ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІНДЕГІ ЭПИСТОЛЯРЛЫҚ ЖАНР
Кайпбаева А.С.
«Қазақ тілі мен әдебиеті» ББ 2-курс магистранты
Ғылыми жетекші:
Қамарова Н.С.
Ш. Есенов атындағы Каспий технологиялар және инжиниринг университетінің профессоры,
Ақтау, Қазақстан
Аңдатпа.
Мақалада қазіргі әдебиетте хат мәтіндері зерттеуді қажет ететін
тақырыптардың қатарына жататын тың және көкейкесті мәселелердің бірі, қазақ халқының
біртуар азаматтары мен қоғам қайраткерлері, ақын-жазушылардың хаттары, қолжазбалары,
ол хаттардың стилі, мәтін құрылымы, оларды көркемдік тұрғыдан қарастыру, ерекшеліктерін
зерттеу бүгінгі күннің өзекті мәселесі екендігі айтылады.
Түйін сөздер:
қазақ әдебиеті, эпистолярлық әдебиет, эписталярлық жанр, қазіргі
эпистолярлық жанр үлгілері, эпистолярлық стиль.
Ұлттық құндылықтарды зерттеудің, бүгінгі таңдағы көзқараспен алып, бағалаудың,
саралаудың, талдаудың мәні зор. Бүгінгі таңдағы эписталярлық жанр әдебиет тарихында
бірден пайда бола қойған жоқ. Эписталярлық жанрдың тууының өзі көне дәуірлердегі
адамдардың бір-бірімен ақпарат алмасуынан бастау алады. Сонау ерте замандарда адамдар
арасында ақпараттық қажеттілік пайда болды. Бір адам екінші адамға, бір адамдардың тобы
екінші адамдар тобына өз ойларын жеткізгісі келді. Бұл алғашқы қауымдық құрылыс
кезіндегі тілдің пайда болуымен тікелей байланысты еді. Сөйтіп адамдар санасындағы
идеялар, көзқарастар мен ойлар тіл арқылы басқаларға таралып, іс жүзіне аса бастады.
Адамзат қоғамында қарым-қатынас құралы тілдің пайда болуы – хат жазуға дейінгі алғашқы
құбылыстардың бірі еді. Сонау көне замандардан бастап қазірге дейінгі адам ақылойының
маржандары сөз арқылы бізге жеткен болатын. Бір адам екінші адаммен тілдесіп, бір
174
адамдардың тобы екінші адамдар тобына өз ойларымен бөлісу арқылы жеткізген. Әр қилы
замандағы оқиғалар мен өмірде болып жатқан құбылыстарды, тіршіліктің алуан түрлі түсті
бояулары мен тарихи ақпараттарын келер ұрпаққа жеткізетін де сол өлмейтін сөзбен тіл.
Эпиталярлық жанрдың шығу тарихына үңілетін болсақ, эпистолярлық әдебиет,
эпистолография (грек. epіstole – жолдау, хат) – хат түрінде жазылған шығарма [1, 34].
Эпистолярлық әдебиетке ірі қоғам қайраткерлерінің өзара жазысқан, тарихи мәні бар, әдеби
мұраға айналған хаттары жатады. Эпистолярлық әдебиет жанр ретінде көне дәуірден
басталады. Хат мәтіні замандар бойы қалыптасып, тұрақты нормаға түсіп, ішкі даму процесі
негізінде сыртқы қоғамдық-әлеуметтік өзгерістерге лайық икемделіп дамып отырды.
Н.И.Гайнуллина эпистолярлық жанрдың даму тарихында құрылысы жағынан, жазылу
мәнері, талаптары жағынан т.б. өзгеріске түскендігі жайлы ғылыми еңбегінде талдап береді.
Ғалым: «В исторической перспективе эпистолярный жанр претерпел существенные
изменения на всех уровнях структурном, содержательном, экспрессивно-эмоциональном,
функциональном. В этой парадигме не менее существенные изменения находим в нем и на
уровне наименования. И здесь частное письмо не оказалось статичным и неизменным, а
меняло или расширяло круг своего наименования в зависимости от внешних обстоятельств и
места, которое занимал данный жанр в целом в системе функциональных жанров в разные
периоды истории русского литературного языка» [2, 426]. Даму сатысының алғашқы
кезеңдеріндегі хат жазудың ең негізгі материалы ретінде пайдаланылған папирус біздің жыл
санауымызға дейінгі үшінші мыңжылдықтан басталып өз мәнін біздің дәуірімізге дейінгі IV
жүзжылдықтың классикалық және эллиникалық кезеңдеріне дейін сақталғанын «Кітаптың
шығу тарихына» байланысты зерттеу жұмыстарынан көреміз. «Хат» көне уақыттардан бері
Грек, әсіресе Рим әдебиеттерінен бастау алады. Цицерон, Гораций, Сенека, кіші Плиний
хаттары (өлең жолдаулары) – ерте эпистолярлық әдебиеттің үлгілері болып саналатындығы
белгілі. Мысалы, әлемдегі эпистолярлық жанр сипатын танытатын, құнды жазбалар сырына
үңілсек, хат мәтінінің тарихи даму жолын аңғаруға болады. «Цицерон хаттары сақталған,
хаттарында қоғамдық мәселелерді талқылайды. Ол «ашық хаттар» – хат түріндегі
публицистиканың қайнар бастауы. Кіші Плиний, керісінше өз хаттарына жеке мән береді,
күнделікті өмірдегі қызық құмар эпизодтар, өзі туралы мәліметтер, кез келген оқиғалар
туралы жазады, бірақ Плинийдің хаттары көбінесе «хат» сияқты шығарылған әдебиеттік
миниатюралар түрінде жазылған. Хат жазу үшін өсімдіктің талшығының өзекшесі
қолданылды. Өзекшелер жұқа кесіктерге бөлініп, қатты тақтаға салынып бір-біріне
желімделді. Осылайша жұқа ұзынша келген орамдардың ішкі жағы хат жазу құралына
айналды. Плинийдің айтуы бойынша орамдар жиырмадан аспайтын парақтардан тұрды.
Папирус дайындау Грецияда, Арабияда пайда бола бастады. Гректер папирусты біздің
дәуірімізге дейінгі Х ғасырдан бастап пайдаланған, VІІ ғасырда 2274 папирус орамдары
кітап дайындау, жазу, сызудың негізгі материалына айналды. Папирустың ең көп көлемі
1877 жылы фаюмадағы ежелгі Арсинада және Ашмунинада табылған. Ал Арабияда бүкіл
әлемдік кітапханалар мен музейлерде сақталған араб папирустарының жиынтығы және
қамту кезеңі 700 жылға жуық. Әлем бойынша бұл жиынтық Орта ғасырлардағы араб
тарихын зерттеу жұмыстарындағы атқаратын рөлі мен маңызы ерекше [2, 112]. Антикалық
дәуір әдебиетіндегі мәліметтер сол кездің өзінде хат жазу этикеті болғанын көрсетеді.
Мысалы: сол дәуірдегі хаттарда алдымен жіберушінің аты, одан кейін алушының аты,
амандасу формалары мен түрлі тілек мәнінде жұмсалатын сөздерден кейін барып хат мәтіні
жазылатын болған. ХVІІІ ғ. еуропалықтар хатты кеңінен жаза бастады; көп елдерде
пошталық байланыс тәртіпке келді, хат жалпыға қолайлы ақпарат құралына, сондай-ақ бос
уақытты өткізудің құралына айналды. «Хат мәнеріндегі роман» - психологиялық және
әлеуметтік роман реализмнің даму жолында маңызды роль атқарды. Бірақ Х
ХІХ ғ. роман тарихи хабарлау, жанұялы хроника негізінде дамиды, А.С.Пушкиннің
«Роман в письмах» (1829), Ф.М.Достоевскийдің «Бедные люди» (1845) – дәуірдің ақырғы
романдары.
175
Хат – публицистикалық және іс қағаздар прозасы үшін, шағын әңгіме түрінде
баяндалатын үлгілер үшін маңызды. Сонымен қатар, тұрмыстық және әдеби эпистолярлық
прозаның тіл ресурстарын әзірлеуде маңызы зор. Ағарту дәуірінде хат ең маңызды жанрға
айналып, «тәрбиелеу» мақсатында пайдаланылды. Эпистолярлық әдебиет сол негізгі екі
бағыт бойынша дамиды: «ашық хаттар» - памфлеттер және «новелла-хаттар», тұрмыстық
хаттар мен сыр ашу хаттары. Хаттың даму сатысына тікелей байланысты түрлеріне назар
аударсақ, инициативтік хат сол кезеңдегі жеке хаттың үлгісі ретінде бірқатар жағдайлар мен
себептермен айқындалады. Сол себептерге байланысты инициативтік хаттың ішінде
мынадай түрлерін бөлуге болады: Мысалы, Қайыпхан елшілерінің Ресеймен тату тұру тілегі
туралы мәлімдемесі,
а) императивті-түрткі хаттар, олардың негізінде бұйрықтар, өтініштер жатады. Кіші
жүз ханы Әбілхайырдың өзінің қол астындағы адамдарымен бірге Ресей бодандығына алуды
сұрап әйел патша Анна Ионновнаға жазған хаты т.б. Бұл хаттарда тұрақты эпитеттер
қолданылады, биік, зор, асқар, жоғары деген ұғымды беретін ғали сөзі жиі жұмсалған. Ғали
хазіретлеріңіз – ұлы мәртебелілігіңіз т.б. Бір нәрсені сұрай, өтіне жазылған хаттар ғарыз,
ғарыз наме, ғарыз ахуал, ғарыз хал деп беріліп отырылатын болған.
б) Ақпараттық-инициативтік хат, оқиға, факті, іс туралы хабарлайды; хат алушыны
хабардар ету, немесе хат алушыға коммуникативтік актінің екі мүшесіне маңызды ақпарат
жіберу.
в) Қайталау-инициативтік хаттар хат жазушымен хат алушыға бір рет айтылған, бірақ
белгісіз себептер бойынша хат жіберушінің бұйрық, өтініштері хат алушымен орындалмаған.
Ондай хаттың лингвистикалық белгілері болып табылатын формула: бұрын + жазғам.
Қайталау-инициативтік хаттың экспликациясын оларда кездесетін формулалар күшейтеді –
растаймын, сондай-ақ хат жазушы өзінің хат алушысына хатты бірнеше рет жазғаны және
оларға жауап алмағаны туралы хабарлайтын. г) Орталанған-инициативтік хаттар, сол
хаттарға себеп болған «эпистолярлық емес», қосымша көздер: Жауап хаттары. Олардың
жазылу себебі бір – алынған хатқа жауап беру немесе хабар беру. Бұл хаттарда: Сіздің
хатыңыз, менің хатым, Сізден алынған хат, мен алған хат және т.б. сөздер жиі қолданылады
Қызметтік хат жазу мәдениетінде әлі этикет формаларын қолдану, дұрыс қолдану бірден
қалыптаса қойған жоқ. Мысалы: ресми қарым-қатынас барысында жазылған түрлі хаттарда
дер кезінде жауап қайтарғаны үшін немесе дер кезінде шара қолданғаны үшін, мекемеде
орын алған келеңсіз жағдайдан шығуға көмек көрсеткені үшін бір-екі ауыз 2275 рахмет айту
дәстүрі қалыптаса қойған жоқ. Қызметтік хаттар қаншама бейтарап тонмен, ресми түрде
жазылса да қарым- қатынасты реттеу, сақтау үшін қысқа, нұсқа, жылы реңкті тілдік этикет
формаларын қолдану басымдау болып келеді. Қызметтік хаттардың құрылымы ғалым
Л.Дүйсембекованың еңбегінде талданады және олардың төмендегідей сипаттары
анықталған: тақырыбы, датасы, адресаттың аты-жөні, кіріспе сөз, хаттың мазмұны, негізгі
мәтін, хат соңындағы сыпайыгершілік лексемалардың сақталуы т.б. [3, 125].
XVІІІ ғасырда қазақ даласында қолданылған ресми хаттарда түрлі дәрежедегі
лауазымды адамдарды, әкімдерді дәріптейтін тұрақты эпитеттердің қолданылуы шартты
және эпитеттерді қолдану сол кезеңдегі ресми хаттар тіліне тән. Мысалы: 1694 жылы қазан
айында қазақ ханы Тәукенің Ресеймен достық қарым-қатынастарды жаңғырту туралы және
Тобольскіде ұсталған Келдей мырзаны Қазақстанға жіберу туралы өтініп І Петрға жазған
хатында: «...Асқан мәртебелі тақ иесі және аса жоғары мәртебелі әрі ұлы өкіл және ие әрі
құдіреті күшті ұлы ақ патшаға» немесе осы хаттағы «...Барынша басымды иіп тағзым етемін,
ал Сіздің аса қасиетті ұлы мәртебеңіздің қайырымдылығына тағзым еткеннен кейін мынаны
хабарлағым келеді» деген дәріптеу эпитеттерін көреміз [4, 23].
Бұрынғы қазақ қоғамында әлеуметтік жікті саралап көрсетудің өзіндік жүйесі болған.
Мысалы: ханның әйелін – ханым, қызын – ханша, ұлын – ханзада, бидің әйелін – бекбике,
қызын – бикеш, баласын – шора деген сөздер арқылы болса, қазіргі таңда азаматтарға
қаратпа ретінде, олардың лауазымын, түрлі атақ, дәрежесін эпитет түрінде айту мысалы,
«жолдас», «мырза», «ханым» сөздері қазіргі тіл этикетінде қолданыс тауып отыр. Сонымен,
176
эпистолярлық стиль өзіндік ерекше табиғаты бар стиль болып табылады. Орыс тіл білімінде
эпистолярлық жанр ретінде алынып зерттеледі. Әр кезеңдерде жазылған хаттардың өзіндік
дараландыратын ерекшеліктері бар. Ғалым Н.И. Гайнуллина эпистолярлық жанрдың әр
кезеңге тән табиғатын қоғаммен тығыз байланысты қарайды.
Әлеуметтік жағдай, қоғамдағы өзгерістердің эпистолярлық жанрға, эпистолярлық
жазбалардың әдебиеттің дамуына ықпал еткендігі жайлы айтады. Мысалы, «Эволюция
эпистолярного жанра непосредственно связана с групповой дифференциацией общества, его
сословным делением и общественнополитическими установками пишущего. И не последнее
место в этом наборе причин занимает отдельная языковая личность, ее жизненная и
общественная позиция, ее влияния на общий ход развития не только в обществе, но и в языке
в целом» [2, 428].
Әдебиет сыншысы І.Омаровтың әдеби мұрасының бірі эпистолярлық жанр екендігін
қаламгер
шығармашылығын
оқыған
кез
келген
оқырман
біледі. Хат арқылы өз ойын, пікірін білдіре отырып, жазуға қабілетіндамыта түседі. Әдебиет
саласында сыншы хаттарының маңызы зор. Сыншы І.Омаров пен Бауыржан Момышұл
ының достықтарының куәсі болғанпрофессор М.Мырзахметұлы І.Омаровқа Б.Момышұлы
ның хаттарын талай мәрте өз қолыммен тапсырғанын, 1970 жылы ең соңғы хатын үйіне апа
рып бергенде, хатты І.Омаровтың өзі алып қалғанын,кейіннен хатты үйінде оқып шығы
п: «Бауыржан! – деп, қатты айқайлап, төсегіне құлап түскенін естіген. Кейін тіпті,
ауруханада емделіп жатқан кезінде де Баукеңді көп іздеген, қайтыс боларында да ең соңғы
сөзі «Бауыржан» деп айтып, тілден қалғанына қайран қалғанын баяндап естелік ретінде
жазғанын оқыдық. Бұл Омаровтың Бауыржанға деген шын ықыласынан, адал достығынан
туындаған, достың адал көңілінен шыққан сезімінің соңғы ұшқыны еді.
Қазіргі эпистолярлық жанр үлгілерімен өткен ғасырлардағы қазақ эпистолярлық
жанрының сипатын танытатын құнды жазбалар арасында байланыс бар. Ол жазылу
мәнерінен байқалады. Мысалы, қазіргі хаттар да амандық-саулық сұраудан құрметтеуші,
сыпайыгершілік басталады, хат соңында сәлем жолданады. Біздің жазба мәдениетіміздің
құнды да, қомақты саласы болып табылатын эпистолярлық жанр - дамыған жанр. Хат түрі
сан алуан, олардың мәтіндері, стильдік ерекшеліктері де әр түрлі. Солардың ішінде еліміздің,
жеріміздің әлеуметтік- саяси, экономикалық жағдайына байланысты кешегі ел билеген хан,
сұлтан болған атабабаларымыздан қалған әр түрлі тарих тереңінен сыр шертетін хаттары,
ұлы ағартушыларымыздың, соның ішінде Шоқан Уәлиханов, Абай Құнанбаев, Ыбырай
Алтынсарин секілді дараларымыздың, қазақ әдебиетінде өзіндік із қалдырған Ғабит
Мүсірепов, Сәбит Мұқанов, Ғабиден Мұстафин жазушыларымыздың хаттары, кешегі
сұрапыл жылдардағы хаттар, бүгінгі хаттар бәрі- бәрі зерттеуге сұранып тұрған бағалы да
құнды дүниелер. Бұл дүниелерді талдау, оларды жан- жақты зерттеу жұмыстарын жүргізу
эпистолярлық жанрдың сипатын тануға мүмкіндік береді. Қазақтың хан, сұлтан,
старшындарының орыс империясының әкімшілік орындарына жазған хаттары мен белгілі
қоғам қайраткерлері, ақын-жазушы, оқыған азаматтарының әлеуметтік мәні бар хаттарының
тілі өзіндік ерекшеліктері көп. Хат мәтініндегі фонетикалық, лексикалық, морфологиялық,
синтаксистік ерекшелігін талдау арқылы хат мәтінінің табиғатын тануға, сол кезеңдегі
эпистолярлық стильді тануға болады.
ӘДЕБИЕТТЕР
1. Нысанбаев Ә. «Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия. – Алматы, 1998 жыл, X том, 56 б.
2. Гайнуллина. Н. Эпистолярное наследие Петра великого в истории
русскоголитературного языка. Дисс. док. фил. наук. – Алматы, 1996. – 494с.
3. Дүйсембекова Л. Іс қағаздарын қазақша жүргізу. – Алматы, 2000. -205 б.
4. Ешекеева Г. Хат мәтіні // Қазақ тілі мен әдебиеті, - Алматы, 2007. № 8.
177
Достарыңызбен бөлісу: |