Халық ақыны, жыраулық өнердің шебері Жамбыл Жабаевтың туғанына 175 жыл толуына орай «Жаһандану дәуіріндегі жамбылтанудың жаңа арналары және оны оқыту мәселелері» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция


Ж.ЖАБАЕВ ШЫҒАРМАЛАРЫН ОРТА МЕКТЕПТЕ ТАЛДАТУ АРҚЫЛЫ



Pdf көрінісі
бет10/65
Дата25.11.2023
өлшемі1,81 Mb.
#125861
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   65
Байланысты:
28.12.2021-zhinak 2

Ж.ЖАБАЕВ ШЫҒАРМАЛАРЫН ОРТА МЕКТЕПТЕ ТАЛДАТУ АРҚЫЛЫ 
ОҚУШЫНЫ ШЕШЕНДІК ӨНЕРГЕ БЕЙІМДЕУ ЖОЛДАРЫ 
 
Дәуренбекова Л.Н. 
ф.ғ.к., доцент, Еуразия гуманитарлық институты 
Нұр-Сұлтан, Қазақстан 
Оратордың басты құралы – сөз. Сөзімен өзіне назар аударту, сөзіне тамсандыру, 
сөзіне сендіре білу, тауып айту ең бастысы тыңдаушының назарын аударту импровизацияны 
қажет етеді. Белгілі сыншы В.Г.Белинский «Риториканың мазмұны мен міндеттері» деген 
мақаласында шешеннің тұлғасына тоқталады. «Мықты оратор шаршы топты өрнекті 
ойларымен иландырады, оның ұлылығы асқан шабытпен, құлшыныспен, пафоспен өлшенеді. 
Демек, сөзінің оттылығымен, жарқылымен, күшімен, көріктілігімен баурап алады» [1, 25] – 
деген екен. Бұл тұрғыдан келгенде, қазақтың импровизациялық өнері ертеден-ақ, биік 


25 
дәрежеге көтеріліп, от ауызды, орақ тілді би-шешендер, ақындар шығып халықты сөзерімен, 
жырларымен жігерлендірді деуге болады.Сондай импровизтор ақындардың бірі Ж.Жабаев.
Жамбыл Жабаев шығармаларындағы импровизациялық өнерге тән белгілері: 
Тұтқиылдан қойған сұрақтарға сөз табу; 
Көріктеу, бейнелі сөздерді қолдану; 
Тыңдаушысын өзіне қарату үшін, қаратпа сөздерді қолдану; 
Тыңдаушысына рух беру; 
Риторикалық сұрақты қолдана отырып, ғибратты ойларды жеткізу. 
Осы тәсілдер арқылы ақын өзінің импровизациялық, ораторлық шеберлігін 
байқатады. Мәселен, Құлмамбетпен айтысында: 
Біреуді Жамбыл деген ел мақтайды, 
Еркек қойдай құйрығын салмақтайды, 
Ақын болса қайда отыр ол немесі, 
Көрелік оны неге ардақтайды. 
Құдеке кісі жібер Жамбылыңа, 
Жамбылды болар ма екен алдыруға? 
Албан, Дулат тобында мен бір жорға, 
Менімен жарар ма екен шалдыруға? 
Тең жорға төрт аяғым бірдей шалыс, 
Менімен жарар ма екен салдыруға? 
Топтан озған о дағы жүйрік болса, 
Кешікпей шапшаңырақ шақыр мұнда! 
Жамбыл: 
...Мылтықта түтеп тұрған мен бір пестон 
Асықсаң ажалыңа келші бермен. 
Шүу десе жүйрік озар мынау қолдан, 
Демей көр, ескі аруақ алып қолдан. 
Қарасай дем бере гөр, менің бабам, 
Сөйлейін будақтатып оң мен солдан. 
Құлмамбет сен жақсы да мен жаман ба? 
Ақында сен жүйрік те, мен шабан ба? 
Қарасайлап қосылсам бір бүйірден, 
Ақырында кетерсің бас аманға! [2, 56]. 
Оқушыларға осы айтыстан үзінді көрсете отырып, шартпа-шұртпен басталған айтыста 
Жамбылдың саспай, қарсыласына екпіндете жауап қатуынан суырыпсалмалық дарынының 
анық байқалатынын көрсеткен дұрыс.
Осы айтысты бейнелі сөздер қолданылған. Мысалы Құлманбетті Жамбыл қара 
бүркітке теңейді: 
Ұшалмас қара бүркіт қалықтамай, 
Құлмамбет сөз сөйлейсің анықтамай... 
Бір айтыстың өзінен қарсыласының ғана емес, өзінің де образын ашатын бейнелі 
сөздерді табуға болады. Сол арқылы ақынның шығармашылық портреті жасалынады. 
Қарсыласының назарын аударып, мысын басу үшін «Уа, Құлманбет, сөз тыңда», «А, 
Құлманбет, Құлманбет!», «Асықпай тыңда, Құлманбет!» т.б. қаратпа, одағай сөздермен 
өктем сөйлеп, өзінің жеңетініне сенімді екенін көрсетуЖамбылдың басты тәсілі. 
Оқушыларға Жамбылға тән ораторлық ерекшеліктерді айта отырып, жалпы ел назарын 
аудартуда қолданылатын сөздерді аудиторияға, тыңдаушыларға бейімдеп келтіру 
қажеттілігі, сондай-ақ, пікір талас, дебат кезінде қарсыласына тойтарыс беру әдебінде айта 
кеткен орынды.
Жамбылдың шығармаларында импровизациялық тәсілдің бірі – риторикалық сұрақ 
қою кездеседі. «Риторикалық сұрау (лепті сұрау) – ойды, сезімді әсерлі жеткізу үшін жауабы 


26 
өзінен-өзі айқын нәрсені әсерлі леппен, сұрау түрінде айту. Өлеңде қойылған сұраудың 
жауабында екіұштылық, шүбәлану болмайды, оны оқырман іштей біліп отырады» [3, 41]. 
Мысалы: 
Қалың жаудан қаптаған 
Қаймығып беті қайтпаған, 
Ел тыныштығын сақтаған 
Халқы сүйіп мақтаған 
Ардагер батыр кім еді? – 
деген риторикалық сұрақ қойып, оның батыр Саурық екенін танытады. 
Найзасын тасқа түйреткен 
Саурыққа ерден кім жеткен? 
Ашулы жерді көздеген, 
Жігіттің бәрін түзеген. 
Саурықтай күшті батырға 
Дулат, түгіл қазақта 
Кім бар еді шақ келген?! 
- деп, сұрақ қоя отырып, оқырманның не тыңдаушысының назарын аудартады да, өзі 
жауап беріп, батырдың образын аша түседі. 
«Импровизация – өнердің ең жоғарғы түрі. Жүйрік ойлау тапқыр сөйлеу – ішкі қуат-
серпінге, эмоциялық, экспрессивтік бояуға ие. Бұл сипаттар – шешеннің беделін биіктетіп, 
тұлғасын асқақтатады, тыңдаушыларды рухтандырады. Импровизация сұраққа жауап 
беруде, айтыс-тартыста, жарыс сөзге шыққанда аса ұтымды құрал» [4, 36]. Демек, 
оқушыларға ертеден келе жатқан импровизациялық өнердің даму бағытын айта отырып, қай 
салада болсын, жұрт алдында сөз сөйлеуге шығар алдында міндетті түрде тақырыбына 
байланысты жан-жақты дайындалу қажеттілігін айта кету орынды.
Ж.Жабаевтың жасынан өзі халық ауыз әдебиетімен сусындаған. Халық эпостарын 
жатқа айтқан. Белгілі бір айтысқа шығар кезде, қарсыласы жөнінде мәліметтер біліп отырған. 
Қарсыластарына тойтарыс беріп, жеңуінің өзі тарихтан хабары бар екендігін, оқып, сауат 
ашпаса да ел аңыздарына құлағы түрік болғандығын аңғартады. Осы арада, оқушыларға
ақынның Құлманбетпен айтысындағы Сұраншы, Саурық туралы айтқан ақпараттарды 
келтірте отырып, Жамбылдың жеңіске жетудегі себебін анықтатқан дұрыс. 
Ақынның даңқын шығарған «Ленинградтық өрендерім» өлеңі де дайындықпен келген. 
Өлеңнің шығу тарихына тоқтала кетейік.
1941 жылы қыркүйек айы неміс-фашист армиясы Ленинградты қоршап, бомбалай 
бастайды. Қала қирады. Қазақстан көмек қолын созып, вагон-вагон азық-түлік, қару-жарақ 
жөнелтті. Қиын сәтте Мәскеуден Алматыға: - Жыр алыбы Ж.Жабаев ленинградтықтарды 
жігерлендіретін жыр айтып берер ме екен? – деген хабар келді. Республика Орталық 
комитеті ақын, жазушылармен ақылдасады. М.Әуезов, С.Мұқанов бастан бес-алты жазушы 
түн ішінде Жамбыл ауылына суыт жүріп кетеді. «Түнде сағат үш шамасында үйіне барсақ, 
Жәкең әлі ұйықтамаған екен. Кіріп келгенімізде қолын көзіне қойып көлегейлеп бізге 
қарады. Барғандардың ішінде: Мұхтар, Сәбит, Әбділд, Тарловский, Тайыр және мен бар 
едім. Алғадай аман ба, жүрістерің суыт екен – деп, тесіле қарады. Әуелі Мұхаң сөйледі.
-Пәлі, біз ондай жаман хабар болса, бірден топырлап, алдыңызға келеміз бе? Алғадай 
аман, Жәке, деп құлағына аузын тосып айқайлады [2, 2]. Жазушылар жан-жақтан 
Ленинградқа арнап жалынды, рухты өлең шығару керек екенін түсіндіреді. Осы арада 
айтпағымыз, импровизациялық өнердің өзі дайындықты қажет ететіндігі. Сөйлейтін сөзің 
туралы ақпараттарың болмаса, қанша жерден ақындық дарының, сөйлеу шеберлігің мықты 
болсын тыңдаушыларыңды әсерлендіре алмайсың. «Ойша әзірлену, іштей, дауыстап жүйе-
жүйесін тауып сөйлеу – әрі тиімді, әрі өтімді, әрі логикаға қисынды, әрі көздеген мақсатқа 
жеткізеді, әрі шешенді құдіретті тұлға деңгейіне көтеріп асқақтатады. Шешеннің балдай 
лебізі тыңдаушының ой-қиялын дүр сілкіндіреді» [4, 15]. - дейді профессор, С.Негимов.


27 
Ж.Жабаев Ленинград атауын білгенімен, ол туралы терең білмейтіні рас. Ал, шынайы 
өлең шығару үшін нақты мәліметтер керек. Жазушылар отты өлең шығарту үшін Жамбылға 
Ленинград жөнінде жан-жақтан айта бастайды. Мәселен, С.Мұқанов: «Ленинград қазақ 
қалқына етене жақын қала, онымен біз ежелден байланыстымыз. Шоқан сонда оқып, қызмет 
істеген. Қазақтың алдыңғы қатарлы азаматтары Ленинградта оқып, білім алды. Енді сол 
қаланы қорғаушы ленинградтықтарға рух беретін толқынды жыр керек...» деп, барынша 
түсіндіреді. Жамбыл таң ата Алатауды бетке алып, ой үстінде келеді. «Ленинград», 
«Өрендерім» сөздерін іштей күбірлейді. Яғни, ақын Ленинград турады білді. Не айту керек 
екенін түсінді. Енді, шабыт үстінде. «Осы кезде Т.Жароков артынан атын ерттей сала 
Жамбылға қарай шабады... Тезірек домбыраға, қалам, қағазға жетейік» деп екеуі үйге асығыс 
келеді. Мақсат ауыздан шыққан әр сөзді мұқият қағазға түсіру. Төрт ақын төрт жақтан 
ақынның әр сөзін қағазға түсіреді. Осылай Ленинградтықтарға қажетті патриоттық өлең 
дүниеге келеді. Мұғалім өлеңді оқушыларға оқыта отырып, өлеңнің құрылымын: кіріспе 
(өлеңнің басталуы), негізгі бөлім (басты ой), қорытынды бөлім (аяқталуы) тапқызып, жыр 
шумақтарының әсерін, өлең не себепті халық көңілінен шыққанын, ақынның даңқын 
асырғандығын талдату керек. Ең бастысы, оқушы тыңдаушыға ерекше әсер етудің тәсілін 
түсінгені дұрыс.
«Сөзден тәтті нәрсе жоқ. Сөзден ащы нәрсе жоқ. Сөзден жеңіл нәрсе жоқ. Сөзден 
ауыр нәрсе де жоқ. Сөзіңді тіліңе билетпе, ақылыңа билет. Ақылыңды, сөзіңді ақылсызға қор 
етпе, ақылдыға айт. Не сөйлейтініңді біл. Кімге сөйлетініңді біл. Қай жерде сөйлейтініңді 
біл. Қай кезде сөйлейтініңді біл. Қалай сөйлейтініңді біл» [5, 23]. - деген екен, Бөлтірік 
шешен. Бұл – болашақ ораторға қойылатын талап.
Жалпы, ақын-жыраулардың шығармаларын мазмұндық жағынан талдатып қана 
қоймай, шығармашылық процесіне, өлеңдерінің құрылымына назар аудартсақ оқушы 
бойына:
- өзінің сөйлеу шеберлігіне сенімділік қалыптасады; 
- қазақ сөзінің стильдік және көркемдік мүмкіндігін сезінуге тәрбиеленеді; 
- басқа адамдармен қарым-қатынаста дұрыс дауыс тонын таңдай біледі, сөзге 
талғаммен қарайтын болады. 
- Оратордың басты парызы – тыңдаушыларды ортақ пікірге ұйыту, ортақ келісімге 
келтіру үлкен дайындықты қажет ететіндігін ұғынады. Әр сөздің тәртібі, реті, дамуы 
болатындығына көз жеткізіледі. 
ӘДЕБИЕТТЕР 
 
1. Аристотель. Риторика. Об ораторском искусстве». М., 1973. 
2. Жабаев Ж. Шығармалар. – Алматы: Жазушы, 1998. 
3. Қосымова Г. Қазақ шешендік өнерінің негіздері. – Алматы: Анарыс, 2003. 
4. Негимов С. Шешендік өнер. – Алматы: Ана тілі, 1997. 
5. Дәдебаев Ж. Бөлтірік Әлменұлы және қазақтың шешендік өнері. – Алматы: ҚазҰУ, 
1996. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   65




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет