мен сымбат тұрғысынан алғанда, Фулатамен тайталас бірде-бір əйел
көрмедім деп маған капитанның өзі де айтты.
Отаныңызға қайтып оралып, маған таяу жерге орын тепкеніңіз жөн
болар еді, көне көз досым! Өз өміріңізде аз бейнет шеккен жоқсыз ғой,
ал қазір дəулетті адамсыз. Менің мекенжайыммен
жапсарлас тұрған
қоныс сатылады. Сізге ұнайтынына күмəнім жоқ. Келіңіз,
мүмкіндігінше тезірек келгеніңіз жөн!
Ал басымыздан өткен хикметтер туралы хикаяны кеме үстінде
аяқтарсыз. Біз тамыр-таныстарымызға бұл төңіректе ешқандай əңгіме
айтқамыз жоқ, бəрібір сенбес дедік.
Егер кеңесімді қабыл алып, қызыл жұмыртқа мейрамы қарсаңында
келсеңіз, қатты өтінем, біздің үйге түсіңіз. Осы кезде Джордж бен Гуд
та келмек. Қызықтыру үшін айтайын, сіздің ұлыңыз да осында болады.
Сіздің Гарриіңіз аң аулауға бір аптаға маған келіп те кетті.
Жұрттың
бəріне ұнады. Салқынқанды, байсалды жігіт екен: аң аулап жүрген
кезде бір уыс бытырамен мені дəл сирақтан қағып түсіргені, барлық
бытыраны кесіп, тесіп дегендей, өзі алып шықты. Жəне ең соңында
аңшылардың ішінде студент медиктің
болғаны қандай жақсы дегенін
қайтерсіз.
Көріскенше, қартым! Бұдан ары үгіттемей-ақ қояйын. Бірақ сіздің тым
құрыса кəрі досыңыздың көңілін аулау үшін келетініңізге сенем.
Достарыңызбен бөлісу: