Халық ақыны, жыраулық өнердің шебері Жамбыл Жабаевтың туғанына 175 жыл толуына орай «Жаһандану дәуіріндегі жамбылтанудың жаңа арналары және оны оқыту мәселелері» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция


-секция  ЖАМБЫЛ ЖАБАЕВТЫҢ ӘДЕБИ МҰРАСЫ ЖӘНЕ ОНЫ ОҚЫТУ



Pdf көрінісі
бет12/65
Дата25.11.2023
өлшемі1,81 Mb.
#125861
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   65
Байланысты:
28.12.2021-zhinak 2

1-секция 
ЖАМБЫЛ ЖАБАЕВТЫҢ ӘДЕБИ МҰРАСЫ ЖӘНЕ ОНЫ ОҚЫТУ 
МӘСЕЛЕЛЕРІ 
 
 
ЖАМБЫЛДЫҢ МҰРАСЫ – ХАЛЫҚТЫҢ ҚАЗЫНАСЫ 
Жақыбай Б. 
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің 
1-курс докторанты, Алматы қаласы, Қазақстан 
Ғылыми жетекшісі: ф.ғ.к., профессор м.а. 
Сарбасов Б.С. 
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті 
Аңдатпа. 
Жамбыл мұрасы еліміздегі білім беру жүйесіндегі өзіндік мәні бар, 
ағартушылық маңызы зор, рухани құндылықтарға толы, психологиялық ой-пікірлерге бай 
тәлімгерлік тағылымы баға жепес өміршеңдігімен ұрпақтан-ұрпаққа жетіп, ұлттық 
қазынамыз болары сөзсіз. Жамбыл әлемінің бар құдіреті болмысын, құпиясы мен сырын 
жете таныту арқылы қазақ халқының мәдени келбетін, қадір-қасиетін, шыққан биігін, рухани 
жетістіктерін ұрпақ санасына сіңіру. Жамбылды оқыту арқылы жаңа биіктерге көтерілу, 
рухани өсіп-өркендеген іргелі еліміздің елдік белгісін биік дәрежеге көтеру. 
Түйін сөздер:
Рухани құндылықтар, тәлімгерлік тағылым, ұлттық қазына, жыраулық 
өнер, айтыскер ақын.
Жамбыл Жабаев – қазақ халық поэзиясының әйгілі тұлғасы, өлең сөздің дүлдүлі, 
жырау, жыршы. Жамбылдың өсіп-өнген топырағында ән-күй, ақындық – жыраулық өнер 
айрықша биікке көтерілген. Осындай өнер бесігінде тербеліп өскен Жамбылдың ақындық 
дарыны жас кезінен-ақ таныла бастаған. Ол бозбала шағының өзінде-ақ өскен ортасын ән 
мен жырға кенелтіп, тіптен көршілес қырғыз еліне де даңқы жайылып үлгерген.
Осы кезде өрттей жалындап, жұрт аузына іліккен жас Жамбыл Жетісудың дүлдүл 
ақыны Сүйімбайға жолығып, оның арқалы өнеріне құныға ден қойып батасын алған. Мұнан 
әрі жал – құйрығы сүзілген жүйріктей арындап, сол кездегі Айкүміс, Бақтыбай, Сары, 
Сарбас, Досмағанбет, Шашубай, Құлманбет сияқты ақындармен айтысқа түсіп, Жамбыл 
ұдайы шоқтығын биік асырып отырған. Сонымен қатар Жамбыл қырғыздың Балық, 
Тыныбек, Қалығұл, Найманбай, Қатаған, Арыстанбек, Сағымбек сияқты ақын-жырау, 
манасшылармен өнер өрелестіріп, қырғыздың көл-көсір поязиясынан тағылым алып, 
ақындық суырыпсалмалық өнеріне қоса «Көрғұлы», «Шаһмардан» сияқты жыр-дастандарды 
апталап-айлап жырлап, ақындық жыраулық өнерін одан әрі шыңдай түскен.
Жамбыл Жабаев – атақты ақын. Оның даңқы алдымен айтыс өнері арқылы шыққан. 
Алғашқы айтыстары ойын-тойларда өтеді. Жамбыл жастықтың салтын сақтап, Айкүміс, 
Бұрым, Сара сияқты қыздармен айтысады [1,12б]. 
Сыртың бір сұлу жан екен, 
Сыпайы көзге көрінген. 
Сыр мінезің бар екен, 
Сөйлесуге ерінген. 
Қамқа камзол киініп, 
Қас-қабағың керілген, – 
деп қыздарға қытықсыз қалжыңдар арнаған. Бұл тектес айтыстар ақынды ұзақ-сонар 
айтыстарға апаратын алғашқы баспалдақтар еді. Жамбыл 1985 жылы Сарбас ақынмен, 1897 
жылы Құлмамбетпен, 1902 жылы Досмағанбетпен, 1909 жылы Шашубаймен айтысып, 
барлығын да жеңіп шыққан [1,13б]. 


33 
Жамбылдың Құлмамбетпен айтысы, бұл Жамбыл ақындығының үлкен бір белеске 
шыққан тұсы. Жамбылдың ақын атын аспандатқан да осы айтыс болады. Өйткені
Құлмамбет Жетісу еліне аты ерте жайылған, айтысқан ақынды беттетпеген, аса ауызды ақын 
болған. Ел арасыдағы бірнеше ақындармен шайқасып және Сүйімбай айтысы, Бақтыбай 
айтысы, Қатаған айтысы сияқты үлкен айтыстарды өзіне сабақ еткен, өзінен үлкен деп 
санаған атақты ақындардың ой-өрісі, сөз мұрасына құмар Жамбыл Құлмамбетпен бір 
кездессем деп жүреді [2,154б]. 
Жамбыл Құлмамбетті ертеден білген, онымен бірнеше аста, тойда қатар өлең айтады. 
Сарыбай асында да бірге болады. Бірақ айтысып өріс көріспейді. Қалай да бір айтысып 
көрсем деп ізденіп те жүреді. Осы кезде Жетісу облысы бас басқан үлкен бір жиылыс 
болады. Жиылыс Іле көпірінде өтеді. Осы Іле станциясы тұрған жердің айналасына киіз 
үйлер тігіледі. Алматы, Қапал уездері келеді. Топқа ақындар жиналып айтыс болады. 
Құлмамбет бірнеше ақынды сөзбен буып сөйлетпей тастайды. Айтысты тілмаш арқылы 
түсініп тырған ояз Құлмамбетті көтермелеп, сыйлық береді. Енді мұнымен айтысар кім бар 
деп іздегенде, «таздан басқа ақын құрып па, Сүйімбайдың інісі Жамбыл бар» дейді. 
Жамбыл Құлмамбеттің бетінен, әрі он шақты ақынды жеңіп тастаған екпінімен 
қорғалап қашқақтап жүреді. Жамбыл сыртта кіре қоймай тұрғанда: 
«Қара күңнің баласы Ысты бақыр, 
Кім өлсе соған туар заман ақыр. 
Жамбыл деген бар дейді бір немесі, 
Ақын болса ол неме қайда жатыр. 
Біреуді Жамбыл деген ел мақтайды, 
Еркек қойдай құйрығын салмақтайды. 
Ақын болса қайда жүр ол немесі, 
Көрелік оны неге ардақтайды. 
Құдеке, кісі жібер Жамбылыңа, 
Жамбылды болар ма екен алдыруға, 
Албан, Дулат тобында мен бір жорға, 
Менімен жарар ма екен шалдыруға, - 
Болғанда мен бір сұңқар сен бір тауық, 
Сен әтеш айғайлағыш ауық-ауық, 
Сүйімбайың күркілдеп үйде жатыр, 
Басқаңды қою керек жылы жауып», – 
деп, Құлмамбеттің лепіріп отырған серпінінен жүрексіне береді. 
«Осы сөз сүйегімнен өтіп кетті... Домбырамды алып Құлмамбеттің алдынан отыра 
қалдым», – дейіді екен Жамбыл. Бұл естелік Үмбеталының айтуынан келтіріліп отыр. 
Жамбылдың осы айтысын білетін де, айтатын да кісі жоқ. Үмбеталы Жамбылдың өз 
айтуынан жаттаған [2,155б]. 
Айтыс аса қызу болады. Өзімшіл өркөкірек Құдайберген Құлмамбеттің 
Шапыраштыны азырқана, кеміте сөйлегеніне терісіне сыймай ыза болып отырады. 
Жамбылға кезек келіп, Шапыраштыны мақтап, әсіресе Сұраншы, Саурықтың батырлығын 
айтқанда, Құдайберген «Сені тапқан шешеңнен айналайын» депті. 
Бірнеше рет кезек айтысып, Құлмамбетке кезек келгенде домбырасының ішегі үзіліп 
кетіп, енді домбыраның ішегін жалғағанша ыза болып отырған тентек Құдайберген үстелде 
жатқан бәйгені жұлып алып қалтасына салып «сен домбыраның ішегін жалғағанша біздің 
Жамбыл отыра ма, біздің Жамбыл жеңді» - деп өз кісілерін ертіп тұрып кетіпті. Құлмамбет 
қалып қояды [2,156б]. 
Мұны өз аузынан осылай айтады екен. Осы айтыста Жамбыл атағы аспанға ұшқандай 
болады. Өйткені ол айтыста Сүйімбай тірі, бірақ ауру үйінде. Жиынға бара алмапты. 
Сүйімбайдың тірі екеніне Құлмамбеттің өз сөзі де дәлел.
Жиын тарап әркім өз үйіне қайтады. Айтыстың артынан Құлмамбет пен Жамбыл 
бұрынғысынан да жақын танысады. Өзінен жасы да үлкен, әрі атағы да ерте көтерілген 


34 
Құлмамбетке Жамбыл інілік дәстүрмен сыйлап, өлең айтып, екеуі бұрынғыдан да достасады. 
Жамбыл Құлмамбеттің қасында бірнеше күндей болады. Екеуі айрыларда Құлмамбет 
Жамбылға «сен қырғыз еліне таныс көрінесің сол елге мені бастап апар» дейді. Жамбыл 
апаруға уәде қылады. Бірақ Құламамбет еліне барып қайта келмек болады. Жамбыл да өз 
аулына қайтады. Сол жылы күзге жақын Құлмамбет Жамбылдың үйіне келіп, екеуі қырғыз 
асады [2,156б]. 
Әдетте Жамбыл айтыстары көбінесе халықтық, бүкіл елдік мәселелермен ұштасып 
жатады. Ол кейбір ақындар сияқты күнделікті тіршілік күйбеңінің, ру тартысының 
көлеңкесінде қалмай, халықтық деңгейдің биігінде тұрып сөйлейді [1,13б]. 
Міне, осындай үлкен мұрат, міндеттер Жамбыл жырларының халық алдындағы 
беделін, бағасын өсіріп отырған. 
Жамбыл сөзді бетің бар, жүзің бар демей реті келген жерде тіліп салатын болған. 
Құдайбергеннің болыс күнінде үйіне Жамбыл келеді. Қысқы уақыт болса керек, Жамбыл 
сәлем беріп амандасса, Құдайберген Жамбылдың жанына тиіп: 
– «Бір жынды Екеймен жарысам деп атым өліп қалды», – депті.
Есқожа елі Екейді кеміте сөйлейтін әдеті болыпты. 
«Болысжан жүрген жерін күнде сауық, 
Пенденің бойында көп қатер-қауіп, 
Екейдің жындысымен жарысам деп 
Сенің де кетіпті ғой есің ауып, – [2,157б]. 
дейді Жамбыл. Құдайберген ешнәрсе айтпапты. Өйткені Құдайберегн астында семіз 
аты бар. Ұзынағаштан келе жатса, Екейдің Таңат деген бір адамы қасынан шауып өте 
шығыпты. Екейден атым қалса атым Құдайберген болмасан деп, бұл да тұра шауып содан 
екеуі ерегесіп, ауылға жеткенше Құдайбергеннің тұнып тұрған семіз аты зорығып, өліп 
қалыпты. Сол есер мінезін бетіне айтып, өзін көзбе-көз жерлеген. 
Жамбылдың ерте кезде ел арасында айтқан бір ауыз, екі ауыз өлең өте көп, бірақ 
жазылып жиналмаған. Жатқа біліп айтқан адамдардың көбісі дүниеден өткен [3]. 
Алыстан сарқылып келген арман түйіні шешілгендей, елі масайрап еркіндік алғанда, 
ері ел билеп, күні кеше үні естілгенмен үйірімі кетіп тозғындаған қазақ елі бас қосқанда 
Жамбыл жыр теңізін ақтарса керек.
«Халықтың енді міне жетілгені, 
Құрыштың білінбейді кетілгені. 
Аталып Қазақстан ел боп туып, 
Үй тігіп ірге қалап бекілгені», – [2,168б]. 
дейді. Тағы бір үлкен жиналыста Жамбыл: 
«Сексен бірге жас келіп, 
Әр немеден жасқандық. 
Кәрілік деген тақымдап, 
Өлім қалды жақындап. 
Суылып сөз келді, 
Жамбыл сынды қартыңнан. 
Мұнша жасқа келгенде, 
Не көріп, не білгеннен. 
Бір ауыз сөз айта алмай, 
Қалса үлкен мін ақынға, 
Елестер сан белестер. 
Соның бәрін ашқанда, 
Қол жеткзіген асқарға, 
Маркс – Ленин кемеңгер, 
Жер мен суды қолға алып, 
Жетісіп тұр енді елім», – [2,169б]. 
деп ұзақ жырлайды. 


35 
1934 жылы Алматы қаласына шақырылған жас көркемөнершілер мәжілісіне келіп 
Жамбыл жыр айтады. Бұл жырда Жамбыл бір кезде азып-тозып кеткен халықтың атамұра 
асыл қазынасы талапты жастардың қолына тиіп көркейе бастағанына қатты қуанады. Соған 
арнап: 
«Уа, термеден сөзді бастайын, 
Жас жігерлер алдында. 
Топтан озған тарлан ең, 
Шабысыңнан таңдың ба. 
Тұяғың тозып, топас боп, 
Китіңдеумен қалдың ба, 
Шаршы топқа түскенде 
Шабысы болар шалдың да», – [2,170б]. 
деп өзін жастар алдында сөзден сүрінбейтін жігермен қайрап жыр ағызады.
Жамбылдың бұл кездегі айтқан әрбір кезеңді жердегі жыры заман бейнесін суреттеуге 
кеңінен қамтылған жыр болады.
Жаны сергек, санасы өрелі Жамбыл өзінің «Шағым», «Жылқышы», «Шәбденге», «Сәт 
сайланарда», «Өстепкеде», «Патша әмірі тарылды», «Зілді бұйрық» сияқты өлеңдерінде 
елдің әлеуметтік саяси өмірін ақындық шыншылдықпен азаматтық жауапкершілікпен 
бедерлейді. 
Жамбылдың «Туған елім» атты толғауы 1936 жылы орыс тіліне аударылып, қарт 
ақынның даңқы бүкіл әлемге жайыла бастайды. Халқына қадірі артып, даңқы өрлеген 
Жамбыл, шабыт тұғырына қонған Алатаудың ақиық қыранындай, жыр нөсерін селдетеді. 
Оның 1936-1945 жылдар аралығында шығарған жырлары 13 мың тармақтан асады екен. Ол 
ел өміріндегі табыс пен жаңғыруларды, жеңіс пен ерлік істерді ерекше шабытпен жырлайды. 
Шағын жыр-толғаулар ғана емес, оның қарт көкірегінен «Өтеген батыр», «Сұраншы батыр» 
сияқты эпикалық туындылар қайта жаңғырып ақтарылады [3]. 
Жамбыл – айтыскер ақын ғана емес, абыз жырау, жауынгер жыршы. Ол шын 
мағынасындағы биік парасатты өнерпаз, азаматтық саяси поэзияны қалыптастырушы. 
Жамбылдың ұлылығы оның тек ақындық шеберлігімен ғана емес, сонымен бірге халық 
поэзиясының бұтақ жайған жаңа бір бәйтерегі, басқаша айтқанда, халық ақындарының 
жасампаздық рухтағы жаңа ұлы көшбасшысы. 
Жамбылдың сөздері ұранға айналып, өзі халық поэзиясының атасы аталды. Ол 
жыраулардың байтақ эпикалық дәстүрін, қазақ сөз өнеріндегі ғажайып импровизациялық 
үрдісті бүтіндей жаңа арнаға бұрып, оған жаңа мазмұн дарытты. Жамбыл – ізгілік 
жолындағы азатшыл азаматты нәсіліне, ұлтына бөлмеген шын мәніндегі интернационалист 
ақын [4]. 
«Жамбыл жырлары теңіз түбінде шашылып жатқан маржан секілді. Оны жинап алып 
халқының қолына беру – біздің әрқайсымыздың азаматтық борышымыз» - дейді Сәкен 
Сейфуллин. Жамбыл - жырдың толассыз бұлағы, өшпес өнегесі, тозбайтын асылы. Ол 
жасампаз ұрпақпен сырласындай, қимасындай мәңгі бірге жасай береді. 
Жамбылдың қанатты шабытпен дүниеге келген шығармалары әлемнің бірнеше 
тілдеріне аударылып дүние жүзіне тарады. Жамбыл бейнесі қазақ өнерінің барлық түрінде, 
барша жанрында шабытпен бедерленіп, ұлттың рухы биік ұлы тұлғасы екенін әйгіледі. 
ӘДЕБИЕТТЕР 
 
1. Садырбаев С. Жамбыл Жабаев Өлеңдер, айтыстар, дастандар. – Алматы: «Мектеп» 
баспасы, 1989 
2. Жыр алыбы (Жамбыл жайлы естеліктер) Құрастырған: Қ.Жұмаділов. – Алматы: 
«Жазушы» баспасы, 1971 
3. Қауғабай О. Жамбыл туралы естеліктер. – Алматы: «Жазушы», 2013 
4. Жолдасбеков М. «Кісілік кітабы». ІІІ том Астана: Күлтегін, 2012 


36 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   65




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет