ПЕДАГОГИКАДАҒЫ ӚЛШЕМ ТЕОРИЯСЫН БОЛАШАҚ МҦҒАЛІМДЕРДІ
ДАЯРЛАУДА ПАЙДАЛАНУ
Манкеш А.Е.- п.ғ.д., Бӛлекбаева Л.Ә. - 1 курс магистранты
(Алматы қ., ҚазмемқызПУ)
Еліміздің саяси, экономикалық, мәдени, қоғамдық ӛміріндегі ӛзгерістерге сай
жоғары оқу орындарының үлкен жауапкершілікті сезініп, білікті, ӛз ісінің шебері,
бәсекегe қабілетті, кең ауқымды маман дайындауға ұмтылуы, ӛзінің бүкіл қызметін
осы бағытта құруы заңды құбылыс. Себебі қоғам ӛзінің әлеуметтік – экономикалық
және рухани дамуының мазмұны мен сипаттарының ӛзгеруіне және еңбек сапасына
талаптың жоғарылуына байланысты ӛз ісін жетік білетін, кәсіби біліктілігі жоғары
мамандарды қажет етеді.
Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің
Хабаршысы № 4(5), 2010
95
Әдетте, педагогикалық қызметті жобалап, ұйымдастырып талдай білу,
оқушылардың оқу іс- әрекетін ұйымдастырып, басқара білу нәтижесін бағалау
теориялық және әдістемелік әзірліктің ӛзара байланыста болуын кӛздейді. Мұның ӛзі
болашақ мұғалімнің кәсіптік әзірлігін жетілдіре түседі. Психология-педагогика
ғылымында студенттерді әдістемелік әзірлеу мәселелеріне барған сайын жіті назар
аударылып отыр. Ӛйткені, мұның ӛзі оқытушының мектептегі және басқа оқу
орындарындағы жұмысының сапасына тікелей байланысты болмақ.
Демек, студенттердің ғылыми- теориялық ойлауын дамыту арқылы педагог
зерттеп отырған обьектісінің басты байланысын табуға мүмкіндік алып, оның
мазмұнын бірте-бірте кеңейте отырып, жаңа байланыстар ашуға, сӛйтіп, зерттелініп
отырған обьектісінің тұтас бір бейнесін жасауға ұмтылады. Біз мұндай талдаудың
құрамдас бӛліктері ретінде психология саласында А.Н.Леонтьев [1] қолданған
орындаушылық қызметтің функциялық құрылымын зерттеу әдісін пайдаланамыз. Онда
пәнді қайта құрудың жекелеген әрекеттері, нәтижені бағалау әрекеттері атап
кӛрсетіледі. Болашақ мұғалімдердің даярлығын қалыптастыру мәселесі кәсіби
даярлаудың құрамы бӛлігі ретінде кӛптеген ғылымдардың зерттеулеріне негіз болды.
Республикада
бұл
бағытта
Қ.А.Аймағамбетованың,
С.Рахметованың,
Б.А.Тұрғынбекованың, Ш.Х.Құрманалиеваның, Т.Қ.Оспановтың, Б.М.Қосановтың,
Ж.Т.Қайыңбаевтың еңбектерін атауға болады.
Педагогикалық іс-әрекет құрылымында бірнеше элементтерді бӛліп қарастыруға
болады. Біріншісі, әлеуметтік құбылыстарды қоғамдық мақсат пен міндеттерді
педагогикалық мақсат пен міндеттерге ӛзіндік ауыстырудың педагогикалық
интерпретациясымен байланысты. Мұнда педагогтардың алдағы іс-әрекеттерді болжай
және кӛре алуы туралы сӛз болады. Екінші элемент оқу-тәрбие әрекетіндегі технология
мен құрылымдарды әдістемелік тұрғыдан ойластыруды қамтиды. Үшінші – сыныптан
тыс және мектептен тыс әрекеттердің әр түрлі ақпараттық және тәрбиелік
мүмкіндіктерінің әлеуметтік ортаға әсерін педагогикалық құрал ретінде қосалқы түрде
ұйымдастырады. Тӛртінші элемент жеткен нәтижені талдау және оған қойылған
мақсат пен міндеттерінің сәйкестігімен байланысты.[2]
Педагогикалық заңдылықтарды зерттеу қандай да болмасын педагогикалық
процесстің үлгілеуі(моделирование) болып табылады. Бұл педагог-зерттеушіні
міндетті түрде оқу-тәрбие процесінің белгілі тараптарын ӛлшеу міндетіне жетелейді,
ондай міндеттерді орындау зерттеушінің педагогикалық құбылыстар мен процесстерді
сапалық субъектілік сипаттаудан қатаң сандық сипаттауға ӛту проблемасын қалай
түсінетіндігіне байланысты болады.
Нысанның немесе құбылыстың қасиеттерін ӛлшеу философиялық тұрғыдан –
«шынайылықты кӛрсету тәсілі» деп аталады. Осындай түсіндірмеге сәйкес,
педагогикалық құбылыстың белгілі бір жақтарын ӛлшеместен бұрын, оны түбегейлі
және жан-жақты қарастыру қажет. Оларды жеңілдету, сызбаларға сыйдыру құбылысты
сандық тұрғыдан сипаттауға кӛшіреді және тиісті математикалық тәсілдер мен
құралдарды қолдану мүмкіндігін тудырады. Педагогикалық құбылыстарды сипаттау
жағынан жоғары деңгейге қол жетізіп, соның нәтижесінде олардың ӛзіндік қасиеттері
арасындағы қарапайым байланысты айқындауға да, оларды тектес құбылыстар
класына да қатысты қолдануға болады. Осы арада құбылыстың сапалы жақтарын
болжаудың сәтті болуы оны зерттеу барысында кездейсоқ немесе маңызды
жақтарының қажеттілігі анықталады.
Шынайылықты сызбаға сыйдыру және жеңілдету тәсілдерін педагогиканың ӛзі
қолданады, себебі кез-келген ғылым абстракция кӛмегімен препарация жасау арқылы
және қатаңдық шарасын қолдану арқылы ӛз нысанын зерттей алады. Осы
педагогикалық құбылыстың ерекшеліктерін ӛлшеу барысында математикалық
апаратты қолдану сызбалардың кӛптеп енгізілуіне және педагогикалық құбылыстың
маңызды тұстарының назардан тыс қалуына әсер етеді. Біріншіден, әр зерттеуші үшін
Казахский государственный женский педагогический университет. Вестник № 4(5), 2010
96
«ӛзіндік» математикалық аппарат болуы керек. Бұл есептеу тұрғысынан қарапайым
түсінік болып табылады . Екіншіден, педагогика саласында кӛлемдерді ӛлшеудің ортақ
тәсілдері болуы қажет деп ойлаймыз.
Педагогикалық құбылыстың түрлі қасиеттерін ӛлшеу проблемасы оның сапалық
үлгісін айқындау сатысында кездеседі. Сӛйтіп педагогикалық құқықтың негізгі
жақтары анықталды. Мұны ӛлшеп білу жалпы ӛлшеу реттемесіне тікелей байланысты
болады. Себебі кез келген физикалық кӛлемді n бірліктің бірнеше санымен
белгіленетіні мәлім. Сонымен n – нің мәні берілген кӛлемнің бірлік ӛлшеміне сәйкес
болғандықтан, ыңғайлы болу үшін физикалық кӛлемді ӛлшеу үшін барлық жерде бір
ғана ортақ бірлікті қолдану шарт, ал ӛлшеу деген мағынада ӛлшенетін кӛлемнің ӛзі
тектес бірлік кӛлемімен салыстыру процесі деп түсіну ұйғарылған. Осындай ӛлшеудің
нәтижесінде, зерттеліп отырған кӛлемнің бірнеше бірлікті құрайтын сандық мәніне қол
жеткіземіз. Ӛлшеуді – эталонмен салыстыру процедурасы ретінде түсіну
тұжырымдамасын зерттеушілердің, сондай-ақ педагогтардың басым бӛлігі қолдайды.
Бұл объективтік эталондардың болмауына ғана емес, негізінен, біртектес
педагогикалық кӛлемдерді салыстыруға мүмкіндік тудыратын нақты сандық
заңдылықтардың болмауына келіп тіреледі. Осы тұжырымды анықтау үшін физика
тарихынан алынған мысалға жүгінейік.
Адамзаттың сандық деңгейде ӛлшеген мӛлшерлер ұзындық, уақыт және салмақ
болғаны белгілі. Алайда сандық ӛлшеуге кӛшпес бұрын, жекелеген заттар мен
құбылыстардың ұзақтығы мен кеңістіктегі ұзындығы ұзақ бақыланды, одан кейін
аталмыш мӛлшерлер абстракцияланды соңында ұзындық, уақыт және салмақ секілді
қасиеттерге қатысты коммутативтілік және санға қосу мен кӛбейтудің транзиттілігі,
қосу мен кӛбейтуді дистрибутивтілігі секілді операцияларды айқындауға алып келді.
Қарастырылып отырған физикалық заттар мен құбылыстардың аталмыш қасиеттері
ӛркениеттің дамуының ерте кезеңдерінде- ақ адамға ұзындықты, уақыт пен салмақты
ӛлшеу үшін қарапайым әрі ыңғайлы метрикалық шкалаларды қолдану мүмкіндігін
тудырды.Шынында,академик Н.Н. Луиннің пікірінше, кез-келген физикалық кӛлемді
ӛлшеу міндетінің ӛзі әрқашан анық белгіленбеген міндет болып қала беретінін
ескерген жӛн.
Бірқатар психологиялық-педагогикаық зерттеулер ӛлшеу проблемаларының
басты мәселесі – нені ӛлшеу керектігін кӛрсетеді. Себебі әр зерттеуде оқу-тәрбие
процесін зерттеудің ӛз міндеттері қойылады. Екінші жағынан оқу-тәрбие процесі түрлі
жақтарының мазмұнының ашылуы қалай ӛлшеу керектігіне яғни келесі маңызды
мәселенің дұрыс шешілуіне байланысты болып табылады. Қалай ӛлшеу керек деген
мәселе кӛтерілген кезде тиісті педагогикалық ӛлшеу құралдарын құрып қолданумен
байланысты міндеттер кешенін талқылауға тура келеді.
Әрине, нені және қалай ӛлшеу туралы мәселелер ӛзара тығыз байланысты, себебі
олардың әрқайсысы да эмпирикалық нысан қасиеттерін қамтумен және оларды зерттеу
деңгейімен анықталады. Сонымен қатар, осы мәселелерді кӛтеру және мазмұндарын
ашу біз қарастырып отырған күрделі әрі құрылымы әлсіз ӛлшеу проблемаларының
шешу гнесеологиялық функциясын қамтып қана қоймай, сонымен қатар, оның
әдістемелік негізін құрайды. Бұл осы проблеманың ӛзін ӛзара бірегей логикалық
зерттеумен байланысқан ең басты екі бағытта жетілдіру мүмкіндігін тудырады. Олар:
- қасиеттерін бӛліп кӛрсету және оларды жеке бастың психологиялық процестері
мен қасиеттерін есепке ала отырып, оның қасиеттерін бӛліп кӛрсету арқылы
эмпирикалық нысан мазмұнының моделін құру;
- эмпирикалық нысан құралдары мен процедураларын жетілдіру және оларды
білім беру саласындағы түрлі педагогикалық мәселелерді шешу практикасына енгізу.
Осылайша, ӛлшеу проблемасын жетілдіру педагогика саласында екі ӛзара
байланысқан міндеттерді шешуді кӛздейді. Бірінші мәселе, психологиялық-
Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің
Хабаршысы № 4(5), 2010
97
педагогикалық зерттеулерде орын алса, екіншісі – тек конструктивті шешім бойынша
анықталады.
Студенттің жоғары оқу орнындағы әрекеті қоғамдық-әлеуметтік қатынастар
жүйесіне енгізілгендіктен, ол ғылыми тұрғыда негізделген және тәрбие беру
барысында қалыптасуы мен басқарылуы студенттің жеке тұлға яғни, әрекет субъектісі
ретіндегі жағдайын сипаттаудың негізін құрайды. Осы тұста Б.Г.Ананьевтың
түжырымы бойынша,бірінші тобына – жас ерекшелік – жыныстық ерекшелік және
жеке бастық – типтік ерекшеліктерді жатқызуға болады, олар студентті индивид
ретінде сипаттап береді. Б.Г. Ананьевтің айтуынша, жас ерекшелік – жыныстық
ерекшелік және жеке бастық – типтік ерекшеліктердің ӛзара әрекеті оның психикалық-
физиологиялық
функциялар
динамикасымен
қатар
(сенсорлық,мнемоникалық,вербалды-логикалық және т.б.), оның органикалық
қажеттілік құрлымына да ықпал етеді. Ерекшеліктердің екінші тобына студентті жеке
тұлға ретінде сипаттайтын қасиеттерді жатқызамыз. Олар мыналар: мәртебесі, ролі
және құндылық бағыттары, олар студенттің ынтасы мен жүріс-тұрысын сипаттап қана
қоймай, оның мінез-құлқын да сипаттайды. Бейімділіктері, сондай-ақ оның қоғамдық
жүріс-тұрыс құрлымы, жеке бастық қасиеттері. Үшінші топқа судентті әрекет
субъектісі ретінде сипаттайтын барлық қасиеттерді жатқызамыз. Б.Г.Ананьев бұл
топқа сана мен әрекетті де жатқызады.
Білім алушының кез келген қасиетін ӛлшем нысаны ретінде қарастыра отырып,
келтірілген классификацияның басқа да маңызды әдістемелік жағын да атап ӛтуге
болады: кез-келген қасиет осы арада білім алушының жай-күйін анықтайтын функция
ретінде орын алады (психикалық, психофизиологиялық, әлеуметтік, психологиялық-
педагогикалық). Оларды білу және бағалау жоғары оқу орындарында оқу-тәрбие
процесін басқаруда және ұйымдастыруда маңызды құрал бола алады. Сонымен білім
алушы әрекетінің кӛптеген қасиеттерінің аз зерттелгендігінен, ең бастысы-оқу тәрбие
процесін ұйымдастыру мен басқаруда стандартталған әдістемелер мен олардың
бағалауларының жетілмегендігі болып табылады. Әдетте педагог қажетті білім-тәрбие
беру құралдарын таңдауда студентке білім берудің бір-екі психологиялық-
педагогикалық заңдылықтарын есепке алады. Осыған байланысты кӛптеген
ерекшеліктерін есепке алу мәселесі туындайды,оларды бағалап және олардың
арасындағы қажетті байланыстарды анықтап,мазмұндық мағынада түсіндіріп береді.
Алайда тәлім алушы әрекеті қасиеттерінің тӛмен деңгейде зерттелуі кез-келген
психологиялық-педагогикалық зерттеудің нәтижелерін сипаттау туралығына әсер
етеді. Соның нәтижесінде эмпирикалық нысан қасиеттерін анықтауда және оның
құрылымын түсіндіруде түрлі тұжырымдар туындайды.
Осылайша, психологиялық -педагогикалық сипаттамалар студенттерге білім
берудің бірнеше жалпы және локальді түрде әрекет ететін заңдылықтарын кӛрсетеді:
педагогика мен психология саласында жаңа ғылыми деректердің пайда болуы және
жинақталуы эмпирикалық нысандардың қасиеттерін сипаттау барысында маңызды
эмпирикалық нысандарды толықтай анықтау мүмкіндігін береді. Сонымен қатар
эмпирикалық нысан кез- келген зерттеліп отырған қасиеттерді есепке алу студенттің
индивид ретіндегі әрекетінің маңызды жақтарын қамтиды. Субъектіде белгілі бір
әрекеттер жүйесінің болуы – ӛлшем нысаны сипаттамасын жасап қана қоймай, сондай-
ақ тиісті факторларды айқындауға кӛмектеседі.
Эмпирикалық нышандарын сипаттау арқылы ӛлшем нысанын анықтау негізінен
маңызды сатыны құрады, мұндай сатыны құрып алмай ӛлшеу теорияларын педагогика
саласына енгізу туралы міндеттерді шешуге қатысты арнайы мәселелерді талқылау
мүмкін емес. Пфанцагльдің пайымдауынша, зерттеудің бастапқы сатысында ӛлшем
нышандарын императивті түрде ӛлшеуді кеңінен қолдануды қамтитын формалық емес
кӛзқарас логикасын есепке ала отырып, кейіннен эмпирикалық нысан қасиеттерін
ӛлшеудің сандық шкалаларын жетілдіру және құру мәселелеріне кӛшу қажет. Яғни,
Казахский государственный женский педагогический университет. Вестник № 4(5), 2010
98
бұл арада пайымдау логикасы-күрделі қолданбалы мәселелерді шешу үшін ір қасиетті
сипаттау нақты саласына жүгіну қажеттігін дәлелдейді.Ӛйткені соның негізінде
эмпирикалық нысанның нақты сызбасы бойынша оның мазмұндық үлгісі туралы
талқылау жүргізу қажет.
Білім алушы жадысының белгіленген психикалық ерекшеліктері ӛлшеу
нысанын,оның мазмұны мен құрылымын қарастыруға мүмкіндік береді.Білім
алушының мнестикалық әрекеті туралы теориялық ережелеріне сәйкес, сол арқылы
жұмыста кӛрсетілгеннен гӛрі білімнің анағұрлым толықтылығы деген педагогикалық
ұғымның контекстік формасын қолданған жағдайда оның мазмұнын толығырақ
түсіндіру мүмкіндігіне ие боламыз. Эмпирикалық нысан қасиеті білім алушының
білімді толық меңгеруде күрделі мнестикалық әрекеттерді жаңғыртады.
Білім берушінің ұзақ уақыт бойы жадында ұстауы қажет оқу материалын есепке
алу және білім алушы әрекетіндегі мнестикалық функцияны ашуға бағытталған оқу
материалдары мен бақылау тапсырмаларының формалары біз қарастырып отырған
эмпирикалық нысанның қасиетін толықтай ашуға мүмкіндік тудырады:‖ Эмпирикалық
нысан- ӛлшеу нысаны- ұғымдық нышандар- эмпирикалық нышандар- бастапқы ӛлшеу
процедурасы- ӛлшеу нәтижелері”. Сонымен қатар,қарастырып отырған эмпирикалық
нысан қасиетінің талдаудың жалпы сызбасына сәйкес әр эмпирикалық нышан
қарастырылады. Яғни, ӛлшем нысанын және оны сипаттау деңгейлері арқылы
эмпирикалық нышандар жүйесіне дейін ӛтуге тиісті ұғымдық нышандар сипатталады.
Ӛлшем нысанын сипаттаудың дәл осы әдісі ұғымдық нышандар мен эмпирикалық
нышандар арасындағы байланысты анықтауға кӛмектесумен қатар,ӛлшем нысанын
сипаттауды анықтайды. Осы кезде ӛлшем нысаны құрылымы мен мазмұнын зерттеу
деңгейінде деңгейлер иерархиясы мен олардың ұғымдық нышандарын толықтай
анықтауға болады.
Эмпирикалық нышанның кӛрініс алу деңгейін анықтау кӛбінесе тест
тапсырмаларының түрімен байланысты болады.Оны таңдау бірқатар қиындықтар
тудырады. Біріншіден,ӛлшем нысандарын сипаттау барысында қандай эмпирикалық
нышандарды маңызды деп қарастыру керек екенін толық білу. Екіншіден, тапсырма
түрін
таңдау
кӛбіне
эмпирикалық
нышанды
бағалау
тәсілімен
айқындалады. Үшіншіден, психологтардың айтуынша, түрлі тапсырмаларды орындау
барысында, тест тапсырмалары бір біріне ұқсас болғанына қарамастан тәлім
алушының жадысын басқару және бақылау процесі әр алуан болады.
Ойымызды қортындылай келе, қандай да бір педагогикалық зерттеу үшін
біріншіден ӛлшем нысандарының мазмұндық талдауын жүргізу қажет, себебі
зерттеудің осы деңгейінде жұмыс гипотезасы жасалатын ғылыми тіл анықталады, және
зерттеменің тәжрибелік негізін құрайтын эмпирикалық нысан ӛлшеудің тиісті
процедурасы таңдалады. Екіншіден, ӛлшем нысаны құрамы туралы талқылау
эмпирикалық нысан сипаттаудың нақты психологиялық-педагогикалық саласымен
байланыссыз құрылған болса, ӛлшеуге қатысты арнайы мәселелерді талқылаудың
теориялық та, практикалық та пайдасы болмас еді. Үшіншіден, ӛлшем нысаны сапалық
сипаттау тәсілдері сандық тәсілдермен толықтырылуы тиіс маңызды жағдай шын
мәнінде сандық тәсілдер педагогикалық зерттеулерге ӛлшеу теорияларын енгізудің
әдістемелік негізін құрайды.
ӘДЕБИЕТТЕР
1.Леонтьев А.Н. Деятельность. Сознание. Личность. -М.,Политиздат,1977.-304с
2.Андриенко
Е.В.
Психолого-педагогические
основы
формирования
профессиональной зрелости учителя.Дисс...д.п.н.-Новосибирск,2002
3.Михеев В.И. Научное методическое пособие для педагогов-исследователей,
математиков. М., Высшая школа,1987.-200с
Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің
Хабаршысы № 4(5), 2010
99
ТҮЙІНДЕМЕ
Мақалада педагогикадағы ӛлшем теориясын болашақ мұғалімдерді даярлауда
пайдаланудың жолдары қарастырылады.
РЕЗЮМЕ
Данная статья рассматривает проведение содержательного анализа объекта
измерения необходимо в любом педагогическом исследовании.Методы качественного
описания объекта измерения составляют методологическую основу приложения
теории измерений в педагогических исследованиях.
ИНФОРМАТИКА САБАҒЫНДА ОЙЫН ТЕХНОЛОГИЯСЫН
ПАЙДАЛАНУ МҤМКІНШІЛІКТЕРІ
Оразаева Л.І - аға оқытушы (Алматы қ., ҚазмемқызПУ)
Қазіргі кезде Республикамызда сапалы білім беру мәселесіне үлкен мән беріліп
отыр. Осыған орай заман талабына сай білім сапасын анықтау және бақылауды
жетілдіру педагогика саласының іргелі мәселелерінің бірі екені анық.
Білімді бақылау – оқушының тұлғалық оқу іс-әрекетінің нәтижесі бойынша
бағалауды іске асыратын, оқушының білім деңгейін тексеру болып табылады. Бақылау
жыл бойына жүйелі түрде жүргізіліп тұруы керек, сонымен қатар ол бағдарламаның
барлық тарауларын қамтитындай жан-жақты болуы қажет. Оқушылардың білімін
бақылау барысында оқыту үдерісін жетілдіруге жаңа мүмкіндіктер ашылады, себебі
бақылау оқушылар білімінің тереңдігін бақылап қана қоймай оқушылардың жеке
тұлғалық ерекшеліктерін де анықтауға мүмкіндік береді.
Информатиканың ӛзіне тән пәндік ерекшелігіне қарай оқушылардың теориялық
білімі және практикалық жұмыс істеу дағдыларын бӛліп алуға болады. Теориялық
білімді тексеру үшін ауызша сұрау, жазбаша бақылау, тестілеу сияқты дәстүрлі
бақылау түрлерін, ал практикалық дағдыны бағалау үшін практикалық жұмысты
қолдануға болады. Информатиканы оқыту барысында оқушылардың білімін бақылау
үшін осы дәстүрлі әдістермен қатар бақылаудың дәстүрден тыс түрлері рефераттар,
конкурстық жобалар, әр түрлі интеллектуальдық ойындар да қолданылады.
Интеллектуальдық ойын – бұл күрделі, кӛпқырлы құбылыс. Ол оқыту әдісі ғана
емес, білімді бақылау әдісі болуы мүмкін.
Информатика бойынша білім бақылауда интеллектуальдық ойындарды қолдану
оқушылардың ӛзіндік тұлғалық ерекшеліктерін ашуға, сабаққа дайындық деңгейін
арттыра түсуге кӛмектессе, ал мұғалімге оқушылардың білімінде кеткен кемшіліктерді
дер кезінде жӛндеуіне мүмкіндік береді. Ойын барысында оқушыларда белгілі бір
мәселені шешу қабілеті, ӛз бетінше ойлау қабілеті мен білімге деген құштарлығы
оянады. Оқушылардың ойынға қызыққандары соншалықты олар қойылған мәселені
шешуге бар ынтасымен тырысып, ӛз фантазияларын одан әрі дамыта түседі.
Интеллектуальдық ойындар мен ойын кезеңдері дәстүрлі оқытумен де жақсы үйлесіп
кетеді.
Бүгінгі таңдағы негізгі мәселенің бірі оқушылардың қабілеті мен ынтасын
дамыту. Оқушыларды ӛз бетімен ізденіп жұмыс істеуге, ӛз бетінше алған білімдерін
тәжірибиеде, ӛмірде пайдалануға үйрету. Сондықтан оқушылардың информатика
пәніне қызығушылығын арттыру, ой – ӛрісін және танымдық қабілеттерін дамыту,
шығармашылыққа баулу, ӛз ойын еркін жеткізу мақсатында мұғалім сабақты
түрлендіріп ӛткізуге, оқушылардың шығармашылық белсенділігін арттыратын ойын
Казахский государственный женский педагогический университет. Вестник № 4(5), 2010
100
элементтерін пайдалануға ӛте тиімді. Қазіргі оқыту үрдісіндегі мұғалімнің басты
міндеті, оқушылардың шығармашылық іс-әрекетке бастайтын шығармашылық
ойлауын қалыптастырып, дамыта білуі. Мұғалімнің негізгі мақсаты оқушылардың
білім сапасын кӛтеру, сабаққа деген қызығушылығын арттыру, іздеу қабілетін,
танымын қалыптастыру. Сондықтанда мұғалім әрбір сабақта заман ағымына қарай
оқыту әдістері де түрлендіріліп отырғаны оқушы үшінде тиімді. Ӛз тәжірибелерімде
келесі ойын түрлерін: жарыс сабақтар, жұлдызды сағат, кештер т.с.с пайдаланудамын.
Оқушылардың информатика пәніне қызығушылығын, ынтасын арттыру, ой- ӛрісін
және танымдық қабілеттерін, даму тарихын еске түсіріп дамыту, шығармашылыққа
баулу, ӛз ойын жеткізе білу және ӛткенді шапшаң еске түсіру дағдыларын
қалыптастыру, әділдікке, шыдамдылыққа, намысқойлыққа жетелеу мақсатында
сыныптан тыс ӛткізілетін сайыстардың маңызы зор. Күнделікті сабақтағы бір
сарындылық оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын жоғалтады. Сондықтан
сабақты ыңғайына қарай түрлендіріп, әр түрлі әдіс-тәсілдерді қолданып ӛткіссе
сабақтың мазмұнын аша түседі. Яғни, тиімді оқыту тәсілдерінің бірі - ойын-
элементтерін оқу үрдісінде пайдалану, ойындар ұйымдастыруда оқушыларды
қызықтыратын тапсырмалар таңдай білуі - мұғалімнен үлкен шеберлік талап етеді.
Сабақта тиімді қолданылған ойын-элементтері – мұғалімнің түсіндіріп отырған
материалдарын оқушылардың аса зор ілтипатпен тыңдап, жемісті, сапалы меңгеруіне
сенімді кӛмекші бола алады. Ойын элементтері кез-келген оқушылардың
қызығушылығын тудырады. Тіпті нашар оқитын оқушының ӛзі ойын арқылы берілген
тапсырмаларды орындап, қандай да білімді игеріп жатқанын аңғармай қалады.
Оқушылардың асқан қызығушылықтарын туғызатын ойындардың бірі – дидактикалық
ойындар. Дидактикалық – кӛп салалы, күрделі педагогикалық құбылыс. Ойын оқу
пәндерінің мазмұнымен тығыз байланыста жүргізілгенде ғана дұрыс нәтижелер
береді. Ойын элементтерімен оқу процесін пысықтау, жаңа сабақты қорытындылау
кезеңдерінде, қайталау сабақтарында да пайдалануға болады. Ойын элементтерін
пайдаланудың ең бастысы - баланы мұқияттылыққа, еңбекке, жолдастарымен
ынтымақта болуға үйретеді. Дидактикалық ойындардың түрлері ӛте кӛп. Соның
ішінде әртүрлі ойын түрлерін әріптестерімен ұсынып отырмын. Әрбір мұғалімнің
мақсаты - сабақ сапасы жетілдіру, оқушылардың пәнге деген қызығушылығын
арттыру, ізденім-таным деңгейін жоғарылату болып табылады. Қазіргі талап деңгейіне
сай оқу-тәрбие процесі арқылы оқушыларға терең білім беумен қатар, ойлау және
сӛйлеу мәдениетін қалыптастыру мақсаты кӛзделеді. Бұл мақсат жеке пәндерді
оқытудың алуан түрлерінің бәрінде жүзеге асырылады. Информатика пәнін оқыту
барысында оқушылардың логикалық ойлау процесін дамыту үшін дәстүрлі емес
әдістерді пайдаланған жӛн деп есептеймін.
ӘДЕБИЕТТЕР
1.Сардарова Ж.С. Дамытушы компьютерлік ойындардың мүмкіндіктері 6-10 жас
аралығындағы оқыту процесінде./канд.дисс.жұмыс/, 1996ж.
2.Т.С.Садыков, А.Е.Абылкасымова «Методология 12-летнего образования»
Алматы., 2003 ж.
3.К.З.Халыкова «Информатиканы оқыту әдістемесі». Алматы., Білім-2000ж.
ТҮЙІНДЕМЕ
Бұл мақалада оқытудың дәстүрден тыс әдістерінің тиімділігі, соның ішінде ойын
технологиясының тиімді жолдары қарастырылған.
РЕЗЮМЕ
В статье рассматриваются нестандартные методы обучения и в том числе
эффективные методы игровых техноголий.
Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің
Хабаршысы № 4(5), 2010
101
Достарыңызбен бөлісу: |