Хаггард Генри Сүлеймен патшаның кеніші Орыс тілінен аударған М. Мағауин


VIII тарау БІЗ КУКУАН ЕЛІНЕ КЕЛДІК



Pdf көрінісі
бет9/23
Дата03.11.2022
өлшемі0,98 Mb.
#47311
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   23
VIII тарау
БІЗ КУКУАН ЕЛІНЕ КЕЛДІК
Сол күні ертеден қара кешке дейін ешқайда бұрылмай, тура солтүстік-
батысқа қарай беттеген тамаша жолмен жүре бердік. Инфадус пен
Скрагга бізбен бірге болды, ал олардың нөкерлері сап түзеген
қалпында жүз қадамдай алда отырды.
– Айтшы, Инфадус, – деп сұрадым мен біз бірталай уақыт үнсіз
жүрген соң, – мына жолды кім салғанын білемісің?
– Бұл жол бағзы, бағзы замандарда салыныпты, əмірші ием, – деді ол.
– Нақты қашан салынғанын жəне кім салғанын тірі жан білмейді.
Бұдан, тіпті талай ұрпақпен бірге жасасқан дана əйел Гагула да
бейхабар. Біздің арамызда бұл жолды кім салғанын білерліктей
дəрежеде көп жасаған адам жоқ. Қазір ешкім де мұндай жол сала
алмайды. Сондықтан оны корольдің өзі қамқорлыққа алған. Шөп
шығып, топырақ баспауын қадағалап, күтіп отырамыз.
– Ал жол өткен тескентаудың ішіндегі бейнелерді кім қашаған? – деп
сұрадым.
Менің айтқаным – біз мана үңгіртаудың ішінен көрген, көне
египеттіктерге ұқсас адамдар бейнеленген барельефтер еді.
– Тастардың бетін қашап, ғажайып суреттерді мүсіндеген де осы
жолды салған адамдар, əмірші ием. Кім екенін біз білмейміз.
– Ал кукуан халқы бұл өлкені қашаннан бері мекен етіп келеді?


– Əмірші ием, біздің халқымыз дауылдың лебіндей, жолындағының
бəрін апырып-жапырып бұл өлкеге осыдан он мың ай бұрын анау
жақта жатқан, – ол солтүстік бағытты нұсқады, – ұлан-байтақ
жерлерден келген. Арғы бабаларымыздың бізге жеткен көне сөздеріне
қарағанда, дуагерлерді аулаушы дана əйел Гагуланың айтуына
қарағанда, кукуандар бұдан ары қарай өте алмай тоқтаса керек, өйткені
осы өлкені шеңберлей қоршаған сеңгір таулар, – ол басын қар басқан
биік таулар сілемін көрсетті, – олардың жолын бөгепті. Өлке əрі
құнарлы, əрі көрікті болғандықтан кукуандар осы араға қоныс тепкен.
Содан соң біздің халқымыздың айбары асқан, күш-құдіреті артқан, ал
қазір біздің санымыз теңіз жағасындағы құмның санына пара-пар.
Короліміз Твала өзінің бар əскерін жиып, сапқа тұрғызған кезде
жауынгер-лердің басына қадаған қауырсындары қалың орман сияқты,
көз жетер көкжиекке дейінгі алапты тегіс жауып кетеді.
– Егер ел жан-жағынан таумен қоршалған болса, бұл əскер кіммен
соғысады?
– Жоқ, мырза, елдің ана жақ беті ашық, – деді ол қолын солтүстікке
қарай нұсқап. – Ауық-ауық белгісіз өңірден шыққан, қара бұлттай
жөңкілген қисапсыз əскер шабуыл жасайды бізге. Үнемі қырып-
жойып, бетін қайтарып келеміз. Біз соңғы рет соғысқаннан бері адам
өмірінің үштен біріндей уақыт өтті. Бұл соғыста біз сан мың
жауынгерден айрылып, үлкен шығынға ұшырадық. Əйткенмен өзімізді
тапап, құртып жібермек боп келген дұшпанды тегіс қырғын
таптырдық. Одан бері соғыс болған жоқ.
– Сірə, іс-əрекетсіз отыра бергеннен сендердің жауынгерлеріңнің
сүңгілерін тот, көздерін ұйқы басқан болар?
– Жоқ, əмірші ием. Өзімізге шабуыл жасаған жат жерлік қолды харап
еткен соң, көп ұзамай бұл арада тағы да үлкен соғыс болды. Бірақ бұл
– өзара соғыс еді. Ағайын адамдар бірін-бірі иттей талады, қан сел
дария боп ақты.
– Соғыс неден шықты?
– Оның да жайын айтып берейін, əмірші ием. Біздің қазіргі короліміз –
менің туған ағам, бірақ екеуіміздің əкеміз бір де, шешеміз бөлек. Бұл
корольдің бір анадан туған бауыры болған, екеуі бір күнде дүниеге
келіпті. Еліміздің рəсімі бойынша егіз баланы қатар асырауға


болмайды, əлжуаз, нашары өлтірілуте тиіс. Алайда король анасы
екінші боп туған əлжуаз баланы ешкімге білдірмей жасырып қалыпты,
сірə, алдыңғысынан осы соңғысын тəуір көрсе керек. Міне, сол бала –
біздің қазіргі короліміз Твала. Ал мен оның басқа бір анадан туған
інісімін.
– Ал содан соң не болды?
– Əкеміз Кафа біз ер жеткен кезде дүние салды да, менің ағам Имоту
оның орнына король боп таққа отырды. Жаңа король біраз уақыт ел
биледі, жақсы көретін бəйбішесінен ұл сүйді. Бала үш жасқа келген
шақта – бұл əлгі елдің берекесін кетірген, жұрт егінін еге алмаған
қырғын соғыстан соңғы жыл еді, елді аштық жайлады. Жоқшылық
жұрттың пейілін бұзды, халық аштық қысып, кімге соқтығарын
білмеді, аласұрған ашулы арыстан сияқты, бойын ыза буып, жан-
жағына алақ-жұлақ қарап, тиісер қара іздей бастады. Міне, дəл осы
кезде Гагула, жұрт айбарынан ығатын, өлімнен шет дана əйел Гагула
жұрт алдына шығып: “Имоту – заңсыз король!” деген сөз таратты. Бұл
кезде Имоту соғыста алған жарақат əсерінен сыртқа шыға алмай, үйде
төсек тартып жатқан. Содан соң Гагула аулақтағы үйлердің біріне кірді
де, менің бір атадан туған ағам, ал король Имотудың бір ата, бір анадан
туған інісі Тваланы жетектеп алып шықты. Туған күнінен бастап иесіз
тау арасындағы үңгірге сақтап, бағып-қағып, өз қолымен өсірген екен.
Жұрт алдына шықан соң Гагула Тваланың мучасын жұлып алып,
кукуан халқына оның беліндегі қасиетті жылан бейнесін көрсетті.
Біздің елде корольдің жаңа туған үлкен ұлының белін орай қасиетті
жылан суреті салынады, ал бұл – мұрагерліктің белгісі.
Сонымен, Гагула Тваланың белін ораған жылан бейнесін халыққа
көрсетіп: “Міне, сендердің нағыз корольдерің. Мен қанша жыл бойы
жұрттан жасырып, сендер үшін оның өмірін сақтап келдім. Енді
корольге өз орнын əперетін күн туды!” деп жар салды.
Сол кезде аштық ақылынан алжастырған, əділдік дегеннің не екенін
ұмытқан жұрт:
“Король! Король!” деп айқайлай бастады.
Бірақ мен олай емесін білетінмін. Өйткені менің ағам Имоту егіздердің
үлкені еді, яғни нағыз заңды король сол болатын. У-шу күшейіп,
жұрттың бейбастақтығы шектен асқан кезде төсек тартып жатқан


король Имоту əйеліне сүйеніп, амалсыз сыртқа шықты, соңында
кішкентай ұлы Игнози (Игнози – найзағай деген сөз) бар.
“Бұл не шу? – деп сұрады Имоту. – Неге “Король, король” деп
даурығып жүрсіңдер?”
Міне, сол кезде корольдің бір əке, бір анадан туған інісі оның қасына
жетіп барды да, бір қолымен шашынан ұстай алып, екінші қолымен
қақ жүрекке бойлата қанжар салды.
Адамға тəн басты мінез – тұрақсыздық қой, жұрт қашанда жаңа туып
келе жатқан күнге табынуға бейім тұрады.
“Біздің короліміз – Твала! Короліміздің кім екенін жаңа білдік, король
– Твала!” – деп, қол соғып, айқайлай берді жұрт.
– Ал Имотудың əйелі мен əлгі Игнози деген баласы не болды? Твала
оларды да өлтірді ме?
– Жоқ, əмірші ием. Өзінің мырзасының қаза тапқанын көрісімен əйел
жанұшыра айқайлап, баласын көтеріп ала сала қашты. Екі-үш күн
далада жасырынып жүріп, аштық əбден қысқан кезде əлдебір краальға
барған екен, жұрт кімнің басына бақытсыздық төнсе, содан безбей ме,
тірі жан бір жапырақ нан, не бір жұтым су бермепті. Тек қараңғы
түскен кезде бір кішкене қыз жұрттан жасырынып, ішіп жемдік аз-маз
тамақ апарып берсе керек. Өлген корольдің қашқын əйелі қызға алғыс
айтыпты да, баласын көтеріп алып, сол түні қайтадан бой тасалапты.
Тау жаққа кетіпті дейді. Сірə, сонда өлген болар. Содан бері ешкім
əйелді де, оның ұлы Игнозиді де көрген жоқ.
– Яғни осы Игнози деген бала тірі қалса, кукуан халқының заңды
королі болып саналады екен ғой?
– Дəл солай, əмірші ием. Денесін ораған қасиетті жылан бейнесі бұған
ешқандай күмəн қалдырмайды. Егер тірі болса, нағыз король – сол.
Бірақ амал не, ол əлдеқашан өліп қалды. Былай қара, əмірші ием, –
деді ол қолымен еңіс жақты нұсқап. Жазықта үйме-жүйме салынған
лашықтардан құралып, сыртынан шарбақпен қоршалған, оның
сыртынан терең ор қазылып, топырақ үйілген үлкен деревня тұр екен.
– Имотудың əйелі мен баласы Игнозиді жұрт ең соңғы рет көрген
крааль – осы. Біз бүгін түнде сол араға қоналқаға аялдап, ұйықтап,


тынығамыз. Əрине, – деді ол содан соң күмəнді үнмен, – менің əмірші
иелерім жай жұрт сияқты ұйқы дегеннің не екенін білетін болса.
– Мейірбан досым Инфадус, кукуан елінде жүрген шағымызда біз осы
кукуандарша өмір сүреміз, – дедім мен тəкаппар, асқақ үнмен.
Содан соң, етегін жел үрлеп, туша желбірей берген көйлегімен əуре
боп, манадан бері тұнжырап артта келе жатқан Гудқа бірдеңе айтпақ
оймен кері бұрылдым. Бұрылған бетте Омбопамен соқтығысып қала
жаздадым. Тура менің өкшемді басып келе жатыр екен. Инфадус
екеуміздің əңгімемізге құлақ түріп, тың тыңдап келе жатқаны анық еді.
Əлденені білуге құмартқан сыңайы түр-тұлғасынан анық танылады.
Баяғыда көрген, енді мүлде ұмытылған елестерді қайтадан есіне
алғысы келген, бірақ еміс-еміс бірдеңелерді ғана жадына түсіріп, одан
артық ештеңе шығара алмай, берекесі кеткен адамға ұқсайды.
Зұлыстың бұл мінезі мені қатты таңырқатты.
Төменде керіліп жатқан белес-белес адырлы кең өлкеге қарай жіті
адымдап, ешбір бөгеліссіз жүріп келеміз. Біз басып өткен биік тау
сілемдері артта қалды, бұлтпен астаса мұнартып, көкке таласып тұр.
Сау-ханшаның қос Анарын тұман басыпты, бейəдеп, сұғанақ көзден
жасырғысы келгендей.
Алға қарай жылжыған сайын жер бедері құбылып, түрлене берді.
Өсімдік əлемі тропикалық болмағанымен, аса бай əрі əсем. Күн сəулесі
жылы, мейірлі, бірақ шыжыған ыстық емес. Жұпар иісі аңқыған тау
бөктерін көбелей самал жел есіп тұр.
Бұл – шынында да жер бетіндегі ұжмақ мекен еді. Бұдан бұрын талай
өлкені араласақ та, ешқайсысынан дəл мұндай көрікті, дəл мұндай
жанға жайлы, табиғи жағынан бай, ауа райы тамаша абат бақты
көрмегенбіз. Трансвааль – тамаша ел, бірақ соның өзі Кукуанстанға тең
келе алмас еді.
Жолға аттанған бетте Инфадус біздің келе жатқанымызды крааль
тұрғындарына хабарлау үшін (бұл крааль оның қарауындағы əскери
бекініс саналады екен) шапқыншы жіберген, хабаршы сол сəтінде-ақ
желдей ұшып жүгіре жөнелген еді. Инфадустың айтуынша, ол жол


бойы осы жүгірісінен бір де танбайды. Өйткені кукуандардың барлығы
да жүгіруге, жаяу жарысқа ерекше мəн беретін көрінеді.
Хабаршымыздың өз міндетін ойдағыдай орындағанына көп ұзамай-ақ
куəгер болдық: біз краальге екі мильдей қалғанда қақпадан лек-
легімен əскер шығып, бері қарай бет алды.
Сэр Генри қолын менің иығыма салды да, сірə, мынаған қарағанда,
кукуандар бізді “жылы жүзбен” қарсы алатын тəрізді дегенді айтты.
Ұқпаса да бұл сөздің қандай əуенмен айтылғанын аңдап қалса керек:
– Əмірші иелерім бекерге мазасызданбасын, – деді Инфадус асыға
сөйлеп. – Менің жүрегімде қаяу жоқ. Бұлардың бəрі – маған
бағынышты жауынгерлер. Менің əмірім бойынша, сіздерді
салтанатпен қарсы алуға шыққан беттері.
Мен немқұрайды бас изедім. Ал шындығында, ішім алай-түлей еді.
Краальдің дарбазасынан жарты мильдей жерде тура жол табанынан
бастап көтерілетін көлденең қырқа бар еді; жауынгерлер сол қырқаның
бетіне сапқа тұра бастады.
Бұл – жан таң қаларлықтай əсем көрініс болды. Əрқайсысы шамамен
үш жүз адамнан құралған отрядтар бірінен соң бірі қырқаға жүгіріп
шығып, өздеріне тиесілі жерде қатар түзеп жатыр; қимылсыз сіресіп
тұрған жауынгерлердің найзалары күнге шағылысып жарқ-жұрқ етеді,
бастарына қадаған қауырсындар желмен тербетіле ойнайды.
Біз келген шақта қырқаға көтеріліп, сапқа тұрған осындай
отрядтардың саны он екі болды, бұл – сақадай сай үш мың алты жүз
жауынгер деген сөз.
Əскердің алдыңғы сапына жеткен бетте-ақ амалсыз таңырқауға,
амалсыз сүйсінуге мəжбүр болдық.
Отряд басынан аяғына дейін тегіс еңгезердей ұзын бойлы, зор денелі,
сымбатты жауынгерлерден құралған еді. Бұл тəрізді сайдың тасындай
атпал азаматтардан жасақталған мол əскерді бұрын-соңды
ешқайсымыз көрмегенбіз.


Əскер тегіс жігіт ағасы жасындағы азаматтардан құралыпты. Көбі –
қырықтар шамасындағы байырғы жауынгерлер. Бұлардың арасынан
бойы алты футтан кем бірде-бір адам көрінбеді, тіпті көпшілігі бұдан
үш-төрт дюйм биік екен. Бастарына тегіс біздің нөкерлеріміз тəрізді,
сакобула құстың қап-қара қауырсындарынан жасалған айдарлы қалпақ
киген. Бəрі де белдерін ақ буйволдың құйрықтарымен буынып алыпты;
дəл осындай құйрықпен тізеден төменірек жерден аяқтарын да
білезіктеп қойыпты. Сол қолдарына ені мен көлденеңі жиырма
дюймнен келетін дөңгелек қалқан ұстаған.
Бұл қалқандардың құрылысы қызық еді. Жұқа жапырақ темірден
жасалып, сыртынан ақшыл түсті буйвол терісімен қапталады екен.
Жауынгерлердің қарулары өте қарапайым, бірақ аса айбарлы еді. Ең
басты қару – екі жүзді, ауыр шолақ найза көрінеді, найзаның сүңгісі ең
енді жерінде алты дюймге жетеді жəне ұңғысынан қысқа ағашқа
сапталған. Бұл – лақтыруға емес, зұлыстардың бангвандары немесе
қанжар-найзалары сияқты, бетпе-бет ұрысқа арналған қару боп
шықты. Тиген жерін жан шошырлық етіп жаралайтынын кейін өз
көзіммен көрдім.
Бангванға қоса, əрбір жауынгер əрқайсысының салмағы екі фунттан
келетін ауыр əрі қарымы ұзын, үш бірдей пышақпен қаруланыпты.
Селебелердің біреуі буйвол құйрығынан жасалған белдікке
қыстырылып, қалған екеуі дөңгелек қалқанның ішкі бетіне бекітілген.
Өздері толл деп атайтын мұндай селебелерді кукуандар зұлыстардың
лақтырғыш ассегайының орнына қолданатын көрінеді. Кукуан
жауынгерлері бұл пышақтарын елу ярдқа дейінгі аралықта жұмсайды
жəне тегіс көздеген жеріне дəл тигізетін мерген. Бетпе-бет ұрыс
бастала бергенде жауға қарсы қардай бората селебе лақтырып,
майданды содан соң ғана ашады екен.
Жауынгерлер қоладан құйған мүсіндердей қимылсыз, тілсіз қалыпта
сап-сабымен лек-лек боп сіресіп тұр. Қасына жақындаған кезде
қабылан терісінен тігілген жақы киген сардарының белгісі бойынша
отряд бірнеше қадам алға шығып, қолындағы найзаларын көкке көтере
бере жер-дүниені жаңғырықтыра: “Куум!” деп, бейнебір корольді
қарсы алғандай құттықтады бізді. Біз қасынан өте бергенде отряд
жаңаша сап түзеп, соңымыздан ерді. Келесі отрядқа жеткенімізде осы


көрініс тағы қайталанды. Көп ұзамай, жер топырлата, бір адамдай
адымдап, бүкіл полк біздің соңымыздан келе жатты. Қалқандарының
түсі сұрғылт болған себепті “Сұр сарбаздар” аталған бұл полк бүкіл
кукуан армиясындағы ең таңдаулы құрама деп есептелінетін көрінеді.
Сүлеймен патшаның Даңғыл жолынан шығып, краальге де келдік.
Аумағы бір шаршы мильдей жер алып жатқан крааль биік бөрене
дуалмен қоршалыпты, қоршаудың сыртынан терең əрі енді ор
қазылған. Крааль дарбазасына көтерме көпір арқылы ғана өтуте
болады екен. Біз келген кезде сақшылар көпірді түсірді.
Крааль құрылысы тамаша жоспарланғаны байқалады. Краальді қақ
жарған үлкен қара жолды тік бұрыш арқылы толып жатқан енсіз
көшелер кесіп өтеді, осының нəтижесінде крааль өзара шамалас
бірнеше кварталға бөлініпті. Əр кварталға бір-бір отряд орналасатын
көрінеді.
Дөңгелек шатырлы лашықтар зұлыс балағандарына ұқсас: мұнда да
үйдің талдан құралған тор көз қаңқасы шөппен тоқылып, бүтінделеді
екен. Зұлыс лашықтарынан айырмасы – есігі биік, ішке еңкеймей
кіресің. Оның үстіне əжептəуір кең əрі күресінінде еденіне əбден
тапталған қиыршық құм төселген шағын сенегі бар.
Краальді кесіп өтетін қара жолдың екі жағын ала жапырлап тұрған
қатын-қалаш. Бізді көруге жиналыпты.
Басқа жердегі, біздің көзіміз үйренген түземдіктермен салыстырғанда
бұл əйелдер айта қаларлықтай көрікті боп шықты. Ұзын бойлы, əсем
бейнелі. Дене бітімдері аса келісті. Шаштары қысқа болғанымен
бұйралана төгіліп тұр.
Көбінің бет-пішіндері аса нəзік, ал еріндері көптеген африка
халықтарынікіндей қалың емес, қаймыжықтай жұқа.
Əйткенмен олардың үлкен сабыр сақтап, өз құнын білетін тəкаппар
кейіпте тұруы бізді бəрінен де қатты таңырқатты. Өздерінше жақсы
тəрбие алған жандар екені танылады. Бұл ретте зиялы қауым
өкілдерінен кем түспейтіндей. Ал зұлыс əйелдерінен, олардың аталас
ағайындары, Занзибардың оңтүстік бетін мекендеген мазаи
əйелдерінен артықшылығы көзге ұрып тұр. Бұл араға тек əуесқойлық


жетегінде – жат жерлік ғажайып жандарды көру үшін ғана келгенімен,
біз сүйретіле басып алдарынан өткен шақта не бір таңырқаған оғаш
қимыл, не бір іліп-шалма бұралқы сөз естілген жоқ. Тіпті кəрі
Инфадус қолының ұшымен болмашы ғана ишара жасап, олардың
назарын барлық ғажайыптардың ішіндегі ерегі – Гуд байғұстың “əдемі
аппақ аяғына” аударған шақта да ешбір əйел дəл сол сəтте бойын
билеген шексіз таңырқау, асқақ сүйсініс сезімін сыртқа шығармады.
“Аппақ қардай əсем аяқтан” жалтыраған қара көздерін айыра алмаған,
сұлулық тəңірісіне табынған үнсіз қалыпта тұрды да қойды. Алайда
табиғатында биязы Гуд үшін осының өзі-ақ жеткілікті еді.
Краальдің қақ ортасына келген шақта Инфадус жан-жағын шағын
лашықтар қоралай қоршаған үлкен үйдің есігінің алдына тоқтады.
– Төрге шығыңыздар, жұлдыз ұлдары! – деді ол салтанатты үнмен. –
Біздің қарапайым мекенжайымызға тізе бүгіп, дəм татыңыздар, О,
əмірші иелерім, сендердің қарындарың ашып, белбеулерің босап
кетпес үшін қазір осында тамақ жеткізіледі. Аз ғана бал келеді, аз ғана
сүт келеді, бір-екі өгіз, он-он бес қой сойылады. Əрине, шамалы ғана
нəрсе, əйткенмен адал ас.
– Жақсы, – дедім мен. – Ал енді, Инфадус, біз дем алайық. Көк пен
ортадағы ұзақ жол үстінде қатты шаршадық.
Лашықтың ішіне ендік. Дем алуға қолайлы боп шықты. Жақсылап
жабдықталған. Біздің жатып, тынығуымызға арнап жасалған, үстіне
иленген жұмсақ тері жайылған төсектері бар.
Кешікпей, біз жуынып-шайыну үшін су əкелінді. Кір, шаңнан бір қабат
арылып, жадырап қалдық.
Кенет сырттан айқай естілді. Есікке тақап келіп далаға қарап едік,
қаздай тізілген, бұрала басқан қыздарға көзіміз түсті. Бізге сүт, маис
ұнынан пісірілген бірнеше таба нан, жəне бір қыш құмыра толы бал
əкеле жатыр. Қыздардың соңын ала бірнеше бала жігіт бір семіз өгізше
айдап келеді.
Біз сыйды тегіс қабыл алдық. Сол сəтінде-ақ жігіттердің бірі беліндегі
селебе пышағын суырып алып, лып еткізіп, өгізшені тамақтан орып
жіберді.


Арада бес-он минут өтер-өтпесте жігіттер өгіздің терісін сыпырып,
етін боршалап тастады. Мен еттің ең қоңды жерлерін сылытып
алғыздым да, қалғанын біздің бəріміздің атымыздан тамашаға
жиналған жауынгерлерге тарттым. Олар “ақ адамдардың сыйын”
тəңірінің өз қолымен тартқан дəміндей пышақ үстінде бөлісіп əкетті.
Омбопа түр-тұлғасы тəп-тəуір бір жас келіншекті көмекшілікке алып,
ас жабдығына кірісті.
Лашықтың алдына от жағып, үлкен қыш қазанға қайнатқан етіміз
пісуге жақындаған шақта біз Инфадусқа кісі жібердік. Корольдің ұлы
Скрагга екеуін ас ішуге шақырғамыз.
Екеуі де бөгелмей келді. Аласа орындықтарға отырып (лашықтың
ішінде мұндай орындықтардың бірнешеуі бар еді; кукуандар əдетте
зұлыстар құсап жүрелеп отырмайды) бізбен бірге ет жеді.
Кəрі джентльмен өзін өте əдепті, əрі сыпайы ұстады, бірақ жас жігіттің
бізге шүбəмен қарай бергеніне таңырқаған едік. Басқа жұрт сияқты ол
да түсіміздің бөлектігінен, толып жатқан сиқырлы қасиеттерімізден
зəресі ұшып, бізге бас ұра табынған. Менің байқауымша, енді бізді де
кəдімгі адамдарша ас ішетінімізді, біздің де кəдімгі адамдарша
ұйықтайты-нымызды білген кезде оның қорқынышы сейіліп, көңілін
бұлдыр күмəн жайлай бастаса керек. Бұған қарағанда біздің де сақ
тұруымыз қажет.
Тамақ үстінде сэр Генри інім туралы сұрастырғанымыз теріс болмас
еді дегенді айтты. Мүмкін, біреу-міреу ғайыптан көрген шығар,
мүмкін, біреу-міреу əлдебір кезде ұзынқұлақтан естіген шығар. Алайда
мен əзірге бұл мəселе жайын қоя тұрған жөн деп шештім.
Астан соң біз қалиянымызды темекіге толтырып алып, шылым шегуге
кірістік. Инфадус пен Скрагга бұған қатты таңырқады. Кукуандар
темекі түтінінің жан жадыратар ғажайып қасиетінен мүлде бейхабар
тəрізді. Кейін білдік, бұл елде темекі өте мол өседі екен, бірақ
кукуандар да зұлыстар сияқты, оны тек насыбай ретінде ғана
пайдаланатын көрінеді, ал шылым тарту – олардың əдетінде болмаған
іс екен.


Инфадустан саяхатымызды қашан жалғастыратынымыз жайында
сұраған едім. Қазірдің өзінде жолға əзірлік жүріп жатқанын, бөгелмей,
ертең ертемен аттанатынымызды естігенде қуанып қалдым. Біздің
келгенімізді король Твалаға хабарлау үшін шапқыншы жіберіліпті.
Король Твала қазір өзінің Луу деп аталатын жердегі бас ордасында
көрінеді. Жыл сайын тамыздың алғашқы аптасында өтетін үлкен
мейрамға əзірленіп жатыр дейді. Бұл мерекеге əдетте гарнизон
қызметіндегі жекелеген полктерден басқа, елдегі барлық əскер
қатысып, король алдынан салтанатты шеру құрып өтеді екен. Біз бұдан
соңғы жерде бажайлап сөз ететін дуагерлерді аулаудың ұлы түні де сол
мейрам күндеріне сəйкес келетін көрінеді.
Таң сыз бере аттануға тиіс едік. Қосшы ретінде бізбен бірге жүретін
Инфадус егер өзен тасып, жол үстінде кездейсоқ аялдап қалмасақ,
Лууға арада бір қонып, екінші қоналқаға жетеміз деп шамалады.
Осы хабарларды айтқан соң қонақтарымыз бізге қайырлы түн тіледі
де, өз мекенжайларына кетті. Сол сəтінде-ақ үшеуміз төсекке жатып,
рақат ұйқы құшағына ендік. Ал төртіншіміз қарауылға тұрды. Бұл –
кукуандар сатқындық жасаса, қапы қалмау үшін қолданған шарамыз
еді.
Луудың солтүстік бетінде, қаладан екі мильдей жерде таға іспеттес
иіліп біткен биік шоқы көрінді. Кейін біз бұл шоқымен жақсылап
танысуға мəжбүр болдық.
Қала аса көрікті жерге орналасыпты. Біз Сау-ханша тауының
беткейінде тұрып тамашалаған мол сулы үлкен өзен шаһарды қақ
жарып өтеді екен; кенттің қарама-қарсы қабақтағы бөліктері əлденеше
рет көпір арқылы өзара байланысып жатыр.
Алыста, бізден алпыс-жетпіс мильдей жерде теп-тегіс кең жазықта
үшбұрыш іспеттес кейіпте орналасқан биік үш тау көрінеді. Басын ақ
қар, көк мұз басқан, қия жартас, биік шыңды меңіреу сеңгірлер етегі
жайпақ, беткейі түйетайлы, Сау-ханша тауына мүлде ұқсамайды.
Біздің бұл тауларға əуестене қарағанымызды аңдаған Инфадус:


– Бұл тауды біздің ел “Үш Сиқыршы” деп атайды. Даңғыл Жол сол
таудың етегіне жеткенде бітеді, – деді.
– Неге дəл сол арада бітеді? – деп сұрадым мен.
– Кім білсін, – деді кəрі жауынгер иығын қиқаң еткізіп. Сəл бөгелді де,
сөзін одан ары жалғастырды. – Бұл тауда үңгірден көп нəрсе жоқ.
Содан соң онда аумағы үлкен, түбі терең алып құдық бар. Баяғы
заманның дана адамдары өздері осы өлкеден іздеп келген нəрселерін
сол арадан табады екен. Осы таудың қойнауындағы “Ажал сарайына”
біз өзіміздің корольдерімізді жерлейміз.
– Ал бұл араға баяғының дана адамдары неменеге келіпті? – деп
сұрадым мен оның сөзін асығыс бөліп.
– Мен қайдан білейін, тақсыр. Көктегі жұлдыздардан жерге кеп түскен
сіздердің өздеріңіз білуге тиіссіздер ғой мұны, – деді Инфадус өткір
жанары жарқ ете бізге қарап.
Сірə, өзіне белгілі жайларды дабыралағысы келмейтін тəрізді.
– Айтқаның айна-қатесіз рас, – дедім мен. – Біз, жұлдыз тұрғындары,
сендер білмейтін көп нəрсеге қанықпыз. Мысалы, мен баяғы заманда
жасаған дана адамдар ана тауға жалтыраған əдемі тастар мен сары
темір іздеп барыпты деп естідім.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   23




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет