ЖАМБЫЛТАНУҒА БАСТАЛҒАН ІЗГІ ҚАДАМ
(Ә.Тәжібаевтың естеліктері негізінде)
Аяпова Г.Б.
Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің аға оқытушысы,
филология ғылымдарының кандидаты,
Атырау, Қазақстан
Қазақ халқының ауызша поэзиясын дамытудағы орны жоғары Жамбыл Жабаевтың
суырып салып айту, ауызша импровизация дәстүріндегі тағылымды туындыларын жинап,
жариялау ісі өткен ғасырдың бас кезінде басталғаны белгілі. Ж.Жабаевтың ұлт әдебиетінде
салған соны жолы кездейсоқ басталмаса керек еді.
«Ал, енді айта беретін нәрсе жамбылдың 1936 жылғы Мәскеуде өткен қазақ әдебиеті
мен өнерінің декадасына қатысуы. Сол декадада халық ақынын, суырып салма ақынын
көрсету туралы талап қойылады. Осыған орай Алматыға он шақты ең белгілі дейтін
ақындарды шақырып алып оларға советтік заманды, советтік Қазақстанды жырлау туралы
тапсырма береді. Осыған байланысты ақын он шақты өлең айтады. Ол өлеңдер жазылып
алынады. Жзылып алынған өлеңдер кәзіргі тілмен айтқанда конкурсқа түседі. Сол конкурста
Жамбылдың «Туған еліме» дейтін толғауы жеңіп шыққан» [1,407].
«Сол декадада халық ақынын, суырып салма ақынын көрсету туралы талап
қойылады» деген ойға жауапты Ә.Тәжібаевтың «Жылдар, ойлар» [2] естелігінен таба
алатын сияқтымыз.
«1936жыл. Мен онда наркомпроста (халық ағарту комиссариаты) істеуші едім. Онда
барлық оқу, мәдениет, көркемөнер жұмыстарын түгел наркомпрос басқаратын. Нарком
Темірбек Жүргенов болатын.
Парижден Мирзоян телефон соғып Оразға өз ойын айтыпты: азақ ақын халық деуші
едік қой, онымыз рас болса декадаға ақын апарайық. Сүлейман Стальский сияқты бір қария
табыңдар, - депті. Бұл өте жауапты міндет, Әбділда, - деді ол тағы да өзінің іспен
шұғылданардағы пішініен көшіп, -сен бүгін Жамбылды тауып әкелуге жүріп кет: Есіңде ме
ол қарт?
Есімде, аға, қайдан іздеу керек екен
Ұзынағаш ауданынан» [2, 135].
Ә.Тәжібаев естелігінің ізімен жүрсек, ақын ақынды іздеу мақсатында Ұзынағаш
ауданына, одан әрі Тәжібай тәуіптің шаңырағынан табады. «Шай ішіп отырмын, көзім
Жамбылда. Тоқсанға келіп қалған шалдың кесе ұстағаны қайратты сияқты, қалтырамай
ұстайды. Әсіресе маған үні ұнайды. Жүрегі тозған адамның даусы дірілдеп, жарықшақтанып
шығады ғой. Жәкең ондай емес. Қаттырақ айтқысы келгенде саңқылдап та сөйлей алады
екен» [2, 135]. Алғашқы Жамбылға берген мінзедемеден-ақ ақынның қартайған кезде де
«ақындық қуатының сыны кетпеген» мәрт тұлғаны танисыз. Алматыға келген ақын
Ә.Тәжібаевтың үйінде өнерге жақындығы бар анасы Айманкүлмен танысып, «сол
отбасының өз адамындай» боп кетеді. Алғаш Жамбылмен М.Әуезов пен С.Мұқанов
танысады.
«-Жәке! – деді Сәбит, - тоқталмай айта берсеңіз, жырыңыз қанша күнге жетер еді?
Туғалы айтып келем, әлі біткен жоқ қой, енді қанша жасарымды құдайдан сұра.
Мұхаң еңкейіңкіреп Сәбитке сыбырлады:
-Байқаймысың аяқ алысын?
- Байқағанда қандай. Айтыс ақыны екені көрініп-ақ тұр. жауаптасудан шыдататын
емес.
- Ойы тың екен. Күйіне түссе, әлі көп сілтейтін болу керек. Жәкең домбырасын
шертіп бастап, еді қыза келе әлдеқандай эпикалық сарынға түскендей болды» [2, 143].
Жамбыл жырларын ұлы жазушы М.Әуезов бастап жазып, қазақтың ғасырлар бойы
дамып келген, сипаты ерекше халық поэзиясының ерекше бір парағы болып тарихта қалған
37
еді. Ұлттың ұлы поэзиясы Мәскеуде жырланды, қазақ елінен барған декада сәтті сапар
болды.
Көп ұзамай Екінші дүниежүзілік соғыс басталып, Жамбыл жылағанды жұбатып,
халқына рух беретін көсемдік сөздерін жырымен білдірді:
«Асқар таудай еліме,
Байтақ жатқан жеріме
Шапты фашист дегенде:
Ашуменен аралас
Жыр да келді көмейге.
Қаһар қаулап денемде,
Көз жііібердім мен елге.
Сонда елімнің түрінен –
Қаһармандық аңғардым» [3, 52].
Жамбылдың рухты жырлары өзге тілдерге де аударылып, тарап жатты. Ақынның
ұлы – Алғадай да ел қорғауға аттанып, «батырлар рухы қолдасын» деп жырымен ұлын да
шығарып салды. 1943 жылы Алғадай ұлынан қара қағаз келгенде де «Алатауды айналсам,
Алғадайды табам ба?» деп зарлы жырын да төкті. Халыққа арнаған өмірінің шынайылығы
болар, соғыс аяқталған жылы 1945 жылдың 22 маусымы күні Жамбыл Жабаев дүниеден өтті.
Ә.Тәжібаев естелігінде ақын дүниеден өткенде қырғыз елінен келген Оспанқұл мен
Әлімқұлдың көңіл айтуын да ерекше бедерлеп жазыпты.
«Сөйлей көр тіл мен көмейім,
Сөйлейін демей не дейін.
Қаралы күні, қазағым,
Қайғымды шертіп желейін.
Оң жақта Жәкем жатқанда,
Жыламай қалай көнейін.
Жәкем жоқ енді дегенге
Жұртым-ау қалай сенейін» [2, 189].
М.Әуезов қайғыны көтеріскен қырғыз ақындарына қазақ бауырлары атынан
тоқтау айтып, өлеңмен жауап беруінқалайды. Асау үнді гармонымен Нартай Бекежанов
«Қайнаған дерттеі бастатын, Жырменен көмек бердіңдер, Жазылғандай болды ғой,
Жанымның қанды жарасы» деп сабырлық білідіріпті. Жамбылдың ақынды күші де қара
халықпен бірге болып, бірге өскен болатын. Барлық өлең жырлары қазақ халқының «қара
шекпеніндей» бітім күйде болды.
Ә.Тәжібаевтың «Жылдар, ойлар» кітабы Жамбылтанудың алғашқы беттері , ақынды
іздеп, барып, алғашқы жыр шумақтарын жазып алуымен ерекшеленеді. Бұл орайда
Жамбылтануға қатысты алдымен Жамбылдың өмірбаянының жүйелену жолына қосқан үлесі
байқалады. Одан соң ақынның әдеби мұрасының жиналып, хатқа түсуі өзге тілге
аударылуына жол салынды.
Қорыта келгенде Ә.Тәжібаевтың естеліктерден тұратын еңбегінің ерекшелігі жүз жыл
жасаған жүрек иесі - Жамбыл Жабаевтың әдеби мұрасына алғаш барлау жасалынғандығы
дер едік.
ӘДЕБИЕТТЕР
1.Жамбыл Жабаев. Шығармалр жинағы. 10 томдық. 7-том. Тәуелсіздік кезеңіндегі
зерттеулер. Бірінші кітап. Алматы: «Қазығұрт» баспасы, 2021.-436.
2. Тәжібаев Ә. Жылдар, ойлар (Естеліктер мен толғаныстар) Алматы: жазушы, 1976.-
472.
3. Жамбыл Жабаев. Шығармалр жинағы. 10 томдық. 4-том. Естеліктер Алматы:
«Қазығұрт» баспасы, 2021.-400.
|