еңбегін  жетілдіруде  оларды  пайдаланудың  түрі  мен  әдістері  туралы 
ғылыми білімнің жүйесін айтады /1/].  
Сонымен  қатар,  Қазақстан  Республикасының  «Білім  туралы»  Заңында  еліміздің 
білім беру жүйесінің басты міндеттері атап кӛрсетілген. Соның бірі–білім беру жүйесін 

 Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің
 Хабаршысы № 4(5), 2010 
 
131 
ақпараттандыру,  оқытудың  жаңа  технологиясын  енгізу,  бүкіл  әлемдік  коммуникация 
желісіне шығу.  
Білім  беруді  тез  қарқынмен  компьютерлендіру  қажеттілігі  мына  факторлармен 
түсіндіріледі: 
1.  Оқушының  қазіргі  қоғам  сұрасына  сай  ӛзінің  ӛмірлік  іс-әрекетінде  дербес 
компьютердің құралдарын қажетті деңгейде пайдалана алатындай жан-жақты дамыған 
дара тұлға ретінде тәрбиелеу. 
2.  Жаппай  компьютерлік  сауаттылық  мәселелерін  шешу,  яғни,  оқушыларға 
информация  мен  коммуникациялық  техникалық  құралдарын  пайдалану  дағдысын 
қалыптастыру.  
3. Оқушының шығармашылық қабілетін, эксперименталды іскерлігін дамыту.  
4.  Оқу  –  тәрбие  үрдісінің  барлық  деңгейін  жетілдіру,  тиімділігі  мен  сапасын 
жоғарылату  мақсатында  компьютерді  жекелеген  пәндерде  оқыту  құралы  ретінде 
пайдалану.  
Зерттеулер  мен  эксперименттердің  нәтижесіне  сүйенсек,  жаңа  ақпараттық 
технологиялар оқу үрдісінің тиімділігі мен  сапасын жоғарылатады деп танылғанымен, 
оны  жекелеген  пәндерде  пайдаланудың  нақты  әдістемелері,  компьютердің  оқушыға 
тигізетін  психологиялық  әсері  туралы  нақты  теория    әлі  жоқ.  Сондықтан  да  жаңа 
ақпараттық  технологиясын  жалпы  білім  беретін  мектепте  пайдалану  бірқатар 
әлеуметтік  –  экономикалық,  философиялық,  ғылыми-техникалық,  әдістемелік  және 
педагогикалық  - психологиялық  мәселелерді  шешуді  қажет етеді, деп ӛз еңбегінде Қ. 
Шадиев атап кӛрсетеді /2/. 
Әдістемелік  әдебиеттерде  кӛрсетілгендей  компьютерді  қолдана  отырып  мұғалім 
тӛмендегідей  дидактикалық  міндеттерді  шеше  алады:  интернеттен  ӛздері  қалаған 
әртүрлі  тақырыптағы  мәтіндер  мен  ақпарат  ала  алады,  интернет  арқылы  оқушылар 
ӛздерінің  шетелдік  достарымен  тілдік  қарым  -  қатынасқа    түсе  алады,  шетел  тілінің 
сӛздік қорын дамыта алады және  шетел дәстүрі мен танысады.  
Компьютерлік технология - оқытудың арнайы жиынтығы мен әдістемесін, әдісін 
және  тәрбие  құралдарын  анықтайтын  технологиялық-педагогикалық  процесті 
ұйымдастырудың ең тиімді жолы болып табылады. 
Соңғы  жылдары  шетел  тілін  оқытуда  және  білім  беруді  компьютерлендіруде 
ақпараттық  технология  пайдалану  туралы  мәселеге  баса  назар  аударылуда.  «Қазіргі 
ақпараттық  құралдар  -  бұл  тек  спутниктік  және  кабельдік  телевидение,  бейне  және 
дыбыстық  жүйелер,  электрондық  ойындар  емес,  сонымен  бірге  тілді  окытудың  жаңа 
жүйесі, ерекшелігі және тәсілін атқаратын негізгі бағыты болып табылады». 
Шетел  тілін  оқытудың  дидактикалық  және  компьютерді  қолданудың 
кибернетикалық  –  дидактикалық  теориясы,  оның  әлеуметтік  мәні  синтезделіп, 
әдістемелік  жаңа  теория  жасалуына  негіз  болады.  Әдістеме  теориясының  табиғаты 
зерттеу  нысанының  әлеуметтік  мәнін  ашу  арқылы  анықталады.  Шетел  тіліндегі 
мәтіндерді  компьютер  арқылы  меңгертудің  әлеуметтік  мәнін  мына  қатысымдық 
модель арқылы кӛрсетуге болады /3/. 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет